Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында, азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 16 қаңтардағы № 33 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 19 ақпанда № 13133 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында, азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-полковнигі

Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 16 қаңтардағы
№ 33 бұйрығымен бекітілді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында, азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында (бұдан әрі – ІІМ білім беру ұйымдары), азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдардың, ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарға орналасу тәртібін анықтайды.

      2. ІІМ бiлiм беру ұйымдарында педагог жұмыскерлердің және оларға теңестiрiлген адамдардың, ғылыми қызметкерлердің (бұдан әрі – ғылыми-педагогикалық қызметкерлер) лауазымдарына функциялары білім беру процесін және ғылыми қызметті ұйымдастыруға әрі іске асыруға тікелей қатысуды көздейтін лауазымдар жатады.

      3. ІІМ бiлiм беру ұйымдарындағы конкурс негізінде орналасатын ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің лауазымдары осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      4. Ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің лауазымдарына конкурстан тыс:

      1) ІІМ бiлiм беру ұйымдарындағы кафедраның (цикл), бөлімнің, ғылыми-зерттеу бөлімшесінің бейіні бойынша кемінде бес жыл практикалық тәжірибесі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері;

      2) ІІМ бiлiм беру ұйымдарының кафедрасында (цикл), бөлімінде, ғылыми-зерттеу бөлімшесінде кемінде үш жыл үздіксіз еңбек өтілі бар сол бөлімшеде жоғары лауазымға ұсынылатын бiлiм беру ұйымдарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлері тағайындалады.

      5. Ішкі істер органдарына ғылыми-педагогикалық құрам лауазымдарына қызметке алғаш қабылданатын кандидаттарға қатысты конкурс Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 522 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс және тағылымдама өткізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8778 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

2. Конкурсты өткізу тәртібі

      6. Конкурсты ІІМ білім беру ұйымы жариялайды.

      7. Хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау аяқталатын күнге дейін ІІМ білім беру ұйымының кадр қызметіне баянат берген адамдар конкурсқа қатысушылар болып табылады.

      8. Қонкурс мынандай бірқатар дәйекті кезеңдерден тұрады:

      1) конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау;

      2) конкурстық комиссияны қалыптастыру;

      3) құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 432 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру орындары қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11357 болып тіркелген) сәйкестілігіне алдын-ала қарау;

      4) заңнама білуге тестілеу;

      5) конкурстық комиссиямен әңгімелесу.

      9. Қызметкердің конкурсқа қатысу бойынша шығындары (конкурс өтетін жерге келу және кету, тұрғын үй жалдау, тұру) өз қаражаты есебінен жүргізіледі.

3. Конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау

      10. Конкурс өткізу туралы хабарландыру құжаттарды қабылдау аяқталардан кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында, біруақытта ІІМ білім беру ұйымының ресми интернет-ресурстына орналастыра отырып, жарияланады.

      11. Бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін қызметкерлерді жарияланған лауазымға тағайындауға (ауыстыру) конкурс өткізу рәсімі аяқталғанға дейін жол берілмейді.

      12. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді:

      1) Орналасқан мекенжайын, пошталық және электронды мекенжайларын, кадр қызметінің телефон нөмерлерін көрсете отырып ІІМ білім беру ұйымының атауын;

      2) біліктілік талаптарын көрсете отырып, бос лауазымның атауын;

      3) құжаттарды қабылдаудың аяқталатын күні мен уақытын қамтиды.

4. Конкурстық комиссиясын қалыптастыру

      13. ІІМ бiлiм беру ұйымдарындағы педагог жұмыскерлер мен оларға теңестiрiлген адамдардың, ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына орналастыруға арналған конкурстық комиссия (бұдан әрі – конкурстық комиссия) конкурс жариялаған ІІМ білім беру ұйымы бастығының бұйрығымен құрылады.

      14. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды, оларды тестілеу нәтижелерін қарайды, конкурс өткізу рәсімін, мерзімін анықтайды, конкурстық құжаттамаға талдау жүргізеді, конкурстың қорытындысы бойынша шешім шығарады.

      15. Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ сан және кемінде жеті адам болуы тиіс. Конкурстық комиссияны төраға баскарады.

      Конкурстық комиссияның хатшысы болып кадр қызметінің қызметкері тағайындалады, ол оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      16. Конкурстық комиссияның төрағасы болып ІІМ білім беру ұйымы бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары тағайындалады. Конкурстық комиссияның құрамына ІІМ білім беру ұйымы бастығының орынбасарлары, оқу және ғылыми жұмыстарды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелердің бастықтары және конкурстық комиссиясы төрағасының шешімі бойынша штаттық қызметкерлер кіреді.

      17. Конкурстық комиссия жұмысының негізгі принциптері:

      1) конкурсқа қатысу үшін барлығына бірдей мүмкіндік беру;

      2) конкурсқа қатысушылар арасында әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету;

      3) конкурсты өткізудің әділдігінің, жариялығының сақталуын бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

5. Құжаттарды қабылдау және қарау

      18. Конкурсқа қатысушы адамдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ІІМ білім беру ұйымы бастығының атына баянат береді. Баянатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 1000 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11357 болып тіркелген) бекітілген кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

      2) өмірбаян;

      3) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы

      дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған

      көшірмелері;

      4) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (болған жағдайда);

      5) ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда);

      6) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы (жоғары лауазымға жылжыту кезінде).

6. Конкурстан тыс орналасу тәртібі

      19. 4-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген кандидатттардың құжаттарын ІІМ білім беру ұйымының бастығы кафедраның (цикл), бөлімнің немесе ғылыми бөліністің отырысында талқылау үшін жолдайды.

      Кафедра (циклдың), бөлім бастығының лауазамдарына орналасуға үміткер кандидаттардың құжаттарын қарау кезінде кафедра (цикл), бөлім отырысында ІІМ білім беру ұйымы бастығының оқу процесіне жетекшілік ететін орынбасары төрағалық етеді, ал ғылыми-зерттеу бөлінісінің отырысында ІІМ білім беру ұйымы бастығының ғылыми-зерттеу қызметіне жетекшілік ететін орынбасары төрағалық етеді.

      Қалған ғылыми-педагогикалық лауазымдарға орналасуға үміткер кандидаттардың құжаттарын қарау кезінде кафедра (цикл), бөлім, ғылыми-зерттеу бөлімінің бастығы төрағалық етеді.

      20. Кафедра (цикл), бөлім, ғылыми-зерттеу бөлінісі отырысының барысы бейнежазбаға түсіріледі. Отырыстың бейнежазбасы ІІМ білім беру ұйымының кадр қызметіне одан әрі сақтау үшін беріледі.

      21. Әрбір кандидат бойынша шешім дауыс беру арқылы қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс беру барысында дауыстар тең болған кезде, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      22. Кандидаттар кафедра (цикл), бөлім, ғылыми-зерттеу бөлінісінің отырысына қатысады.

      23. Шешім осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отырыс хаттамасымен ресімделеді.

      24. Шешім үш жұмыс күн ішінде ІІМ білім беру ұйымының кадр қызметіне жіберіледі.

      25. Лауазымға тағайындау оң шешім кадр қызметіне келіп түскен соң оң жұмыс күн ішінде жүргізіледі.

      26. Теріс шешім қабылдаған кезде кандидат жалпы негізде конкурсқа қатыса алады.

7. Конкурс бойынша орналасу тәртібі

      27. ІІМ бiлiм беру ұйымдарында ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің лауазымдарына орналасуға арналған конкурс:

      1) кандидаттардың қызмет нәтижелерін сауалнама нысанында аналитикалық жалпылау;

      2) тестілеу;

      3) әңгімелесу;

      4) шығармашылық есептер;

      5) ғылыми-зерттеу жұмыстары;

      6) оқыту әдістерінің инновациялық білім беру технологиялары мен құралдарын енгізу, практикалық органдармен байланысын нығайту;

      7) авторлық әзірлемелерді, практикалық тапсырмаларды қорғау;

      8) әрбір лауазым бойынша кәсіби деңгейін анықтау үшін біліктілік сипаттамасына сәйкес білімін тексеру негізінде жүргізіледі.

      28. Кандидаттар Қазақстан Республикасының заңнамасынан, педагогика мен психология негіздерін, лауазымның сәйкес келетін бейіні бойынша пәндік біліміне тестілеуден өтеді.

      Тестілік сұрақтар саны бір жүз жиырма сұрақты кұрайды, олардың ішінде: Қазақстан Республикасының заңнамасын білу бойынша – алпыс сұрақ, психология және педагогика негіздері – жиырма сұрақ, пәндік білім негіздері – қырық сұрақ.

      Тестілеудің жалпы уақыты бір жүз сексен минутты құрайды.

      29. Тестілеудің нәтижелері тестілеудің әрбір бөлімі бойынша кемінде 70% дұрыс жауап алған кезде оң деп есептеледі. Тест өткізу нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тест өткізу нәтижелері бойынша жиынтық ведомоспен ресімделеді.

      30. Қорытындылардың мазмұнымен, тестiлеудiң және сауалнамалардың нәтижелерiмен, сондай-ақ тексерiс материалдарымен кандидат конкурстық комиссияның отырысынан бір апта бұрын жазбаша түрде танысуы тиіс.

      31. Әңгiмелесудің мақсаты бос лауазым бойынша қойылатын талаптарды есепке ала отырып, кандидаттарың жеке және кәсiптiк қасиеттерін бағалау болып табылады.

      32. Әңгiмелесу барысында бейнежазу құралдарын қолдануды конкурстық комиссияның хатшысы жүзеге асырады.

      33. Бұдан кейін конкурстық комиссия осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру арқылы аталған лауазымға кандидатты лауазымға конкурстық іріктеу бойынша дауыс беруге арналған бюллетеньге (бұдан әрі – Бюллетень) қосу туралы шешім қабылдайды.

      34. Бюллетень құрастырылғаннан кейін конкурстық комиссия бюллетеньге енгізілген әрбір кандидат бойынша дауыс беру жүргізеді.

      35. Дауыстарды санау үшін конкурстық комиссия дауыс берудің алдында құрамы кемінде үш адамнан тұратын есептеу комиссиясын сайлайды. Есептеу комиссиясы әрбір кандидат бойынша дауыс беру нәтижесін жариялайды. Есептеу комиссияның хаттамасын конкурстық комиссия бекітеді және конкурс материалдарына тігеді.

      36. Конкурс өткізу кезінде конкурстық комиссия мүшелерінің кемінде 2/3 мүшесі дауыс беруге қатысқан жағдайда конкурстық комиссияның шешімі жарамды болып табылады. Қатысқан конкурстық комиссия мүшелерінің ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Сайлау барысында дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      37. Дауыс беру нәтижелері бойынша конкурстық комиссия бос лауазымға әрбір кандидат бойынша ІІМ білім беру ұйымының бастығына "ұсынылады" немесе "ұсынылмайды" деген жазумен ұсынымдар дайындайды.

      38. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысқан адамдарды конкурстың нәтижелерімен және конкурстық комиссияның ұсынымдарымен конкурстық комиссияның отырысы өткен сәттен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей таныстырады.

      39. Конкурс бойынша сайлау және лауазымға тағайындау конкурсты жарияланнан кейін екі айдан кешіктірілмей жүргізіледі. Белгіленген мерзім сақталмаған жағдайда конкурс және бос лауазымдар туралы ақпарат қайта жарияланады.

7. Шағымдану тәртібі

      40. Келіспеген жайдайда конкурсқа қатысушылар шешімге сот тәртібімен, шағымдануға құқылы.

  Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің әскери, арнаулы оқу
орындарында, азаматтық қызметші
лауазымдарын қоспағанда, педагог
жұмыскерлер және оларға теңестірілген
адамдар, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына
орналасу қағидаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлігінің білім беру
ұйымдарындағы ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің лауазымдары

      факультет бастығы (бастықтың орынбасары);

      бөлім (орталық, бөлімше, топ) бастығы (бастықтың орынбасары);

      кафедра (цикл) бастығы (бастықтың орынбасары);

      профессор;

      доцент;

      аға ғылыми қызметкер;

      аға оқытушы;

      аға оқытушы-әдіскер;

      бас маман;

      ғылыми қызметкер;

      оқытушы;

      оқытушы-әдіскер;

  Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің әскери, арнаулы оқу
орындарында, азаматтық қызметші
лауазымдарын қоспағанда, педагог
жұмыскерлер және оларға теңестірілген
адамдар, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына
орналасу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      Конкурстық комиссияның төрағасы

      ______________________________

БАЯНАТ

      Мені_______________________________________________ бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      Конкурсты өткізудің негізгі шарттарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттелемін.

      Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын растаймын.

      __________________________________

      (Т. А. Ә. (бар болған жағдайда))

      __________________________________

      (Қолы)

      20 жылғы "___" _________
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің әскери, арнаулы оқу
орындарында, азаматтық қызметші
лауазымдарын қоспағанда, педагог
жұмыскерлер және оларға теңестірілген
адамдар, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына
орналасу қағидаларына
3-қосымшаu1099 сан

Отырыстың хаттамасы

      Жері №____ Күні_____

      Қатысқандар: Кафедра (цикл), бөлім, ғылыми-зерттеу бөлінісі отырысының төрағасы

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ІІМ білім беру ұйымының атауы, атқаратын лауазымы)

      Комиссия мүшелері:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Күн тәртібі: ғылыми-педагогикалық лауазымдарға орналасуға үміткер кандидатттардың құжаттарын карау

      1. Кандидат ____________________________________________

       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      2. Сұрақтар:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3. Кандидат ____________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      дауыс беру нәтижелері бойынша лауазымға тағайындауға ұсынылады/лауазымға тағайындауға ұсынылмайды.

      Төраға __________________________ (қолы)

      Комиссия мүшелері __________________________ (қолы)

      __________________________ (қолы)

      __________________________ (қолы)

  Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің әскери, арнаулы оқу
орындарында, азаматтық қызметші
лауазымдарын қоспағанда, педагог
жұмыскерлер және оларға теңестірілген
адамдар, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына
орналасу қағидаларына
4-қосымша

Тестілеу нәтижелері бойынша жиынтық ведомость

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда): _______________________________

      Лауазымы: ___________________________________________________

      Атағы:_______________________________________________________

      Лауазымға үміткер:___________________________________________

      _____________________________________________________________

р/с№

Тест атауы

Тест сұрағының саны

Дұрыс жауаптардың саны

Өту пайызы

Нәтижесі

1.

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі





2.

Педагогика және психология негіздері





3.

Пәндік білім негіздері (______________)






      Тестілеуге жауапты тұлғаның қолы ________________ (_______________)

      Тестіленушінің қолы _________________ (___________________)

      Тестілеу күні: 20 ___ жылғы "___" ________________

  Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің әскери, арнаулы оқу
орындарында, азаматтық қызметші
лауазымдарын қоспағанда, педагог
жұмыскерлер және оларға теңестірілген
адамдар, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына
орналасу қағидаларына
5-қосымша

      Нысаны

Лауазымға конкурстық іріктеу бойынша дауыс беруге арналған
бюллетень

      ______________________________________________________________

      (лауазым атауы)

       лауазымға конкурстық іріктеу бойынша дауыс беру үшін

      ______________________________________________________________

      (ІІМ білім беру ұйымының атауы)

       конкурстық комиссиясы

Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Конкурстық іріктеу қандай лауазымға өткізілуде

Дауыс беру нәтижелері