Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 1035 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12706 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 139-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қаржымен қамтамасыз ету департаменті (Б.Ш. Исенова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Б.Б. Бисенқұловқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Министр
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      ____________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 28 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2021 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 1035 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі

      Ескерту. Тізілім жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.01.2022 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Буын

Деңгей

Лауазымдар атауы

А блогы (басқарушылық персонал)

А-1

1

Республикалық маңызы бар ММ басшысы:
Қазақстан Республикасы ІІМ Емханасы бар Орталық госпиталінің.

1-1

Республикалық маңызы бар ММ басшысының орынбасары:
Қазақстан Республикасы ІІМ Емханасы бар Орталық госпиталі.

2

Облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) маңызы бар ММ басшысы:
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД емханасы бар госпитальдерінің, емханаларының.

2-1

Облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) маңызы бар ММ басшысының орынбасары:
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД емханасы бар госпитальдері, емханалары.

А-2

1

Республикалық маңызы бар ММ басшысының әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсету мәселелері жөніндегі, медбике ісі жөніндегі орынбасары:
Қазақстан Республикасы ІІМ Емханасы бар Орталық госпиталінің.
Республикалық маңызы бар ММ бас бухгалтері, қаржы қызметінің бастығы:
Қазақстан Республикасы ІІМ "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағының;
Қазақстан Республикасы ІІМ Кинологиялық орталығының;
Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының (Нұр-Сұлтан қаласы);
Қазақстан Республикасы ІІМ "Оңтүстік" әскери және арнайы жабдықтау базасының;
Қазақстан Республикасы ІІМ "Солтүстік" әскери және арнайы жабдықтау базасының;
Қазақстан Республикасы ІІМ институттары мен академияларының және оның ведомстволарының;
Қазақстан Республикасы ІІМ Емханасы бар Орталық госпиталінің.

1-1

Республикалық маңызы бар ММ бас бухгалтерінің орынбасары, қаржы қызметі бастығының орынбасары, бөлім бастығы, медициналық бөлімнің (бөлім құқығындағы), хатшылықтың (бөлім құқығындағы) басшысы:
Қазақстан Республикасы ІІМ институттары мен академияларының және оның ведомстволарының; Қазақстан Республикасы ІІМ Емханасы бар Орталық госпиталінің;
Қазақстан Республикасы ІІМ "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағының;
Қазақстан Республикасы ІІМ Кинологиялық орталығының;
Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының (Нұр-Сұлтан қаласы);
Қазақстан Республикасы ІІМ "Оңтүстік" әскери және арнайы жабдықтау базасының;
Қазақстан Республикасы ІІМ "Солтүстік" әскери және арнайы жабдықтау базасының;
Республикалық маңызы бар ММ бөлімшесінің, зертханасының (денсаулық сақтау саласында қызметтің негізгі түрі) басшысы (меңгерушісі):
Қазақстан Республикасы ІІМ Емханасы бар Орталық госпиталінің.

2

Облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) маңызы бар ММ бас бухгалтері, қаржы қызметінің бастығы:
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласының және Түркістан облысының, Жезқазған қалаларының, облыстардың Мамандандырылған күзет қызметі басқармаларының;
Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орталықтарының;
Қазақстан Республикасы ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің;
Қазақстан Республикасы ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің;
Қазақстан Республикасы ІІМ Автокөліктік қызмет көрсету мекемесінің;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД емханасы бар госпитальдерінің, емханаларының;
ҚАЖК мекемелерінің.

2-1

Облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) маңызы бар ММ ауруханасы бастығының әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі орынбасары;
бас бухгалтерінің орынбасары, қаржы қызметі бастығының орынбасары:
ҚАЖК мекемелерінің.
Облыстық маңызы бар ММ (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) бөлімшесінің, зертханасының (денсаулық сақтау саласында қызметтің негізгі түрі) меңгерушісі:
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД емханасы бар госпитальдерінің, емханаларының.
Облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) маңызы бар ММ бөлімінің басшысы, медициналық бөлігінің (бөлім құқығындағы) басшысы:
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласының және Түркістан облысының, Жезқазған қалаларының, облыстардың Мамандандырылған күзет қызметі басқармаларының;
Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орталықтарының;
Қазақстан Республикасы ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің;
Қазақстан Республикасы ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің;
Қазақстан Республикасы ІІМ Автокөліктік қызмет көрсету мекемесінің;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі ПД;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД емханасы бар госпитальдерінің, емханаларының;
ҚАЖК мекемелерінің.

3

Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) маңызы бар ММ бас бухгалтері:
Алматы қаласы бойынша ҚАЖД күзету бөлімінің.

А-3

1

Республикалық маңызы бар ММ бөлімшесінің басшысы, медициналық бөлігінің (бөлімше құқығындағы), хатшылықтың (бөлімше құқығындағы) басшысы, бөлім басшысының орынбасары:
Қазақстан Республикасы ІІМ "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағының;
Қазақстан Республикасы ІІМ Кинологиялық орталығының;
Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы (Нұр-Сұлтан қаласы);
Қазақстан Республикасы ІІМ "Оңтүстік" әскери және арнайы жабдықтау базасы;
Қазақстан Республикасы ІІМ "Солтүстік" әскери және арнайы жабдықтау базасының;
Қазақстан Республикасы ІІМ институттары мен академиялары және оның ведомстволарының;
Қазақстан Республикасы ІІМ Емханасы бар Орталық госпиталінің.
Қазақстан Республикасы ІІМ институттары мен академияларының және оның ведомстволарының кафедрасы бастығы.

1-1

Республикалық маңызы бар ММ бас: дирижері, инженері, инспекторы, механигі, экономисі, энергетигі:
Қазақстан Республикасы ІІМ "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағының;
Қазақстан Республикасы ІІМ Кинологиялық орталығының;
Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының (Нұр-Сұлтан қаласы);
Қазақстан Республикасы ІІМ "Оңтүстік" әскери және арнайы жабдықтау базасының;
Қазақстан Республикасы ІІМ "Солтүстік" әскери және арнайы жабдықтау базасының;
Қазақстан Республикасы ІІМ институттары мен академияларының және оның ведомстволарының;
Қазақстан Республикасы ІІМ Емханасы бар Орталық госпиталінің.
Қазақстан Республикасы ІІМ институттары мен академияларының және оның ведомстволарының кафедрасы бастығының орынбасары.

2

Облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) маңызы бар ММ бөлім басшысының орынбасары, бөлімшесінің, зертханасының басшысы (меңгерушісі), медициналық бөлігінің (бөлімше құқығындағы) басшысы:
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласының және Түркістан облысының, Жезқазған қалаларының, облыстардың Мамандандырылған күзет қызметі басқармаларының;
Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орталықтарының;
Қазақстан Республикасы ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің;
Қазақстан Республикасы ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің;
Қазақстан Республикасы ІІМ Автокөліктік қызмет көрсету мекемесінің;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі ПД;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД емханасы бар госпитальдерінің, емханаларының;
ҚАЖК мекемелерінің;
Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ бөлім құрамындағы (денсаулық сақтау саласында қызметтің негізгі түрі) зертхана меңгерушісі:
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД емханасы бар госпитальдерінің, емханаларының.

2-1

Облыстық маңызы бар (республикалық маңызы астананың, қаланың) ММ дәріханасының меңгерушісі:
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД емханасы бар госпитальдерінің, емханаларының.
Бас: инженері, инспекторы, механигі, экономисі, энергетигі:
Республикалық маңызы бар ММ филиалының:
Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ:
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласының және Түркістан облысының, Жезқазған қалаларының, облыстардың, Мамандандырылған күзет қызметі басқармаларының;
Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орталықтарының;
Қазақстан Республикасы ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің;
Қазақстан Республикасы ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің;
Қазақстан Республикасы ІІМ Автокөліктік қызмет көрсету мекемесінің;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі ПД;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД емханасы бар госпитальдерінің, емханаларының;
ҚАЖК мекемелерінің.

В блогы (негізгі персонал)

В-1

1

Профессор.

2

Бас сарапшы;
Жетекші ғылыми қызметкер;
Доцент.

3

Жетекші сарапшы;
Аға ғылыми қызметкер;
Жоғары оқу орнының, оқу орталығының аға оқытушысы.

4

Кеңесші;
Аға сарапшы;
Жоғары оқу орнының, оқу орталығының оқытушысы.

5

Сарапшы;
Жоғары оқу орнының әдіскері.

"Денсаулық сақтау" саласында

В-2

1

Жоғары санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер.

2

Бірінші санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер.

3

Екінші санаттың біліктіліктігі жоғары деңгейдегі мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер.

4

Санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер.

В-3

1

Жоғары санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар:
зертханашы, медициналық бике (мейіргер), провизор (фармацевт).

2

Бірінші санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар:
зертханашы, медициналық бике (мейіргер), провизор (фармацевт).

3

Екінші санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар:
зертханашы, медициналық бике (мейіргер), провизор (фармацевт).

4

Санаты жоқ санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар:
зертханашы, медициналық бике (мейіргер), қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик), провизор (фармацевт).

В-4

1

Жоғары санаттың біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар:
акушерка, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, емдеу дене шынықтыру нұсқаушысы, зертханашы, медициналық бике (мейіргер), медициналық зертханашы, рентген зертханашысы, санитарлық фельдшер (санитарлық дәрігердің көмекшісі), фармацевт, фельдшер (-зертханашы).

2

Бірінші санаттың біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар:

Екінші санаттың біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар:

Санаты жоқ біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар:

өзге де саладағы

В-2

1

Жоғары санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар:
тәрбиеші (қызметтің негізгі түрі);
инспектор (қызметтің негізгі түрі);
инженер (қызметтің негізгі түрі);
механик (қызметтің негізгі түрі);
психолог (қызметтің негізгі түрі);
солист.

2

Бірінші санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар:
тәрбиеші (қызметтің негізгі түрі);
инспектор (қызметтің негізгі түрі);
инженер (қызметтің негізгі түрі);
механик (қызметтің негізгі түрі);
психолог (қызметтің негізгі түрі);
солист.

3

Екінші санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар:
тәрбиеші (қызметтің негізгі түрі);
инженер (қызметтің негізгі түрі);
инспектор (қызметтің негізгі түрі);
механик (қызметтің негізгі түрі);
психолог (қызметтің негізгі түрі);
солист.

4

Санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар:
тәрбиеші (қызметтің негізгі түрі);
инженер (қызметтің негізгі түрі);
инспектор (қызметтің негізгі түрі);
механик (қызметтің негізгі түрі);
психолог (қызметтің негізгі түрі);
солист.

В-3

1

Жоғары санаттың біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар:
тәрбиеші (қызметтің негізгі түрі);
инженер (қызметтің негізгі түрі);
инспектор (қызметтің негізгі түрі);
механик (қызметтің негізгі түрі);
психолог (қызметтің негізгі түрі).

2

Бірінші санаттың біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар:
тәрбиеші (қызметтің негізгі түрі);
инженер (қызметтің негізгі түрі);
инспектор (қызметтің негізгі түрі);
механик (қызметтің негізгі түрі);
психолог (қызметтің негізгі түрі).

3

Екінші санаттың біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар:
тәрбиеші (қызметтің негізгі түрі);
инженер (қызметтің негізгі түрі);
инспектор (қызметтің негізгі түрі);
механик (қызметтің негізгі түрі);
психолог (қызметтің негізгі түрі).

4

Санаты жоқ біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар:
тәрбиеші (қызметтің негізгі түрі);
инженер (қызметтің негізгі түрі);
инспектор (қызметтің негізгі түрі);
механик (қызметтің негізгі түрі);
психолог (қызметтің негізгі түрі).

С блогы (әкімшілік персонал)

С-1

ММ шаруашылық бөліністерінің басшысы (меңгерушісі):
архивтің; монша-кір жуу кешенінің; бассейіннің; кітапхананың; ветеринарлық дәріхананың; клубтың; автошаруашылық колоннасының; коммуналдық-пайдалану қызметінің; шеберхананың; мұражайдың; өндірістің; жөндеу-құрылыс тобының; асхананың; арнаулы медициналық жабдықтау қоймасының; тылды және пайдалану-техникалық қамтамасыз ету қоймасының; техникалық бөлімнің; баспахананың; оқу кабинетінің; орталықтың (мәдени). Баспасөз-хатшысы.

С-2

Әкімшілік функцияны орындайтын біліктілігі жоғары деңгейлі маман:
архившы; библиограф, кітапханашы, бухгалтер, мал дәрігері, дирижер, музыкалық жетекші, барлық мамандықтағы инженер, барлық мамандықтағы инспектор, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, мастер, менеджер, әдістемеші, механик, аудармашы, бағдарламашы, оқытушы, психолог, редактор, референт, технолог, бапкер, хормейстер, музей қорын сақтаушы, суретші, штурман, экономист, энергетик, экскурсия жетекшісі, заңгер, заңгер консультант.

С-3

Біліктілігі орташа деңгейлі маман:
архившы, кітапханашы, библиограф, бухгалтер, ветеринарлық фельдшер, дирижер, автомобильді тасымалдау диспетчері, барлық мамандықтағы инженер, барлық мамандықтағы инспектор, корректор, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, мастер, менеджер, механик, әдістемеші, музыкалық жетекші, аудармашы, бағдарламашы, психолог, редактор, барлық мамандықтағы техник, технолог, бапкер, хормейстер, музей қорын сақтаушы, суретші, штурман, экономист, экскурсия жетекшісі, энергетик, заңгер консультант.
ММ шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлінісінің басшысы (меңгерушісі): моншаның; монша-кір жуу шаруашылығының; бюроның; кеңсенің; қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі клубының; қазандықтың; кір жуудың; қойманың; табылған заттарды тапсыратын орынның; шаруашылықтың; фотозертхананың.

D блогы (қосалқы персонал)

D

Техникалық орындаушылар:
архивариус, әкімші, ассистент, рұқсаттама бюросының кезекшісі, іс жүргізуші, кезекші әкімші, диспетчер, комендант, бақылаушы, көшіруші, машинистка, медициналық тіркеуші, нарядшы, күзетші, дезкамералық бөлімшенің, байланыс жүйесінің, ЖМҚС, көшірме және баспа машиналарының, компьютерлік техниканы, компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету бойынша операторы, тіркеуші (табылған заттарды тапсыратын орын, өткізу бюросы), хатшы, есепке алушы, экспедитор.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ММ – мемлекеттік мекеме;

      ІІМ – Ішкі істер министрлігі;

      ҚАЖК – қылмыстық-атқару жүйесі комитеті;

      ПД – полиция департаменттері;

      ҚАЖД – қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері.