"Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 76 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 наурызда № 5396 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 129 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 25.04.2016 № 129 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 41-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Федоров ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 22 2- тармағының 2) тармақшасы "Федоров ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы" қаулысының күші жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Қ. Өтегеновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ. Ахметов

  Федоров ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 17 ақпандағы
№ 76 қаулысымен бекітілген

"Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария
бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
      Федоров ауданы әкімдігінің "Федоров аудандық ветеринариялық станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      3. "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған өкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 65.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы ереже "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
      13. "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: өз құзыреті шегіндегі ветеринария саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      15. "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің міндеттері:
      1) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
      2) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
      3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;
      5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
      16. "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
      2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      4) жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      5) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеуді ұйымдастыру;
      6) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      7) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
      8) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      9) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      10) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      11) тиісті әкімшілік - аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру;
      12) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      13) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
      14) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      15) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      16) облыстың жергілікті атқарушы органына ауданның тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
      17) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      18) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      17. Ведомстволардың функциялары:
      1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
      2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;
      3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет көрсету;
      4) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау мен жоюды жүргізу;
      5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегi деректер базасын жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру;
      6) биологиялық материалдың сынамаларын алу және оны ветеринариялық зертханаға жеткізу;
      7) ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсету;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды, сұрату және алу;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарын, актілерін және облыс және аудан әкімінің тапсырмаларын орындау барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюды талап ету;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да құқықтаы және міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      20. "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің бірінші басшысын аудан әкімнің өкімімен қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
      21. "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
      2) "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерін орындауға жеке жауапты болады, жануарлардың энзоотиялық және аса қауіпті аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражатты нысаналы пайдалануды қамтамасыз етеді;
      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданған шараларға жеке жауапты болады;
      4) заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін анықтайды;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, ұйымдарда "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
      7) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24) Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қарамағындағы ұйымдардың және ведомстволардың тізбесі.

      26. Федоров ауданы әкімдігінің "Федоров аудандық ветеринариялық станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.