Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.


      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша 2017 жылғы 3 шілдедегі № 86-VI Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 93 қаулысын қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      және республикалық баспасөзде

      жариялануға тиіс

      "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары 2012 жылдың соңына дейін өз ережелерін қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесіне сәйкес келтірсін.

      3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 29 қазандағы
№ 410 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Мемлекеттік орган туралы үлгі ереже
1. Жалпы ережелер

      1. ______________________________ * ___________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. ______________________________ мынадай ведомстволары бар

      (мемлекеттік органның атауы)

      (егер болса):

      1) ______________________________;

      2) ______________________________;

      3) ______________________________.

      3. ______________________________ өз қызметін Қазақстан

      (мемлекеттік органның атауы)

      Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. ______________________________ мемлекеттік мекеме

      (мемлекеттік органның атауы)

      ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. ______________________________ азаматтық-құқықтық

      (мемлекеттік органның атауы)

      қатынастарға өз атынан түседі.

      6. ______________________________ егер заңнамаға сәйкес осыған

      (мемлекеттік органның атауы)

      уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. ______________________________ өз құзыретінің мәселелері

      (мемлекеттік органның атауы)

      бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ____________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. ______________________________ құрылымы мен штат санының

      (мемлекеттік органның атауы)

      лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "______________________"

      (мемлекеттік органның атауы)

      мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже ______________________________ құрылтай құжаты

      (мемлекеттік органның атауы)

      болып табылады.

      12. ______________________________ қызметін қаржыландыру

      (мемлекеттік органның атауы)

      республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

      13. ______________________________ кәсіпкерлік субъектілерімен (мемлекеттік органның атауы)

      _____________________________ функциялары болып табылатын міндеттерді

      (мемлекеттік органның атауы)

      орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер _________________________ заңнамалық актілермен кірістер

      (мемлекеттік органның атауы)

      әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. ______________________________ миссиясы:

      (мемлекеттік органның атауы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      15. Міндеттері:

      ______________________________;

      ______________________________;

      ______________________________.

      16. Функциялары:

      1) орталық аппараттың функциялары:

      ______________________________;

      ______________________________;

      ______________________________.

      2) ведомстволардың функциялары:

      ______________________________;

      ______________________________;

      ______________________________.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      ______________________________;

      ______________________________;

      ______________________________.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. ______________________ басшылықты _________________________

      (мемлекеттік органның атауы) (мемлекеттік органның атауы)

      жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. _________________________ бірінші басшысын ________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. ______________________________ бірінші басшысының Қазақстан

      (мемлекеттік органның атауы)

      Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және

      қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. ________________________ бірінші басшысының өкілеттігі:

      (мемлекеттік органның атауы)

      ______________________________;

      ______________________________;

      ______________________________.

      ______________________________ бірінші басшысы болмаған кезеңде

      (мемлекеттік органның атауы)

      оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      23. _______________________ аппаратын Қазақстан Республикасының

      (мемлекеттік органның атауы)

      қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын _________________________ басқарады.

      (лауазымды тұлғаның атауы)

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. ______________________________ заңнамада көзделген

      (мемлекеттік органның атауы)

      жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      ______________________________ мүлкі оған меншік иесі берген

      (мемлекеттік органның атауы)

      мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      25. ______________________________ бекітілген мүлік

      (мемлекеттік органның атауы)

      республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, _______________________,

      (мемлекеттік органның атауы)

      өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. ______________________________ қайта ұйымдастыру және

      (мемлекеттік органның атауы)

      тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      ______________________________ және оның

      (мемлекеттік органның атауы)

      ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      ______________________________

      ______________________________

      ______________________________

      ______________________________ және оның

      (мемлекеттік органның атауы)

      ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі

      ______________________________

      ______________________________

      ______________________________

      ______________________________ және оның

      (мемлекеттік органның атауы)

      ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      ______________________________

      ______________________________

      ______________________________

      Ескертпе:* Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесіне басшылық ететін мемлекеттік орган, Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті органның қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзгелей де қамтамасыз ететін мемлекеттік орган, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік орган, мемлекеттік атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік орган.