"Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 76 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 129 қаулысы

      "Құқықтық актiлер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 3-тармағына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 76 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 5 наурызда № 5396 тіркелген, жарияланды 19 наурыз 2015 жылы "Федоровские новости" газетінде) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ. Ахметов