Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі V шақырылған XXXIII сессиясының № 1115/33 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 мамырда № 3182 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

      2. Шахтинск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі XХVI сессиясының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2634 тіркелген, 2014 жылғы 16 мамырдағы № 19 "Шахтинский вестник" газетінде, 2014 жылғы 21 мамырдағы "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде жарияланған) № 1024/26 шешімінің күші жойылсын деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

М. Кадырова

Мәслихат хатшысы

Ә. Сатова



2015 жылғы 09 сәуірдегі
қалалық мәслихатының
XXXIII сессиясының
№ 1115/33 шешімімен
бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер тұлғаның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Шахтинск қаласы әкімнің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;

      7) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;

      9) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      10) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      11) шектi шама - әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 05.07.2016 № 1308/4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 10.02.2021 № 21/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) шешімдерімен.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдармен берілетін (бұдан әрі ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан - әрі алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сонымен қатар атаулы күндер мен мереке күндерінде ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 10.02.2021 № 21/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) шешімімен.

      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) 15 ақпан – Ауғанстан аумағынан әскерді шығару күні, басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушы интернационалист - жауынгерлерді еске алу күні.

      2) 9 мамыр – Жеңіс Күні;

      3) 6 шілде – Астана күні;

      4) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;

      5) 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 10.01.2019 № 1594/29 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ЖАО бекiтетiн ережелердің негiзiнде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеумметтік көмектің мөлшерін белгілеу тәртібі

      7. Әлеуметтік көмек алушылардың тізбесі:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

      2) Ұлы Отан соғыс жылдарында тылда мінсіз әскери қызмет және қайсар еңбек үшін бұрынғы КСР одағы медальдары және ордендармен марапатталған тұлғалар, оның ішінде "Германияны жеңгені үшін" марапатталғандар;

      3) қоршаудағы Ленинград тұрғындары;

      4) Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары;

      5) фашистік лагерлердің кәмелетке толмаған тұтқындары;

      6) қайта некеге тұрмаған, мерт болған әскери қызметшілердің жесір әйелдері;

      7) қайтыс болған Ұлы Отан соғыс мүгедектерінің әйелдері (күйеулері), қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері);

      8) 6 айдан кем емес Ұлы Отан соғыс жылдарында жұмыс жасаған, азаматтар (басып алынған аумақтағы жұмыстан басқа);

      9) Чернобыль АЭС-індегі және басқа да ядролық нысандарда апатты жойған қатысушылар;

      10) Басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда: бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;

      11) мерт болған сарбаздардың отбасылары;

      12) 75 жасқа келген және асқан азаматтар;

      13) 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;

      14) 16 жастағы дейінгі мүгедек - балалар, 16 бастап 18 жасқа дейінгі мүгедек - балалар;

      15) Шахтинск қаласы мен іргелес Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиеленетін және оқитын балалары бар көпбалалы отбасылар;

      16) амбулаториялық емделу кезiнде, әлеуметтiк мәнi бар "туберкулез" ауруы бар азаматтар;

      17) операциядан кейінгі емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар "қатерлі ісік" ауруы бар азаматтар;

      18) адамның иммунитет тапшылығы вирусын (АИВ) тудыратын ауру әлеуметтік мәні бар ауруы бар азаматтар.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 08.05.2019 № 1619/31 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 20.12.2019 № 1668/36 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 19.06.2020 № 1721/39 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      8. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта бір рет) көрсетiледi.

      9. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстық ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      10. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келтiру не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;

      3) амбулаториялық емделу кезiнде, әлеуметтiк мәнi бар "туберкулез" ауруы болса;

      4) операциядан кейінгі емдеу кезеңінде әлеуметтік маңызды аурудың "қатерлі ісіктер" болуы;

      5) адамның иммунитет тапшылығы вирусын (АИВ) тудыратын ауру пайда болған әлеуметтік мәні бар аурудың болуы;

      6) күнкөрiс деңгейiнен 0,6 еселiк мөлшерден аспайтын жанбасына шаққандағы орташа табыстың болуы.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 20.12.2019 № 1668/36 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 19.06.2020 № 1721/39 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Әлеуметтік көмектің өлшем шегі - 378 айлық есептік көрсеткіште наспайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 20.12.2019 № 1668/36 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      12. Апатты оқиға немесе өрт, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекті ұсынумен хабарласқан азаматтардың өтініші көзделген жағдайлардың туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірмей уәкілетті органмен қарастырылады.

      13. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия жергілікті бюджет қаражатын ескере отырып айқындайды, және оның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      14. Әлеуметтік көмек атаулы күндер және мереке күндеріне, алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынысы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      15. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттармен:

      1) жеке басын куәландыратын құжатпен;

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;

      3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 10.02.2021 № 21/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) шешімімен.

      16. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 10.02.2021 № 21/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) шешімімен.
      16-1. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 22.08.2018 № 1547/24 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      17. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      18. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, осы Қағиданың № 2, 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, тұлғаның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      19. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      20. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзгеде уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      21. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      22. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      23. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе кент, ауыл, ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      24. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда-негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      25. Алынып тасталды- Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 05.07.2016 № 1308/4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      25-1. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 22.08.2018 № 1547/24 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      25-2. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 22.08.2018 № 1547/24 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      25-3. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 22.08.2018 № 1547/24 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      25-4. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 22.08.2018 № 1547/24 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      26. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру қаланың бюджетінде көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

      27. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жанбасына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлген әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      28. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған, күмәнді мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      29. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      30. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" және "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалоана отырып жүргізеді.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 23.12.2015 № 1225/41 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.


Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидаларына
1-қосымша


      Отбасының тіркеу нөмірі _____________________

Отініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 10.02.2021 № 21/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) шешімімен.


Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидаларына
2-қосымша

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 10.02.2021 № 21/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) шешімімен.

      20 жылғы "___"

      ____________________________________________________________________

      (елді мекен)

      1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________

      _______________________________________________________________

      2. Тұратын мекенжайы __________________________________________ ____________________________________________________________________

      3. Орын алуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген өмірдегі қиын жағдай ___________________________________________ ____________________________________________________________________.

      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____ адам, оның ішінде:

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірдегі қиын жағдай

1

2

3

4

5

6

7

8

































      Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам.

      Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдардың, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет)

      _____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________.

      5. Тұрмыс жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет):

      ____________________________________________________________________.

      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Отбасының табысы:

Р/с №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына

1

2

3

4

5

6







      6. Мыналардың:

      автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)

      ______________________________________________________________________

      __________________________________________________________________. қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйінің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі): ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі:

      ____________________________________________________________________

      10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы:

      ____________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы:

      __________________________ ____________________________________

      Комиссия мүшелері:

      __________________________ ____________________________________

      __________________________ ____________________________________

      __________________________ _____________________________________ (қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты)

      Жасалған актімен таныстым: _______________________________

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы ___________________________________________________________________

      Тексеру жүргізілуден бас тартқан ______________________

      Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

      ____________________________________________________________________ (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

      Күні _____________

      __________________________


Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидаларына
3-қосымша

Учаскелік комиссияның № __ қорытындысы

      20__ ж. _________

      Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)

      __________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

      өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде ___________________________________________________________________

      (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)

      адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады

      Комиссия төрағасы:________________ __________________________

      Комиссия мүшелері:_______________________ __________________________

      _______________________ __________________________

      _______________________ __________________________

      _______________________ __________________________

      (қолдары) (Т.А.Ә.)

      Қорытынды қоса берілген құжаттармен ____ данада

      20 __ ж._______ қабылданды

      Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы ___________________________