Шахтинск қалалық маслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XХXIII сессиясының № 1115/33 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерісте

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 8 мамырдағы № 1619/31 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 мамырда № 5335 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 276/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 19.09.2023 № 276/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, қалалық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Шахтинск қалалық маслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XХXIII сессиясының № 1115/33 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3182 тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырдағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 15 мамырдағы № 19 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      7 тармақтың 15) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "15) Шахтинск қаласы мен іргелес Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиеленетін және оқитын балалары бар көпбалалы отбасылар;";

      11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Әлеуметтік көмектің өлшем шегі - 130 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Г. Каржасов
      Мәслихат хатшысы Ж. Мамерханова