Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі V шақырылған XXXIII сессиясының № 1115/33 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 мамырда № 3182 болып тіркелді

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
      2. Шахтинск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі XХVI сессиясының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2634 тіркелген, 2014 жылғы 16 мамырдағы № 19 "Шахтинский вестник" газетінде, 2014 жылғы 21 мамырдағы "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде жарияланған) № 1024/26 шешімінің күші жойылсын деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
М. Кадырова
Мәслихат хатшысы
Ә. Сатова

      

 
2015 жылғы 09 сәуірдегі
қалалық мәслихатының
XXXIII сессиясының
№ 1115/33 шешімімен
бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер тұлғаның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Шахтинск қаласы әкімнің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
      7) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      8) уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;
      9) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
      10) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
      11) шектi шама - әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшері.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 05.07.2016 № 1308/4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдармен берілетін (бұдан әрі ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан - әрі алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сонымен қатар атаулы күндер мен мереке күндерінде ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
      4. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелері:
      1) 9 мамыр - Жеңіс Күні;
      2) алынып тасталды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 28.09.2016 № 1340/7 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен;
      3) 1 қазан - Қарттар Күнi;
      4) Мүгедектер күні (қазанның екінші жексенбісі);
      5) 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Бірінші Президенттің Күні.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 28.09.2016 № 1340/7 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ЖАО бекiтетiн ережелердің негiзiнде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеумметтік көмектің мөлшерін белгілеу тәртібі

      7. Әлеуметтік көмек алушылардың тізбесі:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
      2) Ұлы Отан соғыс жылдарында тылда мінсіз әскери қызмет және қайсар еңбек үшін бұрынғы КСР одағы медальдары және ордендармен марапатталған тұлғалар, оның ішінде "Германияны жеңгені үшін" марапатталғандар;
      3) қоршаудағы Ленинград тұрғындары;
      4) Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары;
      5) фашистік лагерлердің кәмелетке толмаған тұтқындары;
      6) қайта некеге тұрмаған, мерт болған әскери қызметшілердің жесір әйелдері;
      7) қайтыс болған Ұлы Отан соғыс мүгедектерінің әйелдері (күйеулері), қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері);
      8) 6 айдан кем емес Ұлы Отан соғыс жылдарында жұмыс жасаған, азаматтар (басып алынған аумақтағы жұмыстан басқа);
      9) Чернобыль АЭС-індегі және басқа да ядролық нысандарда апатты жойған қатысушылар;
      10) Басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда: бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;
      11) мерт болған сарбаздардың отбасылары;
      12) 75 жасқа келген және асқан азаматтар;
      13) 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;
      14) 16 жастағы дейінгі мүгедек - балалар, 16 бастап 18 жасқа дейінгі мүгедек - балалар;
      15) аз қамтылған азаматтар (отбасылар);
      16) амбулаториялық емделу кезiнде, әлеуметтiк мәнi бар "туберкулез" ауруы болса.
      8. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта бір рет) көрсетiледi.
      9. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстық ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
      10. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
      2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келтiру не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;
      3) ең төмен күнкөрiс деңгейiнен 0,6 еселiк мөлшерден аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.
      Ескерту. 10 тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 22.09.2015 № 1183/37 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 23.12.2015 № 1225/41 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
       11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарға әлеуметтік көмектің шекті өлшемі 85 айлық есептік көрсеткіштен аса алмайды.
      12. Апатты оқиға немесе өрт, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекті ұсынумен хабарласқан азаматтардың өтініші көзделген жағдайлардың туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірмей уәкілетті органмен қарастырылады.
      13. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия жергілікті бюджет қаражатын ескере отырып айқындайды, және оның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      14. Әлеуметтік көмек атаулы күндер және мереке күндеріне, алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынысы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
      15. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      3) осы Қағиданың № 1 қосымшасына сәйкес тұлғаның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
      4) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
      16. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларға және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      16-1. Әлеуметтік контракт негізінде әлеуметтік көмек үшін келген кезде азаматпен әңгімелесу жүргізіледі.
      Ескерту. Қағида 16-1-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 23.12.2015 № 1225/41 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
       17. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      18. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, осы Қағиданың № 2, 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, тұлғаның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
      19. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      20. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзгеде уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      21. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      22. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
      23. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      Осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе кент, ауыл, ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      24. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда-негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      25. Алынып тасталды- Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 05.07.2016 № 1308/4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      25-1. Әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек отбасының еңбекке қабілетті мүшелері (тұлғасы) жұмыспен қамту жәрдемінің шараларына қатысу шартында және отбасыны активтендіру әлеуметтік контракттың әрекет ету мерзіміне отбасы мүшедерінің (тұлғаның), еңбекке қабілеттілерін қоса әлеуметтік бейімдеу қажеттілігі жағдайында ұсынылады, және ай сайын төленеді немесе үш ай үшін біржола претендеттің өтініші бойынша.
      Ескерту. Қағида 25-1-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 23.12.2015 № 1225/41 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
       25-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылдың 17 мамырдағы № 385 "Өрлеу" жобасына қатысуға арналған құжаттар нысанын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 13773 болып тіркелді).
      Ескерту. Қағида 25-2-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 23.12.2015 № 1225/41 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен; жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 05.07.2016 № 1308/4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
       25-3. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты тағы алты айға мерзімін ұзарту мүмкіндігімен алты айға жасалады, бірақ бір жылдан артық емес, отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажеттілігі және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіби оқытуды және (немесе) жастар тәжірибесінен өтуді және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылуы аяқталмаған жағдайларында.
      Ескерту. Қағида 25-3-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 23.12.2015 № 1225/41 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
       25-4. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, соның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойылғасын беріледі, екіншісі – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған уәкілетті органда сақталады.
      Ескерту. Қағида 25-4-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 23.12.2015 № 1225/41 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
       26. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру қаланың бюджетінде көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
      27. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жанбасына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлген әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      28. Әлеуметтік көмек:
      1) алушы қайтыс болған;
      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
      4) алушы ұсынған, күмәнді мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      29. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      30. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" және "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалоана отырып жүргізеді.
      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 23.12.2015 № 1225/41 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

 
Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидаларына
1-қосымша

      
      Отбасының тіркеу нөмірі _____________________

Отініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

      ____________________________________________________
      (Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)


Р/с
 
Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.
 
Өтініш берушіге туыстық қатынасы
 
Туған күні
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      Өтініш берушінің қолы ____________________ Күні ______________
      Отбасының құрамы туралы
      мәліметтерді куәландыруға
      уәкілетті органның лауазымды
      адамның Т.А.Ә. _____________________
      (қолы)

 
Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидаларына
2-қосымша

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ

      20 ___ж. " ________"
      ____________________
      (елді мекен)
      1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. ___________________________________________
      2. Тұратын мекенжайы _____________________________________
      _______________________________________________________________
       3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдай __________________________
      ____________________________________________________________________
      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) __
      адам, оның ішінде:

№ р/с
 
Т.А.Ә.
 
Туған күні
 
Өтініш берушіге туыстық қатынасы
 
Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)
 
Жұмыспен қамтылмау себебі
 
Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер
 
Өмірлік қиын жағдай
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.
      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам.
      Балалардың саны: ______
      жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар
      _______ адам, оқу құны жылына ________ теңге.
       Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек) ________________________________________
      ____________________________________________________________________
      5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше - көрсету керек):
      ____________________________________________________________________
      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
      ____________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________
      Отбасының табысы:

№ р/с
 
Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә.
 
Табыс түрі
 
Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)
 
Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер
 
 
 
 
тоқсанға
 
орта есеппен айына
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      6. Мыналардың:
       автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ______________________________________________
       _____________________________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ________________________________________________________________________________________________________________________________________
       7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі): ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
       8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі): _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
       9. Балалардың мекетеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ қиіммен қамтамасыз етілуі:_____________________________________________________________
       Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы: ____________________________________________________________________
      Комиссия төрағасы:
      _________________________ _____________________
      Комиссия мүшелері:
      _________________________ ______________________
      _________________________ ______________________
      _________________________ ______________________
      _________________________ ______________________
       (қолдары) (Т.А.Ә.)
      Жасалған актімен таныстым: ___________________________
      өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
       Тексеру жүргізілуден бас тартамын _______________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні _____ ____________________________________________________________________
      (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

 
Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидаларына
3-қосымша

Учаскелік комиссияның № __ қорытындысы

      20__ ж. _________
      Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
      __________________________________________________________________
      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
       өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде ___________________________________________________________________
      (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
      адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
      Комиссия төрағасы:________________ __________________________
      Комиссия мүшелері:_______________________ __________________________
      _______________________ __________________________
      _______________________ __________________________
      _______________________ __________________________
       (қолдары) (Т.А.Ә.)
      Қорытынды қоса берілген құжаттармен ____ данада
      20 __ ж._______ қабылданды
       Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы ___________________________