Шахтинск қалалық маслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XXXIII сессиясының № 1115/33 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс е

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 1594/29 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 қаңтарда № 5151 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 276/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 19.09.2023 № 276/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, қалалық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Шахтинск қалалық маслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XХXIII сессиясының № 1115/33 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3182 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 15 мамырдағы № 19 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) 15 ақпан – Ауғанстан аумағынан әскерді шығару күні, басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушы интернационалист - жауынгерлерді еске алу күні.

      2) 9 мамыр – Жеңіс Күні;

      3) 6 шілде – Астана күні;

      4) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;

      5) 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Сатова
      Мәслихат хатшысы Ж. Мамерханова