Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 56/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 қазанда № 3459 болып тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11684 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 50/03 "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысының 1 тармағының 5) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2772 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 175-176 (21696-21697) "Индустриальная Караганда" және 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 189-190 (21824) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қарағанды облысының әкімі Н. Әбдібеков

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қыркүйек
№ 56/04 қаулысымен бекітілді

"Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен көрсетіледі (бұдан әрі - қызмет көрсетуші).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 06.10.2016 № 72/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – өсімдіктерді қорғау құралдарын өңдірушіден гербицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды арзандатылған құны бойынша сатып алған кезде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің немесе отандық өндірушілердің банктік шоттарына тиесілі субсидияларды әрі қарай аудару үшін төлем құжаттарын ұсыну немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 бұйрығымен (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11684 болып тіркелген) бекітілген "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.

      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға субсидияларды бермеудің себептерін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы қол қойған субсидияларды тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар қағаз жеткізгіштегі хабарлама жолданады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 29.08.2017 № 54/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 9-тармағында көрсетілетін белгіленген нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушымен (не оның сенімхат бойынша өкілі) өтінімді беру мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 29.08.2017 № 54/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны және оны орындаудың ұзақтығы:

      1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім), қала басқармасы ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өтінім және (немесе) тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінім келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" қағидалардың (бұдан әрі - қағида) 7 және 8-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан өтінімді және қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімді тексереді, сондай-ақ қағидалардың 14-тармағына сәйкес өсімдіктерді қорғау құралдарын (бұдан әрі - ӨҚҚ) өндіруші ұсынатын ӨҚҚ нақты өткізу көлемдері жөніндегі тізілімде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің бар-жоғын анықтайды;

      2) бөлім өтінімді немесе тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімді тексеруді аяқтағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде:

      облыс басқармасына қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қолы қойылған мақұлданған өтінімдердің тізімін және қағидалардың 5-қосымшаcына сәйкес нысан бойынша тиесілі субсидияларды төлеу туралы мақұлданған өтінімдердің тізімін жолдайды;

      ӨҚҚ өндірушіге қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиесілі субсидияларды төлеу туралы мақұлданған өтінімдердің тізімін жолдайды;

      өтінімнің және (немесе) тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімнің мақұлданғаны туралы не субсидияларды ұсынбау себептерін көрсете отырып, өтінімді және (немесе) тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімді қайтару туралы ауыл шаруашылығы тауар өндірушіні жазбаша хабардар етеді.

      3) облыс басқармасы қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мақұлданған өтінімдер тізімі және қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мақұлданған тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер тізімі келіп түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің немесе ӨҚҚ өндірушілердің шоттарына субсидияларды аудару үшін төлеуге төлем құжаттарын ұсынады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 29.08.2017 № 54/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілер) тізбесі:

      1) бөлім;

      2) облыс басқармасы.

      3) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысының әкімдігінің 06.10.2016 № 72/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:      

      1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім), қала басқармасы ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өтінім және (немесе) тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінім келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан өтінімді және қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімді тексереді, сондай-ақ қағидалардың 14-тармағына сәйкес ӨҚҚ өндіруші ұсынатын ӨҚҚ нақты өткізу көлемдері жөніндегі тізілімде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің бар-жоғын анықтайды;

      2) бөлім өтінімді немесе тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімді тексеруді аяқтағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде:

      облыс басқармасына қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қолы қойылған мақұлданған өтінімдердің тізімін және қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиесілі субсидияларды төлеу туралы мақұлданған өтінімдердің тізімін жолдайды;

      ӨҚҚ өндірушіге қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиесілі субсидияларды төлеу туралы мақұлданған өтінімдердің тізімін жолдайды;

      өтінімнің және (немесе) тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімнің мақұлданғаны туралы не субсидияларды ұсынбау себептерін көрсете отырып, өтінімді және (немесе) тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімді қайтару туралы ауыл шаруашылығы тауар өндірушіні жазбаша хабардар етеді;

      3) облыс басқармасы қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мақұлданған өтінімдер тізімі және қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мақұлданған тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер тізімі келіп түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің немесе ӨҚҚ өндірушілердің шоттарына субсидияларды аудару үшін төлеуге төлем құжаттарын ұсынады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 29.08.2017 № 54/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 06.10.2016 № 72/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      9. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне қажетті құжаттарды және өтінішті тапсырады, ол электрондық кезек ретімен "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады;

      2) 1-процесс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация қызметкері Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің Автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);

      3) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау нысанын шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхаты бойынша (нотариалды түрде куәландырылған сенім хат болған жағдайда) деректерін енгізуі;

      4) 3-процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат деректері туралы сұрауды жіберу;

      5) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) - ЖТ МДҚ-да және сенімхат деректерінің БНАЖ-да бар болуын тексеру;

      6) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да (ЖСН/БСН) көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және БНАЖ-да сенім хат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;

      7) 5-процесс–ЭҮШ арқылы өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) Мемлекеттік корпорация қызметкері электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі–ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) жіберу.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 06.10.2016 № 72/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

  "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын
өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың)
және биопрепараттардың құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 29.08.2017 № 54/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.