1. Қоса беріліп отырған "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 50/03 "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысының 1 тармағының 5) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2772 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 175-176 (21696-21697) "Индустриальная Караганда" және 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 189-190 (21824) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қарағанды облысының әкімі | Н. Әбдібеков |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қыркүйек № 56/04 қаулысымен бекітілді |
"Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметке өтінішті қабылдау және қорытындыларын беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" № 15-1/522 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11684 болып тіркелген) бекітілген "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген белгіленген нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушымен (не оның сенімхат бойынша өкілімен) өтінімді беру мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны және оны орындаудың ұзақтығы:
1) аудан (облыстық маңызы бар қалаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) көрсетілетін қызметті алушының өтінімді қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минут.
Нәтижесі – өтінімді қабылдауға жауапты тұлғаның тегі, аты-жөні, өтінімді қабылдаған күні және уақытын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы өтінім көшірмесінде белгі қою;
2) бөлім өтінімді алғаннан кейін қолданыстағы заңнама талаптарының сәйкестігіне тексереді – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының тексерілген өтінімі;
3) бөлім өтінімді тексеруді аяқтағаннан кейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидия беруде оң шешім болған жағдайда өтінімді ауыл шаруашылығы облыс басқармасына (бұдан әрі – облыс басқарма) жібереді, теріс шешім жағдайында – субсидия бермеудің себебін көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша түрде хабардар етеді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
Нәтижесі – өтінімді облыс басқармасына жібері немесе көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша түрде хабардар.
4) бөлім тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды жеткізушілердің тізілімін жасағаннан кейін биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды жеткізушіге субсидия беруде оң шешім болған жағдайда биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды жеткізушілердің тізілімін облыс басқармасына жібереді, теріс шешім жағдайында – субсидия бермеудің себебін көрсете отырып биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды жеткізушіні жазбаша түрде хабардар етеді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
Бұл ретте бөлім субсидия бермеудің себебін көрсете отырып, субсидия беруде теріс шешім қабылданған биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізбесін жасайды және оны облыс басқармасына ұсынады.
Нәтижесі – биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды жеткізушілердің тізілімін облыс басқармасына жіберу немесе биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды жеткізушілерге субсидия беруден бас тарту;
5) облыс басқармасы өтінімдер мен биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімі түскеннен кейін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсынады – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Нәтижесі – қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне көрсетілетін қызметті алушылар мен биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсыну.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілер) тізбесі:1) бөлім;
2) облыс басқармасы.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
1) аудан (облыстық маңызы бар қалаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) көрсетілетін қызметті алушының өтінімді қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минут;
2) бөлім өтінімді алғаннан кейін қолданыстағы заңнама талаптарының сәйкестігіне тексереді – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
3) бөлім өтінімді тексеруді аяқтағаннан кейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидия беруде оң шешім болған жағдайда өтінімді ауыл шаруашылығы облыс басқармасына (бұдан әрі – облыс басқарма) жібереді, теріс шешім жағдайында – субсидия бермеудің себебін көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша түрде хабардар етеді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
4) бөлім тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды жеткізушілердің тізілімін жасағаннан кейін биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды жеткізушіге субсидия беруде оң шешім болған жағдайда биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды жеткізушілердің тізілімін облыс басқармасына жібереді, теріс шешім жағдайында – субсидия бермеудің себебін көрсете отырып биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды жеткізушіні жазбаша түрде хабардар етеді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
Бұл ретте бөлім субсидия бермеудің себебін көрсете отырып, субсидия беруде теріс шешім қабылданған биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізбесін жасайды және оны облыс басқармасына ұсынады;
5) облыс басқармасы өтінімдер мен биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімі түскеннен кейін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсынады – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.