Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 56/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 қазанда № 3459 болып тіркелді

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11684 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 50/03 "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысының 1 тармағының 5) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2772 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 175-176 (21696-21697) "Индустриальная Караганда" және 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 189-190 (21824) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қарағанды облысының әкімі Н. Әбдібеков

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қыркүйек
№ 56/04 қаулысымен бекітілді

"Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен көрсетіледі (бұдан әрі - қызмет көрсетуші).
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 06.10.2016 № 72/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – оң шешім қабылданған жағдайда – қазынашылықтың аумақтық бөлімшелеріне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің немесе биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шоттарына субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсыну және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақұлданған өтінімдер тізімін жасау.
      Теріс шешім қабылданған жағдайда – субсидиялар ұсынбаудың себептерін көрсете отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні жазбаша хабардар ету.
      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 06.10.2016 № 72/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көресетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" № 15-1/522 бұйрығымен (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11684 болып тіркелген) бекітілген "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көресетілетін қызмет стандарттың (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілетін белгіленген нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушымен (не уәкілетті өкілі: заңды тұлға – өкілеттілігін растайтын құжат бойынша; жеке тұлға – нотариалды расталған сенімхат бойынша) өтінімді беру мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 06.10.2016 № 72/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны және оны орындаудың ұзақтығы:
      1) аудан (облыстық маңызы бар қалаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) көрсетілетін қызметті алушының өтінімді қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минут.
      Нәтижесі – өтінімді қабылдауға жауапты тұлғаның тегі, аты-жөні, өтінімді қабылдаған күні және уақытын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы өтінім көшірмесінде белгі қою;
      2) бөлім өтінімді алғаннан кейін қолданыстағы заңнама талаптарының сәйкестігіне тексереді – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      3) бөлім өтінімді тексеруді аяқтағаннан кейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидия беруде оң шешім болған жағдайда өтінімді ауыл шаруашылығы облыс басқармасына (бұдан әрі – облыс басқарма) жібереді, теріс шешім жағдайында – субсидия бермеудің себебін көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша түрде хабардар етеді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
      Нәтижесі – өтінімді облыс басқармасына жібері немесе көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша түрде хабардар.
      4) алынып тасталды - Қарағанды облысының әкімдігінің 06.10.2016 № 72/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен;
      5) облыс басқармасы өтінімдер мен биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімі түскеннен кейін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсынады – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
      Нәтижесі – қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне көрсетілетін қызметті алушылар мен биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсыну.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысының әкімдігінің 06.10.2016 № 72/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілер) тізбесі:
      1) бөлім;
      2) облыс басқармасы.
      3) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысының әкімдігінің 06.10.2016 № 72/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
      1) аудан (облыстық маңызы бар қалаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) көрсетілетін қызметті алушының өтінімді қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минут;
      2) бөлім өтінімді алғаннан кейін қолданыстағы заңнама талаптарының сәйкестігіне тексереді – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      3) бөлім өтінімді тексеруді аяқтағаннан кейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидия беруде оң шешім болған жағдайда өтінімді ауыл шаруашылығы облыс басқармасына (бұдан әрі – облыс басқарма) жібереді, теріс шешім жағдайында – субсидия бермеудің себебін көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша түрде хабардар етеді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      4) алынып тасталды - Қарағанды облысының әкімдігінің 06.10.2016 № 72/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен;
      5) облыс басқармасы өтінімдер мен биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімі түскеннен кейін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсынады – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысының әкімдігінің 06.10.2016 № 72/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 06.10.2016 № 72/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      9. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне қажетті құжаттарды және өтінішті тапсырады, ол электрондық кезек ретімен "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады;
      2) 1-процесс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация қызметкері Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің Автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);
      3) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау нысанын шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхаты бойынша (нотариалды түрде куәландырылған сенім хат болған жағдайда) деректерін енгізуі;
      4) 3-процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат деректері туралы сұрауды жіберу;
      5) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) - ЖТ МДҚ-да және сенімхат деректерінің БНАЖ-да бар болуын тексеру;
      6) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да (ЖСН/БСН) көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және БНАЖ-да сенім хат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
      7) 5-процесс–ЭҮШ арқылы өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) Мемлекеттік корпорация қызметкері электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі–ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) жіберу.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 06.10.2016 № 72/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

  "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын
өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың)
және биопрепараттардың құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 06.10.2016 № 72/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.