Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. "2015 жылға басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын (1 гектарға) белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 72 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2657 болып тіркелген, 2015 жылдың 11 маусымында "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков
"19" қараша 2015 жыл
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы "19" қараша № 274 қаулысына қосымша |
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидия нормалары (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға)
Ескерту. 1- қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облысы әкімдігінің 14.11.2016 № 332 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).№ | | Басым ауыл шаруашылығы дақылдары | 1 гектарға (тонна) бюджеттік субсидия нормалары, теңге |
1 | | Қант қызылшасы 1 гектарға (50%) | 50 000 |
2 | | Қант қызылшасы 1 тоннаға (50%)** | 2 500 |
3 | | Қорғалған топырақтағы көкөніс (фермерлік үлгідегі жылыжай)* | 1 500 000 |
4 | | Қорғалған топырақтағы көкөніс (өнеркәсіптік үлгідегі жылыжай)* | 2 000 000 |
5 | | Қант қызылшасы, ашық топырақта өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы (50%) | 90 000 |
6 | | Қант қызылшасы 1 тоннаға, тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі жаңбырлатып суару жүйелерін қолдану арқылы (50%)** | 2 250 |
7 | | Майлы дақылдар | 2 000 |
8 | | Дәндік жүгері, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін және өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы | 60 000 |
9 | | Дәндік жүгері | 10 000 |
10 | | Көпжылдық шөп (таза егіс) | 3 000 |
11 | | 2, 3 жылғы көпжылдық шөп | 500 |
12 | | Көп жылдық шөп, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы | 25 000 |
13 | | Сүрлемдік жүгері | 3 000 |
14 | | Картоп | 5 000 |
15 | | Сүрлемдік жүгері, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы | 60 000 |
16. | | Дәнді масақты дақылдар, оның ішінде: | |
| | Күздік бидай | 1000 |
| | Жаздық арпа | 1000 |
17. | | Ашық топырақтарға көкөністер | 2000 |
** қант қызылшасы бойынша 1 гектарға 50%, 1 тоннаға 50%