Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11094 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 181 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.07.2018 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 35-бабының 5-тармағына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.07.2018 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 8-тармағы 1) тармақшасы үшінші абзацын және 10-тармағының үшінші бөлімін қоспағанда, мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы " "

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Е. Досаев

      2015 жылғы " "

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 4-3/177 бұйрығымен
бекітілген

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.07.2018 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) жергiлiктi бюджетте тиiстi қаржы жылына көзделген қаражат есебiнен және шегiнде басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мезгілдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) айқындайтын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлінісінде тиісті аумақтағы егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуы мерзімдері;

      2) жүйе веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Интернет желісінде орналасқан, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

      3) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін, Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы, облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) айқындайтын тұлға;

      4) өтінім – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің (бұдан әрі – ауылшартауарынөндіруші) немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің (бұдан әрі – ауылшаркооперативі) басым дақылдар өндіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға арналған электрондық өтінімі;

      5) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      6) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған, субсидия алуға арналған өтінімді тіркеуге, сондай-ақ өтінімді субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

      7) танаптың кадастрлық нөмірі – танаптың орналасқан жерін анықтауға (сәйкестендіруге) арналған, субсидиялаудың ақпараттық жүйесі беретін танаптың бірегей коды;

      8) танаптың электрондық картасы – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінде орналасқан, бұрылыс нүктелерінің координаталарын, соңғы екі жылдағы ауыспалы егістер туралы ақпаратты және жерді қашықтықтан зондтау спутниктерінен алынған деректерді қамтитын танап туралы ақпарат;

      9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.11.2019 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі, басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемі мен нормалары (бұдан әрі – тізбе, субсидиялар көлемі мен нормалары) екі данада жасалады және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) мақұлдауға тиісті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей беріледі.

      Тізбені, субсидиялар көлемі мен нормаларын Министрлікке мақұлдауға берген кезде субсидиялардың белгіленген нормасын негіздейтін (ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында аккредиттелген және Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын аграрлық бейіндегі ғылыми ұйымдармен келісілген әрбір субсидияланатын дақыл бойынша шығындар есептемелері), сондай-ақ тізбенің, субсидиялар көлемі мен нормаларының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кәсіпкерлер палатасымен және қоғамдық кеңесімен келісілгенін растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Министрлік оң шешім шығарған жағдайда, он жұмыс күні ішінде тізбенің, субсидиялар көлемі мен нормаларының бір данасын тиісті ілеспе хатпен кері қайтарады немесе теріс шешім шығарған жағдайда, тізбенің, субсидиялар көлемі мен нормаларының екі данасын да пысықтауға жолдайды. ЖАО-ның пысықтау мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.

      Тізбе, субсидиялар көлемі мен нормалары ЖАО-ның қаулысымен тиісті жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі және үш жұмыс күні ішінде веб-порталда және тиісті ЖАО-ның интернет-ресурсында орналастырылады.

      Тізбеге, субсидиялар көлемі мен нормаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақтың бірінші, екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Қаулы веб-порталға және интернет-ресурсқа орналастырылғаннан кейін Министрлік екі жұмыс күні ішінде тізбені, субсидиялар көлемі мен нормаларын бұрын келісілген тізбеге, субсидиялар көлемі мен нормаларына сәйкестігі тұрғысынан салыстырып тексереді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.11.2019 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Басқарма басым дақылдар өндiруді субсидиялау жөніндегі жеке айлық қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін оны үш жұмыс күні ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне орналастырады.

      5. ЖАО-ның қаулысымен бекітілген егу жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін Басқарма субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне орналастырады.

2-тарау. Субсидия алушылар

      6. Субсидиялар ауылшартауарынөндірушілерге және (немесе) ауылшаркооперативтеріне жыл сайын осы Қағидаларда белгіленген тәртіпке сәйкес ағымдағы жылы жұмсалған дәндік жүгеріні, күрішті, мақтаны және қант қызылшасын өндіру шығындарын ішінара өтеуге, сондай-ақ қант қызылшасы бойынша – өткен жылғы желтоқсанда тапсырылған өнім үшін шығындарды ішінара өтеуге бөлінеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.11.2019 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Субсидияларды алу шарттары

      7. Субсидиялар ЖАО-ның қаулысымен белгіленген басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша субсидиялар нормалары бойынша 1 тоннаға төленеді.

      8. Субсидияларды төлеу мынадай шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:

      1) ауылшартауарынөндірушінің және (немесе) ауылшаркооперативінің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдар өндіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға арналған өтінім беруі.

      "Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) ауылшартауарынөндіруші және (немесе) ауылшаркооперативі берген және ЭЦҚ қойылған өтінімнің субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелуі.

      Ауылшартауарынөндірушінің және (немесе) ауылшаркооперативінің субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоты болған жағдайда, ол субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өздігінен өтінімді тіркеуді жүзеге асыруға құқылы, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осылай тіркелген сәттен бастап берілген болып есептеледі;

      3) ауылшартауарынөндірушіде және (немесе) ауылшаркооперативінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған жеке шотының болуы;

      4) ағымдағы жылы ауылшартауарынөндірушінің және (немесе) ауылшаркооперативінің құқығы (жер пайдалану және (немесе) жеке меншік) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен және "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің шекарасы шегінде орналасқан танаптарда басым ауыл шаруашылығы дақылдарының себілуі.

      Ауылшаркооперативінде жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері болмаған жағдайда, ауылшаркооперативі ауылшаркооперативінің мүшелері болып табылатын ауылшартауарынөндірушілердің субсидия алуына өтінім береді. Бұл ретте ауылшартауарынөндірушілер субсидия алушылар болып табылады.

      Жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бар ауылшаркооперативі өзінің жер учаскелеріне, сондай-ақ ауылшаркооперативі мүшелерінің жер учаскелеріне субсидия алуға өтінім береді. Бұл ретте ауылшаркооперативі және ауылшартауарынөндіруші субсидия алушылар болып табылады;

      5) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде танаптардың электрондық карталарының қалыптастырылуы;

      6) жерді қашықтықтан зондтау деректерімен расталған (басым дақылдарды себу жүзеге асырылған электрондық танаптар бойынша) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ауыспалы егіс туралы мәліметтердің болуы және егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін сақтау;

      7) дәндік жүгері бойынша – өңдеуші кәсіпорынға өңдеуге тапсырылған не өзінің өңдеуші кәсіпорындарына өңдеуге берілген дәндік жүгерінің 1 тоннасына 100 %;

      8) күріш бойынша – өңдеуші кәсіпорынға өңдеуге тапсырылған не өзінің өңдеуші құрылымдарына өңдеуге берілген күріштің 1 тоннасына 100 %;

      9) қант қызылшасы (фабрикалық) бойынша – қант зауытына өңдеуге тапсырылған не өзінің өңдеуші кәсіпорындарына өңдеуге берілген қант қызылшасының 1 тоннасына 100 %;

      10) мақта бойынша – мақта өңдеу зауытына өңдеуге тапсырылған шитті мақтаның 1 тоннасына 100 %;

      11) ауылшартауарынөндірушінің және (немесе) ауылшаркооперативінің қант қызылшасын қант зауытына өткізуі фактісін субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде растауы.

      Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінде қант қызылшасын өндіруді өздігінен жүзеге асыратын және осы өнімді өңдеуді өздігінен жүзеге асыратын қант зауыттары үшін өткізу фактісін растау талап етілмейді.

      Шикізатты өңдеуге берген күріш тапсырушылар үшін өткізу фактісін растау талап етілмейді. Бұл жағдайда, өңдеуші кәсіпорынның көрсетілген қызметтеріне ақы төленгенін растайтын құжаттарды беру растау болып табылады.

      Бұл ретте, субсидиялар алуға пайдаланылған электрондық шот-фактураларды кері қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берілмейді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.11.2019 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Өнімнің 1 тоннасына субсидиялар алу үшін ауылшартауарынөндірушілер және (немесе) ауылшаркооперативтері өтінімде қосымша:

      өңдеуші кәсіпорынмен жасалған ауыл шаруашылығы өнімін тапсыру туралы шарттардың;

      ауылшартауарынөндіруші немесе ауылшаркооперативі мен өңдеуші кәсіпорын арасында ауыл шаруашылығы өнімінің берілгенін растайтын құжаттардың және (немесе) өңдеуші кәсіпорынның шеккен шығындарын (өтінім беру сәтіне) растайтын төлем құжаттарының;

      ауыл шаруашылығы өнімін өзінің өңдеуші кәсіпорындарында өңдеген кезде өңдеуші кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері арасында ауыл шаруашылығы өнімінің берілгенін растайтын, олардың басшылары қол қойған құжаттың бар-жоғына қатысты мәліметтерді көрсетеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.11.2019 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі

      10. Субсидиялар ауылшартауарынөндіруші және (немесе) ауылшаркооперативі растаған өңдеуге өткізілген (тапсырылған), субсидиялауға жататын өнімнің көлемдерінен және ЖАО-ның қаулысымен бекітілген субсидиялар нормаларынан мынадай формула бойынша есептеледі:

      С = З х Нс, мұндағы:

      С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;

      З – өңдеуге өткізілген өнімнің расталған (тапсырылған) көлемі, тонна;

      Нс – қосылған құн салығынсыз субсидиялар нормасы, теңге.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.11.2019 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Субсидиялар төлеу тәртібі

      11. Өтінімдерді қарастыруды Басқарма танаптардың электрондық карталарының орналасқан жері бойынша тиісті жылдың 1 ақпанынан бастап жүзеге асырады, бұл ретте, өтінімдерді қабылдауды аяқтау күні тиісті жылдың 1 желтоқсанынан ерте болмауы тиіс.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.11.2019 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Веб-портал (бұдан әрі – Жеке кабинет) арқылы тізілім деректеріне қол жеткізуді ұсыну үшін:

      1) ауылшартауарынөндірушілер және (немесе) ауылшаркооперативтері субсидиялау жүйесінде өз бетінше тіркелу үшін ЭЦҚ-ға ие болуы тиіс;

      2) Басқарма, Министрлік жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар жұмысшыларының өзекті етілген тізімін жібереді.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімдік Министрлікке онлайн-режимде өтеусіз негізде беріледі.

      13. Ауылшартауарынөндіруші және (немесе) ауылшаркооперативі Жеке кабинетте тіркелу үшін мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі;

      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), толық атауы; бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса) тегі және ЖСН;

      3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);

      4) екінші деңгейдегі банктің немесе почтаның ұлттық операторының ағымдағы шотының деректері.

      Жоғарыда көрсетілген деректерді өзгерткен кезде ауылшартауарынөндіруші және (немесе) ауылшаркооперативі бір жұмыс күн ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.

      14. Өтінімді қалыптастыру және тіркеу мынадай тәртіппен Жеке кабинетте жүргізіледі:

      1) осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген талаптарды субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен тексеру үшін оған қажетті мәліметтер енгізіле отырып өтінім қалыптастырылады;

      2) өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде оған ауылшартауарынөндірушінің және (немесе) ауылшаркооперативінің ЭЦҚ-сымен қол қою жолымен тіркеледі не Мемлекеттік корпорация жұмыскері тіркейді және Басқарманың Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Басқарманың электрондық мекенжайына қарауға өтінім келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.

      15. Басқарма өтінімді тіркеген сәттен бастап бір жұмыс күнi iшiнде ЭЦҚ-ны пайдаланып тиісті хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды. Осы хабарлама субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өз бетімен тіркелген жағдайда ауылшартауарынөндірушінің және (немесе) ауылшаркооперативінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      16. Басқарма Қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидия төлеуге арналған төлем тапсырмасын осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес өтінімді қабылдағанын Басқарма растағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде қалыптастырады.

      Бұл ретте, тиесілі субсидияларды ауылшартауарынөндірушілердің және (немесе) ауылшаркооперативтерінің ағымдағы шоттарына аударуды Басқарма тиісті жылдың 25 желтоқсанына дейін жүзеге асырады.

6-тарау. Субсидиялау бойынша есептілік

      17. Басқарма тиiстi жылдың 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде онлайн-режимінде Министрлікке өтеусіз негізде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдарын субсидиялауға бөлінген қаражаттың игерілуі жөніндегі жиынтық ақпарат ұсынады.

  Басым дақылдар өндіруді
субсидиялау арқылы өсімдік
шаруашылығының
шығымдылығын және өнім
сапасын арттыруды,
жанар-жағармай
материалдарының және көктемгі
егіс пен егін жинау жұмыстарын
жүргізу үшін қажетті басқа да
тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Басым дақылдар өндіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға арналған өтінім

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.11.2019 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Кімге __________________________________________________________________

      (облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы

      органының толық атауы)

      кімнен ___________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі*)

      басым дақылдар өндіруге субсидия бөлуді сұрайды:

Р/с №

Дақыл

Көлемі, тонна

Танаптың кадастрлық нөмірі

1

2

3

4





      2. Өтініш беруші туралы мәліметтер*:

      Заңды тұлға үшін:

      Атауы _________________________________________________________

      БСН___________________________________________________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ________________________

      мекенжайы:____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі:___________________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _________________________________

      ЖСН__________________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі ________________________________________________________

      кім берді ______________________________________________________

      берілген күні ___________________________________________________

      мекенжайы:____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі:____________________________________________

      Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:

      орналасқан жері ________________________________________________

      хабарлама уақыты _______________________________________________

      3. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері туралы мәліметтер:

Р/с №

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің
БСН-сы/ЖСН-сы

1

2

3







      4. Жер учаскесі туралы мәліметтер*:

Р/с №

кадастрлық нөмірі

барлық алаңы, гектар

оның ішінде егістік

нысаналы мақсаты

жер учаскесі иесінің немесе жер пайдаланушының атауы

1

2

3

4

5

6













      5. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы

      кооперативінің екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотының бар-жоғы туралы

      мәліметтер*:

      ЖСН/БСН ______________________________________________________

      Банктің деректемелері: __________________________________________

      Банктің атауы:__________________________________________________

      БСК __________________________________________________________

      ЖСК __________________________________________________________

      БСН __________________________________________________________

      Кбе___________________________________________________________

      6. Өңдеуші кәсіпорын жасалған ауыл шаруашылығы өнімін тапсыру туралы шарт:

      нөмірі _________________________________________________________

      салыстырып тексеру актісі ________________________________________

      өнім көлемі, тоннамен ___________________________________________

      7. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы кооперативі мен

      өңдеуші кәсіпорын арасында ауыл шаруашылығы өнімінің берілгенін растайтын құжат:

      нөмірі__________________________________________________________

      салыстырып тексеру актісі_________________________________________

      өнім көлемі, тоннамен ____________________________________________

      8. Өңдеуші кәсіпорын шеккен шығындарды (өтінім беру сәтіне) растайтын

      төлем құжаттары:

      нөмірі және берілген күні _________________________________________

      өңдеуші кәсіпорын атауы _________________________________________

      өңдеуші кәсіпорын орналасқан жерінің мекенжайы ___________________

      9. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы

      кооперативінің құрылымдық бөлімшелері арасында ауыл шаруашылығы

      өнімінің берілгенін растайтын құжат:

      нөмірі __________________________________________________________

      берілген күні ____________________________________________________

      өнім көлемі, тоннамен ____________________________________________

      Ескертпе:

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпараттарды жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Өтінім беруші 20______ жылғы "____" ___________ сағат ____ қол қойып, жіберді:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні және уақыты

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      Өтінім қарауға 20____ жылғы "____" _________ сағат ______ қабылданды:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні және уақыты

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      БСК – банктік сәйкестендіру коды;

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      Кбе – бенефициар коды;

      * – басым дақылдарды субсидиялау процесі толық автоматтандырылған кезде өтінімнің мәліметтері интеграциялау есебінен автоматты түрде толтырылады.

  Басым дақылдар өндiрудi
субсидиялау арқылы өсiмдiк
шаруашылығының
шығымдылығын және өнім
сапасын арттыруды, жанар-
жағармай материалдарының
және көктемгi егіс пен егiн
жинау жұмыстарын жүргiзу
үшін қажеттi басқа да тауарлық-
материалдық құндылықтардың
құнын субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  "Бекітемін"
Басқарма басшысы
___________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі, қолы, мөрі)
20___жылғы "___" _________

_____________ облысы бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдарын субсидиялауға ____ жылы бөлінген бюджет қаражатының игерілуі жөніндегі жиынтық ақпарат

Ауыл шаруашылығы дақылдары

Сатып алынған немесе қайта өңдеуге өткізілген өнім көлемі, тоннамен

1 тоннаға арналған субсидиялар нормасы, теңге

Бөлінген субсидиялар көлемі, мың теңге

Игерілгені, мың теңге

1

2

3

4

5

6








Жиыны





      Субсидия алған шаруашылық жүргізуші субъектілер саны


Акционерлік қоғамдар

Шаруашылық серіктестіктер

Шаруа қожалықтары

Өндірістік кооперативтер

Басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер

1

2

3

4

5

6

Саны бірлік