Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсiмдiк шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 274 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2838 болып тіркелген, 2016 жылдың 26 қаңтарында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасымен
толықтырылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 332 қаулысына қосымша |