2015 жылға басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылша

Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 72 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 маусымда № 2657 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 274 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы әкімдігінің 16.11.2015 № 274 қаулысымен алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға) осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Х. Әбдірайымовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы Е. Манжуов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі
      А.Мамытбеков
      "29" сәуір 2015 жыл

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 сәуірдегі
№ 72 қаулысына қосымша

2015 жылға басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидия нормалары (1 гектарға)


Басым ауыл шаруашылығы дақылдары
1 гектарға (тонна) бюджеттік субсидия нормалары, теңге
1
Дәнді масақты дақылдар, оның ішінде:
 
жаздық арпа

3000

 
күздік бидай

1000

2
Дәндік жүгері

20 000

3
Дәндік жүгері, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін және өнеркәсіптік үлгідегі жаңбырлатып суару жүйелерін қолдану арқылы

60 000

4
Сүрлемдік жүгері және сүрлемдік күнбағыс

7 000

5
Таза егілген бір жылдық және көп жылдық шөп

7 000

6
2, 3 жылғы көп жылдық шөп

1000

7
Қант қызылшасы 1 гектарға

50 000

8
Қант қызылшасы 1 тоннаға

2 500

9
Ашық топырақтағы көкөніс-бақша дақылдары

5 000

10
Көкөніс-бақша дақылдары, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін және өнеркәсіптік үлгідегі жаңбырлатып суару жүйелерін қолдану арқылы

90 000

11
Қорғалған топырақтағы көкөніс (фермерлік үлгідегі жылыжай) *

3 700 000

12
Қорғалған топырақтағы көкөніс (өнеркәсіптік үлгідегі жылыжай) *

4 000 000

13
Картоп

20 000

14
Қытай бұршағы

20 000

15
Қытай бұршағы, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі жаңбырлатып суару жүйелерін қолдану арқылы

60 000

16
Майлы дақылдар, қытай бұршағын қоспағанда

5 000

17
Қант қызылшасы, ашық топырақта өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі жаңбырлатып суару жүйелерін қолдану арқылы

60 000

18
Қант қызылшасы 1 тонаға, тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі жаңбырлатып суару жүйелерін қолдану арқылы

1 500

      * 1 дақыл айналым нормалары