Cот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметін қоспағанда, сот-сараптама қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 48 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 ақпанда № 10309 тіркелді

Жаңартылған

      «Рұқсаттар мен ескертулер туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметін қоспағанда, сот-сараптама қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығына:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты мерзімдік басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде оны мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн өткен соң ресми түрде жариялауды;
      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Имашев

      «Келісілді»                        «Келісілді»
      ҚР Ұлттық экономика министрі       ҚР Инвестициялар және даму
      ______________Е. Досаев            министрі
                                         ______________ А. Исекешев

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрі    
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 48 бұйрығымен    
бекітілген      

Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық
сараптама саласындағы сот-сараптама қызметін қоспағанда,
сот-сараптама қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік
талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 28.04.2016 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с

Біліктілік талаптары

Құжаттар

Ескерту

1

2

3

4

1.

Қазақстан Республикасының азаматтығының бар болуы


Мәліметтер жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасында тексеріледі

2.

Жоғары білімінің болуы

Жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі


3.

Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігінің болуы

Мәліметтер нысаны 1 қосымшаға сәйкес


4.

Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 28.04.2016 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5.

Жоғары білім туралы дипломда көрсетілген мамандық бойынша – үш жылдан кем емес

Еңбек кітапшасының немесе еңбек келісім шартының көшірмесі, жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару туралы бұйрықтардың үзіндісі не қызмет ету тізімі


6.

Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы

Заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы туралы анықтамалар

«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасымен біріктірілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша Комитетінің мәліметтер базасынан алынатын ақпарат қажет етілмейді

7.

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден анықтамалар


Cот-медициналық, сот-психиатриялық   
және сот-наркологиялық сараптама    
саласындағы сот-сараптама қызметін   
қоспағанда, сот-сараптама қызметін   
жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік
талаптары мен оларға сәйкестікті    
растайтын құжаттардың тізбесіне    
1-қосымша                 

Қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары туралы
ақпаратты қамтитын мәліметтер түрі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.04.2016 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ЖСН _________________________________________________________
      Т.А.Ә. ______________________________________________________

      Мынадай нормативтік құқықтық актілер бойынша біліктілік емтихандарын тапсырғанын растайтын біліктілік куәлігінің болуы: Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы:

№ №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Куәлік/куәлікке қосымша нөмірі

Куәлік/куәлікке қосымша берілген күні

Сот сараптамасы бойынша мамандығы (куәлік/куәлікке қосымша)