Cот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметін қоспағанда, сот-сараптама қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 48 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 ақпанда № 10309 тіркелді

Қолданыстағы

      «Рұқсаттар мен ескертулер туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметін қоспағанда, сот-сараптама қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығына:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты мерзімдік басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде оны мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн өткен соң ресми түрде жариялауды;
      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Имашев

      «Келісілді»                        «Келісілді»
      ҚР Ұлттық экономика министрі       ҚР Инвестициялар және даму
      ______________Е. Досаев            министрі
                                         ______________ А. Исекешев

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрі    
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 48 бұйрығымен    
бекітілген      

Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық
сараптама саласындағы сот-сараптама қызметін қоспағанда,
сот-сараптама қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік
талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі.

р/с

Біліктілік талаптары

Құжаттар

Ескерту

1

2

3

4

1.

Қазақстан Республикасының азаматтығының бар болуы


Мәліметтер жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасында тексеріледі

2.

Жоғары білімінің болуы

Жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі


3.

Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігінің болуы

Мәліметтер нысаны 1 қосымшаға сәйкес


4.

Сот сараптамасы өндірісі немесе жалгерлік шарты жүзеге асырылатын арнайы жабдықталған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарда көзделген арнайы жабдықтардың болуы

Шот-фактуралар, жүкқұжаттар немесе техникалық құжаттарды ұсынумен жалға беру келісім шарты

Мәліметтер нысаны 1 қосымшаға сәйкес

5.

Жоғары білім туралы дипломда көрсетілген мамандық бойынша – бес жылдан кем емес, академиялық дәрежесі немесе ғылыми атағы барларға – үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

Еңбек кітапшасының немесе еңбек келісім шартының көшірмесі, жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару туралы бұйрықтардың үзіндісі не қызмет ету тізімі.
Академиялық дәреже, ғылыми атақ алу туралы дипломның көшірмесі


6.

Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы

Заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы туралы анықтамалар

«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасымен біріктірілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша Комитетінің мәліметтер базасынан алынатын ақпарат қажет етілмейді

7.

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден анықтамалар


Cот-медициналық, сот-психиатриялық және    
сот-наркологиялық сараптама саласындағы    
сот-сараптама қызметін қоспағанда,      
сот-сараптама қызметін жүзеге асыру     
үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға
сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне
1-қосымша                  

Қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары туралы
ақпаратты қамтитын мәліметтер түрі

      ЖСН _________________________________________________________
      Т.А.Ә. ______________________________________________________

      1. Мынадай пәндер бойынша біліктілік емтихандарын тапсырғанын растайтын біліктілік куәлігінің болуы: «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Заң, криминалистика, Қазақстан Республикасының қылмыстық-іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу құқығы, әкімшілік құқығы және нақты сараптама түрінің ғылыми-әдістемелік негіздері (пәннің атауын көрсету)

№ №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Куәлік/куәлікке қосымша нөмірі

Куәлік/куәлікке қосымша берілген күні

Сот сараптамасы бойынша мамандығы (куәлік/куәлікке қосымша)































      2. Әділет министрінің «Сот сарапшысы өз қызметін жүзеге асыратын арнайы жабдықталған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарды бекіту туралы» (4-қосымша) 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 47 бұйрығына сәйкес cот сараптамаларын жүргізу үшін қажетті құрал-жабдықтардың, аспаптар базасының, құрал-саймандар мен бағдарламалық жасақтамалардың болуы.