Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қаңтарда № 4686 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 03.03.2017 № 118 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 386, 505-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2), 4-3) тармақшаларына, 2-2-тармағына және "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 тіркелген) сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 17.08.2022 № 148 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса берілген:

      1) Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидалары;

      2) Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың Қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 08.12.2017 № 219 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешімге қосымшаға сәйкес облыстық мәслихаттың мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Облыстықмәслихаттың хатшысы
      Л. ЖАЗЫҚОВА С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

  2015 жылғы 11 желтоқсандағы
  № 349 облыстық мәслихаттың
  шешіміне қосымша

Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 17.08.2022 № 148 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-15) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғау тәртібін айқындайды.

      Қағидалар мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй аумақтарында, саяжай учаскелерінде өсетін жасыл екпелерге қолданылмайды.

      2. "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығы негізінде жергілікті атқарушы органдар Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын әзірлейді.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) абаттандыру – сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;

      2) ағаштарды кесу – "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы заң) 2-қосымшаның 159-тармағына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын ағаштарды кесу жөніндегі жұмыс;

      3) ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу – уәкілетті орган айқындаған учаскелерде жүзеге асырылатын ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу жөніндегі жұмыс;

      4) дендрологиялық жоспар – құрылыс салу аймағын ескере отырып, көгалдардың, алаңдардың, жолдардың, су айдындарының ашық учаскелерімен үйлесімділікте өсіп тұрған және отырғызылуы жоспарланып отырған ағаш-бұта өсімдіктерінің жасыл екпелерінің сандық және түрлік құрамы көрсетілген жасыл екпелерді орналастырудың схемалық құжаты;

      5) жалпыға ортақ жерлер – алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, кондоминиум құрамына кірмеген үй жанындағы жер учаскесі, жолдар, жағалаулар, парктер, скверлер, opмaн парктерi, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылысжайлары және ортақ пайдаланылатын басқа да инженерлiк жүйелер, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын жылу желілері мен инженерлік жүйелердің күзет аймақтары) алып жатқан және оларды орналастыруға арналған жерлер;

      6) жасарту – қаңқалы және жартылай қаңқалы бұтақтарды қатты қысқарту, өркендерді сирету және реттеу, бас жағы мен бұталардың құрғау салдарынан өзінің декоративтік сапасын жоғалтқан, сау діңді және сүңгекті жасарту үшін жарамды ересек ағаштардың кемінде 3,5 метр биіктіктегі діңдерін кесу;

      7) жасыл алқап – түрлік құрамына қарамастан кемінде 0,125 гектар аумақта кемінде 50 дана ағашы бар көгалдандырылған аумақ;

      8) жасыл екпелер – азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және бірыңғай қалалық жасыл қорды құрайтын, табиғи өскен және жасанды отырғызылған ағашты-бұталы және шөпті өсімдіктер;

      9) жасыл екпелерді жою – жасыл екпелердің өсуінің тоқтауына әкелетін зақымдану;

      10) жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау-жасыл екпелерді, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды құруға, сақтауға және молықтыруға (оның ішінде кесілген жасыл екпелерді өтемдік қалпына келтіруге) бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жүйесі;

      11) жасыл екпелерді сақтау – абаттандыру және құрылыс жұмыстарының нүктесіне түсетін, аса құнды екпелердің тұқымдарын сақтауға бағытталған іс-шаралар кешені;

      12) жасыл екпелерді орман-патологиялық зерттеу – зиянкестердің (жәндіктердің) болуын арнайы зерттеу, ауру белгілері мен ошақтарының болуын, діңдерде, тамыр жүйесі мен ұшарбаста зең ауруларымен (паразиттермен) зақымдану белгілерінің болуын анықтау. Егер екпелердің 50 (елу) %-дан астамы аурулардан зақымданған болса, онда олар міндетті түрде кесілуі тиіс;

      13) жасыл екпелерді түгендеу (тал басын қайта есептеу) – көгалдандыру объектілерінің сандық және сапалық сипаттамаларын толық сипаттай отырып, оларды есепке алу жөніндегі іс-шаралар кешені, сондай-ақ жоспарлы негізде әрбір көгалдандыру элементін графикалық бейнелеу;

      14) жасыл екпелер тізілімі – жасыл екпелердің типтері, түрлік құрамы, алаңының көлемі, жай-күйі және орналасуы туралы деректер жиынтығы;

      15) жеке тұрғын үй – үй маңындағы учаскеде орналасқан және шаруашылық және басқа да құрылыстармен және жасыл екпелермен бірге азаматтың меншігіндегі, жеке (отбасында) тұруға арналған үй;

      16) заңсыз кесу – уәкілетті органның рұқсатынсыз жүзеге асырылатын ағаштарды кесу;

      17) көгалдандырылған аумақтар – шығу тегі табиғи өсімдіктер орналасқан, жасанды жолмен жасалған бау-саябақ кешендері мен объектілері, бульварлар, скверлер, көгалдар, гүлзарлар орналасқан жер учаскесі;

      18) көгалдандыру жөніндегі ұйым – шарт негізінде елді мекен аумағындағы жасыл екпелер мен жалпыға ортақ пайдаланылатын көгалдандырылған аумақтарды көгалдандыру, күтіп-ұстау, күту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      19) көгал – шөп жамылғысы мен басқа да өсімдіктерді қамтитын, тротуардан, тұрақ қалталарынан, тұрақтардан және жолдың өзге де элементтерінен жиектас таспен және (немесе) әшекейлі қоршаумен қоршалған абаттандыру элементі (жер учаскесі);

      20) күтіп-баптау жөніндегі жұмыстар – өсімдіктердің жерасты және жерүсті бөлігін күтіп-баптау (қоректендіру, суару, қопсыту, санитариялық-профилактикалық іс-шаралар және өзге де іс-қимылдар);

      21) мәжбүрлі түрде кесу – авариялық және төтенше жағдайларды жою кезінде уәкілетті органның келісімінсіз ағаштарды кесу;

      22) өтемдік отырғызу жоспары – отырғызудың сандық бөлігін, тұқымдық құрамын, көлемін, күнтізбелік мерзімін, сондай-ақ жоспарлы негізге орайластырылған отырғызуды орналастырудың графикалық схемасын қамтитын кесуге ұшыраған ағаштарды отырғызу жоспары;

      23) өтемдік отырғызу – уәкілетті орган дендрологиялық жоспарға сәйкес айқындаған арнайы учаскелерде кесілген ағаштардың орнына отырғызу;

      24) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;

      25) санитариялық кесу – авариялық жағдайлар туғызатын (электр беру желілерінде, газ құбырларында жатқан, ғимараттардың шатырын бұзатын, жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін) ауру, құрғап бара жатқан, құрғақ және зақымдалған бұтақтарды кесу;

      26) санитариялық мақсатта ағаш кесу – жасыл екпелердің санитариялық жай-күйін жақсарту мақсатында жүргізілетін ағаш кесу (ішінара, жаппай), бұл кезде ауру, зақымданған, қураған және қураған ағаштар кесіледі;

      27) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;

      28) уәкілетті орган – жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау мәселелерін реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      29) ұшарбасты қалыптастыру – белгілі бір эстетиқалық түр беру және жасыл екпелерді жасарту мақсатында олардың солып қалуына әкеп соқтырмайтын, пішіндеуге келетін бұтақтар мен өркендерді, жекелеген ағаштарды, бұталарды және жолдағы екпелерді кесу;

      30) шағын сәулет нысандары – декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсіндер, фонтандар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердің демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);

      31) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.

2-тарау. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау

      4. Барлық санаттар мен түрлердегі көгалдандырылған аумақтар елді мекен шекараларындағы көгалдандыру жүйесін құрайды, елді мекеннің жасыл қорына кіреді және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй мен жеке қосалқы шаруашылық аумақтарында, саяжай учаскелерінде өсетін жасыл екпелерді қоспағанда, рекреациялық, орта құрайтын және санитариялық-қорғаныш функцияларын орындайды.

      5. Жер учаскелерінің меншік иелері және (немесе) жер пайдаланушылар оларда орналасқан жасыл екпелерді сау күйінде күтіп-ұстайды және олардың сақталуын, қорғалуын және күтіп-баптау жөніндегі жұмыстарды өз қаражаты есебінен қамтамасыз етеді.

      6. Елді мекендердің жасыл қорын дамытудың негізгі мақсаттары, функциялары:

      экологиялық теңгерімді сақтау;

      оңтайлы температуралық режимді сақтау, оның ішінде жазғы кезеңде;

      ауа ылғалдылығын сақтау;

      ластанған ауаның адсорбциясы (пайдаланылған газдар, кәріз, өрттер, жинақталған коммуналдық қалдықтардың иісі және ауаны ластаудың басқа көздері);

      белгілі бір аумақта ластануды және басқа да теріс әсер ету нысандарын сіңіру, тазарту, өзгедей жою;

      сәндік-эстетикалық, қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру болып табылады.

      7. Жасыл қор мен қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру жөніндегі шараларды азаматтар, лауазымды және заңды тұлғалар осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

      8. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің көгалдандырылған аумақтарын дамыту дендрологиялық жоспарға сәйкес жүргізіледі.

      9. Көгалдандыру объектілері экологиялық заңнаманы сақтай отырып, елді мекеннің бас жоспарына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде құрылады.

      10. Рекреациялық аймаққа жататын ортақ пайдаланудағы жер аумағында рекреациялық аймақтың жұмыс істеуіне тікелей байланысты емес жаңа өнеркәсіптік, коммуналдық және қойма объектілерін, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды орналастыруға (салуға) және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге жол берілмейді.

      11. Объектілерді жобалау және салу кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстары болжанатын учаскенің аумағында бар жасыл екпелерді барынша сақтай отырып, объектіні салуға берілген жер учаскесін көгалдандыруды көздеу қажет.

3-тарау. Жасыл екпелерді есепке алу жөніндегі құжаттама жүргізу тәртібі

      12. Жасыл екпелердің барлық түрлері:

      есепке алу объектісінің шекарасында орналасқан жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу;

      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасыл екпелердің жерсіну актісін толтыру;

      жасыл екпелер тізілімін жүргізу;

      дендрологиялық жоспарды әзірлеу арқылы есепке алынады.

      13. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлердегі жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу жүргізу жөніндегі қызметтер шарттық негізде жергілікті бюджет есебінен және (немесе) басқа да қаржыландыру көздері есебінен жүргізілуі мүмкін.

      14. Уәкілетті орган жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдарының көшірмесін жасыл қормен жұмыс істеу кезінде ұсыным ретінде пайдалану үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі аппаратына жібереді.

      15. Жасыл екпелерді есепке алу нәтижелерін көрсететін құжаттар ресімделген түгендеу, орман-патологиялық зерттеу материалдары, сондай-ақ электрондық және қағаз жеткізгіштерде жасалатын дендрологиялық жоспарға енгізілген өзгерістер болып табылады.

      16. Есепке алынған жасыл екпелер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасыл екпелер тізіліміне енгізіледі.

      17. Жасыл екпелердің тізілімі мен есебін уәкілетті орган қағаз және электрондық жеткізгіштерде жүргізеді.

      18. Жасыл екпелерді есепке алуды жүргізу мыналарды қамтиды:

      1) жасыл екпелердің саны, түрлік құрамы және жай-күйі туралы дұрыс деректерді есепке алу және алу;

      2) елді мекеннің жасыл екпелерді қорғау, сақтау және көгалдандырылған аумақтарды дамыту саласындағы саясатының негізгі бағыттарын айқындау;

      3) халықты және мүдделі тұлғаларды елді мекендегі жасыл екпелердің саны, жай-күйі және қоршаған орта туралы дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету;

      4) елді мекен аумағындағы жасыл екпелердің жағдайын талдау;

      5) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарда жасыл екпелерді тиімді басқару үшін бірыңғай ақпараттық база құру, оның ішінде жасыл екпелер санының қолданыстағы құрылыс және санитариялық нормаларға сәйкестігін белгілеу;

      6) көгалдандырылған аумақтарды күтіп-ұстау, күрделі жөндеу және оларды қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды регламенттеу;

      7) көгалдандырылған аумақтардың меншік иелерін айқындау және олардың сақталуы мен жай-күйіне жауапты заңды және жеке тұлғаларды белгілеу;

      8) қаланың көгалдандырылған аумақтарын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру;

      9) көгалдандыру жобаларын, күтім жасау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын жасыл екпелерді күтіп-ұстау, күтіп-баптау және пайдалану жөніндегі ұсынымдар әзірлеу.

      19. Дендрологиялық жоспарды елді мекен шекарасы шегінде құрамында экологтары және (немесе) дендрологтары бар дендрологиялық зерттеулер қызметтерін көрсететін ұйымдарды тарта отырып, уәкілетті орган әзірлейді.

      20. Дендрологиялық жоспар екі бөліктен тұрады.

      Бірінші бөлім – картографиялық бейнеден тұратын, онда әрбір жасыл екпе реттік нөмір беріледі және қайта есептеу ведомосімен сүйемелденеді. Картографиялық бейнеде жасыл екпелерден басқа, көшелерді, жолдарды (жүру бөлігін) қоса алғанда, құрылыс салу аймағын және жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды ескере отырып, көгалдардың, алаңдардың, жолдардың, су айдындарының ашық учаскелері көрсетіледі.

      Екінші бөлім – сипаттама, онда көгалдандырылған объектінің сәйкестендіру сипаттамалары, дендрологиялық жоспардың сәйкестендіру сипаттамалары, өсіп тұрған жасыл екпелердің сандық және түрлік құрамы көрсетіледі, мынадай:

      кесу үшін (ауру, кепкен);

      қайта отырғызуға арналған;

      өңделмеген деген белгілерді көрсете отырып, жасыл екпелер өсетін жергілікті жердің бедері, топырақтың құрамы сипатталады.

      21. Дендрологиялық жоспардың ауқымы 1:10000.

      22. Дендрологиялық жоспар электрондық және қағаз жеткізгіштерде жасалады және сақталады және уәкілетті органның ресми интернет-ресурстарында жарияланады.

      23. Дендрологиялық жоспар бес жылда бір рет жасалады және оны кейін уәкілетті орган түзетеді.

      24. Бес жыл өткен соң климаттық ерекшеліктерге, елді мекеннің немесе оның бөлігінің жоспарлау құрылымы мен сәулеттік бейнесінің қалыптасуына байланысты жаңа дендрологиялық жоспар жасалады және бекітіледі.

      25. Шағын қалаларда (халық саны 50 мың тұрғынға дейін) өзгерістер болмаған кезде қолданыстағы дендрологиялық жоспарды қайта бекітуге жол беріледі.

4-тарау. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі шаралар

      26. Жасыл кеңістікті күтіп-ұстау мыналарды қамтиды:

      1) отырғызу шұңқырлары мен траншеялардағы топырақты жерді ауыстыру, жасыл екпелерді отырғызу және оларды күтіп-баптау;

      2) ағаштардың діңгек қуысын орнатумен қыртыстарды қопсыту, ағаштарды әктеу, жасыл қоршамды қию, ағаштардың діңін көтеру, ағаш өскіндерін жою;

      3) гүлзарлар, көгалдарды орналастыру, арамшөптерді отау, шөптерді шабу, қысқы кезеңде раушан гүлдерін жауып ұстау;

      4) жасыл екпелерді суару бүкіл вегетациялық кезеңде, жылдың ыстық және құрғақ уақытында суару үлкен жиілікпен жүзеге асырылады;

      5) ұшарбасты қалыптастыру;

      6) қаңқалы және жартылай қаңқалы бөліктерін сақтай отырып, ағаш-бұта өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктерін негізге ала отырып жүргізілетін жасарту;

      7) тыңайтқыш енгізу;

      8) жасыл екпелерді ң зиянкестерімен және ауруларымен күрес;

      9) авариялық, қураған ағаштар мен бұталарды санитариялық кесу, түбірлерді жұлу;

      10) жасыл екпелердің жай-күйіне мониторинг ұйымдастыру;

      11) ағаштың қуысын тазалау және пломбалау, ағаштың кесілген жерлерін майлы баяумен өңдеу.

      27. Жасыл екпелерді күтіп-ұстауды және қорғау жүзеге асырады:

      1) жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде – уәкілетті орган жүзеге асырады;

      2) саябақтар мен скверлерде меншік иелеріне немесе меншік иесі уәкілеттік берген адамға жүктеледі;

      3) өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағында және басқа да меншік объектілерінде, сондай-ақ бөлінген және бекітілген аумақта және осы объектілердің меншік иелеріне немесе пайдаланушыларына жүктеледі;

      4) құрылыс-монтаждау жұмыстарына бөлінген аумақтарда тапсырыс берушіге жүктеледі.

      28. Ағаштарды жасарту және тығыз өсетін ағаштарды сирету жөніндегі іс-шаралар вегетация басталғанға дейін немесе күздің соңында жүргізіледі.

      29. Жасыл екпелерді қайта отырғызу жыл бойы оларды сақтау, қорғау және қарқынды күтім жасау бойынша қажетті шараларды сақтай отырып жүзеге асырылады. Жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың тиімді жерсіндіру мақсатында оларды күз басталғаннан бастап ерте көктемге дейінгі кезеңде қайта отырғызылады.

      30. Жұмыстарды жүргізу кезінде құрылыс ұйымдары құрылыс салуға немесе құрылыс жұмыстарын жүргізуге бөлінген жер учаскесінде орналасқан жасыл екпелерді ң сақталуын қамтамасыз ететін мынадай іс-шараларды орындайды:

      1) құрылыс алаңдарының қоршауы ағаштар мен бұталар олардың шегінен тыс қалатындай етіп орнатылады. Құрылыс алаңында қалған әр ағаштың немесе ағаштар тобының айналасында ағаштың діңі мен ұшарбасын зақымданудан сақтауды қамтамасыз ететін жеке қорғаныс жасалады. Ағашты-бұталы өсімдіктерді сақтау мақсатында төменгі және жоғарғы ұшарбастарды ішінара кесуге, оқпандарды байлауға, бұталардың ұшарбастарын байлауға жол беріледі;

      2) сақталатын ағаштарды қоршауларды, шырақтарды және өзге де заттарды бекіту үшін бағаналар ретінде пайдалануға және зақым келтіруге жол берілмейді;

      3) ағаштардың тамырларын жалаңаштауға және дің маңындағы шеңберлерді топырақпен, құрылыс материалдарымен және қоқыспен көмуге жол берілмейді;

      4) жасыл екпелер ауданында жолдарды, тротуарларды және басқа да құрылыстарды реконструкцилау және салу кезінде бұрыннан барларға қарсы тік белгілерді өзгертуге жол берілмейді. Тамыр жүйесін толтыру немесе жалаңаштау мүмкін болмаған жағдайда, жобалар мен сметаларда ағаштардың қалыпты өсу жағдайларын сақтау үшін тиісті құрылғылар қарастырылған;

      5) машиналардың көгалдарда тұруына, құрылыс материалдарын жинап қоюға, жанар-жағармай материалдарын, лас қалдықтарды төгуге жол берілмейді;

      6) кірмежолдар мен көтергіш крандарды орнатуға арналған орындар жасыл екпелерден тыс орналастырылады және ағаштардың орнатылған қоршауларын бұзбайды;

      7) ағаштар мен бұталардың тамыр жүйесі аймағында қазу жұмыстарын тамыр жүйесіне зақым келтірмей, негізгі қаңқа тамырлары орналасқаннан төмен жүргізеді;

      8) жаңа құрылыстың барлық учаскелерінде жоғарғы өсімдік топырағын сақтайды, оны алуды және құрылыс алаңының шеттерінде үймелеуді жүргізеді. Бұрғыланған өсімдік топырағы аумақтарды көгалдандыру кезінде пайдаланылады және (немесе) көгалдандыру жөніндегі ұйымға беріледі.

      31. Тротуарлар мен өтпе жолдарды асфальттау, төсеу, тақталармен жабу жұмыстарын жүргізу кезінде ағаштың айналасында кемінде диаметрі 1,2 метр жақын аралық шеңбер қалдырылады.

5-тарау. Уәкілетті органның елді мекеннің аумақтарын көгалдандыру жөніндегі жұмыс жоспары

      32. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарда көгалдандыру, жасыл екпелерді отырғызу бюджеттің түрлі деңгейлері қаражаты есебінен, сондай-ақ өзге де қаржыландыру көздері есебінен жүргізілуі мүмкін.

      33. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарда көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін уәкілетті орган мынадай жұмыстардың бір түріне және/немесе бір мезгілде түрлеріне ақау актісін дайындайды:

      1) жасыл екпенің мекенжайын (орналасқан жерін), түрін, оның сипаттамаларын (оқпан диаметрі, биіктігі, жай-күйі және басқалары) көрсете отырып, болжанып отырған қураған ағашты кесу бойынша көлемді айқындау;

      2) нақты учаскеде жоспарланған жаңа жасыл екпелердің көлемін анықтау (жасыл екпенің түрі мен атауы, отырғызу мерзімі);

      3) түрі мен сипаттамаларын, отырғызу мерзімдерін айқындай отырып, өтемдік жасыл екпелер орналасатын учаскенің жоспарын айқындау;

      4) ағаштың орналасқан жерін, көлемін (санын) көрсете отырып, түбірлерін қопарып қазып алу көлемін айқындау.

      34. Уәкілетті орган жасыл екпелерді сатып алуға, оларды тасымалдауға, тыңайтуға, суаруға, топырақты тасымалдауға, механикаландыруға және жұмыс күшіне, сондай-ақ жаңадан отырғызылған жасыл екпелерді жерсіндіру үшін кейін күтіп-баптауға жұмсалатын шығындардың құнын айқындай отырып, еркін нысандағы ақау актісін іске асыру мақсатында жұмыс көлемін айқындау үшін шығындар калькуляциясын жасайды.

      35. Инженерлік желілерге (электрмен жабдықтау, жарықтандыру, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау) қатысты жасыл екпелерді кесу және/немесе қураған ағаштарды кесу бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде кемінде үш жұмыс күні бұрын инженерлік желілердің меншік иелерімен жұмыстарды орындау мерзімдері келісіледі және жұмыстардың уақыты мен ұзақтығын көрсете отырып, учаскедегі болжамды жұмыстар туралы халыққа, кәсіпорындар мен ұйымдарға бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер немесе ұялы байланыс арқылы хабарланады.

6-тарау. Ағаштарды кесу тәртібі

      36. Құрылыс салуға немесе басқа да жұмыстар жүргізуге бөлінген учаскелерде жасыл екпелерді сақтау мүмкін болмаған жағдайда, егер қолданыстағы жасыл екпелер тұрғын үй құрылысы ғимараттарын қоса алғанда, басқа да құрылыстар үшін қатер төндіретін болса, ағаштарды кесу Рұқсаттар туралы заңға сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүргізіледі.

      37. Ағаштарды кесу:

      1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету;

      2) инженерлік абаттандыру объектілеріне қызмет көрсету, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникациялары;

      3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою;

      4) бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттілігі;

      5) адамдардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаның мүлкіне залал келтіретін ағаштарды санитариялық кесу жағдайларында жасалуы мүмкін;

      6) ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсіп тұрған жағдайларда жүзеге асырылады.

      38. Ағаштарды кесуді рұқсат беру рәсімдеріне сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша осы жер учаскесіне қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.

      Уәкілетті орган халықтың өміріне қауіп төндіретін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне (бұдан әрі – Тізбе) енгізілген жасыл екпелерді кесуге рұқсат берілмейді.

      39. Жалпыға ортақ жерлердегі және ғимараттарға, құрылыстарға, көп қабатты тұрғын үйлерге іргелес аумақтардағы желдің және табиғи сипаттағы өзге де жағдайлардың, жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде ағаштар авариялық құлаған жағдайда құлаған ағаштарды жинауды, құлаған жерлерді уақтылы тазалауды және ағаш қалдықтарын шығаруды қызмет көрсететін учаскелер бойынша ұйымдар жүзеге асырады.

      40. Авариялық және төтенше жағдайларды жою кезінде, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде уәкілетті органның келісімінсіз ағаштарды мәжбүрлі түрде кесу мынадай:

      ағаштардың, сондай-ақ олардың бұтақтарының құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына, ғимараттар мен құрылыстардың, коммуникациялардың және желілердің бүлінуіне қауіп төндірген;

      жол қозғалысы қауіпсіздігіне кедергілер, оның ішінде жол белгілерін көзбен шолуды жабатын кедергілер болған, жол белгілерін ауыстыру мүмкін болмаған жағдайларда жүргізіледі.

      41. Ағаштарды мәжбүрлі түрде кесу фактісі авариялық-құтқару қызметінің куәландыру актісімен айғақталады, кейін уәкілетті органға мәжбүрлі түрде кескен сәттен бастап үш жұмыс күн ішінде хабарланады.

      42. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде ағаштарды санитариялық кесуді уәкілетті органмен жазбаша келісім бойынша осы жер учаскесіне қызмет көрсететін көгалдандыру жөніндегі ұйымдар жүргізеді.

      43. Ағаштарды кесу Рұқсат туралы заңға сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша, Жасыл екпелер тізіліміне сәйкес ағаштардың сандық, тұқымдық құрамын, жай-күйі мен орналасқан жерін дәл анықтау үшін уәкілетті орган маманының алдын ала ағашты кескен жерге баруы және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасыл екпелерді зерттеп-қарау актісін толтыруы арқылы жүзеге асырылады.

      44. Жеке және заңды тұлғалар ағаштарды кесуге рұқсат алған кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кесілген ағаштардың орнына өтемдік отырғызу туралы кепілдік хат береді.

      45. Кесілген жасыл екпелер мен кесілген қалдықтарды (үгінділер, бұтақтар, жапырақтар, қабықтар) жұмыс жүргізілетін жерде жинауға және сақтауға жол берілмейді.

7-тарау. Ағаштарды отырғызу, қайта отырғызу және өтемдік отырғызу

      46. Жеке және заңды тұлғалар дендрологиялық жоспарға сәйкес өз қаражатына жасыл екпелерді отырғызуға арналған аумақты көрсете отырып, уәкілетті органның жазбаша келісімі бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарды көгалдандыруға қатыса алады.

      47. Жеке және заңды тұлғалар өз қаражатына жасыл екпелерді отырғызуды жүзеге асырғаннан кейін орындалған іс-шаралар туралы деректерді береді, ал уәкілетті орган жасыл екпелерді қабылдайды және оларды Жасыл екпелерді есепке алу жөніндегі тізілімге енгізеді.

      48. Жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдарына сәйкес қайта отырғызуға жататын ағаштар уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сәйкес көрсеткен учаскелерге қайта отырғызылады.

      49. Жеке және заңды тұлғалар ағаштарды қайта отырғызған кезде өтемдік отырғызу жүргізілмейді.

      50. Егер қайта отырғызу ағаштардың салып қалуына әкеп соққан жағдайда, осы Қағидалардың 59-тармағының талаптарына сәйкес өтемақының он еселенген мөлшері белгіленеді.

      51. Ағаштарды қалпына келтіру қала мен елді мекеннің өтемдік отырғызу жоспарына сәйкес, қажет болған жағдайда топырақты құнарлы топыраққа ауыстыра отырып, арнайы учаскелерде жүргізіледі.

      52. Ағаштарды кесуге рұқсат алған кезде қалпына келтірілетін ағаштарды олардың мүддесі үшін кесу жүргізілген азаматтардың және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен он есе мөлшерде өтемдік отырғызу жүргізіледі.

      53. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерге өтемдік отырғызу және күтіп-баптау және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды өз штатында көгалдандыру саласындағы мамандары бар көгалдандыру жөніндегі ұйымдар жүргізеді.

      54. Іргелес аумақтағы жасыл екпелер жойылған жағдайда, қарамағында осы аумақ бар заңды немесе жеке тұлға өтемдік отырғызуды он есе мөлшерде жүргізеді.

      55. Уәкілетті орган жылына бір рет өзінің интернет-ресурсында ағымдағы кезең үшін жүргізілген өтемдік отырғызу жөніндегі ақпаратты және көгалдандыру жөніндегі ұйымдардың тізбесін орналастырады.

      56. Ағаштарды заңсыз кесу, жою, бүлдіру немесе жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзған жеке немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 381-1 және 386-баптарына сәйкес жауапты болады және елу есе мөлшерде ағаштарды өтемдік отырғызуды жүргізеді.

      57. Тізбеге енгізілген көпжылдық екпелер және (немесе) жасыл екпелер заңсыз кесілген, жойылған, бүлінген жағдайда ағаштардың сол түрін (қосымша түрлерін) өтемдік отырғызу жүз есе мөлшерде жүргізіледі және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 340-бабына сәйкес жауапты болады.

      58. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 441 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкалардың 4-тармағында көзделген зиян үшін жеке және заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды уәкілетті орган есептейді.

      59. Ағаштарды өтемдік отырғызу кесегімен биіктігі кемінде 2,5 метр жапырақты ағаш көшеттерін немесе кесегімен биіктігі кемінде 2 метр қылқан жапырақты ағаш көшеттерін отырғызу арқылы жүргізіледі.

      Көшеттердің жоғарғы тамыр жүйесінен діңінің диаметрі 3 сантиметрден кем емес болуы, дің бөлігінің 1,3 метр жоғары болуы қажет.

      60. Ағаштарды кесу кезінде өтемдік отырғызу уәкілетті органның рұқсаты бойынша және (немесе) ағаштарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру кезінде кесу, ағаштарды жою немесе бүлдіру орнынан 1 километр радиуста аумақта жүргізіледі.

      Өтемдік отырғызу үшін кесу орнынан 1 километр радиуста бос орын болмаған кезде өтемдік отырғызу аумағын уәкілетті орган жазбаша түрде көрсетеді.

      61. Ағаштарды мәжбүрлі түрде кесу кезінде өтемдік отырғызу көгалдандыруды, көгалдандыру жөніндегі ұйымды тарта отырып, жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде жүргізіледі.

      62. Өтемдік ағаш отырғызу дендрологиялық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

      63. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жалпыға жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде және жеке аумақтарда өсетін жасыл екпелер механикалық зақымданған немесе жойылған жағдайда кінәлі тарап осы Қағидалардың 59-тармағына сәйкес көшеттер отырғызу арқылы бүлінген немесе жойылған екпелерді бес есе өтемдік қалпына келтіруді жүргізеді.

      64. Өтемдік ағаш отырғызу жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін жеке және заңды тұлғалар бір ай ішінде уәкілетті органды өтемдік отырғызу жоспарына сәйкес жұмыстардың орындалғаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.

      65. Кепілдік хатқа сәйкес жеке және заңды тұлғалар өтемдік отырғызу сәтінен бастап үш жыл ішінде (ағаш көшетінің жерсіну кезеңі) осы Қағидалардың 26-тармағының 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес көшеттерді күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.

      66. Өтемдік отырғызуды жүзеге асырған жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органмен бірлесіп, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасыл екпелердің жерсіну актісін жасайды және одан әрі күтіп-ұстау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының теңгеріміне береді.

      67. Уәкілетті орган өскен ағаштарды Жасыл екпелер тізіліміне енгізеді.

      68. Отырғызылған көшеттер өтемдік отырғызу кезінде жойылған жағдайда, олардың мүддесі үшін кесу жүргізілген тұлғалар жасыл екпелерді қайта отырғызуды жүргізеді және оларды қайта отырғызу жүргізілген сәттен бастап үш жыл бойы (ағаш көшетінің жерсіну кезеңі) күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі одан әрі іс-шараларды қамтамасыз етеді.

  Ақтөбе облысының қалалары
мен елді мекендерінің
аумақтарында жасыл екпелерді
күтіп-ұстаудың және қорғаудың
қағидаларына 1-қосымша
  Нысан

____ жылғы 1 қаңтардағы Жасыл екпелер тізілімі

      Жасыл екпелер объектілерінің (учаскелерінің) алаңын жердің санатына, өсімдіктің типтеріне, функционалдық мақсатына қарай бөлу

      Қала/елді мекен

      Әкімшілік аудан: (код)_____________________

      Жауапты иесі:____________________________

      Жасыл екпелер тізілімі

      Кесте

Р/с № түгендеу/жасыл екпе паспортының №

Жердің функционалдық мақсаты (екпелер санаты)

Ағаш өсімдігі

Бірлі-жарым ағаштар, дана

Топтар, куртиналар, дана

Тоғайлар, алқаптар, дана

Жол бойындағы екпелер, дана

Жиыны, дана









Бұталы өсімдіктері

Бірлі-жарым, дана

Жасыл қоршам қума метр (қ.м.)

Қатарлап отырғызу, дана 

Топтық отырғызу, дана

Барлығы қ.м./дана







Ашық кеңістіктер

Гүлзарлар

Көгалдар

Жазғы, м2

ККөпжылдық,м2

Контейнерлік, дана

Вазон, м2 

Альпинарий, рокарий, м2 

Жиыны м2/дана 

Партерлік, м2 

ККәдімгі, м2

Жер қыртысының жамылғысы, м2 

Жиыны м2/дана 

  Ақтөбе облысының қалалары
мен елді мекендерінің
аумақтарында жасыл екпелерді
күтіп-ұстаудың және қорғаудың
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

Жасыл екпелерді зерттеп-қарау актісі

      20__ж. "___"___________

Р/с №

Жасыл екпелердің табиғи құрамы

Сақталады

Кесуге рұқсат

Рұқсатсыз кесу

дана

жасы, жыл

дің диаметрі, см

дана

жасы, жыл

дің диаметрі, см

дана

жасы, жыл

дің диаметрі, см

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1











2






















Барлығы:










Қорытынды










      кестенің жалғасы

Қайта отырғызу, тамырын қопарып қазу (жасарту)

Санитариялық кесу

Сапалық (нақты жай-күйі

Залалды өтеу мөлшері, бірлік

Залалды өтеу мөлшері бойыншазалалдың сомасы

Өтемдік қалпына келтіру, дана

дана

жасы, жыл

дің диаметрі, см

дана

жасы, жыл

дің диаметрі, см

АЕК

теңге

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21









































      Осы акт _______ данада жасалды.

      Ескертпе: Зерттеп-қарау актісі жасыл екпелерді кесуге немесе қайта отырғызуға құқық беретін құжат болып табылмайды.

      Жеке немесе заңды тұлғаның өкілі ___________________________ қолы (Т.А.Ә.)

      (мөрі бар болса)

      Уәкілетті органның лауазымды адамы ________________________ қолы (Т.А.Ә.)

      (мөрі бар болса)

  Ақтөбе облысының қалалары
мен елді мекендерінің
аумақтарында жасыл екпелерді
күтіп-ұстаудың және қорғаудың
қағидаларына 3-қосымша
  Нысан
  Жергілікті атқарушы органның
(облыстардың, Нұр-Сұлтан,
Алматы және Шымкент
қалаларының, ауданның,
облыстық маңызы бар қаланың)
басшысы
  ____________________________
  (тегі, аты, ол бар болған
жағдайда әкесінің аты,
мемлекеттік органның атауы)
  _______________________
  (жеке тұлғаның тегі, аты, ол бар
болған жағдайда әкесінің аты не
көрсетілетін қызметті алушы
заңды тұлға ұйымының атауы)
және (немесе) сенімхат
бойынша)
  ____________________________
  (ЖСН/БСН)
  Мекенжайы
  (заңды мекенжайы немесе
тұрғылықты жері)
байланыстар (электрондық
мекенжайы,телефон)

Кепілдік хат

      __________________________________________________________________________

      (жеке немесе заңды тұлғаның атауы)

      Ағаштарды кесуге рұқсат алған сәттен бастап алты ай ішінде ____________ дана көлемінде өтемдік ағаш отырғызуды жүргізуге кепілдік береді, ___________ тұқымдылар, ағаштардың орнына _________ дана, _________________ үшін кесілетін тұқымдар ____________________________________мекенжайы бойынша:

      (себебі көрсетіледі)

      __________________________________________________ 20 жылғы " " жасыл екпелерді зерттеп-қарау актісіне сәйкес.

      Отырғызылған көшеттер жойылған жағдайда, қайта отырғызуға кепілдік береді.

      Өтемдік отырғызу сәтінен бастап үш жыл ішінде (ағаш көшетінің жерсіну кезеңі) осы Қағидалардың 26-тармағының 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес көшеттерді күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге және үш жыл өткеннен кейін оларды ағаштардың жерсіну актісі негізінде жергілікті атқарушы органның теңгеріміне беруге кепілдік береді

      __________________________________________________________________________

      (жеке немесе заңды тұлғаның атауы)

      Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 381-1 және 386 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылатыны хабарланды.

      Күні: 20__ ж. "___" ____________

      _____________________________

      Басшының Т.А.Ә. және қолы (мөрі бар болса)

  Ақтөбе облысының қалалары
мен елді мекендерінің
аумақтарында жасыл екпелерді
күтіп-ұстаудың және қорғаудың
қағидаларына 4-қосымша
  Нысан

Жасыл екпелердің жерсіну актісі

      20___ ж. "___" _________

      Жасыл екпелердің отырғызған мекенжайы: ____________________________________

Заңды және жеке тұлғалардың атауы

Рұқсаттың немесе келісудің нөмірі мен күні

Кесілген ағаштардың саны, дана

Қайта отырғызылған ағаштардың саны, дана

Өтемдік немесе бастамашылық отырғызу,дана тұқымы

1

2

3

4

5

6

1






Қорытынды:




      кестенің жалғасы

Жағдайы

Қалпына келтіруге арналған көшеттер саны, дана

Ескертпе

Тамыр алды, дана

Тамыр алмады, дана

7

8

9

10









      Жеке немесе заңды тұлғаның өкілі ________________________________________

      (Т.А.Ә., қолы) (мөрі бар болса)

      Уәкілетті органның лауазымды адамы _____________________________________

      (Т.А.Ә., қолы) (мөрі бар болса)

  2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген

Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың Қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 03.03.2017 № 118 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" (бұдан әрі – Заң), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 09.12.2021 № 85 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қағидалар Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру саласындағы тәртіпті айқындайды және қатынастарды реттейді және меншік түріне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

      3. Осы қағидаларды мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) абаттандыру - сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитарлық тазалау бойынша) жиынтығы;

      2) аумақтарды жинау - тұрғындардың тіршілік әрекеттері нәтижесінде елді мекендерде түзілетін қоқыстарды (қалдықтарды) жинау, жою және залалсыздандыру мақсаты болып табылатын іс-шаралар кешені;

      3) аулаішілік аумақтар - шағын сәулет нысандарын, балалар, кір жаятын, контейнер алаңдарын, автокөлік орынтұрақтарын, декоративтік құрылыстарды, аулаға кіру, үйге өтпе жолдарды орналастыру үшін пайдаланылатын (бір аулада бірнеше жер пайдаланушылар болған жағдайда бекітілген аумақтың шекаралары пайдаланылатын аумақтың шекараларына барабар немесе тараптардың келісімдері бойынша анықталады) жерлер;

      4) бекітілген аумақ - осы Қағидалармен айқындалған, шекараларда жинау және күтіп-ұстау үшін бекітілген, жер учаскесі.

      Қалалар мен елді мекендердің аумақтарында бекіту нысандары болып табылады:

      бөлінген телімдер шекарасынан бастап өтпе жол жиегімен шектелген

      көше жақтағы аумақ;

      орамішілік аумақтарының телімдері;

      сақтау, жинақтау және басқа да мақсаттар үшін уақытша пайдаланылатын аумақ;

      іргелес жатқан аумақ;

      5) бөлінген аумақ - жерді пайдаланушының (заңды немесе жеке тұлғаға) иелігіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларда көзделген құқықта, уәкілетті органдардың құқықтық шешімдеріне сәйкес өзіне қарасты нысандарды орналастыру үшін пайдалануға берілген жер телімі;

      6) ғимарат - табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе желiлiк объект (жер үстi, су бетi және (немесе) жер асты, су асты). Ғимарат көркемдiк-эстетикалық, әшекей-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкiн;

      7) жалпыға ортақ жерлер – алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, қала ормандары, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (жалпыға ортақ инженерлік жүйелер) орналасқан және оларға арналған жерлер;

      7-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар – халық үшін қолжетімді немесе ашық болатын аумақтар, объектілер;

      8) жөн-жосықсыз төгілген қоқыс үйінділері – меншік нысанына қарамастан, жеке немесе заңды тұлғалардың қызметтерінің процесінде пайда болған қатты тұрмыстық қалдықты, ірі көлемді қалдықты, өндіріс және құрылыс қалдықтарын, басқа қоқыстар, қар, мұздарды өз еркімен (жөн-жосықсыз) шығару (орналастыру) немесе жинау;

      9) көлік жүретін бөлікті күтіп ұстау - автомобиль жолдарын пайдалану қағидасына жауап беретін, оның нәтижесінде жолдар мен жол құрылғыларының көлік - пайдаланудың жай-күйі сақталатын жұмыстар кешені;

      10) көше (көшенің көлік жүретін бөлiгi) – елді мекендер шекарасының шегiндегi автомобиль жолы;

      11) қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қалдықтарды шығару шарты - тапсырыс беруші мен орындаушы арасында қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қалдықтарды шығару жөнінде жасалынған заңды күші бар жазбаша келісім;

      12) қатты тұрмыстық қалдықтар – қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар;

      13) қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қалдықтарды жинау және шығару - қатты тұрмыстық қалдықтар жәшіктерін арнайы автокөліктерге тиеу, қоқыс қораптарының, алаңдарын және оларға баратын жолдарды шашылған қоқыстан тазарту және оларды қоқыс жинау орнынан жою орнына тасымалдау;

      14) қасбет – ғимараттың немесе құрылыстың сыртқы жағы;

      15) қоқыс жәшігі - қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған стандартты ыдыс;

      16) маңдайша – ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жерлердегі жеке және заңды тұлғалардың меншікті (жалдайтын) ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылыстарының шегіндегі шатырлар мен қасбеттерде орналастырылатын, жеке және заңды тұлғаларды дараландыру құралдарын қоса алғанда, олардың қызмет түрі туралы ақпарат;

      17) өндіріс қалдықтары – өндіріс процесінде пайда болған және бастапқы тұтынушылық қасиеттерін толығымен немесе ішінара жоғалтқан шикізаттың, материалдардың, басқа да бұйымдар мен тағамдардың қалдықтары;

      18) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;

      19) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;

      20) уәкілетті орган – коммуналдық шаруашылықты реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      21) ұйым – абаттандыру саласында маманданып жүрген жеке немесе заңды тұлға;

      22) үй - адамдардың тұруына немесе iшiнде болуына, өндiрiстiк үдерістерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық мақсатына қарай, мiндеттi түрде жер бетіне салынып, тұйық көлемді құрайтын, тіреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылғы. Yйдiң жер асты бөлiгi болуы мүмкiн;

      23) фриз - сәулеттік құрылыстың сол немесе басқа бөлігін аяқтайтын немесе көмкеретін көлденең жолақтар немесе таспалар түріндегі декоративтік құрылым;

      24) шағын архитектуралық нысандар – декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);

      25) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.

      26) ірі көлемді қалдық - өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан, тұтыну және шаруашылық қызметтерінің қалдықтары (тұрмыстық техниканы, жиһазды және басқаларын қоса алғанда);

      27) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – өз бетімен жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтер, ақпарат алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды пайдаланатын адамдар, қарттар, мүгедектер.

      Ескерту. 3 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.04.2018 № 278 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.06.2020 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

2 - тарау. Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру

1-параграф. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету

      4. Заңды және жеке тұлғалар, бау-бақша және гараж кооперативтері, пәтер иелері кооперативтері, кондоминиумдарға қатысушылар, басқарушы компаниялар өздерінің нысандарына тиесілі барлық аумақтарда, оның ішінде жеке үй иелелігіндегі аумақтарда тазалықты сақтайды және тәртіпті қолдайды, абаттандыру элементтерінің (жолдар, тротуарлар, көгалдар, шағын сәулет нысандары, жарықтандыру, су жолдары) зақымдануына және бұзылуына жол бермейді.

      5. Терілерді, металлдарды, аккумуляторларды соның ішінде қайталама шикізаттарды осы мақсаттар үшін белгіленбеген орындарда қабылдауға жол берілмейді.

      6. Автокөлік құралдарын осы мақсаттар үшін белгіленбеген орындарда жууға жол берілмейді.

      7. Жергілікті жерлерді ағымдағы санитариялық күтіп-ұстауды аумақтарды абаттандыру саласында маманданған ұйымдар жүзеге асырады.

      7-1. Алып тасталды – Ақтөбе облыстық мәслихатының 05.06.2020 № 532 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Барлық ұйымдық-құқықтық нысандағы жеке және заңды тұлғалар:

      1) дербес өз қаражаты есебінен немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етеді;

      2) кез келген меншік объектілеріне ұқыпты қарайды, мемлекеттік меншік объектілеріне залал келтірілген жағдайлар туралы тиісті органдарды хабардар етеді;

      3) көшелер және үй нөмірлері тақталарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта ұстайды;

      4) қоршауларды (шарбақтарды) және шағын сәулеттік нысандарды тиісті жағдайда (қоршаудың (шарбақтың) сыртқы жағын бояу, әктеу) күтіп-ұстайды.

      5) аулаішілік аумақтарда автокөліктер құралдары үшін қоршау орнатуға, сондай-ақ жолдың жүру бөлігіне өз еркімен жасанды бұдырлық орнатуға жол берілмейді;

      6) жарамсыз (апаттық) көлік құралдарын (тіркемелерді) жалпыға ортақ жерлерде 10 күнтізбелік күннен артық орналастыруға жол берілмейді.

2-параграф. Аумақтарды жинауды ұйымдастыру

      9. Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды жинау және күтіп-ұстау мынадай қызмет түрлерін қамтиды:

      1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;

      2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;

      3) сыпыру;

      4) қамысты, қурайды, шөптерді және басқа да жабайы өсімдіктерді шабу және шығару;

      5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын ағымдағы жөндеу және сырлау.

      Ескерту. 9 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.04.2018 № 278 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарда орналасқан парктерді, скверлерді, бульварларды, су айдындарын, жағажайларды, зираттарды, оның ішінде оларда орналасқан тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, саты баспалдақтарын жинауды заңды және жеке тұлғалар мен осы обьектілерге қызмет көрсететін және пайдаланатын аумақтарды бекіту субьектілері жүргізеді.

      11. Жеке және заңды тұлғалар, меншік түріне қарамастан, қарды шығаруды, іргелес аумақтарды (автотұрақтар, боксты гараждар, ангарлар, қоймалық қосалқы құрылыстар, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету нысандары) санитарлық тазалау және жинауды жүйелі түрде жүзеге асыратын субъектілермен шарт жасайды немесе өздері жүргізеді.

      Ескерту. 11 тармаққа өзгеріс енгізілді – Ақтөбе облыстық мәслихатының 08.12.2017 № 219 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Көшелер мен өтпе жолдардың бойында орналасқан тротуарларды, жолаушылар көлігінің аялдама алаңын жинауды жүру бөліктерін жинауға және күтіп-ұстауға жауапты ұйымдар жүргізеді.

      13. Аялдама кешендерін және қоғамдық жолаушылар көлігінің аялдама алаңында оларға іргелес аумақтарды, ақылы автотұрақтар, гараждардың аумақтарын, сондай-ақ кіреберіс жолдарды, іргелес аумақтарды жинауды және жууды олардың иелері жүзеге асырады.

      14. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізгізу кезінде құрылыс қоқыстарын осы жұмыстарды жүргізген ұйымдар шығарады.

      15. Су ағатын желілерде ластануды болдырмау үшін су ағатын коллекторларға, жауын суын қабылдайтын құдықтарға және арық жүйесіне қоқыстардың тасталуына жол берілмейді.

      16. Жерүстi инженерлік құрылыстарын пайдаланушы ұйымдар мен иелері инженерлiк желілердің қорғалатын аймақтарының шекарасында іргелес аумақтардың санитариялық күтіп-ұсталуын қамтамасыз етеді.

3-параграф. Күзгі – қысқы мезгілде қалалар мен елді мекендердің аумақтарын тазартудың ерекшеліктері

      17. Күзгі – қысқы тазарту мезгілі қазаннан сәуірге дейін белгіленеді.

      18. Жолдарды қыста тазартуға мыналар кіреді:

      жол жабынын тығыздалмаған, жаңа жауған қардан, тапалған қар-мұз бен мұздан тазарту;

      көліктер мен жүргіншілердің қозғалысына арналған алаңдардан жол жамылғыларын тазалау кезінде жиналған қардан және сынықтардан тазарту (орын ауыстыру);

      көктайғаққа қарсы материалдарды пайдалана отырып, көліктің доңғалақтарының жол жамылғысымен ілінісу коэффициентін күрт төмендететін, көктайғақ қабыршақтарын жою.

      Қарды жинау мен сыпыру жол бетіндегі қардың қалыңдығы 4-5 сантиметрден аспай тұрған аралықта жүргізіледі. Қарды қар жауғаннан кейін 4 сағаттан кешіктірмей жинау қажет, қайтара жинау сол аралықта, ал қар толастамай жауғанда аяғына таман жиналады.

      Қарды шығару мына мерзімдерде жүргізіледі:

      Маңызды магистральдарында қар жамылғысы кемінде 6 сантиметр түскен кезде - екі тәуліктен, ал басқа жолдарда төрт тәуліктен кешіктірмей;

      Ал қар 6 сантиметрден аса түскенде - сәйкесінше төрт тәуліктен немесе жеті тәуліктен кешіктірмей.

      19. Саябақтардағы, скверлердегі, бульварлардағы және басқа көгалды аймақтардағы жолдарды тазарту кезінде, жасыл желектердің сақталуы мен еріген сулардың ағуын қамтамасыз еткен жағдайда, құрамында химиялық қоспалары жоқ қарларды осы мақсаттарға бұрын дайындалған алаңдарда үюге рұқсат етіледі.

      20. Қысқы мезгілде жолдар, саябақ орындықтары, қоқыс қораптары және басқа да элементтер мен шағын сәулет формалары, сондай – ақ олардың араларындағы және жанындағы жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек.

      Жолдың тротуарларымен жүру бөлігінде көшелердегі инженерлік желілерде болған апаттан пайда болған мұздақтар осы желілердің иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғалармен бөлшектенеді және тазартылады. Бөлшектенген мұздақтар белгіленген орындарға шығарылады.

      21. Көшелер мен өтпе жолдардан қарды шығару, жергілікті атқарушы органмен айқындалған, белгіленген орындарда жүзеге асырылады.

      22. Қарды жинауға жауапты, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қарды уақытша жинау орындарын қар ерігеннен кейін қоқыстардан тазартады және абаттандырады.

      23. Тротуарлар мен көпірлерге шығатын баспалдақтар асфальт – бетон жамылғыларының барлық ені бойына жаңа жауған қар мен тапалған қардан (пайда болған қар-мұздақтардан) тазартылады, қар тоқтаусыз жауған кезеңде көктайғаққа қарсы материалдармен өңделеді.

      24. Аулаішілік аумақтар қар мен мұздақтардан асфальтқа дейін тазартылады. Мұздақ (көктайғақ) пайда болған жағдайда ұсақ құммен өңдеу жүргізіледі. Көктайғаққа қарсы күресу үшін ас тұзын пайдалануға жол берілмейді.

      25. Аула аумақтарынан, кварталішілік өтпе жолдардан және кәсіпкерлік нысандарының іргелес аумақтарынан аршылған қарды, жалпыға ортақ жерлерде жинақталуына жол бермей шығару қажет.

      26. Қысқы мезгілінде үй иелері және жалға алушылар баспалдақтарды, пандустарды, шатырларын қардан, мұздан және сүңгілерден уақытында тазарту жұмыстарын ұйымдастыруы қажет. Бұл жұмыстар кезінде жүргіншілер жолдары аймағы қоршауға алынады. Үйлердің төбесін қардан тазарту, көше жаққа бағытталған шатырлардан қар мен мұздақтарды тротуарларға лақтыру тек күндізгі уақытта жүргізілуі қажет. Шатырдың басқа бағыттарынан, жазық шатырлардан қар түсіру, аулаішілік аумақта жүргізіледі. Қарды түсіру алдында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жасалады. Үйлердің шатырларынан түскен қарлар, мұздар және сүңгілер жедел түрде жол жиегіне қарай жиналады және одан әрі көшені тазартушы заңды және (немесе) жеке тұлғалармен алып кетуі үшін дайындалады.

      27. Суағар құбырлардың аузына қар, мұз және қоқыстарды тастауға жол берілмейді.

4-параграф. Көктемгі – жазғы мезгілде қалалар мен елді мекендердің аумақтарын тазартудың ерекшеліктері

      28. Көктемгі - жазғы тазарту мезгілі сәуірден қазанға дейін белгіленеді.

      Көктемгі-жазғы тазарту көшелердің, тротуарлардың, алаңдардың көлік жүретін бөліктерін жууды, оларға су шашуды және сыпыруды көздейді.

      29. Жол жамылғыларын, осьтік және қосалқы жолақтарды, көшелер мен өтетін жерлерді сыпыру көліктің интенсивті қозғалысы бар магистралдар мен көшелерде түнгі мезгілде, қалған көшелерде күндізгі мезгілде жол жамылғысын алдын-ала сулау арқылы жүргізіледі.

      30. Тазарту жүргізген кезде көлік жүретін бөлік, тротуарлары, жол жиектері қандай да болмасын ластан, ұсақ қоқыстан, топырақтан және ірі қоқыстан толығымен тазартылуы тиіс.

      Аулаішілік аумақтар мен тротуарларды ұсақ тұрмыстық қалдықтардан, шаңнан сыпыру және оларды жуу жеке меншік пәтер иелері кооперативтерімен (бұдан әрі - ПИК), үй комитеттерімен жүзеге асырылады.

5-параграф. Қалдықтарды жинау және шығару

      31. Жеке және заңды тұлғалар, олардың қызметі нәтижесінде пайда болған өндіріс және тұтыну қалдықтары пайда болған кезінен бастап қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалар қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтайды.

      32. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды ұйымдар уәкілетті орган белгілеген бекітілген кестеге сәйкес мерзімдерде жүзеге асырады. Кестелер қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау алаңдарында ілінеді.

      32-1. Өз қызметін қалалар мен елді мекендердің аумағында жүзеге асыратын заңды тұлғалардан, өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілерден сондай-ақ пәтер иелерінен және пәтер жалдаушылардан, жеке тұрғын үйлерден коммуналдық қалдықтарды шығару, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органмен өткізілетін, қалдықтарды шығару бойынша конкурсты (тендер) ұтқан, қоқыс шығарушы ұйымдармен шарт негізінде жүргізіледі.

      Ескерту. Қағидалар 32-1 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 08.12.2017 № 219 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32-2. Ірі көлемді қоқыстарды (қалдықтарды) шығару кәсіпорындардың, мекемелердің және жеке тұлғалардың өздерімен немесе шарт негізінде қоқыс шығарушы кәсіпорындармен жүргізіледі.

      Ескерту. Қағидалар 32-2 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 08.12.2017 № 219 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32-3. Жергілікті атқарушы органдар көп қабатты тұрғын үйлердің аумағында контейнерлер үшін арнайы алаңдарды, мамандандырылған көлік құралдары үшін қол жетімділікті қамтамасыз ете отыра орналастырады.

      Ескерту. Қағидалар 32-3 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 08.12.2017 № 219 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32-4. Жеке және заңды тұлғаларға жол берілмейді:

      1) қоқыспен және тұрмыстық қалдықтармен ыдыстарды көшелерге, жалпы пайдалану орындарына, баспалдақ алаңдарына қоюға;

      2) мамандандырылған орындарды қоспағанда, үйінді жасауға, қоқысты жерге көмуге;

      3) контейнерлік алаңдардың аумақтарын ластауға, қатты тұрмыстық қалдықтарға жатпайтын, қоқыстарды контейнерлерге салуға және алаңдарға және оған іргелес аумақтарға жинауға;

      4) қазылған шұңқырларға құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, ыдыстарды тастауға;

      5) жеке тұрғын үйлердің, ғимараттар мен құрылыстардың іргелес аумақтарына қоқыстарды жинауға.

      Ескерту. Қағидалар 32-4 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 08.12.2017 № 219 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32-5. Жеке және заңды тұлғалар аулалық дәретханалардың шұңқырларын олардың толуына қарай тазартады.

      Ескерту. Қағидалар 32-5 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 08.12.2017 № 219 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32-6. Жеке тұрғын үйлердің және тұрғын емес құрылыстардың меншік иелері күл жинауға арналған контейнерлерге ие болуға құқылы.

      Ескерту. Қағидалар 32-6 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 08.12.2017 № 219 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32-7. Құрылыс қоқыстарын, жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде асфальттің сынықтарын шығару, жұмыстарды жүргізуші ұйымдармен қаланың басты магистральдарында - тез арада, қалған көшелер мен аулаларда – бір тәулік ішінде жүргізіледі.

      Ескерту. Қағидалар 32-7 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 08.12.2017 № 219 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32-8. Қаланың аумағындағы өзендердің, су қоймаларының, каналдардың су айдындарынан қоқыстарды жинау және оларға іргелес аумақтарды күтіп-ұстау, қызмет көрсетуші ұйымдармен қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. Қағидалар 32-8 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 08.12.2017 № 219 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32-9. Жеке және заңды тұлғаларға іргелес аумақта ыдыстарды көгалдарға, киоскілерге және басқа сауда нысандарына, сауда шатырларының төбесіне жинауға жол берілмейді.

      Ескерту. Қағидалар 32-9 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 08.12.2017 № 219 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32-10. Жұмыс үшін құрылыс алаңдарын, учаскелерді ұйымдастыру Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағидалар 32-10 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 08.12.2017 № 219 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      33. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жағуға жол берілмейді.

      34. Құрылыстарды және (немесе) жылжымайтын объектілерді жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс қоқысын өз бетінше арнайы орындарға немесе Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне сәйкес қоқыс шығаруды жүзеге асыратын ұйыммен шарт бойынша шығаруы тиіс.

      Ескерту. 34 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 09.12.2021 № 85 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      35. Үй иелерінің аумағында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10796 болып тіркелген) 22-тармағының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен бекітілген "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21934 болып тіркелген) 55, 56, 57 және 58-тармақтарының талаптарына сәйкес мамандандырылған көлік үшін ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдар болады.

      Ескерту. 35 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 09.12.2021 № 85 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)..

      36. Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге және контейнерлік алаңдарда күл тастауға және жинауға жол берілмейді.

      37. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығаратын көліктермен, кәріз тартылмаған үй иелерінен сұйық қалдықтар ассенизациялы вакуумдық көліктермен шығарылады.

      38. Жеке және заңды тұлғалармен сұйық қалдықтарды төгу, кәріз желілерін пайдаланушы ұйымдар айқындайтын, сарқынды суларды қабылдайтын мамандандырылған пункттерде жүргізіледі. Сұйық қалдықтарды сол үшін арналмаған құдықтарға өз еркімен ағызуға жол берілмейді.

      Ескерту. 38 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 08.12.2017 № 219 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      39. Сұйық тұрмыстық қалдықтар мен ірі көлемді қоқыстарды қоқыс шығару құбырына тастауға болмайды.

      40. Қоқыс шығару құбырын пайдалануды иелігінде тұрғын үй бар пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.

      41. Жеке тұлғалар контейнер алаңдары аумағында орналасқан, құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды жинау үшін арнайы контейнерлерде құрамында сынап бар істен шыққан шамдар мен аспаптарды қауіпсіз жинауды қамтамасыз етеді.

      42. Контейнерлік алаңдарды және контейнерлерді пайдаланатын және оларға қызмет көрсететін ұйымдар мыналарды:

      1) контейнерлік алаңдарды және оған іргелес аумақтарды тиісті санитариялық күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;

      2) оларға уақтылы жөндеу жүргізеді және одан әрі пайдалануға жарамсыз контейнерлерді ауыстырады;

      3) қоқыс қабылдайтын камералардың, алаңдардың, сондай-ақ қалдық жинағыштардың тұрақты жуылуын, дезинфекциялануын, шыбындарға, кеміргіштерге қарсы дезинсекциялануын, дератизациялануын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.

      43. Контейнерлерден қоқыс шығаратын машинаға тиеу кезінде шашылып қалған қоқыстарды қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысшылары шығарады.

      44. Вокзалдарда, базарларда, әуежайларда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлiгі аялдамаларында, кәсіпкерлік нысандарының кіреберістерінде қоқысқа арналған құтылар орнатылады. Халықтық жаппай баратын орындарында құтылар бір-бірінен кемінде 50 метр арақашықтықта, аулаларда, саябақтарда, алаңдарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта құтылар орнатылады. Жолаушылар көлiгі аялдамаларында және сауда объектілерінің кіреберістерінде екi құтыдан орнатылады.

      45. Құтыларды орнатуды, тазартуды және жууды аумақты пайдаланатын ұйымдар немесе аумаққа иелік ететін немесе пайдаланатын ұйымдар жүргізеді. Құтылар толуына қарай, бiрақ кемінде күніне бір рет тазартылады.

      Құтылар ластануына қарай, бiрақ кемінде аптасына бір рет жуылады.

6-параграф. Көшелерді, тұрғын үй орамдарын және шағын аудандарды абаттандыру

      46. Қалалар мен елді мекендердің аумағын абаттандыру кезінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын қоса алғанда, халықтың барлық санаттары үшін жалпыға ортақ пайдаланылатын, тұрғын және рекреациялық мақсаттағы орындарға, сондай-ақ Заңның 20-бабының 23-16) тармақшасына сай бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін оңтайлы жағдайлармен және құралдармен қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 46 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 05.06.2020 № 532 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      47. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген қалалар мен елді мекендердің аумақтарындағы абаттандыру жөніндегі барлық жұмыс түрлері бекітілген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 47 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 05.06.2020 № 532 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      48. Қарамағында жер асты коммуникациялары бар ұйымдар, көшенің жүру бөлігі мен жүргінші жолдарында орналасқан люктер мен құдықтардың қақпақтарының болуын және жарамды күйде күтіп-ұсталуын бақылауды жүзеге асырады, олар зақымдалған немесе бұзылған жағдайда дереу қоршалады және бір күннің ішінде олармен қалпына келтіріледі.

      49. Облыстың елді мекендерінің аумақтарындағы жол жамылғыларының, тротуарлардың, көкжелектердің және басқа да нысандардың, шаруашылық элементтерінің бұзылуымен байланысты, жер қазу және өзге де жұмыстарды жүргізетін барлық заңды және жеке тұлғалар, тиісті жергілікті атқарушы органнан жұмыстарды жүргізуге рұқсат алады.

      50. Құрылыс, жөндеу, коммуникацияларды қайта жаңарту кезінде жұмыстарды рұқсатсыз жүргізу жер қазу жұмыстарын өз еркімен жүргізу болып танылады.

7-параграф. Ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп-ұстау

      51. Қарамағында ғимараттар мен құрылыстар бар жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері көрсетілген объектілердің қасбеттерін және олардың жекелеген элементтерін (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтіру, жөндеу және бояу бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қасбеттерде орналастырылған ақпараттық тақтайшаларды, ескерткіш тақтайларды таза және дұрыс жағдайда ұстайды. Ұйымдар мен кәсіпорындардың меншік нысанына қарамастан жарықпен безендіру жүргізіледі.

      52. Көп қабатты тұрғын үйлердің көшеге шығатын қасбеттерінде спутникалық антенналарды орнатуға жол берілмейді.

      53. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттерін және олардың конструктивтік элементтерін қайта жабдықтауға жол берілмейді.

      54. Ғимараттардың, құрылыстар мен үй-жайлардың, оның ішінде шағын және орта бизнес нысандарының қасбеттеріне жазуы бар маңдайшалар ілуге жол берілмейді:

      1) терезе және есік орындарын жауып тастауға;

      2) маңдайшаларды тұрғын орынжайлар шегінде, соның ішінде қасбеттің тұйық жағында орналастыруға;

      3) маңдайшаларды лоджия мен балконда орналастыруға;

      4) маңдайшаларды объектілер қасбеттерінің сәулеттік бөліктерінде, соның ішінде колонналарда, пилястраларда, ою-өрнектерде, жапсырылып мәнерленген заттарда орналастыруға;

      5) маңдайшаларды орнатылған мемориалдық тақтайшалардан кемінде екі метр қашықтықта орналастыруға;

      6) көше атауы мен үй нөмірінің сілтемелерін жабуға;

      7) маңдайшаларды қасбеттің үстіне сәнді-көркемдік және (немесе) мәтіндік бейнені (сырлау, жабыстыру әдісімен) тікелей салу;

      8) маңдайшаларды қоршау құрылғы (қоршауда, шлагбаумда) орналастыруға.

      55. Маңдайшалар мыналардан тұрады:

      1) ақпараттық алаңнан (мәтіндік бөліктен);

      2) сәнді-көркемдік бөлшектерден.

      Сәнді-көркемдік бөлшектердің биіктігі маңдайшының мәтіндік бөлігі биіктігінен бір жарым еседен аспауы тиіс.

      56. Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылғылардың сыртында орналастырылатын маңдайшалар мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

      1) маңдайшалар жоғарғы бір қатарда біркелкі көлденең сызықта (бірдей деңгейде, биіктікте) орналасуы керек;

      2) қасбет ұзындығынан 70 пайыз шегінде ұқсас өзара байланысқан бөлшектер кешені түріндегі (ақпараттық алаң (мәтіндік бөлігі) және сәнді - көркемдік бөлшектер) маңдайшаларды орналастыру кезінде әрбір көрсетілген бөлшектің барынша көлемі ұзындығынан 10 метрден аспауы тиіс;

      3) объект қасбетінде фриз болса, қабырғадағы маңдайша тек фризге ғана оның биіктігі бойынша орнатылады;

      4) объектінің қасбетінде күнқағар болса, қабырғадағы маңдайша күнқағардың фризінде оның мөлшері бойынша орналастырылуы мүмкін;

      5) терезелер мен сөрелерді безендіру мынадай талаптарға сәйкес жүргізіледі: витринаның әйнегінің ішкі жағынан орналастырылатын витриналық конструкцияның ең жоғары шектік көлемі витрина әйнегінің биіктігі бойынша жартысынан және витрина әйнегінің ұзындығы бойынша жартысынан аспауы тиіс;

      6) сөрелер бүлінбеуі керек және таза ұсталуы тиіс.

      57. Егер кәсіпкерлік субъект ғимараттардың, құрылыстар мен құрылғы иесі болса немесе оның ғимараттардың, құрылыстар мен құрылғылардың төбесінде маңдайшаларды орналастыру туралы шарты болса, рұқсат беріледі; 

      58. Маңдайшалар техникалық қалыпты жай-күйде ұсталу, кір мен өзге де қоқыстан тазартылу тиіс.

      59. Төбе құрылғыларындағы жарнаманы ақпараттық құрылғымен бірге бөлшектеу кезінде қаттылық пен бекітілудің құрылғы бөлшектерін (бұранды бірігулер, тірек бөлшектері, технологиялық жабынды және басқалар) бөлшектеу қажет. 

      60. Маңдайшаларды орналастыру эскиздері сәулет және қала құрылысы, тілдерді дамыту салалары бойынша жергілікті атқарушы органдармен келісілуі тиіс.

8-параграф. Сыртқы жарықтандыруды және субұрқақтарды күтіп-ұстау

      61. Көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын объектілердің сыртқы жарығын қосу жергілікті атқарушы орган бекіткен кесте бойынша табиғи жарық деңгейінің азаюы кезінде кешкі ымырт кезінде 20 люкске дейін, ал сөнуі – таңғы күңгіртте 10 люкске дейін артуы кезінде жүргізіледі.

      62. Сыртқы жарық құрылғылары мен байланыс желілерінің элементтері, металл бағаналары, кронштейндер тазалықта ұсталып, тот басу ошағы болмай, сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды тиісті ұйымдар жүзеге асырады.

      63. Алаңдардағы, магистральдардағы және көшелердегі, аула аумақтарындағы шамдардың жанбауы белгілі бір аумақтағы жалпы санының 5 пайызынан аспауы керек.

      64. Орталық көшелердегі жарықтандыру және декоративті жарықтандыру элементтерін алмастыру және жөндеу бір тәулік ішінде жүзеге асырылады, қалған телімдерде үш тәулік ішінде.

      65. Істен шыққан құрамында сынап бар газ разрядты шамдар осы мақсаттарға арналған арнайы бөлінген үй-жайларда сақталады және олар кәдеге жарату үшін арнайы кәсіпорындарға шығарылады. Көрсетілген шамдардың түрлері полигонға шығарылмайды.

      66. Электрлендірілген көліктің жарық және байланыс желілерінің құлап қалған бағаналарын шығаруды негізгі магистральдарда бағана иелері дереу жүзеге асырады, басқа аумақтарда, сондай-ақ бөлшектелген бағаналар - тәулік ішінде шығарылады.

      67. Уәкілетті орган коммуналдық меншіктегі субұрқақтардың тиісті жағдайын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

      68. Субұрқақтарды қосу мерзімдерін, олардың жұмыс істеу режимдерін, тостағандарын жуу және тазарту кестесін, технологиялық үзілістерін және жұмыс істеуінің аяқталуын уәкілетті орган айқындайды.

      69. Субұрқақтар жұмыс істеп тұрған кезеңде судың беті күн сайын қоқыстан тазартылады. Пайдаланушы ұйымдар субұрқақтардың тазалығын жұмысы тоқтаған кезеңде де оларды тазалықта ұстайды.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      70. Осы Қағидалардың сақталуын бақылауды және өз құзыреттерінің шегінде шаралар қабылдауды ішкі істер органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ орман, балық және аңшылық шаруашылықтары саласындағы уәкілетті органдар жүзеге асырады.

      71. Осы Қағидалардың бұзылуына жол берген, жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

  2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 349 облыстық мәслихаттың
шешіміне қосымша

Облыстық мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидасы туралы" облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 21 қарашадағы № 71 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3462 тіркелген, 2014 жылғы 21 желтоқсанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған);

      2. "Ақтөбе облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидалары туралы" облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 15 тамыздағы № 232 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4037 тіркелген, 2014 жылғы 30 қыркүйекте "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған);

      3. "Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидасы туралы" облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 21 қарашадағы № 71 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 264 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4139 тіркелген, 2014 жылғы 21 желтоқсанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған);

      4. "Ақтөбе облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидалары туралы" облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 15 тамыздағы № 232 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 265 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4124 тіркелген, 2014 жылғы 30 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).