"Ақтөбе облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидалары туралы" облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 15 тамыздағы № 232 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 265 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 желтоқсанда № 4124 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 349 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шілдедегі Кодексінің 386-бабына, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 19-бабының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Занының 6-бабының 2-2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 21-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Ақтөбе облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидалары туралы" облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 15 тамыздағы № 232 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4037 тіркелген, 2014 жылғы 30 қыркүйектегі "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінің № 123 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      шешімнің кіріспесіндегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына, 300-бабына" сөздері "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шілдедегі Кодексінің 386-бабына" сөздерімен ауыстырылсын;
      жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген, Қағидаларда:
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) мамандандырылған ұйым – қажетті материалдық және білікті еңбек ресурстары бар, жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын жеке кәсіпкер, шаруашылық жүргізуші субъект;";
      18-тармақ "аудандық әкім аппараттарымен" сөздеріне дейін "Ақтөбе қалалық және" сөздерімен толықтырылсын;
      19, 25-тармақтарда:
      "3 метрден" сөздері "2 метрден" сөздерімен алмастырылсын, "2,0 метрден" және "2 метрден" сөздері "1 метрден" сөздерімен алмастырылсын;
      "уәкілетті органының", "уәкілетті органы" сөздеріне дейінгі "әкімдіктің" сөзі алынып тасталсын;
      20, 27, 34, 39, 42, 45 және 55-тармақтарда "уәкілетті органының", "уәкілетті органы" сөздеріне дейінгі "әкімдіктің" сөзі алынып тасталсын;
      44-тармақта орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
      2. Осы шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Облыстық мәслихаттың сессия
төрағасы
Облыстық мәслихаттың хатшысы
М. ИТЕҒҰЛОВ
С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА