Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 240 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 12 ақпанда № 13056 болып тіркелді.

Жаңартылған
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы және Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін қадағалау департаменті (Қалиев Ә.Е.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк
 
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрлігі
      Статистика комитеті Төрағасының
      міндетін атқарушы
      _______________ Б. Иманәлиев
      2016 жылғы 13 қаңтар
      
      

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 240 қаулысымен
бекітілген

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу тәртібін айқындайды.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) есепті кезең – есепті күннің алдындағы он екі ай;
      2) комиссиялық сыйақы төлеу бойынша таза шығыстар - қайта сақтандырушыдан алынған комиссиялық сыйақыларды шегергенде, сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлеу бойынша шығыстар;
      3) қайта сақтандырушыдан алынған комиссиялық сыйақылар – қайта сақтандырушыдан алынған, есепті кезеңде есептелген, есепті кезеңнің басында қайта сақтандырушыдан кейінге қалдырылған комиссиялық сыйақылар шамасына көбейтілген және есепті кезеңнің соңында қайта сақтандырушыдан кейінге қалдырылған комиссиялық сыйақылар шамасына азайтылған комиссиялық сыйақылар;
      4) қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шеккен шығындар – төлемдердің таза сомасы, сақтандыру шығындарын реттеу бойынша шығыстар, сондай-ақ шығындар резервтеріндегі өзгерістердің таза сомасы;
      5) сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлеу бойынша шығыстар - есепті кезеңде есептелген, есепті кезеңнің басында кейінге қалдырылған комиссиялық сыйақылар шамасына көбейтілген және есепті кезеңнің соңында кейінге қалдырылған комиссиялық сыйақылар шамасына азайтылған сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлеу бойынша шығыстар;
      6) сақтандыру шығындарын реттеу бойынша шығындар – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сараптамалық, консультациялық немесе сақтанушының сақтандандыру жағдайларына байланысты туындаған мүліктік мүдделерге келтірілген шығын (зиян) мөлшерін және төмендеуімен байланысты өзге қызметтерге ақы төлеу үшін шеккен шығындарының сомасы;
      7) таза еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві - қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві;
      8) таза шығыстар – комиссиялық сыйақы төлеу бойынша шығыстар, жалпы және әкімшілік шығыстар, корпоративтік табыс салығын қоспағандағы салықтар және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13504 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 41 қаулысымен (бұдан әрі – № 41 қаулы) бекітілген Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті ұсынуы қағидаларына 5-қосымшада көзделген ұқсас шығыстар баптарына сәйкес келетін өзге шығыстар;
      9) төлемдердің таза сомасы – қайта сақтандырушының үлесі ескермегендегі және регрестік талап қою бойынша өтеуді шегергендегі сақтандыру төлемдерінің сомасы;
      10) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      11) шеккен шығындар - сақтандыру төлемдері, реттеуге арналған шығыстар, сондай-ақ шығындар резервтеріндегі өзгерістер;
      12) шығындар резервтеріндегі өзгерістердің таза сомасы - қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындар резервтеріндегі өзгерістер;
      13) шығыстар – сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлеу бойынша шығыстар, жалпы және әкімшілік шығыстар, корпоративтік табыс салығын қоспағандағы салықтар және № 41 қаулыда көзделген ұқсас шығыстар баптарына сәйкес келетін өзге шығыстар.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу жинақтаушы сақтандырудың сыныптарын (түрлерін) қоспағанда, сақтандырудың барлық сыныптарына (түрлеріне) қолданылады.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары уәкілетті органға ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралас коэффициентін есептеу туралы есеп береді.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары уәкілетті органға жыл сайын есепті жылдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының полистер бойынша шығындылық коэффициентін есептеу туралы есеп береді.
      5. Есеп құпиялылығын және ұсынылатын деректердің түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін тасымалдау жүйесін пайдаланумен электрондық тасымалдағышта ұсынылады.
      6. Есепті жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Есепте бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

2. Шығындылықты сипаттайтын коэффициентерін есептеу тәртібі

      7. Аралас коэффициент, есептік кезеңдегі шығындылық коэффициенті, полистер бойынша шығындылық коэффициенті және жұмсалған қаражат коэффициенті қайта сақтандырушының үлесі ескеріліп те, қайта сақтандырушының үлесі ескерілмей де есептеледі.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Қайта сақтандырушының үлесін ескергенде есепті кезең үшін шығындылық коэффициенті сақтандырудың әрбір сыныбы (түрі) бойынша жеке және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық сақтандыру портфелі бойынша мына формуламен есептеледі:

Қайта сақтандырушының үлесін ескергенде есепті кезең үшін шығындылық коэффициенті
=
Шеккен шығындар
*100%.
Еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары

      
      Қайта сақтандырушының үлесін ескергендегі есепті кезең үшін шығындылық коэффициентін есептеу үшін пайдаланылатын еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары сақтандыру шарттарын бұзуға байланысты шығыстар ескеріле отырып есепті кезеңде есептелген, есепті кезең басталғанда еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына ұлғайтылған және осы кезеңнің соңында еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына азайтылған сақтандыру сыйлықақылары ретінде есептеледі.
      Есепті кезең үшін қайта сақтандырушының үлесін ескергенде шығындылық коэффициентін есептеу кезінде шеккен шығындар және еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары бір есепті кезеңге жатады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде есепті кезең үшін шығындылық коэффициенті сақтандырудың әрбір сыныбы (түрі) бойынша жеке және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық сақтандыру портфелі бойынша мына формуламен есептеледі:

Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде есепті кезең үшін шығындылық коэффициенті
=
Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде шеккен шығындар
*100%.
Таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары

      
      Қайта сақтандырушының үлесін ескермегендегі есепті кезең үшін шығындылық коэффициентін есептеу үшін пайдаланылатын таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары қайта сақтандырушының үлесі ескерілмей және сақтандыру шарттарын бұзуға байланысты шығыстар ескеріле отырып есепті кезеңде есептелген, есепті кезең басталғанда таза еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына ұлғайтылған және осы кезеңнің соңында таза еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына азайтылған сақтандыру сыйлықақылары ретінде есептеледі.
      Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде есепті кезең үшін шығындылық коэффициентін есептеу кезінде қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде шеккен шығындар және таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары бір есепті кезеңге жатады.
      Таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақыларын есептеу кезінде еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резервіндегі қайта сақтандырушының үлесі қайта сақтандырушыдан алған комиссиялық сыйақыны есептемей толық көлемде ескеріледі.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      10. Қайта сақтандырушының үлесін ескергендегі жұмсалған қаражат коэффициенті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық сақтандыру портфелі бойынша мына формула арқылы есептеледі:

Қайта сақтандырушының үлесін ескергенде шығындар коэффициенті
=
Шығыстар
*100%.
Еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары

      
      Қайта сақтандырушының үлесін ескергендегі жұмсалған қаражат коэффициентін есептеу үшін пайдаланылатын таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары қайта сақтандырушының үлесі ескерілмей және сақтандыру шарттарын бұзуға байланысты шығыстар ескеріле отырып есепті кезеңде есептелген, есепті кезең басталғанда таза еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына ұлғайтылған және осы кезеңнің соңында таза еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына азайтылған сақтандыру сыйлықақылары ретінде есептеледі.
      Қайта сақтандырушының үлесін ескергенде шығындар коэффициентін есептеу кезінде шығыстар және еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары бір есепті кезеңге жатады.
      "Өмірді сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін қайта сақтандырушының үлесін ескергенде есепті кезең үшін шығыстар, комиссиялық сыйақыны төлеу бойынша шығыстарды қоспағанда, есепті кезеңде сақтандырудың барлық сыныптары (түрлері) бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасында сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үлесіне пропорционалды есептеледі.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      11. Қайта сақтандырушының үлесін ескермегендегі жұмсалған қаражат коэффициенті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық сақтандыру портфелі бойынша мына формула арқылы есептеледі:

Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде шығындар коэффициенті
=
Таза шығыстар
*100%.
Таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары

      
      Қайта сақтандырушының үлесін ескермегендегі жұмсалған қаражат коэффициентін есептеу үшін пайдаланылатын таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары қайта сақтандырушының үлесі ескерілмей және сақтандыру шарттарын бұзуға байланысты шығыстар ескеріле отырып есепті кезеңде есептелген, есепті кезең басталғанда таза еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына ұлғайтылған және осы кезеңнің соңында таза еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына азайтылған сақтандыру сыйлықақылары ретінде есептеледі.
      Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде шығындар коэффициентін есептеу кезінде таза шығыстар және таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары бір есепті кезеңге жатады.
      "Өмірді сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін қайта сақтандырушының үлесін ескергенде есепті кезең үшін таза шығыстар, комиссиялық сыйақыны төлеу бойынша таза шығыстарды қоспағанда, есепті кезеңде сақтандырудың барлық сыныптары (түрлері) бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасында сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үлесіне пропорционалды есептеледі.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      12. Аралас коэффициент сақтандыру қызметінің жалпы тиімділігін және сақандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын сипаттайды.
      13. Қайта сақтандырушының үлесін ескергендегі аралас коэффициент мына формула бойынша есептеледі:

Қайта сақтандырушының үлесін ескергендегі аралас коэффициент
=
Қайта сақтандырушының үлесін ескергендегі есепті кезең үшін шығындылық коэффициенті
+
Қайта сақтандырушының үлесін ескергендегі жұмсалған қаражат коэффициенті.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      14. Қайта сақтандырушының үлесін ескермегендегі аралас коэффициент мына формула бойынша есептеледі:

Қайта сақтандырушының үлесін ескермегендегі аралас коэффициент
=
Қайта сақтандырушының үлесін ескермегендегі есепті кезең үшін шығындылық коэффициенті
+
Қайта сақтандырушының үлесін ескермегендегі жұмсалған қаражат коэффициенті.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      15. Полистер бойынша шығындылық коэффициенті есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есептеледі.
      16. Қайта сақтандырушының үлесін ескергенде полистер бойынша шығындылық коэффициенті сақтандырудың әрбір сыныбы (түрі) бойынша жеке және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық сақтандыру портфелі бойынша мына формуламен есептеледі:

Қайта сақтандырушының үлесін ескергенде полистер бойынша шығындылық коэффициенті
=
Шеккен шығындар
*100%.
Еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары

      
      Полистік жыл бойынша шығындылық коэффициентін есептеу үшін пайдаланылатын еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру шарттарын бұзуға байланысты шығыстар ескерілген, есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есепті күнгі еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына азайтылған сақтандыру сыйлықақылары ретінде есептеледі.
      Шеккен шығындар және еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есептеледі.
      Полистер бойынша шығындылық коэффициентін есептеу кезінде шеккен шығындар және еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары есепті кезеңнің алдындағы соңғы 2 (екі) жыл үшін есептеледі.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      17. Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде полистер бойынша шығындылық коэффициенті сақтандырудың әрбір сыныбы (түрі) бойынша жеке және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық сақтандыру портфелі бойынша мына формуламен есептеледі:

Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде полистер бойынша шығындылық коэффициенті
=
Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде шеккен шығындар
*100%.
Таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары

      
      Таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде заңды күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша, есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде заңды күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есепті күні таза еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың резерві шамасына азайтылған сақтандыру сыйлықақылары ретінде есептеледі.
      Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде шеккен шығындар және таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есептеледі.
      Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде полистер бойынша шығындылық коэффициентін есептеу кезінде шеккен шығындар және таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары есепті кезеңнің алдындағы соңғы 2 (екі) жыл үшін есептеледі.
      Еңбек сіңірілген таза сақтандыру сыйлықақыларын есептеу кезінде еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резервіндегі қайта сақтандырушының үлесі қайта сақтандырушыдан алған комиссиялық сыйақыны есептемей толық көлемде ескеріледі.
      18. Теріс мәні бар шығындылық коэффициентінің қорытынды мәндері нөл мәнін қабылдайды.

  Сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымының
шығындылығын сипаттайтын
коэффициенттерді
(шығындылық коэффициентін,
жұмсалған қаражат
коэффициентін, аралас
коэффициентті)
есептеу қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
аралас коэффициентін есептеу туралы есеп

      Есепті кезең: 20__жылғы "___"________
      Индексі: 1–LR_M
      Кезеңділігі: ай сайын
      Ұсынатындар: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары
      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
      Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей
      Нысан
      ________________________________________________________
      (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
       20__жылғы "1"_______ жағдай бойынша
       (мың теңгемен)

р/с

Сақтандыру сыныптарының (түрлерінің) атауы
Еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары
Сақтандыру төлемдері
Шығындар резервтеріндегі өзгерістері
Реттеуге арналған шығындар
Барлығы
Еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылардың таза сомасы
Барлығы
Сақтандыру төлемдерінің таза сомасы
Барлығы
Шығындар резервтеріндегі өзгерістердің таза сомасы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1.
Міндетті сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
1.1
көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі
 
 
 
 
 
 
 
1.2
тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі
 
 
 
 
 
 
 
1.3
өсімдік шаруашылығын сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
1.4
жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
1.5
экологиялық сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
1.6
аудиторлардың және аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі
 
 
 
 
 
 
 
1.7
туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі
 
 
 
 
 
 
 
1.8
қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты болатын объект иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі
 
 
 
 
 
 
 
1.9
Қызметкерді еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде жазатайым жағдайлардан сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
1.10
сақтандырудың өзге сыныптары (түрлері)
 
 
 
 
 
 
 
2.
Ерікті жеке сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
2.1
өмірді сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
2.2
аннуитеттік сақтандыру, оның ішінде:
х
х
х
х
х х
х
х
2.2.1
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған зейнетақы аннуитет шарттары
х
х
х
х
х х
х
х
2.2.2
қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған аннуитет шарттары
х
х
х
х
х х
х
х
2.2.3
аннуитеттік сақтандырудың өзге сыныптары (түрлері)
х
х
х
х
х х
х
х
2.3
жазатайым жағдайлардан сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
2.4
аурулардан сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
2.5
сақтандырудың өзге сыныптары (түрлері)
 
 
 
 
 
 
 
3.
Ерікті мүліктік сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
3.1
автомобиль көлігін сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
3.2
теміржол көлігін сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
3.3
әуе көлігін сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
3.4
су көлігін сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
3.5
жүктерді сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
3.6
3.1-3.5-тармақтарын қоспағанда, залалдан мүлікті сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
3.7
автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
3.8
әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
3.9
су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
3.10
3.7-3.9-тармақтарда көрсетілген сыныптарды қоспағандағы, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
3.11
қарыздарды сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
3.12
ипотекалық сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
3.13
кепілдіктер мен кепілдемелерді сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
3.14
басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
3.15
3.11-3.14-тармақтарда көрсетілген сыныптарды қоспағанда қаржылық ұйымдардың шығындарын сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
3.16
титулдық сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
3.17
сот шығыстарын сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
3.18
сақтандырудың өзге сыныптары (түрлері)
 
 
 
 
 
 
 
4.
Барлық сақтандыру портфелі бойынша
 
 
 
 
 
 
 

      
      кестенің жалғасы

Шығындар
Таза шығындар
Қайта сақтандырушының үлесін ескергенде есепті кезең үшін шығындылық коэффициенті, % ((5)+ (7)+ (9))/(3)
Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде есепті кезең үшін шығындылық коэффициенті, % ((6)+(8)+(9))/(4)
Қайта сақтандырушының үлесін ескергенде шығындар коэффициенті, % (10)/(3)
Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде шығындар коэффициенті, % (11)/(4)
Қайта сақтандырушының үлесін ескергенде аралас коэффициенті, % (12)+(14)
Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде аралас коэффициенті, % (13)+(15)
10
11
12
13
14
15
16
17
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
х
 
х
х
х
х
х
х
х
 
х
х
х
х
х
х
х
 
х
х
х
х
х
х
х
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
х
х
 
 
х
х
х
х
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезде – оның орнындағы тұлға)
      _________________________________________________ ___________________
       тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса) қолы
      Бас бухгалтер ___________________________________ ___________________
       тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса) қолы
      Актуарий _________________________________ _________ ________________
      тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса) қолы телефон нөмірі
      Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы "____" __________
      Мөр орны (бар болса)

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды
толтыру бойынша түсіндірме
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
аралас коэффициентін есептеу туралы есеп
1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралас коэффициентін есептеу туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
      2. Нысан "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-бабының 9-2) тармақшасына және 75-1-бабына сәйкес әзірленді.
      3. Нысанды сақтандыру (қайта сақтандыру) ай сайын есепті кезең соңындағы жағдай бойынша жасайды. Нысандағы сома мың теңгемен көрсетіледі. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
      4. Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы тұлға), бас бухгалтер және актуарий қол қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу тәртібін айқындайды.
      6. Нысан жинақтаушы сақтандырудың сынаптарын (түрлерін) қоспағанда, сақтандырудың барлық сынаптары (түрлері) бойынша толтырылады.
      7. Есепті күннің алдындағы он екі айдағы барлық өлшемдер пайдаланылады.
      8. 3-бағанда Қағидалардың 8-тармағының екінші бөлігіне сәйкес есептелген еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары көрсетіледі.
      9. 4-бағанда Қағидалардың 9-тармағының екінші бөлігіне сәйкес есептелген таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары көрсетіледі.
      10. 5-бағанда есепті күннің алдындағы он екі айдағы сақтандыру төлемдері көрсетіледі.
      11. 6-бағанда есепті күннің алдындағы он екі ай үшін қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде сақтандыру төлемдері көрсетіледі.
      12. 7-бағанда есепті күннің алдындағы он екі ай үшін шығындар резервтеріндегі өзгерістер көрсетіледі.
      13. 8-бағанда есепті күннің алдындағы он екі ай үшін қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде шығындар резервтеріндегі өзгерістер көрсетіледі.
      14. 9-бағанда есепті күннің алдындағы он екі ай үшін реттеуге шығыстар көрсетіледі.
      15. 10, 11, 14, 15, 16, 17-бағандар барлық сақтандыру портфелі бойынша толтырылады.
      16. 12-бағанда 5, 7 және 9-бағандардың 3-бағанның тиісті мәніне арақатысы сомасы көрсетіледі.
      17. 13-бағанда 6, 8 және 9-бағандардың 4-бағанның тиісті мәніне арақатысы сомасы көрсетіледі.
      18. 14-бағанда 10-бағанның 3-бағанның тиісті мәніне арақатысы сомасы көрсетіледі.
      19. 15-бағанда 11-бағанның 4-бағанның тиісті мәніне арақатысы сомасы көрсетіледі.
      20. 16-бағанда 12 және 14-бағандардың тиісті мәндерінің арақатысы сомасы көрсетіледі.
      21. 17-бағанда 13 және 15-бағандардың тиісті мәндерінің арақатысы сомасы көрсетіледі.
      22. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

  Сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымының
шығындылығын сипаттайтын
коэффициенттерді
(шығындылық коэффициентін,
жұмсалған қаражат
коэффициентін, аралас
коэффициентті)
есептеу қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Полистер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
шығындылық коэффициентін есептеу туралы есеп

      Есепті кезең: 20__жылғы "___"________
      Индексі: 2-LR_A
      Кезеңділігі: жыл сайын
      Ұсынатындар: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары
      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
      Ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен (қоса алғанда) кешіктірмей
      Нысан
      ___________________________________________
      (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
       20__жылғы "1"____жағдай бойынша
       (мың теңгемен)

 
 
Сақтандыру сыныптарының (түрлерінің) атауы
Еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары
Сақтандыру төлемдері
Шығындар резервтеріндегі өзгерістері
Реттеуге арналған шығындар
Полистер бойынша қайта сақтандырушының үлесін ескергенде шығындылық коэффициенті, % ((5)+(7)+(9))/(3)
Полистер бойынша қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде шығындылық коэффициенті, % ((6)+(8)+(9))/(4)
Барлығы
Еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылардың таза сомасы
Барлығы
Сақтандыру төлемдерінің таза сомасы
Барлығы
Шығындар резервтеріндегі өзгерістердің таза сомасы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
1.
Міндетті сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.1
көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.2
тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.3
өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.4
жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.5
экологиялық сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.6
Аудиторлардың және аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.7
туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.8
қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты болатын объект иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.9
Қызметкерді еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде жазатайым жағдайлардан сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.10
сақтандырудың өзге сыныптары (түрлері)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.
Ерікті жеке сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.1
өмірді сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.2
аннуитеттік сақтандыру, оның ішінде
х
х
х
х
х
х
х
х
х
2.2.1
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған зейнетақы аннуитет шарттары
х
х
х
х
х
х
х
х
х
2.2.2
"Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы Заңына сәйкес жасалған аннуитет шарттары
х
х
х
х
х
х
х
х
х
2.2.3
аннуитетті сақтандырудың өзге сыныптары (түрлері)
х
х
х
х
х
х
х
х
х
2.3
жазатайым жағдайлардан сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.4
аурулардан сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.5
сақтандырудың өзге сыныптары (түрлері)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.
Ерікті мүліктік сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.1
автомобиль көлігін сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.2
теміржол көлігін сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.3
әуе көлігін сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.4
су көлігін сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.5
жүктерді сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.6
3.1-3.5-тармақтарды қоспағанда, залалдан мүлікті сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.7
автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.8
әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.9
су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.10
3.7-3.9-тармақтарда көрсетілген сыныптарды қоспағандағы, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.11
Қарыздарды сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.12
ипотекалық сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.13
кепілдіктер мен кепілдемелерді сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.14
өзге қаржылық шығындардан сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.15
3.11-3.14-тармақтарда көрсетілген сыныптарды қоспағанда қаржылық ұйымдардың шығыстарын сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.16
титулдық сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.17
сот шығыстарын сақтандыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.18
сақтандырудың өзге сыныптары (түрлері)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4.
Сақтандыру портфелінің барлығы бойынша
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезде – оның орнындағы тұлға)
      _________________________________________________ ___________________
       тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса) қолы
      Бас бухгалтер ___________________________________ ___________________
       тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса) қолы
      Актуарий _________________________________ _________ ________________
      тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса) қолы телефон нөмірі
      Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы "____" __________
      Мөр орны (бар болса)

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша
түсіндірме
Полистер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
шығындылық коэффициентін есептеу туралы есеп
1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Полистер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеу туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
      2. Нысан "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-бабының 9-2) тармақшасына және 75-1-бабына сәйкес әзірленді.
      3. Нысанды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары жыл сайын есепті кезең соңындағы жағдай бойынша толтырады. Нысандағы сома мың теңгемен көрсетіледі. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
      4. Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы тұлға), бас бухгалтер және актуарий қол қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеу тәртібін айқындайды.
      6. Нысан жинақтаушы сақтандырудың сынаптарын (түрлерін) қоспағанда, сақтандырудың барлық сынаптары (түрлері) бойынша толтырылады.
      7. 3-бағанда Қағидалардың 16-тармағының екінші бөлігіне сәйкес есептелген таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары көрсетіледі.
      8. 4-бағанда Қағидалардың 17-тармағының екінші бөлігіне сәйкес есептелген таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары көрсетіледі.
      9. 5-бағанда есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есепті күннің алдындағы жиырма төрт айға сақтандыру төлемдері көрсетіледі.
      10. 6-бағанда есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есепті күннің алдындағы 24 (жиырма төрт) айға қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде сақтандыру төлемдері көрсетіледі.
      11. 7-бағанда есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есепті күннің алдындағы 24 (жиырма төрт) айға шығындар резервтеріндегі өзгерістері көрсетіледі.
      12. 8-бағанда есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есепті күннің алдындағы 24 (жиырма төрт) айға қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде шығындар резервтеріндегі өзгерістері көрсетіледі.
      13. 9-бағанда есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есепті күннің алдындағы 24 (жиырма төрт) айға реттеуге арналған шығындар көрсетіледі.
      14. 10-бағанда 5, 7 және 9-бағандардың 3-бағанның тиісті мәніне арақатысы сомасы көрсетіледі
      15. 11-бағанда 6, 8 және 9-бағандардың 4-бағанның тиісті мәніне арақатысы сомасы көрсетіледі.
      16. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 240 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының күші жойылған нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесі

      1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 83 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4218 тіркелген).
      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және сақтандыру брокерлерін реттеу және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 125 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4724 тіркелген).
      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы № 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 181 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4862 тіркелген).
      4. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы № 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 106 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6381 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған).
      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 131 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актілеріне қаржы ұйымдары ұсынатын есеп беру нысанын жетілдіру бойынша енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар тiзбесiнің 15-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6554 тіркелген).