Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 16 қазандағы № 994 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 18 қаңтарда № 12812 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-20) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2020 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға оның көшірмелерін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
А. Рау

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      Е.А. Досаев __________________

      2015 жылғы 3 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 16 қазандағы
№ 994 бұйрығымен бекітілген

Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 600 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Cертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - заң) 14-бабы 1-тармағының 41-20) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі-Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және сертификаттау және үлгі сертификатын беру және "Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру" мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2020 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) орындаушы (дайындаушы) – авиациялық техникалардың тәжірибелі үлгісін жобалауды, жасауды және ӘК сериялық шығаруды, қозғалтқыштар мен жабдықтарды шығаруды жүзеге асыратын ұйым;

      2) дайындаушы - әуе кемесін шығаруды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлға.

      3) зауыттық сынақ - әуе кемесінің үлгісін, оның сипаттамаларын және пайдалану құжаттамасын сертификаттық базис талаптарына сәйкестікке дейін келтіру;

      4) мемлекеттік сынау – әуе кемесі үлгісінің ұшуға жарамдылық нормаларының талаптарына сәйкестігін көрсету.

      5) өтінім - өтініш берушінің әуе кемесінің үлгісіне үлгі сертификатын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жазбаша өтініш;

      6) пайдаланушы - азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;

      7) пайдалану құжаттамасы - әуе кемесінің және компонентінің, техникалық қызмет көрсетуді қоса алғанда, ұшу және техникалық пайдаланылуын регламенттейтін және пайдалану шектеулерінен, рәсімдері мен ұсынымдарынан тұратын құжаттама;

      8) пайдалану сынағы - жерде және әртүрлі климатикалық физикалық жағдайларда әуеде пайдалану процесінде кезіндегі әуе кемесінің сынақ үлгісі;

      9) үлгі сертификатын ұстаушы - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымнан әуе кемесінің үлгісіне үлгі сертификатын алған әзірлеуші;

      10) үлгі сертификаты - азаматтық әуе кемесінің үлгісі конструкциясының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін растайтын құжат.

      3. Азаматтық әуе кемесінің үлгісін сертификаттағаны үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Азаматтық әуе кемесінің үлгісін сертификаттау мемлекеттік бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.

      4. Сериялық шығару процесінде Үлгі сертификатын ұстаушы жұмыс бабындағы конструкторлық құжаттама кешендерін сақтауды ұйымдастырады және сериялы шығаруды, материалдар қасиетінің, технологиялық процестердің тұрақтылығын, сертификатталған үлгінің сериялы дайындалатын даналары үшін бөлшектер мен тораптар сипаттамаларының тұрақтылығын сақтауды ұйымдастырады.

      5. Әуе кемесінің үлгісін зауыттық сынауды жүргізу басталғанға дейін әзірлеуші мен жасап шығарушы аталған дананың жұмыс бабындағы конструкторлық куәландыратын формуляр, паспорт немесе оларға балама құжатты ресімдейді. Әуе кемесін мемлекеттік сынау көрсетілген құжаттар болған жағдайда ғана басталады.

      6. Әуе кемесінің үлгісін зауыттық сынақтар әуе кемесі данасының, оның компоненттері мен жүйелерінің сынақ жүргізуге дайындығы бойынша жүргізіледі.

      7. Әзірлеуші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға метрологиялық қамтамасыз ету туралы ақпарат, есептер және әуе кемесі үлгісінің зауыттық сынақтар жүргізуге дайындығы туралы техникалық құжаттама жібереді.

      8. Зауыттық сынақтар:

      1) әуе кемесі үлгісінің, оның сипаттамаларын және пайдалану құжаттамасын күтілетін пайдалану жағдайындағы ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестікке жеткізу;

      2) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына әсер ететін айрықша жауапты функционалдық жүйелерінің (планер, шасси, басқару жүйесі, аэродинамикалық сипаттамалар, тежегіш, гидравликалық және басқа да жүйелер) үлгі конструкциясын белгілеу;

      3) мемлекеттік сынауды жүргізу үшін әуе кемесін әкелу мүмкіндігін белгілеу мақсатында жүргізіледі.

      9. Зертханалық, стендтік, жер үстіндегі, ұшудағы және арнайы сынауды қоса алғанда, зауыттық сынаудың бағдарламасын әзірлеуші әзірлейді және ол тіркелген сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.

      10. Егер әуе кемесі үлгісінің анықталған сәйкессіздіктері мен кемшіліктері кезінде зауыттық сынақтарды одан әрі жүргізу тәуекелмен байланысты екендігі белгіленсе, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сынақтарды тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды. Зауыттық сынақтар әзірлеуші анықталған сәйкессіздіктерді жойып, растау құжаттарын ұсынғаннан кейін қайта жаңартылады.

      11. Әуе кемесінің үлгісін мемлекеттік сынау азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қатысуымен әзірлеуші бекіткен жоспарға сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік сынау жүргізілетін мерзімдер туралы әзірлеуші сынау басталғанға дейін күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымды хабардар етеді. Мемлекеттік сынаудың нәтижесі бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым мен әзірлеуші еркін нысанда бірлескен қорытынды дайындайды.

      Әуе кемесінің үлгісін пайдаланып сынауды әзірлеуші әзірлеген және бекіткен кестеге сәйкес әзірлеуші әртүрлі климаттық физикалық жағдайларда өткізеді.

      12. Зауыттық, мемлекеттік және пайдаланып сынау аяқталғаннан кейін әзірлеуші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға мынадай құжаттарды:

      1) әуе кемесі үлгісінің әзірлеуші бекіткен ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігінің зауыттық және пайдаланып сынау нәтижелері бойынша түзетілген кестесін;

      2) зауыттық, мемлекеттік және пайдаланып сынау нәтижелерi бойынша нақтыланған пайдалану құжаттамасының жиынтығын;

      3) әуе кемесi үлгiсiнiң жұмыс бабындағы конструкторлық құжаттамасының бақылау және ағымдағы жиынтықтары (жиынтықтардың нөмiрлерi көрсетiледi) зауыттық және пайдаланып сынау жұмыстарының нәтижелерi бойынша түзетiлгенi, әуе кемесi үлгiсiнiң үлгiлiк конструкциясын көрсететiнi, осы үлгiдегi әуе кемесiнiң үлгiсiн сериялық шығару үшiн жарамды екенi, бекiтiлгенi және өтiнiш берушi мен дайындаушыда сақталатыны туралы хабарламаны жібереді.

      13. Пайдаланушы конструкцияға және пайдалану құжаттамасына қандай да бір өзгерістерді осы өзгерістерді тек Үлгі сертификатын ұстаушымен келісім бойынша ғана енгізеді.

      14. Әуе кемелеріне Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 ж.) (бұдан әрі – Конвенция) 16-қосымшасында белгіленген қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар қолданылады.

      15. Қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар әуе кемесінің сертификаттау нормаларына дербес бөлімдер ретінде енгізіледі.

      16. Әуе кемесі үлгісінің қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптарға сәйкестігі жергілікті жердегі шуыл бойынша әуе кемесінің Үлгі сертификатымен куәландырылады. Әзірлеуші мемлекетпен берілген Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым, қозғалтқыш эмиссиялары жөніндегі сондай-ақ басқа мемлекеттің уәкілетті сертификаттайтын ұйымы берген эмиссиялары жөніндегі сертификатты оған сәйкес сертификация жүргізілген талаптар Конвенцияға 16-қосымшаның 2-томында жазылған ережеге қарағанда қатаң емес болып табылатын жағдайда сертификаттарды таниды.

2-тарау. Сертификаттау және үлгі сертификатын беру тәртібі 1-параграф. Сертификаттауды жүргізу

      17. Сериялы шығаруға арналған жаңа конструкциядағы (жаңа үлгiдегi) азаматтық әуе кемесiнің Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген ұшуға жарамдылығының нормаларына сәйкестiгiн азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификаттауға тиіс және ол зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтарынан өткеннен кейiн оның азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген үлгi сертификаты болуға тиіс.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      18-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.04.2022 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Сертификаттау жұмыстары және үлгі сертификатын беру (Doc. 9760) "Ұшу жарамдылығы бойынша нұсқау" ИКАО құжатының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын алу үшін әзірлеуші уәкілетті ұйымға "электрондық үкіметтің" www.egov.kz - веб-порталы арқылы (бұдан әрі-портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінімді және осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес "Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) көзделген құжаттарды жолдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта келтірілген.

      Портал арқылы жүгінген кезде әзірлеушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Әзірлеуші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі өтінімді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер пайдаланушы сертификаты, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлікті, ұшуларды орындау құқығына куәлікті, азаматтық әуе кемесінің үлгісін сертификаттау үшін бюджетке алымның төленгенің растауды әзірлеуші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы әзірлеуші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 17.08.2021 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      18-1. Уәкілетті ұйым құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 18-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2020 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18-2. Құжаттарды қарау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 18-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2020 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18-3. Әзірлеушінің порталға осы Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті ұйым өтінімді қабылдаудан бас тартады.

      Әзірлеуші Стандартта көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті ұйым әзірлеушінің және ұсынылған материалдардың, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің сәйкестігін тексереді және осы Қағидалардың 3-параграфына сәйкес сертификаттық тексеруді жүзеге асырады.

      Ескерту. 18-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2020 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 17.08.2021 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.

2-параграф. Шет мемлекетімен берілген үлгі сертификатты тану

      19. Әуе кемесінің сертификациясын жүзеге асыратын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйыммен, шет мемлекет берген үлгі сертификаты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым, оған сәйкес үлгі сертификаты берілген талаптар Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі – ИКАО) талаптары мен стандарттарына және Қазақстан Республикасында белгіленген ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкес болған жағдайда таниды.

3-параграф. Азаматтық әуе кемесінің сертификаттық тексеру және үлгі сертификатын беру (беруден бас тарту)

      Ескерту. 3-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2020 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Авиациялық инспекторлар үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым әзірлеген нұсқамалық материалды пайдалана отырып сертификаттық зерттеу жүргізіледі.

      21. Сертификаттық зерттеуді жүргізу кезінде мыналар жүзеге асырылады:

      1) әуе кемесінің үлгілік конструкциясы;

      2) жабдықтың, бекітілетін тораптар және тағы басқалар;

      3) ушу-техникалық сипаттамасы;

      4) ұшуды сынау құжаттамасы;

      5) пайдалану шектеулері;

      6) жабдықтың және өнімнің кескіндерінің сызбалары мен ерекшеліктері.

      22. Тексеру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларының талаптарына конструкциялардың сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізіледі. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12038 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған)

      23. Сертификаттық тексеру жүргізу басталғанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын әзірлеушіге сертификаттау рәсімінің басталу күні, ықтимал өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және оларға сәйкес сертификаттық тексеру жүзеге асырылатын халықаралық ұйымдар құжаттарының тізбесі туралы ақпаратты қамтитын еркін нысандағы хабарлама әзірлеушінің "жеке кабинетіне" портал арқылы жіберіледі.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 17.08.2021 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      24-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.04.2022 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Сертификаттық тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемесі үлгісінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы актіге (бұдан әрі-акт) әуе кемесі үлгісінің нақты жай-күйін, тұжырымдарды, ұсынымдарды және үлгі сертификатын беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындыны көрсете отырып, екі данада қол қойылады, актінің бір данасы әзірлеушінің порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Уәкілетті ұйым әуе кемесі үлгісінің үлгі конструкциясының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін белгілейтін зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтарының оң нәтижелері және үлгі сертификатын беру мүмкіндігі туралы қорытынды негізінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша деректер картасын қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес үлгі сертификатын ресімдейді немесе үлгі сертификатын беру мүмкін еместігі туралы қорытынды негізінде Стандартта көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімдейді.

      Үлгі сертификаты шектеусіз мерзімге беріледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі әзірлеушінің порталдағы "жеке кабинетіне" уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 17.08.2021 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      25. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2020 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 4-параграфтың тақырыбы алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2020 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік анықталған жағдайда, әзірлеуші оны жою шартымен актіге қол қойылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларды жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынады.

      Әзірлеушінің анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша әзірлеуші ұсынған шаралары негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде түзету іс-қимылдарының жоспары бекітіледі не оның себептерін негіздей отырып, пысықтауға қайтарылады.

      Уәкілетті ұйым түзету іс-қимылдары жоспарында көрсетілген мерзімді әзірлеуші оны өзгерту қажеттілігі туралы негіздеме ұсынған шарттарды ұзартады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2020 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Уәкілетті ұйым әзірлеушінің түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуын және (немесе) түзету іс-қимылдарын жоспарда белгіленген мерзімде орындауын бақылайды.

      Егер әзірлеуші түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспарын осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынбаса немесе түзету іс-қимылдарын жоспарда белгіленген мерзімде орындамаса, уәкілетті ұйым үлгі сертификатын беруден бас тартады.

      Анықталған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін әзірлеуші уәкілетті ұйымның тексеру үшін растаушы құжаттаманы қоса бере отырып, жоспарда белгіленген мерзімде түзету іс-қимылдарын орындау туралы еркін нысандағы анықтаманы ұсынады.

      Тексерудің оң немесе теріс қорытындысының нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 24-тармағының екінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ресімделеді және осы Қағидалардың 24-тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген тәсілмен әзірлеушіге жіберіледі.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2020 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Әуе кемесінің үлгісін пайдаланудан алған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым шешімімен осы үлгіге Үлгі сертификаты күші жойылады.

      29. Азаматтық әуе кемесі үлгісінің бекітілген конструкциясы (үлгілік конструкциясы) немесе пайдалану - техникалық құжаттамасы өзгеріп, ол ұшуға жарамдылығына әсер еткен жағдайда, әуе кемесінің бұл түрін үлгі сертификатын қосымша алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қосымша сертификаттауға тиіс.

      30. Бастапқы әзірлеуші болып табылмайтын ӘК модификациясын әзірлеушілер үшін әуе кемесінің үлгі конструкциясындағы басты өзгерістерге қосымша үлгі сертификатын (ҚҮС) беру үшін ҚҮС берудің (немесе танудың) қажетті шарты әуе кемесін әзірлеуші мен өтінім беруші арасында ҚҮС-на авторлық сүйемелдеу үшін жауапкершілікті бөлу туралы келісімнің болуы қажет.

      31. Уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізу Қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2020 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      31-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.04.2022 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31-1. Уәкілетті ұйым қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган басшысының атына берілуі мүмкін.

      Өтініш берушінің мына мекенжайларға келіп түскен шағымы:

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті ұйым оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады;

      азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 31-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2020 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      31-2-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.04.2022 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31-2. Уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша түрде (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде ) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық нысанда берілген кезде) хабарлайды.

      Уәкілетті ұйым шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.

      Ескерту. 31-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2020 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      32-тармақты алып тастау көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.04.2022 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымы үлгі сертификатын беру кезінде әзірлеушінің құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде үлгі сертификатын беруге ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.

      Әзірлеуші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымы көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту туралы жауапты береді.

5-параграф. Үлгі сертификатының қолданысын тоқтата тұру

      33. Ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кемшіліктер табылған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым үлгі сертификатының қолданысын тоқтата тұрады.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым ұшу қауіпсіздігіне қауіп төнген кемшіліктерді анықтаған жағдайында, аталған кемшіліктерді жойғанға дейін Үлгі сертификатының күші тоқтата тұрады.

      34. Үлгі сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қабылданған шешім туралы әуе кемесінің осы үлгісін пайдаланатын әзірлеуші мен пайдаланушы, сонымен сондай-ақ аэронавигациялық ақпарат қызметіне дереу хабарлайды.

      35. Әзiрлеушi анықталған кемшiлiктердi жойып, әуе кемесi үлгісінiң ұшуға жарамдылық нормаларының талаптарына сәйкестiгiн растайтын зауыттық, мемлекеттік және пайдаланып сынау өткiзілгеннен кейiн ғана Үлгi сертификатының қолданысын қалпына келтiрудi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйым жүзеге асырады.

  Сертификаттау және үлгі
сертификатын
беру қағидаларына
1-қосымша

Өтінім

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2020 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттаудан өткізуді және сертификат беруді сұраймын.

      Үлгісі___________________________________________________________

      Әуе кемесінің мақсаты ___________________________________________

      Әуе кемесінің жасалған күні _____________________________________

      Дайындаушының атауы _____________________________________________

      2. Өтініш беруші туралы мәліметтер (заңды тұлға/жеке тұлға):

      БСН/ЖСН__________________________________________________________

      Мекенжайы _______________________________________________________

      Телефон: ___________________ Факс: _______________________________

      Электрондық поштаның мекенжайы (бар болса) _______________________

      Егер ӘК Пайдаланушыға жеке тұлға болса:

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)_______________________________________

      Егер ӘК Пайдаланушыға заңды тұлға болса:

      Ұйымның толық атауы _____________________________________________

      Басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ____________________________

      Өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге жауапты қызметкердің тегі, аты,

      әкесінің аты, телефоны (болған жағдайда) ______________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. ӘК данасының орналасқан жері ____________________________________

      4. Массасы, кг ________________ Орталықтандыру, % САХ ______________

  Сертификаттау және үлгі
сертификатын беру
қағидаларына
1-1-қосымша

      Ескерту. 1-1-қосымша толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2020 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 17.08.2021 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.

"Азаматтық әуе кемесі үлгісінің сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-портал

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

15 ( он бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Әуе кеменің үлгі сертификатын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
Алымды төлеу "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде жүзеге асырылады.
Азаматтық әуе кемесінің үлгісін сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері санатына байланысты:
1) ұшақ үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 10 000 айлық есептік көрсеткішті;
2) тікұшақ үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 5 000 айлық есептік көрсеткішті;
3) басқа ұшу аппараттары үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 1 000 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысанда, сондай-ақ электрондық үкімет төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады

7

Жұмыс кестесі

1) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Төменде көрсетілген құжаттардың тізбесіне сәйкес өтінім және құжаттардың электрондық көшірмелері:
1) ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
2) формулярлар;
3) материалдың негізгі өлшемдері мен маркалары көрсетілген негізгі күш тораптарының, оның ішінде қанатын бекіту, тірек тораптарының, қозғалтқыштың, шассидің сызбалары (эскиздері);
4) отын және тежегіш жүйелерінің, электр жабдығының, басқару жүйесінің схемалары;
5) үлгінің фотосуреттері (алдынан, жанынан, артынан) жоғарыдан;
6) әуе кемесінің үлгісін зауыттық, мемлекеттік және пайдалануда сынау нәтижелері;
7) схемалар, жүйелер, негiзгi сипаттамалар, пайдаланудың межеленген шарттары мен диапозонында үлгi сертификатталатын шектеулер қысқаша баяндалған техникалық құжаттаманы, сондай-ақ ұшуға жарамдылық нормаларының осы үлгiге қолданылатын тарауларының, бөлiмдерi мен тармақтарының, оның ұшуға жарамдылығына қатысты арнайы техникалық шарттардың және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптардың тiзбесi

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттардың мемлекеттік қызметті алу үшін және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалармен және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық нормаларымен айқындалған талаптарға сәйкес келмеуі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12038 болып тіркелген);
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайларда

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
Министрлік – www. miid. gov. kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі, "Азаматтық авиация комитеті" бөлімі.
Қызмет алушы:
мемлекеттік қызметті электрондық түрде портал арқылы ЭЦҚ-сы болған жағдайда ала алады;
мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi және мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан порталдың "жеке кабинетi" арқылы, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкiндiгi бар.
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777

  Сертификаттау және үлгі
сертификатын
беру қағидаларына
1-2-қосымша
  Нысан

Әуе кемесi үлгiсiнiң ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестiгi (сәйкес еместігі) туралы акті

      Ескерту. 1-2-қосымша толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2020 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _____________________________________________________________

      (уәкiлеттi ұйымның атауы)

      20__ жылғы "___" № _____ бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссия:

      Төраға: ____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)

      Комиссия мүшелерi: ________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)

      Әуе кемесі үлгісінің пайдалану құжаттамасын сараптау және ұшуға жарамдылығын

      бағалау нәтижелері бойынша _________________________

      Қорытындының мәтiнi: _______________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Төраға: __________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)

      Комиссия мүшелерi: ________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)

      Актiмен таныстым: __________________________________________

      Ұйым басшысы _____________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)

  Сертификаттау және үлгi
сертификатын беру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Рәміз Уәкілетті ұйымның атауы Уәкілетті ұйымның мекенжайы _________________________________________________________________ (Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы) ҮЛГІ СЕРТИФИКАТЫ № ______

      Осы сертификат_________________________________________ берілді

      (ұйымның/заңды тұлғаның атауы)

      _________________________________________ үлгілік конструкциясы

      (әуе кемесі үлгісінің атауы)

      азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін куәландырады.

      Үлгінің негізгі пайдалану шектеулері мен сипаттамаларын ол осы сертификаттың

      ажырамас бөлігі болып табылатын деректер картасында қамтылады.

      МО

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті

      ұйымның қызметкері ____________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      Берілген күні: 20__ж. "__" _______

  Сертификаттау және үлгi
сертификатын беру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Деректер картасы Жалпы мәліметтер

      1. Әуе кемесінің үлгісі___________________________________________

      2. Әуе кемесінің моделі__________________________________________

      3. Дайындаушы__________________________________________________

      4. Дайындау орны_______________________________________________

      5. Дайындаудың ерекшеліктері___________________________________

      6. Экипаждың ең аз құрамы______________________________________

      7. Жолаушылардың ең көп саны___________________________________

      8. Багаждың ең көп саны________________________________________

      9. Жүктің ең көп саны__________________________________________

      Геометриялық деректер

      1. Қанаттың құлашы, м _________________________________________

      2. Қанаттың алаңы, шаршы м ____________________________________

      3. ОАХ, м _____________________________________________________

      4. Қанаттың тарылуы____________________________________________

      5. Қанат қондырғысының бұрышы, градус__________________________

      6. Көлденең V қанатының бұрышы, градус ________________________

      7. Қатаң бейінінің үлгісі және салыстырмалы қалыңдығы, % ______

      8. Элерондардың алаңы, шаршы м ________элерондардың құлашы, м

      _______________________________________________________________

      9. Жалғасқанатшалардың алаңы, шаршы м _________________________

      Жалғасқанатшалардың құлашы, ___________________________________

      10. Келденең қанаттанудың құлашы, м ___________________________

      11. Көлденең қанаттанудың алаңы, шаршы м ______________________

      12. Көлденең қанаттанудың иығы, м _____________________________

      13. Тұрақтандырғыш орнату бұрышы, градус ______________________

      14. Жоғары руль алаңы, шаршы м ________________________________

      15. Жоғары рульдің ауытқу бұрышы, градус: жоғары ________ төмен

      _______________________________________________________________

      16. Тігінен қанаттану алаңы, шаршы м __________________________

      17. Тігінен қанаттану иығы, м _________________________________

      18. Бағыттау рулінің алаңы, шаршы м ___________________________

      19. Бағыттау рулінің ауытқу бұрышы, градус: солға ________ оңға

      _______________________________________________________________

      20. Фюзеляждың ұзындығы, м ____________________________________

      21. Фюзеляждың ұшқыш кабинеті бойынша ені/биіктігі, м__________

      22. Шассидің колеясы/базасы, м ________________________________

      23. Дөңгелектердің мөлшері, мм: негізгі _____________ басындағы

      (ұшындағы)_____________________________________________________

      Салмақ деректері

      1. Бос әуе кемесінің салмағы, кг ______________________________

      2. Бос тепе-теңдікте, % ОАХ ___________________________________

      3. Ең көп ұшу салмағы, кг _____________________________________

      4. Қону салмағы, кг ___________________________________________

      5. Ұшу тепе-теңдіктеларының диапазоны, % ОАХ __________________

      6. Отын құю, кг _______________________________________________

      7. Май құю ____________________________________________________

      8. Пайдалы жүктеме, кг ________________________________________

      Күш қондырғысы

      1. Қозғалтқыштың үлгісі мен моделі ____________________________

      2. Ең жоғары қуаты, а.к. ______________________________________

      3. Қозғалтқыштың айналымы, айн./мин.___________________________

      4. Әуе бұрандасының диаметрі, м _______________________________

      5. Қалақ қондырғысының бұрышы, градус _________________________

      6. Бұранданың статикалық тартуы, кг ___________________________

      7. Күш қондырғысының ерекшеліктері (редуктордың, қозғалтқышты

      пысықтаудың және т.б. болуы)___________________________________

      Ұшу сипаттамалары

      1. Штильдің екпіннің ұзындығы, м ______________________________

      2. Көлденең ұшудың ең жоғары жылдамдығы, км/сағ._______________

      3. Крейсер жылдамдығы, км/сағ._________________________________

      4. Жерден көтерілу жеделдігі, м/с _____________________________

      5. Құлау жылдамдығы, км/сағ.___________________________________

      6. Ұшу кезінде жерден алшақтау жылдамдығы, км/сағ._____________

      7. Қону жылдамдығы, км/сағ.____________________________________

  Сертификаттау және үлгi
сертификатын беру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Түзету іс-қимылдарының жоспары

Тармақ

Нормативтік құқықтық актілерге талаптар

Сәйкессіздік

Жою мерзімі

Түзету іс-қимылы

Құжаттар

Жабу күні








Ескертпе: тексерілетін авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның пікірлері мен жауаптары үшін сұр бояуы бар колонка жасалды.

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғасы немесе оның уәкілеттік берген тұлғасы үшін баған :
Сәйкессіздіктерді жабу бойынша шешім қабылдау


Пікірлер


Қолы:


Күні:


тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда Т.А.Ә.):