Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 16 қазандағы № 994 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 18 қаңтарда № 12812 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабы 1-тармағының 14-20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға оның көшірмелерін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
А. Рау

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      Е.А. Досаев __________________

      2015 жылғы 3 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 16 қазандағы
№ 994 бұйрығымен бекітілген

Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 600 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 1-тармағының 41-20) тармақшасына сәйкес әзірленді және сертификаттау және үлгі сертификатын беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) орындаушы (дайындаушы) – авиациялық техникалардың тәжірибелі үлгісін жобалауды, жасауды және ӘК сериялық шығаруды, қозғалтқыштар мен жабдықтарды шығаруды жүзеге асыратын ұйым;

      2) дайындаушы - әуе кемесін шығаруды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлға.

      3) зауыттық сынақ - әуе кемесінің үлгісін, оның сипаттамаларын және пайдалану құжаттамасын сертификаттық базис талаптарына сәйкестікке дейін келтіру;

      4) мемлекеттік сынау – әуе кемесі үлгісінің ұшуға жарамдылық нормаларының талаптарына сәйкестігін көрсету.

      5) өтінім - өтініш берушінің әуе кемесінің үлгісіне үлгі сертификатын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жазбаша өтініш;

      6) пайдаланушы - азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;

      7) пайдалану құжаттамасы - әуе кемесінің және компонентінің, техникалық қызмет көрсетуді қоса алғанда, ұшу және техникалық пайдаланылуын регламенттейтін және пайдалану шектеулерінен, рәсімдері мен ұсынымдарынан тұратын құжаттама;

      8) пайдалану сынағы - жерде және әртүрлі климатикалық физикалық жағдайларда әуеде пайдалану процесінде кезіндегі әуе кемесінің сынақ үлгісі;

      9) үлгі сертификатын ұстаушы - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымнан әуе кемесінің үлгісіне үлгі сертификатын алған әзірлеуші;

      10) үлгі сертификаты - азаматтық әуе кемесінің үлгісі конструкциясының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін растайтын құжат.

      3. Азаматтық әуе кемесінің үлгісін сертификаттағаны үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Азаматтық әуе кемесінің үлгісін сертификаттау мемлекеттік бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.

      4. Сериялық шығару процесінде Үлгі сертификатын ұстаушы жұмыс бабындағы конструкторлық құжаттама кешендерін сақтауды ұйымдастырады және сериялы шығаруды, материалдар қасиетінің, технологиялық процестердің тұрақтылығын, сертификатталған үлгінің сериялы дайындалатын даналары үшін бөлшектер мен тораптар сипаттамаларының тұрақтылығын сақтауды ұйымдастырады.

      5. Әуе кемесінің үлгісін зауыттық сынауды жүргізу басталғанға дейін әзірлеуші мен жасап шығарушы аталған дананың жұмыс бабындағы конструкторлық куәландыратын формуляр, паспорт немесе оларға балама құжатты ресімдейді. Әуе кемесін мемлекеттік сынау көрсетілген құжаттар болған жағдайда ғана басталады.

      6. Әуе кемесінің үлгісін зауыттық сынақтар әуе кемесі данасының, оның компоненттері мен жүйелерінің сынақ жүргізуге дайындығы бойынша жүргізіледі.

      7. Әзірлеуші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға метрологиялық қамтамасыз ету туралы ақпарат, есептер және әуе кемесі үлгісінің зауыттық сынақтар жүргізуге дайындығы туралы техникалық құжаттама жібереді.

      8. Зауыттық сынақтар:

      1) әуе кемесі үлгісінің, оның сипаттамаларын және пайдалану құжаттамасын күтілетін пайдалану жағдайындағы ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестікке жеткізу;

      2) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына әсер ететін айрықша жауапты функционалдық жүйелерінің (планер, шасси, басқару жүйесі, аэродинамикалық сипаттамалар, тежегіш, гидравликалық және басқа да жүйелер) үлгі конструкциясын белгілеу;

      3) мемлекеттік сынауды жүргізу үшін әуе кемесін әкелу мүмкіндігін белгілеу мақсатында жүргізіледі.

      9. Зертханалық, стендтік, жер үстіндегі, ұшудағы және арнайы сынауды қоса алғанда, зауыттық сынаудың бағдарламасын әзірлеуші әзірлейді және ол тіркелген сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.

      10. Егер әуе кемесі үлгісінің анықталған сәйкессіздіктері мен кемшіліктері кезінде зауыттық сынақтарды одан әрі жүргізу тәуекелмен байланысты екендігі белгіленсе, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сынақтарды тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды. Зауыттық сынақтар әзірлеуші анықталған сәйкессіздіктерді жойып, растау құжаттарын ұсынғаннан кейін қайта жаңартылады.

      11. Әуе кемесінің үлгісін мемлекеттік сынау азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қатысуымен әзірлеуші бекіткен жоспарға сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік сынау жүргізілетін мерзімдер туралы әзірлеуші сынау басталғанға дейін күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымды хабардар етеді. Мемлекеттік сынаудың нәтижесі бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым мен әзірлеуші еркін нысанда бірлескен қорытынды дайындайды.

      Әуе кемесінің үлгісін пайдаланып сынауды әзірлеуші әзірлеген және бекіткен кестеге сәйкес әзірлеуші әртүрлі климаттық физикалық жағдайларда өткізеді.

      12. Зауыттық, мемлекеттік және пайдаланып сынау аяқталғаннан кейін әзірлеуші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға мынадай құжаттарды:

      1) әуе кемесі үлгісінің әзірлеуші бекіткен ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігінің зауыттық және пайдаланып сынау нәтижелері бойынша түзетілген кестесін;

      2) зауыттық, мемлекеттік және пайдаланып сынау нәтижелерi бойынша нақтыланған пайдалану құжаттамасының жиынтығын;

      3) әуе кемесi үлгiсiнiң жұмыс бабындағы конструкторлық құжаттамасының бақылау және ағымдағы жиынтықтары (жиынтықтардың нөмiрлерi көрсетiледi) зауыттық және пайдаланып сынау жұмыстарының нәтижелерi бойынша түзетiлгенi, әуе кемесi үлгiсiнiң үлгiлiк конструкциясын көрсететiнi, осы үлгiдегi әуе кемесiнiң үлгiсiн сериялық шығару үшiн жарамды екенi, бекiтiлгенi және өтiнiш берушi мен дайындаушыда сақталатыны туралы хабарламаны жібереді.

      13. Пайдаланушы конструкцияға және пайдалану құжаттамасына қандай да бір өзгерістерді осы өзгерістерді тек Үлгі сертификатын ұстаушымен келісім бойынша ғана енгізеді.

      14. Әуе кемелеріне Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 ж.) (бұдан әрі – Конвенция) 16-қосымшасында белгіленген қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар қолданылады.

      15. Қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар әуе кемесінің сертификаттау нормаларына дербес бөлімдер ретінде енгізіледі.

      16. Әуе кемесі үлгісінің қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптарға сәйкестігі жергілікті жердегі шуыл бойынша әуе кемесінің Үлгі сертификатымен куәландырылады. Әзірлеуші мемлекетпен берілген Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым, қозғалтқыш эмиссиялары жөніндегі сондай-ақ басқа мемлекеттің уәкілетті сертификаттайтын ұйымы берген эмиссиялары жөніндегі сертификатты оған сәйкес сертификация жүргізілген талаптар Конвенцияға 16-қосымшаның 2-томында жазылған ережеге қарағанда қатаң емес болып табылатын жағдайда сертификаттарды таниды.

2-тарау. Сертификаттау және үлгі сертификатын беру тәртібі 1-параграф. Сертификаттауды жүргізу

      17. Сериялы шығаруға арналған жаңа конструкциядағы (жаңа үлгiдегi) азаматтық әуе кемесiнің Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген ұшуға жарамдылығының нормаларына сәйкестiгiн азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификаттауға тиіс және ол зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтарынан өткеннен кейiн оның азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген үлгi сертификаты болуға тиіс.

      18. Сертификаттау жұмыстарын жүргiзу және үлгi сертификатын беру үшiн "Ұшу жарамдылығы бойынша нұсқау" (Doc. 9760) ИКАО құжатының талаптарына сәйкес өтiнiш берушi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйымға www.egov.kz, www.elicens "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы еркін нысанда мынадай құжаттарды:

      1) ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулықты;

      2) формулярларды;

      3) материалдың негiзгi мөлшерi мен маркасы көрсетiлген негiзгi күш тораптарының, оның iшiнде қанатын бекiту, тiрек тораптарының, қозғалтқыштың, шассидiң сызбаларын (эскиздерiн);

      4) отын және тежегiш жүйесiнiң, электр жабдығының, басқару жүйесiнiң схемаларын;

      5) үлгiнiң фотосуреттерiн (алдынан, жанынан, артынан);

      6) схемалар, жүйелер, негiзгi сипаттамалар, пайдаланудың межеленген шарттары мен диапозонында үлгi сертификатталатын шектеулер қысқаша баяндалған техникалық құжаттаманы, сондай-ақ ұшуға жарамдылық нормаларының осы үлгiге қолданылатын тарауларының, бөлiмдерi мен тармақтарының, оның ұшуға жарамдылығына қатысты арнайы техникалық шарттардың және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптардың тiзбесi;

      7) азаматтық әуе кемесінің үлгісін сертификаттағаны үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып өтiнiш бередi.

      Жеке тұлғаны куәландыратын, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді қызмет көрсетуші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік информациялық жүйелерден алады. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым әуе кемесінің үлгі сертификатын жүргізеді.

2-параграф. Шет мемлекетімен берілген үлгі сертификатты тану

      19. Әуе кемесінің сертификациясын жүзеге асыратын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйыммен, шет мемлекет берген үлгі сертификаты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым, оған сәйкес үлгі сертификаты берілген талаптар Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі – ИКАО) талаптары мен стандарттарына және Қазақстан Республикасында белгіленген ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкес болған жағдайда таниды.

3-параграф. Сертификаттық тексеру

      20. Авиациялық инспекторлар үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым әзірлеген нұсқамалық материалды пайдалана отырып сертификаттық зерттеу жүргізіледі.

      21. Сертификаттық зерттеуді жүргізу кезінде мыналар жүзеге асырылады:

      1) әуе кемесінің үлгілік конструкциясы;

      2) жабдықтың, бекітілетін тораптар және тағы басқалар;

      3) ушу-техникалық сипаттамасы;

      4) ұшуды сынау құжаттамасы;

      5) пайдалану шектеулері;

      6) жабдықтың және өнімнің кескіндерінің сызбалары мен ерекшеліктері.

      22. Тексеру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларының талаптарына конструкциялардың сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізіледі. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12038 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған)

      23. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесi бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйым осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi данада әуе кемесі үлгісінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестiгi (сәйкессіздігі) туралы акт жасайды, онда әуе кемесі үлгісінің нақты жай-күйі, тұжырымдар, ұсынымдар және Үлгі сертификатын беру мүмкiндiгi (мүмкiн еместiгi) туралы қорытынды көрсетiледі, актінің бір данасы өтініш

      24. Әуе кемесінің үлгісін ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкессіздігі сертификаттық тексеру кезінде анықталған жағдайында, әзірлеуші күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде актіге қол қойылған күнінен бастап осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымымен бекіту үшін анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынады.

      Бұзушылықтар жойылғаннан кейін, әзірлеуші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға тексеру үшін жоспардың бекітілген мерзімімен түзету іс-қимылдары орындалуы туралы және растайтын құжаттардың қосымшаларын ұсынады.

      25. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымы Үлгі сертификатын беруі туралы шешімді әуе кемесі ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкес келген кезде ғана қабылдайды.

4-параграф. Үлгі сертификатын беру (беруден бас тарту)

      26. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйым зауыттық, мемлекеттік және пайдаланып сынаудың әуе кемесі үлгiсінiң үлгiлiк конструкциясының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестiгiн белгiлейтiн оң нәтижелерінің негiзiнде әуе кемесі үлгісінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі туралы актіні алған сәттен бастап күнтiзбелiк 22 (жиырма екі) жұмыс күн iшiнде үлгi сертификатын бередi.

      27. Үлгі сертификаты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі. Үлгі сертификатына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес деректер картасы қоса беріледі, ол үлгінің үлгілік конструкциясы, үлгінің ұшуға жарамдылығына қатысты пайдалануды шектеу және басқа да шарттар туралы ақпаратты қамтиды. Үлгі сертификаты шектелмеген мерзімге беріледі.

      28. Әуе кемесінің үлгісін пайдаланудан алған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым шешімімен осы үлгіге Үлгі сертификаты күші жойылады.

      29. Азаматтық әуе кемесі үлгісінің бекітілген конструкциясы (үлгілік конструкциясы) немесе пайдалану - техникалық құжаттамасы өзгеріп, ол ұшуға жарамдылығына әсер еткен жағдайда, әуе кемесінің бұл түрін үлгі сертификатын қосымша алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қосымша сертификаттауға тиіс.

      30. Бастапқы әзірлеуші болып табылмайтын ӘК модификациясын әзірлеушілер үшін әуе кемесінің үлгі конструкциясындағы басты өзгерістерге қосымша үлгі сертификатын (ҚҮС) беру үшін ҚҮС берудің (немесе танудың) қажетті шарты әуе кемесін әзірлеуші мен өтінім беруші арасында ҚҮС-на авторлық сүйемелдеу үшін жауапкершілікті бөлу туралы келісімнің болуы қажет.

      31. Әуе кемесі үлгі сертификатын беруден бас тарту мынадай жағдайларда жүргізіледі:

      1) ұсынған әзірлеуші құжаттар пакетінің Қағидалардың 20-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;

      2) зауыттық, мемлекеттік және пайдаланып сынаудың нәтижесі әуе кемесі үлгiсінiң үлгiлiк конструкциясына сәйкестігін белгілейтін ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкес келмеуі.

      32. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымы үлгі сертификатын беру кезінде әзірлеушінің құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде үлгі сертификатын беруге ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.

      Әзірлеуші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымы көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту туралы жауапты береді.

5-параграф. Үлгі сертификатының қолданысын тоқтата тұру

      33. Ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кемшіліктер табылған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым үлгі сертификатының қолданысын тоқтата тұрады.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым ұшу қауіпсіздігіне қауіп төнген кемшіліктерді анықтаған жағдайында, аталған кемшіліктерді жойғанға дейін Үлгі сертификатының күші тоқтата тұрады.

      34. Үлгі сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қабылданған шешім туралы әуе кемесінің осы үлгісін пайдаланатын әзірлеуші мен пайдаланушы, сонымен сондай-ақ аэронавигациялық ақпарат қызметіне дереу хабарлайды.

      35. Әзiрлеушi анықталған кемшiлiктердi жойып, әуе кемесi үлгісінiң ұшуға жарамдылық нормаларының талаптарына сәйкестiгiн растайтын зауыттық, мемлекеттік және пайдаланып сынау өткiзілгеннен кейiн ғана Үлгi сертификатының қолданысын қалпына келтiрудi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйым жүзеге асырады.

  Сертификаттау және үлгi
сертификатын беру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Әуе кемесi үлгiсiнiң ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестiгi (сәйкес еместігі) туралы акті

      _________________________________________________________________

      (азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйымның атауы)

      20__ жылғы "___" № _____ бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссия:

      Төраға:

      _______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      Комиссия мүшелерi: ____________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      ____________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      Әуе кемесі үлгісінің пайдалану құжаттамасын сараптау және ұшуға жарамдылығын

      бағалау нәтижелері бойынша _______________________

      Қорытындының мәтiнi: __________________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      Төраға: ____ __________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      Комиссия мүшелерi: ____________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      ___________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      Актiмен таныстым:

      АТ және ТҚ Ж бойынша ұйым басшысы _____________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

  Сертификаттау және үлгi
сертификатын беру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Рәміз Уәкілетті ұйымның атауы Уәкілетті ұйымның мекенжайы _________________________________________________________________ (Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы) ҮЛГІ СЕРТИФИКАТЫ № ______

      Осы сертификат_________________________________________ берілді

      (ұйымның/заңды тұлғаның атауы)

      _________________________________________ үлгілік конструкциясы

      (әуе кемесі үлгісінің атауы)

      азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін куәландырады.

      Үлгінің негізгі пайдалану шектеулері мен сипаттамаларын ол осы сертификаттың

      ажырамас бөлігі болып табылатын деректер картасында қамтылады.

      МО

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті

      ұйымның қызметкері ____________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      Берілген күні: 20__ж. "__" _______

  Сертификаттау және үлгi
сертификатын беру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Деректер картасы Жалпы мәліметтер

      1. Әуе кемесінің үлгісі___________________________________________

      2. Әуе кемесінің моделі__________________________________________

      3. Дайындаушы__________________________________________________

      4. Дайындау орны_______________________________________________

      5. Дайындаудың ерекшеліктері___________________________________

      6. Экипаждың ең аз құрамы______________________________________

      7. Жолаушылардың ең көп саны___________________________________

      8. Багаждың ең көп саны________________________________________

      9. Жүктің ең көп саны__________________________________________

      Геометриялық деректер

      1. Қанаттың құлашы, м _________________________________________

      2. Қанаттың алаңы, шаршы м ____________________________________

      3. ОАХ, м _____________________________________________________

      4. Қанаттың тарылуы____________________________________________

      5. Қанат қондырғысының бұрышы, градус__________________________

      6. Көлденең V қанатының бұрышы, градус ________________________

      7. Қатаң бейінінің үлгісі және салыстырмалы қалыңдығы, % ______

      8. Элерондардың алаңы, шаршы м ________элерондардың құлашы, м

      _______________________________________________________________

      9. Жалғасқанатшалардың алаңы, шаршы м _________________________

      Жалғасқанатшалардың құлашы, ___________________________________

      10. Келденең қанаттанудың құлашы, м ___________________________

      11. Көлденең қанаттанудың алаңы, шаршы м ______________________

      12. Көлденең қанаттанудың иығы, м _____________________________

      13. Тұрақтандырғыш орнату бұрышы, градус ______________________

      14. Жоғары руль алаңы, шаршы м ________________________________

      15. Жоғары рульдің ауытқу бұрышы, градус: жоғары ________ төмен

      _______________________________________________________________

      16. Тігінен қанаттану алаңы, шаршы м __________________________

      17. Тігінен қанаттану иығы, м _________________________________

      18. Бағыттау рулінің алаңы, шаршы м ___________________________

      19. Бағыттау рулінің ауытқу бұрышы, градус: солға ________ оңға

      _______________________________________________________________

      20. Фюзеляждың ұзындығы, м ____________________________________

      21. Фюзеляждың ұшқыш кабинеті бойынша ені/биіктігі, м__________

      22. Шассидің колеясы/базасы, м ________________________________

      23. Дөңгелектердің мөлшері, мм: негізгі _____________ басындағы

      (ұшындағы)_____________________________________________________

      Салмақ деректері

      1. Бос әуе кемесінің салмағы, кг ______________________________

      2. Бос тепе-теңдікте, % ОАХ ___________________________________

      3. Ең көп ұшу салмағы, кг _____________________________________

      4. Қону салмағы, кг ___________________________________________

      5. Ұшу тепе-теңдіктеларының диапазоны, % ОАХ __________________

      6. Отын құю, кг _______________________________________________

      7. Май құю ____________________________________________________

      8. Пайдалы жүктеме, кг ________________________________________

      Күш қондырғысы

      1. Қозғалтқыштың үлгісі мен моделі ____________________________

      2. Ең жоғары қуаты, а.к. ______________________________________

      3. Қозғалтқыштың айналымы, айн./мин.___________________________

      4. Әуе бұрандасының диаметрі, м _______________________________

      5. Қалақ қондырғысының бұрышы, градус _________________________

      6. Бұранданың статикалық тартуы, кг ___________________________

      7. Күш қондырғысының ерекшеліктері (редуктордың, қозғалтқышты

      пысықтаудың және т.б. болуы)___________________________________

      Ұшу сипаттамалары

      1. Штильдің екпіннің ұзындығы, м ______________________________

      2. Көлденең ұшудың ең жоғары жылдамдығы, км/сағ._______________

      3. Крейсер жылдамдығы, км/сағ._________________________________

      4. Жерден көтерілу жеделдігі, м/с _____________________________

      5. Құлау жылдамдығы, км/сағ.___________________________________

      6. Ұшу кезінде жерден алшақтау жылдамдығы, км/сағ._____________

      7. Қону жылдамдығы, км/сағ.____________________________________

  Сертификаттау және үлгi
сертификатын беру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Түзету іс-қимылдарының жоспары

Тармақ

Нормативтік құқықтық актілерге талаптар

Сәйкессіздік

Жою мерзімі

Түзету іс-қимылы

Құжаттар

Жабу күні








Ескертпе: тексерілетін авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның пікірлері мен жауаптары үшін сұр бояуы бар колонка жасалды.

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғасы немесе оның уәкілеттік берген тұлғасы үшін баған :
Сәйкессіздіктерді жабу бойынша шешім қабылдау


Пікірлер


Қолы:


Күні:


тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда Т.А.Ә.):