Қалдықтары жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 762 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12753 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін ақы төлеуді есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
В. Школьник

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      Ә.Ө. Исекешев ____________

      2015 жылғы 28 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 762 бұйрығымен бекітілген

Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесі 1. Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу

      1. Осы Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері оған (оларға) таралатын өнімдер (тауарлар) тұтынушылық қасиеттерінен айырылғаннан кейін түзілетін қалдықтарды және оның (олардың) орамаларын жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану және (немесе) кәдеге жарату бойынша көрсетілетін қызметтер үшін төлемақыны айқындауға арналған.

      2. Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі – Төлемақы) – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері оған (оларға) таралатын өнімдер (тауарлар) тұтынушылық қасиеттерінен айырылғаннан кейін түзілетін қалдықтарды және оның (олардың) орамаларын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін өндіруші (импорттаушы) жүргізетін өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына (бұдан әрі – Оператор) төленетін ақы.

      3. Алып тасталды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 26.12.2019 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Алып тасталды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 26.12.2019 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Өндірілетін (импортталатын) өнімнің (тауарлардың) әрбір түрі үшін Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақыны есептеу(Сөнім) мынадай формула бойынша жүргізіледі:



      мұнда:

      Сөнім – өндірушілердің (импорттаушылардың) төлеуіне жататын өндірілетін (импортталатын) өнімнің (тауарлардың) әрбір түрінің қалдықтарын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақы;

      m – өндірілетін (импортталатын) өнім (тауарлар) массасы (тоннамен);

      CАЕК – бір айлық есептік көрсеткіштің сомасы;

      k – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес айқындалатын коэффициент.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 26.12.2019 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Алып тасталды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 26.12.2019 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу

      Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 05.12.2019 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Автомобиль көлік құралдарының және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының өндірушілері (импорттаушылары) үшін ағымдағы банк есебіне енгізуге жататын төлемақы көлемін өндірушілер (импорттаушылар) өздігінен осы Әдістеменің 9-тармағына сәйкес есептейді.

      8. Автокөлік құралдарына қатысты төлемақы Операторға осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес базалық мөлшерлемелер және коэффициенттер бойынша, бір мәрте әрбір автокөлік құралы үшін төленеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 26.12.2019 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8-1. Автокөлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты кәдеге жарату алымының базалық ставкасына қолданылатын кәдеге жарату алымының базалық ставкалары мен коэффициенттерін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган ұсынады.

      9. Автомобиль көлік құралдарына және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты төлемақы автомобиль көлік құралдарының және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының әрбір түрі және санаты бойынша келесі нұсқада жүргізіледі:

      По= Негізгі мөлшерлеме* коэффициент,

      мұндағы, По – тұтынушылық сипаты жойылғаннан кейін, өндірушілердің (импорттаушылардың) төлеуіне жататын, бір көлік құралын немесе өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының бір бірлігін жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы.

3. Қаптама, электр және электронды құрал-жабдық, сынапты шамдар, термометрлер, батареялар, пластмасса бұйымдары, импортталатын қаптамадағы тауарлар қалдықтарын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу

      Ескерту. 3-тарау алып тасталды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 26.12.2019 № 122 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қалдықтарды жинауды,
тасымалдауды, қайта өңдеуді,
залалсыздандыруды,
пайдалануды және (немесе)
кәдеге жаратуды ұйымдастыру
үшін төлемақыны есептеу
әдістемесіне
1-қосымша

Өндірушілеріне (импорттаушыларына) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауарлар) үшін төлемақы коэффициенттері

      Ескерту. 1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 26.12.2019 № 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

Өнім (тауар) атауы

Тізбе бөлімі*

k коэффи
циенті

1.

шиналарментыстар

2-бөлімнен. Каучук, резеңке және олардан жасалған бұйымдар

14,15

2.

электр аккумуляторлар

3-бөлімнен. Электр аккумуляторлар және оларға арналған сепараторларды қоса алғанда

56,25

3.

мотор, майлау, ашық түсті, вазелин майлары және жетектерге, репродукторларға және гидравликалық мақсаттарға арналған майлар

4-бөлімнен. Битумды жыныстардан алынған мұнай және мұнай өнімдері (шикілерден басқасы) және басқа жерде аталмаған немесе қосылмаған, құрамында 70 және одан артық массалық пайыз мұнай немесе мұнай өнімдері бар, битумды жыныстардан алынған өнімдер, бұл ретте осы мұнай өнімдері құрамында биодизель және пайдаланылған мұнай өнімдері барларын қоспағанда, өнімдердің негізгі құрауыштары болып табылады

11,09

4.

тежегіш сұйықтықтар, гидравликалық, антифриздер және мұздануға қарсы сұйықтықтар

5-бөлімнен. Өзге де химиялық өнімдер

0

5.

Қағаз және картон орама, қағаздан және картоннан жасалған бұйымдар

6-бөлімнен. Полимер, шыны, қағаз, картон, металл орамалары, құрамдастырылған материалдардан жасалған орама

1,76

6.

Шыныдан жасалған орама

6-бөлімнен. Полимер, шыны, қағаз, картон, металл орамалары, құрамдастырылған материалдардан жасалған орама

1,14

7.

Полимер материалдардан жасалған орама

6-бөлімнен. Полимер, шыны, қағаз, картон, металл орамалары, құрамдастырылған материалдардан жасалған орама

1,40

8.

Металдан жасалған орама

6-бөлімнен. Полимер, шыны, қағаз, картон, металл орамалары, құрамдастырылған материалдардан жасалған орама

0,20

9.

Құрамдастырылған материалдардан жасалған орама

6-бөлімнен. Полимер, шыны, қағаз, картон, металл орамалары, құрамдастырылған материалдардан жасалған орама

0,91

10.

Пластмассадан жасалған бұйымдар

7-бөлімнен. Пластмассадан жасалған асхана және ас үй ыдыстары, асхана және ас үй жарақтары, үй тұрмысындағы басқа да заттар және гигиеналық немесе дәретханаға арналған заттар

1,40

11.

Баспа кітаптары, газеттер, полиграфия өнеркәсібінің басқа да бұйымдары

8-бөлімнен. Иллюстрацияланған немесе иллюстрацияланбаған, құрамында жарнама материалы бар немесе жоқ газеттер, журналдар мен өзге де мерзімді басылымдар

1,76

12.

Қағаз және картон

9-бөлімнен. Қолдан жасалған, жылтырлатылмаған, хат жазу, баспа немесе басқа да графикалық мақсаттарда пайдаланатын қағаз және картон

1,76

13.

Батареялар және батарейкалар

10-бөлімнен. Бастапқы элементтер және бастапқы батареялар

0

14.

Шамдар

11-бөлімнен. Электрлік қыздыру немесе газразрядтышамдар, герметикалық бағытталған жарықшамдарын қосқанда, сондай-ақ ультракүлгін немесе инфрақызылшамдар; құрамында сынап бар доғалықшамдар

0

15.

Термометрлер

12-бөлімнен. Құрамында сынап бар медициналық немесе ветеринариялық термометрлер

0

16.

Электр және электрондықжабдық

13-бөлімнен. Ірі габаритті электр және электрондық жабдық

0

17.

Электр және электрондықжабдық

14-бөлімнен. Орташа габаритті электр және электрондық жабдық

0

18.

Электр және электрондық жабдық

15-бөлімнен. Ұсақ габаритті электр және электрондық жабдық

0

19.

Қағаз және картон орама

16-бөлімнен. Орамасына өндірушілердің(импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын орамадағы (полимер, шыны, қағаз, картон металл және (немесе) құрамдастырылған материалдардан жасалған) өнім (тауарлар)

1,76

20.

Шыныдан жасалған орама

1,14

21.

Полимер материалдарынан жасалған орама

1,40

22.

Металдан жасалған орама

0,20

23.

Құрамдастырылған материалдардан жасалған орама

0,91

      *Ескертпе:Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес бекітілетін өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауарлар) тізбесі.

  Қалдықтарды жинауды,
тасымалдауды, қайта өңдеуді,
залалсыздандыруды,
пайдалануды және (немесе)
кәдеге жаратуды ұйымдастыру
үшін төлемақыны есептеу
әдістемесіне 2-қосымша

      Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 26.12.2019 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Автомобиль көлік құралдарына және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты кәдеге жарату төлемақысының негізгі мөлшерлемесі және коэффициенттері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 05.12.2019 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Көлік құралдарының және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының түрлері және санаттары

Кәдеге жаратудың негізгі мөлшерлемесі

Автомобиль көлік құралдарына және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты кәдеге жаратудың негізгі мөлшерлемесіне қолданылатын коэффициенттері

1. М1 санатының көлік құралдары, соның ішінде G санатының жүріп өту мүмкіндігі жоғары: жеңіл автомобильдер

Буданды күштік қондырғысы бар көлік құралдарынан басқа, электр қозғалтқышы бар

50 АЕК

3

Қозғалтқыштың жұмыс көлемі:

1 000 см3-қа дейін

50 АЕК

3

1 001 см3-тан 2 000 см3-қа дейін

50 АЕК

7

2 001 см3-тан 3 000 см3-қа дейін

50 АЕК

10

3 001 см3-тан жоғары

50 АЕК

23

2. N1, N2, N3 N1, N2, N3 санатының көлік құралдары, соның ішінде G санатының жүріп өту мүмкіндігі жоғары: жүк автомобильдері

Толық салмағы:

2,5 тоннға дейін

50 АЕК

7

2,5 тоннадан 3,5 тоннға дейін

50 АЕК

15

3,5 тоннадан 5 тоннаға дейін

50 АЕК

15

5 тоннадан 8 тоннаға дейін

50 АЕК

16

8 тоннадан 12 тоннаға дейін

50 АЕК

19

12 тоннадан 20 тоннаға дейін

50 АЕК

21

20 тоннадан 50 тоннаға дейін, ершікті тартқыштардан өзге

50 АЕК

41

20 тоннадан 50 тоннаға дейінгі ершікті тартқыштар

50 АЕК

11

3. М2, М3 санатының көлік құралдары, соның ішінде G санатының жүріп өту мүмкіндігі жоғары: автобустар

Буданды күштік қондырғысы бар көлік құралдарынан басқа, электр қозғалтқышы бар

50 АЕК

8

Қозғалтқыштың жұмыс көлемі:

2 500 см3-қа дейін

50 АЕК

8

2 500 см3-тан 5 000 см3-қа дейін

50 АЕК

16

5 000 см3-тан 10 000 см3-қа дейін

50 АЕК

21

10 001 см3жоғары

50 АЕК

27

4. Тракторлар

Қозғалтқыштың қуаты:

60 а.к. дейін

50 АЕК

4

61 а.к.-ден 130 а.к. дейін

50 АЕК

11

131 а.к.-ден 220 а.к. дейін

50 АЕК

34

221 а.к.-дан 340 а.к. дейін

50 АЕК

58

341 а.к.-дан 380 а.к. дейін

50 АЕК

58

380 а.к. жоғары

50 АЕК

80

5. Астық жинайтын комбайндар, жем жинайтын комбайндар

Қозғалтқыштың қуаты:

160 а.к. дейін

50 АЕК

18

161 а.к.-дан 220 а.к. дейін

50 АЕК

46

221 а.к.-дан 255 а.к. дейін

50 АЕК

64

256 а.к.-дан 325 а.к. дейін

50 АЕК

76

326 а.к.-дан 400 а.к. дейін

50 АЕК

76

400 а.к. жоғары

50 АЕК

90