Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2019 жылғы 5 желтоқсандағы № 95 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 6 желтоқсанда № 19706 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 02.02.2021 № 448 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 695 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12565 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) төмендегі толықтырулар енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы реттік сандары 17., 17.1., 17.2., 17.3., 17.4., 17.5., 17.6. және 17.7. жолдарымен толықтырылсын:

      "

17.

Өздігінен жүретін техникасы**

17.1.

843351000

астық жинайтын комбайндар

17.2.

843359110

сүрлем жинайтын комбайндар: өзі жүрмейтін

17.3.

870191

басқалары, двигатель қуаты 18 кВт-дан аспайтын

17.4.

870192

басқалары, двигатель қуаты 18 кВт-дан астам, бiрақ 37 кBт-дан аспайтын

17.5.

870193

басқалары, двигатель қуаты 37 кВт-дан астам, бiрақ 75 кBт-дан аспайтын

17.6.

870194

басқалары, двигатель қуаты 75 кВт-дан астам, бiрақ 130 кBт-дан аспайтын

17.7.

870195

басқалары, двигатель қуаты 130 кВт-дан астам

  ";

      мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:

      "**Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 570 қаулысымен бекітілген тікелей шетелдік және отандық инвестицияларды тарту жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарына қосымшаның "Машина жасау" бөлімінің "Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі" 1-тарауында көрсетілген компаниялар өндірген ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда.";

      2) "Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 762 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12753 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 қаңтарда жарияланған) төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесінде:

      2-тарау атауы мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу

      7. Автомобиль көлік құралдарының және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының өндірушілері (импорттаушылары) үшін ағымдағы банк есебіне енгізуге жататын төлемақы көлемін өндірушілер (импорттаушылар) өздігінен осы Әдістеменің 9-тармағына сәйкес есептейді.

      8. Автомобиль көлік құралдарына және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты төлемақы Операторға осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес негізгі мөлшерлемелер және коэффициенттер бойынша, бір рет әрбір автомобиль көлік құралына және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының бір бірлігіне есептеледі.

      8-1. Автокөлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты кәдеге жарату алымының базалық ставкасына қолданылатын кәдеге жарату алымының базалық ставкалары мен коэффициенттерін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган ұсынады.

      9. Автомобиль көлік құралдарына және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты төлемақы автомобиль көлік құралдарының және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының әрбір түрі және санаты бойынша келесі нұсқада жүргізіледі:

      По= Негізгі мөлшерлеме* коэффициент,

      мұндағы, По – тұтынушылық сипаты жойылғаннан кейін, өндірушілердің (импорттаушылардың) төлеуіне жататын, бір көлік құралын немесе өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының бір бірлігін жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы.";

      Қалдықтарды жинауды, кәдеге жаратуды және (немесе) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі операторға өндірушілер мен жеткізушілердің (импорттаушылардың) ақысын есептеу әдістемесіне қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а. Е. Нысанбаев

      Аты-жөні

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2019 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 95 бұйрығына
қосымша
  Қалдықтарды жинауды,
тасымалдауды, қайта өңдеуді,
залалсыздандыруды,
пайдалануды және (немесе)
кәдеге жаратуды
ұйымдастырғаны үшін
төлемақыны есептеу
әдістемесіне
қосымша

Автомобиль көлік құралдарына және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты кәдеге жарату төлемақысының негізгі мөлшерлемесі және коэффициенттері

Көлік құралдарының және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының түрлері және санаттары

Кәдеге жаратудың негізгі мөлшерлемесі

Автомобиль көлік құралдарына және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты кәдеге жаратудың негізгі мөлшерлемесіне қолданылатын коэффициенттері

1. М1 санатының көлік құралдары, соның ішінде G санатының жүріп өту мүмкіндігі жоғары: жеңіл автомобильдер

Буданды күштік қондырғысы бар көлік құралдарынан басқа, электр қозғалтқышы бар

50 АЕК

3

Қозғалтқыштың жұмыс көлемі:

1 000 см3-қа дейін

50 АЕК

3

1 001 см3-тан 2 000 см3-қа дейін

50 АЕК

7

2 001 см3-тан 3 000 см3-қа дейін

50 АЕК

10

3 001 см3-тан жоғары

50 АЕК

23

2. N1, N2, N3 N1, N2, N3 санатының көлік құралдары, соның ішінде G санатының жүріп өту мүмкіндігі жоғары: жүк автомобильдері

Толық салмағы:

2,5 тоннға дейін

50 АЕК

7

2,5 тоннадан 3,5 тоннға дейін

50 АЕК

15

3,5 тоннадан 5 тоннаға дейін

50 АЕК

15

5 тоннадан 8 тоннаға дейін

50 АЕК

16

8 тоннадан 12 тоннаға дейін

50 АЕК

19

12 тоннадан 20 тоннаға дейін

50 АЕК

21

20 тоннадан 50 тоннаға дейін, ершікті тартқыштардан өзге

50 АЕК

41

20 тоннадан 50 тоннаға дейінгі ершікті тартқыштар

50 АЕК

11

3. М2, М3 санатының көлік құралдары, соның ішінде G санатының жүріп өту мүмкіндігі жоғары: автобустар

Буданды күштік қондырғысы бар көлік құралдарынан басқа, электр қозғалтқышы бар

50 АЕК

8

Қозғалтқыштың жұмыс көлемі:

2 500 см3-қа дейін

50 АЕК

8

2 500 см3-тан 5 000 см3-қа дейін

50 АЕК

16

5 000 см3-тан 10 000 см3-қа дейін

50 АЕК

21

10 001 см3жоғары

50 АЕК

27

4. Тракторлар

Қозғалтқыштың қуаты:

60 а.к. дейін

50 АЕК

4

61 а.к.-ден 130 а.к. дейін

50 АЕК

11

131 а.к.-ден 220 а.к. дейін

50 АЕК

34

221 а.к.-дан 340 а.к. дейін

50 АЕК

58

341 а.к.-дан 380 а.к. дейін

50 АЕК

58

380 а.к. жоғары

50 АЕК

80

5. Астық жинайтын комбайндар, жем жинайтын комбайндар

Қозғалтқыштың қуаты:

160 а.к. дейін

50 АЕК

18

161 а.к.-дан 220 а.к. дейін

50 АЕК

46

221 а.к.-дан 255 а.к. дейін

50 АЕК

64

256 а.к.-дан 325 а.к. дейін

50 АЕК

76

326 а.к.-дан 400 а.к. дейін

50 АЕК

76

400 а.к. жоғары

50 АЕК

90