Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12720 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидалары бекітілсін.

      2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Қ. Жаңбыршин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 15 желтоқсан



  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2015 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 22-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) өткізетін мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 30.03.2018 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) емтихан жұмысы – кандидаттың нәтижесі (жауабы);

      2) емтихан модулі – осы Қағидалардың 24-25-тармақтарында көрсетілген әрбір пән бойынша жауаптардың және (немесе) ахуалдық тапсырмалардың нұсқалары бар тест сұрақтарынан тұратын тапсырмалар көлемі (бұдан әрі – модуль);

      3) кандидат – мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адам;".

      4) кандидаттың білімін растауы – біліктілік емтихандарын (бұдан әрі – емтихан) тапсыру арқылы кандидаттың білім деңгейін бағалау;

      5) қадағалаушылар – мүдделі мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, жоғары оқу орындары оқытушыларының емтихан өткізу тәртібінің сақталуын қадағалайтын тәуелсіз сыртқы өкілдері;

      6) сәйкестендіру нөмірі – білімді растаушы ұйымның әрбір кандидатқа беретін жеке нөмірі (бұдан әрі – СН);

      7) сертификаттау – мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың кәсіби, іскерлік қасиеттері мен әлеуеттік мүмкіндіктерінің жан-жақты және объективті сипаттамасын алу мақсатында, білімін растау мен әңгімелесу арқылы кандидаттардың мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену рәсімі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттік атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 04.07.2016 № 9-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      3. Сертификаттау екі кезеңде өткізіледі:

      1) білімін растау;

      2) әңгімелесу.

      4. Сертификаттау кезеңдерін кезектілікпен және табысты өтудің нәтижелері бойынша Ұлттық комиссия кандидаттарға:

      1) жоғары санатты;

      2) мемлекеттік аудитор;

      3) тиісті саладағы ішкі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленгені туралы сертификат береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 30.03.2018 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      5. Тиісті саладағы ішкі мемлекеттік аудитор, мемлекеттік аудитор, жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге сертификаттауға мынадай салалардың бірінде: экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит, құқық саласында жоғары білімі және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кандидаттар жіберіледі.

      Тиісті саладағы ішкі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесінде және (немесе) қаржы саласында және (немесе) ішкі аудит қызметтерінде мемлекеттік қызметте және (немесе) аудит саласындағы халықаралық ұйымдарда және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектілерінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар кандидаттар жіберіледі.

      Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесінде және (немесе) қаржы саласында және (немесе) ішкі аудит қызметтерінде мемлекеттік қызметте және (немесе) аудит саласындағы халықаралық ұйымдарда және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектілерінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар кандидаттар жіберіледі.

      Жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесінде және (немесе) қаржы саласында және (немесе) ішкі аудит қызметтерінде мемлекеттік қызметте және (немесе) аудит саласындағы халықаралық ұйымдарда және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектілерінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі және мемлекеттік аудитор сертификаты бар кандидаттар жіберіледі.

      Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар мемлекеттік саяси қызметшілердің, сондай-ақ Ұлттық комиссия мүшелерінің білімін растамай сертификаттаудан өтуге құқығы бар.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 30.03.2018 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

2. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау тәртібі

1-параграф. Білімін растау

      6. Білімді растауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген ұйым, немесе:

      сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін Есеп комитеті;

      ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттік атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 04.07.2016 № 9-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      7. Кандидаттар білімін растау үшін мына құжаттарды:

      1) кандидат тапсыруға үміт білдірген пәндер көрсетілген өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттік атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 04.07.2016 № 9-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      8. Барлық құжаттар іс тігілетін мұқабада тіркеледі, оның бет жағында: Жеке іс № , кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), ресімделу күні көрсетіледі.

      9. Құжаттардың білімді растау жөніндегі ұйымға келіп түскен күні кіріс хат-хабарлар журналында тіркеледі және кандидаттың өтінішіне кіріс нөмірімен бірге белгі қойылады.

      10. Ұсынылған құжаттар пакеті осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, өтініш қабылданбайды.

      Осы тармақта көрсетілген негіздер бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту емтиханға тіркелу үшін құжаттарды қайта ұсынуға тыйым салуға әкеп соқпайды.

      11. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған білімді растау жөніндегі ұйым емтихан процесін мыналармен:

      сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін Есеп комитетімен;

      ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісілген модульдер бойынша емтихан өткізу арқылы ұйымдастырады.

      12. Модульдер мемлекеттік аудиттің қолданыстағы заңнамасы және халықаралық стандарттар ескеріле отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленеді және жыл сайын жаңартылуға жатады. Модульдер пәніне қарай тестілік тапсырмаларды және (немесе) ахуалдық тапсырмаларды қамтуы мүмкін.

      13. Санкцияланбаған жария етуді қамтамасыз ету мақсатында, емтихан модульдері шектеулі пайдаланылатын мәліметтерге жатқызылады.

      14. Модульдің мазмұнын жария ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

      15. Осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, емтихан электронды түрде өткізіледі.

      16. Емтихан өткізуге арналған үй-жай бейне тіркеу құралдарымен жарақталады.

      17. Емтихан комиссиясын:

      сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін Есеп комитетімен;

      ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып, білімді растау жөніндегі ұйымдар адамдардың тақ санынан (үштен кем емес) қалыптастырады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 30.03.2018 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      18. Біліктілікті иеленуге кандидаттар емтиханнан өтіп жатқан кезде олардың басқа адамдармен сөйлесуіне, материалдармен алмасуына, қағаз және электронды тасығыштардағы ақпаратты пайдалануына, білімді растау жөніндегі ұйым өкілінің еріп жүруінсіз үй-жайдан шығып кетуіне жол берілмейді. Емтихан өткізіліп жатқан кезде кандидаттарға қабылдаушы-беруші электрондық құрылғыларды (соның ішінде қалталы дербес компьютерлер мен өзге де электрондық жабдықтарды) қолдануға жол берілмейді.

      Кандидат осы тармақтың бірінші бөлігіндегі талаптарды бұзған кезде осы адамның емтихан процесі тоқтатылып, ол үй-жайдан шығарылады. Қадағалаушылар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Емтихан қағидаларының бұзылғаны туралы акт жасайды.

      Емтихан қағидаларының бұзылуы туралы акт жасалған кандидат бұзушылық анықталған күннен бастап алты ай өткен соң емтиханды қайта тапсыруға құқылы.

      Емтиханды қайта тапсыру күні емтихандар өткізудің күнтізбелік жылға арналған бекітілген Кестесіне сәйкес белгіленеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі талаптарды бұзған адамдардың емтихан нәтижелері күшін жояды.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 30.03.2018 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      19. Білімді растау жөніндегі ұйым емтихан өткізген кезде тиісті мемлекеттік органның:

      сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін – Есеп комитетінің;

      ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін – уәкілетті органның өкілі қатысады.

      Есеп комитетінің өкілі қажет болған жағдайда білімді растау жөніндегі ұйымды алдын ала хабардар ете отырып, ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін өткізілетін емтиханның кез келген сатысына қатысады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 30.03.2018 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      20. Білімді растау жөніндегі ұйым емтихан өткізу процесіне қадағалаушылардың қатысуын қамтамасыз етеді.

      21. Емтихан кандидаттардың қалауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде тапсырылады.

      22. Жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге кандидаттар мына халықаралық кәсіби ұйымдардың бірі: АССА (Association of Chartered Certified Accountants), ICAEW (Institute of Chartered Accountants in England and Wales), CIPFA (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy) берген мына кәсіби біліктіліктердің бірі: ACA (Associated Chartered Accountant), ACCA (Association of Chartered Certified Accountants), CIPFA (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy), CIPFA public auditor (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy Public Auditor) бар екенін растайтын құжат ұсынады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттік атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 04.07.2016 № 9-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      23. Алып тасталды - Республикалық бюджеттік атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 04.07.2016 № 9-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      24. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге кандидаттар мына пәндер бойынша емтихандар тапсырады:

      1) қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;

      2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;

      3) сәйкестік аудиті;

      4) тиімділік аудиті;

      5) қаржылық есептілік аудиті.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттік атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 04.07.2016 № 9-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      25. Тиісті саладағы ішкі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге кандидаттар аудит типіне қарай өздері ішкі мемлекеттік аудитор ретінде жіберілгенін қалайтын емтихандар тапсырады.

      Қаржылық есептілік саласындағы ішкі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге кандидаттар мына пәндер бойынша емтихандар тапсырады:

      1) қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;

      2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;

      3) қаржылық есептілік аудиті.

      Сәйкестік саласындағы ішкі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге кандидаттар мына пәндер бойынша емтихандар тапсырады:

      1) қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;

      2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;

      3) сәйкестік аудиті.

      Тиімділік саласындағы ішкі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге кандидаттар мына пәндер бойынша емтихандар тапсырады:

      1) қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;

      2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;

      3) тиімділік аудиті.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттік атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 04.07.2016 № 9-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      26. Жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену үшін мемлекеттік аудитор сертификатының болуы талап етіледі.

      Үш саланың барлығында: қаржылық есептілік, тиімділік және сәйкестік саласында ішкі мемлекеттік аудитор сертификатын алған адамдарға осы Қағидаларда көзделген тәртіппен мемлекеттік аудитор біліктілігі беріледі.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттік атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 04.07.2016 № 9-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      27. Мемлекеттік аудитордың осы санатына сәйкес келетін пәндер бойынша бұрын тапсырған емтихандардан жоғарырақ санатты иеленуге ниет білдерген мемлекеттік аудиторлар босатылады.

      28. Пәндер бойынша емтихандар өткізудің күнтізбелік жылға арналған кестесін:

      сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін – Есеп комитетінің;

      ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін – уәкілетті органның келісімі бойынша білімді растау жөніндегі ұйым айқындайды.

      29. Бухгалтерлік есеп және аудит саласында ұлттық және (немесе) халықаралық кәсіби біліктілікке ие кандидаттар Ұлттық комиссияның жұмыс органының шешімімен сертификаттау пәндері бойынша жекелеген емтихандар тапсырудан мына тәртіппен босатылады:

      1) мынадай: "аудитор", ACCA (Association of Chartered Certified Accountants), АСА (Associated Chartered Accountant), CA ICAS (Certified Accountants) біліктіліктерінің біріне ие кандидаттар "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау" және "Қаржылық есептілік аудиті" пәндері бойынша емтихандар тапсырудан босатылады;

      2) мынадай: "кәсіби бухгалтер", DipIFR (Diploma in International Financial Reporting) біліктіліктерінің біріне ие кандидаттар "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау" пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады;

      3) CIPFA (The Chartered Institute of Public Finance and Accountancy) біліктілігіне ие кандидаттар "Қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау" және "Қаржылық есептілік аудиті" пәндері бойынша емтихандар тапсырудан босатылады;

      4) IPSAS (Certificate in International Public Sector Accounting Standards) біліктілігіне ие кандидаттар "Қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау" пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады;

      5) CIPFA public auditor (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy Public Auditor) біліктілігіне ие кандидаттар "Қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау" және "Сәйкестік аудиті" пәндері бойынша емтихандар тапсырудан босатылады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттік атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 04.07.2016 № 9-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      30. Алып тасталды - Республикалық бюджеттік атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 04.07.2016 № 9-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      31. Алып тасталды - Республикалық бюджеттік атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 04.07.2016 № 9-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      32. Сертификаттау пәндері бойынша емтиханның ұзақтығы үш сағатттан (180 минут) аспайтын уақытты құрайды.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 30.03.2018 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      33. Емтиханды тапсыру үшін жалпы жинақталған балл ("өту" балы) жүз (100) мүмкін болатын балдан кемінде жетпіс бес (75) балын құрайды.

      34. Балдардың саны мен емтихандардың ұзақтығы олардың күрделілігіне қарай тестілік сұрақтар және (немесе) ахуалдық тапсырмалар бойынша әрбір модульдің бөлінісінде белгіленеді.

      35. Тестерді орындауға бөлінген уақыт аяқталған соң, бағдарлама автоматты түрде жабылып қалады. Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі. Ахуалдық тапсырмалар болған кезде осы процесті автоматтандыруға мүмкіндік болмаса, олардың шешімі жазбаша түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Ахуалдық тапсырмалардың жазбаша жауаптарын бағалауды емтихан комиссиясы жүзеге асырады.

      36. Емтихан жұмыстарына емтихан аяқталған соң СН беріліп, олар кейіннен емтихан комиссиясына жіберіледі.

      37. Емтихан комиссиясы кандидаттардың емтихан жұмыстарын күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде тексеріп бағалайды және мынадай шешімдердің бірін шығарады:

      1) кандидат тапсырған пән бойынша жинақталған "өту балына" қол жеткізсе, емтиханнан өтті (оң нәтиже);

      2) кандидат тапсырған пән бойынша жинақталған "өту балына" қол жеткізе алмаса, емтиханнан өте алмады (теріс нәтиже).

      Оң нәтиже алған кандидаттарға білімді растау жөніндегі ұйым:

      сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын үміткерлер үшін Есеп комитетімен;

      ішкі мемлекеттік аудиттң және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін уәкілетті органмен келісе отырып бекіткен нысан бойынша білімді растау туралы құжат беріледі.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      37-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 30.03.2018 № 8-НҚ (01.01.2019 бастап қолданысқа қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      37-1. Кандидаттың пәндер бойынша алған оң нәтижесі оны алған сәттен бастап, кейінгі үш жыл ішінде әңгімелесуге жіберілгені туралы өтініш бергенге дейін оның Ұлттық комиссияда одан әрі әңгімелесуден өтуіне жарамды болып танылады.

      Ескерту. Қағида 37-1-тармақпен толықтырылды - Республикалық бюджеттік атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 04.07.2016 № 9-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      38. Емтиханнан өте алмаған кандидаттардың осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген рәсімдерді сақтай отырып, теріс нәтиже алған күннен бастап, үш ай өткен соң оны қайта тапсыруына құқығы бар.

      Емтиханды қайта тапсыру күні емтихандар өткізудің күнтізбелік жылға арналған бекітілген Кестесіне сәйкес белгіленеді.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 30.03.2018 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

2-параграф. Апелляциялық кеңес

      39. Емтихан жұмысының нәтижелерімен келіспеген кезде, кандидаттардың емтихан нәтижелерін қайта тексеру туралы өтініш беру жолымен жүзеге асырылатын апелляцияға беруіне құқықтары бар.

      40. Апелляция білімді растау жөніндегі ұйымға емтихан қорытындылары туралы хабарланған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, жазбаша түрде беріледі.

      41. Апелляциялық кеңес емтихан комиссиясына кірмеген адамдар санынан қалыптастырылады.

      42. Апелляция кандидаттың қатысуынсыз, оны берген күннен бастап, 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаралады. Апелляциялық кеңес қараудың нәтижесі бойынша мына шешімдердің бірін шығарады:

      1) емтихан комиссиясының шешімін бекіту;

      2) емтихан комиссиясының шешімін өзгерту. Алынған балдарды азайтуға жол берілмейді.

      43. Апелляцияға берген кандидат емтихан жұмысымен, сондай-ақ апелляциялық кеңестің бағалау нәтижелерімен танысады. Қайталанған апелляция қаралуға қабылданбайды.

      44. Кандидат апелляциялық кеңестің шешіміне сот тәртібімен шағымдана алады.

3-параграф. Ұлттық комиссиядағы әңгімелесу

      45. Кандидаттар әңгімелесуден өту үшін Ұлттық комиссияның жұмыс органына қолма-қол немесе пошта арқылы мына құжаттарды:

      1) кандидат үміт білдірген санатты (саланы) көрсете отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішін;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      3) жоғары білімінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесін;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін (еңбек өтілі бар адамдар үшін), ал мемлекеттік қызметшілер үшін – "Мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген) сәйкес ресімделген қызметтік тізім;

      5) осы Қағидалардың 22, 29-тармақтарында көрсетілген бухгалтерлік есеп, аудит және қаржы саласында ұлттық немесе халықаралық кәсіби біліктіліктің берілгені туралы құжаттың көшірмесін (болған жағдайда);

      6) саяси мемлекеттік қызметшілерді және Ұлттық комиссияның мүшелерін қоспағанда, білімін растау жөніндегі құжаттың көшірмесін;

      7) жеке деректерінің өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесін (болған жағдайда);

      8) 3х4 сантиметр мөлшеріндегі фотосуретін;

      9) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісу туралы өтінішін;

      10) қол қойылған күні, кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіліп, оның кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттері сипатталған, кандидат жұмыс істейтін және оны ұсынып отырған мемлекеттік органның басшысы (оны алмастыратын адам) немесе жауапты хатшысы (аппарат басшысы), немесе саяси мемлекеттік қызметшісі немесе жоғары санатты мемлекеттік аудитор сертификаты бар адам қол қойған мінездемені ұсынады.

      Осы тармақтың 2) - 6) тармақшаларында көзделген құжаттар персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) мөрімен (мөртабанымен) куәландырылған немесе нотариалды куәландырылған нысанда ұсынылады, барлық құжаттар іс тігілетін папкаға тігіледі, оның беткі жағында: Жеке іс, кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), кандидаттың жұмыс орны көрсетіледі

      Кандидат үміт білдірген санаты (сала) көрсетілген өтініш әңгімелесу өткізу басталғанға дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын Есеп комитетінің Интеграцияланған ақпараттық жүйесінің сыртқы порталына қашықтықтан қол жеткізу арқылы да беріледі.

      Есеп комитетінің Интеграцияланған ақпараттық жүйесінде өтініш беруге арналған нұсқаулық Есеп комитетінің интернет-ресурсына жарияланады.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 30.03.2018 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      46. Құжаттардың Ұлттық комиссияның жұмыс органына келіп түскен күні кіріс хат-хабарлар журналында тіркеледі, өтінішке кіріс нөмірі жазылады.

      47. Кандидаттар ұсынған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жұмыс органы үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберуге жазбаша уәжделген бас тарту береді.

      Осы тармақта көрсетілген негіздер бойынша әңгімелесуге жіберуге бас тарту әңгімелесуден өту үшін құжаттарды қайта ұсынуға тыйым салуға әкеп соқпайды.

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 8-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік аудитор сертификаты қайтарылып алынған адамдар, мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу туралы Ұлттық комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап үш жыл өткен соң, әңгімелесуден өту үшін осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген құжаттарды Ұлттық комиссияның жұмыс органына қайта беруге құқылы.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 30.03.2018 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      48. Әңгімелесуге жіберуге жазбаша уәжделген бас тарту алған кандидат осындай бас тартуға ықпал еткен себептерді жойғаннан кейін осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген құжаттарды қайтадан беруге құқылы.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттік атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 04.07.2016 № 9-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      49. Ұлттық комиссияның жұмыс органы ұсынылған құжаттарды және осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген талаптарға кандидаттың сәйкестігін тексеруді ұйымдастырады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер әр кандидатқа жеке мәлімет қалыптастырады.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 30.03.2018 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      49-1 Кандидаттар жеті жұмыс күні ішінде Ұлттық комиссияның жұмыс органын жұмыс орнының өзгергені немесе атқарып отырған лауазымынан шығарылғаны туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 3-параграф 49-1-тармақпен толықтырылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 30.03.2018 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      50. Әңгімелесу сәтiнде өзiн нашар сезiнген кандидаттар ол туралы Ұлттық комиссияның хатшысына әңгімелесу өткізу басталғанға дейін хабарлайды.

      Бұл жағдайда олар әңгемелесуден осы күннің ішінде басқа уақытта не Ұлттық комиссия отырысының кестесіне сәйкес басқа күні өтеді.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 30.03.2018 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      51. Жұмыс органы әңгімелесудің кестесі мен өткізілетін орнын кандидаттарға ол басталғанға дейін кемінде он күн бұрын хабарлайды.

      52. Ұлттық комиссия кандидаттың мәлімделген санатта мемлекеттік аудитор біліктілігін беру үшін жеткілікті кәсіби даярлығының деңгейін және жеке қасиеттерін, сондай-ақ Есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 18-НҚ нормативтік қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 601 бұйрығымен бірлесіп бекітілген Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12575 тіркелген) оның адалдығын анықтау үшін әңгімелесу өткізеді.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттік атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 04.07.2016 № 9-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      52-1. Ұлттық комиссияның әңгімелесу өткізбей сырттай тәртіпте дауыс беруі мынадай:

      1) мемлекеттік аудитор біліктілігін алған кандидаттарға жоғары санатты;

      2) тиісті саладағы ішкі мемлекеттік аудитор біліктігін алған кандидаттарға мемлекеттік аудитор біліктілігін беру бойынша жүзеге асырылады.

      Көрсетілген тәртіп кандидаттардың бастапқы біліктілікті иеленген сәттен бастап екі жыл ішінде берілген өтініштері бойынша қолданылады.

      Ескерту. 3-параграф 52-1-тармақпен толықтырылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 30.03.2018 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      53. Барлық кандидаттарға қойылатын сұрақтар бірдей болады және кандидат үміт білдірген санаттағы мемлекеттік аудитордың алдында тұрған функционалдық міндеттердің шегінен шықпайды.

      53-1. Жұмыс органы Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өтуі үшін кандидаттардың білуі қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қалыптастырады, ол Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастыруға жатады.

      Ескерту. 3-параграф 53-1-тармақпен толықтырылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 30.03.2018 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      54. Ұлттық комиссияның отырысы аудио және (немесе) бейне жазбаға түсіруге жатады.

      55. Ұлттық комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер дауыс беруге қатысып отырған Ұлттық комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі оларға дауыс берсе, шешімдер қабылданды деп саналады.

      Дауыстар тең болған жағдайда, Ұлттық комиссияның Төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 30.03.2018 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      56. Қорытындылар Ұлттық комиссия отырысының Ұлттық комиссия Төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қоятын хаттамасымен ресімделеді.

      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 30.03.2018 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      57. Мемлекеттік құпиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәліметтерінің қолжетімділігі шектелген ақпарат болып табылатын адамдарды сертификаттау қорытындыларын қоспағанда, сертификаттаудың қорытындылары Ұлттық комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде Есеп комитетінің интернет-ресурсында жарияланады.

      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 30.03.2018 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      57-1. Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруден бас тартылған кандидат Ұлттық комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін Ұлттық комиссияда қайтадан әңгімелесуден өтуге құқылы.

      Ескерту. 3-параграф 57-1-тармақпен толықтырылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 31.07.2017 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

4-параграф. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы сертификат беру

      58. Сертификаттаудан табысты өткен кандидаттарға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы сертификат беріледі.

      59. Сертификат сертификаттаудан табысты өткен адамға қолма-қол немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкіліне беріледі.

5-параграф. Мемлекеттік аудитор сертификатының телнұсқаларын қайта ресімдеу және беру

      Ескерту. Қағида 5-параграфпен толықтырылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 31.07.2017 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      60. Мемлекеттік аудитор сертификатын жоғалтқан, бүлдіріп алған кезде мемлекеттік аудитор оның телнұсқасын алуға құқығы бар.

      Жоғалған, бүлінген мемлекеттік аудитор сертификаттары мемлекеттік аудитордың Ұлттық комиссияның жұмыс органына тиісті жазбаша өтінішін берген күннен бастап жарамсыз деп саналады.

      61. Мемлекеттік аудитор сертификаты мемлекеттік аудитордың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген жағдайларда қайта ресімдеуге жатады. Қайта ресімдеу туралы өтінішті мемлекеттік аудитор тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) ауыстырудың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттармен қоса береді.

6-параграф. Мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу

      Ескерту. 6-параграфпен толықтырылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 30.03.2018 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      62. Ұлттық комиссия "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 8-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алуды жүзеге асырады.

      63. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу үшін негіздің болуы туралы мемлекеттік аудиторға қатысты шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды:

      1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алуға негіздің болуы туралы шешімін;

      2) сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органы немесе, тиісінше, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ұсынған мемлекеттік аудитордың кәсіби әдеп талаптарын сақтамауын растайтын құжаттарды;

      3) қаржылық бұзушылық фактілерінің көрсетілмеуі орын алған анық емес және мемлекеттік аудит материалдарының сапа бақылауымен расталмаған аудиторлық есепті;

      4) аудиторлық есептің сапа бақылауының қорытындылары бойынша нәтижелерді;

      5) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 2-тармағына сәйкес Есеп комитеті жүргізген бақылау барысында мемлекеттік аудитордың материалдары танылмауына себеп болған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын бірнеше рет (бір жылда үш реттен көп) бұзғаны үшін мемлекеттік аудит нәтижелерін тану қорытындылары жөніндегі Есеп комитетінің қорытындысын тіркей отырып, Ұлтық комиссияның жұмыс органына мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу туралы ұсыныс жолдайды.

      64. Осы Қағидалардың 63-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда Ұлттық комиссияның жұмыс органы ұсынысты мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органына қайтарады.

      Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Ұлттық комиссияның жұмыс органы құжаттарды қайтарған күннен бастап он жұмыс күні ішінде олардың толықтығын қамтамасыз етеді және құжаттарды қайта жібереді.

      65. Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда Ұлттық комиссияның жұмыс органы растайтын құжаттарды тіркей отырып, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының ұсынысын Ұлттық комиссияның қарауына енгізеді және мемлекеттік аудитор сертификаты қайтарып алынатын мемлекеттік аудиторды отырыс өткізу кестесіне сәйкес Ұлттық комиссия отырысына шақырады.

      66. Ұлттық комиссияның жұмыс органы Ұлттық комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу туралы мәліметті Есеп комитетінің интернет-ресурсына жариялайды.

      67. Ұлттық комиссия мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу туралы шешім қабылдаған кезде мемлекеттік аудитор сертификатының түпнұсқасы бір ай ішінде Ұлттық комиссияның жұмыс органына қайтаруға жатады.

      68. Ұлттық комиссия "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 8-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген бұзушылықтарға алғаш рет жол берген мемлекеттік аудиторлардың сертификатын қайтарып алу бойынша материалдарды қарау кезінде ескерту шығарады.

  Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау қағидаларына
1-қосымша
  нысан
Мемлекеттік аудитор біліктілігін
беруге үміткер адамдарды
сертификаттау жөніндегі ұлттық
комиссия
____________________________
__________________________
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда))

ӨТІНІШ

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 31.07.2017 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      "________________________________" біліктілігін иеленуге әңгімелесуге рұқсат беруіңізді сұраймын.
      Үйінің мекенжайы, үйінің және ұялы телефондарының № _____________
      _____________________________________________________________________
      Электрондық пошта мекенжайы: ________________________________________
      Осы өтінішке мыналарды қоса беріп отырмын:
     

("белгімен" көрсету)
     

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
     

жоғары білімінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін), ал мемлекеттік қызметшілер үшін – "Мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген) сәйкес ресімделген қызметтік тізім;
     

бухгалтерлік есеп, аудит және қаржы саласында ұлттық немесе халықаралық кәсіби біліктіліктің берілгені туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
     

саяси мемлекеттік қызметшілерді және Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелерін қоспағанда, білімін растау жөніндегі құжаттың көшірмесі;
     

жеке деректерінің өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесі (болған
жағдайда);
     

3х4 мөлшеріндегі фотосурет (жеке іске).

      Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау қағидаларымен таныстым және олармен келісемін.

      Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығына және олардағы
мәліметтердің анықтығына жауап беремін.

      Толтырылған күні: 20___ж. "_____" ___________ ________________
(қолы)

  Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау қағидаларына
2-қосымша

      нысан

Емтихан қағидаларын бұзу туралы акт

      20___жылғы "____" ______сағат ________минут

      Қадағалаушы ___________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      кандидат____________________________________ ЖСН ______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды

      сертификаттау қағидаларының 17-тармағының бірінші бөлігін мына

      түрде:

      _____________________________________________________________________

      (бұзушылықты қысқаша сипаттау)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      бұзу фактісін анықтады.

      Қадағалаушының қолы ___________________________________________

      Актімен таныстым ______________________________________________

      (бұзушылыққа жол берген кандидаттың

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Көрсетілген бұзушылыққа жол берген кандидат осы актіге қол

      қоюдан бас тартқан жағдайда, тиісті жазба жасалады.

      _______________________________________________________________

      (Бұзушылыққа жол берген кандидаттың осы актіге қол қоюдан бас

      тартуын растайтын басқа да адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған

      жағдайда), ЖСН)

  Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы № _____
СЕРТИФИКАТ

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 30.03.2018 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның 20___ жылғы "____"___________ № ____

      шешімімен __________________ (Т.А.Ә.)

      __________________біліктілігі берілді.

      Ұлттық комиссияның

      Төрағасы (Төрайымы): ________________________

      (қолы) (Т.А.Ә.)

      М.О.

      Берілген күні: 20___ жылғы ____ _____________

      Тіркеу нөмірі: № _______

  Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер туралы мәліметтер

      Ескерту. Қағида 4-қосымшамен толықтырылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 30.03.2018 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      1. Жалпы мәліметтер

      1) Т.А.Ә. (егер болған жағдайда);

      2) лауазымы, жұмыс орны;

      3) мемлекеттік аудитор біліктілігі (тиісті саланың ішкі мемлекеттік аудиторы, мемлекеттік аудитор, жоғары санатты мемлекеттік аудитор);

      4) туған күні (күні, айы, жылы);

      5) мемлекеттік, ведомстволық және мерейтойлық медальдары және наградалары, құрметті атақтары, көтермелеулері және т.б.;

      6) білімі туралы мәліметтер;

      7) жалпы жұмыс өтілі;

      8) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарындағы жалпы жұмыс өтілі (болған жағдайда);

      9) лауазымдық ауысуы;

      10) тәртіптік жазалар туралы мәлімет (болған жағдайда);

      2. Білімін растаудан өту нәтижелері туралы ақпарат.

      Дайындаған күні: __________

      Ұлттық комиссия хатшысының қолы: __________