"Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырул

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 8-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 сәуірде № 16758 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.


      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12720 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) өткізетін мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау тәртібін айқындайды.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сертификаттау кезеңдерін кезектілікпен және табысты өтудің нәтижелері бойынша Ұлттық комиссия кандидаттарға:

      1) жоғары санатты;

      2) мемлекеттік аудитор;

      3) тиісті саладағы ішкі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленгені туралы сертификат береді.

      5. Тиісті саладағы ішкі мемлекеттік аудитор, мемлекеттік аудитор, жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге сертификаттауға мынадай салалардың бірінде: экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит, құқық саласында жоғары білімі және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кандидаттар жіберіледі.

      Тиісті саладағы ішкі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесінде және (немесе) қаржы саласында және (немесе) ішкі аудит қызметтерінде мемлекеттік қызметте және (немесе) аудит саласындағы халықаралық ұйымдарда және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектілерінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар кандидаттар жіберіледі.

      Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесінде және (немесе) қаржы саласында және (немесе) ішкі аудит қызметтерінде мемлекеттік қызметте және (немесе) аудит саласындағы халықаралық ұйымдарда және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектілерінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар кандидаттар жіберіледі.

      Жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесінде және (немесе) қаржы саласында және (немесе) ішкі аудит қызметтерінде мемлекеттік қызметте және (немесе) аудит саласындағы халықаралық ұйымдарда және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектілерінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі және мемлекеттік аудитор сертификаты бар кандидаттар жіберіледі.

      Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар мемлекеттік саяси қызметшілердің, сондай-ақ Ұлттық комиссия мүшелерінің білімін растамай сертификаттаудан өтуге құқығы бар.";

      17, 18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Емтихан комиссиясын:

      сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін Есеп комитетімен;

      ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып, білімді растау жөніндегі ұйымдар адамдардың тақ санынан (үштен кем емес) қалыптастырады.

      18. Біліктілікті иеленуге кандидаттар емтиханнан өтіп жатқан кезде олардың басқа адамдармен сөйлесуіне, материалдармен алмасуына, қағаз және электронды тасығыштардағы ақпаратты пайдалануына, білімді растау жөніндегі ұйым өкілінің еріп жүруінсіз үй-жайдан шығып кетуіне жол берілмейді. Емтихан өткізіліп жатқан кезде кандидаттарға қабылдаушы-беруші электрондық құрылғыларды (соның ішінде қалталы дербес компьютерлер мен өзге де электрондық жабдықтарды) қолдануға жол берілмейді.

      Кандидат осы тармақтың бірінші бөлігіндегі талаптарды бұзған кезде осы адамның емтихан процесі тоқтатылып, ол үй-жайдан шығарылады. Қадағалаушылар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Емтихан қағидаларының бұзылғаны туралы акт жасайды.

      Емтихан қағидаларының бұзылуы туралы акт жасалған кандидат бұзушылық анықталған күннен бастап алты ай өткен соң емтиханды қайта тапсыруға құқылы.

      Емтиханды қайта тапсыру күні емтихандар өткізудің күнтізбелік жылға арналған бекітілген Кестесіне сәйкес белгіленеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі талаптарды бұзған адамдардың емтихан нәтижелері күшін жояды.

      19. Білімді растау жөніндегі ұйым емтихан өткізген кезде тиісті мемлекеттік органның:

      сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін – Есеп комитетінің;

      ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін – уәкілетті органның өкілі қатысады.

      Есеп комитетінің өкілі қажет болған жағдайда білімді растау жөніндегі ұйымды алдын ала хабардар ете отырып, ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін өткізілетін емтиханның кез келген сатысына қатысады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Сертификаттау пәндері бойынша емтиханның ұзақтығы үш сағатттан (180 минут) аспайтын уақытты құрайды.";

      37-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37-1. Кандидаттың пәндер бойынша алған оң нәтижесі оны алған сәттен бастап, бір жыл ішінде әңгімелесуге жіберілгені туралы өтініш берген күнге оның Ұлттық комиссияда одан әрі әңгімелесуден өтуіне жарамды болып танылады.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Емтиханнан өте алмаған кандидаттардың осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген рәсімдерді сақтай отырып, теріс нәтиже алған күннен бастап, үш ай өткен соң оны қайта тапсыруына құқығы бар.

      Емтиханды қайта тапсыру күні емтихандар өткізудің күнтізбелік жылға арналған бекітілген Кестесіне сәйкес белгіленеді.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Кандидаттар әңгімелесуден өту үшін Ұлттық комиссияның жұмыс органына қолма-қол немесе пошта арқылы мына құжаттарды:

      1) кандидат үміт білдірген санатты (саланы) көрсете отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішін;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      3) жоғары білімінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесін;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін (еңбек өтілі бар адамдар үшін), ал мемлекеттік қызметшілер үшін – "Мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген) сәйкес ресімделген қызметтік тізім;

      5) осы Қағидалардың 22, 29-тармақтарында көрсетілген бухгалтерлік есеп, аудит және қаржы саласында ұлттық немесе халықаралық кәсіби біліктіліктің берілгені туралы құжаттың көшірмесін (болған жағдайда);

      6) саяси мемлекеттік қызметшілерді және Ұлттық комиссияның мүшелерін қоспағанда, білімін растау жөніндегі құжаттың көшірмесін;

      7) жеке деректерінің өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесін (болған жағдайда);

      8) 3х4 сантиметр мөлшеріндегі фотосуретін;

      9) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісу туралы өтінішін;

      10) қол қойылған күні, кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіліп, оның кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттері сипатталған, кандидат жұмыс істейтін және оны ұсынып отырған мемлекеттік органның басшысы (оны алмастыратын адам) немесе жауапты хатшысы (аппарат басшысы), немесе саяси мемлекеттік қызметшісі немесе жоғары санатты мемлекеттік аудитор сертификаты бар адам қол қойған мінездемені ұсынады.

      Осы тармақтың 2) - 6) тармақшаларында көзделген құжаттар персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) мөрімен (мөртабанымен) куәландырылған немесе нотариалды куәландырылған нысанда ұсынылады, барлық құжаттар іс тігілетін папкаға тігіледі, оның беткі жағында: Жеке іс, кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), кандидаттың жұмыс орны көрсетіледі

      Кандидат үміт білдірген санаты (сала) көрсетілген өтініш әңгімелесу өткізу басталғанға дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын Есеп комитетінің Интеграцияланған ақпараттық жүйесінің сыртқы порталына қашықтықтан қол жеткізу арқылы да беріледі.

      Есеп комитетінің Интеграцияланған ақпараттық жүйесінде өтініш беруге арналған нұсқаулық Есеп комитетінің интернет-ресурсына жарияланады.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Кандидаттар ұсынған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жұмыс органы үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберуге жазбаша уәжделген бас тарту береді.

      Осы тармақта көрсетілген негіздер бойынша әңгімелесуге жіберуге бас тарту әңгімелесуден өту үшін құжаттарды қайта ұсынуға тыйым салуға әкеп соқпайды.

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 8-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік аудитор сертификаты қайтарылып алынған адамдар, мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу туралы Ұлттық комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап үш жыл өткен соң, әңгімелесуден өту үшін осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген құжаттарды Ұлттық комиссияның жұмыс органына қайта беруге құқылы.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Ұлттық комиссияның жұмыс органы ұсынылған құжаттарды және осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген талаптарға кандидаттың сәйкестігін тексеруді ұйымдастырады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер әр кандидатқа жеке мәлімет қалыптастырады.";

      мынадай мазмұндағы 49-1-тармақпен толықтырылсын:

      "49-1 Кандидаттар жеті жұмыс күні ішінде Ұлттық комиссияның жұмыс органын жұмыс орнының өзгергені немесе атқарып отырған лауазымынан шығарылғаны туралы хабардар етеді.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Әңгімелесу сәтiнде өзiн нашар сезiнген кандидаттар ол туралы Ұлттық комиссияның хатшысына әңгімелесу өткізу басталғанға дейін хабарлайды.

      Бұл жағдайда олар әңгемелесуден осы күннің ішінде басқа уақытта не Ұлттық комиссия отырысының кестесіне сәйкес басқа күні өтеді.";

      мынадай мазмұндағы 52-1-тармақпен толықтырылсын:

      "52-1. Ұлттық комиссияның әңгімелесу өткізбей сырттай тәртіпте дауыс беруі мынадай:

      1) мемлекеттік аудитор біліктілігін алған кандидаттарға жоғары санатты;

      2) тиісті саладағы ішкі мемлекеттік аудитор біліктігін алған кандидаттарға мемлекеттік аудитор біліктілігін беру бойынша жүзеге асырылады.

      Көрсетілген тәртіп кандидаттардың бастапқы біліктілікті иеленген сәттен бастап екі жыл ішінде берілген өтініштері бойынша қолданылады.";

      мынадай мазмұндағы 53-1-тармақпен толықтырылсын:

      "53-1. Жұмыс органы Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өтуі үшін кандидаттардың білуі қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін

      қалыптастырады, ол Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастыруға жатады.";

      55, 56 және 57-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Ұлттық комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер дауыс беруге қатысып отырған Ұлттық комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі оларға дауыс берсе, шешімдер қабылданды деп саналады.

      Дауыстар тең болған жағдайда, Ұлттық комиссияның Төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      56. Қорытындылар Ұлттық комиссия отырысының Ұлттық комиссия Төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қоятын хаттамасымен ресімделеді.

      57. Мемлекеттік құпиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәліметтерінің қолжетімділігі шектелген ақпарат болып табылатын адамдарды сертификаттау қорытындыларын қоспағанда, сертификаттаудың қорытындылары Ұлттық комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде Есеп комитетінің интернет-ресурсында жарияланады.";

      мынадай мазмұндағы 6-параграфпен толықтырылсын:

      "6-параграф. Мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу

      62. Ұлттық комиссия "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 8-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алуды жүзеге асырады.

      63. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу үшін негіздің болуы туралы мемлекеттік аудиторға қатысты шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды:

      1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алуға негіздің болуы туралы шешімін;

      2) сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органы немесе, тиісінше, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ұсынған мемлекеттік аудитордың кәсіби әдеп талаптарын сақтамауын растайтын құжаттарды;

      3) қаржылық бұзушылық фактілерінің көрсетілмеуі орын алған анық емес және мемлекеттік аудит материалдарының сапа бақылауымен расталмаған аудиторлық есепті;

      4) аудиторлық есептің сапа бақылауының қорытындылары бойынша нәтижелерді;

      5) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 2-тармағына сәйкес Есеп комитеті жүргізген бақылау барысында мемлекеттік аудитордың материалдары танылмауына себеп болған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын бірнеше рет (бір жылда үш реттен көп) бұзғаны үшін мемлекеттік аудит нәтижелерін тану қорытындылары жөніндегі Есеп комитетінің қорытындысын тіркей отырып, Ұлтық комиссияның жұмыс органына мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу туралы ұсыныс жолдайды.

      64. Осы Қағидалардың 63-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда Ұлттық комиссияның жұмыс органы ұсынысты мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органына қайтарады.

      Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Ұлттық комиссияның жұмыс органы құжаттарды қайтарған күннен бастап он жұмыс күні ішінде олардың толықтығын қамтамасыз етеді және құжаттарды қайта жібереді.

      65. Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда Ұлттық комиссияның жұмыс органы растайтын құжаттарды тіркей отырып, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының ұсынысын Ұлттық комиссияның қарауына енгізеді және мемлекеттік аудитор сертификаты қайтарып алынатын мемлекеттік аудиторды отырыс өткізу кестесіне сәйкес Ұлттық комиссия отырысына шақырады.

      66. Ұлттық комиссияның жұмыс органы Ұлттық комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу туралы мәліметті Есеп комитетінің интернет-ресурсына жариялайды.

      67. Ұлттық комиссия мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу туралы шешім қабылдаған кезде мемлекеттік аудитор сертификатының түпнұсқасы бір ай ішінде Ұлттық комиссияның жұмыс органына қайтаруға жатады.

      68. Ұлттық комиссия "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 8-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген бұзушылықтарға алғаш рет жол берген мемлекеттік аудиторлардың сертификатын қайтарып алу бойынша материалдарды қарау кезінде ескерту шығарады.";

      3-қосымша осы нормативтік қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы нормативтік қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына (Қ.С. Әбдірайымов) жүктелсін.

      4. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы нормативтік қаулының 1-тармағының отызыншы және отыз бірінші абзацтарын қоспағанда, осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің
      атқарылуын бақылау жөніндегі
      есеп комитетінің Төрайымы Н. Годунова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі _______________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 30 наурыз

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің 2018 жылғы 30
наурыздағы № 8-НҚ
нормативтік қаулысына
1-қосымша
Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы № _____ СЕРТИФИКАТ

      Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның 20___ жылғы "____"___________ № ____

      шешімімен __________________ (Т.А.Ә.)

      __________________біліктілігі берілді.

      Ұлттық комиссияның

      Төрағасы (Төрайымы): ________________________

      (қолы) (Т.А.Ә.)

      М.О.

      Берілген күні: 20___ жылғы ____ _____________

      Тіркеу нөмірі: № _______

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 8-НҚ нормативтік қаулысына 2-қосымша
Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер туралы мәліметтер

      1. Жалпы мәліметтер

      1) Т.А.Ә. (егер болған жағдайда);

      2) лауазымы, жұмыс орны;

      3) мемлекеттік аудитор біліктілігі (тиісті саланың ішкі мемлекеттік аудиторы, мемлекеттік аудитор, жоғары санатты мемлекеттік аудитор);

      4) туған күні (күні, айы, жылы);

      5) мемлекеттік, ведомстволық және мерейтойлық медальдары және наградалары, құрметті атақтары, көтермелеулері және т.б.;

      6) білімі туралы мәліметтер;

      7) жалпы жұмыс өтілі;

      8) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарындағы жалпы жұмыс өтілі (болған жағдайда);

      9) лауазымдық ауысуы;

      10) тәртіптік жазалар туралы мәлімет (болған жағдайда);

      2. Білімін растаудан өту нәтижелері туралы ақпарат.

      Дайындаған күні: __________

      Ұлттық комиссия хатшысының қолы: __________