Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12720 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидалары бекітілсін.
      2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      4) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Қ. Жаңбыршин

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _______________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 15 желтоқсан

Республикалық бюджеттің  
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің    
2015 жылғы 15 желтоқсандағы 
№ 22-НҚ нормативтік қаулысымен
бекітілген        

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) өткізетін мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) емтихан модулі – осы Қағидалардың 22-25-тармақтарында көрсетілген бір пәнді қамтитын тапсырмалар көлемі (бұдан әрі – модуль);
      2) кандидат – мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адам;
      3) қадағалаушылар – мүдделі мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, жоғары оқу орындары оқытушыларының емтихан өткізу тәртібінің сақталуын қадағалайтын тәуелсіз сыртқы өкілдері;
      4) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге кандидаттың білімін растауы (бұдан әрі – білімін растау) – біліктілік емтихандарын (бұдан әрі – емтихан) тапсыру арқылы мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге кандидаттардың пәндер бойынша білімін бағалау;
      5) сәйкестендіру нөмірі – білімді растаушы ұйымның әрбір кандидатқа беретін жеке нөмірі (бұдан әрі – СН);
      6) сертификаттау – мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың кәсіби, іскерлік қасиеттері мен әлеуеттік мүмкіндіктерінің жан-жақты және объективті сипаттамасын алу мақсатында, білімін растау мен әңгімелесу арқылы кандидаттардың мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену рәсімі.
      3. Сертификаттау екі кезеңде өткізіледі:
      1) білімін растау;
      2) әңгімелесу.
      4. Сертификаттаудың нәтижелерінде деңгейлік жүйе бойынша мынадай біліктіліктер беріледі:
      1) жоғары санатты мемлекеттік аудитор;
      2) I санатты мемлекеттік аудитор;
      3) II санатты мемлекеттік аудитор;
      4) мемлекеттік аудитті (тиімділік, сәйкестік, қаржылық есептілік аудиті) жүзеге асыруға рұқсат берілетін мемлекеттік аудит типін көрсете отырып, III санатты мемлекеттік аудитор.
      5. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге сертификаттауға жоғары білімі бар және «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 12-бабы 4-тармағының 13) тармақшасында және 14-бабы 7) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес келетін адамдар жіберіледі.
      Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінде кемінде екі жыл еңбек өтілі бар мемлекеттік саяси қызметшілердің білімін растамай, сертификаттаудан өтуге құқықтары бар.

2. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау тәртібі

1-параграф. Білімін растау

      6. Кандидаттардың білімін растауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған білімді растау жөніндегі ұйым жүргізеді.
      7. Білімін растау үшін кандидаттар мынадай құжаттарды:
      1) кандидат тапсыруға үміт білдірген пәнді көрсете отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      3) білімін растайтын құжаттың көшірмесін (бар болған жағдайда) ұсынады.
      8. Барлық құжаттар іс тігілетін мұқабада тіркеледі, оның бет жағында: Жеке іс №  , кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), ресімделу күні көрсетіледі.
      9. Құжаттардың білімді растау жөніндегі ұйымға келіп түскен күні кіріс хат-хабарлар журналында тіркеледі және кандидаттың өтінішіне кіріс нөмірімен бірге белгі қойылады.
      10. Ұсынылған құжаттар пакеті осы Қағидалардың 7-тармағында  белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, өтініш қабылданбайды.
      Осы тармақта көрсетілген негіздер бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту емтиханға тіркелу үшін құжаттарды қайта ұсынуға тыйым салуға әкеп соқпайды.
      11. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған білімді растау жөніндегі ұйым емтихан процесін мыналармен:
      сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін Есеп комитетімен;
      ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісілген модульдер бойынша емтихан өткізу арқылы ұйымдастырады.
      12. Модульдер мемлекеттік аудиттің қолданыстағы заңнамасы және халықаралық стандарттар ескеріле отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленеді және жыл сайын жаңартылуға жатады. Модульдер пәніне қарай тестілік тапсырмаларды және (немесе) ахуалдық тапсырмаларды қамтуы мүмкін.
      13. Санкцияланбаған жария етуді қамтамасыз ету мақсатында, емтихан модульдері шектеулі пайдаланылатын мәліметтерге жатқызылады.
      14. Модульдің мазмұнын жария ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
      15. Осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, емтихан электронды түрде өткізіледі.
      16. Емтихан өткізуге арналған үй-жай бейне тіркеу құралдарымен жарақталады.
      17. Емтихан комиссиясын:     
      сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін Есеп комитетімен;
      ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып, білімді растау жөніндегі ұйымдар әр пән бойынша тиісті білім саласындағы мамандардың тақ санынан (үш адамнан кем емес) қалыптастырады.
      18. Біліктілікті иеленуге кандидаттар емтиханнан өтіп жатқан кезде олардың басқа адамдармен сөйлесуіне, материалдармен алмасуына, қағаз және электронды тасығыштардағы ақпаратты пайдалануына, білімді растау жөніндегі ұйым өкілінің еріп жүруінсіз үй-жайдан шығып кетуіне жол берілмейді. Емтихан өткізіліп жатқан кезде кандидаттарға қабылдаушы-беруші электрондық құрылғыларды (соның ішінде қалталы дербес компьютерлер мен өзге де электрондық жабдықтарды) қолдануға жол берілмейді.
      Кандидат осы тармақтың бірінші бөлігіндегі талаптарды бұзған кезде осы адамның емтихан процесі тоқтатылып, ол үй-жайдан шығарылады. Қадағалаушылар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Емтихан қағидаларының бұзылғаны туралы акт жасайды.
      Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі талаптарды бұзған адамдардың емтихан нәтижелері күшін жояды.
      19. Білімді растау жөніндегі ұйым емтихан өткізген кезде тиісті мемлекеттік органның:
      сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін – Есеп комитетінің;
      ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін – уәкілетті органның өкілдері қатысады.
      Есеп комитетінің өкілдері қажет болған жағдайда, ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін өткізілетін емтиханның кез келген сатысына қатысады.
      20. Білімді растау жөніндегі ұйым емтихан өткізу процесіне қадағалаушылардың қатысуын қамтамасыз етеді.
      21. Емтихан кандидаттардың қалауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде тапсырылады.
      22. Жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге кандидаттар саладағы мына пәндер бойынша емтихандар тапсырады:
      1) стратегиялық менеджмент;
      2) тәуекел менеджменті.
      23. І санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену кандидаттар саладағы мына пәндер бойынша емтихандар тапсырады:
      1) IT-аудит;
      2) мемлекеттік борыш аудиті;
      3) экологиялық аудит.
      24. ІІ санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге кандидаттар саладағы мына пәндер бойынша емтихандар тапсырады:
      1) қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;
      2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;
      3) сәйкестік аудиті;
      4) тиімділік аудиті;
      5) қаржылық есептілік аудиті.
      25. ІІІ санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге кандидаттар мемлекеттік аудитор ретінде рұқсат берілетін аудиттің типіне қарай емтихандар тапсырады.
      ІІІ санат бойынша (1-тип – қаржылық есептілік аудиті) саладағы мына пәндер бойынша емтихандар тапсырады:
      1) қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;
      2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;
      3) қаржылық есептіліктің аудиті.
      ІІІ санат бойынша (2-тип – сәйкестік аудиті) саладағы мына пәндер бойынша емтихандар тапсырады:
      1) қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;
      2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;
      3) сәйкестік аудиті.
      ІІІ санат бойынша (3-тип – тиімділік аудиті) саладағы мына пәндер бойынша емтихандар тапсырылады:
      1) қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;
      2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;
      3) тиімділік аудиті.
      26. Жоғарырақ санат бойынша біліктілікті иелену үшін алдыңғы санаттардағы мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге арналған сертификатты біртіндеп алуы талап етіледі.
      Осы тармақтың талабы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарында өз өкілеттіктерін 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүзеге асырып жатқан қызметкерлерге қолданылмайды.
      27. Мемлекеттік аудитордың осы санатына сәйкес келетін пәндер бойынша бұрын тапсырған емтихандардан жоғарырақ санатты иеленуге ниет білдерген мемлекеттік аудиторлар босатылады.
      28. Пәндер бойынша емтихандар өткізудің күнтізбелік жылға арналған кестесін:
      сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін – Есеп комитетінің;
      ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін – уәкілетті органның келісімі бойынша білімді растау жөніндегі ұйым айқындайды.
      29. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген кәсіби бухгалтер сертификаттары немесе бухгалтерлік есеп саласындағы Diploma in the International Financial Reporting (DipIFR ACCA) халықаралық сертификаттары бар кандидаттар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау пәні бойынша емтихандар тапсырудан босатылады.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген «аудитор» біліктілік куәлігі немесе The Association of Chartered Certified Accountants (ACCA) немесе Certified Public Accountant (CPA) немесе Chartered Institute of Management Accountants (CIMA) немесе The Chartered Institute of Public Finance & Accountancy (CIPFA) немесе Certificate in International Public Sector Accounting standards (ACCA IPSAS) халықаралық сертификаттары бар кандидаттар тиісті пәндер бойынша емтихандар тапсырудан босатылады.
      30. Сертификаттау пәндері бойынша Халықаралық жоғары қаржы бақылау органдары ұйымының (INTOSAI)) халықаралық сертификаттары бар кандидаттар олар бойынша емтихандардан босатылады.
      31. Кандидаттың пәндер бойынша алған оң нәтижесі ол Ұлттық комиссияда одан әрі әңгімелесуден өтуі үшін білімді растау жөніндегі құжат берілген күннен бастап екі жыл бойы күші бар деп танылады.
      32. Емтиханның ұзақтығы кемінде үш академиялық сағатты (180 минут) құрайды.
      33. Емтиханды тапсыру үшін жалпы жинақталған балл («өту» балы) жүз (100) мүмкін болатын балдан кемінде жетпіс бес (75) балын құрайды.
      34. Балдардың саны мен емтихандардың ұзақтығы олардың күрделілігіне қарай тестілік сұрақтар және (немесе) ахуалдық тапсырмалар бойынша әрбір модульдің бөлінісінде белгіленеді.
      35. Тестерді орындауға бөлінген уақыт аяқталған соң, бағдарлама автоматты түрде жабылып қалады. Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі. Ахуалдық тапсырмалар болған кезде осы процесті автоматтандыруға мүмкіндік болмаса, олардың шешімі жазбаша түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Ахуалдық тапсырмалардың жазбаша жауаптарын бағалауды емтихан комиссиясы жүзеге асырады.
      36. Емтихан жұмыстарына емтихан аяқталған соң СН беріліп, олар кейіннен емтихан комиссиясына жіберіледі.
      37. Емтихан комиссиясы кандидаттардың емтихан жұмыстарын күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде тексеріп бағалайды және мынадай шешімдердің бірін шығарады:
      1) кандидат тапсырған пән бойынша жинақталған «өту балына» қол жеткізсе, емтиханнан өтті (оң нәтиже);
      2) кандидат тапсырған пән бойынша жинақталған «өту балына» қол жеткізе алмаса, емтиханнан өте алмады (теріс нәтиже).
      Оң нәтиже алған кандидаттарға білімді растау жөніндегі ұйым:
      сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын үміткерлер үшін Есеп комитетімен;
      ішкі мемлекеттік аудиттң және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін уәкілетті органмен келісе отырып бекіткен нысан бойынша білімді растау туралы құжат беріледі.
      38. Емтиханнан өте алмаған кандидаттардың осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген рәсімдерді сақтай отырып, теріс нәтиже алған күннен бастап, бір айдан соң оны қайта тапсыруына құқығы бар.
      Осы тармақтың талабы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарындағы өз өкілеттіктерін 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүзеге асырып жатқан қызметкерлерге қолданылмайды.

2-параграф. Апелляциялық кеңес

      39. Емтихан жұмысының нәтижелерімен келіспеген кезде, кандидаттардың емтихан нәтижелерін қайта тексеру туралы өтініш беру жолымен жүзеге асырылатын апелляцияға беруіне құқықтары бар.
      40. Апелляция білімді растау жөніндегі ұйымға емтихан қорытындылары туралы хабарланған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, жазбаша түрде беріледі.
      41. Апелляциялық кеңес емтихан комиссиясына кірмеген адамдар санынан қалыптастырылады.
      42. Апелляция кандидаттың қатысуынсыз, оны берген күннен бастап, 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаралады. Апелляциялық кеңес қараудың нәтижесі бойынша мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) емтихан комиссиясының шешімін бекіту;
      2) емтихан комиссиясының шешімін өзгерту. Алынған балдарды азайтуға жол берілмейді.
      43. Апелляцияға берген кандидат емтихан жұмысымен, сондай-ақ апелляциялық кеңестің бағалау нәтижелерімен танысады. Қайталанған апелляция қаралуға қабылданбайды.
      44. Кандидат апелляциялық кеңестің шешіміне сот тәртібімен шағымдана алады.

3-параграф. Ұлттық комиссиядағы әңгімелесу

      45. Кандидаттар әңгімелесуден өту үшін Ұлттық комиссияның жұмыс органына жеке өзі немесе электронды құжат айналымы арқылы (кейіннен әңгімелесуге келген кезде растайтын құжаттарын ұсына отырып) мынадай құжаттар:
      1) кандидат тапсыруға үміт білдірген пәнді көрсете отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жеке куәліктің көшірмесін;
      3) жоғары білімінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесін;
      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың (еңбек өтілі бар адамдар үшін) көшірмесін, мемлекеттік қызметшілер үшін – қолданыстағы заңнамаға сәйкес ресімделген қызметтік тізім;
      5) мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы сертификаттың көшірмесін (болған жағдайда);
      6) (кәсіби бухгалтер, аудитор) біліктілігінің болуы туралы құжаттың көшірмесін (болған жағдайда);
      7) білімін растау жөніндегі құжаттың көшірмесін;
      8) қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжаттың көшірмесін (болған жағдайда);
      9) жеке деректерінің өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесін (болған жағдайда);
      10) ғылыми (академиялық) дәреженің берілуі туралы дипломның көшірмесін (болған жағдайда);
      11) бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы халықаралық сертификаттарының (куәліктерінің) көшірмесін (болған жағдайда) тапсырады.
      2)-7)10)11) тармақшаларда көзделген құжаттар нотариалды куәландырылған нысанда не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының кадр қызметі куәландырып ұсынылады.
      46. Құжаттардың Ұлттық комиссияның жұмыс органына келіп түскен күні кіріс хат-хабарлар журналында тіркеледі, өтінішке кіріс нөмірі жазылады.
      47. Ұсынылған құжаттар пакеті осы Қағидалардың 45-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, өтініш тіркелуге жатпайды, ол жөнінде құжаттарды қабылдаудан бас тарту себептері көрсетіле отырып, кіріс хат-хабарлар журналында белгі қойылып, кейіннен олар кандидатқа беріледі.
      48. Өтінішін қабылдаудан бас тартылған кандидат бас тартуға негіз болған ескертулерді жойғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынуына құқылы.
      49. Ұлттық комиссияның жұмыс органы ұсынылған құжаттарды және мемлекеттік аудиттің тиісті санаты үшін бекітілген біліктілік талаптарына кандидаттың сәйкестігін тексеруді ұйымдастырып, әр кандидатқа жеке қорытынды шығарады.
      50. Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өтуге осы Қағидалардың 49-тармағында көрсетілген жұмыс органының оң шешімін алған кандидаттар жіберіледі. Әңгімелесу Ұлттық комиссия бекітетін кестеге сәйкес өткізіледі.
      51. Жұмыс органы әңгімелесудің кестесі мен өткізілетін орнын кандидаттарға ол басталғанға дейін кемінде он күн бұрын хабарлайды.
      52. Ұлттық комиссия мәлімделген санатқа мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге кандидаттың қажетті кәсіби даярлығының деңгейін және жеке қасиеттерін анықтау үшін әңгімелесу өткізеді.
      53. Барлық кандидаттарға қойылатын сұрақтар бірдей болады және кандидат үміт білдірген санаттағы мемлекеттік аудитордың алдында тұрған функционалдық міндеттердің шегінен шықпайды.
      54. Ұлттық комиссияның отырысы аудио және (немесе) бейне жазбаға түсіруге жатады.
      55. Қорытындыларды шығару Ұлттық комиссия мүшелерінің дауыс беруін санау арқылы жүзеге асырылады.
      56 Қорытындылар Ұлттық комиссия отырысының Ұлттық комиссия Төрағасы және хатшысы қол қоятын хаттамасымен ресімделеді.
      57. Сертификаттаудың қорытындылары Ұлттық комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде Есеп комитетінің интернет-ресурсында жарияланады.

4-параграф. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы
сертификат беру

      58. Сертификаттаудан табысты өткен кандидаттарға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы сертификат беріледі.
      59. Сертификат сертификаттаудан табысты өткен адамға қолма-қол немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкіліне беріледі.

Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды  
сертификаттау қағидаларына  
1-қосымша          

Нысан

Мемлекеттік аудитор біліктілігін  
беруге үміткер адамдарды сертификаттау
жөніндегі ұлттық комиссия     
______________________________________
______________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты,     
әкесінің аты (болған жағдайда))   

                               ӨТІНІШ

«________________ сыныпты мемлекеттік аудитор» біліктілігін иеленуге
(білімімді растауға/әңгімелесуге) рұқсат беруіңізді сұраймын.
      (қажет болғанын көрсету)

Жеке мәліметтер:
Білімі:______________________________________________________________
          (жоғары оқу орнының атауы, диплом бойынша мамандығы)
Жұмыс орны, лауазымы, телефон №:_____________________________________
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері:______________________
_____________________________________________________________________
          (№, қайда және кім берген, туған күні және жері)
Үйінің мекенжайы, үйінің және ұялы телефон №№:_______________________
_____________________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы:_________________________________________

Осы өтінішке мыналарды қоса беріп отырмын:
      («белгімен» көрсету)
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (екі дана);
жоғары білімінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі (екі дана);
бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы халықаралық  сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда);
еңбек қызметін растайтын құжатты көшірмесі (еңбек өтілі бар    адамдарға), ал мемлекеттік қызметшілер үшін – қолданыстағы заңнамаға сәйкес ресімделген қызметтік тізім;
мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы сертификаттың  көшірмесі (болған жағдайда);
(кәсіби бухгалтер, аудитор) біліктілігінің болғаны туралы    құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өту фактісін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
3х4 фотосурет (жеке іске).
      Қайда және қашан оқудан өтті (курстың атауы, ұйымның атауы:____
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
________________________________ тапсыруға шешім қабылдадым.
                        (келесі беттен қараңыз)

Емтихан тапсырмаларын мына тілде орындаймын:
       («белгімен» көрсету)
мемлекеттік тілде;
орыс тілінде.

Емтихандар тапсыруға тіркеудің нәтижелері туралы және емтихандардың
нәтижелері туралы ақпаратты маған өтініште көрсетілген деректемелер
бойынша жіберуді сұраймын:
      («белгімен» көрсету)
электрондық поштамен;
үйімнің мекенжайына пошта арқылы.

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау қағидаларымен» таныстым және олармен келісемін.
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығына және олардағы мәліметтердің
анықтығына жауап беремін.

Толтырылған күні 20___ж. «_____» ____________ _______________________
                                                     (қолы)

Комиссияға өтініштің келіп түскен күні:
20___ж. «_____» _____________.

Комиссия хатшысының ТАӘ және қолы:
___________________________________.

Кандидаттың сәйкестендіру нөмірі:___________________________________.

      Жұмыс тобы өкілінің кандидаттың құжаттары туралы қорытындысы:
қойылған талаптарға сәйкес келеді;
толық көлемде ұсынылмаған;
заңнама және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейді.
___________________ ___________________ 20___ ж. «____»_____________.
   (тегі, а.ә.)          (қолы)

Емтихандар тапсыруға тіркелгені туралы хабарлама кандидатқа мыналар
арқылы жіберілді:
электрондық пошта;
тапсырылғаны туралы хабардар етіле отырып, пошта арқылы.
____________________ _____________________ «____»_____________20___г.    (тегі, а.ә.)         (қолы)
Емтихандардың жеке нәтижелері туралы хабарлама кандидатқа мыналар
арқылы жіберілді:
электрондық пошиа;
тапсырылғаны туралы хабардар етіле отырып, пошта арқылы.
____________________ _____________________ «____»_____________20___г.    (тегі, а.ә.)         (қолы)

Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды  
сертификаттау қағидаларына  
2-қосымша          

нысан

                 Емтихан қағидаларын бұзу туралы акт

      20___жылғы «____» ______сағат ________минут

      Қадағалаушы ___________________________________________________
                     (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
      кандидат____________________________________ ЖСН ______________
          (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау қағидаларының 17-тармағының бірінші бөлігін мына
түрде:
_____________________________________________________________________
                   (бұзушылықты қысқаша сипаттау)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
бұзу фактісін анықтады.

      Қадағалаушының қолы ___________________________________________

      Актімен таныстым ______________________________________________
                           (бұзушылыққа жол берген кандидаттың
                        тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Көрсетілген бұзушылыққа жол берген кандидат осы актіге қол
қоюдан бас тартқан жағдайда, тиісті жазба жасалады.
      _______________________________________________________________
      (Бұзушылыққа жол берген кандидаттың осы актіге қол қоюдан бас
тартуын растайтын басқа да адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда), ЖСН)

Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды   
сертификаттау қағидаларына   
3-қосымша          

нысан

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы
№ _____ СЕРТИФИКАТ

      Осы мемлекеттік аудитор біліктілігін беру туралы сертификат
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________ берілді.
                          (Т.А.Ә.)

      Ұлттық комиссияның 20___ жылғы «____» ___________ шешімімен
оған __________________ санатты мемлекеттік аудитор біліктілігі
берілді.

      Ұлттық комиссияның
      Төрағасы:            ___________ ____________________
                              (қолы)           (Т.А.Ә.)

      М.О.
      Берілген күні: 20___ жылғы «____» _____________
      Тіркеу нөмірі: № ______