Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12717 болып тіркелді

Жаңартылған

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 154-3-бабының 8-тармағына және 230-бабына және "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 1-тармағына және 20-бабының 5)6) және 11) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалары;
      2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту тәртібі;
      3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іріктеу тәртібі;
      4) Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жатқызу өлшемшарттары;
      5) Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әртүрлі кезеңдерінде туындайтын тәуекелдердің болжамды тізбесі;
      6) Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға кажетті сараптамалар жүргізуге койылатын талаптар бекітілсін.
      2. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімдік баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасы


      Ұлттық экономика министрінің


      міндетін атқарушы

М. Құсайынов



      "КЕЛІСІЛГЕН"


      Қазақстан Республикасының


      Қаржы министрі


      ___________ Б. Сұлтанов


      2015 жылғы 30 қараша




Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 25 қарашадағы №
725 бұйрығына
1-қосымша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 6)-тармақшасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) субъектілерінің МЖӘ жобаларын жоспарлау және іске асыру кезеңінде өзара іс-қимылдарын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
      Осы Қағидалардың 2-тарауының 4-параграфын қоспағанда, концессиялық жобаларды жоспарлау және іске асыру Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 86758 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы "Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" № 157 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) алдын ала есептеулер – жорамалдарды көрсете отырып, МЖӘ жобасының операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің кіріс және шығыс бөлігі бойынша есептеулер. Алдын ала есептеулер ашып көрсететін формулалары бар Microsoft Office Excel форматында жасалады және қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынылады;
      2) МЖӘ жобасының консультанттары (бұдан әрі – консультанттар) МЖӘ жобаларын дайындауға байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсететін жеке, заңды тұлғалар, оның ішінде МЖӘ жобаларын сүйемелдеу бойынша заңды тұлғалар;
      3) уәкілетті тұлға – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі мемлекеттік орган немесе квазимемлекеттік сектор субъектісі.
      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.
      3. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражатын МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді, МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жүргізуді қаржыландыруға бөлу осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы (бұдан әрі – МЖӘ дамыту орталығы) және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын сараптаманы жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар жүргізетін, МЖӘ жобасының тұжырымдамасына, МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасына (бұдан әрі – конкурстық құжаттама), оның ішінде оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптаманың негізгі міндеттері мыналар:
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау;
      Заңмен белгіленген МЖӘ қағидаттары мен белгілерін сақтау;
      МЖӘ жобасын іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау;
      МЖӘ жобасын іске асырудың алдын ала есептеулерін бағалау;
      МЖӘ жобасының тәуекелдерін бөлуді және басқаруды бағалау;
      МЖӘ жобасын, оны жоспарлау кезеңінде іске асыру бойынша ұсынылған шешімдердің негізділігін бағалау болып табылады.
      5. МЖӘ жобасының тұжырымдамасына, конкурстық құжаттамаға, МЖӘ шартының жобасына, оның ішінде оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптама нәтижесі мына бөлімдерден тұратын сараптама қорытындысы болып табылады:
      1) сараптама қорытындысының кіріспе бөлігі сараптама атауы және жүргізу күні туралы мәліметтерді, сондай-ақ МЖӘ жобасы туралы жалпы ақпаратты қамтиды;
      2) сараптама қорытындысының негізгі (талдамалық) бөлігінде осы Қағидаларға сәйкес жүргізілген бағалау нәтижелері көрсетіледі;
      3) қорытынды бөлікте сараптама қорытындылары бойынша әзірленген, оның ішінде МЖӘ жобасының экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа параметрлерін жақсарту бойынша ұсынымдар мен тұжырымдар мазмұндалады.
      6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың сараптамасы және оларды келісу, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган келісуді жүзеге асыруын қоспағанда, бір мезгілде (қатарлас) жүзеге асырылады.
      МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік қолдау шаралары мен бюджеттен төлемдер жоспарланбаған жағдайларда жергілікті жобалар бойынша Заңның 25-бабы 8) тармақшасында көрсетілген жағдайларда МЖӘ жобасы тұжырымдамасының, МЖӘ жобасының ЖСҚ немесе ТЭН қоса алғанда конкурстық құжаттамасының сараптамасын қаржылық және инвестициялық талдау тәжірибесі бар қаржы институттары (екінші деңгейдегі банктер, консалтингтік компаниялар) жүргізуіне жол беріледі.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) № 480 бұйрығымен.
      7. МЖӘ жобасының тұжырымдамасы, конкурстық құжаттама, МЖӘ шартының жобасы бойынша жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпарат ұсыну қажет болған жағдайларда, МЖӘ дамыту орталығы немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын сараптаманы жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар құжаттар пакеті түскен күннен бастап 15 (он бес жұмыс) жұмыс күні ішінде (бір реттен артық емес) тиісті сұрау салуларды, сұрау салудың көшірмесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға жолдайды. Жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпаратты немесе қосымша мерзімдердің қажеттігі туралы хабарламаны МЖӘ жобасының тұжырымдамасын, конкурстық құжаттаманы, МЖӘ шартының жобасын әзірлеуші сұрау салу түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жолдайды.
      Бұл ретте жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпаратты ұсынудың қосымша мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайды.
      Сұрау салуды жолдаған күннен бастап, қажетті ақпаратты ұсынғанға дейін сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатылады.
 

2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау

1-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, әзірлеу, келісу, сараптама жүргізу, сондай-ақ бекіту

      8. Уәкілетті тұлға МЖӘ жобасын іске асыру қажеттігі туралы шешімді Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының, Қазақтан Республикасы Президенті, Қазақтан Республикасы Үкіметі тапсырмаларының немесе актілерінің негізінде, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің бастамаларын ескере отырып қабылдайды.
      МЖӘ жобасының тұжырымдамасын өздігінен әзірлеу мүмкіндігі болмаған жағдайда, мемлекеттік орган МЖӘ жобасының тұжырымдамасын әзірлеу кезінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МЖӘ жобасын консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыруға өтінім ұсынады.
      Мемлекеттік инвестициялық жобаны (бұдан әрі – МИЖ) МЖӘ тетігі бойынша қаржыландыру тәсілін айқындаған жағдайда, МЖӘ жобасын іске асыру қажеттігі туралы шешім МИЖ-дің инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытынды негізінде де қабылданады.
      МЖӘ жобасының шеңберінде мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару немесе мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша беру туралы шешім мынадай талаптардың бірі болған жағдайда қабылданады:
      1) МЖӘ жобасын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы немесе актісі, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің бастамасы;
      2) мемлекеттік қолдау шараларын, мемлекеттен субсидияларды, инвестициялық шығындар өтемақысын, операциялық шығындар өтемақысын, қолжетімділік үшін төлемақыны ұсыну, сондай-ақ МЖӘ жобасын консультациялық сүйемелдеуді жүргізу болжанса;
      3) МЖӘ объектісіне меншік құқығын беру болжанса.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) № 480 бұйрығымен.
      9. МЖӘ жобасын жоспарлау кезеңінде уәкілетті тұлғалар қажет болған жағдайда жобаны басқару сапасын қамтамасыз ету үшін ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың мамандарын, тәуелсіз сарапшыларды, жобалық, инжинирингтік және басқа компанияларды, мүдделі және уәкілетті мемлекеттік органдарды, кәсіпкерлік субъектілерін, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін, сондай-ақ консультанттарды тарту арқылы Ведомствоаралық жобалық топ құрылады.
      Ведомствоаралық жобалық топтың құрамы МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі уәкілетті тұлғаның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      Ведомствоаралық жобалық топ мына функцияларды жүзеге асырады:
      МЖӘ жобасын іске асыру тетіктері бойынша ұсыныстар мен бастамаларды зерделейді;
      МЖӘ жобасының басымдығын, жүзеге асыру тәсілін, конкурстың түрін, жер учаскелерін бөлуге, инженерлік желілерге қосылуға байланысты мәселелерді іріктейді, бағалайды, айқындайды;
      жоспарланып отырған МЖӘ жобасы бойынша маркетингтік және өзге де зерттеулердің нәтижелерін зерделейді;
      барлық қажетті есептеулерді, оның ішінде МЖӘ жобасының алдын ала есептеулерін зерделейді;
      МЖӘ жобасының тұжырымдамасына қосу үшін ұсыныстар әзірлейді;
      МЖӘ жобасын жоспарлау кезеңінен бастап МЖӘ шартын жасасу кезеңіне дейін МЖӘ жобасын әзірлеуге тартылған тұлғалардың барлық есептерін тыңдайды;
      Келісім беретін уәкілетті органдар мен ұйымдардың ескертулерін алу бойынша келісу және сараптама процестері барысында МЖӘ жобасының тұжырымдамасын және конкурстық құжаттамасын пысықтауды жүзеге асырады.
      Бұл ретте сараптама және келісу қорытындыларында Ведомствоаралық жобалық топқа МЖӘ жобаларын басқару бойынша ұсынымдар көрсетіледі;
      МЖӘ тұжырымдамасының және конкурстық құжаттаманың қараудан, келісуден, сараптамадан және бекітуден өту мерзімдерінің және рәсімдерінің сақталуын қадағалайды.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) № 480 бұйрығымен.
      10. Заңның 26-бабына сәйкес уәкілетті тұлғалар МЖӘ саласында мамандарды оқыту, сондай-ақ МЖӘ мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу және ұсынымдар әзірлеу үшін МЖӘ дамыту орталығын тартады.
      11. МЖӘ жобасын қаржыландыруға мүдделі қаржылық және өзге де ұйымдар МЖӘ жобасының тұжырымдамасын, конкурстық құжаттамасын, МЖӘ шартының жобасын әзірлеуге және талқылауға қатыса алады, оның ішінде МЖӘ жобасын қаржыландыру, МЖӘ шарты бұзылған жағдайларда тартылатын қарыздар, көзделетін төлемдер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету схемасы және МЖӘ жобасын қаржыландыруға байланысты өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар енгізе алады.
      12. МЖӘ жобасын жоспарлауға кәсіпкерлік субъектілерін тарту, жоспарлау процесінің ашықтығын арттыру мақсатында, уәкілетті тұлғалар жоспарланған МЖӘ жобасы туралы қызығушылықты білдіретін сұрау салуды өздерінің ресми интернет-ресурстарында, МЖӘ дамыту орталығының интернет-ресурсында орналастырады, ақпартты өзге де интернет-ресурстарда және мерзімді баспа басылымдарында орналастыруды, бастамаланған МЖӘ жобаларының ерекшелігіне қарай мекенжайларға жіберуді қамтамасыз етеді.
      Жоспарланған МЖӘ жобасы туралы қызығушылықты білдіретін сұрау салу уәкілетті тұлғаның байланыс деректерінен, МЖӘ жобасының негізгі параметрлері және талаптарынан, сондай-ақ ұсыныстарды берудің түпкілікті мерзімдерінен тұрады.
      Конкурсты ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурсты жабық түрде өткізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, жоспарланған МЖӘ жобасы туралы ақпарат жария етілмейді. Қызығушылықты білдіретін сұрау салу конкурсты ұйымдастырушы алдын ала айқындаған әлеуетті жекеше әріптестерге жазбаша түрде жолданады.
      МЖӘ жобасын талқылауға әлеуетті жекеше әріптестерді тарту мақсатында дөңгелек үстелдер, кездесулер, road-show (тұсаукесерлер), networking (салалық конференцияларға және форумдарға, көрмелерге қатысу), инвестициялық маркетинг және басқа да қажетті шаралар, оның ішінде консультанттарды тарта отырып жүргізіле алады.
      13. Конкурсты ұйымдастырушы келіп түскен ұсыныстарды жинақтайды және уәкілетті тұлғаның әлеуетті жекеше әріптестердің әрқайсысымен, оның ішінде жалғыз әлеуетті жекеше әріптеспен келіссөздер жүргізуі жолымен бәсекелі диалог ұйымдастыра алады.
      Бәсекелі диалог әрбір мүдделі әлеуетті жекеше әріптестердің, оның ішінде жалғыз әлеуетті жекеше әріптестің мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық, қаржылық, заңдық және МЖӘ жобасының басқа да қажетті параметрлері, мемлекеттік қолдау шаралары, үздік конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттары бойынша оңтайлы шешімдерді және өзге де шешімдерді қалыптастыру үшін ұйымдастырылады.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) № 480 бұйрығымен.
      14. Бәсекелі диалогқа қатысушылардың барлығы оны жүргізу барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды.
      15. Уәкілетті тұлғалар МЖӘ жобасының тұжырымдамасын, конкурстық құжаттаманы бәсекелі диалогтың қорытындыларын, жобалық топ жұмысының нәтижелерін ескере отырып, сондай-ақ Заң талаптарын ескере отырып әзірлейді.
      МЖӘ жобасының тұжырымдамасын әлеуетті жекеше әріптес әзірлеген жағдайда жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімді енгізу үшін уәкілетті тұлғамен МЖӘ жобасының тұжырымдасын әзірлеуге байланысты талқылаулар жүргізуге жол беріледі.
      Талқылауларға консультанттар, мүдделі мемлекеттік органдар, сарапшылар, және өзге де мүдделі тұлғалар тартылуы мүмкін.
      МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеу бойынша МЖӘ жобасын жоспарлау осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) № 480 бұйрығымен.
      16. МЖӘ жобасының тұжырымдамасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде әзірленеді.
      МЖӘ жобасының тұжырымдамасына уәкілетті тұлғаның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға не ол уәкілеттік берген тұлға қол қояды.
      МЖӘ жобасының тұжырымдамасын, сондай-ақ оған қоса берілетін материалдарға, уәкілетті тұлғаның жауапты құрылымдық бөлімшесінің (ведомствоның) басшысы әрбір парағына қол қояды немесе нөмірленген беттермен тігілген түрде ұсынылады. Тігу кезінде соңғы беттің сырт жағы куәландырылады және бет саны көрсетіледі.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) № 480 бұйрығымен.
      17. МЖӘ жобасының тұжырымдамасы мынадай келісулер мен сараптамалардан өтеді:
      1) МЖӘ жобасының тұжырымдамасын енгізген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының немесе оның аумақтық бөлімшелерінің (филиалдары/өкілдіктері) сараптама қорытындысын алу.
      «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының, оның аумақтық бөлімшелері (филиалдары/өкілдіктері) сараптама қорытындысын беру кезінде мына мәселелерді қарайды:
      МЖӘ жобасының инвестициялық тартымдылығын;
      кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
      2) жоба табиғи монополиялар салаларына тиесілі болған жағдайда, табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен МЖӘ жобасының тұжырымдамасын енгізген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде келісу.
      Келісу кезінде мына мәселелер қаралады:
      МЖӘ жобасының табиғи монополиялар салаларына тиесілігі және МЖӘ жобасының табиғи монополиялар салаларына жататын реттелетін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тізбесін келісу;
      тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өндірудің, жылу және электр желілері, газ тарату жүйелері, сондай-ақ сумен жабдықтау және кәріз жүйелері дамуының өндірістік циклы;
      МЖӘ жобасының өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалға және МЖӘ жобасын іске асыруға қажеттілік, оның ішінде МЖӘ жобасының өңірдегі басқа да монополистердің қызметіне әсері;
      МЖӘ жобасының реттелетін тауарларына, жұмыстарына және көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаны, алым мөлшерлемесін) қалыптастыру тәртібі және оның мөлшері.
      Табиғи монополиялар субъектілерінің жұмыс істеп тұрған объектілерін реконструкциялау немесе жаңғырту кезінде МЖӘ жобасын іске асыру көрсеткіштерінің тарифтердің өсуіне және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілері әзірлеген және іске асырып отырған іс-шаралар жоспарларына негізделген нормативтік шығыстарды азайтуға және (немесе) болған жағдайда, нормативтен жоғары шығыстарды жоюға әсері бойынша мәселелер қосымша қаралады;
      3) тиісті саланың уәкілетті органының салалық сараптама жүргізуі.
      МЖӘ жобасының тұжырымдамасына салалық сараптаманы ол енгізілген кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде салалық орталық мемлекеттік органдар (республикалық жобалар бойынша) немесе жергілікті салалық мемлекеттік органдар (жергілікті жобалар бойынша) жүргізеді.
      Бұл ретте МЖӘ жергілікті жобаларының тұжырымдамасын әзірлеушілер ақпараттық мақсатта МЖӘ тұжырымдамасын орталық салалық мемлекеттік органдарға (жоспарланатын МЖӘ жобасын іске асыру саласына байланысты) қатар жолдайды.
      Жоба тұжырымдамасы:
      1) саланың одан әрі дамуына ықпал ететін ағымдағы жай-күйінің проблемаларын;
      2) МЖӘ жобасы мақсаттарының салада орын алған проблемаларды шешуге сәйкестігін;
      3) жекеше әріптестің және ол ұсынатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың мүдделері теңдестірілімдігін қамтамасыз ету қағидатын негізге ала отырып, МЖӘ жобасын іске асырудың балама нұсқаларын;
      4) МЖӘ жобасын іске асырған және мұндай іске асыру болмаған жағдайда саладағы ахуалды;
      5) МЖӘ жобасын іске асырудан түскен пайданы бөлуді;
      6) МЖӘ жобасын іске асырудың экономиканың сабақтас салаларына (аяларына) болжамды мультипликативті әсерін бағалауды қамтитын салалық сараптамаға жатады.
      МЖӘ жобасы бірнеше салалық мемлекеттік органдардың жауапкершілік аясын қозғаған жағдайда, көрсетілген салалық мемлекеттік органдар МЖӘ жобасы тұжырымдамасының тиісті салалық сараптамалар қорытындыларын қосымша ұсынады;
      4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысын МЖӘ дамыту орталығы (республикалық жобалар бойынша) немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары айқындаған сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар (жергілікті жобалар бойынша), оларды тартқан жағдайда, МЖӘ жобасының тұжырымдамасына жүргізген сараптама негізінде дайындау жолымен келісу.
      МЖӘ жобасының тұжырымдамасы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға мынадай қосымшалармен:
      1) МЖӘ жобасы тұжырымдамасының салалық сараптамасының оң қорытындысы;
      2) осы тармақта көзделген қажетті келісулер мен қорытындылардың өзге де нәтижелері;
      3) тиісті негіздемені қоса бере отырып, конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптамаларды жүргізу құнының есептеулерін;
      4) уәкілетті тұлғаның пікірі бойынша ұсынылған МЖӘ жобасының тұжырымдамасын жан-жақты және толық бағалау үшін қажетті өзге де материалдар мен мәліметтер бірге жолданады.
      МЖӘ жобасының тұжырымдамасына сараптама техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша МЖӘ жобасының тұжырымдамасын енгізген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      Жобалардың қалғандары бойынша – МЖӘ жобасының тұжырымдамасын енгізген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      Сараптаманы ескере отырып, МЖӘ жобасының тұжырымдамасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органмен келісудің жалпы мерзімі техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша 30 (отыз), ал жобалардың қалғандары бойынша – 20 (жиырма) жұмыс күннен аспайды.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) № 480 бұйрығымен.
      18. МЖӘ дамыту орталығы (республикалық жобалар бойынша) немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары айқындаған сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар (жергілікті жобалар бойынша), оларды тартқан жағдайда, МЖӘ жобасының тұжырымдамасына сараптаманы, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде, МЖӘ жобасының тұжырымдамасында қамтылған ақпаратты бағалау арқылы МЖӘ жобасын іске асыру мүмкіндігі пен орындылығын айқындау мақсатында жүргізеді.
      19. МЖӘ жобасының тұжырымдамасына сараптама мыналар:
      1) МЖӘ жобасының тұжырымдамасы;
      2) «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының немесе оның аумақтық бөлімшелерінің (филиалдары/өкілдіктері), табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган (жобаның табиғи монополиялар салаларына тиесілі болған жағдайда), сондай-ақ тиісті саланың уәкілетті органының келісулері мен сараптамалары нәтижелері;
      3) конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптамаларды жүргізу құнының есептеулері;
      4) МЖӘ жобасының тұжырымдамасын әзірлеушінің пікірі бойынша ұсынылатын МЖӘ жобасының тұжырымдамасын жан-жақты және толық бағалау үшін қажетті өзге де материалдар мен мәліметтер негізінде жүргізіледі.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) № 480 бұйрығымен.
      20. МЖӘ жобасы тұжырымдамасының сараптама қорытындысы, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, мыналарды:
      МЖӘ жобасының тұжырымдамасы бойынша құжаттама пакетінің құрамын;
      ұсынылған схема бойынша МЖӘ жобасын іске асыру мүмкіндігін;
      ұсынылған схема бойынша МЖӘ жобасын іске асырудың орындылығын бағалаудан тұрады.
      МЖӘ жобасы тұжырымдамасының сараптама қорытындылары бойынша, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, тиісті ұсынымдар мен тұжырымдар келтіріледі.
      Ұсынылған схема бойынша МЖӘ жобасын іске асыру мүмкіндігін айқындау мыналарды:
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде МЖӘ жобасын іске асыру мүмкіндігін;
      МЖӘ жобасының тұжырымдамасында көрсетілген мемлекеттік қолдаудың түрлері мен көлемдерін көрсету, сондай-ақ шығындардың орнын толтыру және жекеше әріптестің кірістерді алу мүмкіндігін;
      МЖӘ жобасының тәуекелдерін және оларды басқару бойынша шараларын;
      институционалдық шешімдерді (тараптардың өзара іс-қимыл тетіктерін, олардың жауапкершілігін және басқаларды);
      конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптамаларды жүргізу құнының есептеулерін бағалауға негізделеді.
      МЖӘ тетіктерін пайдалана отырып, МЖӘ жобасын іске асырудың орындылығын айқындау мыналарды:
      МЖӘ жобасын іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін;
      МЖӘ жобасын іске асырудың коммерциялық тиімділігін;
      Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестікті, оның ішінде тиісті салада (аяда, өңірде) тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктердің бар болуын көрсету, сондай-ақ МЖӘ жобасының болжанған соңғы нәтижесінің бар болуы, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары немесе актілеріне сәйкестікті;
      маркетингтік зерттеулердің нәтижелерін, оның ішінде МЖӘ жобасын іске асыру нәтижесінде қалыптасқан өнімге (тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге) сұраныстарды;
      ұсынылған схема бойынша МЖӘ жобасын іске асыру кезінде, оның ішінде МЖӘ жобасын қаржыландырудың альтернативті схемалар және көздері (мемлекеттік қарыз, бюджеттік инвестициялар және басқалар) кезіндегі мемлекеттің пайдалары мен шығындарының арақатынасын;
      МЖӘ жобасын іске асыру нәтижесінде құрылатын объектінің жоспарланған физикалық параметрлерін және техникалық мінездемелерін;
      жекеше әріптесті айқындау тәсілі, сондай-ақ МЖӘ шартының түрін таңдау негіздемесін бағалауға негізделеді.
      21. МЖӘ жобасы тұжырымдамасының сараптама нәтижесі оң немесе теріс қорытынды болып табылады.
      Сараптаманың оң қорытындысы МЖӘ жобасын дәйекті дәлелдерді көрсете отырып ұсынылған схема бойынша іске асырудың мүмкіндігін және орындылығын бағалау нәтижелері көрсететін МЖӘ жобасының тұжырымдамасына беріледі.
      Сараптаманың теріс қорытындысы МЖӘ жобасын ұсынылған схема бойынша іске асырудың мүмкін еместігін және (немесе) орынсыздығын бағалау нәтижелері көрсететін не мазмұны Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін және (немесе) негізделген дәлелдерді көрсете отырып, ұсынылған схема бойынша МЖӘ жобасын іске асырудың мүмкіндігін және (немесе) орындылығын айқындау үшін толыққанды ақпарат болмаған жағдайда МЖӘ жобасының тұжырымдамасына беріледі.
      22. МЖӘ жобасының тұжырымдамасын әзірлеуші сараптаманың теріс қорытындысын алған кезде, МЖӘ жобасының тұжырымдамасын пысықтай алады және оны сараптамаға қайта жолдай алады.
      23. Конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде немесе конкурстық рәсімдерді өткізген кезде МЖӘ жобасының параметрлері өзгерген жағдайда, түзетілген МЖӘ жобасының тұжырымдамасы сараптамаға конкурстық құжаттамамен бірге жолдана алады.
      23-1. Құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жергілікті МЖӘ жобасының тұжырымдамасын қарауды осы кезеңдегі уәкілетті органдар мен ұйымдардың қызметін Ведомствоаралық жобалық топ үйлестіре отырып мынадай тәртіпте жүзеге асады:
      1) бір мезгілде 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
      Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аумақтық бөлімшелері (филиалдары/өкілдіктері);
      табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган (жоба табиғи монополиялар салаларына тиесілі болған жағдайда);
      тиісті саланың уәкілетті органы қарайды;
      2) МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік қолдау шаралары мен жергілікті бюджеттен төлемдер жоспарланбаған жағдайларда – МЖӘ жобасы тұжырымдамасының сараптамасын (олар тартылған жағдайда) қаржылық және инвестициялық талдау тәжірибесі бар қаржы институттары (екінші деңгейдегі банктер, консалтингтік компаниялар) немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;
      3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.
      Ескерту. Қағида 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) № 480 бұйрығымен.
      24. МЖӘ жобасының тұжырымдамасын бекітуді осы Қағидаларда көзделген барлық келісулер және сараптамалардың нәтижелері негізінде уәкілетті тұлғалар 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) № 480 бұйрығымен. 

2-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, әзірлеу, келісу, сараптама жүргізу, сондай-ақ бекіту

     25. Республикалық МЖӘ жобалары бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеуші мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, жергілікті МЖӘ жобалары бойынша – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бекітілген МЖӘ жобасының тұжырымдамасы, оған берілген қорытындылар және басқа да тиісті сараптамалар қоса берілген өтінімді, конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізу мәселесін МЖӘ жобасының тұжырымдамасын бекіткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде одан әрі тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшін жолдайды.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) № 480 бұйрығымен.
      26. Өтінімнің негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган конкурстық құжаттаманы әзірлеуге және түзетуге, сондай-ақ оған қажетті сараптамаларды жүргізуге, әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары (бұдан әрі – ЖСҚ) бар, сондай-ақ техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын жобалар бойынша объектінің нақты алаңына қолда бар ЖСҚ-ны байланыстыруға қорытындыны қалыптастырады және бюджет заңнамасының мерзімдеріне сәйкес тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) № 480 бұйрығымен.
      27. МЖӘ жобаларының тұжырымдамаларында қамтылған тиісті бюджет комиссиясы мақұлдаған МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларды жүргізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын МЖӘ жобаларының тізбесін қалыптастырады.
      28. Конкурстық құжаттама мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Заңмен және осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте, МЖӘ жобасының ерекшелігін ескере отырып басқа тілдерде де әзірленеді.
      29. МЖӘ жобасы табиғи монополиялар салаларына жататын жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен олар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мына мәселелерді қарай отырып:
      1) табиғи монополиялар саласына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде конкурстық құжаттама ережелерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар салаларындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін;
      2) конкурстық құжаттаманың МЖӘ жобасының тұжырымдамасындағы тарифтер қалыптастырудың экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа да параметрлеріне және МЖӘ жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі (бұдан әрі - ТЭН) бар болған жағдайда оған сәйкес келуін;
      3) конкурсқа қатысушылар ұсынған конкурстық өтінімнің құрамында МЖӘ жобасының тариф қалыптастырумен байланысты құжаттар тізбесін келісуін;
      4) тариф қалыптастырумен байланысты конкурстық құжаттаманың елеулі шарттарын келісуін;
      5) МЖӘ жобасының тариф қалыптастырумен байланысты МЖӘ шартына енгізілетін ережелер мен қосымшалар бөлігінде МЖӘ шартының жобасын келісуін;
      6) МЖӘ-нің жұмыс істеп тұрған объектілерін жаңғырту немесе реконструкциялау кезінде іске қосылған негізгі құрал-жабдықтардың өтімділік құнының жұмыс істеп тұрған деңгейінің капитал құрушы шығындар есебінен ұлғаюына немесе сақталуына қол жеткізу және МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде әзірленген және іске асырылатын іс-шаралар жоспарына негізделген нормативтік шығындарды төмендету және (немесе) бар болған жағдайда нормативтен жоғары шығындарды жоюды;
      7) реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша шығыстар, өндірістік шығындарды азайтуды;
      8) реттеліп және реттелмей көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемін ұлғайту және (немесе) сапасын арттыруды;
      9) тарифті (бағаны, алым мөлшерлемелерін) қалыптастыру тәртібі және ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтің шекті лимитін;
      10) қарыз алудың және қарыз ресурстарын өтеудің схемасы мен шарттарын;
      11) МЖӘ жобасының негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері – Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының және МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді төлеу болжамының көрсеткіштерін ескере отырып, пайданың (кірістіліктің), тартылған активтеріне пайданың, реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) өсу болжамы шеңберінде субъектілердің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерінің) деңгейіндегі қолма-қол ақшаның дисконтталған ағымдарының ішкі нормаларын келіседі.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      30. Конкурстық құжаттаманы келісу келісім туралы немесе әрбір қаралатын мәселе бойынша келіспеу себептерін немесе конкурстық құжаттаманы пысықтау бойынша талаптарды көрсете отырып, келіспеу туралы хат түрінде ресімделеді.
      31. Конкурсты ұйымдастырушы республикалық МЖӘ жобаларының конкурстық құжаттамасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға келісуге жолдайды.
      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      32. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, егер жоба техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылса, конкурстық құжаттаманы құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ол түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде, ал жобалардың қалғандары бойынша – 10 (он) жұмыс күні ішінде мына мәселелерді:
      1) инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекеттің кепілгерлігін немесе МЖӘ жобаларын қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдікті ұсынуды.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілгерлігін ұсынуды көздейтін конкурстық құжаттаманы келісу кезінде, МЖӘ жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс шеңберінде конкурсты ұйымдастырушы беруді ұсынған мемлекет кепілгерлігінің көлемін және мемлекет кепілгерлігін берумен байланысты конкурстық құжаттаманың елеулі шарттарын келіседі.
      Мемлекеттік кепілдіктерді ұсыну бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын шарттарда және тәртіпте жүзеге асырылады;
      2) МЖӘ объектісін республикалық меншікке қабылдау немесе республикалық меншіктегі бар объектіні МЖӘ жобасын іске асыру үшін беруді қарап, келісуді жүргізеді.
      Конкурстық құжаттаманы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу келісім туралы немесе келіспеу себептерін немесе конкурстық құжаттаманы пысықтау бойынша талаптарды көрсете отырып келіспеу туралы хат түрінде ресімделеді.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      33. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға келісуге жолдайды.
      Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде тиісті салыстырма кесте, сондай-ақ ұсынылған өзгерістер және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, жаңа редакциядағы конкурстық құжаттама келісуге ұсынылады.
      Конкурстық құжаттама, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, уәкілетті тұлғаның жауапты құрылымдық бөлімшесінің (ведомствосының) басшысы әр парағына қол қояды немесе беттері нөмірленіп, тігілген түрде ұсынылады. Тігу кезінде соңғы беттің сырты куәландырылады және бет саны көрсетіледі.
      Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың жобасын келісуге жолдаған кезде, байланысушы тұлға – конкурсты ұйымдастырушының өкілінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), лауазымын, телефонын және электрондық поштасының мекенжайын (мекенжайларын) көрсетеді.
      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      34. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган конкурстық құжаттама түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны МЖӘ дамыту орталығына немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғаларға, егер жоба техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылса, осы ұйымға конкурстық құжаттаманы ұсынған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүргізілетін сараптама жүргізу үшін, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде жүргізу үшін жолдайды, ал жобалардың қалғандары бойынша – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жолдайды.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның конкурстық құжаттаманы қарауының жалпы мерзімі, сараптаманы қоса алғанда, техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша 40 (қырық), ал жобалардың қалғандары бойынша – 30 (отыз) жұмыс күнінен аспау қажет.
      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      34-1. МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік қолдау шаралары мен бюджеттен төлемдер жоспарланбаған кезде жергілікті жобалары бойынша Заңның 25-бабы 8) тармақшасында көрсетілген жағдайларда ЖСҚ немесе ТЭН қоса алғанда, конкурстық құжаттама сараптамасын қаржылық және инвестициялық талдау тәжірибесі бар қаржы институттары (екінші деңгейдегі банктер, консалтингтік компаниялар) 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізуіне жол беріледі.
       Ескерту. Қағида 34-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      35. Конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптауды жүргізудің мақсаты мыналар:
      1) екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізу жағдайларында:
      Заңда айқындалған МЖӘ-нің негізгі қағидаттарын ескере отырып, конкурстық құжаттаманың құрамы мен мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ МЖӘ жобасының тұжырымдамасында көзделген экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа да параметрлеріне сәйкестігін, сондай-ақ ЖСҚ-ны (әзірленген ЖСҚ-сы бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын жобалар бойынша) немесе ТЭН-ді (техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша) бағалау;
      2) екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізу жағдайларында:
      конкурстық құжаттаманың құрамы мен мазмұнының Заңда айқындалған МЖӘ-нің негізгі қағидаттарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ МЖӘ жобасының тұжырымдамасында көзделген экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа да параметрлеріне сәйкестігін бағалау болып табылады.
      36. Конкурстық құжаттаманың, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезіндегі сараптаманың нәтижесі оң қорытынды немесе пысықтауға арналған қорытынды болып табылады.
      Конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы конкурстық құжаттама Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес болған жағдайда, сондай-ақ МЖӘ жобасының ТЭН-і немесе ЖСҚ-сы (олар бар болған жағдайда) шеңберінде МЖӘ жобасын іске асыруға таңдалған нұсқаның тиімділігі расталған жағдайда, экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа да МЖӘ жобасының тұжырымдамасында көзделген параметрлерге сәйкестігі ескеріле отырып ұсынылады.
      Конкурстық құжаттама пысықтауға конкурстық құжаттама Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ МЖӘ жобасының ТЭН-і немесе ЖСҚ-сы (олар бар болған жағдайда) шеңберінде МЖӘ жобасын іске асыруға таңдалған нұсқаның тиімділігі расталмаған және (немесе) экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа да МЖӘ жобасының тұжырымдамасында көзделген параметрлерге сәйкес келмеген жағдайда жолданады.
      37. Конкурстық құжаттаманың, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезіндегі сараптама қорытындысы мыналарды:
      конкурстық құжаттаманың паспортын;
      конкурстық құжаттаманың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін бағалауды;
      МЖӘ жобасы тұжырымдамасының сараптама нәтижелерін;
      МЖӘ жобасының ТӘН-ін немесе МЖӘ жобасының тұжырымдамасында қамтылған МЖӘ жобасының маркетингтік, қаржы-экономикалық параметрлерін ескере отырып, МЖӘ объектісінің нақты алаңына қолда бар ЖСҚ-ны байланыстырудың бар-жоғы туралы ақпаратты (олар бар болған жағдайда) бағалауды;
      конкурстық құжаттаманың МЖӘ жобасының тұжырымдамасында келтірілген экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа да параметрлерге сәйкес келуін, сондай-ақ МЖӘ жобасының ЖСҚ-сын және ТЭН-ін (олар бар болған жағдайда) бағалауды;
      конкурстық құжаттама шарттарының орындылығын бағалауды;
      МЖӘ шартының жобасын бағалауды;
      жекеше әріптеске ұсыну жоспарланған мемлекеттік қолдау шаралары мен шығындарды өтеу және табыстарды алу көздерін бағалауды;
      конкурстық құжаттаманың сапасын арттыру бойынша ұсынымдарды қамтиды.
      38. МЖӘ жобасы ТЭН-інің бағалауын жүргізудің мақсаты коммерциялық, бюджеттік, әлеуметтік-экономикалық тиімділікті қоса алғанда, МЖӘ жобасын іске асырудың тиімділігі болып табылады.
      39. МЖӘ жобасының ТЭН-і бағалауының нәтижелері (оң – МЖӘ жобасын МЖӘ жобасының ТЭН-інде таңдап алынған іске асыру нұсқасының тиімділігі расталады немесе теріс – МЖӘ жобасын МЖӘ жобасының ТЭН-інде таңдап алынған іске асыру нұсқасының тиімділігі расталмайды) конкурстық құжаттаманы сараптау нәтижелеріне әсер етеді.
      40. МЖӘ жобасының ТЭН-ін бағалау ұсынылған МЖӘ жобасының ТЭН-і және МЖӘ жобасының ерекшелігіне байланысты МЖӘ жобасының ТЭН-іне жүргізуге қажетті тиісті сараптаманың оң қорытындыларының, атап айтқанда:
      1) кешенді ведомстводан тыс сараптама;
      2) салалық сараптама;
      3) "Қазақстан Даму Банкі туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес, мемлекеттік кепілдік берілген жағдайда, банктік сараптама;
      4) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама негізінде жүргізіледі.
      МЖӘ жобасының ТЭН-ін бағалау нәтижелері мыналарды:
      МЖӘ жобасын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде іске асыруды талдауды;
      МЖӘ жобасын іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін талдауды;
      МЖӘ жобасын іске асырудың коммерциялық тиімділігін талдауды;
      мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді және жекеше әріптестің шығындарын өтеу және кірістерді алу көздерін айқындауды ескере отырып, МЖӘ жобасын іске асырудың бюджеттік тиімділігін талдауды;
      МЖӘ жобасының тәуекелдері мен оларды төмендету бойынша шараларды талдауды;
      тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтиды.
      Ескерту. 40-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді  - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      41. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган конкурстық құжаттаманы келіседі және МЖӘ дамыту орталығы немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар жасаған конкурстық құжаттама сараптамасының қорытындысын конкурсты ұйымдастырушыға жолдайды.
      МЖӘ дамыту орталығы жүргізген конкурстық құжаттамаға МЖӘ жобасы бойынша республикалық бюджеттен шығыстарды тудыратын бір немесе бірнеше мемлекеттік қолдау шараларын, жекеше әріптестің шығыстарын өтеу және кірістерді алу көздерін ұсынуды енгізу мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы болған жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган оны республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жолдайды.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар жүргізген конкурстық құжаттамаға МЖӘ жобасы бойынша жергілікті бюджеттен шығыстарды тудыратын бір немесе бірнеше мемлекеттік қолдау шараларын, жекеше әріптестің шығыстарын өтеу және кірістерді алу көздерін ұсынуды енгізу мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы болған жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган оны тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
      Мемлекеттік жоспарлау жөіндегі жергілікті уәкілетті орган оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс үшін дайындалған МЖӘ жобасы бойынша жергілікті бюджеттен шығыстарды тудыратын бір немесе бірнеше мемлекеттік қолдау шараларын, жекеше әріптестің шығыстарын өтеу және кірістерді алу көздерін қамтитын конкурстық құжаттама бойынша қорытынды дайындайды (заңды тұлғалардың сараптама өткізуінсіз) және оны тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      41-1. Ұлттық валютаның шетел валютасының бағамына қатысты елеулі өзгеру себебінен техникалық шешімдердің өзгеруін талап етпейтін, жаңа объектiлердi құруға (құрылысына) не бар объектiлердi реконструкциялауға бағытталған МЖӘ жобасының сметалық құны ұлғайған жағдайда, кейіннен ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүргізе отырып ТЭН-ге және (немесе) ЖСҚ-ға түзету жүргізіледі, бұл ретте МЖӘ дамыту орталығы немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын сараптаманы жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар сараптамасы және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қорытындысы қажет емес.
      Конкурсты ұйымдастырушы осы мәселені тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға (республикалық жобалар бойынша) немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға (жергілікті жобалар бойынша) өтінім жолдайды.
      Тиісті бюджет комиссиясының шешімі негізінде конкурстық құжаттаманы қайта бекіту жүзеге асырылады.
      Ескерту. 41-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 № 480(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      42. Барлық қажетті келісулер мен сараптамаларды, оның ішінде тиісті бюджет комиссияның оң шешімін алғаннан кейін, конкурстық құжаттама конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның бұйрығымен (шешімімен) бекітіледі.
      Конкурстық құжаттамаға, сондай-ақ оған қоса берілетін материалдарға конкурсты ұйымдастырушының жауапты құрылымдық бөлімшесінің (ведомствоның) басшысы әрбір парағына қол қояды.
      43. Конкурстық құжаттаманың қолданылу мерзімі бекітілген күннен бастап 3 (үш) жылдан артық болмауы қажет.
 

3-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғылық капиталына қатысу

      44. МЖӘ жобасының қаржы-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі – ҚЭН) әзірлеу, түзету, сараптау, сондай-ақ бекіту Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      Жекеше әріптесті конкурс тәсілімен айқындаған жағдайларда, уәкілетті тұлға МЖӘ жобасының ҚЭН-іне конкурстық құжаттаманың құрамында сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді.
      Жекеше әріптесті тікелей келіссөздер тәсілімен айқындаған жағдайларда, уәкілетті тұлға МЖӘ жобасының ҚЭН-іне МЖӘ жобасы тұжырымдамасының құрамында сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді.
      45. МЖӘ компаниясының (институционалдық МЖӘ) жарғылық капиталына қатысу үшін мемлекеттік бюджеттен қаражаттың бөлінуі Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      МЖӘ компаниясына мемлекеттік әріптестің немесе жекеше әріптестің қатысуын тоқтату шарттары мен тәртібі МЖӘ шартымен айқындалады.
 

4-параграф. Бөлінетін бюджеттік бағдарламалар қаражатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізуді, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына, оның ішінде концессиялық жобаларға консультациялық сүйемелдеу жүргізуді қаржыландыруға бөлу тәртібі

      46. Осы параграф бөлінетін бюджеттік бағдарламалар қаражатын МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеу немесе түзетуді қамтитын МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізуді, МЖӘ жобаларына, оның ішінде концессиялық жобаларға консультациялық сүйемелдеу жүргізуді қаржыландыруға бөлу тәртібін және оларды қаржыландыру рәсімдерін айқындайды.
      47. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу шеңберінде экономикалық сараптаманы қоспағанда, тиісті қажетті сараптамаларды жүргізу қаржыландырылады.
      48. МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасына сарапталарды, МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыру және жүргізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      49. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражаты бір қаржы жылы ішінде әр түрлі бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арасында конкурстық құжаттаманың әзірленуі немесе түзетілуі, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізілуі, консультациялық сүйемелдеу жүргізілуі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы қаражаты есебінен қаржыландырылатын МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың тізбесі негізінде бөлінуге жатады.
      50. МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді, МЖӘ жобаларына, оның ішінде концессиялық жобаларға консультациялық сүйемелдеу жүргізуді бөлінетін бюджеттік бағдарламалар қаражаты есебінен қаржыландыру процесі мынадай негізгі кезеңдерді қамтитын іс-шаралар кешенін білдіреді:
      1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді, МЖӘ жобаларына, оның ішінде концессиялық жобаларға консультациялық сүйемелдеу жүргізуді қаржыландыруға өтінімдер беру;
      2) конкурстық құжаттаманың әзірленуі немесе түзетілуі, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізілуі, консультациялық сүйемелдеу жүргізілуі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы қаражаты есебінен қаржыландырылатын МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру және бекіту;
      3) МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді, МЖӘ жобаларына, оның ішінде концессиялық жобаларға консультациялық сүйемелдеу жүргізуді қаржыландыру.
      51. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді, МЖӘ жобаларына, оның ішінде концессиялық жобаларға консультациялық сүйемелдеу жүргізуді қаржыландыруға өтінімдерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға береді.
      52. МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыруға өтінім мыналар:
      1) салалық сараптаманың оң қорытындысы;
      2) МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге техникалық тапсырманың жобасы;
      3) МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеудің немесе түзетудің, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізудің құнын есептеу қоса берілген, тиісінше МЖӘ жобасының тұжырымдамасынан немесе концессиялық ұсыныстан тұрады.
      МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатты игеру кезеңі бір жылдан асуы мүмкін бірақ тиісті бюджет комиссиясының ұсынысында айқындалған мерзімнен аспауы керек.
      53. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган МЖӘ жобасы тұжырымдамасының немесе концессиялық ұсыныс сараптамасының оң қорытындысы негізінде және республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген Қазақстан Республикасы Үкіметінің МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер лимиттерін ескере отырып, МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қорытындыларды қалыптастырады және республикалық бюджет комиссияның қарауына енгізеді.
      54. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган МЖӘ жобасы тұжырымдамасының немесе концессиялық ұсыныс сараптамасының оң қорытындысы негізінде және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен белгіленген облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана жергілікті атқарушы органдарының МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер лимиттерін ескере отырып, МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қорытындыларды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссияның қарауына енгізеді.
      55. МЖӘ жобаларының тұжырымдамаларында немесе концессиялық ұсыныстарда қамтылған бюджет комиссиялары мақұлдаған МЖӘ жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган конкурстық құжаттаманың әзірленуі немесе түзетілуі, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізілуі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы қаражаты есебінен қаржыландырылатын МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастырады.
      56. Тиісті бюджет комиссиясы қарау нәтижелері бойынша конкурстық құжаттаманың әзірленуі немесе түзетілуі, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізілуі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы қаражаты есебінен қаржыландырылатын МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың тізбесін, сондай-ақ әрбір МЖӘ жобасы, оның ішінде концессиялық жоба бойынша қаржыландыру сомасын айқындайды.
      57. Әрбір МЖӘ жобасы, оның ішінде концессиялық жоба бойынша атауды және қаржыландыру сомасын қамтитын конкурстық құжаттаманың әзірленуі немесе түзетілуі, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізілуі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы қаражаты есебінен қаржыландырылатын МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың тізбесі дайындалуын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органымен бекітіледі.
      58. Мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын атқарушы орган МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтердi қаржыландыруға арналған өтiнiмдi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органға жiбередi.
      59. МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруға арналған өтінім мынадай негізгі мәліметтерді қамтиды:
      1) МЖӘ жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның атауы;
      2) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі туралы ақпарат;
      3) көрсетілетін қызметтердің түрлері және олардың мәлімделетін құны.
      Өтінімге, сондай-ақ мыналар қоса беріледі:
      1) мынадай негізгі мәліметтер көрсетілуі тиіс қызметтер көрсету жөніндегі техникалық тапсырманың жобасы:
      көрсетілетін қызметтерді тартудың мақсаты мен міндеттері;
      қызметтер ұсынуға қойылатын жалпы талаптар;
      қызметтер ұсыну мерзімдері;
      қызметтер ұсынудың тікелей нәтижелерінің көрсеткіштері (индикаторлары);
      2) көрсетілетін қызметтердің мәлімделген жалпы құнының негіздемесі;
      3) көрсетілетін қызметтер тарту қажеттілігін негіздейтін өзге де мәліметтер.
      60. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір МЖӘ жобасы, оның ішінде концессиялық жобаны консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастырады, ол мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      61. Тиiстi бюджет комиссиясы қарау нәтижелерi бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтердiң тiзбесiн, сондай-ақ әрбiр жоба бойынша қаржыландырудың түрлерi мен көлемдерiн айқындайды.
      62. Әрбір жоба бойынша атауын және қаржыландыру сомасын қамтитын МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтердің тізбесі дайындалуын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органымен бекітіледі.
      63. Тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар қаражатының қалған сомасына тізімдемелерге өзгерістер және (немесе) толықтыруларды қалыптастыру, тиісті бюджет комиссияның қарауына енгізу және бекіту осы Параграфта белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
      64. Тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамаларын жүргізуді, МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражаты қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайларда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тиісті бюджетті соңғы нақтылауға дейін бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылмаған бөлігін қайтаруды қамтамасыз етеді.
      65. Пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған бюджет қаражатын қайтару кейіннен түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, белгіленген тәртіппен әзірленген және қабылданған тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығына немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешіміне өзгерістер енгізу туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығы немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде тиісті бюджет комиссияларының тиісті шешімінсіз мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бюджеттік бағдарламаларын қалпына келтіру арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      66. МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамалар жүргізуді, МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыруға тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражаты қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайларда, екінші жарты жылдықта тиісті бюджетті нақтылағаннан кейін, бюджеттік бағдарлама әкімшісімен тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылмаған бөлігін қайтаруына жол берілмейді.
      67. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері конкурстық құжаттаманың әзірленуі немесе түзетілуі, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізілуі, консультациялық сүйемелдеу жүргізілуі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы қаражаты есебінен қаржыландырылатын МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың тізбесінің негізінде, МЖӘ жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамаларын жүргізуді, МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
      68. МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамалар жүргізуді, МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      69. МЖӘ жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажеттi сараптамаларын жүргізуге, МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуге арналған шарт бойынша өнім берушінің міндеттемелеріне тиісті сараптамалар өткізу нәтижелері бойынша ескертулер мен ұсыныстар туындаған, оның ішінде жобаға экономикалық сараптама жүргізген кезде жобаны бюджеттік бағдарламалар әкімшісі пысықтауға қайтарған жағдайда, күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде шарттың жалпы құны шегінде өнім берушінің МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын, МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді міндетті пысықтауы туралы талап қосылады.
      70. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органға МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша iс-шараларын iске асыру барысы туралы ақпаратты, тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-күнiне (оныншы) дейiн ұсынады.
 

3. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты және тікелей келіссөздерді жүргізу

1-параграф. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу

      71. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс оның ішінде:
      екікезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып;
      оңайтылған тәртіппен жүргізіледі.
      72. Конкурс Заңның 31-бабына сәйкес жабық болуы мүмкін.
      73. Заңда белгіленген құзыретке сәйкес конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік қолдау шараларын беруді және (немесе) мемлекеттік бюджеттен төлемдерді жүзеге асыруды көздейтін кезде орталық мемлекеттік орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы болатын жағдайларды қоспағанда, конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік әріптес болып табылады.
      74. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс кезеңінде қажетті жағдайда МЖӘ жобаларын консультациялық сүйемелдеу бойынша заңды тұлғаларды тартады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген заңды тұлғаларды тарту үшін, конкурсты ұйымдастырушы – мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға МЖӘ жобасын консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруға өтінімді жолдайды.
      75. Конкурсты ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау үшін конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
      Комиссияның төрағасы конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысы болып табылады (конкурсты ұйымдастырушы жергілікті атқарушы орган болғанда – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімінің орынбасарынан төмен емес).
      Жергілікті жобалар бойынша Комиссияның құрамы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі немесе оны алмастыратын тұлға немесе оның орынбасарымен бекітіледі.
      Комиссия хатшысы конкурсты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімше басшысының орынбасарынан төмен емес өкілі болып табылады.
      Комиссияның құрамына мемлекеттік жоспарлау, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың өкілдері кіреді (конкурсты ұйымдастырушы орталық мемлекеттік орган болғанда – бірінші басшылар орынбасарларынан төмен емес).
      Конкурсты ұйымдастырушы дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектордың субъектісі болған жағдайларда Комиссия құрамына сондай-ақ тиісті саланың уәкілетті органының өкілі (өкілдері) кіреді.
      Комиссия құрамына өзге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, сондай-ақ "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіре алады.
      Ескерту. 75-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      76. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу мынадай дәйекті іс-шараларды орындауды көздейді:
      1) конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті жекеше әріптестерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен бір мезетте хабарлаумен жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлауы;
      2) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаларға конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсыну;
      3) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларға оның ережелерін түсіндіру, талқылау және түзету;
      4) біліктілік іріктеуді жүргізу;
      5) әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық өтінімді, сондай-ақ конкурстық өтінімнің қамтамасыз етуін енгізуі;
      6) Комиссияның конкурстық өтінімдерді қарауы;
      7) Комиссияның конкурстық өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше әріптеспен келіссөздердің тиісті хаттамасын ресімдей отырып, МЖӘ жобасын және МЖӘ шартының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздерді жүргізу;
      8) конкурсты ұйымдастырушының МЖӘ шартының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға келісу, оның ішінде МЖӘ шартының жобасына МЖӘ дамыту орталығының немесе облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалардың (тартқан жағдайда) сараптама жүргізу үшін жолдауы;
      9) конкурстың жеңімпазын айқындау;
      10) тиісті бюджет комиссияларының қарауына МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін шығару;
      11) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әрбір жеке жоба бойынша тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады;
      12) әрбір жеке МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы немесе маслихат шешімінің жобасы тиісті бюджет комиссиясы шешім шығарғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде әзірленеді және енгізіледі.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына немесе маслихат шешімінің жобасына әрбір қабылданған міндеттемелердің көлемі туралы ақпарат енгізіледі;
      13) Комиссияның шешімінің негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын немесе маслихаттың шешімін қабылдау қорытындылары бойынша конкурсты ұйымдастырушы конкурстың жеңімпазымен МЖӘ шартын жасасады;
      14) мемлекет кепілгерлігін ұсыну көзделген МЖӘ жобасы бойынша, МЖӘ шартын жасасқаннан кейін, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде кепілгерлік шарты жасалады;
      15) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс нәтижелері туралы мәліметтерді жариялау.
      Мемлекеттік құпияларды қамтитын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия мәліметтерді қоспағанда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың нәтижелері, сондай-ақ жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурстың нәтижелері туралы мәліметтерді конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бір мезетте хабарлай отырып, өзінің ресми интернет-ресурсында және мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады.
 

2-параграф. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама және конкурстық құжаттама көшірмесін ұсыну

      77. Техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы ақпарат мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бір мезетте хабарлана отырып, конкурсты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында және мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу күніне дейін кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) күн бұрын, ал жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты қайта өткізу кезінде – кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын орналастырылады.
      Жобалардың қалғандары бойынша – жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу күніне дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын, ал жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты қайта өткізу кезінде – кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын орналастырылады.
      Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      78. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы ақпарат МЖӘ жобасы, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу күні, орны және уақыты туралы мәліметтерді қамтиды.
      79. Конкурсты ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап, әлеуетті жекеше әріптеске (оның уәкілетті өкіліне) конкурстық құжаттаманың көшірмесін қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынады.
      Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) немесе басқа да электрондық тәсілмен ұсынады.
      Конкурстық құжаттаманың көшірмесі қағаз жеткізгіште әлеуетті жекеше әріптестің сұрау салуы бойынша ұсынылады.
      Конкурсты ұйымдастырушы ұсынылған конкурстық құжаттама үшін конкурстық құжаттаманың көшірмесін жасау шығынынан аспайтын төлемді ала алады.
      80. Конкурсты ұйымдастырушы:
      1) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алуға арналған, тиісінше ресімделген әлеуетті жекеше әріптес өкілінің өкілеттіктерін құжаттық растаудың болуын тексереді;
      2) егер жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыруда конкурстық құжаттаманың көшірмесін алу үшін ақыны алу туралы нұсқау қамтылған болса, әлеуетті жекеше әріптестің немесе оның уәкілетті өкілінің мұндай ақы төлегені туралы құжаттық растаудың болуын тексереді;
      3) конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына қажетті мәліметтерді (реттік нөмір, алған уақыты мен күні, әлеуетті жекеше әріптестің атауы, мекенжайы және өзге де мәліметтер) енгізеді;
      4) әлеуетті жекеше әріптестің уәкілетті өкіліне конкурстық құжаттаманың көшірмесін қол қою арқылы ұсынады.
 

3-параграф. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру, талқылау және түзету

      81. Конкурстық құжаттаманы алған тұлғалар қажет болған жағдайда конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салады.
      Түсіндіру туралы сұрау, егер жоба техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын болса, конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмеуі тиіс, ал жобалардың қалғандары бойынша – конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмеуі тиіс. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты қайта өткізу кезінде олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғалар, егер жоба техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын болса, конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей, ал жобалардың қалғандары бойынша – конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салады.
      Конкурсты ұйымдастырушы сұрау салу тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған жауап жолдайды және сұрау салудың кімнен түскенін көрсетпей, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынған барлық әлеуетті жекеше әріптестерге осындай түсіндірмені хабарлайды.
      Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша түсіндірмелерді арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) немесе басқа электрондық тәсілмен жолдауға құқылы.
      Әлеуетті жекеше әріптестерден ұсыныстар түскен жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы қажеттігіне қарай бәсекелі диалогты ұйымдастырады.
      Бәсекелі диалог әрбір мүдделі әлеуетті жекеше әріптестің қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, МЖӘ жобасының техникалық, қаржылық, заңды және басқа да қажетті параметрлері, мемлекеттік қолдау шаралары, жекеше әріптесті іріктеу өлшемшарттары бойынша оңтайлы шешімдерді және басқа да шешімдерді қалыптастыру үшін ұйымдастырылады.
      Бәсекелі диалогқа қатысушылардың барлығы оны жүргізу барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды.
      Конкурсты ұйымдастырушы техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша конкурстық өтінімдерді ұсынудың мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірілмейтін мерзімде, ал жобалардың қалғандары бойынша – конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмейтін мерзімде, кейіннен конкурстық құжаттамаға сараптама жүргізуді қамтамасыз ете отырып, өз бастамасымен немесе әлеуетті жекеше әріптестің сұрау салуына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізе алады.
      Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты қайта өткізу кезінде – күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмейтін мерзімде. Енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың міндетті күші болады.
      Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей осы шешім жөнінде әлеуетті жекеше әріптестердің барлығын хабардар етеді.
      Конкурсты ұйымдастырушы сараптама нәтижелерін алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей, конкурстық құжаттамаға енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін барлық әлеуетті жекеше әріптестерге ұсынады. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптестердің осы өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды конкурстық өтінімдерде ескеруі үшін конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн мерзімге, ал жекеше әріптесті айқындау жөніндегі қайта конкурс кезінде – кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн мерзімге ұзартады.
      Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      82. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы түсіндіру үшін әлеуетті жекеше әріптестермен кездесу өткізе алады.
      Бұл ретте, конкурсты ұйымдастырушы осы кездесу барысында ұсынылған, дереккөздері көрсетілмеген конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы сұрау салуларды, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптарды қамтитын хаттаманы әзірлейді.
      Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы хаттама ресімделген және қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға және конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынған барлық әлеуетті жекеше әріптестерге аталған хаттаманың көшірмесін жібереді.
      83. Егер конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті жекеше әріптестермен кездесу әлеуетті жекеше әріптестердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің конкурстық құжаттамада белгіленген кездесуді өткізу күні мен уақытында келмеуі себебінен өткізілмеген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы көрсетілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мұндай факт туралы Комиссияны жазбаша түрде хабардар етеді.
 

4-параграф. Біліктілік іріктеу

      84. Әлеуетті жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы конкурстық құжаттамада көрсетілген, бірақ жекеше әріптестік айқындау жөніндегі конкурсты жарияланғаннан кейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кем емес мерзімде жүзеге асырылады.
      85. Әлеуетті жекеше әріптес оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін конкурсты ұйымдастырушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес растау құжаттарын ұсынады.
      Әлеуетті жекеше әріптес біліктілік талаптарына сәйкестігіне анық емес ақпарат ұсынған жағдайда, соттың осындай әлеуетті жекеше әріптесті жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп таныған сәтінен бастап одан әрі үш жыл ішінде жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
      Біліктілік талаптары бойынша әлеуетті жекеше әріптес ұсынған ақпараттың анықтығын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізудің кез келген кезеңінде Комиссия, конкурсты ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік орган белгілеуі мүмкін.
      Әлеуетті жекеше әріптестің біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпаратты ұсынуы фактісін анықтаған тұлғалар, осындай фактіні анықтаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы конкурсты ұйымдастырушыны және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды анық емес ақпаратты ұсыну фактісін растайтын құжаттардың көшірмесін хабарламаға қоса отырып, жазбаша хабардар етеді.
      Конкурсты ұйымдастырушы осындай факт анықталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей сотқа біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпаратты ұсынған әлеуетті жекеше әріптесті жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп тану туралы талап қою береді.
      Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға соттардың әлеуетті жекеше әріптесті жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп тану туралы заңды күшіне енген шешімдерін мұндай шешімді алған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жібереді.
      Соттардың заңды күшіне енген шешімдерінің негізінде қалыптасатын жосықсыз әлеуетті жекеше әріптестер тізбесін өзінің интернет-ресурсында осындай тізбені орналастыратын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргізеді.
      86. Конкурсты ұйымдастырушы біліктілік іріктеуді әлеуетті жекеше әріптестердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізу арқылы құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      Әлеуетті жекеше әріптестердің конкурстық құжаттамада белгіленген қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарда талаптарға сәйкес келмеулер анықталған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптеске анықталған сәйкес келмеулерді жою туралы хабарлайды.
      Хабарламаны жолдаған күннен бастап және тиісті құжаттарды ұсынғанға дейін біліктілік іріктеуді өткізу мерзімдері тоқтатылады.
      Тиісті құжаттарды хабарламада белгіленген мерзімнен кеш ұсынған әлеуетті жекеше әріптес біліктілік іріктеуден өтпеген деп танылады.
      Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 № 480(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      87. Біліктілік іріктеу нәтижелері Комиссия қарауына шығарылады, оның шешімі хаттамамен ресімделеді.
      Біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті жекеше әріптес жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысушы деп танылады.
      Конкурсты ұйымдастырушы біліктілік іріктеу нәтижелерін біліктілік іріктеу аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуетті жекеше әріптестерге жолдайды.
      Ескерту. 87-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

5-параграф. Конкурстық өтінім

      88. Конкурстық өтінім әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық құжаттамада белгіленген талаптар мен шарттарға келісім білдіру нысаны болып табылады.
      Конкурстық өтінім конкурстық құжаттамада белгіленген нысан бойынша жазбаша түрде ресімделеді.
      89. Конкурстық өтінімді әлеуетті жекеше әріптестер оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін тігілген түрінде, әрбір беті нөмірленген және қолы қойылған, соңғы бетіне оның қолы және мөрімен (жеке тұлғаға, егер мұндай болса) куәландырылған, әлеуетті жекеше әріптестің толық атауы мен пошталық мекенжайы (егер ол "кешіккен" болып жарияланса, конкурстық өтінімді ашпай қайтару мақсатында), конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың атауы, сондай-ақ "(жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс атауын көрсету) ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС" және "(конкурстық өтінімдері ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН" деген мазмұндағы мәтін жазылып жабылған "конвертте" ұсынады.
      90. Белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін ұсынылған конкурстық өтінімі бар конверт конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында тіркелмейді, ашылмайды және әлеуетті жекеше әріптеске қайтарылады.
      91. Конкурстық құжаттамада белгіленген мерзім ішінде конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдері бар конверттерді қабылдайды.
      92. Конкурсты ұйымдастырушы:
      1) әлеуетті жекеше әріптес атынан өтінімі бар конвертті ұсынған әлеуетті жекеше әріптес өкілінің өкілеттігін құжаттамалық растаудың болуын тексереді;
      2) тиісінше ресімделген конкурстық өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына енгізеді;
      3) конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін енгізілген конкурстық өтінімге өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайды;
      4) конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін оны кері қайтарған жағдайда конкурстық өтінімді қайтаруды қамтамасыз етеді.
      93. Әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық өтінімі мынадай:
      1) әлеуетті жекеше әріптес осы жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді бұрын ұсынған;
      2) конкурстық өтінім осы жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен жағдайларда қабылданбайды.
      94. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей:
      1) енгізілген конкурстық өтінімді өзгерте және (немесе) толықтыра алады;
      2) өзі енгізген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурстық өтінімін кері қайтара алады.
      Конкурстық өтінімдерге оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін өзгерістер енгізілмейді.
      Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама әлеуетті жекеше әріптестің қолы қойылған және мөр қойылған (жеке тұлғаға, егер болған жағдайда) конкурсты ұйымдастырушының атына еркін түрдегі өтініш ретінде ресімделеді.
      95. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі, конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге сәйкес болады.
      96. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді:
      1) конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін өзінің конкурстық өтінімін кері қайтарып алмайтынына не өзгертпейтініне және (немесе) толықтырмайтынына;
      2) оны жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп айқындаған жағдайда, МЖӘ шартын жасасатындығына кепіл ретінде енгізеді.
      97. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді қамтамасыз ету МЖӘ шарты бойынша болжанған инвестициялардың құнының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.
      98. Егер әлеуетті жекеше әріптес екі кезеңдік рәсімдер пайдаланыла отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңіне қатысса, ол конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.
      99. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
      1) конкурсты ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны;
      2) банк кепілдігін таңдайды.
      Әлеуетті жекеше әріптестің оның конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығының үшінші тұлғаларда туындауына әкеп соқтыратын әрекеттер жасауына жол берілмейді.
      Осы Қағидалардың 100-тармағында көрсетілген әрекеттерді қоспағанда, конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті жекеше әріптес енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.
      100. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі орын алған кезде:
      1) әлеуетті жекеше әріптес конкурстық өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімді кері қайтарып алғанда не өзгерткенде және (немесе) толықтырғанда;
      2) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті жекеше әріптес МЖӘ шартын жасасудан жалтарғанда қайтармайды.
      101. Осы Қағидалардың 100-тармағында көзделген жағдайлардың бірі орын алған кезде конкурстық өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.
      102. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптеске ол енгізген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі орын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарады:
      1) осы әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің конкурстық өтінімін кері қайтарып алуы;
      2) жекеше әріптестік айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға рұқсат ету туралы хаттамаға қол қойылғанда қайтарады. Көрсетілген жағдай жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті жекеше әріптестерге қолданылмайды;
      3) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылғанда қайтарады. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
      4) МЖӘ шартының күшіне енуі;
      5) әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімінің өтуі.
 

6-параграф. Конкурстық өтінімдерді қарау

      103. Конкурстық өтінімдерді қарау және іріктеуді конкурстық құжаттамада белгіленген үздік конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттарын ескере отырып, Комиссия жүзеге асырады.
      Үздік конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттарының тізбесі:
      1) МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер төлемдерінің көлемі;
      2) МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді төлеу мерзімі;
      3) МЖӘ жобасын іске асыру үшін тартуға жататын жекеше әріптестің қаражат көлемі;
      4) МЖӘ объектісін салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және (немесе) пайдалану мерзімдері (айлар, жылдар);
      5) МЖӘ шарты объектісінің техникалық-экономикалық көрсеткіштері;
      6) жергілікті қамту үлесі бойынша ақпарат;
      7) іске асырылған жобалар тәжірибесі (объектілерді салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және (немесе) пайдалану (өздігінен немесе қатысушы ретіндегі басқа тұлғалармен бірге) МЖӘ шартындағы объектіге ұқсас тәжірибенің бар болуы);
      8) білікті мамандардың бар болуы;
      9) өндірілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шекті бағалары (тарифтері), МЖӘ шартында көзделген қызметті жүзеге асыру кезінде осындай бағаларға (тарифтерге) үстемелер;
      10) жекеше әріптестің өзіне қабылдайтын тәуекелдері;
      11) МЖӘ жобасын дайындауға әлеуетті жекеше әріптестің қатысу деңгейі (жобаның бастамашысы немесе бәсекелі диалогтың шеңберінде қатысу);
      12) конкурстық құжаттамада көзделген өзге де өлшемшарттар.
      Әрбір өлшемшартқа қатысты конкурстық құжаттамада мына параметрлер белгіленеді:
      1) өлшемшарттың бастапқы сандық мәні;
      2) өлшемшарттың бастапқы сандық мәнінің азаюы немесе көбеюі;
      3) жекеше әріптесті айқындау өлшемшартының маңыздылығын ескеретін өлшеу коэффициенті.
      Жекеше әріптесті айқындау өлшемшарттарын бағалау тәсілдері конкурстық құжаттамада белгіленеді.
      104. Комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде Комиссияның қарапайым көпшілігінің, конкурсты ұйымдастырушының (мемлекеттік әріптестің) уәкілетті өкілінің, сондай-ақ әлеуетті жекеше әріптестердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады.
      Конкурсты ұйымдастырушыға, Комиссия қарапайым көпшілігі болмаған жағдайда немесе Комиссия төрағасының немесе оны алмастыратын тұлғаның шешімімен конкурстық өтінімдерді ашу орны, өткізілетін уақыты мен күні туралы конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.
      Енгізілген өзгерістер міндетті күшке ие болады және олар туралы конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынған барлық әлеуетті жекеше әріптестерге, сондай-ақ Комиссия мүшелеріне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдарға дереу хабардар етеді.
      Конкурсты ұйымдастырушы барлық мүдделі тұлғаларға жоғарыда көрсетілген өзгерістер туралы арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) немесе өзге электрондық тәсіл арқылы хабарлайды.
      105. Комиссияның жұмыс органы конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.
      Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерге қажетті сараптамаларды жүргізуді қамтамасыз етеді.
      106. Комиссия барлық конкурстық өтінімдерді қарайды.
      Егер бір ғана конкурстық өтінім ұсынылған жағдайда, берілген өтінімді Комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.
      107. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасына отырысқа қатысқан Комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ Комиссия хатшысы қол қояды.
      108. Көрсетілген хаттаманың көшірмесі конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі Комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті жекеше әріптестерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне Комиссияның көрсетілген отырысы өткен күнінен кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал қатыспағандарға – олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
      109. Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016  № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      110. Комиссия отырысын өткізбей тұрып, конкурстық өтінімді қарауға жол берілмейді.
      111. Комиссия конкурстық өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше әріптеспен МЖӘ жобасын және МЖӘ шартының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізеді.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын МЖӘ жобаларын сүйемелдеу бойынша заңды тұлғалар МЖӘ субъектілері арасындағы келіссөздер процесінде консультациялық қызметтерді көрсете алады.
      112. Келіссөздер жүргізуге дайындық кезеңінде МЖӘ жобасы және МЖӘ шарты бойынша ескертулер мен ұсыныстарды Комиссия жазбаша түрде әлеуетті жекеше әріптеске жіберіледі.
      Келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша Комиссия шешім қабылдайды.
      Келіссөздер барысында жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс шарттарына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
      113. Егер конкурстық өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше әріптес Комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес конкурстық өтінімді және МЖӘ шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан не оның ұсыныстары жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс шарттары тұрғысынан қолайсыз болып табылған жағдайда, онда Комиссия бұл конкурстық өтінімді қарамайды және үздік конкурстық өтінімді жаңадан таңдайды.
      Конкурстың жеңімпазы болып конкурстық өтінімі үздік деп танылған жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысушы танылады.
      114. Конкурсты ұйымдастырушы МЖӘ шартының жобасын, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде, үздік конкурстық өтінімді айқындау туралы хаттама көшірмелерін қоса бере отырып, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі мен мемлекеттік кепілдік ұсынуды көздейтін жобалар бойынша бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесін мемлекеттік жоспарлау, бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарға және (табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын МЖӘ жобасы бойынша) табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға келісуге жолдайды.
      115. МЖӘ шартының мазмұны Заңның 46-бабына сәйкес айқындалады.
      116. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган МЖӘ шартының жобасын, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтыру енгізген кезде, МЖӘ дамыту орталығынан немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғаның сараптама нәтижелерін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі.
      117. Техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша МЖӘ шартының жобасына сараптама 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде, қалғандары бойынша – 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      118. МЖӘ шартының жобасын, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптама жүргізудің мақсаты МЖӘ шартының, оның ішінде оған өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу кезінде талдау, МЖӘ жобасының іске асырылуының тиімділігін қамтамасыз ету және тәуекелдерді басқару жөніндегі Комиссияға және өзге де мүдделі адамдарға ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
      Ескерту. 118-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      119. МЖӘ шартының жобасына сараптама қорытындысы мыналарды:
      1) үздік конкурстық өтінімді айқындау туралы хаттаманың және МЖӘ жобасы мен МЖӘ шартының талаптарын нақтылау жөніндегі хаттаманың ережелерін ескере отырып, конкурс шарттарына, әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық өтінімінің бастапқы параметрлеріне сәйкес шарт жобасын талдауды;
      2) сыртқы жағдайлардың МЖӘ жобасын іске асыруға әсерін бағалауды қоса алғанда, мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің тәуекелдерін талдауды;
      3) МЖӘ субъектілерінің қызметін мемлекеттік қолдау шараларын, көлемі мен ұсыну шарттарын, сондай-ақ МЖӘ субъектілерінің шығындарын өтеуі мен кірістерді алуын талдауды;
      4) тараптардың жауапкершіліктерін, МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде туындауы мүмкін дауларды қарау шарттарын талдауды;
      5) тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтиды.
      Ескерту. 119-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      120. МЖӘ шартының жобасына сараптама қорытындысы оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде мыналарды:
      1) үздік конкурстық өтінімді айқындау туралы хаттаманың және МЖӘ жобасы мен МЖӘ шартының талаптарын нақтылау жөніндегі хаттаманың ережелерін ескере отырып, конкурс шарттарына, әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық өтінімінің бастапқы параметрлеріне сәйкес МЖӘ шартының жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талдауды;
      2) алдыңғы қаржы жылының қорытындылары бойынша жекеше әріптестің қаржылық жай-күйін талдауды;
      3) сыртқы жағдайлардың МЖӘ жобасын іске асыруға әсерін қоса алғанда, МЖӘ шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің тәуекелдерін талдауды;
      4) енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың МЖӘ субъектілерінің қызметін мемлекеттік қолдау шаралары, көлемі мен ұсыну шарттары бойынша сәйкестігін, сондай-ақ МЖӘ шарттарында көрсетілген МЖӘ субъектілерінің шығындарын өтеу мен кірістерді алуын талдауды;
      5) МЖӘ шарттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың МЖӘ жобасын іске асыру барысына әсерін талдауды;
      6) тараптардың жауапкершіліктерін, МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде туындауы мүмкін дауларды қарау шарттарын талдауды;
      7) тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтиды.
      Ескерту. 120-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      121. МЖӘ шартының жобасын, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезіндегі сараптаманың нәтижесі оң немесе теріс қорытынды болып табылады.
      122. МЖӘ шарттарының жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, келісуге және сараптамаға тиісті салыстырмалы кесте, сондай-ақ ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, МЖӘ шартының жобасы жаңа редакцияда ұсынылады.
      123. МЖӘ шартының жобасы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, тігілген, беттері нөмірленген түрде ұсынылады, әрбір парағына конкурсты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің (ведомствоның) басшысы қол қояды. Тігілген кезде соңғы беттің сырт жағы куәландырылады және бет саны көрсетіледі.
      124. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган МЖӘ шартының жобасын, ол түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі.
      125. Табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде МЖӘ шартының жобасын ол ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі.
      МЖӘ шартының жобасын табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде келісу кезінде инвестициялық бағдарламаны және мыналарды айқындайтын МЖӘ шартының ережелерін:
      1) тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) қосылатын шығындарды қалыптастыруды;
      2) шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормалары шегінде шығыстар баптарын, сондай-ақ нормативтік техникалық шығындарды қалыптастыруды;
      3) тарифті (баға, алым мөлшерлемесін) қалыптастыру кезінде есепке алынбайтын шығыстар тізбесін белгілеуді;
      4) инвестициялар көлемі және инвестицияланған капиталды қайтару тәртібін;
      5) тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін пайданы қалыптастыру мен шектеуді;
      6) негізгі құралдардың тозуын есептеу әдістерін қолдануды;
      7) объектіні пайдалану сапасының өлшемшарттарын;
      8) объектіні пайдалану сапасын айқындау тәртібін;
      9) үшінші тұлғаларға МЖӘ объектісін шектеулі мақсатты пайдалануды ұсынуды;
      10) объектілерге күрделі жөндеу жүргізуді немесе оларды жаңғыртуды қаржыландыру мерзімдері (кезеңдері) мен көздерін;
      11) тарифтерді қалыптастырумен және бекітумен байланысты жекеше әріптестің құқықтары мен міндеттерін;
      12) негізгі құралдарға және табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметасында көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын пайдалану бағыттарына қайта бағалау жүргізуді;
      13) МЖӘ жобасы бойынша өндірілетін өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сапасын бақылауды жүзеге асыруды қоса алғанда, табиғи монополиялар салаларындағы қызметін бақылауды, сондай-ақ реттелетін нарықтарда баға белгілеуді мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыруды келіседі.
      126. МЖӘ шартының жобасын сараптамаларды және келісулерді ескере отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың қорытындысы бойынша Комиссияның шешімімен конкурстық өтінім бекітіледі, ал өтінім беруші жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың жеңімпазы болып танылады.
      Егер МЖӘ жобасын қаржыландыру мемлекеттік кепілдікпен және (немесе) мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен болжанатын жағдайда, Комиссияның конкурстың қорытындылары туралы шешімі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның МЖӘ жобасының қаржылық сараптамасының қорытындысын ескере отырып қабылданады.
      127. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
      128. МЖӘ шартын жасасу мерзімі жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс қорытындыланған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайды.
      129. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды жергілікті МЖӘ жобалары бойынша жасалған МЖӘ шарттары туралы оларды жасасқан кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешікпей хабардар етеді.
 

7-параграф. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізудің ерекшеліктері

      130. Конкурсты ұйымдастырушы қолданылу аясын және (немесе) МЖӘ объектісін техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей ретінде айқындаған жағдайларда, екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізіледі.
      131. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңі мыналарды:
      1) конкурсты ұйымдастырушының техникалық тапсырманы қалыптастыруын;
      2) екi кезеңдiк рәсiмдердi пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткiзу туралы хабарландыруды жариялауды көздейді.
      Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу жөніндегі ақпарат МЖӘ жобасы туралы, техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген техникалық ұсыныстарды әлеуетті жекеше әріптестер ұсынатын күні, орны және уақыты туралы мәліметтерді қамтиды;
      3) конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті жекеше әріптестерге техникалық тапсырма ұсынуын көздейді.
      Бұл кезеңде конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптестерге біліктілік талаптарын да ұсынады;
      4) әлеуетті жекеше әріптестің техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген техникалық ұсыныстарды ұсынуын көздейді.
      Бұл кезеңде әлеуетті жекеше әріптес олардың негізінде конкурсты ұйымдастырушы біліктілік іріктеу жүргізетін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттарды да ұсынады;
      5) конкурсты ұйымдастырушының техникалық ұсыныстарды қарауын және әлеуетті жекеше әріптестермен МЖӘ объектісінің техникалық-экономикалық және пайдалану сипаттамаларына және МЖӘ шарты жобасының талаптарына қатысты мәселелерді талқылауын көздейді.
      Бұл кезеңде конкурсты ұйымдастырушы МЖӘ жобасының қаржылық, заңдық және өзге де параметрлері бойынша оңтайлы шешімдерді қалыптастыру қажет болған жағдайда, әрбір мүдделі әлеуетті жекеше әріптестің қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, бәсекелі диалог ұйымдастырады.
      Бәсекелі диалогқа қатысушылардың барлығы оны жүргізу барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды;
      6) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттамасын әзірлеуін және бекітуін көздейді.
      Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзірлеуді әлеуетті жекеше әріптестермен МЖӘ объектісінің техникалық-экономикалық және пайдалану сипаттамаларына және МЖӘ шарты жобасының және бәсекелі далогтың талаптарына қатысты мәселелерді талқылауының нәтижелері негізінде жүзеге асырады;
      7) бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды берген әлеуетті жекеше әріптестерге конкурсты ұйымдастырушының жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың екiншi кезеңiне қатысуға шақыру жiберуiн көздейді.
      Ескерту. 131-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      132. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың екінші кезеңі мыналарды:
      1) біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті жекеше әріптестердің ТЭН-і бар конкурстық өтінімдерді (бар болған жағдайда) кешенді ведомстводан тыс сараптама нәтижелерін қоса алғанда, қажетті сараптамалардың нәтижелерімен қоса беруін, сондай-ақ конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуін.
      Егер көзделген МЖӘ объектісі табиғи монополиялар саласына жататын жағдайда, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар салаларындағы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленетін инвестициялық бағдарламаны қоса беру қажет.
      Егер жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысушы конкурсты ұйымдастырушының ТЭН-інде көзделген техникалық-технологиялық және экологиялық шешімдерді қабылдаған жағдайда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысушы МЖӘ жобасының ТЭН-імен конкурстық өтінімнің құрамында осындай шешімдер қабылдағаны туралы қосымша кепілхат береді.
      Егер жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысушы конкурсты ұйымдастырушының МЖӘ жобасының тұжырымдамасында келтірілген маркетингтік және (немесе) институционалдық және (немесе) әлеуметтік-экономикалық шешімдерді қабылдаған жағдайда, онда жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысушы МЖӘ жобасының ТЭН-імен конкурстық өтінімнің құрамында осындай шешімдер қабылдағаны туралы қосымша кепілхат береді.
      2) осы Қағидалардың 76-тармағының 6-15) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың жүзеге асырылуын көздейді.
 

8-параграф. Оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізудің ерекшеліктері

      133. Оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс мынадай шарттардың барлығы сақталған кезде өткізіледі:
      1) жергілікті МЖӘ жобасын іске асыру жүзеге асырылады;
      2) Заңның 20-бабы 7)-тармақшасына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін үлгілі конкурстық құжаттама пайдаланылады;
      3) Заңңың 20-бабы 7)-тармақшасына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін МЖӘ үлгі шарты пайдаланылады;
      4) МЖӘ жобасы табиғи монополиялар саласына жатпайды;
      5) МЖӘ объектісінің құны төртмиллиондық айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
      134. Оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс осы Қағидалардың 76-тармағының ережелеріне сәйкес, мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып өткізіледі:
      жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы қалыптастыратын әлеуетті жекеше әріптестер тізілімінен әлеуетті жекеше әріптестер біліктілік іріктеу жүргізілместен жіберіледі. Егер әлеуетті жекеше әріптес осы тізілімде тұрмаса, онда конкурсты ұйымдастырушы біліктілік іріктеуді әлеуетті жекеше әріптестің біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға құжаттарды ұсыну сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады;
      конкурстық құжаттаманы бекіту, МЖӘ шартына қол қою Заңның 25-бабында көзделген сараптамалар жүргізілместен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 134-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
 

9-параграф. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурсты өткізудің ерекшеліктері

      135. Конкурсты ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурстарды Заңның 19-бабының 2) тармақшасына сәйкес тізбесін Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын объектілерге қатысты өткізеді.
      136. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурс осы Қағидаларда көзделген конкурстық рәсімдерге сәйкес, мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып өткізіледі:
      жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланбайды. Конкурсты ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа жіберілуі мүмкін әлеуетті жекеше әріптестердің шектеулі тобын оларға кейіннен жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурсқа қатысуға шақыру жібере отырып айқындайды;
      жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурс өткізудің шарттары, күні, орны мен уақыты туралы ақпаратты, сондай-ақ оның нәтижелері туралы мәліметтерді конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптестерге жазбаша түрде жібереді;
      конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама берілген барлық әлеуетті жекеше әріптестердің назарына сұрау салудың нысанасын көрсете отырып, бірақ сұрау салудың кімнен түскенін көрсетпеспестен, жазбаша түрде жеткізеді;
      жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурс өткізу барысында жасалған хаттамалар және осындай конкурстарды өткізу барысында алынған ақпарат бұқаралы ақпарат құралдарында жариялауға және Интернет желісінде орналастыруға жатпайды.
 

10-параграф. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерді өткізу

      137. Жекеше әріптесті тікелей келіссөздер негізінде айқындау мынадай:
      МЖӘ жобасына өзінің меншік құқығындағы немесе ұзақ мерзімді жалға алынған объектіге қатысты әлеуетті жекеше әріптес бастамашылық жасаған;
      МЖӘ жобасы әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды іске асырумен ажырамас байланыста болатын жағдайларда жүзеге асырылады.
      138. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерді ұйымдастыру және жүргізу мынадай реттілік сатылары арқылы жүзеге асырылады:
      1) МЖӘ жобасына әлеуетті жекеше әріптестің бастамашылық жасауы.
      Бұл сатыда әлеуетті жекеше әріптес уәкілетті тұлғаға мыналарды:
      әлеуетті жекеше әріптестің атауын және мекенжайын;
      мемлекетке тиесілігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтығын (жеке тұлғалар үшін);
      заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және әлеуетті жекеше әріптеске өкілдік ететін тұлғалар туралы деректерді;
      Осы Қағидалардың 137-тармағына сәйкес объектіге қатысты меншік немесе ұзақ мерзімге жалға алу құқығын немесе әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды растайтын құжаттарды;
      мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын қаржылық бөлімнің тармақшаларын қоспағанда, осы Қағидаларға сәйкес құрылымда әзірленген МЖӘ жобасының тұжырымдамасын қамтитын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімді енгізеді.
      Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінім МЖӘ шартын жасасудың офертасы болып табылады.
      Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінім берілген уәкілетті тұлға оның түскен күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерді нақты көрсете, бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қойған қорытындыны дайындай отырып, техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобаларға жататынын көрсете отырып МЖӘ жобасын іске асырудың қажеттігін айқындайды.
      Бұл ретте экономикалық орындылық, оның ішінде мемлекеттік қолдау шараларын, жекеше әріптестің шығындарын өтеу және кірістерді алу көздерін ұсынудың болжамды мүмкіндігі Комиссия жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылдағаннан кейін, осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес МЖӘ жобасының тұжырымдамасына сараптама жүргізу шеңберінде айқындалады.
      Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінім енгізілген уәкілетті тұлға түскен өтінімді нақтылау және (немесе) талқылау қажет болған жағдайда әлеуетті жекеше әріптестен қосымша материалдарды сұрайды және (немесе) хаттаманы (хаттамаларды) ресімдей отырып, алдын-ала келіссөздер жүргізеді.
      Түскен өтінімді нақтылау және (немесе) талқылау қажеттілігі туралы хабарлама жолданған күннен бастап әлеуетті жекеше әріптестің қажетті ақпаратты ұсыну күніне дейін және (немесе) алдын-ала келіссөздердің соңғы хаттамасына қол қойған күнге дейін уәкілетті тұлға қорытынды әзірлеу мерзімін тоқтатады.
      Түскен өтінімді нақтылау және (немесе) талқылау қорытындысы бойынша әлеуетті жекеше әріптес бұған дейін енгізілген өтінімді түзете алады.
      Алдын-ала келіссөздерге қатысудан жазбаша түрде бас тартқан, өтінімді қайтарып алған жағдайда және (немесе) қажетті ақпаратты әлеуетті жекеше әріптес хабарламаны алған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде бермеген жағдайда, енгізілген жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінім қараусыз қалады;
      2) МЖӘ жобасының негізгі техникалық-экономикалық өлшемдері және бюджеттен сұралатын төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіле отырып, МЖӘ жобасына бастамашылық жасау туралы хабарлама.
      Уәкілетті тұлға жоспарланған МЖӘ жобасы туралы қысқаша ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады, МЖӘ жобасының ерекшелігіне байланысты, әлеуетті жекеше әріптестердің оны іске асырудағы қызығушылығы туралы баламалы ұсыныстарды ұсыну талаптарын көрсете отырып, өзге де интернет-ресурстарда және мерзімді баспа басылымдарда (екеуден кем емес) орналастыруды ұйымдастырады.
      Хабарламада тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге нақты қажеттіліктер, жобаның техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобаларға жататыны көрсетіледі.
      Жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер балама ұсынысты хабарламада көрсетілген талаптарға, сондай-ақ осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімге сәйкес ұсынады.
      Әлеуетті жекеше әріптестер тарапынан жазбаша түрде түскен балама ұсыныстар болмаған жағдайда немесе балама ұсыныстар осы тармақшада көрсетілген талаптарға сәйкес келмегенде, техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде және қалған жобалар бойынша күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жобаға бастамашы болған әлеуетті жекеше әріптестің белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау (біліктілік іріктеу) жүзеге асырылады.
      Жобаға бастамашы болған әлеуетті жекеше әріптес тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы айқындайтын мерзімде біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға құжаттарды осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес тиісті құжаттарды ұсынады.
      Тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы біліктілік іріктеуді құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      Біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті жекеше әріптес тікелей келіссөздерге қатысушы деп танылады;
      3) мемлекеттік әріптестің МЖӘ жобасының тұжырымдамасын сараптауы.
      Осы кезеңде уәкілетті тұлға (тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссияны құрады.
      Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия төрағасы тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға (егер тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы жергілікті атқарушы орган болған жағдайда – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімінің орынбасарынан төмен емес) болып табылады.
      Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия хатшысы тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының құрылымдық бөлімше басшысының орынбасарынан төмен емес өкілі болып табылады.
      Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия құрамына тиісті саладағы, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдардың өкілдері кіреді.
      Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия құрамына өзге де мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдері кіруі мүмкін.
      МЖӘ жобасының тұжырымдамасын сараптау шеңберінде Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия сараптама нәтижесі бойынша МЖӘ жобасының тұжырымдамасын пысықтау немесе мақұлдау қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.
      Уәкілетті орган МЖӘ жобасының тұжырымдамасына сараптама жүргізу кезінде 15 (он бес) жұмыс күні ішінде әлеуетті жекеше әріптестің өтініміне мынадай өлшемшарттар бойынша талдау жүргізіледі:
      1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, Қазақтан Республикасы Президентінің, Қазақтан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларына немесе актілеріне, сондай-ақ МЖӘ міндеттері мен қағидаттарына сәйкестігі;
      2) бастамашылық жасалған МЖӘ жобасын іске асыру үшін ресурстық қамтамасыз етудің бар болуы;
      3) жоспарланған МЖӘ жобасын МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің лимиті шеңберінде (егер бастамашылық жасалған МЖӘ жобасы бюджеттен төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шараларын көздесе) іске асыру мүмкіндігі.
      МЖӘ жобасының тұжырымдамасын талдау қорытындылары бойынша тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы МЖӘ жобасының тұжырымдамасы үшін осы Қағидаларда көзделген барлық келісулер мен сараптамаларды қамтамасыз етеді.
      Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінім берілген уәкілетті тұлға тиісті саланың уәкілетті органы болған жағдайда, МЖӘ жобасының тұжырымдамасына салалық сараптаманы уәкілетті орган МЖӘ жобасының тұжырымдамасына сараптама шеңберінде жүргізеді.
      Қажетті келісулер мен сараптамалардың барлығы алынғаннан кейін тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы бұл жөнінде жобаға бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптесті 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
      МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптес хабарлама алынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті тұлғаға МЖӘ шартының жобасын ұсынады.
      МЖӘ шартының жобасын ұсыну мерзімін ұзарту туралы шешімді Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия қабылдайды;
      4) МЖӘ шартының әлеуетті тараптары арасында МЖӘ шартының талаптары туралы келіссөздерді жүргізу.
      Келіссөздердің нәтижелері тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоятын және жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия бекітетін хаттамамен ресімделеді. Әлеуетті тараптар МЖӘ шартының талаптарын келіскен жағдайда хаттамаға МЖӘ шартының жобасы қоса беріледі.
      Тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы МЖӘ шартының жобасын келісуге келіссөздер хаттамасының көшірмелерін, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігін және мемлекеттік кепілдікті ұсынуды көздейтін жобалар бойынша бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесін қоса бере отырып, мына орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарға жолдайды:
      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган МЖӘ шартының жобасын МЖӘ дамыту орталығының немесе егер жоба жергілікті болған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы айқындаған сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғаның сараптамаларының нәтижелерін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі.
      МЖӘ шартының жобасына сараптама техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде, қалған жобалар бойынша – 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
      бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган МЖӘ шартының жобасын ол түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі;
      табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде МЖӘ шартының жобасын оны ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі.
      Тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға (республикалық жобалар бойынша) немесе жергілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға (жергілікті жобалар бойынша) МЖӘ шарты жобасының сараптамаларын және келісулер нәтижелерін қоса бере отырып, тиісті бюджет комиссиясының қарауына МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін шығару үшін өтінім жолдайды;
      5) МЖӘ шартын жасасу.
      Ескерту. 138-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      139. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды жергілікті МЖӘ жобалары бойынша жасасқан МЖӘ шарттары туралы оны жасасқан кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
      Ескерту. 139-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерінің және шарттарының мониторингі, мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын мониторингілеу және бағалау

1-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерінің және шарттарының мониторингі

      140. МЖӘ объектілерінің және шарттарының мониторингі ақпарат жинау, МЖӘ объектісін пайдалану және нысаналы мақсаты және тиісінше жай-күйде сақтау бойынша қолдану бөлігінде жай-күйді талдау, бағалау және болжамдау жүйесін білдіреді.
      141. Сенімгерлік басқарудағы және (немесе) мүліктік жалдаудағы (жалға алудағы) республикалық меншікке жататын МЖӘ объектілерінің мониторингін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
      МЖӘ объектілері мониторингісінің міндеттері:
      1) мемлекеттік мүлік жағдайын бағалау;
      2) мемлекеттік мүлікке залал келтіретін нысаналы емес пайдалану жағдайларының алдын алу болып табылады.
      142. Жергілікті МЖӘ жобалары бойынша МЖӘ шарттарының мониторингін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
      МЖӘ шарттары мониторингісінің міндеттері:
      1) МЖӘ объектілерін тиімді басқаруды талдау, сондай-ақ, мемлекеттік мүлік жай-күйін бағалау;
      2) МЖӘ-ға берілген мемлекеттік мүлікке залал келтіретін нысаналы емес пайдалану жағдайларының алдын алу, қажет болған жағдайда мемлекеттік мүлікті тиімді басқару бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
      143. МЖӘ шарттарының мониторингі бойынша жұмыстарды жүргізу үшін осы Қағидалардың 4-тарауының 2-параграфында көзделген тәртіп қолданылады.
      144. МЖӘ объектілерінің және шарттарының мониторингін жүргізуге уәкілетті мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік орган және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы жыл сайын 30 қаңтарға дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға есепті кезеңдегі мониторинг нәтижелері бойынша қорытындыны және қажет болған жағдайда ұсынымдарды береді.
      145. Жекеше әріптес республикалық және коммуналдық меншіктегі МЖӘ объектілері бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының сұрау салуы бойынша қажетті ақпаратты қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.
 

2-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын мониторингілеу және бағалау

      146. Шарттық қатынастарды орындау кезеңінде МЖӘ жобаларының іске асырылуын мониторингілеуді мыналар:
      республикалық МЖӘ жобалары бойынша – тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органдар;
      жергілікті МЖӘ жобалары бойынша – жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
      147. МЖӘ жобаларының іске асырылуына бағалау жүргізу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган МЖӘ дамыту орталығын тартады.
      148. МЖӘ жобаларының іске асырылуын мониторингілеу МЖӘ жобасының орындалу барысын үзіліссіз бақылау процесі болып табылады.
      МЖӘ жобаларының іске асырылуын бағалау мониторинг деректері негізінде МЖӘ шартына және МЖӘ жобасының қаржылық-экономикалық моделіне сәйкес жоспарланған көрсеткіштерге жетуді талдау процесі болып табылады.
      149. МЖӘ жобасының іске асырылуын мониторингілеу және бағалау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) ресурстарды нысаналы қолдану;
      2) құрылыс жұмыстарының барысы;
      3) жоба бойынша шарттық құжаттаманы сақтауды және өзгертуді бақылау: жабдықтарды жеткізушер, бас мердігерлер, шеттегі құрылыс ұйымдары, жергілікті атқарушы органдар (жоба үшін жерді жалға немесе сатып алған жағдайда), тартылған мамандар және т.б.;
      4) жабдықтарды сатып алуды, жеткізуді, сақтандыруды және кеден бажының төленуін бақылау;
      5) рұқсат беру құжаттамасының алынуын бақылау (жер, коммуникациялар жүргізу, құрылыс салуға рұқсат, жобаны бекіту және т.б.);
      6) жобаның қаржылық көрсеткіштерін бақылау;
      7) жоба шеңберінде нақты деректерді және өзгерістерді ескере отырып, жоба дамуының қаржылық-экономикалық моделін түзету;
      8) есепке алу саясатын бақылау.
      150. МЖӘ жобаларының іске асырылуының мониторингілеуді тиісті саланың уәкілетті органы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын жүзеге асырады.
      151. Мемлекеттік әріптес мониторингті МЖӘ шартында белгіленген мерзімдерде жүргізу үшін, тиісті саланың уәкілетті органына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына мыналарды:
      1) осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттарды.
      4-қосымшаға сәйкес құжаттарды (18, 19-жолдарда көрсетілген құжаттарды қоспағанда) жекеше әріптес ұсынады. 4-қосымшаның 18, 19- жолдарында көрсетілген құжаттарды мемлекеттік әріптес ұсынады;
      2) мемлекеттік әріптестің осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған түйіндеме-есебін;
      3) мемлекеттік әріптестің жекеше әріптес ұсынған көрсетілетін қызметтерге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалауын ұсынады.
      152. Тиісті саланың уәкілетті органы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға 20 (жиырмасыншы) сәуірден, 20 (жиырмасыншы) шілдеден, 20 (жиырмасыншы) қазаннан және 20 (жиырмасыншы) қаңтардан кешіктірмей мониторинг бойынша ақпаратты ұсынады.
      153. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынылған ақпаратты ол түскен кезден бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей МЖӘ дамыту орталығына жолдайды.
      154. Облигациялар ұстаушылардың өкілі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттің кепілгерлігімен қарыз алған жекеше әріптестің қаржылық жай-күйіне жүргізілген мониторинг нәтижелері жөніндегі ақпарат (инфрақұрылымдық облигацияларды шығару жолымен қаражат тартқан жағдайда) ұсынады.
      155. МЖӘ жобаларының іске асырылуын бағалауды МЖӘ дамыту орталығы жыл сайын соңғы төрт тоқсан бойынша ұсынылған мониторинг деректерінің негізінде жүргізеді.
      156. МЖӘ жобаларының іске асырылуын бағалаудың мерзімі соңғы есепті тоқсан бойынша мониторинг бойынша ақпараттың түскен кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жүзеге асырылады.
      157. МЖӘ жобаларының іске асырылуын бағалаудың нәтижесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес МЖӘ жобаларының іске асырылуын бағалаудың қорытындысы болып табылады.
      158. МЖӘ жобаларының іске асырылуын бағалаудың қорытындылары бойынша ұсынымдарды республикалық меншікке жататын МЖӘ объектілері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган, коммуналдық меншікке жататын МЖӘ объектілері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары қорытынды МЖӘ шарттарының тізіліміне деректерді енгізу үшін, мемлекетік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға түскен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей мемлекеттік әріптеске және жекеше әріптеске жолдайды.
 


Мемлекеттік-жекешелік
жобаларын жоспарлау және іске
асыру қағидаларына
1-қосымша


Нысан

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын әзірлеу кезінде консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыруға арналған өтінім

      1. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі _____________________________________________
      2. МЖӘ жобасының атауы ___________________________________________________
      3. Құрамында МЖӘ жобасын іске асыру (нақты тармақтарға сілтеме) немесе жобаны іске асырудың өзге негізі (Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары және т.б.) көзделген Қазақстан Республикасының белгіленген мемлекеттік, салалық және аумақтарды дамыту бағдарламаларының атауы ________________________________________________________________________________
      4. МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі (егер белгісіз болса, шамамен көрсету) ________________________________________________________________________________
      5. МЖӘ жобасының болжанған бюджеттік тиімділігі ________________________________________________________________________________
      6. МЖӘ жобасына мемлекеттік әріптестің қатысу нысаны, оның ішінде мемлекеттік қолдаудың болжамды шаралары және олардың көлемі ________________________________________________________________________________
      7. МЖӘ жобасының жалпы құны: ____ мың теңге, сондай-ақ осындай құнның есептеулері мен негіздемелері ______________________________________________________
      8. МЖӘ жобасының тұжырымдамасын әзірлеу құны: ____ мың теңге, сондай-ақ МЖӘ жобасының тұжырымдамасын әзірлеу құнының есептеулері мен негіздемелері ________________________________________________________________________________
      9. Байланыс жасайтын тұлғаның деректемелері:
      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда):____________________________________
      Лауазымы: ________________________________________________________________
      Бөлімше/ұйым _____________________________________________________________
      Мекенжайы: _______________________________________________________________
      Байланыс телефоны: ________________________________________________________
      Факс: _____________________________________________________________________
      Электрондық почта: ________________________________________________________
      __________________________________________ M.О. ___________________________
      Мемлекеттік орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы

Мемлекеттік-жекешелік    
әріптестік жобаларын жоспарлау
және іске асыру қағидаларына
1-1-қосымша        

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе)
реконструкциялау құнын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік
субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің
жиынтық құнын есептеу

      Ескерту. Қағида 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеу:
      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын және МЖӘ субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеуге қойылатын бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін;
      2) МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын және МЖӘ субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеу жүзеге асырылатын барлық МЖӘ жобаларына қолданылатын әдістемелік нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) болып табылады.
      2. Нұсқаулық МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын және МЖӘ субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын айқындауға қатысатын лауазымды, заңды және жеке тұлғалалардың басшылыққа алуы үшін әзірленген.
      3. Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      мемлекеттік қолдау – «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабы 2-тармағының 1-6) тармағында көзделген мемлекеттік қолдаудың түрлері;
      МЖӘ субъектілерінің шығындарын өтеу көздері – Заңның 1-бабы 4), 9), 10) тармақшаларында және 9-бабы 1 тармағында көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ақшалай төлемдер.
      Осы Нұсқаулықта МЖӘ субъектілері деп жекеше әріптес, МЖӘ компаниясы (институциональдық МЖӘ шеңберінде құрылған) түсініледі.
      Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес қолданылады.
      4. МЖӘ субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құны - бұл МЖӘ субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің барлық түрлерінің жиынтық құны.

2-тарау. МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын айқындау

      5. Объектінің құны 16 Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарында (бұдан әрі – ҚЕХС) қолданылатын активтердің/негізгі құралдардың бастапқы құны ұғымына сәйкес болып табылады. ҚЕХС сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құны активті мақсатына сәйкес пайдалану үшін жұмыс қалпына келтіруге қажетті барлық шығындардан құралады. Нақты алғанда өзі дайындайтын негізгі құралдар үшін ол қарыз қаражатын тарту бойынша шығыстарды қоса алғанда, компания жұмсаған шығындар сомасы ретінде айқындалады (ҚЕХС 23).
      6. МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құны МЖӘ субъектілерін мемлекеттік қолдау көлемін және шығындарын өтеу көздерін анықтау мақсатында айқындалады.
      7. Объектіні МЖӘ-ға беру мүмкіндігі туралы ұсынысты қалыптастыру кезеңінде объектінің құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалау әдісімен айқындалады.
      8. МЖӘ жобасын жоспарлау кезеңінде МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құны МЖӘ жобалары бойынша жаңа объектiлерді салу және (немесе) бар объектiлерді өзгерту мақсатында МЖӘ субъектілері жұмсаған барлық шығыстардың сомасы ретінде айқындалады:

                               

    Pt = Pt nсд + Pt mру + Pt ayn + Pt фn + Pt смрах + Pt аморm + Pt басқалары,

      мұнда:
      СО – объект құны;
      N – МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялау кезеңінің жылдармен сипатталған ұзақтығы;
      Рt – МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялау t мерзімдегі МЖӘ субъектілерінің МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялауға жұмсаған барлық шығындарының сомалық көлемі;
      Pt nсд – мыналарға жұмсалған t мерзім бойынша шығыстар:
      тиісті саланың сметалық нормалары мен бағамдарының жинағына, тиісті саладағы жобалау жұмыстарының бағаларының жинақтарына, Жобалау және салу бойынша қағидалар жиынтығына сәйкес айқындалатын жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу;
      тиісті салада қолданылатын нормаларға сәйкес қажетті сараптамаларды жүргізу (ведомстводан тыс кешенді сараптама, техникалық қадағалау, авторлық қадағалау және басқалар);
      МЖӘ объектісін пайдалануға бергенге дейін лицензияларды, патенттерді, рұқсаттарды және де қолданыстағы заңнамаға сәйкес көзделген басқа да құжаттарды алу;
      Pt mру – t мерзімдегі тиісті стандарттар, нормалар және қағидаларға сәйкес МЖӘ объектісін құруда (салуда) қолданылатын шикізат пен материалдар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша шығыстар;
      Pt ayn – t мерзімдегі жұмысшылардың жұмыстар мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына (БТБА) және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялау кезеңінде нормативтік мәндер шегіндегі техникалық және әкімшілік шығыстарды қоса алғанда, МЖӘ объектісін құру (салу) кезеңіндегі компанияны басқаруға жұмсалатын шығыстар;
      Pt фn – t мерзімдегі мыналарға:
      қарыз капиталының нарығында белгіленген нарықтық сыйақы мөлшерлемесі бойынша есептелетін қысқа және ұзақ мерзімге тартылатын қарыздар бойынша сыйақылар төлеуге жұмсалатын шығыстар. Инвестицияларды Қазақстан Республикасының қарыз капиталы нарығында тартқан жағдайда қарыздар бойынша сыйақыларды төлеу бойынша шығыстар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің берілген кредиттер бойынша (орта өлшенген) сыйақы мөлшерлемелері статистикасының деректері негізінде айқындалады (http://www.nationalbank.kz), шетел капиталы тартылған жағдайда - сыйақыларды төлеу бойынша шығыстар LIBOR мөлшерлемесі ескеріле отырып және 3% маржа мөлшерінде есептелетін болады;
      МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялау кезіндегі инфрақұрылымдық облигациялар бойынша есептелетін сыйақыларды төлеуге жұмсалатын шығыстар, олар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында (http://economy.gov.kz/kz/) орналастырылған, тиісті мақұлданған Әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік параметрлер болжамына сәйкес есептеулер кезіндегі қаржы-экономикалық үлгіде (бұдан әрі - ҚЭҮ) болжанатын инфляция (тұтынушылық бағалар) деңгейі ретінде айқындалады + облигациялар айналымы мерзімі бойында қолданылатын белгіленген маржа;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің сайтында (http://economy.gov.kz/kz/) орналастырылған, тиісті мақұлданған Әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік параметрлер болжамына сәйкес шетел валютасындағы кредиттер бойынша бағамдық айырмашылықтарға жұмсалатын шығыстар;
      Pt смрах – t мерзімдегі сақтандыру қызметтерінің нарығын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша сақтандыру қызметінің нарықтық бағаларына сәйкес инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігі бойынша сақтандыруды қоса алғанда, МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялауға байланысты сақтандырудың барлық түрлеріне жұмсалатын шығыстар;
      Pt аморm – салық заңнамасында көзделген нормалар шегінде жаңа объектіні құруда (салуда) тікелей қолданылатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге есептелетін амортизация;
      Pt басқалары – мынадай шығыстарды қамтитын t кезеңіндегі басқа да шығыстар:
      KazPrime индикаторын қалыптастыру туралы KASE Келісіміне қатысушы банктердіңкөрсететін қызметтерінің орташа тарифтері ретінде айқындалатын қарыздарды тарту. Тарифтер жария ақпарат болып табылады және тиісті қаржы ұйымдарының сайттарында орналастырылған;
      нарықты зерттеп-қарау нәтижелері бойынша тиісті көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағаларына сәйкес инфрақұрылымдық облигацияларды шығаруды ұйымдастыру;
      банктік кепілдік беру қызметтер нарығын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша банктік кепілдік беру қызметтерінің нарықтық бағаларына сәйкес банктік кепілдік беру бойынша банктің ақылы көрсететін қызметтері мен комиссиялары;
      уәкілетті мемлекеттік органдар алатын міндетті алымдар мен төлемдер;
      аудиторлық компаниялардың бағалық ұсыныстарына сәйкес аудиторлық тексерулер;
      МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялау бойынша жоғарыда көрсетілген барлық шығыстар сомасының 1 % аспайтын көлемдегі МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялаумен байланысты өзге де шығыстар бойынша.
      9. Қолданыстағы МЖӘ объектісін реконструкциялау кезінде МЖӘ объектісінің құны «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 116117118119120121 және  122-баптарына сәйкес айқындалған құнға тең.

3-тарау. МЖӘ субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын
өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеу

      10. МЖӘ субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеу қаржы-экономикалық үлгіні (бұдан әрі – ҚЭҮ) пайдалана отырып жүргізіледі. Мемлекеттік қолдау шығындарды өтеу көздерінің оңтайлы деңгейін айқындау мақсатында ҚЭҮ екі нұсқасы: атап айтқанда, базалық ҚЭҮ және кеңейтілген ҚЭҮ әзірленеді.
      11. Базалық ҚЭҮ әзірлеу кезінде жоба мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздері болмаған кезде жүзеге асырылады деген болжам қолданылады. Базалық ҚЭҮ шеңберінде қаржылық қолдау шараларын ескерусіз жобаның таза келтірілген құны есептеледі (бұдан әрі – базалық NPV).
      12. Базалық NPV есептеген кезде мынадай талаптар мен болжамдар сақталуы тиіс:
      1) жоба қарыз алудың нарықтық құны (пайыздық мөлшерлемесі) бойынша тек қана коммерциялық көздерден қаржыландырылады;
      2) қаржылық қолдау шаралары ұсынылмайды;
      3) теріс базалық NPV болуына жол беріледі.
      13. Кеңейтілген ҚЭҮ мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздері ұсынылған жағдайда базалық ҚЭҮ негізінде әзірленеді. Кеңейтілген ҚЭҮ базалық ҚЭҮ-ге мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерін қосу жолымен әзірленеді.
      14. МЖӘ жобасын іске асырудың оңтайлы схемасын айқындау мақсатында кеңейтілген ҚЭҮ әзірлеу кезінде әзірлеуші Заңның талаптарын сақтай отырып, МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің белгіленген лимиттерін, пайдалар мен шығындардың ара-қатынасын, институционалдық схеманы және МЖӘ жобасының басқа ерекшеліктерін ескере отырып, МЖӘ субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің әр түрлерін қолдану мүмкіндігін қарайды.
      15. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес заттай гранттардың құнын бағалау олардың нарықтық құны бойынша бағалау қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
      16. Мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектiлерiне ерекше құқықтардың құны Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік және бағалау қызметі мәселелері бойынша заңнамасына сәйкес айқындалған құн болып табылады.
      17. МЖӘ шарттарының шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігінің құны кепілгерлікті орындау құны болып табылады және кепілгерлікпен қамтамасыз етілген облигациялық қарыз бойынша негізгі борыштың және ол бойынша есептеудің 1 кезеңі мен 6 айға есептелген МЖӘ жобасын іске асыру кезеңіне болжанатын неғұрлым жоғары пайыздық мөлшерлеме бойынша сыйақы сомасы ретінде есептеледі:

                         ,

      мұнда:
      P – инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігі шеңберінде мемлекеттік қолдау құны;
      D – негізгі борыш сомасы;
      r – ҚЭҮ-де болжанатын инфляцияның ең жоғары деңгейі + (қосу) облигациялар айналымының бүкіл мерзімі ішінде қолданылатын тіркелген маржа ретінде айқындалатын пайыздық мөлшерлеме;
      p – күнтізбелік жылдағы купондық сыйақыны есептеу кезеңдерінің саны.
      18. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекет кепілдігінің құны мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қарыз бойынша негізгі борыш сомасы және ол бойынша есептеудің 1 кезеңіне және 1 айға немесе шарт талаптарына сәйкес кезеңге есептелген МЖӘжобасын іске асыру кезеңіне болжанатын неғұрлым жоғары пайыздық мөлшерлеме бойынша сыйақы ретінде есептеледі:

                           ,

      мұнда:
      G – мемлекеттік кепілдіктер құны;
      L – мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша негізгі борыш сомасы;
      s – қарыз алу туралы шарт талаптарына немесе конкурстық өтінімге сәйкес мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша МЖӘ жобасын іске асыру кезеңіне болжанатын неғұрлым жоғары сыйақының жылдық мөлшерлемесі. Жобаның тұжырымдамасын және конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде LIBOR+(қосу) 1 % мөлшерлемесі ретінде айқындалады;
      t – күнтізбелік жылдағы мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша сыйақыны есептеу кезеңдерінің саны.
      19. МЖӘ жобасын қоса қаржыландыру сомасы МЖӘ объектісін салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту кезеңі ішінде мемлекеттік бюджеттен жұмсалатын шығыстардың жиынтық шамасына тең.
      20. МЖӘ бойынша инвестициялық шығындар өтемақысының сомасы (бұдан әрі - ИШӨ) МЖӘ объектісін пайдалану кезеңі ішіндегі төлемдердің жиынтық шамасына тең.
      ИШӨ жиынтық көлемі инфляцияны ескере отырып ИШӨ-ні төлеудің соңғы жылындағы МЖӘ объектісінің болашақ құнынан аспауы тиіс. МЖӘ объектісінің болашақ құны мынадай формула бойынша есептеледі:

                           

      мұнда:
       – ИШӨ-ні төлеудің соңғы жылындағы МЖӘ объектісінің құны;
       – ИШӨ-ні төлеудің соңғы жылы;
       – МЖӘ шартын жасасу кезіндегі МЖӘ объектісінің құны;
       – бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жататын Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мақұлдаған Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына сәйкес инфляцияның болжамды мөлшерлемесі.
      Бұл ретте, егер МЖӘ жобасы ИШО-дан өзге МЖӘ субъектілерінің шығындарын өтеу көздерінің болуын болжаса, инфляция деңгейіне ИШО-ны индексациялауға жол берілмейді.
      21. МЖӘ жобасы бойынша операциялық шығындардың өтемақысы көлемін есептеу кезінде мынадай операциялық шығындар топтары есепке алынады:
      1) МЖӘ объектісінің инженерлік және технологиялық жабдықтарын ұстауға және пайдалануға жұмсалатын шығындар;
      2) МЖӘ объектісінің ғимараттары (құрылыстары) мен аумақтарын ұстауға жұмсалатын шығындар;
      3) әкімшілік шығындар (әкімшілік-басқару персоналына еңбекақы төлеу; сақтандыру бойынша шығыстар; МЖӘ субъектісінің күнделікті шығыстары (банктік көрсетілетін қызметтер, байланыс қызметі, күзет қызметі).
      4) салықтар бойынша шығыстар;
      5) сақтандыру бойынша шығыстар;
      6) қарыздарға қызмет көрсету бойынша шығыстар;
      7) басқа операциялық шығындар, оның ішінде: ағымдағы жөндеу; орташа жөндеу; материалдық шығыстар(отын, жабдықтардың қосалқы бөлшектері сияқты МЖӘ объектісін пайдалану үшін қажетті шикізат, жабдықтың күнделікті жөндеуі және т.б.); МЖӘ объектісінің жұмыс істеуі үшін қажетті заттай нормалар немесе материалдық қор, мынадай салалық шығыстар: арнайы киім; республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын МЖӘ объектілерінде тамақтану құны; МЖӘ объектісінде қажетті түгендеу мүлкі.
      22. МЖӘ объектісін күрделі жөндеу бойынша шығыстар МЖӘ субъектілерінің шығындарын өтеу және кіріс алу көздерінің мынадай түрлерінің бірінің шеңберінде есепке алынады:
      1) мемлекеттік меншіктегі МЖӘ объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы, сондай-ақ МЖӘ объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысы;
      2) қолжетімділік үшін төлемақы;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мемлекеттен берілетін субсидиялар.
      23. Қолжетімділік үшін төлемақы:
      операциялық шығындардың өтемақысы сомасынан;
      МЖӘ объектісінің сапалық сипаттамаларын, сондай-ақ МЖӘ объектісінің жеке техникалық-экономикалық өлшемдерін негізге ала отырып, қолжетімділігін қамтамасыз еткені үшін жекеше әріптеске сыйақы сомасынан тұрады.
      Қолжетімділік үшін төлемақымен бірге осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік қолдау шаралары мен мемлекеттік бюджеттен төлемдердің өзге де түрлерін беру ықтимал.
 


Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын жоспарлау
және іске асыру қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы тұжырымдамасының құрылымы

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Атауы
 

Толтыру үшін ұсыныстар
 

1. Жоба паспорты (жалпы мәліметтер)
 

Жоба атауы
 

жобаның толық атауы көрсетіледі
 

Жобаның қысқаша сипаты
 

жобаның мәні көрсетіледі
 

Әзірлеушінің атауы
 

тұжырымдаманы әзірлеуші көрсетіледі
 

Жобаны іске асыру саласы (аясы)
 

экономика саласы (аясы) көрсетіледі
 

Іске асыру орны
 

жобаны іске асыру орны (мекенжайы немесе орналасқан жерінің талаптары немесе сипаты)
 

Іске асыру мерзімдері мен кезеңдері
 

жобаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері көрсетіледі
 

Жобаның құны
 

жобаның құны көрсетіледі
 

Жобаның ретроспективасы
 

жобамен байланысты бұрын іске асырылған жұмыстар көрсетіледі
 

Жобаның мақсаттары мен міндеттері
 

жобаның мақсаттары мен міндеттері көрсетіледі
 

Жекеше әріптесті айқындаудың болжамды тәсілі
 

Заңның 31-бабына сәйкес жекеше әріптесті айқындау тәсілі көрсетіледі
 

Жобаның нәтижесі
 

жобаның түпкілікті нәтижесі және күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсері көрсетіледі
 

Байланыс деректері
 

МЖӘ жобасының тұжырымдамасын әзірлеуші мемлекеттік орган өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер болса), лауазымы, байланыс телефоны мен электрондық почтасының мекенжайы (мекенжайлары) көрсетіледі
 

2. Кіріспе
 

Жобаны іске асыру қажеттігінің негіздемесі
 

экономиканың (өңірдің) саласындағы (аясындағы) мәселелер сипаты;
Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына сәйкестігі;
МЖӘ жобасын әлеуетті жекеше әріптестер тарапынан іске асыруына қызығушылықтың болуы туралы ақпарат;
МЖӘ-ны жүзеге асыру тәсілін таңдау негіздемесі (келісімшарттық және институционалдық МЖӘ);
жекеше әріптесті айқындау тәсілін таңдау негіздемесі (конкурстық рәсімдер немесе тікелей келіссөздер) көрсетіледі
 

Ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесі
 

экономиканың осы саласында (аясында) ұқсас МЖӘ жобаларын іске асырудың халықаралық және/немесе қазақстандық оң тәжірибесі көрсетіледі
 

Мемлекеттік әріптестің қатысу нысаны, тәсілдері және көлемі
 

мемлекеттік әріптестің жобаға қатысу нысаны, тәсілдері және көлемі жылдар, бюджеттер және қаржыландыру объектілері (қаржылық қатысу жағдайында) бойынша көрсетіледі
 

Жекеше әріптестің қатысу нысаны, тәсілдері және көлемі
 

жекеше әріптестің жобаға қатысу нысаны, тәсілдері және көлемі жыл, қаржыландыру көздері (меншікті және қарыз қаражаты) және объектілері бойынша көрсетіледі
 

Қызметтің болжанған түрлері
 

МЖӘ жобасы шеңберінде қызметтің болжамды түрлері, сондай-ақ МЖӘ-ға берілуі жоспарланбаған қызметтер түрлері туралы ақпарат көрсетіледі
 

3. Жобаны іске асыру шарттары
 

3.1. МЖӘ объектісі және МЖӘ объектісі құрамына кірмейтін өзге де мүлік туралы ақпарат
 

МЖӘ объектісі және МЖӘ объектісі құрамына кірмейтін өзге де мүліктің құқықтық мәртебесі (меншік, теңгерімді ұстаушы, шектеулер және ауыртпалықтар);
жобаны іске асыру барысында және оны іске асырудан кейін жобаға қатысушылардың әрқайсысының мүліктік құқықтарының көлемі.
МЖӘ объектісін реконструкциялау немесе дамыту кезінде оның ретроспективасы (объектіні пайдалануға беру күні, реконструкциялау бойынша жүргізілген жұмыстар және осы объектімен байланысты басқа да мәліметтер) қоса беріледі.
Жоспарланған МЖӘ жобасының археологиялық және басқа да мемлекеттің ерекше қорғауындағы объектілер мәселелерін қозғаған жағдайда, аталған объектілердің жай-күйі туралы, сондай-ақ оларға МЖӘ жобасының әсері туралы мәліметтер келтіріледі.
 

3.2. МЖӘ жобасының табиғи монополиялар салаларына тиесілігі
 

негізгі қаражатты қайта бағалау, соңғы күнтізбелік үш жылда іске асырылған инвестициялық бағдарламалар, табиғи монополиялар субъектісі қызметінің техникалық сараптамасы, объектілердің техникалық жай-күйін куәландыру және басқа мәліметтер туралы ақпаратты қосқанда, МЖӘ-ға берілетін табиғи монополиялар субъектісінің мүліктік кешені туралы ақпарат көрсетіледі
 

3.3. Институционалдық бөлім
 

тараптардың өзара іс-қимыл тетіктері, МЖӘ жобасының әрбір тарапының, оның ішінде инвестициялық және инвестициядан кейінгі кезеңде (тараптар арасындағы өзара іс-қимыл схемасын қоса бергенде) үшінші тұлғалардың жауапкершілігі туралы ақпарат көрсетіледі
 

3.4. Маркетингтік бөлім
 

МЖӘ жобасын іске асыру нәтижесінде түзілетін өнімге (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге) сұраныстың қазіргі кездегі және болжамды (МЖӘ жобасын іске асыру кезеңінде) конъюнктурасын талдау;
SWOT-талдау (МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде болжанатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мүмкіндіктерін және қауіптерін, әлеуетті күшті және осал жақтарын айқындау және бағалау) көрсетіледі.
Пайдаланылған ақпарат көздері және өткізілген маркентингтік зерттеу бойынша есеп қоса беріле отырып, маркетингтік зерттеулерді жүргізу әдістемесі міндетті түрде көрсетіледі.
 

3.5. Қаржылық бөлімі
 

1) МЖӘ міндеттемелерінің белгіленген лимиті шеңберінде МЖӘ жобасын іске асыру мүмкіндіктері туралы ақпарат;
2) есептеулермен расталған, МЖӘ объектісі құрылысының болжамды құны;
3) МЖӘ жобасы шеңберінде салуға жоспарланған инвестициялар көлемі;
4) тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) елдегі, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға ықпалы туралы есептеулер мен мәліметтер негіздемелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға), оның ішінде табиғи монополиялар саласына жататын тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) алдын ала есептеу;
5) мемлекеттік қолдау шараларын, жекеше әріптестің шығындарын өтеу және кірістерін алу көздерін, оның ішінде оларды ұсынудың түрлері, көлемдері, мерзімдері және шарттарын ұсыну қажеттілігі мен мүмкіндігін талдау нәтижелері;
6) жылдар бөлінісінде МЖӘ мемлекеттік міндеттемелерінің болжамды жиынтық құны бойынша алдын-ала есептеулер;
7) МЖӘ жобасының болжамды түпкілікті нәтижесі (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрі және көлемі), сондай-ақ жекеше әріптестің алдын ала есептеулер түріндегі негіздемесі бар кірістердің болжамды келтірілген таза құны және кірістіліктің ішкі нормасы;
8) жобаны іске асырудың басқа да ықтимал схемаларымен (бюджеттік қаржыландыру, мемлекеттік қарыз алу және т.б.) салыстырғанда жобаны іске асырудың неғұрлым тиімді схемасы ретінде МЖӘ схемасы бойынша жобаны іске асырудың негіздемесі;
9) егер
ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарлы және нақты көлемі туралы ақпаратты;
көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрлері бөлінісінде қолданыстағы тарифтер мен тарифтік сметалар туралы ақпаратты;
болған жағдайда, реттелмей көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көрсетілетін түрлері мен көлемдері туралы ақпаратты;
қаржылық есептілікті;
тарифте ескерілетін қолданылатын амортизациялау әдістері туралы ақпаратты;
бұрын іске асырылған инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қаржыландырудың нақты шарттары мен өлшемдері туралы ақпаратты;
бұрын іске асырылған инвестициялық бағдарламаларда нақты орындалу көрсеткіштерін инвестициялық бағдарламаларда бекітілген көрсеткіштермен салыстыру туралы ақпаратты;
болған жағдайда, қол жеткізілген нақты көрсеткіштердің бекітілген инвестициялық бағдарламалардағы көрсеткіштерден ауытқу себептерін түсіндіруді;
болған жағдайда, субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың дебиторлық берешектерінің деңгейін және кредиторлық берешекті төлеуді төмендету бойынша кешенді іс-шараларды;
болған жағдайда, нормативтік шығындарды азайту және (немесе) нормативтен тыс шығындарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын қамтитын жұмыс істеп тұрған объектілерді жаңғырту немесе реконструкциялау жоспарланған жағдайда, соңғы үш жылда жұмыс істеп тұрған табиғи монополиялар субъектісі туралы ақпаратты көрсетеді.
Жобаны іске асырудың қаржылық-экономикалық үлгілері жобаны іске асырудың қаралатын нұсқалардың әрбірі бойынша бөлек (бюджеттік қаржыландыру, мемлекеттік қарыз алу және МЖӘ) формулалар мен қабылданған жорамалдарды көрсете отырып жасалады.
 

3.4. Әлеуметтік-экономикалық бөлім
 

1) саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және оның МЖӘ жобасы ескерілместен және МЖӘ жобасын іске асырған жағдайда даму перспективаларын талдау;
2) МЖӘ жобасы бойынша пайдалар мен шығындарды талдау;
3) ағымдағы бағалар мен өткен жылдың салыстырмалы бағаларындағы тікелей, жанама және жиынтық макроэкономикалық әсердің есебі;
4) таза қоғамдық пайда, экономикалық таза келтірілген табыстың (Economic net present value – ENPV), табыстылықтың экономикалық ішкі нормасының (Economic Internal Rate of Return – EIRR) көрсеткіштерін есептеу;
5) МЖӘ жобасын іске асырудың аралас салалардың (көрші өңірлерді дамытуды қосқанда) дамуына әсерін талдау;
6) МЖӘ жобасының Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетінің өсуіне және импортты алмастыруына, инновациялардың дамуына әсерін талдау көрсетіледі.
 

3.5. Техникалық-технологиялық бөлім
 

1) болған жағдайда енгізілуі жоспарланған технологиялық инновациялар туралы мәліметтер;
2) әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары, үлгі жобалары, үлгі жобалық шешімдері және қайталап қолданылатын жобаларының бар-жоғы туралы мәліметтер;
3) МЖӘ жобасын іске асыру нәтижесінде құрылатын объектінің жоспарланған физикалық параметрлері мен техникалық сипаттамалары, оның ішінде жоспарланған өндірістік қуаты;
4) шикізатты, материалдарды, жабдықтарды әлеуетті жеткізушілердің, өнімдерді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың көздері мен орналасқан жерлеріне және өңірдің географиялық ерекшеліктерін ескере отырып көлік магистраліне жақындығына қатысты жобаны іске асырудың орналасқан жерінің негіздемесі;
5) МЖӘ объектісін жобалаудың, салудың, құрудың, реконструкциялаудың, жаңғыртудың және пайдаланудың жоспарланған мерзімдері;
6) объектiнің орналасқан жері, жер учаскесінің (учаскелерінің) сипаттамасы туралы мәліметтер, сондай-ақ қолданыстағы және/немесе жобаны іске асыруға қажетті инженерлік-көліктік инфрақұрылым (теміржол магистральдары, автокөлік жолдары, құбырлар, электр- және жылу жүйелері, су құбыры, газ құбыры және басқа инфрақұрылым) туралы ақпарат;
7) МЖӘ жобасының ТЭН-ін әзірлеудің болжамды құны туралы жалпы ақпарат және аталған құнды негіздемелейтін есептеулер;
8) автоматтандырылған функциялардың, процестердің және оларды тұтынушылардың тізбесі (use-case схемасы);
есептеу қуатына, сақтау көлемдеріне қойылатын талаптар және МЖӘ жобасының ауқымы мен қуаттылығының сандық көрсеткіштері негізіндегі есептеу құралдары санының негіздемесі, тораптар схемалары;
ақпараттық жүйе архитектурасының жалпы сипаты;
ақпараттық жүйе құрамдауыштарының және олардың өзара байланыстарының сипаты;
МЖӘ жобасының "электрондық үкімет" базалық құрамдауыштарымен, ведомствоаралық ақпараттық жүйелермен және дерекқорлармен болжамды өзара іс-қимылының және интеграциясының сипаты;
электрондық көрсетілетін қызметтер берудің ағымдағы және жоспарланған бизнес-процестерінің сипаты;
тораптар схемасы (есептеу құралдары) және ақпараттық жүйенің бағдарламалық құрамдауыштарын орналастыру көрсетіледі.
9) жоба табиғи монополиялар салаларына тиесілі болған жағдайда, тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi өндiрудің өндірістік циклін, жылу және электр желілерін, газ бөлу жүйелерін, сондай-ақ сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін дамыту.

3.6. Тәуекелдерді бөлу
 

жобаның әлеуетті қатысушылары арасында тәуекелдерді бөлудің талдауы, сондай-ақ:
1) коммерциялық тәуекелдерді бағалау;
2) әлеуметтік тәуекелдерді бағалау;
3) экономикалық тәуекелдерді бағалау;
4) техникалық тәуекелдерді бағалау;
5) қаржылық тәуекелдерді бағалау;
6) жобаның ерекшелігіне байланысты өзге де тәуекелдерді бағалау көрсетіледі.
 

4. Жоба бойынша тұжырымдар
 

Мемлекеттік-жекешелік     
әріптестік жобаларын жоспарлау
және іске асыру қағидаларына
3-қосымша           

Әлеуетті жекеше әріптестердің өздерінің біліктілік талаптарына
сәйкестігін растауы үшін ұсынатын құжаттар тізбесі:

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1) есепшоттарында ақшаның болуын, әлеуетті жекеше әріптестің меншік құқығын және жылжитын және жылжымайтын мүліктің құнын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      2) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған толық алдыңғы екі қаржы жылының қаржылық есептілігінің түпнұсқасы. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйым қызметі жөніндегі қаржылық есептілікке қосымша бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына немесе халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және ұсынады. Аса маңызды МЖӘ жобаларына қатысты, егер әлеуетті жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда мұндай құжаттарды осындай әлеуетті жекеше әріптестің құрылтайшысы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынуы тиіс;
      3) әлеуетті жекеше әріптестің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және әлеуетті жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржы жылындағы) «Негізгі құралдар» бухгалтерлік балансының баптарының таратылып жазылуы;
      4) әлеуетті жекеше әріптестің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және әлеуетті жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған, олардың қалыптасқан күні мен болжамды өтеу мерзімі, сондай-ақ берешектің мақсаты (не үшін берешек пайда болды), оларды құнсыздандыру бойынша есептелген резервтердің сомасы көрсетілген соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржы жылындағы) дебиторлық және кредиторлық берешектің таратылып жазылуы. Банктік қарыздар болған жағдайда банктік қарыздар шарттарының көшірмелерін негізгі борышты және пайыздарды өтеу кестелерімен қоса беру қажет;
      5) әлеуетті жекеше әріптестің төлем қабілеттілігі, оның таратылуға жатпайтыны, мүлкіне тыйым салынбағаны, оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатылмағаны, әлеуетті жекеше әріптестің жасалған МЖӘ шарттары бойынша оның міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін соңғы үш жыл ішінде заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауапкершілікке тартылмағаны туралы кепілхат;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит өткізу белгіленген заңды тұлғалар сондай-ақ соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есепті ұсынады;
      7) заңды тұлға қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға нотариалды куәландырылған жарғысының көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аударылған сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған заңдастырылған үзіндіні ұсынады;
      8) тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама;
      9) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысуға құқық беретін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін, жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып нотариалды куәландырылған жеке бас куәлігінің (төлқұжат) көшірмесін ұсынады;
      10) әлеуетті жекеше әріптеске қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі қойылған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына сәйкес банк немесе банк филиалы алдындағы әлеуетті жекеше әріптес міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдында үш айдан астам мерзімі өткен берешегі жоқ екендігі туралы анықтамасының түпнұсқасы. Егер әлеуетті жекеше әріптес бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылса, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады.
      «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кредиттік бюро беретін кредиттік есепті ұсынуға рұқсат етіледі.
      Банк анықтамасы (немесе кредиттік есеп) берілгеніне конкурсты ұйымдастырушыға құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы екі айдан артық уақыт өтпеуге тиіс.
      Конкурсқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестіктері қарапайым серіктестік нысанында қатысқан жағдайда оның қатысушылары өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін осы Қағидаларда белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды қоса ұсынулары қажет:
      бірлескен қызмет туралы келісімшарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      қарапайым серіктестік мүшелері арасындағы жасалған ортақ жауапкершілік туралы шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      конкурс шеңберінде қарапайым серіктестік атынан келіссөздерді және басқа да іс-шараларды жүзеге асыруға шығатын оның өкіліне арналған сенімхаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.
      Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын басқа да құжаттарды әлеуетті жекеше әріптестер өз қалауы бойынша ұсынады.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті жекеше әріптес біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын құжаттарды немесе конкурстық құжаттаманың тілдеріне аударылған нотариалды куәландырылған аудармамен Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті жекеше әріптес біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай ақ резиденттіктің апостиль қойылған сертификаты (егер халықаралық шартпен басқасы көзделмесе) ұсынады.
      МЖӘ объектісі ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелер болған жағдайда әлеуетті жекеше әріптес ақпараттық ресурстарға және (немесе) ақпараттық жүйелерге меншік және (немесе) ие болу құқығы туралы құжаттарды ұсынады.


Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын жоспарлау
және іске асыру қағидаларына
4-қосымша

Құжаттар тізбесі

Р/с
 


 

Ұсынылған ақпарат
 

Ұсыну мерзімі
 

1
 

Ағымдағы есепті күнге жекеше әріптес компаниясының қолданыстағы жарғысының көшірмесі
 

Бір рет және өзгеруіне қарай
 

2
 

Жекеше әріптес компаниясының құрылтай шартының көшірмесі және есепті күнге акция ұстаушылар тізілімінен акционерлер құрамы туралы үзінді
 

Бір рет және өзгеруіне қарай
 

3
 

Уәкілетті органда тіркелгені туралы белгісі бар МЖӘ шартының және болған кезде барлық қосымша келісімдердің көшірмесі
 

Бір рет және өзгеруіне қарай
 

4
 

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасымен белгіленген тәртіпте бекітілген жекеше әріптестің алдыңғы және ағымдағы есепті күнге қаржылық есептілігі (бас компаниямен шоғырландырылған және МЖӘ жобасын Қазақстан Республикасында филиалды тіркеу жолымен іске асыру кезінде филиал бойынша жеке) (түпнұсқалар):
1) бухгалтерлік баланс (№ 1 нысан);
2) кірістер мен шығыстар туралы есеп (№ 2 нысан);
3) ақша қозғалысы туралы есеп (тікелей әдіс,
№ 3 нысан);
4) меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп (№ 4 нысан);
5) қаржы есептілігіне түсіндірме жазба;
6) дебиторлық және кредиторлық берешектің таратылып жазылуы (дебитордың/кредитордың атауын, төлемдер сомасын, мақсатын, мерзімдерін көрсете отырып);
7) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің таратылып жазылуы (атауы, шығарылған жылы, пайдалануға берілген жылы, бастапқы және қалдық құны, есептелген амортизация, ағымдағы жай-күйі);
8) тауарлық-материалдық қордың таратылып жазылуы (баптарға бөле отырып: дайын өнім, шикізат пен материалдар, атауын, құнын, ағымдағы жай-күйін көрсете отырып аяқталмаған құрылыс)
 

Тоқсан сайын
 

5
 

Жекеше әріптестің алдыңғы есепті кезеңдегі аудиторлық есебі мен аудиторлық қаржылық есептілігі
 

Аудиторлық қызмет туралы заңнамасында белгiленген тәртіпте
 

6
 

Есептік саясат
 

Бір рет және өзгеруіне қарай
 

7
 

МЖӘ жобасы бойынша тәуекелдер матрицасы (олардың әсері мен туындау ықтималдығын айқындай отырып, әлеуетті тәуекелдер тізімі, тәуекелдерді сандық талдау)
 

Тоқсан сайын
 

8
 

Жоба бойынша ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы мәліметтер (төлемдердің құны мен мерзімін және жүргізілген төлемдер туралы ақпаратты қоса алғанда)
 

Тоқсан сайын
 

9
 

Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспарының көшірмесі
 

Бір рет және өзгеруіне қарай
 

10
 

Құрылыс кестесінің көшірмесі (айлар бөлінісінде)
 

Бір рет және өзгеруіне қарай
 

11
 

Инвестицияларды игеру кестесінің көшірмесі (айлар бөлінісінде)
 

Бір рет және өзгеруіне қарай
 

12
 

Ақша қаражатын игеруді және олардың нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттардың көшірмелері
 

Игеру кезеңінде тоқсан сайын
 

13
 

Сақтандыру шарттарының көшірмелері (қолданыстағы заңнамада және МЖӘ шартында көзделген)
 

Бір рет және өзгеруіне қарай
 

14
 

Кепілгерлік шарты және тіркеу куәлігі (болған кезде)
 

Бір рет және өзгеруіне қарай
 

15
 

Өтеу кестелері бар, кредиттік шарттардың немесе ақша қаражатын қайтару көзделетін МЖӘ жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ететін өзге шарттардың көшірмелері
 

Бір рет және өзгеруіне қарай
 

16
 

Инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісі, облигацияларды орналастыру кестесі, облигация ұстаушылар туралы ақпарат, инфрақұрылымдық облигацияларды шығару шарттарының орындалу барысы туралы ақпарат және есептер (МЖӘ жобаларын инфрақұрылымдық облигацияларды шығару жолымен қаржыландыру кезінде)
 

Бір рет және өзгеруіне қарай
 

17
 

Құрылыс бойынша растаушы құжаттардың көшірмелері қоса берілген құрылыс бойынша есептер
 

Құрылыс кезеңінде тоқсан сайын
 

18
 

Ақпаратты ұсыну күніндегі жағдай бойынша күрделі құрылыс объектілерінің құрылысы (реконструкциясы) бойынша орындалған жұмыстардың нәтижелері туралы жекеше әріптестің фотоесебі (электрондық түрде)
 

Құрылыс кезеңінде тоқсан сайын
 

19
 

Көшпелі мониторинг қорытындылары бойынша есеп
 

Орындалуына қарай
 

20
 

Тарифтерді бекітетін құжаттардың көшірмелері және жекеше әріптес табыстарының өзгеруіне әкеп соғатын өзге де құжаттар
 

Қажеттігіне қарай
 



Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын жоспарлау
және іске асыру қағидаларына
5-қосымша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік әріптестің түйіндеме есебі

Жоба:
 

Кезең
 

Шаралар қабылдау талап етілетін мәселелер:
 

Жекеше әріптес қабылдаған іс-қимылдар
 

Мемлекеттік әріптес қабылдаған іс-қимылдар
 

1
 

2
 

3
 

1. Жекеше әріптестің мерзімдерді сақтамауы
1)
2)
 



2. Мемлекеттік әріптестің мерзімдерді сақтамауы
1)
2)
 



3. Жекеше әріптестің пайдалану көрсеткіштерін сақтамауы
1)
2)
 



4. Жекеше әріптестің/мемлекеттік әріптестің ақы төлеу кезіндегі бұзушылығы
1)
2)
 



5. Жобаны іске асыру кезінде жекеше әріптес жол берген бұзушылықтар (құрылыс (құру) немесе реконструкция кезеңінде - нормалардан ауытқу және т.б., пайдалану кезеңінде - қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетпеу, жобаның техникалық сипаттамасын сақтау және т.б.)
1)
2)
 



6. Анықталған проблемалар жойылмаған жағдайда, оларды жою жөніндегі ұсыныстар
1)
2)
 



7. Жекеше әріптес тарапынан бұзушылықтарға әкеп соғуы мүмкін басқа мәселелер
1)
2)
 



8. Мемлекеттік әріптес тарапынан бұзушылықтарға әкеп соғуы мүмкін басқа мәселелер
1)
2)
 



9. Орындалған жұмыстар туралы ақпаратты, жобаны іске асыруға әсер ететін немесе әсер етуге қабілетті және МЖӘ жобасы шарттарының орындалуына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік әріптестің жобаның іске асырылу барысы туралы түсіндірме жазбасының осы есебіне қосымша түрінде жобаны ілгерілету және іске асыру жөніндегі түсініктемелер
 



10. Егер бар болса, қосымша ұсыныстар
 




             Ескертпе:
      Осы түйіндеме есепке қосымша тараптардың МЖӘ шарты бойынша өз міндеттемелерін орындауын растайтын құжаттар болып табылады (оның ішінде жер учаскелерін бөлу туралы, жекеше әріптестің қаржылық жабу бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етуді, уақтылы және сапалы құрылыс бойынша қамтамасыз етуді және МЖӘ шартында көзделген т.б. ұсыну туралы)
 


Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын жоспарлау
және іске асыру қағидаларына
6-қосымша

Жекеше әріптес ұсынатын көрсетілетін қызметтеріне мемлекеттік әріптестің бағалауы

р/с №
 

Тақырыбы
 

Жекеше әріптестің шарт талаптарын бұзуы немесе сақтамауы
 

Бұзушылықтың туындау мерзімі
 

Бұзушылықты жою мерзімі
 

Келтірілген залал материалдық түрде
 

Қойылатын балл (бағалау шәкілі1-ден 10-ға дейін)
 

1
 

2
 

3
 

4
 

5
 

6
 

7
 

1
 

Жекеше әріптестің МЖӘ объектісін салу (құру) немесе реконструкциялау кезеңінде міндеттемелерін орындауы
 

1)
2)
 





2
 

Клиенттердің мүдделерін бірінші орынға қоятын сапалы және икемді қызметтер көрсету
 






3
 

Өндірісте және процестерде үздіксіз жақсаруды қамтамасыз етуге ықпал ететін МЖӘ объектісінің барлығын кешенді пайдалану
 

1)
2)
 





4
 

МЖӘ объектісін уақтылы және тиімді басқару
 

1)
2)
 





5
 

МЖӘ объектісін қауіпсіз басқару
 

1)
2)
 





6
 

Жекеше әріптестің клиенттердің ұсыныстары мен шағымдарына ден қоюы
 

1)
2)
 





7
 

Объектіге техникалық қызмет көрсету және оның пайдалану сипаттамаларын сақтау
 

1)
2)
 





8
 

Экологиялық талаптарды сақтау
 

1)
2)
 





9
 

МЖӘ жобасының ТЭН-інде бекітілген барлық көрсеткіштерге қол жеткізу
 

1)
2)
 





10
 

Есептілік беру мерзімдерін сақтау
 

1)
2)
 






Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын жоспарлау
және іске асыру қағидаларына
7-қосымша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының іске асырылуын бағалау қорытындысы

      МЖӘ жобасының іске асырылуын бағалау қорытындысы мынадай ақпаратты:
      1) МЖӘ жобасы туралы жалпы мәліметтерді;
      2) жекеше әріптес компаниясы туралы жалпы мәліметтерді;
      3) олардың негізінде МЖӘ жобасының мониторингі жүргізілген құжаттарды;
      4) жекеше әріптес компаниясының қаржылық жай-күйін талдауды;
      5) МЖӘ жобасын іске асырудың ағымдағы жай-күйі туралы ақпаратты;
      6) МЖӘ шартының орындалуын талдауды;
      7) жоба бойынша қазіргі және әлеуетті проблемалар мен тәуекелдерді;
      8) тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтиды.
      Бөлімдердің мазмұны:
      1. "МЖӘ жобасы туралы жалпы мәліметтер" деген бөлімде:
      1) жобаның атауы;
      2) жобаның мақсаты мен міндеттері;
      3) мемлекеттік әріптестің атауы;
      4) жекеше әріптес компаниясының атауы;
      5) МЖӘ шартын жасасу күні;
      6) жобаны іске асыру кезеңі;
      7) МЖӘ объектісінің құны;
      8) жобаның физикалық параметрлері мен қуаттылығы;
      9) жекеше әріптес қызметін мемлекеттік қолдау шаралары;
      10) жобаны қаржыландыру көздері қамтылуы тиіс.
      2. "Жекеше әріптес компаниясы туралы жалпы мәліметтер" деген бөлімде:
      1) жекеше әріптес компаниясының атауы;
      2) жекеше әріптес компаниясының тіркелуі туралы куәліктің нөмірі мен күні;
      3) жарғылық (акционерлік) капиталдағы қатысу үлесін көрсете отырып, жекеше әріптес компаниясының құрылтайшылары туралы ақпарат;
      4) жекеше әріптес компаниясының бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты;
      5) жекеше әріптес компаниясының (іс жүзіндегі және заңды) мекенжайы;
      6) жекеше әріптес компаниясы қызметінің сипаттамасы қамтылуы тиіс.
      3. "Олардың негізінде МЖӘ жобасының мониторингі жүргізілген құжаттар" деген тармақта негізінде МЖӘ жобасының мониторингі жүргізілген құжаттардың (нормативтік құқықтық актілер, бағдарламалық, құрылтай және басқа да құжаттар) тізбесі, сондай-ақ, болған жағдайда олар бойынша тиісті ескертулер мен ұсынымдар қамтылуы тиіс.
      4. "Жекеше әріптес компаниясының қаржылық жай-күйін талдау" деген тармақта жекеше әріптес компаниясының қаржылық есептілігіне (бухгалтерлік балансына, кірістер мен шығыстар туралы есебіне, ақша қаражатының қозғалысы туралы есебіне және жеке капиталдың қозғалысы туралы есебіне) деңгейлес және сатылай талдау, өтімділігіне және тиімділігіне, кірістілігіне, қаржылық тұрақтылығына талдау жүргізу және жекеше әріптес компаниясының қаржылық-шаруашылық қызметінің жай-күйі туралы тұжырым жасау қажет.
      5. "МЖӘ жобасын іске асырудың ағымдағы жай-күйі" деген тармақ МЖӘ жобасының нақты көрсеткіштерімен салыстырғанда МЖӘ шарты және МЖӘ жобасының қаржылық-экономикалық моделіне сәйкес жоспарланған (туындаған және қаржылық) көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесін айқындауға бағытталған.
      Егер МЖӘ жобасы МЖӘ объектісінің құрылыс/реконструкциялау кезеңінде болған жағдайда, мыналарға:
      жобаның құрылымына және уақтылы қаржыландырылуына (жоспар, нақты);
      жұмыс түрлері мен орындау мерзімдері бойынша бөле отырып, МЖӘ объектісін салу/реконструциялау кестесінің орындалуына;
      қаржыландыру жоспарының орындалуына талдау жасалады.
      Егер МЖӘ жобасы МЖӘ объектісін пайдалану кезеңінде болған жағдайда, мыналарға:
      объектіні салу/реконструкциялаудың жоспарланған және нақты құнына, МЖӘ шартында жоспарланғанмен салыстырғанда МЖӘ объектісінің құнына;
      жоба бойынша жоспарлы өндірістік көрсеткіштердің орындалуына;
      жоба бойынша қаржылық көрсеткіштердің орындалуына (өнімдер түрлерінің бөлінісінде өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын (тарифін) талдау, түсімнің, тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын талдау);
      бюджетпен есеп айырысуларға (қоршаған ортаны қорғау бойынша бюджетке төленетін төлемдердің, салық төлемдерінің және т.б. уақтылығы мен толықтығы) талдау жүргізіледі.
      Егер МЖӘ жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы, пайдалану шығындарының өтемақысы, МЖӘ объектісін басқаруды жүзеге асыруға сыйақылар төлемі, қолжетімділік үшін ақы төлеу көзделетін жағдайда, онда МЖӘ жобасының іске асырылуын бағалау туралы қорытындыда міндетті түрде жекеше әріптестің пайдалану міндеттемелерін, оның ішінде көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемінің МЖӘ шартында көзделген көлемдерге сәйкестігі, орындау сапасы, уақтылығы туралы ақпарат келтіріледі.
      6. "МЖӘ шартының орындалуын талдау" деген тармақта тараптардың МЖӘ шартын, оның ішінде ерекше шарттарын орындау жай-күйінің сипаттамасы беріледі.
      7. "Жоба бойынша қазіргі және әлеуетті проблемалар мен тәуекелдер" деген тармақта МЖӘ жобасын іске асырудың барлық әлеуетті проблемаларының сипаттамасы келтіріледі және жобаны іске асыру тәуекелдері анықталады.
      8. "Тұжырымдар мен ұсынымдар" тармағында:
      жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) орындау кестесінің сақталуын бағалау;
      жобаны іске асырудың негізгі (маңызды) нәтижелерге қол жеткізуін бағалау;
      жобаның іске асырылуына әсер ететін немесе әсер ете алатын және жобаның орындалуына қауіп төндіретін жағдайларды бағалау;
      әлеуетті проблемаларды жою және МЖӘ жобаларын әрі қарай іске асыру кезінде туындауы мүмкін тәуекелдердің ықтималдығын азайту бойынша ұсынымдар келтіріледі.
 


Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 25 қарашадағы №
725 бұйрығына
2-қосымша

Іске асыруы жоспарланған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізімін бекіту тәртібі

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға мүдделі мемлекеттік органдар немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестері) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілері (бұдан әрі – уәкілетті тұлғалар) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобасының конкурстық құжаттамасы бекітілгеннен кейін, жоспарланған жобаны іске асыруы жоспарланған МЖӘ жобаларының тізбесіне қосу үшін өтінім жолдайды.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган өтінімді алған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде іске асыруы жоспарланған республикалық МЖӘ жобаларының тізбесін қалыптастырады және оны бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға келісу үшін жолдайды.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның іске асыруы жоспарланған республикалық МЖӘ жобаларының тізбесін келісу мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган келіскен кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде іске асыруы жоспарланған республикалық МЖӘ жобаларының тізбесін бекітеді.
      2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган өтінімді алған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде іске асыруы жоспарланған жергілікті МЖӘ жобаларының тізбесін келіседі, қалыптастырады және оны жергілікті өкілді органға ұсынады.
      Жергілікті өкілді орган 10 (он) жұмыс күні ішінде іске асыруы жоспарланған жергілікті МЖӘ жобаларының тізбесін бекіту туралы шешім қабылдайды.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган іске асыруы жоспарланған жергілікті МЖӘ жобаларының тізбесін бекіту туралы жергілікті өкілді органның шешiмi шыққан кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осындай ақпаратты МЖӘ дамыту орталығына жолдайды.
      3. Іске асыруы жоспарланған МЖӘ жобаларының тізбесі конкурсты немесе тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында, мерзімді баспа басылымдарында (кемінде екі) мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады.
      Іске асыруы жоспарланған МЖӘ жобаларының тізбесі МЖӘ дамыту орталығының интернет-ресурсында жарияланады.
      Конкурсты немесе тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы іске асыруы жоспарланған МЖӘ жобаларының тізбесін жоспарланған жобалардың ерекшелігіне байланысты интернет-ресурстарға, сондай-ақ осы Тәртіпке қосымшаға сәйкес ұсынылған интернет-ресурстарда орналастыруды қамтамасыз етеді.
      4. Іске асыруы жоспарланған МЖӘ жобаларының тізбесі ақпараттық мақсаттарда қалыптастырылады, бекітіледі және жарияланады. Іске асыруы жоспарланған МЖӘ жобаларының тізбесін бекіткенге дейін жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс немесе тікелей келіссөздер жүргізуге жол беріледі.
 


Іске асыруы жоспарланған
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының тізбесін
бекіту тәртібіне қосымша

Жоспарланған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы ақпаратты орналастыруға ұсынылған интернет-ресурстар

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы;
      2. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ресми интернет-ресурсы;
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің ресми интернет-ресурсы;
      4. "Қазинвест" порталы;
      5. "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми интернет-ресурсы;
      6. "Электрондық үкіметтің" сәулет порталы (ақпараттандыру саласындағы МЖӘ жобалары үшін);
      7. Инвестициялық жобалар мен шетелдік инвесторлардың бірыңғай дерекқоры.
 


Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 25 қарашадағы №
725 бұйрығына
3-қосымша

Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іріктеу тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іріктеу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 230-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобалары бойынша мемлекет кепілгерліктерін беру және мемлекет кепілгерліктерінің көлемін ұлғайту рәсімдерін өту тәртібін айқындайды.
      Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 86758 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы "Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" № 157 бұйрығымен бекітілген Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Осы Тәртіпте пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілгерлік шартына сәйкес МЖӘ шарты, оның ішінде концессия шарты шеңберінде тартылған қарыз бойынша қарыз беруші алдындағы қарыз алушының борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілгерлігі болып табылады.
      Кепілгерлік бойынша міндеттемелер қарыздың негізгі сомасын және ол бойынша сыйақыны қамтиды.
      4. Мемлекет кепілгерлігі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимит шегінде, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 229-бабының 9-тармақшасына сәйкес тиісті кезеңге мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын МЖӘ жобалары тізбесіне енгізілген МЖӘ жобалары бойынша беріледі.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілгерлігін беруді көздейтін МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасын (бұдан әрі – конкурстық құжаттама) келісу кезінде конкурстық құжаттаманы немесе МЖӘ жобасының тұжырымдамасын (тікелей келіссөздер бойынша) әзірлеуші ұсынған мемлекет кепілгерлігінің көлемін және мемлекет кепілгерлігін берумен байланысты конкурстық құжаттаманың елеулі талаптарын келіседі.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган конкурстық құжаттаманы, МЖӘ жобасының тұжырымдамасын (тікелей келіссөздер бойынша) келісудің нәтижелері бойынша мемлекет кепілгерлігінің көлемін көрсете отырып, кезекті қаржы жылының лимиті шегінде мемлекет кепілгерлігі берілуі мүмкін МЖӘ жобалары тізбесінің жобасын Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Жекеше әріптес қызметіне мемлекеттік қолдау көрсете отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізу, әлеуетті жекеше әріптеспен қызметіне мемлекеттік қолдау көрсете отырып, тікелей келіссөздер бойынша шарт жасасу, МЖӘ шарттарының шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігі Қазақстан Республикасы Үкіметі мемлекеттің кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын МЖӘ жобаларының тізбесі бекітілгеннен кейін жүзеге асырылады.
      5. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражаты МЖӘ объектілерін міндетті түрде мемлекет меншігіне бере отырып, тек МЖӘ объектілерін құруға пайдаланылады.
      Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын кепілгерлік шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беру үшін пайдалануға жол берілмейді.
      6. Мемлекет кепілгерліктері қазірдің өзінде тартылған қарыздарды қайта қаржыландыру ретінде немесе қарыздарға қызмет көрсету үшін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын қайтаруды қамтамасыз ету ретінде тартылатын қарыздар бойынша беріле алмайды.
      7. Мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекет кепілгерлігін бергені үшін қарыз алушыдан мемлекет кепілгерлігі сомасының екі пайызы мөлшерінде алдын ала біржолғы төлем (алым) алынады.
      8. Әлеуетті жекеше әріптес (қарыз алушы) мемлекет кепілгерлігін алу үшін осы бұйрықпен бекітілген МЖӘ жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларына сәйкес МЖӘ шарттарының шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігін ұсынуды көздейтін конкурстық өтінімді конкурсты ұйымдастырушыға ұсынады.
      Әлеуетті жекеше әріптес (қарыз алушы) тікелей келіссөздер бойынша мемлекет кепілгерлігін алу үшін осы бұйрықпен бекітілген МЖӘ жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларына сәйкес МЖӘ шарттарының шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігін ұсынуды көздейтін МЖӘ жобасының тұжырымдамасын тікелей келіссөздерді ұйымдастырушыға ұсынады.
      9. Қарыздар бойынша мемлекет кепілгерлігін алуға қарыз алушы ретіндегі үміткер тұлғаларға Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мынадай талаптар қойылады:
      1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті болуы;
      2) Қазақстан Республикасы Бюджет кодекісінің 229-бабының 2)-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздың қайтарылуын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының болуы;
      3) тиісті саланың уәкілетті органының оң қорытындысының болуы;
      4) МЖӘ жобасын қаржылық сараптау бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;
      5) концессиялық өтінімге сараптаманың оң қорытындысының болуы не жекеше әріптесті айқындау туралы хаттаманың болуы;
      6) мемлекет кепілгерлігімен не мемлекеттік кепілдіктерімен бұрын алынған, төлем мерзімдері басталған қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша берешегінің, сондай-ақ кредиторлар алдында өзге де мерзімі өткен берешегінің болмауы;
      7) МЖӘ объектісінің құнына қатысты кемінде жиырма пайызды құрайтын меншікті капиталының болуы;
      8) төлемақы төлеуге қабілетті болып табылуы, таратуға жатпауы, оның мүлкіне тыйым салынбауы, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмауы тиіс;
      9) тиісті кезеңге мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын МЖӘ жобаларының тізбесіне енгізілген жобалардың іске асырылуын жүзеге асыру.
 

2. Мемлекет кепілгерлігін беру үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына іріктеу жүргізу

      10. Конкурсты немесе тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы МЖӘ жобасын және МЖӘ шартының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізудің қорытындылары бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және мемлекет кепілгерлігін беру процесіне қатысушылардың талаптарына сәйкес МЖӘ жобаларын қарау үшін талап етілетін мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер әлеуетті қарыз алушының (конкурстық өтінімі үздік деп танылған жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысушының, тікелей келіссөздер бойынша әлеуетті жекеше әріптестің) құжаттамасын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
      11. Конкурсты немесе тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы МЖӘ жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі – ТЭН), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптама қорытындыларын бергеннен кейін, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган МЖӘ жобасына қаржылық сараптама жүргізуді ұйымдастырып, екі ай ішінде тиісті қорытынды дайындап, конкурсты немесе тікелей келіссөздерді ұйымдастырушыға жібереді.
      12. Конкурсты немесе тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы МЖӘ жобасының қаржылық сараптамасының оң қорытындысы негізінде МЖӘ жобасы бойынша ақпарат дайындайды және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді, ол мемлекет кепілгерлігін беру туралы мәселені Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      13. Қаржылық сараптаманың теріс қорытындысын алған кезде конкурсты немесе тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы осы бұйрықпен бекітілген МЖӘ жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларына сәйкес МЖӘ жобасын қаржыландырудың балама көздерін қарау мақсатында келіссөз жүргізу процесін қайта бастайды.
      14. Республикалық бюджет комиссиясы жоспарланған кезеңге арналған мемлекет кепілгерлігін беру лимитінің немесе лимитінің көлемін ұлғайту шегінде әрбір МЖӘ жобасы бойынша мемлекет кепілгерлігінің мөлшерін айқындайды.
      15. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің хаттамасынан үзіндіні алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсты немесе тікелей келіссөздерді ұйымдастырушыға жібереді.
      16. Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің негізінде МЖӘ шартының жобасын мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келіскеннен кейін, конкурсты немесе тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы тиісті шешім қабылдау үшін қаулы жобасын әзірлейді, мүдделі мемлекеттік органдармен келісіп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
      17. Мемлекет кепілгерлігі:
      1) МЖӘ шартын жасасқаннан;
      2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға тартылған республикалық бюджет қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шарты ресімделгеннен және ұсынылғаннан;
      3) мемлекет кепілгерлігін бергені үшін қарыз алушының алдын ала біржолғы төлемақыны (алымды) төлегеннен кейін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген барлық қажетті талаптарды қанағаттандырған жағдайда, кепілгерлік шартын жасасу жолымен Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде беріледі.
      Қарыз алушы МЖӘ шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде сақтандыру шартын жасасуы тиіс.
 

3. Мемлекет кепілгерліктерінің көлемін ұлғайту

      18. Мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту:
      1) егер ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты немесе тікелей келіссөздерді өткізген кезде ескерілмеген өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілсе және МЖӘ шартының тараптары осындай өзгерістің және (немесе) толықтырудың сомасына қосымша қаржыландыру туралы бірлескен шешім қабылдаса;
      2) егер ұлғайту құрылыс жұмыстарының ұзақ мерзімділігіне және жобалау-сметалық құжаттамада ескерілмеген МЖӘ объектісі құрылысының құнына объективті, жекеше әріптеске тәуелді емес себептердің (форс-мажорлық мән-жайлар, инфляция, дағдарыс, салық саясатының өзгеруі және басқалары) ықпал етуіне байланысты болса, МЖӘ жобасын қаржыландыру көлемін ұлғайту қажет болған жағдайларда Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      19. Берілген мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайтудың міндетті шарттары:
      1) жоспарланған кезеңге арналған мемлекет кепілгерліктерінің жалпы лимитінің болуы;
      2) МЖӘ жобасының өзін-өзі өтеу экономикалық параметрлерінің сақталуы (оның ішінде болжамды кассалық айырмашылықтардың болмауы, таза келтірілген құнның оң көрсеткішінің болуы, МЖӘ жобасының ішкі кірістілігі нормасының сақталуы) және МЖӘ шартында көзделген қаржы ковенанттарының (қарыз алушының кейбір қаржылық көрсеткіштерді белгілі бір деңгейде ұстау міндеттемелері) орындалуы;
      3) жекеше әріптес МЖӘ объектісін салуға (реконструкциялауға), құруға салатын меншікті қаражатының мөлшерін МЖӘ объектісі құрылысының ұлғаятын құнының кемінде 20 (жиырма) пайызын құрайтын мөлшерге дейін теңбе-тең ұлғайту;
      4) мемлекет кепілгерлігі сақтандыру шарты ұсынылмастан берілген жағдайларды қоспағанда, мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту сомасына мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген республикалық бюджет қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының сомасын ұлғайту болып табылады.
      20. Жекеше әріптес МЖӘ объектісі құрылысының құнын ұлғайтуды көздейтін жобалау-сметалық құжаттаманы ведомстводан тыс кешенді сараптаудың оң қорытындысын алғаннан кейін МЖӘ жобасын қаржыландыру көлемін және мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту қажеттілігінің ТЭН-ін әзірлейді және тиісті саланың уәкілетті органына сараптауға және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға (табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын МЖӘ жобасы бойынша) келісуге жібереді.
      21. Тиісті саланың уәкілетті органының, табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның (табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын МЖӘ жобасы бойынша) оң сараптамаларын алғаннан кейін жекеше әріптес, мыналарды:
      1) тиісті саланың уәкілетті органының қорытындысын;
      2) жобалау-сметалық құжаттаманы ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысын немесе "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге сараптамалар қорытындыларын;
      3) табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын МЖӘ жобасы бойынша табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның келісу хатын;
      4) мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайтудың негіздемесі болып табылатын басқа да құжаттарды қоса, МЖӘ жобасын қаржыландыру көлемін және мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту қажеттілігінің ТЭН-ін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға сараптамаға жібереді.
      22. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган МЖӘ жобасын қаржыландыру көлемін және мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту қажеттілігінің ТЭН-ін сараптамадан өткізу үшін МЖӘ дамыту орталығын тартады.
      МЖӘ дамыту орталығы сараптаманы құжаттар топтамасын алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
      23. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысын алғаннан кейін жекеше әріптес Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес МЖӘ жобасы бойынша мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайтуды қарау үшін талап етілетін құжаттаманы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
      24. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның МЖӘ жобасы бойынша мемлекет кепілгерлігі көлемін ұлғайтудың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның қаржылық сараптамасының оң қорытындысының негізінде кезекті қаржы жылы лимитінің шегінде МЖӘ жобасы бойынша мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту туралы мәселені қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      25. Республикалық бюджет комиссиясы мемлекет кепілгерлігін ұлғайту көлемін айқындайды.
      26. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының шешімін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Республикалық бюджет комиссиясының шешімі хаттамасынан үзіндіні және қаржылық сараптама қорытындысының көшірмесін тиісті саланың уәкілетті органына (мемлекеттік әріптеске) жібереді.
      27. Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің негізінде тиісті саланың уәкілетті органы (мемлекеттік әріптес) мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту туралы тиісті шешім қабылдау үшін қаулы жобасын әзірлейді, мүдделі мемлекеттік органдармен келісіп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
      28. Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде мемлекеттік әріптес қаржылық және экономикалық сараптаманың қорытындыларын ескере отырып, МЖӘ шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар жобасын әзірлейді және оны мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға (егер МЖӘ жобасы табиғи монополиялар салаларында іске асырылса) келісуге жібереді.
      29. Мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның (егер МЖӘ жобасы табиғи монополиялар салаларында іске асырылса) МЖӘ шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар жобасына келісімі алынғаннан кейін МЖӘ шартына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелуге жататын қосымша келісім жасалады.
      30. МЖӘ шартына қосымша келісім жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кепілгерлік шартына қосымша келісім жасалады.
 


Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 25 қарашадағы №
725 бұйрығына
4-қосымша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын ерекше маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жатқызу өлшемшарттары

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобасын ерекше маңызы бар МЖӘ жобасына жатқызу өлшемшарттары болып:
      1) МЖӘ объектісінің техникалық күрделілігі;*
      2) қоғамға бағытталуы (МЖӘ жобасын іске асыру арқылы қоғамдық мүддені қанағаттандыру);
      3) МЖӘ жобасын республикалық меншікке жататын объектілер бойынша (жұмыс істеп тұрған немесе салынуы болжанып отырған) іске асыру жоспарланады және/немесе осы МЖӘ жобаларын іске асырудан экономикалық пайда алушылар екі және одан көп облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың субъектілері болып табылады;
      4) МЖӘ объектісін құру, салу, реконструкциялау құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткіштен астам көрсеткішті құрайды.
      Ескертпе:
      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында сәйкес МЖӘ объектісінің құрылысы техникалық күрделілігі жауапкершіліктің бірінші деңгейі – жоғарыға жатқызылатын жағдайда
 


Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 25 қарашадағы №
725 бұйрығына
5-қосымша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің түрлі кезеңдерінде туындайтын тәуекелдердің үлгі тізбесі

Тәуекел түрі
 

Тәуекелдер тізбесі
 

Заңдық
 

Құрылыс жұмыстары басталғанға дейін шартты бұзу тәуекелі
 

Жерді уақтылы алып қоймау
 

Техникалық
 

Сапасыз жобалау
 

Инженерлік коммуникацияларды уақтылы өткізбеу тәуелкелі
 

Объект құрылысы үшін рұқсат беру және басқа да құжаттарды уақтылы алмау тәуекелі
 

Құрылыс құнының және болжамды инвестициялық шығындардың артуы
 

Заңдық
 

Құрылыс жұмысы басталғаннан кейін шартты бұзу тәуекелі
 

Әлеуметтік
 

Жергілікті тарихи-мәдени ескерткіштердің бұзылуы және оларға басқа да теріс әсерлер
 

Персонал және жұмысшылар тарапынан өндірістік шиеленіс тәуекелі (еңбек заңнамасын бұзу, жаппай жұмыстан босату, митингтер және т.б.)
 

Техникалық
 

Құрылыс нормаларына сәйкес келмеу тәуекелдері
 

Құрылыс барысында жобалық шешімдердің өзгеру тәуекелі
 

Құрылыстың кешіктірілуі
 

Сапасыз жабдықтар мен құрылыс материалдарын жеткізу тәуекелі
 

Экологиялық
 

Экологиялық стандарттар мен нормаларға сәйкес келмеу тәуекелі
 

Коммерциялық
 

Құрылыс құнын ұлғайту бойынша тәуекелдер (құрылыс материалдарына, тасымалдауға, жабдықтарға бағаның өсуі және т.б.)
 

Заңдық
 

Объектіні пайдалануға бергеннен кейін шартты бұзу тәуекелі
 

Экономикалық
 

Операциялық шығындардың ұлғаю тәуекелі
 

Коммерциялық
 

Сұраныстың/тұтынудың азаю тәуекелі
 

Объектінің пайдалануға қолжетімді болмауы
 

Әлеуметтік
 

Халық үшін ыңғайлы және қауіпсіз болмауы
 

Техникалық
 

Сапасыз техникалық қызмет көрсету
 

Қаржылық
 

Инфляциялық тәуекел
 

Валюталық тәуекел
 

Пайыздық мөлшерлемердің өзгеру тәуекелдері
 

Жекеше әріптестің банкроттық тәуекелі
 

Объектіге залал келтірілген жағдайда, сақтандырушының сақтандыру төлемдерін төлей алмау тәуекелі
 

Саяси
 

Заңнамадағы жобаның шарттарын нашарлататын өзгерістер
 



Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 25 қарашадағы №


725 бұйрығына
6-қосымша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар

Жалпы ережелер

      1) Осы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 154-3-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобасы техникалық-экономикалық негіздемесінің (бұдан әрі – ТЭН) құрылымы мен мазмұнын, сондай-ақ МЖӘ жобасы ТЭН-інің қажетті сараптамалар қорытындысына қойылатын талаптарды айқындайды.
      2. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) МЖӘ жобасының жүзеге асатындығы – жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган айқындаған жекеше әріптестің ішкі кірістілік нормасының мөлшерлемесі бойынша жекеше әріптес пайдасының оң таза келтірілген құны көрсеткіштеріне қолжетімділігі;
      2) МЖӘ жобасының орындылығы – жобаның Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі (іске асыру кезеңіне, қаржыландыру көздеріне және т.б. сәйкестігі) және/немесе МЖӘ жобасының ТЭН-інің мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысы бар МЖӘ жобасының тұжырымдамасына сәйкестігі;
      3) МЖӘ жобасының тиімділігі – жобаның бюджеттік тиімділігінің ең үздік нәтижесінің және МЖӘ жобасын іске асыру кезіндегі әлеуметтік-экономикалық әсердің оң нәтижесінің қолжетімділігі;
      4) МЖӘ жобасының ТЭН-і – маркетингтік, техникалық-технологиялық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ МЖӘ жобасын іске асырудың орындылығы мен мүмкіндігін негіздейтін институционалдық шешімдерді, қаржылық шешімдерді, МЖӘ жобасының қатысушылары арасында тәуекелдерді бағалау және бөлу, қажет болған жағдайда мемлекеттік қолдаудың түрлері мен көлемін айқындау, сондай-ақ жобаның мемлекеттік бюджетке әсері бойынша шешімдер және оны іске асыру кезінде экономиканы тұтастай алғанда және оның саласының дамуына әлеуметтік-экономикалық әсерін қамтитын жоба алдындағы құжаттама;
      5) МЖӘ жобасы ТЭН-інің сараптамасы – жобаның жүзеге асатындығы мен іске асырылу тиімділігін айқындауға мүмкіндік беретін МЖӘ жобасының ТЭН-інде келтірілген экономикалық талдауды бағалау;
      6) МЖӘ жобасы ТЭН-ін түзету – техникалық шешімдердің өзгеруіне және/немесе қосымша шығыстарға алып келетін бекітілген МЖӘ жобасының ТЭН-індегі жобаның техникалық-экономикалық параметрлерінің жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаларды бекіткенге дейінгі немесе бекітілген МЖӘ жобасының ТЭН-інде көзделмеген қосымша құрамдауыштарын енгізуге байланысты жобалық (жобалау-сметалық) құжаттама бекітілгеннен кейінгі өзгеруі.
 

2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптар

      3. МЖӘ жобасының ТЭН-ін әзірлеу мақсаты жобаны іске асырудың оңтайлы нұсқасын әзірлеу болып табылады.
      4. Кейіннен қажетті сараптамаларды жүргізе отырып, МЖӘ жобасының ТЭН-ін түзету техникалық шешімдерді өзгертуге және қосымша шығыстарға алып келетін МЖӘ жобасының белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда жүргізіледі.
      5. Құрамында сәулет, қала құрылысы және құрылыс шешімдері бар МЖӘ жобасының ТЭН-іне қойылатын талаптар осы Талаптарда және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын мемлекеттік нормативтерде айқындалады.
      6. Әзірлеу немесе түзетудің нәтижелері бойынша МЖӘ жобасының ТЭН-і мынадай құрылымға сәйкес болады:
      1) жобаның паспорты;
      2) кіріспе;
      3) институционалдық бөлім;
      4) маркетингтік бөлім;
      5) техникалық-технологиялық бөлім;
      6) қаржылық бөлім;
      7) әлеуметтік-экономикалық бөлім;
      8) жобаның мемлекеттік бюджетке әсері;
      9) тәуекелдерді бағалау және бөлу;
      10) жоба бойынша тұжырымдар;
      11) қосымшалар (қажет болған жағдайда).
      7. МЖӘ жобасының ТЭН-інде жобаның ерекшелігіне байланысты қосымша бөлімдер мен қосымшаларды қосуға рұқсат етіледі.
      8. Жобаның паспортында жоба туралы қысқаша ақпарат ашылады.
      Жобаның паспорты мынадай ақпаратты қамтиды:
      1) МЖӘ жобасының ТЭН-іне тапсырыс беруші мемлекеттік органның атауы;
      2) МЖӘ жобасының ТЭН-ін әзірлеушінің атауы;
      3) жобаның атауы;
      4) жобаны іске асыру орны;
      5) жобаның мақсаты мен міндеттері, оның ішінде сандық мәнде;
      6) жобаның ауқымы;
      7) жобаның қуаты;
      8) жобаны іске асыру кезеңі;
      9) объектіні салу кезеңі;
      10) жекеше әріптестің объектіні пайдалану мерзімі;
      11) МЖӘ жобасының ТЭН-і шеңберіндегі есептеулер үшін қабылданған, жобаның ұлттық валютадағы және шетел валютасындағы жоспарланған жалпы құны, оның ішінде:
      инвестициялық шығыстар;
      пайдалану шығыстар;
      өзге де шығыстар;
      12) МЖӘ жобасын қаржыландырудың болжамды көздері;
      13) мемлекеттік қолдаудың болжамды түрлері мен мөлшерлері;
      14) МЖӘ схемасы бойынша жобаны іске асырудан негізгі пайда алушылар.
      9. "Кіріспе" деген бөлімде МЖӘ жобасын іске асыру арқылы шешу жоспарланатын саланың (өңірдің) проблемасы сипатталады, сондай-ақ осы проблеманы, оның ішінде технологиялық, институционалдық, қаржылық шешімдер бойынша шешудің балама нұсқалары көрсетіледі.
      10. Институционалдық бөлімде жобаның тіршілік циклінің ішінде оны басқарудың ұсынылған оңтайлы схемасы, МЖӘ жобасының қатысушылары және олардың функциялары, олардың өзара іс-қимыл тәртібі сипатталады.
      Сондай-ақ осы бөлімде институционалдық шешімдер бойынша МЖӘ жобасын іске асырудың балама нұсқаларына салыстырмалы талдау жүргізіледі.
      11. Маркетингтік бөлім жобаны іске асыру нәтижесінде түзілетін өнімге (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге) сұраныстың және өндірістің тұтыну факторларын ұсынудың қазіргі кездегі және болжамды (МЖӘ жобасын іске асыру кезеңіндегі) конъюнктурасын талдауды қамтиды.
      Бөлім мыналарды қамтиды:
      1) сұраныстың сандық параметрлерін, оның үрдістерін талдау және негіздеу немесе МЖӘ жобасы шеңберінде өндіру жоспарланған өнімге (тауарға/көрсетілетін қызметке) қажеттілікті бағалау;
      2) тұтынушылардың санаттары бойынша саладағы (өңірдегі) ағымдағы жағдайды ескере отырып, жүргізілетін өнімнің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) көлемін, түрлерін және бағаларын талдау;
      3) жоба шеңберінде әлеуетті тұтынушылардың өнім (тауар/көрсетілетін қызмет) бірлігін сатып алуға (өнім бірлігі үшін төлеуге) дайындығын және мүмкіндігін талдау;
      4) өнім (көрсетілетін қызмет) бірлігі үшін белгілі қолайлы (әлеуметтік әділ) бағаны талдау және негіздеу;
      5) тұтынушылардың санаттары бойынша МЖӘ жобасын іске асыру нәтижесінде өндірілетін өнімнің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) көлемін, түрлерін және бағаларын талдау;
      6) МЖӘ жобасын іске асыру үшін қажетті шикізаттар, материалдар, жабдықтар нарығын талдау, оның ішінде өндірушілер мен жеткізушілер, бағалар, сапа және өнімді жеткізу шарттары бойынша салыстырмалы талдау;
      7) инвестициялық, сондай-ақ инвестициядан кейінгі кезеңде жобаның тиісті біліктілігі бар мамандармен қамтамасыз етілуін талдау, сондай-ақ қажет болған жағдайда, шетелдік мамандарды тарту негіздемесі.
      Әрбір кіші бөлімде пайдаланылатын ақпарат көздері және өткізілген маркетингтік зерттеу бойынша есеп қоса берілген маркетингтік зерттеулер жүргізу әдістемелері көрсетіледі.
      12. Техникалық-технологиялық бөлім МЖӘ жобасының ТЭН-і шеңберінде қабылданған, жобаның параметрлері мен құрамдауыштарын айқындайтын, жобаны іске асырудың техникалық-технологиялық шешімдерін қамтиды.
      Бөлім мыналарды қамтиды:
      1) жобаны іске асырудың таңдалған оңтайлы нұсқасының негіздемесімен техникалық-технологиялық шешімдердің сипаттамасы және салыстырмалы талдауы;
      2) шикізатты, материалдарды, жабдықтарды әлеуетті жеткізушілердің көздері мен орналасқан жерлеріне, өнімді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) тұтынушыларға және өңірдің географиялық ерекшеліктерін ескере отырып көлік магистральдарына жақындығына қатысты жобаның іске асырылу орнының негіздемесі;
      3) қабылданған техникалық-технологиялық шешімдерді ескере отырып жобаның қуатының есептік негіздемесі;
      4) жобаны іске асыру болжанатын өңірдің инфрақұрылымына жобаның әсерін бағалау;
      5) таңдалған жобалық жабдықтың негіздемесі, оның ішінде бұрыннан пайдаланылып жүрген жабдықпен технологиялық үйлесімдігі (егер бұл жобаны іске асыру шеңберінде болжанатын болса), "баға-сапа" оңтайлы арақатынасы, жабдықты таңдау бойынша балама нұсқалар, инновациялық жабдықты қолдану, ноу-хауды пайдалану, жобада сапа стандарттарын пайдалану, жобаға қойылатын техникалық және технологиялық талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттар;
      6) еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы нормалары;
      7) қолда бар көлік кіреберістері мен құралдарын, энергиямен, жылумен, сумен жабдықтауды және кәрізді ескере отырып, жобаны іске асырудың инженерлік құрылыстармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ қоймалық үй-жайлармен қамтамасыз етілуі;
      8) жоба бойынша уақыт ішіндегі іс-шаралардың бірізділігі мен ұзақтығы графикалық түрде көрсетілген, МЖӘ-ға беруге ұсынылатын объектіні құру/реконструкциялау мерзімін, оны іске асыру жылдары бойынша және технологиялық кезеңдері бойынша пайдалану мерзімін көрсететін жобаны іске асыру кестесі (жоспар-кесте).
      Жоба бойынша техникалық-технологиялық шешімдерді таңдау кезінде, бірінші кезекте, экологияға теріс әсері ең төмен және жобаны іске асырудан барынша жоғары әлеуметтік-экономикалық әсер беретін шешімдер таңдалады.
      13. МЖӘ жобасының ТЭН-інде қоршаған ортаға әсерді бағалау Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес орындалады.
      14. Қаржылық бөлімде жобаны қаржыландырудың балама схемаларын және көздерін ескере отырып, қаржылық пайданы және шығындарды, жобаның іске асырылуына инфляцияның әсерін талдау, жобаның қаржылық тиімділігін бағалау жүргізіледі, МЖӘ жобасының ТЭН-і шеңберінде қабылданған қаржылық шешімдер ашылады.
      Бұл бөлім мыналарды қамтиды:
      1) жалпы инвестициялық шығыстардың есептеуі;
      2) пайдалану шығыстарының есептеуі (өндірістік шығыстарды, ұстауға арналған ағымдағы шығыстар);
      3) өнімнің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құнының, тауарларды өткізу бағаларының (көрсетілетін қызметтер тарифтерінің) есептеуі;
      4) сатудан түсетін кірістердің есептеуі;
      5) ақша қаражаты ағынының есептеуі;
      6) бөлінбеген және таза пайда есептеуі;
      7) инфляцияның, валюта бағамының есебі, дисконт нормасының және тәуекелдер түзетулерінің анықтамасы;
      8) ең аз шығындардың талдауы;
      9) ең көп пайданың талдауы;
      10) дисконттау әдістерінің көмегімен жобаны талдау, оның ішінде таза келтірілген құнның есептеуін (Net Present Value – NPV), кірістіліктің ішкі нормасын (Internal Rate of Return, IRR), дисконтталатын пайдалар мен шығындардың, өтімділіктің дисконтталатын мерзімінің қатынасын талдау;
      11) жобаны қаржыландыру үшін қарыз қаражатын тартудың қолайлы параметрлерін айқындау;
      12) пайдалану шығыстарын мұндай шығыстарды кім және қашан қаржыландыратынын айқындай отырып, қаржыландыру көздері;
      13) жобаның үлестік қаржылық тиімділігінің, ағымдағы төлемге қабілеттілігінің, қаржылық тетігінің, борыштың қамтамасыз етілуінің, капиталдың кірістілігінің есебі;
      14) жобаның сезімталдығын талдау және шығынсыздық шекарасын есептеу.
      Бөлімде формулалар мен қабылданған жорамалдар көрсетіле отырып, көрсеткіштерді есептеу тәртібі ашылады. Деректер мен есептеулер тиісті түсініктемелері бар кестелер, графиктер, диаграммалар түрінде беріледі.
      Сандық және сапалық көрсеткіштер өзара байланысқан болуы тиіс және экономикалық аяқталған қорытындылары бар салыстырмалы кестелерде көрсетілген болуы тиіс. Талдау математикалық үлгілерді және халықаралық тәжірибені ескере отырып, эмпирикалық көрсеткіштерді пайдалана отырып, негізделген есептеулер негізінде жүргізілуі тиіс.
      15. Әлеуметтік-экономикалық бөлімде жобаның әлеуметтік-экономикалық аспектілері және жобаны іске асырудан түсетін пайда көрсетіледі.
      Бұл бөлім мыналарды қамтиды:
      1) саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және оның жобаны ескермегендегі даму перспективаларын талдау, оның ішінде:
      негізгі әлеуметтік көрсеткіштер (халықтың табыс деңгейі, жұмыссыздық, жұмыспен қамтылу, өлім, туылу деңгейі);
      негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштер (өнімді (тауарды/көрсетілетін қызметті) өндіру көлемі), жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) салынған инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын кезеңдегі үрдістері);
      2) МЖӘ жобасын іске асырған жағдайдағы саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайының даму перспективаларын талдау, оның ішінде:
      негізгі әлеуметтік көрсеткіштер (халықтың табыс деңгейі, жұмыссыздық, жұмыспен қамтылу, өлім, туылу деңгейі);
      негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштер (өнімді (тауарды/көрсетілетін қызметті) өндіру көлемі), жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) салынған инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын кезеңдегі үрдістері);
      3) нәтижелердің, салдарлар мен әсер етулердің, көбейтілген пайда мен шығындардың, тұтынушылардың қосымша пайдасының, қалпына келмейтін шығындардың, сыртқы әсерлердің, халықаралық әсерлердің, жобаны іске асырудан түсетін жанама пайданың талдауын қамтитын жоба бойынша пайда мен шығындардың талдауы;
      4) ағымдағы бағалар мен өткен жылдың салыстырмалы бағаларындағы тікелей, жанама және жиынтық макроэкономикалық әсерді есептеу;
      5) таза қоғамдық пайданың, экономикалық таза келтірілген табыстың (Economic net present value – ENPV), кірістіліктің экономикалық ішкі нормасының (Economic Internal Rate of Return – EIRR) көрсеткіштерін есептеу;
      6) жобаны іске асырудың аралас салалардың (көрші өңірлердің) дамуына әсерін талдау;
      7) жобаның Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетінің өсуіне және импортты алмастыруға, инновациялардың дамуына әсерін талдау.
      16. "Жобаның мемлекеттік бюджетке әсері" деген бөлімде мыналар көрсетіледі:
      1) жекеше әріптес қызметін қолдау үшін көрсетілуі жоспарланған мемлекеттік қолдау түрлері мен мөлшерлері, олардың есептеулері және негіздемесі;
      2) жобаны іске асыру жылдары бойынша мемлекеттік бюджетке (республикалық немесе жергілікті) түсетін жүктемені есептеу;
      3) МЖӘ объектісін пайдалану кезінде мемлекеттік бюджетке түсуі жоспарланған салықтық түсімдер;
      4) таза бюджеттік пайданың, бюджеттік таза келтірілген кірістің (мемлекеттік бюджеттің NPV-сі), кірістіліктің бюджеттік ішкі нормасының (мемлекеттік бюджеттің IRR-і) көрсеткіштерін есептеу;
      5) МЖӘ жобасының тиімді мерзімін айқындау;
      6) МЖӘ схемасы бойынша жобаны іске асырудың, жобаны тек мемлекеттің бюджет қаражаты есебінен және мемлекеттік қарыздар есебінен қаржыландырудың салыстырмалы талдауы.
      17. "Тәуекелдерді бағалау және бөлу" деген бөлімде жобаны іске асыру кезінде, оның ішінде дайындық кезеңінде, МЖӘ объектісін салу/реконструкциялау және оны пайдалану кезеңінде басталуы мүмкін тәуекелдер сипатталады.
      Бұл бөлімде мыналар қамтылады:
      1) коммерциялық тәуекелдерді бағалау;
      2) әлеуметтік тәуекелдерді бағалау;
      3) экономикалық тәуекелдерді бағалау;
      4) техникалық тәуекелдерді бағалау;
      5) қаржылық тәуекелдерді бағалау;
      6) тәуекелдердің негізгі факторларын, олардың өзгеруінің болжамды сипаты мен диапазонын, оларды төмендету бойынша болжамды іс-шараларды айқындайтын мемлекеттік әріптес және жекеше әріптес үшін ерекше тәуекелдерді бағалау;
      7) тәуекелдерді жоба қатысушыларының арасында бөлуді талдау;
      8) белгісіздік жағдайындағы талдау, оның ішінде негізгі параметрлер бойынша (өткізу көлемі, өткізу бағасы, тікелей шығындар) сезімталдықты талдау, оның ішінде параметр өзгеруінің шекті рұқсат етілген мәндерін айқындау.
      Тәуекелдерді бағалау сандық және сапалық талдау әдісімен жүргізіледі.
      18. "Жоба бойынша тұжырымдар" деген бөлімде мыналар сипатталады:
      1) жоба бойынша негізгі артықшылықтар мен кемшіліктер;
      2) жобаны іске асырудың оңтайлы нұсқасы;
      3) жоба бойынша сыни тәуекелдер және оларды төмендету бойынша шаралар.
      19. МЖӘ жобасының ТЭН-і МЖӘ жобасының ТЭН-інде келтірілген ақпаратты растайтын және ашатын кестелерден, диаграммалардан, суреттерден, жергілікті жердің карталарынан, сондай-ақ барлық ашылатын формулаларымен Excel форматындағы электрондық нұсқада ұсынылатын, МЖӘ жобасының ТЭН-інде жобаны іске асырудың қарастырылатын нұсқаларының (жобаны қаржыландыру көздері бойынша) әрқайсысы бойынша қаржылық-экономикалық үлгілерден тұратын қосымшаны қамтиды.
      20. МЖӘ жобасының ТЭН-дері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға қағаз және электрондық жеткізгіштерде, оның ерекшелігіне байланысты тиісті оң сараптамаларын, атап айтқанда:
      1) осы бұйрықпен бекітілген МЖӘ жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 132-тармағының 1)-тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ведомстводан тыс кешенді сараптаманы;
      2) тиісті саланың уәкілетті органының сараптамасын;
      3) "Қазақстан Даму Банкі туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес мемлекеттік кепілдік берілген жағдайда, банктік сараптаманы;
      4) қажет болған жағдайда мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы қоса бере отырып, жіберіледі.
      Жобаның ерекшелігіне байланысты МЖӘ жобалары бойынша мынадай бастапқы құжаттар талап етіледі:
      1) осы бұйрықпен бекітілген МЖӘ жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 132-тармағының 1)-тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылыс қызметін көздейтіндерге МЖӘ жобасының ТЭН-іне салалық, ведомстводан тыс кешенді сараптамалардың қорытындылары, сондай-ақ МЖӘ жобасының ТЭН-ін әзірлеуге берілген тапсырмаға қоса берілетін құжаттардың көшірмелері, оның ішінде техникалық шарттар, жаңа объектілер салуды көздейтін жобалар бойынша жер учаскелерін бөлу туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімдері (қажет болған жағдайда жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылардың залалдарының, алынатын алқаптардың түріне байланысты ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісінің шығындарының есептеулерін қоса бере отырып) және қолданыстағы объектілерді реконструкциялауды көздейтін жобалар бойынша жылжымайтын мүлікке тиісті құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері талап етіледі;
      2) инновациялық қызметті көздейтіндерге салалық және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамалардың қорытындылары талап етіледі.
      МЖӘ жобасының ТЭН-ін түзету кезінде осы тармақта көрсетілген құжаттарға қосымша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға мына құжаттар ұсынылады:
      1) мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары не ол уәкілеттік берген тұлға қол қойған тиісті салыстырмалы кестені қоса бере отырып, өзгеруі болжамданған техникалық шешімдер және/немесе қосымша шығыстарды немесе МЖӘ жобасының ТЭН-і бойынша енгізілетін қосымша құрамдауыштарды көрсете отырып, өтінім беруші мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары не ол уәкілеттік берген тұлға қол қойған өтінім-хат;
      2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысын алған кезде бұдан бұрын қарастырылған сараптама қорытындылары мен МЖӘ жобасының ТЭН-і бойынша құжаттар (бастапқы бекітілген ТЭН бойынша).
 

3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінің сараптамасына қойылатын талаптар

      21. МЖӘ дамыту орталығы конкурстық құжаттаманың сараптамасы шеңберінде МЖӘ жобасының ТЭН-ін бағалауды жүзеге асырады (егер бар болса).
      Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерге, оның ішінде оның құрамындағы МЖӘ жобасының ТЭН-іне қажетті сараптамаларды қамтамасыз етеді.
      МЖӘ жобасының ТЭН-іне сараптама жүргізу кезінде ерекшелігіне қарай Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да қажетті сараптамалар талап етілуі мүмкін.
      Егер конкурсқа қатысушы конкурсты ұйымдастырушының ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы бар ТЭН-інде көзделген техникалық–технологиялық және экологиялық шешімдерді қабылдаған жағдайда, ТЭН ведомстводан тыс кешенді сараптама өтуді талап етпейді.
      22. Құрылыс саласындағы МЖӘ жобасының ТЭН-і бойынша жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасы "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 64-4-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік сараптау ұйымымен жүзеге асырылады.
      23. Құрамында сәулет, қала құрылысы және құрылыс шешімдері бар МЖӘ жобасы ТЭН-інің сараптамасына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын мемлекеттік нормативтерде айқындалады.