Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12714 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.04.2021 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су және биологиялық ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың

      интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі      А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 2 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Е. Досаев

      2015 жылғы

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      ______________ Т. Жақсылықов

      2015 жылғы 24 шілде

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 маусымдағы
№ 6-3/597 бұйрығымен
бекітілген

      Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.05.2020 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына, сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге (бұдан әрі – АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар)) су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 28.02.2023 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жеке шот – тізілімде қамтылған, субсидиялауға арналған ұсыныстар мен өтінімдерді тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы;

      2) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      3) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.06.2024 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3-1) өтпелі өтінім (бұдан әрі – өтінім) – су беруші АШТӨ-ге (көрсетілетін қызметті алушыларға) жеткізген суару суы үшін субсидиялар алуға арналған электрондық өтінім;

      4) суаратын су беру бойынша көрсетілетін қызметтер – су көздерінен (өзен, бұлақ, суландыру жүйесі, сутаратқыш, субөлгіш) су алу, сутартқыштар (каналдар, құбыр жолдар) арқылы тасымалдау мен бөлу жолымен су беру және су бөлу нүктелеріне және АШТӨ-лердің көлтабанды танаптарына су беру;

      5) су беруші – АШТӨ-ге су беруді жүзеге асыратын және су шаруашылығы жүйелері қызметтерін көрсету бойынша табиғи монополия субъектісі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;

      6) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      7) субсидиялау – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, нақты субсидия алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыру;

      8) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – СМАЖ) – субсидия алуға арналған өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді субсидиялау шарттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      9) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб–портал) – Интернет желісінде орналасқан, субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

      10) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе

      11) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      12) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.07.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12-1) суармалы танаптың кадастрлық нөмірі – Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып, танаптың орналасқан жерін анықтауға (сәйкестендіруге) арналған суармалы танапқа берілетін бірегей код;

      12-2) су пайдаланушы – өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;

      13) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi); 14.07.2023 № 262 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.06.2024 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада жазылған.

      Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.06.2024 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. АШТӨ-ге (көрсетілетін қызметті алушыларға) жеткізілген су көлемі су бөлу нүктесінде су берушінің немесе су пайдаланушының есепке алу аспаптарының не бірыңғай өлшемдерді қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшеу құралдары мен құрылғыларының көрсеткіштері бойынша анықталады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.06.2024 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жеткізілген судың 1 (бір) текше метріне (бұдан әрі – м3) бөлінетін субсидиялар мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің тиісті аумақтық департаменті АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) үшін "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Табиғи монополиялар туралы заң) сәйкес бекітілген тарифтерге пайыздық қатынаста, осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген сатып алынған суаратын судың 1 (бір) м3 арналған субсидиялар мөлшеріне сәйкес сараланып белгіленеді.

      Осы Қағидалар шеңберінде субсидиялау кезінде АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) су берушіге қолданыстағы тариф пен тарифтің субсидияланатын бөлігі арасындағы айырманы төлейді, қалған бөлігі су берушіге субсидия түрінде төленеді. Бұл ретте субсидияларды төлеудің барлық шарттары су беруші мен АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) арасындағы шартта жазылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.06.2024 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) тиісті жылдың 10 қаңтарына дейінгі мерзімінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін облыс, республикалық маңызы бар, қала, астана әкімінің қолы қойылған, ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы тұлғаның қолы қойылған ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) мақұлдауға ұсынады. Бұл ретте субсидиялар көлемі азайған жағдайда Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) субсидияның көлемін азайту негіздемесін Министрлікке мақұлдануға жолдайды.

      Мақұлданған субсидия көлемін тиісті жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей Министрлік тиісті ілеспе хатпен қайтарады.

      7. Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) жыл сайын 1 ақпанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің тиісті аумақтық департаментімен АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) үшін Табиғи монополиялар туралы Заңымен сәйкес бекітілген су беруге арналған тарифтерді веб-порталға орналастырады.

      8. Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) АШТӨ-ге (көрсетілетін қызметті алушыларға) су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау жөніндегі ай сайынғы жеке қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекіткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны веб-порталға орналастырады.

      8-1. Субсидия беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын СМАЖ-да іркіліс болған жағдайда, Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) туындаған жағдай туралы Министрлікті дереу хабардар етеді, ол оны жоюға кіріседі.

      Бұл ретте, туындаған іркілісті жою жөніндегі жұмыстар жүргізілгеннен кейін Министрлік 3 (үш) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оны СМАЖ-ға орналастырады.

      Портал мен веб-порталдың ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1-тарау 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.06.2024 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      8-2. Субсидиялар алу үшін пайдаланылған электрондық шот-фактураларды кері қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берілмейді.

      Электрондық шот-фактура ЭШФ АЖ-дан СМАЖ-ға өтінім бергенге дейін ЭШФ АЖ-да контрагентті растай отырып, "сұрақ-жауап" режимінде сұратылады (сұратылған электрондық шот-фактура субсидиларды алу үшін электрондық шот-фактураны пайдалануды растау кезінде ЭШФ АЖ-да автоматты түрде бұғатталады).

      Субсидияларды алу үшін пайдаланылған электрондық шот-фактуралар қайтарып алынған, жойылған және түзетілген жағдайларда, су беруші алынған субсидияларды Басқармаға (көрсетілетін қызметті берушіге) қайтарады.

      Ескерту. 1-тарау 8-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.06.2024 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8-3. Өтінім ауыл шаруашылығы кооперативінен немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бірлескен шаруашылық қызмет (бұдан әрі – бірлескен қызмет) туралы шарт негізінде әрекет ететін АШТӨ-ден (көрсетілетін қызметті алушыдан) немесе бірлескен кәсіпкерлік нысанында ұйымдастырылған шаруа немесе фермер қожалығынан берілген жағдайда, ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелерінде немесе бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарттың көшірмесін қоса бере отырып, бірлескен қызмет шартына қатысушыларда немесе шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінде тіркелген жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуын растай отырып, субсидия беруге жол беріледі.

      Бұл ретте ауыл шаруашылығы кооперативіне мүшелік ауыл шаруашылығы кооперативі мүшелерінің жалпы жиналысының ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелеріне қабылдау туралы шешімінен үзінді-көшірменің электрондық көшірмесін өтінімге қоса тіркеу жолымен расталады.

      Шаруа немесе фермерлік қожалыққа мүшелік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректерімен салыстырып-тексеру арқылы расталады.

      Ескерту. 1-тарау 8-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.06.2024 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2-тарау. Субсидиялау төлеу тәртібі

      1-параграф. Субсидиялар алу талаптары

      9. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:

      1) АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға өтінім беруі;

      2) өтінімді СМАЖ-да тіркеу.

      Веб-порталда жеке шоттың болуы АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) СМАЖ-да өтінімді тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінімді беру талап етілмейді және ол мұндай тіркелген сәттен бастап берілген болып саналады;

      3) СМАЖ-да АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) және су берушілердің жеке шотының болуы, оның деректері СМАЖ-дың "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған;

      4) СМАЖ бен электрондық шот-фактураларды қабылдау мен өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйенің (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде суаратын суды беру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалған шығындардың расталуы (су берушінің тиісті электрондық шот-фактурасының болуы);

      5) АШТӨ-де (көрсетілетін қызметті алушыларда) СМАЖ-дың мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған, тиісті алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.06.2024 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1. Өтінімдерді қабылдау жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тиісті жылдың 1 мамырынан 30 қарашасына (қоса алғанда) дейін жүзеге асырылады.

      Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.04.2021 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2-параграф. Субсидияларды есептеу тәртібі

      10. Жерүстімен суару кезінде сатып алынған суаратын судың 1 (бір) м3 арналған субсидия мөлшері:

      1) күріш дақылдары үшін қосылған құн салығынсыз (бұдан әрі – ҚҚС) тарифтің 50 (елу) пайызын (бұдан әрі – %);

      2) Атырау, Ақтөбе, және Батыс Қазақстан облыстарында механикаландырылған су көтеру арқылы көлтабандап суару жүйелерін қолдана отырып өсірілетін көпжылдық шөптер үшін ҚҚС-сыз тарифтің 85 %-ын құрайды.

      Су үнемдейтін технологияларды (тамшылатып, жаңбырлатып (алдыңғы, айналмалы, барабанды), сплинкерлі) пайдаланбай суару кезінде сатып алынатын суару суының 1 (бір) м3 үшін бюджеттік субсидия мөлшері су беру тәсілдеріне қарамастан тарифтерге (ҚҚС-сыз) % қатынаста сараланып белгіленеді және мыналарды құрайды:

Атауы

2024 жыл

2025 жыл

2026 жылдан бастап

2,0 (екі) теңгеге дейін

50%

40%

30%

м3-іне 2,01 теңгеден (екі бүтін жүзден бір) 4,0 (төрт) теңгеге дейін

55%

45%

35%

м3-іне 4,01 теңгеден (төрт бүтін жүзден бір) 9,0 (тоғыз) теңгеге дейін

60%

50%

40%

м3-іне 9,01 теңгеден (тоғыз бүтін жүзден бір)15,0 (он бес) теңгеге дейін

65%

55%

45%

м3-іне 15,01 теңгеден (он бес бүтін жүзден бір) 20,0 (жиырма) теңгеге дейін

70%

60%

50%

м3-іне 20 (жиырма) теңгеден жоғары

75%

65%

55%

      Су үнемдейтін технологияларды (тамшылатып, жаңбырлатып (алдыңғы, айналмалы, барабанды), сплинкерлі) пайдалана отырып суару кезінде сатып алынатын суару суының 1 (бір) м3 үшін бюджеттік субсидия мөлшерін су беру тәсілдеріне қарамастан тарифтерге (ҚҚС-сыз) % қатынаста сараланып белгіленеді және мыналарды құрайды:

2,0 (екі) теңгеге дейін

60%

м3-іне 2,01 теңгеден (екі бүтін жүзден бір) 4,0 (төрт) теңгеге дейін

65%

м3-іне 4,01 теңгеден (төрт бүтін жүзден бір) 9,0 (тоғыз) теңгеге дейін

70%

м3-іне 9,01 теңгеден (тоғыз бүтін жүзден бір)15,0 (он бес) теңгеге дейін

75%

м3-іне 15,01 теңгеден (он бес бүтін жүзден бір) 20,0 (жиырма) теңгеге дейін

80%

м3-іне 20 (жиырма) теңгеден жоғары

85%

      Сатып алынған суаратын судың 1 (бір) м3 арналған субсидия мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      S = T * % тарифтердің бекітілген мөлшеріне сәйкес,

      мұнда:

      S – сатып алынған суаратын судың м3 арналған субсидия мөлшері, теңгемен;

      T – м3-ге бекітілген тариф (ҚҚС-сыз), теңге.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.07.2023 № 262 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Субсидияланатын суаратын судың көлемі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 82-бабына сәйкес бассейндер мен облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бөлінісіндегі су пайдалану лимитінен аспауы тиіс.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 28.02.2023 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3-параграф. Субсидияларды төлеу тәртібі

      12. Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана қалалары әкімдігінің интернет-ресурсында және одан кейін тиісті жылдың 1 наурызынан кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында, облыс әкімдігінің интернет-ресурсында суаратын су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған ай сайынғы өтінімдерді қабылдау кезеңі туралы хабарландыру орналастырады.

      13. Веб-портал (бұдан әрі – "жеке кабинет") арқылы тізілім деректеріне қолжетімділік беру үшін АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) және су берушінің СМАЖ-да өз бетінше тіркелуі үшін ЭЦҚ-сы болуы тиіс;

      Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) жыл сайын Министрлікке ЭЦҚ-сы бар өз жұмыскерлерінің өзектендірілген тізімін жолдайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.06.2024 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. "Жеке кабинетте" тіркелу үшін АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) және су берушілер мыналарды көрсетеді:

      1) дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;

      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН-сы;

      3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы);

      4) субсидиялар алу үшін су берушінің екінші деңгейлі банктегі банктік шотының деректемелері.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) немесе су берушілер 1 (бір) жұмыс күні ішінде "жеке кабинетте" деректерін өзгертеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.06.2024 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) өтінімді қалыптастыруы мен тіркеуі жеке кабинетте АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) тұрғылықты жері бойынша Басқарманың (көрсетілетін қызметті берушінің) атына мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) осы Қағидалардың 9-тармағы талаптарын СМАЖ тексеруі үшін қажетті мәліметтерді енгізе отырып өтінім қалыптастырылады;

      2) өтінім АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушының) ЭЦҚ-сын қою арқылы СМАЖ-да тіркеледі және Басқарманың (көрсетілетін қызметті берушінің) жеке кабинетінде қолжетімді болады. Веб-порталда көрсетілген Басқарманың (көрсетілетін қызметті берушінің) электрондық мекенжайына өтінімнің қарауға түскені туралы электронды хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      16. АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушы) веб-порталда өтінімді тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Басқарманың (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты қызметкері веб-порталда қалыптастырылған тиісті хабарламаға ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды. Бұл хабарлама АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушының) және су берушінің "жеке кабинетінде" қолжетімді болады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.06.2024 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Басқарманың (көрсетілетін қызметті берушінің) АШТӨ-ден (көрсетілетін қызметті алушылардан) жауапты қызметкері өтінімді алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінімнің деректердің растығын тексереді.

      18. Басқарманың (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты қызметкері осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) өтінімнің қабылданғанын растағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде веб-порталда "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесінде жүктелетін, субсидия төлеуге арналған төлем шотын қалыптастырады.

      Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия беру туралы хабарлама не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.

      Тиісті айға арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға көзделген қаражат жетіспеген кезде өтінім резервке (күту парағына) келіп түседі.

      Өтінімді резервке (күту парағына) енгізу туралы ақпарат СМАЖ-да көрсетіледі. Өтінімнің резервте (күту парағында) болу кезеңі мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне қосылмайды.

      Резервке (күту парағына) келіп түскен өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу келесі айда өтінімдер келіп түскен күні мен уақытқа сәйкес не ағымдағы қаржы жылында не келесі қаржы жылында қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде кезектілік бойынша жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі портал мен СМАЖ-дың өзара іс-қимылы арқылы АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушы) және су беруші СМАЖ-да тіркелген кезде көрсеткен электрондық почта мекенжайына және АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушының) және су берушінің СМАЖ-дағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.06.2024 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18-1. Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 2-тарау 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      18-2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және Басқармаға (көрсетілетін қызметті берушіге) жібереді.

      Министрлік пен Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      Ескерту. 2-тарау 18-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.06.2024 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3-тарау. Субсидиялау жөніндегі есептілік және тиімділікті бағалау

      19. Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) Министрлікке және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша суаратын суды беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын арзандатуға арналған субсидияларды пайдалану туралы есепті тиісті қаржы жылына 31 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.04.2021 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Қазақстан Республикасы аумағында су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құны субсидияларын алған тұлғаларға қатысты бақылау мен мониториг Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама аясында жүргізіледі.

      4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      21. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Басқарманың (көрсетілетін қызметті берушінің) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Басқарма басшысының (көрсетілетін қызметті берушінің) атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. Шағымды Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда жібермейді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      22. АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушының) шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға тиіс:

      Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) – ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес Басқарманың (көрсетілетін қызметті берушінің), мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) шағым берген АШТӨ-ні (көрсетілетін қызметті алушыға) ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабарлайды.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

  Ауыл шаруашылығы
тауарларын өндірушілерге су
беру бойынша көрсетілетін
қызметтердің құнын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.06.2024 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтінімдерін қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру СМАЖ веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні
Өтінімнің резервте (күту парағында) болу кезеңі Мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне енгізілмейді.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Субсидия беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы порталға көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12714 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсынады.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" және бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және көрсетілетін қызметті берушілер Қағидалар өзгерген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

  Ауыл шаруашылығы
тауарларын өндірушілерге су
беру бойынша көрсетілетін
қызметтердің құнын
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  (Кімге)___________________
(облыстың, Астана, Алматы
және Шымкент қалаларының
жергілікті атқарушы органы)
(кімнен)
_____________________
(заңды тұлғаның атауы немесе
жеке тұлғаның
(дара кәсіпкердің)
аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)

Су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтінім 20 __ жылғы ____________ айы үшін

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.06.2024 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі)

      ____________________________________________________________________;

                  (атауы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, байланыс телефоны)

      2. Өтінім беруші туралы мәліметтер:

      1) өтінім берушінің мекенжайы _____________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй, телефон)

      2) өтінім берушінің деректемелері __________________________________

      ____________________________________________________________________;

      (жеке тұлғалар (дара кәсіпкер) үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды

      тұлғалар үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), бірінші

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және жеке сәйкестендіру нөмірі)

      3) дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін

      ________________________________________________________;

      4) кәсіпкерлік субъектісінің санаты ________________________________;

      5) экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша коды (ЭҚТЖ) ________.

      3. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері туралы мәліметтер:

Жер учаскесі тіркелген ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы

Жер учаскесі тіркелген ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН-сы/ЖСН-сы

1

2

3




      4. Жер пайдалану немесе жеке меншік құқығында тиесілі жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат.

Р/с №

Суармалы танаптың кадастрлық нөмірі

Алаңы, гектар (бұдан әрі – га)

Нысаналы мақсаты

Жер учаскесі иесінің немесе жер пайдаланушының атауы

барлығы

оның ішінде суармалы

1

2

3

4

5

6







      Суармалы танаптың алаңы осы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алаңынан аспайды.

      5. Суару көзі туралы мәлеметтер:

      1) су көзінің атауы __________________________________________________;

      (өзен, бұлақ, суландыру жүйесі, субөлгіш, сутаратқыш)

      2) су берушінің тарифі (теңгемен) _____________________________________;

      3) су берушімен жасалған су беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну туралы шарттың көшірмесі ________________________________;

      4) бірлік өлшемдерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген есепке алу аспабының не өлшеу құралы мен құрылғысының атауы, су үнемдейтін технологияларды енгізу актісінің нөмірі және күні ________________________________________________________________.

      6. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өсірілетін түрлері бойынша суаратын суды тұтыну көлемі:

Егілетін дақыл

Егіс алаңы, га

оның ішінде суару тәсілдері бойынша

жерүстімен суару, га

тамшылатып (жерасты) суару, га

айналдыра жаңбырлатқыш машина, га

алдыңғы жағынан жаңбырлатқыш машина, га

барабан типті жаңбырлатқыш машина, га

стационарлық суару жүйесі, га

















      кестенің жалғасы

су тұтыну көлемі, мың текше метр (бұдан әрі – м3)

жерүстімен суару

тамшылатып (жерасты) суару

айналдыра жаңбырлатып суаратын машина

алаң, га

су тұтынудың үлестік нормасы, м3/га

су тұтыну көлемі, м3/га

алаң, га

су тұтынудың үлестік нормасы, м3/га

су тұтыну көлемі, м3/га

алаң, га

су тұтынудың үлестік нормасы, м3/га

су тұтыну көлемі, м3/га



















      кестенің жалғасы

су тұтыну көлемі, мың текше метр м3

алдыңғы жағынан жаңбырлатып суаратын машина

барабан типті жаңбырлатқыш машина

стационарлық суару жүйесі

алаң, га

су тұтынудың үлестік нормасы, м3/га

су тұтыну көлемі, м3/га

алаң, га

су тұтынудың үлестік нормасы, м3/га

су тұтыну көлемі, м3/га

алаң, га

су тұтынудың үлестік нормасы, м3/га

су тұтыну көлемі, м3/га



















      кестенің жалғасы

Атырау, Ақтөбе, және Батыс Қазақстан облыстарында механикаландырылған су көтеру арқылы көлтабандап суару жүйелерін қолдана отырып өсірілетін көпжылдық азықтық дақылдар үшін, м3

алаң, га

су тұтынудың үлестік нормасы, м3/га

су тұтыну көлемі, м3/га







      7. Су берушінің екінші деңгейлі банктегі ағымдағы шоты туралы мәліметтер:

      1) банктің атауы __________________________________________________;

      2) субсидиялар алу үшін екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері

      __________________________________________;

      3) банктік сәйкестендіру коды ______________________________________;

      4) корреспонденттейтін шот ________________________________________;

      5) БСН __________________________________________________________;

      6) бенефициар коды _______________________________________________.

      8. Алынған суару суына бастапқы төлем құжаттары ____________________.

      (төлем құжатының нөмірі)

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілген қызмет бойынша деректерді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беруге келісім беремін.

      Өтінім беруші 20___жылғы "__" сағат_____ қол қойып, жіберді.

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      Өтінім 20___жылғы "__" сағат____ қабылданды.

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты.

  Ауыл шаруашылығы
тауарларын өндірушілерге су
беру бойынша көрсетілетін
қызметтердің құнын
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  Субсидия беру туралы хабарлама

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.06.2024 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Құрметті _____________________________________________________

      (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)

      Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №__________ өтініміңіз бойынша су берушінің №__________ есептік шотына 20___ жылғы "__" __________ төлем тапсырмасымен _________ теңге мөлшерінде субсидия сомасы аударылғаны туралы хабарлаймыз.

      Ауыл шаруашылығы
тауарларын өндірушілерге
су беру бойынша көрсетілетін
қызметтердің құнын
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.04.2021 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Құрметті___________________________________________________

      (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)

      Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №__________ өтініміңіз бойынша субсидия беруден

      _________________________________________________________________

      _____________________________________________ себепті бас тартылды.

      Ауыл шаруашылығы
тауарларын өндірушілерге
су беру бойынша көрсетілетін
қызметтердің құнын
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

      Субсидиялар төлеудің келесі айға ауысуы туралы хабарлама

      Ескерту. 5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.04.2021 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.

  Ауыл шаруашылығы
тауарларын өндірушілерге су
беру бойынша көрсетілетін
қызметтердің құнын
субсидиялау қағидаларына
6-қосымша

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне

      Әкімшілік деректердің нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Суармалы су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған субсидияларды пайдалану туралы есеп

      Ескерту. 6-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.04.2021 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - 04.06.2024 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: № 14-СБҚСП

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Есепті кезең: 20__ жыл

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: облыстық ауыл шаруашылығы басқармалары

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын, есеп беретін жылдан кейінгі жылдың қорытындысы бойынша 31 желтоқсаннан кешіктірмей.

Р/с №

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің (бұдан әрі – АШТӨ) атауы

АШТӨ-нің жеке сәйкестендіру нөмірі бизнес сәйкестендіру нөмірі

Кәсіпкерлік субъктісінің санаты(ірі, орташа, шағын)

Шаруашылық жүргізуші субьектілердің нысаны

Дақыл атауы

Жер учаскесі алаңы, мың (гектар)

Су лимиті, мың текше метр

Суару тәсілі

1

2

3

4

5

6

7

8

9


Аудан

1

АШТӨ 1








2

АШТӨ 2


















Барлығы









Аудан

1.

АШТӨ 1








2.

АШТӨ 2


















Барлығы









Жиыны








      Кестенің жалғасы

АШТӨ ақы төлеген суаратын судың көлемі, мың (текше метр)

Субсидиялар мөлшері, (бір текше метрге теңге)

Төленген субсидиялар сомасы, мың теңге (10*11)

Облыс мәслихаты бекіткен сома, мың теңге

Ауытқу, мың теңге

10

11

12

13

14

Аудан





















Аудан


























      "Суармалы су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған субсидияларды пайдалану туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.

      Атауы __________________________________________________________

      Мекенжайы _____________________________________________________

      Телефоны _______________________________________________________

      Электрондық почтасының мекенжайы _______________________________

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _______________________________________________________

      (қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)

      _______________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  "Суармалы су беру бойынша
көрсетілетін қызметтерге
арналған субсидияларды
пайдалану туралы
есеп" әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

"Суармалы су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған субсидияларды пайдалану туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Суармалы су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған субсидияларды пайдалану туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанға тегі мен аты-жөнін көрсете отырып басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.

      3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмері көрсетіледі.

      5. Нысанның 2-бағанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі – АШТӨ) атауы көрсетіледі.

      6. Нысанның 3-бағанында АШТӨ-нің жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі

      7. Нысанның 4-бағанында кәсіпкерлік субъктісінің санаты (ірі, орташа, шағын) көрсетіледі.

      8. Нысанның 5-бағанында шаруашылық жүргізуші субьектілердің нысаны көрсетіледі.

      9. Нысанның 6-бағанында дақыл атауы көрсетіледі.

      10. Нысанның 7-бағанында жер учаскесінің алаңы көрсетіледі.

      11. Нысанның 8-бағанында су лимиті көрсетіледі.

      12. Нысанның 9-бағанында суару тәсілі көрсетіледі.

      13. Нысанның 10-бағанында АШТӨ ақы төлеген суаратын судың көлемі көрсетіледі.

      14. Нысанның 11-бағанында субсидиялар мөлшері көрсетіледі.

      15. Нысанның 12-бағанында төленген субсидиялар сомасы көрсетіледі.

      16. Нысанның 13-бағанында Облыс мәслихаты бекіткен сома көрсетіледі.

      17. Нысанның 14-бағанында ауытқу көрсетіледі. Облыс мәслихаты бекіткен сома мен төленген субсидиялар арасындағы айырмашылық ауытқу болып табылады.