Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12714 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.04.2021 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су және биологиялық ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың

      интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 2 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Е. Досаев

      2015 жылғы

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      ______________ Т. Жақсылықов

      2015 жылғы 24 шілде

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 маусымдағы
№ 6-3/597 бұйрығымен
бекітілген

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.05.2020 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) әзірленді және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге (бұдан әрі – АШТӨ) су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жеке шот – тізілімде қамтылған, субсидиялауға арналған ұсыныстар мен өтінімдерді тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы;

      2) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстардың жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы басқармалары/Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармалары/Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы/Шымкент каласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы (бұдан әрі – Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші)) айқындайтын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

      3) өтінім – АШТӨ-нің су беру жөніндегі көрсететін қызметтер құнын өтеуге субсидиялар алуына арналған электрондық өтінімі;

      4) суаратын су беру бойынша көрсетілетін қызметтер – су көздерінен (өзен, бұлақ, суландыру жүйесі, сутаратқыш, субөлгіш) су алу, сутартқыштар (каналдар, құбыр жолдар) арқылы тасымалдау мен бөлу жолымен су беру және су бөлу нүктелеріне және АШТӨ-лердің көлтабанды танаптарына су беру;

      5) су беруші – АШТӨ-ге су беруді жүзеге асыратын және су шаруашылығы жүйелері қызметтерін көрсету бойынша табиғи монополия субъектісі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;

      6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

      7) субсидиялау – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, нақты субсидия алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыру;

      8) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған, субсидиялар алу өтінімін тіркеуге, сондай-ақ өтінімнің субсидиялау шарттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырушылық ретке келтірілген жиынтығы;

      9) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Интернет желісінде орналасқан, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

      10) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе

      11) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      12) танаптың электрондық картасы – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінде орналасқан, бұрылыс нүктелерінің координаталарын, соңғы екі жылдағы ауыспалы егістер туралы ақпаратты және спутниктерден алынатын жерді қашықтықтан зондтау деректерін қамтитын танап туралы ақпарат;

      13) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

      3. Субсидия алушылар су берушіден суаратын су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алған және оларға ақы төлеу бойынша шығын шеккен АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) болып табылады.

      4. АШТӨ-ге (көрсетілетін қызметті алушыларға) жеткізілген су көлемі су бөлу нүктесінде анықталады.

      5. Жеткізілген судың (1) бір текше метріне (бұдан әрі – м3) бөлінетін субсидиялар мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің тиісті аумақтық департаменті АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) үшін "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Табиғи монополиялар туралы Заң) сәйкес бекіткен тарифтерге пайыздық қатынаста, осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген сатып алынған суаратын судың 1 бір м3 арналған субсидиялар мөлшеріне сәйкес сараланып белгіленеді.

      АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) субсидия алу үшін су берушіге қолданыстағы тариф пен тарифтің субсидияланатын бөлігі арасындағы айырманы төлейді, ал қалған айырманы су берушіге АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) субсидия алғаннан кейін төлейді. Бұл ретте, субсидия төлеудің барлық талаптары су беруші мен АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) арасындағы шартта жазылады.

      6. Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) тиісті жылдың 10 қаңтарына дейінгі мерзімінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін облыс, республикалық маңызы бар, қала, астана әкімінің қолы қойылған, ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы тұлғаның қолы қойылған ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) мақұлдауға ұсынады. Бұл ретте субсидиялар көлемі азайған жағдайда Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) субсидияның көлемін азайту негіздемесін Министрлікке мақұлдануға жолдайды.

      Мақұлданған субсидия көлемін тиісті жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей Министрлік тиісті ілеспе хатпен қайтарады.

      7. Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) жыл сайын 1 ақпанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің тиісті аумақтық департаментімен АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) үшін Табиғи монополиялар туралы Заңымен сәйкес бекітілген су беруге арналған тарифтерді веб-порталға орналастырады.

      8. Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) АШТӨ-ге (көрсетілетін қызметті алушыларға) су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау жөніндегі ай сайынғы жеке қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекіткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны веб-порталға орналастырады.

2-тарау. Субсидиялау төлеу тәртібі

1-параграф. Субсидиялар алу талаптары

      9. Субсидиялар мынадай талаптар сақталған жағдайда төленеді:

      1) АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы суаратын су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға өтінім беруі.

      Субсидияларды беру процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ субсидияларды беру ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын субсидиялар алуға қойылатын негізгі талаптардың тізбесі "Ауыл шаурашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының нысанында 2-қосымшаға сәйкес баяндалған.

      "Электрондық үкіметтің" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;

      Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз едеті.

      2) өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) жеке шоты болған жағдайда, ол субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінімді тіркеуді өздігінен жүзеге асыра алады, бұл жағдайда өтінімді беру талап етілмейді және ол мұндай тіркелген сәттен бастап берілген болып саналады;

      3) деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) жеке шотының болуы;

      4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдау мен өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде суаратын су алу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалған шығындардың расталуы (су берушінің тиісті электрондық шот-фактурасының болуы);

      5) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде АШТӨ-ге (көрсетілетін қызметті алушыларға) жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиесілі жер учаскелерінің бүкіл егістік алаңына арналған танаптардың электрондық карталарының тіркелуі.

      9-1. Өтінімдерді қабылдау жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тиісті жылдың 1 мамырынан 30 қарашасына (қоса алғанда) дейін жүзеге асырылады.

      Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.04.2021 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Субсидияларды есептеу тәртібі

      10. Сатып алынған суаратын судың 1 (бір) м3 арналған субсидия мөлшері күріш дақылдары үшін ҚҚС-мен тарифтің 50 (елу) пайызын (бұдан әрі – %) құрайды.

      Басқа АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) үшін жеткізілген судың 1 (бір) м3 арналған субсидия суару, су беру тәсілдеріне қарамастан тарифтерге % қатынаста сараланып белгіленеді және мыналарды құрайды:

м3-іне 0,4 теңгеден (нөл бүтін оннан төрт) 2,0 (екі) теңгеге дейін

60%

м3-іне 2,01 теңгеден (екі бүтін жүзден бір) 4,0 (төрт) теңгеге дейін

65%

м3-іне 4,01 теңгеден (төрт бүтін жүзден бір) 9,0 (тоғыз) теңгеге дейін

70%

м3-іне 9,01 теңгеден (тоғыз бүтін жүзден бір)15,0 (он бес) теңгеге дейін

75%

м3-іне 15,01 теңгеден (он бес бүтін жүзден бір) 20,0 (жиырма) теңгеге дейін

80%

м3-іне 20 (жиырма) теңгеден жоғары

85%

      Субсидиялар мөлшерін есептеу үшін "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) сәйкес бекітілген тарифтер мен су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтің ең төменгі (субсидияланбайтын) құны (м3-іне 0,40 (нөл бүтін жүзден қырық) теңге) арасындағы айырма – тарифтің субсидияланатын бөлігі алынады.

      Сатып алынған суаратын судың 1 (бір) м3 арналған субсидия мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      S = (T-Smin)*тарифтердің бекітілген мөлшеріне сәйкес %-ға,

      мұнда:

      S – сатып алынған суаратын судың м3 арналған субсидия мөлшері теңгемен;

      T – бекітілген тариф (ҚҚС-мен) м3 теңге.

      Егер су беруші ҚҚС төлеуші болып табылса және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20955 болып тіркелген) бекітілген тәртіпте тіркелген болса, онда Smin – суаратын суды беру жөніндегі көрсетілетін қызметтің ең төменгі (субсидияланбайтын) құны (м3-іне 0,40 (нөл бүтін жүзден қырық) теңге).

      Күріш дақылдары үшін ең төменгі (субсидияланбайтын) құнысыз.

      Қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) бойынша тіркеу есебінде тұрған АШТӨ үшін субсидиялар сомасын есептеу олар бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасына азайтылған соманы негізге ала отырып жүргізіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.04.2021 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Субсидияланатын суаратын судың көлемі 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 82-бабына сәйкес бассейндер мен облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бөлінісіндегі су пайдалану лимитінен аспауы тиіс.

3-параграф. Субсидияларды төлеу тәртібі

      12. Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана қалалары әкімдігінің интернет-ресурсында және одан кейін тиісті жылдың 1 наурызынан кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында, облыс әкімдігінің интернет-ресурсында суаратын су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған ай сайынғы өтінімдерді қабылдау кезеңі туралы хабарландыру орналастырады.

      13. Веб-портал арқылы тізілім деректеріне (бұдан әрі – "жеке кабинет") қолжетімділік беру үшін:

      АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) ақпараттық жүйеде өздігінен тіркелуі үшін ЭЦҚ-сы болуы тиіс;

      Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар өз қызметкерлерінің өзектендірілген тізімдерін жолдайды.

      14. "жеке кабинетте" тіркелу үшін АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) мыналарды көрсетеді:

      1) жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;

      2) заңды тұлғалар (оның ішінде шетелдік заңды тұлғалар) үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің БСН-сы – заңды тұлғада БСН болмаған жағдайда, толық атауы; бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН-сы;

      3) байланыс деректері (пошталық мекенжай, телефон, е-mail);

      4) екінші деңгейлі банктегі субсидиялар алуға арналған банктік шоттың деректемелері.

      АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) жоғарыда көрсетілген деректерін өзгерткен жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке енгізілген жеке шот деректерін өзгертеді.

      15. АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) өтінімді қалыптастыруы мен тіркеуі "жеке кабинетте" АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) тұрғылықты жері бойынша Басқарманың (көрсетілетін қызметті берушінің) атына мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) осы Қағидалардың 9-тармағы талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесі тексеруі үшін қажетті мәліметтерді енгізе отырып өтінім қалыптастырылады;

      2) өтінім АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушы) ЭЦҚ-мен қол қою жолымен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және Басқарманың (көрсетілетін қызметті берушінің) "жеке кабинетінде" қолжетімді болады. Веб-порталда көрсетілген Басқарманың (көрсетілетін қызметті берушінің) электрондық мекенжайына қарауға өтінім келіп түскен туралы электрондық хабарлама жолданады.

      16. АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) веб-порталда өтінімін тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Басқарманың (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты қызметкері веб-порталда қалыптастырылған тиісті хабарламаға ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қою жолымен оның қабылданғанын растауға міндетті. Бұл хабарлама АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) "жеке кабинетінде" қолжетімді болады.

      17. Басқарманың (көрсетілетін қызметті берушінің) АШТӨ-ден (көрсетілетін қызметті алушылардан) жауапты қызметкері өтінімді алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінімнің деректердің растығын тексереді.

      18. Басқарманың (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты қызметкері Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес өтінімнің қабылданғанын растағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде веб-порталда "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесінде жүктелетін, субсидия төлеуге арналған төлем шотын қалыптастырады.

      Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия беру туралы хабарлама не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.

      Субсидиялар көлемі тиісті айға арналған Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асатын өтінімдер бойынша субсидияларды төлеу өтінімдер келіп түскен күнге сәйкес кезектілік тәртібімен келесі айда жүзеге асырылады, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес субсидиялар төлеудің келесі айға ауысуы туралы хабарлама жіберіледі.

      Тиісті қаржы жылына жергілікті бюджетте көзделген бюджет қаражаты толық игерілген және қосымша қаражат болмаған жағдайда, өтінімдерді қабылдау тоқтатылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген кезде АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушы) көрсеткен электрондық почта мекенжайына және субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушының) "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.04.2021 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Субсидиялау жөніндегі есептілік және тиімділікті бағалау

      19. Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) Министрлікке және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша суаратын суды беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын арзандатуға арналған субсидияларды пайдалану туралы есепті тиісті қаржы жылына 31 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.04.2021 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Қазақстан Республикасы аумағында су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құны субсидияларын алған тұлғаларға қатысты бақылау мен мониториг Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама аясында жүргізіледі.

4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      21. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Басқарманың (көрсетілетін қызметті берушінің) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шығым облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган), агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      22. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушының) шығымы:

      жергілікті атқарушы орган, уәкілетті орган – оны тіркеген күннен бастап 5(бес) жұмыс күні ішінде

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Жергілікті атқарушы органның уәкілетті рганның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын юағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда:

      1) шығым бойынша қосымша зердеулеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу үшін;

      2) қосымша ақпарат алу үшін 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушыға) ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Ауыл шаруашылығы
тауарларын өндірушілерге
су беру бойынша көрсетілетін
қызметтердің құнын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ___________облысының ауыл
аруашылығы басқармасына/
Нұр-Сұлтан қаласының
инвестициялар және
кәсіпкерлікті дамыту
басқармасына/
Алматы қаласының кәсіпкерлік
және инвестиция басқармасына/
Шымкент каласының ауыл
шаруашылығы және
ветеринария басқармасына

Су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтінім
20 __ жылғы ____________ айы үшін

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.04.2021 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші _______________________

      ___________________________________________________________;

      (атауы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, байланыс телефоны)

      2. Өтінім беруші туралы мәліметтер:

      1) өтінім берушінің мекенжайы ________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй, телефон)

      2) өтінім берушінің деректемелері _____________________________

      _________________________________________________________________________;

      (жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғалар үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және жеке сәйкестендіру нөмірі);

      3) дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін ________________________________________________;

      4) кәсіпкерлік субъктісінің санаты ____________________________.

      3. Өтінім берушіге жер пайдалану немесе жеке меншік құқығында тиесілі жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат ________________________________________________________________ кадастрлық нөмірі

      4. Суару көзі туралы мәлеметтер:

      1) су көзінің атауы __________________________________________

      (өзен, бұлақ, суландыру жүйесі, субөлгіш, сутаратқыш)

      2) су берушінің тарифі (теңгемен) ______________________________

      3) су беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну туралы су берушімен жасалған шарттың нөмірі және күні _______________________

      5. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өсірілетін түрлері бойынша суаратын суды тұтыну көлемі:

      1) егілетін дақыл _________________________________________

      2) егіс алаңы, гектар ______________________________________

      3) су тұтыну көлемі, мың текше метр ________________________

      4) суару тәсілі ____________________________________________

      5) Атырау, Ақтөбе, және Батыс Қазақстан облыстарының көлтабандарында өсірілетін көпжылдық шөптерді суару үшін механикаландырылған су көтеру, мың текше метр _________________________________________________

      6. Ағымдағы шотының бар-жоғы туралы ақпарат:

      1) субсидиялар алу үшін екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері ____________________________________________

      2) банктік сәйкестендіру коды ________________________

      3) корреспонденттейтін шот ___________________________

      4) (БСН) _______________________________________________

      5) Бенефициар коды _________________________________

      7. Алынған суаратын суға алғашқы төлем құжаттары

      ________________________________________________________________

      (төлем құжатының нөмірі)

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.

      Өтінім беруші 20___жылғы "__ " сағат_____ қол қойып, жіберді.

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      Өтінім 20___жылғы "__" сағат____ қабылданды.

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты

  Ауыл шаруашылығы
тауарларын өндірушілерге су
беру бойынша көрсетілетін
қызметтердің құнын
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша

"Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.04.2021 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтінімдерін қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қымет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Субсидия беру туралы хабарлама, мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту не субсидия төлеудің келесі айға ауысуы туралы хабарлама. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы порталға көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12714 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсынады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" және бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.


  Ауыл шаруашылығы
тауарларын өндірушілерге
су беру бойынша көрсетілетін
қызметтердің құнын
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Субсидия беру туралы хабарлама

      Құрметті _________________________________________________

      (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)

      Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №__________ өтініміңіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді және Сіздің №__________ есептік шотыңызға 20___ жылғы "__" __________ төлем тапсырмасымен _________ теңге мөлшерінде субсидия сомасы аударылғанын хабарлаймыз.

  Ауыл шаруашылығы
тауарларын өндірушілерге
су беру бойынша көрсетілетін
қызметтердің құнын
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.04.2021 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Құрметті___________________________________________________

      (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)

      Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №__________ өтініміңіз бойынша субсидия беруден

      _________________________________________________________________

      _____________________________________________ себепті бас тартылды.

  Ауыл шаруашылығы
тауарларын өндірушілерге
су беру бойынша көрсетілетін
қызметтердің құнын
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Субсидиялар төлеудің келесі айға ауысуы туралы хабарлама

      Ескерту. 5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.04.2021 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Құрметті___________________________________________________

      (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)

      Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №__________ өтініміңіз бойынша субсидияларды төлеу өтінім берген сәттен бастап кезектілік тәртібінде келесі айға ауысқаны туралы хабарлаймыз.

  Ауыл шаруашылығы
тауарларын өндірушілерге
су беру бойынша көрсетілетін
қызметтердің құнын
субсидиялау қағидаларына
6-қосымша

Су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын арзандатуға арналған субсидияларды пайдалану туралы есеп _________________ облысы бойынша 20__ жылғы (_________ айы) Отчет об использовании субсидий на удешевление стоимости услуг по подаче поливной воды за 20__ год (за _____ месяц) по _________________ области)

      Ескерту. 6-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.04.2021 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігіне

      Представляется: в Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz

      Форма административных данных размещена: www.gov.kz

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: № 14-СБАСП нысан

      Индекс формы административных данных: Форма № 14-ИСУПВ

      Кезеңділігі: жылдың қорытындысы бойынша жылына 1 рет 31 желтоқсаннан кешіктірмей

      Периодичность: 1 раз в год по итогам года не позднее 31 декабря

      Есепті кезең: 20___ жылғы ____ ___________

      Отчетный период: 20___ год ____ _______

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: облыстық ауыл шаруашылығы басқармалары

      Круг лиц, представляющих информацию: областные управления сельского хозяйства

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі – өткен жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдың 31 желтоқсаннан кешіктірмей

      Срок представления формы административных данных – по итогам предыдушего года не позднее 31 декабря отчетного года.

      1. Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын аумақты көрсетіңіз

      Укажите территорию осуществления сельскохозяйственной деятельности

      Облыс/Область _________________________________________

      ӘАОС коды/ Код КАТО ___________________________________

      (Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы – Классификатор административно-территориальных объектов)

  "Бекітемін"
Облыс (Нұр-Сұлтан, Алматы
және Шымкент қалалары)
әкімінің орынбасары
________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
________________________
(қолы, мөр)
________________________
(күні)

Су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған субсидияларды пайдалану туралы есеп _________________ облысы бойынша 20__ жылғы (_________ айы)

Р/с №

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің (бұдан әрі – АШТӨ) атауы

АШТӨ-нің жеке сәйкестендіру нөмірі бизнес сәйкестендіру нөмірі

Кәсіпкерлік субъктісінің санаты(ірі, орташа, шағын)

Шаруашылық жүргізуші субьектілердің нысаны (акционерлік қоғам, жауапкершіліші шектеулі серіктестік, шаруа қожалығы және басқалары)

Дақыл атауы

Жер учаскесі алаңы, мың (гектар)

Су лимиті, мың текше метр

Суару тәсілі

1

2

3

4

5

6

7

8

9



Аудан

1

АШТӨ 1








2

АШТӨ 2









Барлығы










Аудан

1.

АШТӨ 1








2.

АШТӨ 2









Барлығы









Жиыны








      Кестенің жалғасы

АШТӨ ақы төлеген суаратын судың көлемі, мың (текше метр)

Субсидиялар мөлшері, (бір текше метрге теңге)

Төленген субсидиялар сомасы, мың теңге (8*9)

Облыс мәслихаты бекіткен сома, мың теңге

Ауытқу, мың теңге

10

11

12

13

14

Аудан
















Аудан






















Атауы
Наименование _____________________________
__________________________________________

Мекенжайы
Адрес______________________________
___________________________________

      Телефоны

      Телефон

      ______________________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы

      Адрес электронной почты

      _______________________________________

      Орындаушы

      Исполнитель ________________________________________ __________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі                              қолы, телефон

      фамилия, имя и отчество (при его наличии)                  подпись, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      Руководитель или лицо, исполняющее его обязанности

      _______________________________________________________ _______________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі                                    қолы

      фамилия, имя и отчество (при его наличии)                        подпись

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)

      Место для печати (за исключением лиц, являющихся субъектами частного предпринимательства)

      _______________________

      Есеп тапсырылған күні 20 __ жылғы "___" ______

      Дата сдачи отчета "___" __________ 20 ___ года

"Су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған субсидияларды пайдалану туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (№ 14 - СБАСП, өткен жылдың қорытындысы бойынша жылына 1 рет 31 желтоқсаннан кешіктірмей) Пояснение по заполнению формы, предназначенной для сбора административных данных "Отчет об использовании субсидий на услуги по подаче воды" (№ 14- ИСУПВ, 1 раз в год по итогам предыдущего года не позднее 31 декабря)

1. Осы түсіндірме "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 2) тармақшасына сәйкес стратегиялық функцияларды іске асыру үшін әзірленді және "_________________ облысы бойынша 20__ жылғы (_________ айы) су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған субсидияларды пайдалану туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (№ 14 - СБАСП, өткен жылдың қорытындысы бойынша жылына 1 рет 31 желтоқсаннан кешіктірмей) толтыруды нақтылайды.
2. Осы нысанды толтыру кезінде мынадай айқындамалар қолданылады:
1) субсидиялау – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, нақты субсидия алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыру;
2) АШТӨ - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер
3. 1 бағанда реттік нөмері көрсетіледі, 2 бағанда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің атауы көрсетіледі. 3 бағанда АШТӨ-нің жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі, 4 бағанда кәсіпкерлік субъктісінің санаты (ірі, орташа, шағын) көрсетіледі, 5 бағанда Шаруашылық жүргізуші субьектілердің нысаны (акционерлік қоғам, жауапкершіліші шектеулі серіктестік, шаруа қожалығы және басқалары) көрсетіледі, 6 бағанда дақыл атауы көрсетіледі, 7 бағанда жер учаскесінің алаңы көрсетіледі, 8 бағанда су лимиті көрсетіледі, 9 бағанда суару тәсілі көрсетіледі, 10 бағанда АШТӨ ақы төлеген суаратын судың көлемі көрсетіледі, 11 бағанда субсидиялар мөлшері көрсетіледі, 12 бағанда төленген субсидиялар сомасы көрсетіледі, 13 бағанда Облыс мәслихаты бекіткен сома көрсетіледі , 14 баганда ауытқу көрсетіледі.
4. Есептілік мынадай схема бойынша беріледі: облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ақпараттық жүйеде деректер бойынша жиынтық ақпаратты қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жібереді.

1. Настоящее пояснение разработано в соответствии с подпунктом 2) статьи 1 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике" для реализации стратегических функций и детализирует заполнение формы, предназначенной для сбора административных данных "Отчет об использовании субсидий на услуги по подаче воды за 20__ год (за _____ месяц) по _________________ области)" (№ 14-ИСУПВ, 1 раз в год по итогам предыдущего года не позднее 31 декабря)
2. При заполнении данной формы применяются следующие определения:
1) субсидирование – финансирование конкретных получателей субсидии на безвозмездной и невозвратной основе, осуществляемое за счет бюджетных средств;
2) СХТП - сельскохозяйственные товаропроизводители.
3. В графе 1 указывается порядкой номер, в графе 2 указывается наименование сельскохозяйственных товаропроизводителей. В графе 3 указывается индивидуальный идентификационный номер/ бизнес-идентификационный номер СХТП, в графе 4 указывается категория cубъекта предпринимательства (крупные, средние, мелкие), в графе 5 указывается Форма хозяйствующих субъектов (акционерное общество, товарищество с объединенной ограниченностью, крестиянское хозяйство и другие.), в графе 6 указывается наименование культуры, в графе 7 указывается площадь земельного участка, в графе 8 указывается лимит воды, в графе 9 указывается способ полива, в графе 10 указывается объем поливной воды, оплаченный СХТП, в графе 11 указываются размеры субсидий, в графе 12 указывается сумма выплаченных субсидий, в графе 13 указывается сумма, утвержденная областным маслихатом, в графе 14 указывается отклонение.
4. Отчетность предоставляется по следующей схеме: областное управление сельского хозяйства формирует сводную информацию в информационной системе и направляет в Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан.