ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12714 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларында:
12) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
"12-1) суармалы танаптың кадастрлық нөмірі – Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып, танаптың орналасқан жерін анықтауға (сәйкестендіруге) арналған суармалы танапқа берілетін бірегей код;";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жеткізілген судың 1 (бір) текше метріне (бұдан әрі – м3) бөлінетін субсидиялар мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің тиісті аумақтық департаменті АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) үшін "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Табиғи монополиялар туралы заң) сәйкес бекітілген тарифтерге пайыздық қатынаста, осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген сатып алынған суаратын судың 1 (бір) м3 арналған субсидиялар мөлшеріне сәйкес сараланып белгіленеді.
АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) субсидия алу үшін су берушіге толық құнды немесе қолданыстағы тариф пен тарифтің субсидияланатын бөлігі арасындағы айырманы төлейді, ал қалған айырманы су берушіге АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) субсидия алғаннан кейін төлейді. Бұл ретте, субсидия төлеудің барлық талаптары су беруші мен АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) арасындағы шартта жазылады.";
4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) СМАЖ бен электрондық шот-фактураларды қабылдау мен өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйенің (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде суаратын суды беру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалған шығындардың расталуы (су берушінің тиісті электрондық шот-фактурасының болуы).
Субсидиялар алу үшін пайдаланылған электрондық шот-фактураларды кері қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берілмейді.
Электрондық шот-фактура ЭШФ АЖ-дан СМАЖ-ға өтінім бергенге дейін ЭШФ АЖ-да контрагентті растай отырып, "сұрақ-жауап" режимінде сұратылады (сұратылған электрондық шот-фактура субсидиларды алу үшін электрондық шот-фактураны пайдалануды растау кезінде ЭШФ АЖ-да автоматты түрде бұғатталады).
Субсидияларды алу үшін пайдаланылған электрондық шот-фактураларды қайтарып алған, жойған және түзеткен жағдайларда, АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушы) алынған субсидияларды Басқармаға (көрсетілетін қызметті берушіге) қайтарады.";
5) тармақша алып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Жерүстімен суару кезінде сатып алынған суаратын судың 1 (бір) м3 арналған субсидия мөлшері:
1) күріш дақылдары үшін қосылған құн салығынсыз (бұдан әрі – ҚҚС) тарифтің 50 (елу) пайызын (бұдан әрі – %);
2) Атырау, Ақтөбе, және Батыс Қазақстан облыстарында механикаландырылған су көтеру арқылы көлтабандап суару жүйелерін қолдана отырып өсірілетін көпжылдық шөптер үшін ҚҚС-сыз тарифтің 85 %-ын құрайды.
Су үнемдейтін технологияларды (тамшылатып, жаңбырлатып (алдыңғы, айналмалы, барабанды), сплинкерлі) пайдаланбай суару кезінде сатып алынатын суару суының 1 (бір) м3 үшін бюджеттік субсидия мөлшері су беру тәсілдеріне қарамастан тарифтерге (ҚҚС-сыз) % қатынаста сараланып белгіленеді және мыналарды құрайды:
Атауы | 2024 жыл | 2025 жыл | 2026 жылдан бастап |
2,0 (екі) теңгеге дейін | 50% | 40% | 30% |
м3-іне 2,01 теңгеден (екі бүтін жүзден бір) 4,0 (төрт) теңгеге дейін | 55% | 45% | 35% |
м3-іне 4,01 теңгеден (төрт бүтін жүзден бір) 9,0 (тоғыз) теңгеге дейін | 60% | 50% | 40% |
м3-іне 9,01 теңгеден (тоғыз бүтін жүзден бір)15,0 (он бес) теңгеге дейін | 65% | 55% | 45% |
м3-іне 15,01 теңгеден (он бес бүтін жүзден бір) 20,0 (жиырма) теңгеге дейін | 70% | 60% | 50% |
м3-іне 20 (жиырма) теңгеден жоғары | 75% | 65% | 55% |
Су үнемдейтін технологияларды (тамшылатып, жаңбырлатып (алдыңғы, айналмалы, барабанды), сплинкерлі) пайдалана отырып суару кезінде сатып алынатын суару суының 1 (бір) м3 үшін бюджеттік субсидия мөлшерін су беру тәсілдеріне қарамастан тарифтерге (ҚҚС-сыз) % қатынаста сараланып белгіленеді және мыналарды құрайды:
2,0 (екі) теңгеге дейін | 60% |
м3-іне 2,01 теңгеден (екі бүтін жүзден бір) 4,0 (төрт) теңгеге дейін | 65% |
м3-іне 4,01 теңгеден (төрт бүтін жүзден бір) 9,0 (тоғыз) теңгеге дейін | 70% |
м3-іне 9,01 теңгеден (тоғыз бүтін жүзден бір)15,0 (он бес) теңгеге дейін | 75% |
м3-іне 15,01 теңгеден (он бес бүтін жүзден бір) 20,0 (жиырма) теңгеге дейін | 80% |
м3-іне 20 (жиырма) теңгеден жоғары | 85% |
Сатып алынған суаратын судың 1 (бір) м3 арналған субсидия мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
S = T * % тарифтердің бекітілген мөлшеріне сәйкес,
мұнда:
S – сатып алынған суаратын судың м3 арналған субсидия мөлшері, теңгемен;
T – м3-ге бекітілген тариф (ҚҚС-сыз), теңге.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының төртінші абзацын қоспағанда, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
Нысан
(Кімге)______________________ (облыстың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органы) (кімнен) _____________________ (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) |
Су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтінім 20 __ жылғы ____________ айы үшін
1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші _______________________
_____________________________________________________________;
(атауы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, байланыс телефоны)
2. Өтінім беруші туралы мәліметтер:
1) өтінім берушінің мекенжайы __________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй, телефон)
2) өтінім берушінің деректемелері ________________________________
___________________________________________________________________;
(жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғалар үшін – бизнес
сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), бірінші басшының аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі және жеке сәйкестендіру нөмірі)
3) дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін
________________________________________________________;
4) кәсіпкерлік субъктісінің санаты ________________________________;
5) экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуші бойынша коды (ЭҚТЖ) _______.
3. Өтінім берушіге жер пайдалану немесе жеке меншік құқығында тиесілі жер
учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат
Р/с № | Суармалы танаптың кадастрлық нөмірі | Алаңы, гектар (бұдан әрі – га) | Нысаналы мақсаты | Жер учаскесі иесінің немесе жер пайдаланушының атауы | |
барлығы | оның ішінде суармалы | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Суармалы танаптың алаңы жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығындағы осы АШТӨ-ге (көрсетілетін қызметті алушыларға) тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алаңынан аспайды.
4. Суару көзі туралы мәлеметтер:
1) су көзінің атауы _____________________________________________;
(өзен, бұлақ, суландыру жүйесі, субөлгіш, сутаратқыш)
2) су берушінің тарифі (теңгемен) ________________________________;
3) су беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну туралы су берушімен жасалған
шарттың көшірмесі _________________________;
4) есепке алу аспабының не бірыңғай өлшемдерді қамтамасыз етудің мемлекеттік
жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшеу құралы мен құрылғысының атауы, су үнемдейтін
технологияларды енгізу актісінің нөмірі және күні
________________________________________________________________.
5. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өсірілетін түрлері бойынша суаратын суды
тұтыну көлемі:
Егілетін дақыл | Егіс алаңы, га | оның ішінде суару тәсілдері бойынша | |||||
жерүстімен суару, га | тамшылатып (жерасты) суару, га | айналдыра жаңбырлатқыш машина, га | алдыңғы жағынан жаңбырлатқыш машина, га | барабан типті жаңбырлатқыш машина, га | стационарлық суару жүйесі, га | ||
кестенің жалғасы
су тұтыну көлемі, мың текшеметр (бұдан әрі – м3) | ||||||||
жерүстімен суару | тамшылатып (жерасты) суару | айналдыра әрекетті жаңбырлатқыш машина | ||||||
алаң, га | су тұтынудың үлестік нормасы, м3/га | су тұтыну көлемі, м3/га | алаң, га | су тұтынудың үлестік нормасы, м3/га | су тұтыну көлемі, м3/га | алаң, га | су тұтынудың үлестік нормасы, м3/га | су тұтыну көлемі, м3/га |
кестенің жалғасы
су тұтыну көлемі, мың текшеметр м3 | ||||||||
алдыңғы әрекетті жаңбырлатқыш машина | барабан типті жаңбырлатқыш машина | суарудың стационарлық жүйесі | ||||||
алаң, га | су тұтынудың үлестік нормасы, м3/га | су тұтыну көлемі, м3/га | алаң, га | су тұтынудың үлестік нормасы, м3/га | су тұтыну көлемі, м3/га | алаң, га | су тұтынудың үлестік нормасы, м3/га | су тұтыну көлемі, м3/га |
кестенің жалғасы
Атырау, Ақтөбе, және Батыс Қазақстан облыстарында механикаландырылған су көтеру арқылы көлтабандап суару жүйелерін қолдана отырып өсірілетін көпжылдық шөптер үшін, м3 | алаң, га | су тұтынудың үлестік нормасы, м3/га | су тұтынукөлемі, м3/га | ||
6. Ағымдағы шотының бар-жоғы туралы ақпарат:
1) субсидиялар алу үшін екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері
______________________________________________________;
2) банктік сәйкестендіру коды ___________________________________;
3) корреспонденттейтін шот _____________________________________;
4) БСН ______________________________________________________;
5) бенефициар коды ____________________________________________;
7. Алынған суаратын суға алғашқы төлем құжаттары________________.
(төлем құжатының нөмірі)
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.
Өтінім беруші 20___жылғы "__" сағат_____ қол қойып, жіберді.
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:
Өтінім 20___жылғы "__" сағат____ қабылданды.
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты.