РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Е. Досаев |
"Келісілген"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
________________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 10 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 733 бұйрығымен бекітілген |
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.07.2019 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу рәсімін регламенттейді.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) аккредиттеу – уәкілетті органның сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымның құзыретін ресми тану рәсімі;
2) аккредиттеу туралы куәлік – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдардың мәртебесін куәландыратын куәлік;
3) өтініш беруші – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйым ретінде аккредиттеуге үміткер заңды тұлға;
4) уәкілетті орган – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары.
2-тарау. Қағидалар және біліктілік талаптары
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.07.2019 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Аккредиттеуден өту үшін өтініш берушілер мынадай құжаттарды:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарға койылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес мәліметтер жібереді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.07.2019 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарға койылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес мәліметтер нысаны осы Қағидалардың 3-тармағында айқындалған.
6. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.07.2019 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.07.2019 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Аккредиттеу туралы куәлікті беру не беруден бас тарту туралы дәлелді жауап мерзімі өтініш берушіден құжаттардың толық жинағын қабылдаған сәттен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.
9. Аккредиттеу туралы куәлікті беру мерзімі 20-40 минутты құрайды.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.07.2019 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Уәкілетті орган көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлікті береді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.07.2019 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру, қалпына келтіру, одан айыру (қайтарып алу) "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларға 1-қосымша |
|
Нысан |
ӨТІНІШ
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 953 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
________________________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі деректемелері)
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару
жөніндегі ұйым ретінде аккредиттеуді өтінемін
Мекенжай_________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон, факс, е-mail)
Филиалдар (өкілдік, объекті, пункті, учаске) ____________________________________
________________________________________________________________________________
(орналасқан жері және деректемелері)
Осымен:
барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға куәлік беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез-келген ақпарат жіберілетіні;
өтініш берушіге қызметтің аталған түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны;
барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;
өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергендігі расталады.
Басшы ___________ ________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" __________
"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларға 2-қосымша |
"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуге қойылатын рұқсат беру талаптары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 16.03.2017 № 153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с | Рұқсат беру талаптары | Рұқсат беру талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 |
бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша мынадай маманданулар бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыратын кемінде үш аттестатталған сарапшының болуы: | Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны | |
2 | жобаның бас инженері" және/немесе "Бас инженер" деген маманданулар бойынша кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскер | Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес | |
3 | кемінде бір білікті смета инженері болуы | Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны | |
4 | меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы | Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны | |
5 | материалдық-техникалық жарақтануының, атап айтқанда есептеулерді орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыру мүмкіндігін беретін орнатылған қамтамасыз етулері бар станцияларының болуы | Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны |
"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларға 3-қосымша |
Мәліметтер нысаны
Аттестатталған сарапшылардың болуы туралы мәліметтер
1) Тегі, аты, әкесінің аты_____________________________________
2) Лауазымы____________________________________________________
3) Осы ұйымда __________________________________ жұмыс істейді
(тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтінін көрсету)
4) Жұмыс өтілі_________________________________________________
(мамандығы бойынша және лауазымда көрсету)
5) Оқу орнының атауы___________________________________________
6) Бітірген жылы_______________________________________________
7) Дипломы бойынша біліктілігі_________________________________
8) Дипломы бойынша мамандануы _________________________________
9) сарапшы аттестатының болуы__________________________________
(нөмірі мен берілген күнін көрсету)
Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы мәліметтер
10) Мекенжайы _________________________________________________
_____________________________________________________________________
11) Алаңы______________________________________________________
12) Меншік құқығын немесе өзге де заңды негізді растайтын
құжаттардың атауы және деректемелері ________________________________
_____________________________________________________________________
Материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтер
13) Атауы _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
14) Өлшем бірлігі _____________________________________________
15) Саны_______________________________________________________
_____________________________________________________________________
16) Пайдалану мерзімі__________________________________________
17) Ескертпе __________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларға 4-қосымша |
|
Нысан |
АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК N 00000
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.07.2019 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Аккредиттеу туралы осы куәлік__________________________________
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
_____________________________________________________________ берілді,
(заңды мекенжайы)
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару құқығына
АККРЕДИТТЕЛДІ және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді.
Куәліктің қолданылу мерзімі _________________________________ дейін
Уәкілетті орган______________________________
__________ қаласы 20__ж. "____" ___________
"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларға 5-қосымша |
Нысан
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды
басқару жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың тізілімі
Р/с № | Жобаларды басқару жөніндегі аккредиттелген ұйымның атауы | Аккредиттеу туралы куәлік берілген күн және нөмірі | Жобаларды басқару жөніндегі аккредиттелген ұйымның штатында тұратын қызметкер туралы мәлімет | Қабылданған жауапкершілік шаралары туралы мәлімет |