Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 733 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12702 болып тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
 
      «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі                           Е. Досаев

      «Келісілген»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ________________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы 10 желтоқсан

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 қарашадағы 
№ 733 бұйрығымен   
бекітілген     

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды
басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
      2. Қағидалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу рәсімін регламенттейді.
      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) аккредиттеу – уәкілетті органның сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымның құзыретін ресми тану рәсімі;
      2) аккредиттеу туралы куәлік – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдардың мәртебесін куәландыратын куәлік;
      3) өтініш беруші – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйым ретінде аккредиттеуге үміткер заңды тұлға;
      4) уәкілетті орган – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары.

2. Қағидалар және біліктілік талаптары

      4. Аккредиттеуден өту үшін өтініш берушілер уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;
      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарға койылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды жібереді.
      5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарға койылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес мәліметтер нысаны осы Қағидалардың 3-тармағында айқындалған.
      6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар мен материалдарға өтініш берушінің бірінші басшысы қол қояды және мөр болған кезде мөрмен куәландырады.
      7. Уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күнінің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
      8. Аккредиттеу туралы куәлікті беру не беруден бас тарту туралы дәлелді жауап мерзімі өтініш берушіден құжаттардың толық жинағын қабылдаған сәттен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.
      9. Уәкілетті орган көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлікті береді не рұқсат беру талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, аккредиттеуден дәлелді бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.
      10. Уәкілетті орган көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлікті береді не көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтер біліктілік талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, аккредиттеуден дәлелді бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 17.06.2016 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру, қалпына келтіру, одан айыру (қайтарып алу) «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.

«Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс саласындағы   
жобаларды басқару жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу  
жөніндегі қағидаларға  
1-қосымша       

Нысан

                              ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
                 (уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
        (заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері)

сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару
жөніндегі ұйымдар ретінде аккредиттеуді сұраймын.
Заңды тұлғаның орналасқан жері_______________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон, факс, пошталық
                             мекен-жайы)
Филиалдар (өкілеттіліктер, объектілер, пункттер, учаскелер)__________
____________________________________________________________________
               (орналасқан орны және деректемелері)

      Қоса берілетін (парақтардың санын көрсете отырып):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      Қоса берілген:_____ парақ.
      Мыналар расталды:
      барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып
табылады және оларға аккредиттеу туралы куәлік беру немесе оны
беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі
мүмкін;
      өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым
салмаған;
      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатындығы расталады;
      өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлік берген кезде ақпараттық
жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын қол жетімділігі
шектеулі жеке деректерді пайдалануға келісімін береді;
      өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы (халыққа қызмет
көрсету орталығына өтініш берілген жағдайда) қызметкерінің қолымен
өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыруға келісімін
береді.

      Басшы ______________ _________________________
               (қолы)      (тегі, аты, әкесінің аты)

МО                            Толтырылған күні 20__ж. «_» ___________

«Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс саласындағы   
жобаларды басқару жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу  
жөніндегі қағидаларға  
2-қосымша       

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды
басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуге қойылатын рұқсат беру
талаптары

Р/с №

Рұқсат беру талаптары

Рұқсат беру талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1.

мынадай маманданулар бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыратын кемінде бір аттестатталған сарапшының болуы:
1) бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде;
2) екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – инженерлік желілер бөлігінде;
3) бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – технологиялық жабдықтар бөлігінде;

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


2.

мынадай маманданулар бойынша авторлық қадағалауды жүзеге асыратын кемінде бір аттестатталған сарапшының болуы:
1) бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – сәулет бөлігінде;
2) бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде;

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес


3.

мынадай маманданулар бойынша жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын сараптау бойынша кемінде бір аттестатталған сарапшының болуы:
1) қала құрылысы;
2) жобалау алдындағы құжаттама;
3) сәулет;
4) конструктивтік бөлік;
5) инженерлік желілер мен жүйелер (инженерлік желілер мен жүйелердің түрлері бойынша);
6) технологиялық бөлік (объектінің мақсатына байланысты);
7) жобаның арнайы бөлімдері.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


4.

меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


5.

Материалдық-техникалық жарақтануының, атап айтқанда есептеулерді орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыру мүмкіндігін беретін орнатылған қамтамасыз етулері бар жұмыс станцияларының болуы

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


«Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс саласындағы   
жобаларды басқару жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу  
жөніндегі қағидаларға  
3-қосымша       

                             Мәліметтер нысаны

          Аттестатталған сарапшылардың болуы туралы мәліметтер

      1) Тегі, аты, әкесінің аты_____________________________________
      2) Лауазымы____________________________________________________
      3) Осы ұйымда __________________________________ жұмыс істейді
             (тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтінін көрсету)
      4) Жұмыс өтілі_________________________________________________
                       (мамандығы бойынша және лауазымда көрсету)
      5) Оқу орнының атауы___________________________________________
      6) Бітірген жылы_______________________________________________
      7) Дипломы бойынша біліктілігі_________________________________
      8) Дипломы бойынша мамандануы _________________________________
      9) сарапшы аттестатының болуы__________________________________
                                  (нөмірі мен берілген күнін көрсету)

             Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы мәліметтер

      10) Мекенжайы _________________________________________________
_____________________________________________________________________
      11) Алаңы______________________________________________________
      12) Меншік құқығын немесе өзге де заңды негізді растайтын
құжаттардың атауы және деректемелері ________________________________
_____________________________________________________________________

       Материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтер

      13) Атауы _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
      14) Өлшем бірлігі _____________________________________________
      15) Саны_______________________________________________________
_____________________________________________________________________
      16) Пайдалану мерзімі__________________________________________
      17) Ескертпе __________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

«Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс саласындағы   
жобаларды басқару жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу  
жөніндегі қағидаларға  
4-қосымша       

Нысан

АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
N 00000

      Аккредиттеу туралы осы куәлік__________________________________
_____________________________________________________________________
                       (заңды тұлғаның атауы)
____________________________________________________________ берілді,
                         (заңды мекенжайы)

сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару құқығына

                             АККРЕДИТТЕЛДІ

және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді.

Куәліктің қолданылу мерзімі ___________________________________ дейін

Уәкілетті органның басшысы  _______          ________________________
                            (қолы)          (тегі, аты, әкесінің аты)

      М.О.

      __________ қаласы                        20__ж. «_» ___________

«Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс саласындағы   
жобаларды басқару жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу  
жөніндегі қағидаларға  
5-қосымша       

Нысан

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды
басқару жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың тізілімі

Р/с №

Жобаларды басқару жөніндегі аккредиттелген ұйымның атауы

Аккредиттеу туралы куәлік берілген күн және нөмірі

Жобаларды басқару жөніндегі аккредиттелген ұйымның штатында тұратын қызметкер туралы мәлімет

Қабылданған жауапкершілік шаралары туралы мәлімет