Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12684 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 23-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      "Құрылыс салудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 238 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10523 тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      "Жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеудің және берудің, сондай-ақ жаңа объектілер салуға және қазіргі бар объектілерді (ғимараттар, құрылыстар, олардың кешендерін және коммуникацияларды) өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерден өтудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 293 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10633 тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімдік баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрлігі

      Ә. Исекешев ______________

      2015 жылғы 30 қараша

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 750 бұйрығымен
бекітілген

Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің жер учаскелерін пайдалану, елді мекендер мен қала маңындағы аймақтар аумағын жобалау мен салу жөніндегі шарттар мен талаптарды айқындайды, жаңа объектілер салуға және орналастыруға, қолданыстағы жылжымайтын мүлік объектілерін өзгертуге (қайта бейімдеу, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау, реконструкциялау, кеңейту), үй-жайлардың функционалдық мақсатын өзгертуге, жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға беруге бастапқы материалдар мен рұқсат беру құжаттарын алу тәртібін белгілейді, сондай-ақ елді мекендер мен қала маңындағы аймақтар аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асырумен байланысты өзге де қатынастарды реттейді.

      2. Осы Қағидалар жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО), инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлердің, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы бақылау және қадағалау органдарының, сондай-ақ, инженерлік инфрақұрылым желілерін қоса алғанда, құрылыс салу және/немесе реконструкциялау объектілеріне меншік нысанына қарамастан, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің, сондай-ақ, жылжымайтын мүлік объектілері меншік иелерінің оларды пайдалану және ұстау бөлігінде, оның ішінде қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу кезінде қолдануы үшін міндетті.

      3. Жеке және заңды тұлғалар елді мекеннің аумағында құрылыс салуды осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

      Құрылыс салу мақсаттары үшін жер учаскелерін беру тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексімен айқындалады.

      4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бастапқы материалдар – қазіргі ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салу және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеуге қажетті материалдар;

      2) жеке тұрғын үй құрылысы – белгiленген тәртiппен бекiтiлiп берiлген жер учаскелерiнде азаматтардың өз күшiмен, мердiгерлiк немесе заңдарда тыйым салынбаған басқа да әдiспен жеке тұрғын үйлер салуы;

      3) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат – осылардың негізінде жер учаскесіне құқықтар туындайтын, өзгертілетін немесе тоқтатылатын заңдық фактілердің (заңдық құрамдарының) басталғанын растайтын құжат, оның ішінде шарттар, соттардың шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, меншік құқығымен жер учаскесін иеленген немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған мемлекеттік емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі табыстау актісі немесе бөлу балансы;

      4) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсатында қажетті, жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;

      5) қайта жабдықтау – үй-жайдың (үй-жайлардың) функционалдық мақсатының өзгеруіне, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету, қандай да бір өнімдер шығару, пайдалану, қызметтер көрсету және тағы басқалар үшін қажетті технологиялық және (немесе) инженерлік жабдықтардың ішкі жүйесін толық немесе ішінара ауыстыруға байланысты оны (оларды) өзгерту;

      6) қайта жоспарлау – осы үй-жайдың (осы үй-жайлардың) шекарасын өзгертумен ұштасқан үй-жайдың (үй-жайлардың) жоспарын өзгерту;

      7) құрылыс – жаңа объектiлер салу және (немесе) бар объектiлердi (үйлердi, ғимараттар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтiру, күрделi жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлiк жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау (өндiру), сондай-ақ аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру жолымен өндiрiстiк және өндiрiстiк емес негiзгi қорларды құру жөнiндегi қызмет;

      8) құрылыс алаңы – салынатын объектіні, уақытша құрылғылар мен құрылыстарды, техникаларды, топырақ үйінділерін орналастыру, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен жабдықтарын жинап қою, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін пайдаланылатын аумақ;

      9) алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органы – құрылыс объектілерінің қауіпсіздігіне, сапасына, беріктілігі мен орнықтылығына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      11) мердігер – тиісті қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылыс саласында тапсырыс берушімен немесе инжинирингтік ұйыммен жасалған мердігерлік шарт немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша құрылыс саласында мердігерлік жұмысты орындайтын заңды және жеке тұлға;

      12) объектілер (құрылыс объектілері, олардың кешендері) – ғимараттар, сондай-ақ көлемдік, жазықтық және желілік құрылыстар:

      тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы;

      инженерлік желілерді қоса алғанда, коммуналдық мақсаттағы;

      автомобиль мен темір жолдары және олардың инфрақұрылымдары;

      әуе және су көлігі;

      көпірлер, жол құбырлары, тоннельдер, өнім құбырлары және инженерлік құрылыстары бар электр беру желілері;

      телекоммуникациялық және ғарыштық байланыс;

      атом энергетикасына арналған ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, энергетика;

      кен өндіру өнеркәсібіне арналған ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, өнеркәсіп;

      ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, ирригациялық және (немесе) гидротехникалық мақсаттағы;

      қорықтардағы, қаумалдардағы, балық питомниктеріндегі, орман, аңшылық және басқа да алқаптардағы тұрғын, өндірістік және қосалқы шаруашылық мақсаттағы;

      әскери қалашықтардағы және арнайы әскери технологиялық кешендердегі құрылыстар.

      Қолданыстағы ғимараттардың (құрылыстардың) реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау жүргізу межеленіп отырған үй-жайлары (жекелеген бөліктері) да объектілерге жатқызылады;

      13) өтініш беруші – жаңа құрылысты жүзеге асыруға не қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын немесе жекелеген бөліктеріне реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау жүргізуге ниеті бар мүдделі жеке немесе заңды тұлға (меншік иесі, тапсырыс беруші, құрылыс салушы);

      14) реконструкциялау – әдетте өзгеретін объектіні жаңарту мен жаңғырту қажеттігіне байланысты жалпы жекелеген үй-жайларды, ғимараттың өзге де бөліктерін немесе ғимаратты өзгерту;

      15) рұқсат беру құжаттары – өтініш берушіге ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салу немесе қолданыстағыларын өзгерту жөнінде өзінің ойын іске асыруға құқық беретін құжаттар, олар мыналарды қамтиды:

      жерге тиісті құқық беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімі;

      қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларына (жекелеген бөліктеріне) реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау жүргізуге арналған тиісті жергілікті атқарушы органның шешімі;

      16) сыртқы инженерлік желілер трассасының схемасы – жобаланатын және қолданыстағы инженерлік желілерде орналасқан, инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттарға сәйкес әзірленген схема;

      17) тапсырыс беруші (құрылыс салушы) – жеке меншік немесе мемлекеттік мұқтаждар үшін не коммерциялық мақсаттарда кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар салу жөніндегі жобаны іске асыруды жүзеге асыратын инвестор (не өзі инвестор болып табылатын) уәкілеттік берген жеке немесе заңды тұлға;

      18) техникалық жоба – қолданыстағы ғимараттардың (құрылыстардың) үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау мақсатында әзірленетін жобалау алдындағы құжаттама түрі;

      19) топографиялық түсірілім – жергілікті жердің масштабпен, жергілікті координаттар жүйесінде, Балтық биіктік жүйесінде орындалған және қолданыстағы жер үстіндегі және жер астындағы желілер мен құрылыстарды көрсететін электрондық не графикалық моделі;

      20) эскиз (эскиздік жоба) – жобалық (жоспарлық, кеңiстiктiк, сәулеттiк, технологиялық, конструктивтік, инженерлiк, декоративтік немесе басқа) шешiмнiң, схема, сызба, бастапқы сұлба (сурет) нысанында орындалған және осы шешiмнiң түпкi ойын түсiндiретiн оңайлатылған түрi.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Қала құрылысы талаптары

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Елді мекендердің аумағында әртүрлі мақсаттағы объектілерді өз бетінше салуға жол берілмейді.

      6. Елдi мекендердiң аумақтарын дамыту және оларға қала құрылысының бекiтiлген жобалары негiзiнде жүзеге асырылады.

      Елді мекеннің бекітілген бас жоспары елді мекенді дамытуды кешенді жоспарлауды айқындайтын негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.

      7. Жер учаскелері құрылыс жүргізу үшін берілген кезде оларды пайдалануға қойылатын қала құрылысы талаптары бекітілген бас жоспардың, егжей-тегжейлі жоспарлау мен құрылыс салу, қала құрылысы аймақтарына бөлу жобаларының, сондай-ақ осы Қағидалардың негізінде белгіленеді.

      8. Жеке және заңды тұлғалардың елді мекеннің аумағында жер учаскелерiн құрылыс салу үшін (коммуникациялар жүргізуді, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру және учаскенi жайғастырудың басқа да түрлерiн қоса алғанда) пайдалануы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының негізінде және нысаналы мақсатын немесе сервитутты, аумақты аймақтарға бөлуді, қызыл сызықтарды және құрылыс салуды реттеу сызықтарын, құрылыс салу мен оны пайдалану қағидаларын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Жер учаскесіне құқық белгілейтін және (немесе) сәйкестендіру құжаттарында көрсетілген нысаналы мақсатқа қатаң сәйкестікпен жер учаскелерінде құрылыс салуға және оларды пайдалануға жол беріледі.

      10. ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі астананың, республикалық маңызы бар қаланың және облыстық маңызы бар қалалардың аумағында құрылыс салудың жай-күйі туралы өзекті ақпарат қалыптастыру мақсатында жаңартылуы және өзгертілуі тұрақты негізде жүзеге асырылатын кезекші топографиялық жоспар (коммуникациялар, топографиялық түсірілімдер, үйлер мен ғимараттар) жүргізеді.

      11. Кезекші топографиялық жоспардың ақпараты және (немесе) мәліметтері жеке және заңды тұлғалардың сұрауы бойынша қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде ұсынылады, не интернет-портал арқылы кезекші топографиялық жоспарға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

      12. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында белгіленген мемлекеттік нормативтерге сәйкес бау-бақша және саяжай серіктестіктерінің аумақтары резервтік аумақтардың шегінен тыс елді мекендердің және көршілес кәсіпорындардың санитариялық қорғану аймақтарының перспективалық дамуын ескере отырып, қоғамдық көлікпен жететін қашықтықта, сондай-ақ қала құрылысы жобаларына сәйкес орналастырылады.

      13. Қала маңы аймағына кіретін елді мекендердің қала құрылысы жобалары қаланың ЖАО-ымен келісіледі.

      Қала маңындағы аймақтар қала жерінің шекарасымен (шегімен) іргелес, аталған қаланың, қала маңының аумағына кіретін басқа да елді мекендердің аумағын дамытуға, сондай-ақ санитариялық-қорғау функцияларын орындауға, халықтың демалыс орындарын, бау-бақша және саяжай серіктестіктерін орналастыруға арналған жерлерді қамтиды.

      14. Қала маңындағы аймақтардың шекарасын белгiлеу бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасының негiзiнде жүзеге асырылады.

      15. Елді мекендерді жобалау, тұрғын аудандарды қалыптастыру, қайта игерілетін және реконструкцияланатын аумақтарды және елді мекендерді абаттандыру кезінде тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, құрылыстар мен үй-жайларға халықтың iс-қимылы шектеулi топтарының қол жетікізуі қамтамасыз етіледі.

      Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың аумағында орналасатын автомобиль тұрақтарын жобалау кезінде халықтың iс-қимылы шектеулi топтарының жеке автокөлік құралдары үшін орындар көзделеді.

      16. Сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтарда (аудандарда) жобалау және құрылыс салу көрсетілген мәселелерді реттейтін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын ескере отырып, жүзеге асырылады.

      17. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды жобалаған кезде жерасты кеңістігі құрылыстық, экологиялық, санитариялық және өртке қарсы талаптарға сәйкес құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық жағдайларын есепке ала отырып, автопаркингтер, гараждар мен инженерлік жабдықтау құрылыстарын орналастыру үшін пайдаланылады.

      18. Объектілерді пайдаланған кезде мыналарға:

      ғимаратты немесе құрылысты күрделі жөндеу мен реконструкциялау жөніндегі іс-шара сәйкестендірілген құрылыс материалдарын қолдана отырып, қасбетті бірыңғай стильде кешендік безендіруді көздейтін жағдайларды қоспағанда, ғимараттың, құрылыс сәулет стилін бұзуға;

      көп пәтерлі тұрғын және қоғамдық ғимараттардың қасбет бөлігінде спутниктік немесе эфирлік сигналын қабылдау үшін Қазақстан Республикасы аумағында телерадиоканалдарды таратуға лицензиясы жоқ, байланыс және (немесе) телерадиохабарларын тарату операторларының спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын орнатуға жол берілмейді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.05.2016 № 224 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарда, оның ішінде ұлттық спутниктік телеарналардың немесе сандық эфирлік телерадиохабарлар таратудың кабель желілерін, ұжымдық және жеке қабылдау жүйелерін жобалау және салу сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      20. Уақытша қондырғылар мен құрылыстарды (сауда палаткаларын (павильондарды), киоскiлердi сыртқы (көрнекі) жарнама объектiлерiн және басқа да сервис объектiлерiн) орналастыру Жер кодексінің 109-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Үйлер мен ғимараттарды бөлшектеу және бұзу (кәдеге жаратудан кейін) әзірленген жобалық (жобалық-сметалық) құжаттама негізінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Жоба алды рәсімдері және жобалау

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. Жалпы ережелер

      22. Құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқығы негізінде және келесі кезеңдерде жүзеге асырылады:

      1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу;

      2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу

      3) жобалау-сметалық құжаттамасын (бұдан әрі – жобалау) әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан (бұдан әрі – сараптама) өткізу;

      4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;

      5) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.

      Екі қабаттан жоғары емес жеке тұрғын үйлерді және жеке үй жанындағы учаскелерде орналасатын уақытша құрылыстарды (шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар) салу кезінде құрылыс жобаларын жобалау және сараптау талап етілмейді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22-1. Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы үйлер мен ғимарттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жөніндегі жобаларды іске асыру келесі кезеңдерде жүзеге асырылады:

      1) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды алу;

      2) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін жобаларды жобалау және сараптау;

      3) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;

      4) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.

      Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей қолданыстағы үйлер мен ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) лицензиясы бар тұлғалар орындаған техникалық жоба негізінде жүзеге асырылады. ЖАО-ның шешімін алу, жобалау және сараптамадан өту талап етілмейді.

      Ескерту. 1-параграф 22-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Тапсырыс беруші (құрылыс салушы) объектілерді салу бойынша өз қызметін (Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде № 10795 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

      24. Құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдар мыналарды қамтиды:

      1) сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі – СЖТ);

      2) техникалық шарттар (өтініш берушінің инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағын (бұдан әрі – техникалық шарттар);

      3) жолдар мен көшелердің көлденең қималары;

      4) тік жоспарлау белгілері;

      5) түбегейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірме;

      6) сыртқы инженерлік желілер трассасының схемасы.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24-1. Қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдар мыналарды қамтиды:

      1) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы ЖАО-ның шешімі;

      2) СЖТ;

      3) сауалнама парағын (сауалнама парағын беру кезінде);

      4) сыртқы инженерлік желілер трассасының схемасы (өтініш берушінің сауалнама парағын беру кезінде).

      Ескерту. 1-параграф 24-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24-2. Түркістан облысының Түркістан қаласын қоспағанда, жобаланып жатқан инженерлік желілерге қосылу үшін техникалық шарттарды беруге жол берілмейді.

      Ескерту. 1-параграф 24-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.бұйрығымен.

      25. СЖТ мен техникалық шарттар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының барлық мерзімі ішінде қолданылады.

      Реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) ЖАО-ның шешімі объектіні пайдалануға енгізгенге дейін қолданылады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуді тиісті жұмыс түрлеріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      27. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу тапсырыс беруші берген жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес СЖТ-ның негізгі талаптары мен ұсынымдарын ескере отырып, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      28. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 21-1-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын, эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің құрылыс салу бас жоспарларының, курорттық аймақтар жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді жүзеге асырады.

      29. Жол құрылысының жобалары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10690 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 208 бұйрығымен бекітілген Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларында белгіленген тәртіппен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.

      30. Әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының сараптамасы Заңның 9-1-тарауына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

2-параграф. Құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды беру тәртібі мен мерзімдері

      31. Бастапқы материалдарды / сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттар / тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы үйлер мен ғимараттардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) арналған бастапқы материалдарды ұсыну туралы өтініш ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің атына "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мынадай құжаттарды қоса бере отырып, 1 және 2 Пакетті алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі:

      1) жер учаскесіне құқығын белгілейтін құжат ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорында тіркелмеген жағдайда");

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама парағы (техникалық шарттарды алған жағдайда).

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      31-1. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      32. алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Бастапқы материалдарды / сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды/ тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) арналған бастапқы материалдарды ұсыну туралы өтінішті алғаннан кейін ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге сауалнама парағын және сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды алу үшін ахуалдық схеманы жібереді.

      Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер сауалнама парағын және ахуалдық схемасын алған күннен бастап сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды дайындайды және ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне мерзімінде жібереді:

      техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілер үшін 2 (екі) жұмыс күні;

      техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер үшін 5 (бес) жұмыс күні;

      сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды беруден дәлелді бас тарту үшін 2 (екі) жұмыс күні.

      Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды беруден:

      1) көрсетілетін қызметтердің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуат болмаған;

      2) көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті желілер немесе өзге де мүлік болмаған жағдайларда бас тартуға жол беріледі.

      Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды беруден бас тартқан жағдайда, техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге қызметтерді ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуатының тапшылығы, желілердің немесе өзге де мүліктің болмауы туралы дәлелді негіздемені есептеулермен қоса береді.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. 1-пакетті алу үшін бастапқы материалдарды / сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды / тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) арналған бастапқы материалдарды ұсыну туралы өтінішті берген жағдайда ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі қоса берілген құжаттарды жоспарланған құрылыстың бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту және салу схемасына сәйкестігін қарайды.

      Жоспарланған құрылыс бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту және салу схемасына сәйкес келген жағдайда, мынадай материалдарды дайындайды:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ;

      2) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірме;

      3) тік жоспарлау белгілері;

      4) жолдар мен көшелердің көлденең қималары;

      5) сыртқы инженерлік желілер трассасының схемасы.

      ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі дайындалған материалдарды және техникалық шарттарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жібереді.

      2-ші пакетті алу үшін бастапқы материалдарды / сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттар / тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) арналған бастапқы материалдарды ұсыну туралы өтінішті берген жағдайда, ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі қоса берілген құжаттарды жоспарланған құрылыстың бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту және салу схемасына сәйкестігін қарайды.

      Жоспарланған құрылыс бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту және салу схемасына сәйкес келген жағдайда, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ дайындайды.

      ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі дайындалған СЖТ және техникалық шарттарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жібереді.";

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34-1. ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінім берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мынадай негіздер бойынша дәлелді бас тарту жолдайды:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) жалғандығын анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      Ескерту. 34-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.05.2016 № 224 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      34-2. Бір құрылыс жобасына қайта өтініш берілген кезде бұрын берілген бастапқы материалдар /сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттар / тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) арналған бастапқы материалдар беріледі.

      Ескерту. 2-параграф 34-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34-3. Заңның 17-бабында белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттарды, ережелерді, шектеулердi) бұзуға жол берген оның субъектiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Бұзушылық анықталған жағдайда ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына субъектінің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзғаны туралы хабарландыру жолдайды және бұл жөнінде өтініш берушіні хабардар етеді.

      Ескерту. 2-параграф 34-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш беруші мынадай құжаттарды алады:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ;

      2) техникалық шарттар;

      3) сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары;

      4) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі;

      5) тік жоспарлау белгілері;

      6) жолдар мен көшелердің көлденең қималары.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      35-1. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді жобалауға берілген өтініштерді қарау мерзімі:

      СЖТ және техникалық шарттарды беруге өтінішті берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, 6 (алты) жұмыс күнінен аспайды;

      бастапқы беру материалдарын (СЖТ, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алуға өтініш берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.

      Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі жобалар бойынша өтініштерді қарау мерзімі:

      СЖТ және техникалық шарттарды беруге өтінішті берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды;

      бастапқы беру материалдарын (СЖТ, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алуға өтініш берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш берген күннен бастап 17 (он жеті) жұмыс күнінен аспайды.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.05.2016 № 224 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Өтініш беруші бас тарту алған жағдайда, ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің ескертулерін жойғаннан кейін қайта өтініш "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы береді.

      Мұндай жағдайда бұрын болған, бірақ көрсетілмеген негіздер бойынша қайталап бас тартуға жол берілмейді.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-параграф. Құрылыстың эскизін (эскиздік жобасын) келісу

      38. Бастапқы материалдарды және эскизді (эскиздік жобаны) алғаннан кейін өтініш беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы оны ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне өтініш беру арқылы келісуді жүзеге асырады.

      Өтінішке мыналар қоса беріледі:

      1) эскиз (эскиздік жоба) (құрамы мен мазмұны осы Қағидаларға 5-қосымшада жазылған).

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      39. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес құрамдағы және мазмұндағы эскиздерді (эскиздік жобаларды) ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі қарайды және келіседі.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі өтінім берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі жағдайда дәлелді бас тартуды жолдайды.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41-1. Эскиз (эскиздік жобасы) құрамы мен мазмұны осы Қағидаларға 5-қосымшаға, мақсатына, негізгі параметрлеріне, объектінің нақты жер учаскесінде орналасуына және көшелерді, орамдарды және тұрғын үй алаптарын салудың сәулет-көркем колористикасына сәйкес түсіне қатысты шешімге қойылатын талаптар кешеніне ауытқуларына сәйкес болуы қажет.

      Ескерту. Ереже 41-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42. Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден бас тартылған жағдайда, өтініш берушіге жою үшін нақты ескертулер мен себептері көрсетілген дәлелді бас тарту туралы шешім беріледі.

      Өтініш беруші ескертулерді жойғаннан кейін қайта өтініш береді.

      Бұрын болған, бірақ көрсетілмеген негіздер бойынша кейіннен бас тартудың болуы мүмкін емес.

      43. Өтінішті қарау және нобайды (нобайлық жобаны) келісу не дәлелді бас тартуды беру мерзімі – өтініш берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күн.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      44. Эскизді (эскиздік жобаны) келіскеннен кейін ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі келісілген эскизді (эскиздік жобаны) тіркеуді және деректер базасына енгізуді жүргізеді, сондай-ақ өтініш берушіге келісім-хат "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы береді.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-параграф. Елді мекеннің аумағындағы инженерлік желілер мен құрылыстарды жобалау ерекшеліктері

      45. Объектілердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін таратушы және алаңішілік инженерлік желілерді, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың ішкі желілерін жобалауды, ұзақтығына қарамастан, елді мекеннің инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлердің техникалық шарттарына және ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі берген СЖТ-ға сәйкес құрылыс салушылардың (тапсырыс берушілердің) тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.

      46. Инженерлік желілер мен құрылыстардың жобалары барлық сатыларда және барлық түрлерінде толыққанды және жергілікті координаттар жүйесінде, Балтық биіктік жүйесінде түзетілген топографиялық түсірілімде (қолданылу мерзімі 1 жылдан аспайды) орындалады.

      47. Жобалау құжаттамасын әзірлеу, магистральдық коммуникацияларды, инженерлік инфрақұрылымның бас құрылыстарын салу, пайдалану және кейін кәдеге жарату кезінде, сондай-ақ аумақтарды инженерлік дайындау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде шекаралас аумақтардың мүдделерін ескеретін және аумақ пен онда тұратын халыққа қауіпті (зиянды) құбылыстар мен процестердің әсер ету мүмкіндігін болдырмайтын шешімдер қабылдануы тиіс.

      48. Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті берушiлер берген техникалық шарттарға сәйкес әзірленген сыртқы инженерлік желілер мен құрылыстардың жобалары инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті берушiлермен келісуге жатпайды.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      49. Сараптама ұйымдарының жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын бергеннен кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей жобалау құжаттаманы (сметалық бөліксіз) ұсынуы арқылы мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасына енгізіледі.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-параграф. Реконструкциялау, қайта жабдықтау және қайта жоспарлау кезінде
бастапқы материалдар, рұқсат беру құжаттарын беру және эскизді (эскиздік жобаны)
келісу тәртібі мен мерзімдері

      50. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 3-пакетті алу үшін бастапқы материалдарды / сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды / тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) арналған бастапқы материалдарды ұсыну туралы өтініш ЖАО-ның атына "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мынадай қосымшалармен беріледі:

      1) тұрғын үйдің үй-жайлары (пәтерлері) меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігінің жазбаша келісімі немесе, егер өзгерістер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін қозғаған жағдайда, тұрғын үйдің үй-жайлары (пәтерлер) меншік иелерінің жиналыс хаттамасы (тұрғынжайға қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты болған жағдайда кресло-арбамен қозғалатын тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға талап етілмиді);

      2) өзгертілетін үй-жайдың техникалық паспорты (болған жағдайда);

      3) сауалнама парағы (инженерлік және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосу және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда);

      4) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат (егер реконструкциялау жер учаскесін қосымша бөлуді (кесіп беруді) көздейтін болса) ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорында тіркелмеген жағдайда");

      5) техникалық жоба (құрамы мен мазмұны осы Қағидаларға 5-қосымшада жазылған);

      6) егер жобалаушы техникалық жобада үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтынын көрсеткен жағдайда, егер жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі қосымша қоса беріледі (тұрғынжайға қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты болған жағдайда кресло-арбамен қозғалатын тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға талап етілмиді).

      Өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлардың (үй бөліктерінің) меншік иелерінің мүдделері, егер үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлардың (үй бөліктерінің) бірлескен шекарасын қозғаған жағдайда, сондай-ақ, тұру кезінде санитариялық, экологиялық, өртке қарсы шарттар нашарлаған жағдайларда ескеріледі. Өзге жағдайларда өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлардың (үй бөліктерінің) меншік иелерінің бас тартуына жол берілмейді.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      51. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      52. ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі қоса берілген құжаттарды жоспарланған құрылыстың бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту және салу схемасына сәйкестігін қарайды.

      Жоспарланған құрылыс бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту және салу схемасына сәйкес келген жағдайда, тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) арналған шешімді, СЖТ (осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) дайындайды.

      Өтініш беруші сауалнама парағын берген кезде ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды алу үшін оны инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге жібереді.

      Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер сауалнама парағы мен ахуалдық схеманы алған күннен бастап, сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды әзірлеп, ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне мынадай мерзімдерде жібереді:

      техникалық және (немесе) технологиялық күрделі емес объектілер үшін 2 (екі) жұмыс күн;

      техникалық және (немесе) технологиялық күрделі емес объектілер үшін 5 (бес) жұмыс күн;

      сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды беруден дәлелді бас тарту үшін 2 (екі) жұмыс күн.

      Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды беруден:

      1) көрсетілетін қызметтердің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуат болмаған;

      2) көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті желілер немесе өзге де мүлік болмаған жағдайларда бас тартуға жол беріледі.

      Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды беруден бас тартқан жағдайда, техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге қызметтерді ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуатының тапшылығы, желілердің немесе өзге де мүліктің болмауы туралы дәлелді негіздемені есептеулермен қоса береді.";

      ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер ұсынған техникалық шарттар мен сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасының негізінде сыртқы инженерлік желілер трассасының схемасын дайындайды.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53. Өтінішті қарау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күн.

      Дәлелді бас тарту – 5 (бес) жұмыс күн.

      Дәлелді бас тартуда себептер мен жоюға арналған нақты ескертулер көрсетіледі.

      Бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) жалғандығын анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53-1. Бір реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасына қайта өтініш берілген кезде бұрын берілген бастапқы материалдар /сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттар / тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) арналған бастапқы материалдар беріледі.

      Ескерту. 5-параграф 53-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53-2. Заңның 17-бабында белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттарды, ережелерді, шектеулердi) бұзуға жол берген оның субъектiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Бұзушылық анықталған жағдайда ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына субъектінің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзғаны туралы хабарландыру жолдайды және бұл жөнінде өтініш берушіні хабардар етеді.

      Ескерту. 5-параграф 53-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53-3. Лицензиялары бар тұлғалар орындаған техникалық жобада қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларының (жекелеген бөліктерінің) мақсатына қойылатын талаптардың, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарының кешені қарастырылуы тиіс.

      Ескерту. 5-параграф 53-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      54. ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі әзірленген құжаттарды өтініш берушіге ұсыну үшін "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жібереді.

      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      55. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш беруші мынадай құжаттардың электрондық көшірмелерды алады:

      1) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы ЖАО-ның шешімі;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ;

      3) техникалық шарттар және сыртқы инженерлік желілер трассасының схемалары (өтініш беруші сауалнама парағын берген кезде).

      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      56. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      57. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      58. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      59. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      60. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      61. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      62. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      63. Тіреу конструкцияларын қозғамайтын жағдайларды қоспағанда, реконструкциялау (қайта жабдықтау, қайта жоспарлау) жобалары бойынша міндетті сараптамаға жататын жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы әзірленеді.

      Көрсетілген жағдайларда жобаны іске асыру жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстары сараптаманың оң қорытындысын алған кейін ғана жүзеге асырылады.

      Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеудің алдында тапсырыс беруші аттестатталған сарапшыларды тарта отырып, қолданыстағы үй-жай, ғимарат немесе құрылыс конструкцияларының физикалық жай-күйіне, сенімділігі мен тұрақтылығына техникалық зерттеп тексеру жүргізіледі.

4-тарау. Жеке тұрғын үй құрылысы

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      64. Жеке тұрғын үй құрылысы (бұдан әрі - ЖТҚ) үшін жер учаскесін беру нормалары Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабына сәйкес белгіленеді.

      65. ЖТҚ үшін бөлінген алаңдар, елді мекеннің бекітілген бас жоспарына, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына және елді мекеннің құрылыс салу жобасына сәйкес орналастырылады.

      66. ЖТҚ аумақтарын жоспарлау және құрылысын салу Заңға сәйкес жүргізіледі.

      Жеке тұрғын үй құрылысының аудандары мен орамдарын жобалау және салу қызмет көрсету мекемелері мен кәсіпорындарын орналастыра, қажетті инженерлік-көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз ете отырып, кешенді түрде жүзеге асырылады.

      67. Жеке тұрғын үйлерді жобалау және салу қала құрылысы құжаттамасына және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерге қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.

      68. Жеке тұрғын үй құрылысы арнайы жобалық шешімдерді және оларды іске асыру кезінде іс-шараларды талап ететін сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар аймақтарда орналасқан екі қабаттан биік жеке тұрғын үй құрылысын қоспағанда, ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен келісілген эскизге (эскиздік жобаға) сәйкес жүзеге асырылады.

      Сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар аймақтарда орналасқан екі қабаттан биік жеке тұрғын үй құрылысы міндетті сараптамаға жататын жобалау құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      69. Белгіленген тәртіппен бекітіліп берілген жер учаскесінде орналасқан, тұрғын үйдің және басқа да құрылыстардың көлемін олардың сыртқы габариттері (оның ішінде биіктігі) осы құрылыстар, сондай-ақ шектес жер учаскелеріндегі құрылыстар арасында белгіленген міндетті нормативтік, санитариялық, өртке қарсы және техникалық айырмашылықтарды қамтамасыз еткен жағдайда жеке құрылыс салушы дербес белгілейді.

5-тарау. Құрылыс

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      70. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз құрылыс салуға жол берілмейді.

      71. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарды құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзудің басталғаны жөнінде хабардар етеді.

      77-1. Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) кезінде меншік иесі салынған объектіні пайдалануға беру актісінің бұрын берілген техникалық жобаға сәйкестігін жобалаушымен дербес келісім жүргізеді.

      Ескерту. 5-тарау 77-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      72. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      73. Объектілердің құрылысы, Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда:

      авторлық және техникалық қадағалаулардың міндетті сүйемелденуімен;

      белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      74. Заңның 60-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, орындалатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының қала құрылысы регламенттеріне, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкестігін бақылауды мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органы жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау тексерулер түрінде және өзге де түрлерде жүзеге асырылады. Тексерулер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізіледі.

      75. Құрылыс алаңында дайындық жұмыстарын жүзеге асырған кезде құрылыс объектісінің паспорты бар маңдайша жазу орнатылады, онда тапсырыс берушілер, мердігерлер, жоба авторлары, авторлық қадағалау мен техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат, жүргізілетін құрылыс-монтаждау жұмыстары туралы (оның ішінде құрылыстың басталу және аяқталу мерзімдері туралы) мәліметтер көрсетіледі. Осы талап ЖТҚ құрылысын салу жағдайларына қолданылмайды.

6. Құрылысы аяқталған объектілерді қабылдау

      76. Салынған объектiлердi пайдалануға қабылдау Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексімен және Заңмен реттеледі.

      77. Салынған объектi бекiтiлген жобаға сәйкес толық әзiр болған жағдайда және сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды болған және орындалған жұмыстар бекітілген жобаға сәйкес келген жағдайда тапсырыс беруші оны пайдалануға қабылдауды жүргiзедi.

      78. Қолданыстағы заңнамаға және бекітілген жобаға сәйкес кіреберіс есігі мен терезе блоктары (толтыру) орнатылған, ішкі әрлеу жұмыстары аяқталған, қабырғалары мен төбелері сыланған және тегістелген (ішкі қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру жұмыстарынсыз), еден жабынын салу бойынша төсем салынған (таза едендер салусыз), электр кабельдері мен сымдарын өткізу көзделген, пәтер ішіндегі бөлу автоматтары орнатылған (тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық аспаптарсыз, газды немесе электрлі ас үй плиталарсыз), аспаптарды орнату орындарына дейін жапқыш арматурасы мен тығындары бар су өткізу және кәріз құбырлары жүргізілген (санитариялық-техникалық жабдық пен аспаптар орнатусыз), сондай-ақ тұтынылған коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптары (үйге ортақ және жеке) орнатылған, жылыту аспаптары мен терезелік жақтау тақтайлары орнатылған, сондай-ақ, егер шартта немесе қолданыстағы заңнамада өзгеше көзделмесе, атап көрсетілгеннен асатын көлемдердегі өзге де жұмыстар орындалып салынған объектілердің (кешендердің) жай-күйі толық әзірлік деп түсініледі.

      Бұл ретте ішкі әрлеу (қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру) жұмыстары аяқталған, таза едендер салынған, санитариялық-техникалық жабдық пен аспаптар, тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық аспаптар, газды немесе электрлі ас үй плиталары, тұтынылған коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптары (үйге ортақ және жеке) және пәтерішілік есік блоктары орнатылып салынған объектілердің жай-күйі мемлекеттiк инвестициялардың қатысуымен салынған тұрғын үй объектілерінің толық әзірлігі деп түсініледі.

      Егер бекітілген жобада осылар көзделген жағдайларда, кейін сатып алушылардың мүмкіндіктері мен тілектері ескеріле отырып орындалатын ішкі қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру, таза едендер салу, санитариялық-техникалық жабдық пен аспаптар, тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық аспаптар, газды және электрлі ас үй плиталарын, пәтерішілік есік блоктарын орнату жұмыстарынсыз қоғамдық ғимараттар толық әзір объектілерге жатқызылады.

      Бұл ретте объект (кешен) бойынша сыртқы әрлеу жұмыстары, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын үй-жайлардағы (ғимарат бөліктеріндегі) ішкі әрлеу және монтаждау жұмыстары осы талаптарға сәйкес толық көлемде орындалады.

      79. Объектіні пайдалануға қабылдау актісін бекітпей объектіні пайдалануға қабылдауға жол берілмейді.

      80. ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінде есепке алынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк органда объектiнi тiркеу үшiн негiз болып табылады.

      Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.05.2016 № 224 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      80-1. Объектіні пайдалануға қабылдау актілерін жүргізу және есепке алу тәртібі Заңның 75-1-бабымен регламенттеледі.

      Бұл ретте, меншiк иесi пайдалануға дербес қабылдайтын объектiлерге қатысты:

      1) мемлекеттік корпорация өтініш берушіден меншiк иесiнің объектіні пайдалануға дербес қабылдаудың бекітілген актісін алған кезден бастап бір күн ішінде объекті орналасқан жердегі сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне объектіні пайдалануға дербес қабылдаудың бекітілген актісін жолдайды;

      2) тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі бір жұмыс күн ішінде меншiк иесiнің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалған рәсімдерді сақтауын салыстырып тексереді және пайдалануға қабылдау актісін есепке алуды жүргізеді.

      Бұзушылықтар анықталған кезде Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ол туралы тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.

      3) бұзушылықтар болмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ол туралы тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.

      Ескерту. 6-тарау 80-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      81. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7. Қағидалардың ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік

      82. Осы Қағидалардың ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

  Құрылыс саласындағы құрылыс
салуды ұйымдастыру және
рұқсат беру рәсімдерінен
өту қағидаларына
1-қосымша
  нысан
  ____________________________
____________________________
____________________________

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну / тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдар алу туралы өтініш

      Өтініш берушінің аты: ___________________________________________________________

      (Жеке тұлғаның тегі, аты, болса – әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы)

      Мекенжайы: ___________________________________________________________________

      Телефоны:______________________________________________________________________

      Тапсырыс беруші: _______________________________________________________________

      Жобаланатын объектінің атауы:___________________________________________________

      Жобаланатын объектінің мекенжайы:______________________________________________

      Сізден


1- пакет. Жаңа құрылысқа бастапқы материалдар (сәулет-жоспарлау тапсырмасын (бұдан әрі – СЖТ), тік жоспарлау белгілерін, түбегейлі жоспарлау жобасынан алынған көшірмені, жолдар мен көшелердің көлденең қималарын, техникалық шарттарды (бұдан әрі –ТШ), сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларын)

2-пакет. СЖТ және ТШ

3-пакет. Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдар (тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға ЖАО шешімі), СЖТ, ТШ, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) беруіңізді сұраймын

      Сізден


1- пакет. Жаңа құрылысқа бастапқы материалдар (СЖТ, тік жоспарлау белгілерін, түбегейлі жоспарлау жобасынан алынған көшірмені, жолдар мен көшелердің көлденең қималарын, ТШ, сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларын)

2-пакет. СЖТ және ТШ

3-пакет. Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдар (тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға ЖАО шешімі), СЖТ, ТШ, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) дубликатты беруіңізді сұраймын

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған. заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      күні: 20__ жылғы "__" _______________

      Тапсырды: __________________________

      қолы

  Құрылыс саласындағы құрылыс
салуды ұйымдастыру және
рұқсат беру рәсімдерінен
өту қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы

Тапсырыс беруші

-

Объектінің атауы

-

Нормалар бойынша құрылыс салу мерзімі

-

Объектіге (реконструкциялауға) құқық белгілейтін құжаттар

-

Қабаттылығы

-

Ғимараттың алаңы

-

Пәтерлер (нөмірлер, кабинеттер) саны

-


Электрмен жабдықтау
Кезек бойынша құрылыс салу барысында қосымша
Реконструкциялау барысында

Талап етілетін қуаты, кВт

-

Жүктеме сипаты (фаза)

Бір фазалы, үш фазалы, тұрақты, уақытша, маусымдық

Сенімділігі бойынша санаты

I санат___кВт (кВА),
II санат ___кВт (кВА),
III санат___кВт (кВА)

Пайдалануға берілгеннен кейін жылдар бойынша ең жоғарғы жүктеме (қолданыстағы жүктемені ескере отырып үдемелі қорытындымен)


20__ж.____кВт, 20__ж.____кВт, 20__ж.____кВт

көрсетілген ең жоғарғы жүктемеден мыналар электр қабылдағыштарға жатады:


I санат___кВт (кВА),
II санат ___кВт (кВА),
III санат___кВт (кВА)

Электр қазандарын, электрокалориферлерді, электр плиталарын, электр пештерін, электр су қыздырғыштарды орнату болжанады (қажеттісінің астын сызыңыз)

саны ___ дана, бірліктік қуаты
_____ кВт (кВА)

Қолданыстағы ең жоғарғы жүктеме

-

Трансформаторлардың шарт бойынша рұқсат етілген қуаты

№ _________ТЖ-да ______ ТЖ-да кВА
№ _________ТЖ-да ______ ТЖ-да кВА


Сумен жабдықтау

Судың жалпы қажеттілігі

____

м3/тәулік

____

м3/сағ.
ауыз суы

____

л/сек. ең жоғарғы

оның ішінде







Шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне

____

м3/тәулік

____

м3/сағ.

____

л/сек. ең жоғарғы

Өндірістік қажеттіліктерге


м3/тәулік


м3/сағ.

____

л/сек. ең жоғарғы

Өрт сөндіруге қажетті шығыстар

____

л/сек.

Кәріз

Сарқынды сулардың жалпы мөлшері

____

м3/тәулік

____

м3/сағ. ең жоғарғы

оның ішінде





Нәжіспен ластанған


м3/тәулік

____

м3/сағ. ең жоғарғы

Өндірістік ластанған


м3/тәулік


м3/сағ. ең жоғарғы

Қала кәрізіне шығарылатын шартты таза сулар

____

м3/тәулік

____

м3/сағ. ең жоғарғы


Өнеркәсіптік сарқынды сулардың сапалық құрамы мен сипаттамалары (рН, өлшенген заттардың, қышқылдардың, сілтілердің, жарылғыш, радиактивтік жанатын заттардың және басқалары концентрациясының БГ)

Жылумен жабықтау

Жалпы жылу жүктемесі

____Гкал/сағ.


оның ішінде:

Жылыту

____ Гкал/сағ.

Желдету

____ Гкал/сағ.

Ыстық сумен жабдықтау

____ Гкал/сағ.

Технологиялық қажеттіліктер (бу)

____ т/сағ.

Жүктемені тұрғын үйлер және жапсарлас салынған үй-жайлар бойынша бөлу

-

Энергия үнемдеу іс-шарасы

-

Нөсерлік кәріз

Тапсырыс берушінің қалауы

-

Телефон орнату

Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар бойынша ОТА және қызметтер саны

-

Телефон сыйымдылығы

-

Жоспарланатын телефон арнасы

-

Тапсырыс берушінің қалауы (жабдықтың түрі, кабель түрі және т.б.)

-

Газбен жабдықтау

Жалпы қажеттілік

____м3/сағ.


оның ішінде:

Тамақ әзірлеуге

____м3/сағ.

Жылытуға

____м3/сағ.

Желдетуге

____м3/сағ.

Ауа баптауға

____м3/сағ.

Көп қабатты үйлерге газ орнату кезінде ыстық сумен жабдықтау

____м3/сағ.

      Ескертпе *

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      * Сауалнама парағын қосалқы тұтынушы берген жағдайда, ескертпеде тұтынушының қосалқы тұтынушыны оның желілеріне қосуға келісімі көрсетіледі. Бұл ретте тұтынушының келісімінде оның деректері көрсетіледі (жеке тұлғалар – қолдарын қояды, заңды тұлғалар – қолдары мен мөрлерін қояды (онын болған жағдайда)).

      Тапсырыс беруші: ______________________

      20___ жылғы "___" _______________

  Құрылыс саласындағы құрылыс
салуды ұйымдастыру және
рұқсат беру рәсімдерінен
өту қағидаларына
3-қосымша
  нысан
  "Утверждаю"
"Бекітемін"
Главный архитектор (города,
района)
(қаланың, ауданның) бас
сәулетшісі
____________________________
  Фамилия, имя, отчество (при его
наличии) (далее – ФИО)
Тегі, аты, әкесінің аты (оның
болған жағдайында) (бұдан әрі –
Т.А.Ә. )

Архитектурно – планировочное задание на проектирование (АПЗ) Жобалауға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ)

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      №_______ от "____"_____________20____ года

      №_______ 20____ жылғы "____"_____________

      Наименование объекта:______________________________________________

      Объектінің атауы:

      __________________________________________________________________

      Заказчик (застройщик, инвестор): _____________________________________

      Тапсырыс беруші (құрылыс салушы, инвестор):

      Населенный пункт, год

      Қала (елді мекен), жыл


п/п

Основание для разработки архитектурно-планировочного задания (АПЗ)
Сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) әзірлеу үшін негіздеме

Постановление акимата города (района) или правоустанавливающий документ №_______ от_________ (число, месяц, год)
Қала (аудан) әкімдігінің қаулысы немесе құқық белгілейтін құжат №_______ _________ (күні, айы, жылы)

1

Характеристика участка
Учаскенің сипаттамасы

1.1

Местонахождение участка
Учаскенің орналасқан жері

Город, район, микрорайон, аул, квартал
Қала, аудан, шағын аудан, ауыл, орам

1.2

Наличие застройки (строения и сооружения, существующие на участке, в том числе коммуникации, инженерные сооружения, элементы благоустройства и другие)
Салынған құрылыстың болуы (учаскеде бар құрылыстар мен үй салу, оның ішінде коммуникациялар, инженерлік құрылғылар, абаттандыру элементтері және басқалары)

Краткое описание
Қысқаша сипаттамасы

1.3

Геодезическая изученность (наличие съемок, их масштабы)
Геодезиялық зерделенуі (түсірілімдердің болуы, олардың масштабтары)

Краткое описание
Қысқаша сипаттамасы

1.4

Инженерно-геологическая изученность (имеющиеся материалы инженерно-геологических, гидрогеологических, почвенно-ботанических и других изысканий)
Инженерлік-геологиялық зерделенуі (инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық, топырақ-ботаникалық және басқа іздестірулердің қолда бар материалдары)

Краткое описание
Қысқаша сипаттамасы

2

Характеристика проектируемого объекта
Жобаланатын объектінің сипаттамасы

2.1

Функциональное значение объекта
Объектінің функционалдық мәні

Краткое описание
Қысқаша сипаттамасы

2.2

Этажность
Қабаттылығы

Краткое описание
Қысқаша сипаттамасы

2.3

Планировочная система
Жоспарлау жүйесі

По проекту с учетом функционального назначения объекта
Объектінің функционалдық мәнін ескере отырып, жоба бойынша

2.4

Конструктивная схема
Конструктивті схема

По проекту
Жоба бойынша

2.5

Инженерное обеспечение
Инженерлік қамтамасыз ету

Краткое описание
Қысқаша сипаттамасы

2.6

Класс энергоэффективности
Энергия тиімділік сыныбы

Нормативное с краткими описаниями
Қысқаша сипаттамалары бар нормативтік

3

Градостроительные требования
Қала құрылысы талаптары

3.1

Объемно-пространственное решение
Көлемдік-кеңістіктік шешім

Увязать со смежными по участку объектами.
Учаске бойынша іргелес объектілермен байланыстыру

3.2

Проект генерального плана:
Бас жоспар жобасы:

В соответствии ПДП, вертикальных планировочных отметок прилегающих улиц, требованиям строительных нормативных документов Республики Казахстан.
Жанасатын көшелердің тік жоспарлау белгілерінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына, Қазақстан Республикасы құрылыстық нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес

вертикальная планировка
тік жоспарлау

Увязать с высотными отметками прилегающей территории
Іргелес аумақтардың жоғары белгілерімен байланыстыру

благоустройство и озеленение
абаттандыру және көгалдандыру

Нормативное с краткими описаниями

парковка автомобилей
3 автомобильдер тұрағы

Нормативное с краткими описаниями

использование плодородного слоя почвы
топырақтың құнарлы қабатын пайдалану

Краткое описание
Қысқаша сипаттамасы

малые архитектурные формы
шағын сәулет нысандары

Краткое описание
Қысқаша сипаттамасы

освещение
жарықтандыру

Краткое описание
Қысқаша сипаттамасы

4

Архитектурные требования
Сәулет талаптары

4.1

Стилистика архитектурного образа
Сәулеттік келбетінің стилистикасы

Сформировать архитектурный образ в соответствии с функциональными особенностями объекта
Объектінің функционалдық ерекшеліктеріне сәйкес сәулеттік келбетін қалыптастыру

4.2

Характер сочетания с окружающей застройкой
Қоршап тұрған құрылыс салумен өзара үйлесімдік сипаты

В соответствии с местоположением объекта и градостроительным значением
Объектінің орналасқан жеріне және қала құрылысы мәніне сәйкес

4.3

Цветовое решение
Түсіне қатысты шешім

Согласно согласованному эскизному проекту
Келісілген эскиздік жобаға сәйкес

4.4

Рекламно-информационное решение, в том числе:
Жарнамалық-ақпараттық шешім, оның ішінде:

Предусмотреть рекламно-информационные установки согласно статье 21 Закона Республики Казахстан от 11 июля 1997 года "О языках в Республике Казахстан"
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі Заңының 21-бабына сәйкес жарнамалық-ақпараттық қондырғыларды көздеу

ночное световое оформление
түнгі жарықпен безендіру

Краткое описание
Қысқаша сипаттамасы

4.5

Входные узлы
Кіреберіс тораптар

Предложить акцентирование входных узлов
Кіреберіс тораптарға назар аударуды ұсыну

4.6

Создание условий для жизнедеятельности маломобильных групп населения
Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының өмір сүруі үшін жағдай жасау

Предусмотреть мероприятия в соответствии с указаниями и требованиями строительных нормативных документов Республики Казахстан; предусмотреть доступ инвалидов к зданию, предусмотреть пандусы, специальные подъездные пути и устройства для проезда инвалидных колясок
Іс-шараларды Қазақстан Республикасы құрылыстық нормативтік құжаттарының нұсқаулары мен талаптарына сәйкес көздеу; мүгедектердің ғимаратқа қолжетімділігін көздеу, пандустар, арнайы кірме жолдар мен мүгедектер арбаларының өту жолдарын көздеу

4.7

Соблюдение условий по звукошумовым показателям
Дыбыс-шу көрсеткіштері бойынша шарттарды сақтау

Согласно требованиям строительных нормативных документов Республики Казахстан
Қазақстан Республикасы құрылыстық нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес

5

Требования к наружной отделке
Сыртқы әрлеуге қойылатын талаптар

5.1

Цоколь
Цоколь

Краткое описание
Қысқаша сипаттамасы

5.2

Фасад
Ограждающие конструкций
Қасбет
Қоршау конструкциялары

Краткое описание
Қысқаша сипаттамасы

6

Требования к инженерным сетям
Инженерлік желілерге қойылатын талаптар

6.1

Теплоснабжение
Жылумен жабдықтау

Согласно техническим условиям (№ __и дата выдачи технических условий (далее - ТУ)
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)

6.2

Водоснабжение
Сумен жабдықтау

Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ)
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)

6.3

Канализация
Кәріз

Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ)
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)

6.4

Электроснабжение
Электрмен жабдықтау

Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ)
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)

6.5

Газоснабжение
Газбен жабдықтау

Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ)
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)

6.6

Телекоммуникации и телерадиовещания
Телекоммуникациялар және телерадиохабар

Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) и требований нормативным документам
Техникалық шарттарға (ТШ №__ және берілген күні) және нормативтік құжаттарға сәйкес

6.7

Дренаж (при необходимости) и ливневая канализация
Дренаж (қажет болған жағдайда) және нөсерлік кәріз

Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ)
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)

6.8

Стационарные поливочные системы
Стационарлы суғару жүйелері

Согласно техническим условиям (№ __ и дата выдачи ТУ)
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)

7

Обязательства, возлагаемые на застройщика
Құрылыс салушыға жүктелетін міндеттемелер

7.1

По инженерным изысканиям
Инженерлік іздестірулер бойынша

Приступать к освоению земельного участка разрешается после геодезического выноса и закрепления его границ в натуре (на местности)
Жер учаскесін игеруге геодезиялық орналастырылғаннан және оның шекарасы нақты (жергілікті жерге) бекітілгеннен кейін кірісу

7.2

По сносу (переносу) существующих строений и сооружений
Қолданыстағы құрылыстар мен имараттарды бұзу (көшіру) бойынша

В случае необходимости краткое описание
Қажет болған жағдайда қысқаша сипаттамасы

7.3

По переносу существующих подземных и надземных инженерных коммуникаций
Жер асты және жер үсті коммуникацияларын ауыстыру бойынша

Согласно техническим условиям на перенос (вынос) либо на проведения мероприятия по защите сетей и сооружений.
Ауыстыру (орналастыру) туралы техникалық шарттарға сәйкес не желілер мен құрылыстарды қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу

7.4

По сохранению и/или пересадке зеленых насаждений
Жасыл көшеттерді сақтау және/немесе отырғызу бойынша

Краткое описание
Қысқаша сипаттамасы

7.5

По строительству временного ограждения участка
Учаскенің уақытша қоршау құрылысы бойынша

Краткое описание
Қысқаша сипаттамасы

8

Дополнительные требования
Қосымша талаптар

1. При проектировании системы кондиционирования в здании (в том случае, когда проектом не предусмотрено централизованное холодоснабжение и кондиционирование) необходимо предусмотреть размещение наружных элементов локальных систем в соответствии с архитектурным решением фасадов здания. На фасадах проектируемого здания предусмотреть места (ниши, выступы, балконы и т.д.) для размещения наружных элементов локальных систем кондиционирования.
2. Применить материалы по ресурсосбережению и современных энергосберегающих технологий.
1. Ғимараттағы ауа баптау жүйесін жобалау кезінде (жобада орталықтандырылған суық сумен жабдықтау және ауа баптау көзделмеген жағдайда) ғимарат қасбеттерінің сәулеттік шешіміне сәйкес жергілікті жүйелердің сыртқы элементтерін орналастыруды көздеу қажет. Жобаланатын ғимараттың қасбеттерінде жергілікті ау баптау жүйелерінің сыртқы элементтерін орналастыруға арналған жерлерді (бөліктер, маңдайшалар, балкондар және т.б.) көздеу қажет.
2. Ресурс үнемдеу және қазіргі заманғы энергия үнемдеу технологиялары бойынша материалдарды қолдану.

9

Общие требования
Жалпы талаптар

1. При разработке проекта (рабочего проекта) необходимо руководствоваться нормами действующего законодательства Республики Казахстан в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности.
2. Согласовать с главным архитектором города (района):
- Эскизный проект.
3. Провести экспертизу проекта строительства.
4. Подать уведомление о начале строительно-монтажных работ.
5. Приемка и ввод в эксплуатацию построенного объекта ( тип приемки).
1. Жобаны (жұмыс жобасын) әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамасының нормаларын басшылыққа алуы қажет.
2. Қаланың (ауданның) бас сәулетшісімен келісу:
- эскиздік жоба.
3. Құрылыс жобасына сараптама жүргізу.
4. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғандығы туралы хабарлама беру.
5. Салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру. (қабылдау түрі).

      Примечания:

      Ескертпелер:

      1. АПЗ и ТУ действуют в течение всего срока нормативной продолжительности строительства, утвержденного в составе проектной (проектно-сметной) документации.

      СЖТ және ТТ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың құрамында бекітілген құрылыстың бүкіл нормативтік ұзақтығының мерзімі шегінде қолданылады.

      2. В случае возникновения обстоятельств, требующих пересмотра условий АПЗ, изменения в него вносятся по согласованию с заказчиком.

      СЖТ шарттарын қайта қарауды талап ететін жағдайлар туындаған кезде, оған өзгерістерді тапсырыс берушінің келісімі бойынша енгізілуі мүмкін.

      3. Требования и условия, изложенные в АПЗ, обязательны для всех участников инвестиционного процесса независимо от форм собственности и источников финансирования.

      СЖТ-да жазылған талаптар мен шарттар меншік нысанына және қаржыландыру көздеріне қарамастан инвестициялық процестің барлық қатысушылары үшін міндетті.

      4. Несогласие заказчика с требованиями, содержащимися в АПЗ, обжалуется в судебном порядке.

      Тапсырыс берушінің СЖТ-да қамтылған талаптармен келіспеуі сот тәртібімен шағымдалуы мүмкін.



  Құрылыс саласындағы құрылыс
салуды ұйымдастыру және
рұқсат беру рәсімдерінен
өту қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  ____________________________
____________________________
____________________________

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Өтініш

      Өтініш берушінің атауы:___________________________________________________________

      (Жеке тұлғаның тегі, аты, болса – әкесінің аты (немесе заңды тұлғаның атауы)

      Мекенжайы:_________________________________________________________

      Телефоны:___________________________________________________________

      Тапсырыс беруші:_____________________________________________________

      Жобаланатын объектінің атауы:_________________________________________

      Жобаланатын объектінің мекенжайы:____________________________________

      Сізден эскизді (эскиздік жобаны) келісуіңізді сұраймын

      Қабылдады (қолы) ___________________

      күні: 20__ жылғы "___" ____________

      Тапсырды (қолы) _______________________

  Құрылыс саласындағы құрылыс
салуды ұйымдастыру және
рұқсат беру рәсімдерінен өту
қағидаларына 5-қосымша

Эскиздің (эскиздік жобаның), техникалық жобаның құрамы мен мазмұны

      Ескерту. Қағида 5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.02.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.10.2018 № 701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; жаңа редакцияда - 03.07.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      Тиісті лицензиясы бар жобалау ұйым әзірлеген қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақ кесіп беруді) талап ететін жаңа құрылыс объектілері үшін, сондай-ақ реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) объектілері үшін жобалау алдындағы сатыда әзірленетін эскиздің (эскиздік жобаның) құрамы мен мазмұны:

      1. 1:1000; 1:2000; 1:5000 (аталғанның бірі) масштабындағы ахуалдық жоспар;

      2. 1:500; 1:1000 (аталғанның бірі) масштабындағы объектінің бас жоспары;

      3. 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы сыртқы әрлеудің ведомосімен қоса, қасбеттер;

      4. 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы үй-жайлардың экспликациясы бар қабаттардың жоспары, бөліністер;

      5. 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы шатыр жоспары;

      6. Инженерлік желілердің жоспарлары;

      7. Ғимараттың негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, әрлеу материалдары мен қасбеттің түсіне қатысты шешімін таңдау, сондай-ақ негізгі көлемдік-жоспарлау көрсеткіштері (сыйымдылығы, өткізу қабілеті, қуаты, құрылыс көлемі, ғимараттың, құрылыс алаңының, көгалдандырылған және абаттандырылған учаске аумағының жалпы және пайдалы алаңы, әрлеу материалдары мен қасбеттің түсі) келтірілген абаттандыру мен көгалдандыру элементтері сипатталған жалпы деректер.

      Тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақ кесіп беруді) талап етілмитін реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) объектілері үшін әзірленетін техникалық жобаның құрамы мен мазмұны:

      1. Реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) дейінгі үй-жайлардың жоспарлары;

      2. Реконструкциялаудан (қайта жоспарлаудан, қайта жабдықтаудан) кейінгі үй-жайлардың жоспарлары;

      3. Қолданыстағы объектінің сыртқы бейнесі (қасбеттері) өзгерген жағдайдағы қасбет;

      4. Ғимараттардың негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, әрлеу материалдары мен қасбеттің түсіне қатысты шешімді таңдау сипатталған жалпы деректер.

      Тиісті лицензиясы бар тұлға немесе жобалау ұйымымен әзірленген елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері үшін эскиздің (эскиздік жобаның) құрамы мен мазмұны:

      1. 1:1000; 1:2000; 1:5000 (аталғанның бірі) масштабындағы ахуалдық жоспар;

      2. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің күндізгі және түнгі бейнесі;

      3. Конструктивтік шешімдер;

      4. Инженерлік қамту бойынша шешім;

      5. Негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, әрлеу материалдары мен түсіне қатысты шешімінің таңдауы сипатталған жалпы деректер.