БҰЙЫРАМЫН:
1. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 4 ақпанда жарияланды) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында:
4-тармақтың 9)-тармақшасын алып тастау;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Уақытша қондырғылар мен құрылыстарды (сауда палаткаларын (павильондарды), киоскiлердi сыртқы (көрнекі) жарнама объектiлерiн және басқа да сервис объектiлерiн) орналастыру Жер кодексінің 109-бабына сәйкес жүзеге асырылады.";
24-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24-2. Түркістан облысының Түркістан қаласын қоспағанда, жобаланып жатқан инженерлік желілерге қосылу үшін техникалық шарттарды беруге жол берілмейді.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Бастапқы материалдарды / сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттар / тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы үйлер мен ғимараттардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) арналған бастапқы материалдарды ұсыну туралы өтініш ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің атына "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мынадай құжаттарды қоса бере отырып, 1 және 2 Пакетті алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі:
1) жер учаскесіне құқығын белгілейтін құжат ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорында тіркелмеген жағдайда");
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама парағы (техникалық шарттарды алған жағдайда).
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.";
32-тармақ алынып тасталсын;
34 және 34-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"34. 1-пакетті алу үшін бастапқы материалдарды / сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды / тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) арналған бастапқы материалдарды ұсыну туралы өтінішті берген жағдайда ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі қоса берілген құжаттарды жоспарланған құрылыстың бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту және салу схемасына сәйкестігін қарайды.
Жоспарланған құрылыс бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту және салу схемасына сәйкес келген жағдайда, мынадай материалдарды дайындайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ;
2) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірме;
3) тік жоспарлау белгілері;
4) жолдар мен көшелердің көлденең қималары;
5) сыртқы инженерлік желілер трассасының схемасы.
ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі дайындалған материалдарды және техникалық шарттарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жібереді.
2-ші пакетті алу үшін бастапқы материалдарды / сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттар / тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) арналған бастапқы материалдарды ұсыну туралы өтінішті берген жағдайда, ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі қоса берілген құжаттарды жоспарланған құрылыстың бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту және салу схемасына сәйкестігін қарайды.
Жоспарланған құрылыс бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту және салу схемасына сәйкес келген жағдайда, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ дайындайды.
ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі дайындалған СЖТ және техникалық шарттарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жібереді.";
34-1. ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінім берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мынадай негіздер бойынша дәлелді бас тарту жолдайды:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) жалғандығын анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
35. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш беруші мынадай құжаттарды алады:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ;
2) техникалық шарттар;
3) сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары;
4) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі;
5) тік жоспарлау белгілері;
6) жолдар мен көшелердің көлденең қималары.";
37 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Өтініш беруші бас тарту алған жағдайда, ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің ескертулерін жойғаннан кейін қайта өтініш "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы береді.
Мұндай жағдайда бұрын болған, бірақ көрсетілмеген негіздер бойынша қайталап бас тартуға жол берілмейді.";
38. Бастапқы материалдарды және эскизді (эскиздік жобаны) алғаннан кейін өтініш беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы оны ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне өтініш беру арқылы келісуді жүзеге асырады.
Өтінішке мыналар қоса беріледі:
1) эскиз (эскиздік жоба) (құрамы мен мазмұны осы Қағидаларға 5-қосымшада жазылған).
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.";
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі өтінім берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі жағдайда дәлелді бас тартуды жолдайды.";
41-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41-1. Эскиз (эскиздік жобасы) құрамы мен мазмұны осы Қағидаларға 5-қосымшаға, мақсатына, негізгі параметрлеріне, объектінің нақты жер учаскесінде орналасуына және көшелерді, орамдарды және тұрғын үй алаптарын салудың сәулет-көркем колористикасына сәйкес түсіне қатысты шешімге қойылатын талаптар кешеніне ауытқуларына сәйкес болуы қажет.";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Эскизді (эскиздік жобаны) келіскеннен кейін ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі келісілген эскизді (эскиздік жобаны) тіркеуді және деректер базасына енгізуді жүргізеді, сондай-ақ өтініш берушіге келісім-хат "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы береді.";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 3-пакетті алу үшін бастапқы материалдарды / сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды / тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) арналған бастапқы материалдарды ұсыну туралы өтініш ЖАО-ның атына "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мынадай қосымшалармен беріледі:
1) тұрғын үйдің үй-жайлары (пәтерлері) меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігінің жазбаша келісімі немесе, егер өзгерістер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін қозғаған жағдайда, тұрғын үйдің үй-жайлары (пәтерлер) меншік иелерінің жиналыс хаттамасы (тұрғынжайға қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты болған жағдайда кресло-арбамен қозғалатын тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға талап етілмиді);
2) өзгертілетін үй-жайдың техникалық паспорты (болған жағдайда);
3) сауалнама парағы (инженерлік және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосу және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда);
4) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат (егер реконструкциялау жер учаскесін қосымша бөлуді (кесіп беруді) көздейтін болса) ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорында тіркелмеген жағдайда");
5) техникалық жоба (құрамы мен мазмұны осы Қағидаларға 5-қосымшада жазылған);
6) егер жобалаушы техникалық жобада үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтынын көрсеткен жағдайда, егер жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі қосымша қоса беріледі (тұрғынжайға қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты болған жағдайда кресло-арбамен қозғалатын тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға талап етілмиді).
Өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлардың (үй бөліктерінің) меншік иелерінің мүдделері, егер үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлардың (үй бөліктерінің) бірлескен шекарасын қозғаған жағдайда, сондай-ақ, тұру кезінде санитариялық, экологиялық, өртке қарсы шарттар нашарлаған жағдайларда ескеріледі. Өзге жағдайларда өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлардың (үй бөліктерінің) меншік иелерінің бас тартуына жол берілмейді."
54- және 55-тармақтарын мынадай редакцияда жазылсын:
"54. ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі әзірленген құжаттарды өтініш берушіге ұсыну үшін "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жібереді.
55. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш беруші мынадай құжаттардың электрондық көшірмелерды алады:
1) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы ЖАО-ның шешімі;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ;
3) техникалық шарттар және сыртқы инженерлік желілер трассасының схемалары (өтініш беруші сауалнама парағын берген кезде).";
81-тармақ алынып тасталынсын;
Осы Қағиданың 1-, 2-, 3-, 4- және 5-қосымшалары осы бұйрықтың 1-, 2-, 3-, 4- және 5-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Р. Скляр |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну / тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдар алу туралы өтініш
Өтініш берушінің аты: ___________________________________________________________
(Жеке тұлғаның тегі, аты, болса – әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы)
Мекенжайы: ___________________________________________________________________
Телефоны:______________________________________________________________________
Тапсырыс беруші: _______________________________________________________________
Жобаланатын объектінің атауы:___________________________________________________
Жобаланатын объектінің мекенжайы:______________________________________________
Сізден
1- пакет. Жаңа құрылысқа бастапқы материалдар (сәулет-жоспарлау тапсырмасын (бұдан әрі – СЖТ), тік жоспарлау белгілерін, түбегейлі жоспарлау жобасынан алынған көшірмені, жолдар мен көшелердің көлденең қималарын, техникалық шарттарды (бұдан әрі –ТШ), сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларын)
2-пакет. СЖТ және ТШ
3-пакет. Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдар (тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға ЖАО шешімі), СЖТ, ТШ, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) беруіңізді сұраймын
Сізден
1- пакет. Жаңа құрылысқа бастапқы материалдар (СЖТ, тік жоспарлау белгілерін, түбегейлі жоспарлау жобасынан алынған көшірмені, жолдар мен көшелердің көлденең қималарын, ТШ, сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларын)
2-пакет. СЖТ және ТШ
3-пакет. Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдар (тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға ЖАО шешімі), СЖТ, ТШ, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) дубликатты беруіңізді сұраймын
Ақпараттық жүйелерде қамтылған. заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы
Тапсырыс беруші | - |
Объектінің атауы | - |
Нормалар бойынша құрылыс салу мерзімі | - |
Объектіге (реконструкциялауға) құқық белгілейтін құжаттар | - |
Қабаттылығы | - |
Ғимараттың алаңы | - |
Пәтерлер (нөмірлер, кабинеттер) саны | - |
Электрмен жабдықтау | Талап етілетін қуаты, кВт | - |
Жүктеме сипаты (фаза) | Бір фазалы, үш фазалы, тұрақты, уақытша, маусымдық | |
Сенімділігі бойынша санаты |
I санат___кВт (кВА), | |
Пайдалануға берілгеннен кейін жылдар бойынша ең жоғарғы жүктеме (қолданыстағы жүктемені ескере отырып үдемелі қорытындымен) | ||
20__ж.____кВт, 20__ж.____кВт, 20__ж.____кВт | ||
көрсетілген ең жоғарғы жүктемеден мыналар электр қабылдағыштарға жатады: | ||
I санат___кВт (кВА), | ||
Электр қазандарын, электрокалориферлерді, электр плиталарын, электр пештерін, электр су қыздырғыштарды орнату болжанады (қажеттісінің астын сызыңыз) |
саны ___ дана, бірліктік қуаты | |
Қолданыстағы ең жоғарғы жүктеме | - | |
Трансформаторлардың шарт бойынша рұқсат етілген қуаты |
№ _________ТЖ-да ______ ТЖ-да кВА |
Сумен жабдықтау | Судың жалпы қажеттілігі | ____ | м3/тәулік | ____ |
м3/сағ. | ____ | л/сек. ең жоғарғы | |
оның ішінде | ||||||||
Шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне | ____ | м3/тәулік | ____ | м3/сағ. | ____ | л/сек. ең жоғарғы | ||
Өндірістік қажеттіліктерге | м3/тәулік | м3/сағ. | ____ | л/сек. ең жоғарғы | ||||
Өрт сөндіруге қажетті шығыстар | ____ | л/сек. | ||||||
Кәріз | Сарқынды сулардың жалпы мөлшері | ____ | м3/тәулік | ____ | м3/сағ. ең жоғарғы | |||
оның ішінде | ||||||||
Нәжіспен ластанған | м3/тәулік | ____ | м3/сағ. ең жоғарғы | |||||
Өндірістік ластанған | м3/тәулік | м3/сағ. ең жоғарғы | ||||||
Қала кәрізіне шығарылатын шартты таза сулар | ____ | м3/тәулік | ____ | м3/сағ. ең жоғарғы | ||||
Өнеркәсіптік сарқынды сулардың сапалық құрамы мен сипаттамалары (рН, өлшенген заттардың, қышқылдардың, сілтілердің, жарылғыш, радиактивтік жанатын заттардың және басқалары концентрациясының БГ) | ||||||||
Жылумен жабықтау | Жалпы жылу жүктемесі | ____Гкал/сағ. | ||||||
оның ішінде: | ||||||||
Жылыту | ____ Гкал/сағ. | |||||||
Желдету | ____ Гкал/сағ. | |||||||
Ыстық сумен жабдықтау | ____ Гкал/сағ. | |||||||
Технологиялық қажеттіліктер (бу) | ____ т/сағ. | |||||||
Жүктемені тұрғын үйлер және жапсарлас салынған үй-жайлар бойынша бөлу | - | |||||||
Энергия үнемдеу іс-шарасы | - | |||||||
Нөсерлік кәріз | Тапсырыс берушінің қалауы | - | ||||||
Телефон орнату | Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар бойынша ОТА және қызметтер саны | - | ||||||
Телефон сыйымдылығы | - | |||||||
Жоспарланатын телефон арнасы | - | |||||||
Тапсырыс берушінің қалауы (жабдықтың түрі, кабель түрі және т.б.) | - | |||||||
Газбен жабдықтау | Жалпы қажеттілік | ____м3/сағ. | ||||||
оның ішінде: | ||||||||
Тамақ әзірлеуге | ____м3/сағ. | |||||||
Жылытуға | ____м3/сағ. | |||||||
Желдетуге | ____м3/сағ. | |||||||
Ауа баптауға | ____м3/сағ. | |||||||
Көп қабатты үйлерге газ орнату кезінде ыстық сумен жабдықтау | ____м3/сағ. |
Ескертпе *
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
* Сауалнама парағын қосалқы тұтынушы берген жағдайда, ескертпеде тұтынушының қосалқы тұтынушыны оның желілеріне қосуға келісімі көрсетіледі. Бұл ретте тұтынушының келісімінде оның деректері көрсетіледі (жеке тұлғалар – қолдарын қояды, заңды тұлғалар – қолдары мен мөрлерін қояды (онын болған жағдайда)).
Тапсырыс беруші: ______________________
20___ жылғы "___" _______________
Архитектурно – планировочное задание на проектирование (АПЗ) Жобалауға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ)
№_______ от "____"_____________20____ года
№_______ 20____ жылғы "____"_____________
Наименование объекта:______________________________________________
Объектінің атауы:
__________________________________________________________________
Заказчик (застройщик, инвестор): _____________________________________
Тапсырыс беруші (құрылыс салушы, инвестор):
Населенный пункт, год
Қала (елді мекен), жыл
№ |
Основание для разработки архитектурно-планировочного задания (АПЗ) |
Постановление акимата города (района) или правоустанавливающий документ №_______ от_________ (число, месяц, год) |
1 |
Характеристика участка | |
1.1 |
Местонахождение участка |
Город, район, микрорайон, аул, квартал |
1.2 |
Наличие застройки (строения и сооружения, существующие на участке, в том числе коммуникации, инженерные сооружения, элементы благоустройства и другие) |
Краткое описание |
1.3 |
Геодезическая изученность (наличие съемок, их масштабы) |
Краткое описание |
1.4 |
Инженерно-геологическая изученность (имеющиеся материалы инженерно-геологических, гидрогеологических, почвенно-ботанических и других изысканий) |
Краткое описание |
2 |
Характеристика проектируемого объекта | |
2.1 |
Функциональное значение объекта |
Краткое описание |
2.2 |
Этажность |
Краткое описание |
2.3 |
Планировочная система |
По проекту с учетом функционального назначения объекта |
2.4 |
Конструктивная схема |
По проекту |
2.5 |
Инженерное обеспечение |
Краткое описание |
2.6 |
Класс энергоэффективности |
Нормативное с краткими описаниями |
3 |
Градостроительные требования | |
3.1 |
Объемно-пространственное решение |
Увязать со смежными по участку объектами. |
3.2 |
Проект генерального плана: |
В соответствии ПДП, вертикальных планировочных отметок прилегающих улиц, требованиям строительных нормативных документов Республики Казахстан. |
вертикальная планировка |
Увязать с высотными отметками прилегающей территории | |
благоустройство и озеленение | Нормативное с краткими описаниями | |
парковка автомобилей | Нормативное с краткими описаниями | |
использование плодородного слоя почвы |
Краткое описание | |
малые архитектурные формы |
Краткое описание | |
освещение |
Краткое описание | |
4 |
Архитектурные требования | |
4.1 |
Стилистика архитектурного образа |
Сформировать архитектурный образ в соответствии с функциональными особенностями объекта |
4.2 |
Характер сочетания с окружающей застройкой |
В соответствии с местоположением объекта и градостроительным значением |
4.3 |
Цветовое решение |
Согласно согласованному эскизному проекту |
4.4 |
Рекламно-информационное решение, в том числе: |
Предусмотреть рекламно-информационные установки согласно статье 21 Закона Республики Казахстан от 11 июля 1997 года "О языках в Республике Казахстан" |
ночное световое оформление |
Краткое описание | |
4.5 |
Входные узлы |
Предложить акцентирование входных узлов |
4.6 |
Создание условий для жизнедеятельности маломобильных групп населения |
Предусмотреть мероприятия в соответствии с указаниями и требованиями строительных нормативных документов Республики Казахстан; предусмотреть доступ инвалидов к зданию, предусмотреть пандусы, специальные подъездные пути и устройства для проезда инвалидных колясок |
4.7 |
Соблюдение условий по звукошумовым показателям |
Согласно требованиям строительных нормативных документов Республики Казахстан |
5 |
Требования к наружной отделке | |
5.1 |
Цоколь |
Краткое описание |
5.2 |
Фасад |
Краткое описание |
6 |
Требования к инженерным сетям | |
6.1 |
Теплоснабжение |
Согласно техническим условиям (№ __и дата выдачи технических условий (далее - ТУ) |
6.2 |
Водоснабжение |
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) |
6.3 |
Канализация |
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) |
6.4 |
Электроснабжение |
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) |
6.5 |
Газоснабжение |
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) |
6.6 |
Телекоммуникации и телерадиовещания |
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) и требований нормативным документам |
6.7 |
Дренаж (при необходимости) и ливневая канализация |
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) |
6.8 |
Стационарные поливочные системы |
Согласно техническим условиям (№ __ и дата выдачи ТУ) |
7 |
Обязательства, возлагаемые на застройщика | |
7.1 |
По инженерным изысканиям |
Приступать к освоению земельного участка разрешается после геодезического выноса и закрепления его границ в натуре (на местности) |
7.2 |
По сносу (переносу) существующих строений и сооружений |
В случае необходимости краткое описание |
7.3 |
По переносу существующих подземных и надземных инженерных коммуникаций |
Согласно техническим условиям на перенос (вынос) либо на проведения мероприятия по защите сетей и сооружений. |
7.4 |
По сохранению и/или пересадке зеленых насаждений |
Краткое описание |
7.5 |
По строительству временного ограждения участка |
Краткое описание |
8 |
Дополнительные требования |
1. При проектировании системы кондиционирования в здании (в том случае, когда проектом не предусмотрено централизованное холодоснабжение и кондиционирование) необходимо предусмотреть размещение наружных элементов локальных систем в соответствии с архитектурным решением фасадов здания. На фасадах проектируемого здания предусмотреть места (ниши, выступы, балконы и т.д.) для размещения наружных элементов локальных систем кондиционирования. |
9 |
Общие требования |
1. При разработке проекта (рабочего проекта) необходимо руководствоваться нормами действующего законодательства Республики Казахстан в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности. |
Примечания:
Ескертпелер:
1. АПЗ и ТУ действуют в течение всего срока нормативной продолжительности строительства, утвержденного в составе проектной (проектно-сметной) документации.
СЖТ және ТТ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың құрамында бекітілген құрылыстың бүкіл нормативтік ұзақтығының мерзімі шегінде қолданылады.
2. В случае возникновения обстоятельств, требующих пересмотра условий АПЗ, изменения в него вносятся по согласованию с заказчиком.
СЖТ шарттарын қайта қарауды талап ететін жағдайлар туындаған кезде, оған өзгерістерді тапсырыс берушінің келісімі бойынша енгізілуі мүмкін.
3. Требования и условия, изложенные в АПЗ, обязательны для всех участников инвестиционного процесса независимо от форм собственности и источников финансирования.
СЖТ-да жазылған талаптар мен шарттар меншік нысанына және қаржыландыру көздеріне қарамастан инвестициялық процестің барлық қатысушылары үшін міндетті.
4. Несогласие заказчика с требованиями, содержащимися в АПЗ, обжалуется в судебном порядке.
Тапсырыс берушінің СЖТ-да қамтылған талаптармен келіспеуі сот тәртібімен шағымдалуы мүмкін.
Өтініш
Өтініш берушінің атауы:___________________________________________________________
(Жеке тұлғаның тегі, аты, болса – әкесінің аты (немесе заңды тұлғаның атауы)
Мекенжайы:_________________________________________________________
Телефоны:___________________________________________________________
Тапсырыс беруші:_____________________________________________________
Жобаланатын объектінің атауы:_________________________________________
Жобаланатын объектінің мекенжайы:____________________________________
Сізден эскизді (эскиздік жобаны) келісуіңізді сұраймын
Қабылдады (қолы) ___________________
күні: 20__ жылғы "___" ____________
Тапсырды (қолы) _______________________
Эскиздің (эскиздік жобаның), техникалық жобаның құрамы мен мазмұны
Тиісті лицензиясы бар жобалау ұйым әзірлеген қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақ кесіп беруді) талап ететін жаңа құрылыс объектілері үшін, сондай-ақ реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) объектілері үшін жобалау алдындағы сатыда әзірленетін эскиздің (эскиздік жобаның) құрамы мен мазмұны:
1. 1:1000; 1:2000; 1:5000 (аталғанның бірі) масштабындағы ахуалдық жоспар;
2. 1:500; 1:1000 (аталғанның бірі) масштабындағы объектінің бас жоспары;
3. 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы сыртқы әрлеудің ведомосімен қоса, қасбеттер;
4. 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы үй-жайлардың экспликациясы бар қабаттардың жоспары, бөліністер;
5. 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы шатыр жоспары;
6. Инженерлік желілердің жоспарлары;
7. Ғимараттың негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, әрлеу материалдары мен қасбеттің түсіне қатысты шешімін таңдау, сондай-ақ негізгі көлемдік-жоспарлау көрсеткіштері (сыйымдылығы, өткізу қабілеті, қуаты, құрылыс көлемі, ғимараттың, құрылыс алаңының, көгалдандырылған және абаттандырылған учаске аумағының жалпы және пайдалы алаңы, әрлеу материалдары мен қасбеттің түсі) келтірілген абаттандыру мен көгалдандыру элементтері сипатталған жалпы деректер.
Тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақ кесіп беруді) талап етілмитін реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) объектілері үшін әзірленетін техникалық жобаның құрамы мен мазмұны:
1. Реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) дейінгі үй-жайлардың жоспарлары;
2. Реконструкциялаудан (қайта жоспарлаудан, қайта жабдықтаудан) кейінгі үй-жайлардың жоспарлары;
3. Қолданыстағы объектінің сыртқы бейнесі (қасбеттері) өзгерген жағдайдағы қасбет;
4. Ғимараттардың негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, әрлеу материалдары мен қасбеттің түсіне қатысты шешімді таңдау сипатталған жалпы деректер.
Тиісті лицензиясы бар тұлға немесе жобалау ұйымымен әзірленген елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері үшін эскиздің (эскиздік жобаның) құрамы мен мазмұны:
1. 1:1000; 1:2000; 1:5000 (аталғанның бірі) масштабындағы ахуалдық жоспар;
2. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің күндізгі және түнгі бейнесі;
3. Конструктивтік шешімдер;
4. Инженерлік қамту бойынша шешім;
5. Негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, әрлеу материалдары мен түсіне қатысты шешімінің таңдауы сипатталған жалпы деректер.