РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Қала құрылысы талаптары";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Жоба алды рәсімдері және жобалау";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқығы негізінде және келесі кезеңдерде жүзеге асырылады:
1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу;
2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу
3) жобалау-сметалық құжаттамасын (бұдан әрі – жобалау) әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан (бұдан әрі – сараптама) өткізу;
4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;
5) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.
Екі қабаттан жоғары емес жеке тұрғын үйлерді және жеке үй жанындағы учаскелерде орналасатын уақытша құрылыстарды (шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар) салу кезінде құрылыс жобаларын жобалау және сараптау талап етілмейді.";
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
"22-1. Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы үйлер мен ғимарттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жөніндегі жобаларды іске асыру келесі кезеңдерде жүзеге асырылады:
1) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды алу;
2) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін жобаларды жобалау және сараптау;
3) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;
4) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.
Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей қолданыстағы үйлер мен ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) лицензиясы бар тұлғалар орындаған техникалық жоба негізінде жүзеге асырылады. ЖАО-ның шешімін алу, жобалау және сараптамадан өту талап етілмейді.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдар мыналарды қамтиды:
1) сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі – СЖТ);
2) техникалық шарттар (өтініш берушінің инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағын (бұдан әрі – техникалық шарттар);
3) жолдар мен көшелердің көлденең қималары;
4) тік жоспарлау белгілері;
5) түбегейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірме;
6) сыртқы инженерлік желілер трассасының схемасы.";
мынадай мазмұндағы 24-1 және 24-2-тармақтармен толықтырылсын:
"24-1. Қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдар мыналарды қамтиды:
1) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы ЖАО-ның шешімі;
2) СЖТ;
3) сауалнама парағын (сауалнама парағын беру кезінде);
4) сыртқы инженерлік желілер трассасының схемасы (өтініш берушінің сауалнама парағын беру кезінде).
24-2. Жобаланып жатқан инженерлік желілерге қосылу үшін техникалық шарттарды беруге жол берілмейді.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. СЖТ мен техникалық шарттар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының барлық мерзімі ішінде қолданылады.
Реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) ЖАО-ның шешімі объектіні пайдалануға енгізгенге дейін қолданылады.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Бастапқы материалдарды / сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттар / тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы үйлер мен ғимараттардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) арналған бастапқы материалдарды ұсыну туралы өтініш ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің атына "электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі:
1) жер учаскесіне құқығын белгілейтін құжат ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорында тіркелмеген жағдайда");
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама парағы (техникалық шарттарды алған жағдайда);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
Егер өтінішті уәкілетті өкiлi беретін болса:
заңды тұлға үшін – өкілеттілігін растайтын құжат бойынша;
жеке тұлға үшін – нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша беріледі.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.";
31-1-тармақ алып тасталсын;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Бастапқы материалдарды / сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды/ тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) арналған бастапқы материалдарды ұсыну туралы өтінішті алғаннан кейін ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге сауалнама парағын және сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды алу үшін ахуалдық схеманы жібереді.
Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер сауалнама парағын және ахуалдық схемасын алған күннен бастап сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды дайындайды және ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне мерзімінде жібереді:
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілер үшін 2 (екі) жұмыс күні;
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер үшін 5 (бес) жұмыс күні;
сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды беруден дәлелді бас тарту үшін 2 (екі) жұмыс күні.
Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды беруден:
1) көрсетілетін қызметтердің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуат болмаған;
2) көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті желілер немесе өзге де мүлік болмаған жағдайларда бас тартуға жол беріледі.
Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды беруден бас тартқан жағдайда, техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге қызметтерді ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуатының тапшылығы, желілердің немесе өзге де мүліктің болмауы туралы дәлелді негіздемені есептеулермен қоса береді.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. 1-пакетті алу үшін бастапқы материалдарды / сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды / тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) арналған бастапқы материалдарды ұсыну туралы өтінішті берген жағдайда ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі қоса берілген құжаттарды жоспарланған құрылыстың бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту және салу схемасына сәйкестігін қарайды.
Жоспарланған құрылыс бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту және салу схемасына сәйкес келген жағдайда, мынадай материалдарды дайындайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ;
2) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірме;
3) тік жоспарлау белгілері;
4) жолдар мен көшелердің көлденең қималары;
5) сыртқы инженерлік желілер трассасының схемасы.
ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі дайындалған материалдарды және техникалық шарттарды Мемлекеттік корпорацияға не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жібереді.
2-ші пакетті алу үшін бастапқы материалдарды / сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттар / тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) арналған бастапқы материалдарды ұсыну туралы өтінішті берген жағдайда, ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі қоса берілген құжаттарды жоспарланған құрылыстың бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту және салу схемасына сәйкестігін қарайды.
Жоспарланған құрылыс бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту және салу схемасына сәйкес келген жағдайда, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ дайындайды.
ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі дайындалған СЖТ және техникалық шарттарды Мемлекеттік корпорацияға не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жібереді.";
34-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34-1. ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінім берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы немесе Мемлекеттік корпорацияға мынадай негіздер бойынша дәлелді бас тарту жолдайды:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) жалғандығын анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.";
мынадай мазмұндағы 34-2 және 34-3-тармақтармен толықтырылсын:
34-2. Бір құрылыс жобасына қайта өтініш берілген кезде бұрын берілген бастапқы материалдар /сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттар / тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) арналған бастапқы материалдар беріледі.
34-3. Заңның 17-бабында белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттарды, ережелерді, шектеулердi) бұзуға жол берген оның субъектiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Бұзушылық анықталған жағдайда ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына субъектінің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзғаны туралы хабарландыру жолдайды және бұл жөнінде өтініш берушіні хабардар етеді.";
35-1-тармағы алып тасталсын;
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Өтінішті қарау және нобайды (нобайлық жобаны) келісу не дәлелді бас тартуды беру мерзімі – өтініш берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күн.";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 3-пакетті алу үшін бастапқы материалдарды / сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды / тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) арналған бастапқы материалдарды ұсыну туралы өтініш ЖАО-ның атына "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы немесе Мемлекеттік корпорацияға мынадай қосымшалармен беріледі:
1) тұрғын үйдің үй-жайлары (пәтерлері) меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігінің жазбаша келісімі немесе, егер өзгерістер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін қозғаған жағдайда, тұрғын үйдің үй-жайлары (пәтерлер) меншік иелерінің жиналыс хаттамасы;
2) өзгертілетін үй-жайдың техникалық паспорты (болған жағдайда);
3) сауалнама парағы (инженерлік және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосу және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда);
4) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат (егер реконструкциялау жер учаскесін қосымша бөлуді (кесіп беруді) көздейтін болса) ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорында тіркелмеген жағдайда");
5) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
6) техникалық жоба (құрамы мен мазмұны осы Қағидаларға 5-қосымшада жазылған);
7) егер жобалаушы техникалық жобада үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтынын көрсеткен жағдайда, егер жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі қосымша қоса беріледі.
Егер өтінішті уәкілетті өкiлi беретін болса: заңды тұлға – өкілеттілігін растайтын құжат бойынша; жеке тұлға – нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша ұсыну қажет.
Өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлардың (үй бөліктерінің) меншік иелерінің мүдделері, егер үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлардың (үй бөліктерінің) бірлескен шекарасын қозғаған жағдайда, сондай-ақ, тұру кезінде санитариялық, экологиялық, өртке қарсы шарттар нашарлаған жағдайларда ескеріледі. Өзге жағдайларда өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлардың (үй бөліктерінің) меншік иелерінің бас тартуына жол берілмейді.";
51-тармақ алып тасталсын;
52 және 53-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"52. ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі қоса берілген құжаттарды жоспарланған құрылыстың бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту және салу схемасына сәйкестігін қарайды.
Жоспарланған құрылыс бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту және салу схемасына сәйкес келген жағдайда, тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) арналған шешімді, СЖТ (осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) дайындайды.
Өтініш беруші сауалнама парағын берген кезде ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды алу үшін оны инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге жібереді.
Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер сауалнама парағы мен ахуалдық схеманы алған күннен бастап, сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды әзірлеп, ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне мынадай мерзімдерде жібереді:
техникалық және (немесе) технологиялық күрделі емес объектілер үшін 2 (екі) жұмыс күн;
техникалық және (немесе) технологиялық күрделі емес объектілер үшін 5 (бес) жұмыс күн;
сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды беруден дәлелді бас тарту үшін 2 (екі) жұмыс күн.
Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды беруден:
1) көрсетілетін қызметтердің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуат болмаған;
2) көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті желілер немесе өзге де мүлік болмаған жағдайларда бас тартуға жол беріледі.
Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды беруден бас тартқан жағдайда, техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге қызметтерді ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуатының тапшылығы, желілердің немесе өзге де мүліктің болмауы туралы дәлелді негіздемені есептеулермен қоса береді.";
ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер ұсынған техникалық шарттар мен сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасының негізінде сыртқы инженерлік желілер трассасының схемасын дайындайды.
53. Өтінішті қарау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күн.
Дәлелді бас тарту – 5 (бес) жұмыс күн.
Дәлелді бас тартуда себептер мен жоюға арналған нақты ескертулер көрсетіледі.
Бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) жалғандығын анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.";
мынадай мазмұндағы 53-1, 53-2 және 53-3-тармақтармен толықтырылсын:
"53-1. Бір реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасына қайта өтініш берілген кезде бұрын берілген бастапқы материалдар /сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттар / тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) арналған бастапқы материалдар беріледі.
53-2. Заңның 17-бабында белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттарды, ережелерді, шектеулердi) бұзуға жол берген оның субъектiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Бұзушылық анықталған жағдайда ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына субъектінің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзғаны туралы хабарландыру жолдайды және бұл жөнінде өтініш берушіні хабардар етеді.
53-3. Лицензиялары бар тұлғалар орындаған техникалық жобада қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларының (жекелеген бөліктерінің) мақсатына қойылатын талаптардың, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарының кешені қарастырылуы тиіс.";
54 және 55-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"54. ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі әзірленген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға немесе өтініш берушіге ұсыну үшін "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жібереді.
55. Мемлекеттік корпорация өтініш берушіге мынадай құжаттарды береді:
1) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы ЖАО-ның шешімі;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ;
3) техникалық шарттар және сыртқы инженерлік желілер трассасының схемалары (өтініш беруші сауалнама парағын берген кезде).";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Жеке тұрғын үй құрылысы";
68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"68. Жеке тұрғын үй құрылысы арнайы жобалық шешімдерді және оларды іске асыру кезінде іс-шараларды талап ететін сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар аймақтарда орналасқан екі қабаттан биік жеке тұрғын үй құрылысын қоспағанда, ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен келісілген эскизге (эскиздік жобаға) сәйкес жүзеге асырылады.
Сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар аймақтарда орналасқан екі қабаттан биік жеке тұрғын үй құрылысы міндетті сараптамаға жататын жобалау құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады.";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Құрылыс";
мынадай мазмұндағы 77-1-тармақпен толықтырылсын:
"77-1. Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) кезінде меншік иесі салынған объектіні пайдалануға беру актісінің бұрын берілген техникалық жобаға сәйкестігін жобалаушымен дербес келісім жүргізеді.";
мынадай мазмұндағы 80-1-тармақпен толықтырылсын:
"80-1. Объектіні пайдалануға қабылдау актілерін жүргізу және есепке алу тәртібі Заңның 75-1-бабымен регламенттеледі.
Бұл ретте, меншiк иесi пайдалануға дербес қабылдайтын объектiлерге қатысты:
1) мемлекеттік корпорация өтініш берушіден меншiк иесiнің объектіні пайдалануға дербес қабылдаудың бекітілген актісін алған кезден бастап бір күн ішінде объекті орналасқан жердегі сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне объектіні пайдалануға дербес қабылдаудың бекітілген актісін жолдайды;
2) тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі бір жұмыс күн ішінде меншiк иесiнің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалған рәсімдерді сақтауын салыстырып тексереді және пайдалануға қабылдау актісін есепке алуды жүргізеді.
Бұзушылықтар анықталған кезде Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ол туралы тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.
3) бұзушылықтар болмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ол туралы тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.";
2. "Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларын, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16165 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 қаңтарда ҚР НҚА эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларында, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанында:
3-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) кезінде салынған объектіні пайдалануға беру актісінің бұрын берілген техникалық жобаға сәйкестігі жөнінде жобалаушымен келісім жүргізеді.";
осы Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
____________ Д. Абаев
2018 жылғы "___" __________
Бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну / тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдар алу туралы өтініш
Өтініш берушінің аты: ______________________________________________________
(Жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
Мекенжайы: ______________________________________________________________
Телефоны: ________________________________________________________________
Тапсырыс беруші: __________________________________________________________
Жобаланатын объектінің атауы: ______________________________________________
Жобаланатын объектінің мекенжайы: _________________________________________
Сізден
1- пакет (сәулет-жоспарлау тапсырмасын, тік жоспарлау белгілерін, түбегейлі жоспарлау жобасынан алынған көшірмені, жолдар мен көшелердің көлденең қималарын, техникалық шарттарды, сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларын)
2-пакет (сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды)
3-пакет (тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға ЖАО шешімі), сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) беруіңізді сұраймын
Сізден
1- пакет (сәулет-жоспарлау тапсырмасын, тік жоспарлау белгілерін, түбегейлі жоспарлау жобасынан алынған көшірмені, жолдар мен көшелердің көлденең қималарын, техникалық шарттарды, сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларын)
2-пакет (сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды)
3-пакет (тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға ЖАО шешімі), сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) дубликатты беруіңізді сұраймын
Ақпараттық жүйелерде қамтылған. заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
күні: 20__ жылғы "__" _______________
Тапсырды: _________________________
қолы
Архитектурно – планировочное задание на проектирование Жобалауға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) №_______ от "____"_____________20____ года №_______ 20____ жылғы "____"_____________
Наименование объекта: _____________________________________________________
Объектінің атауы:
__________________________________________________________________________
Заказчик (застройщик, инвестор): _____________________________________________
Тапсырыс беруші (құрылыс салушы, инвестор):
Населенный пункт, год
Қала (елді мекен), жыл
№ |
Основание для разработки архитектурно-планировочного задания (АПЗ) |
Постановление акимата города (района) или правоустанавливающий документ №_______ от_________ (число, месяц, год) |
1 |
Характеристика участка | |
1.1 |
Местонахождение участка |
Город, район, микрорайон, аул, квартал |
1.2 |
Наличие застройки (строения и сооружения, существующие на участке, в том числе коммуникации, инженерные сооружения, элементы благоустройства и другие) |
Краткое описание |
1.3 |
Геодезическая изученность (наличие съемок, их масштабы) |
Краткое описание |
1.4 |
Инженерно-геологическая изученность (имеющиеся материалы инженерно-геологических, гидрогеологических, почвенно-ботанических и других изысканий) |
Краткое описание |
2 |
Характеристика проектируемого объекта | |
2.1 |
Функциональное значение объекта |
Краткое описание |
2.2 |
Этажность |
Краткое описание |
2.3 |
Планировочная система |
По проекту с учетом функционального назначения объекта |
2.4 |
Конструктивная схема |
По проекту |
2.5 |
Инженерное обеспечение |
Краткое описание |
2.6 |
Класс энергоэффективности |
Нормативное с краткими описаниями |
3 |
Градостроительные требования | |
3.1 |
Объемно-пространственное решение |
Увязать со смежными по участку объектами. |
3.2 |
Проект генерального плана |
В соответствии ПДП, вертикальных планировочных отметок прилегающих улиц, требованиям строительных нормативных документов Республики Казахстан. |
вертикальная планировка |
Увязать с высотными отметками прилегающей территории | |
благоустройство и озеленение | Нормативное с краткими описаниями | |
парковка автомобилей | Нормативное с краткими описаниями | |
использование плодородного слоя почвы |
Краткое описание | |
малые архитектурные формы |
Краткое описание | |
Освещение |
Краткое описание | |
4 |
Архитектурные требования | |
4.1 |
Стилистика архитектурного образа |
Сформировать архитектурный образ в соответствии с функциональными особенностями объекта |
4.2 |
Характер сочетания с окружающей застройкой |
В соответствии с местоположением объекта и градостроительным значением |
4.3 |
Цветовое решение |
Согласно согласованному эскизному проекту |
4.4 |
Рекламно-информационное решение, в том числе: |
Предусмотреть рекламно-информационные установки согласно статье 21 Закона Республики Казахстан "О языках Республики Казахстан" |
ночное световое оформление |
Краткое описание | |
4.5 |
Входные узлы |
Предложить акцентирование входных узлов |
4.6 |
Создание условий для жизнедеятельности маломобильных групп населения |
Предусмотреть мероприятия в соответствии с указаниями и требованиями строительных нормативных документов РК; предусмотреть доступ инвалидов к зданию, предусмотреть пандусы, специальные подъездные пути и устройства для проезда инвалидных колясок |
4.7 |
Соблюдение условий по звукошумовым показателям |
Согласно требованиям строительных нормативных документов РК |
5 |
Требования к наружной отделке | |
5.1 |
Цоколь |
Краткое описание |
5.2 |
Фасад |
Краткое описание |
6 |
Требования к инженерным сетям | |
6.1 |
Теплоснабжение |
Согласно техническим условиям (№ __и дата выдачи технических условий (далее - ТУ) |
6.2 |
Водоснабжение |
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) |
6.3 |
Канализация |
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) |
6.4 |
Электроснабжение |
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) |
6.5 |
Газоснабжение |
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) |
6.6 |
Телекоммуникации и телерадиовещания |
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) и требований нормативным документам |
6.7 |
Дренаж (при необходимости) и ливневая канализация |
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) |
6.8 |
Стационарные поливочные системы |
Согласно техническим условиям (№ __ и дата выдачи ТУ) |
7 |
Обязательства, возлагаемые на застройщика | |
7.1 |
По инженерным изысканиям |
Приступать к освоению земельного участка разрешается после геодезического выноса и закрепления его границ в натуре (на местности) |
7.2 |
По сносу (переносу) существующих строений и сооружений |
В случае необходимости краткое описание |
7.3 |
По переносу существующих подземных и надземных инженерных коммуникаций |
Согласно техническим условиям на перенос (вынос) либо на проведения мероприятия по защите сетей и сооружений. |
7.4 |
По сохранению и/или пересадке зеленых насаждений |
Краткое описание |
7.5 |
По строительству временного ограждения участка |
Краткое описание |
8 |
Дополнительные требования |
1. При проектировании системы кондиционирования в здании (в том случае, когда проектом не предусмотрено централизованное холодоснабжение и кондиционирование) необходимо предусмотреть размещение наружных элементов локальных систем в соответствии с архитектурным решением фасадов здания. На фасадах проектируемого здания предусмотреть места (ниши, выступы, балконы и т.д.) для размещения наружных элементов локальных систем кондиционирования. |
9 |
Общие требования |
1. Жобаны (жұмыс жобасын) әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамасының нормаларын басшылыққа алуы қажет. |
Примечания:
Ескертпелер:
1. АПЗ и ТУ действуют в течение всего срока нормативной продолжительности строительства, утвержденного в составе проектной (проектно-сметной) документации.
СЖТ және ТТ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың құрамында бекітілген құрылыстың бүкіл нормативтік ұзақтығының мерзімі шегінде қолданылады.
2. В случае возникновения обстоятельств, требующих пересмотра условий АПЗ, изменения в него вносятся по согласованию с заказчиком.
СЖТ шарттарын қайта қарауды талап ететін жағдайлар туындаған кезде, оған өзгерістерді тапсырыс берушінің келісімі бойынша енгізілуі мүмкін.
3. Требования и условия, изложенные в АПЗ, обязательны для всех участников инвестиционного процесса независимо от форм собственности и источников финансирования.
СЖТ-да жазылған талаптар мен шарттар меншік нысанына және қаржыландыру көздеріне қарамастан инвестициялық процестің барлық қатысушылары үшін міндетті.
4. Несогласие заказчика с требованиями, содержащимися в АПЗ, обжалуется в судебном порядке.
Тапсырыс берушінің СЖТ-да қамтылған талаптармен келіспеуі сот тәртібімен шағымдалуы мүмкін.
АПЗ составил ___________________________________ (должность, ФИО) _________________________________ (подпись) | СЖТ жасады ________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә. ) ________________________________ (қолы) |
---|
Өтініш
Өтініш берушінің атауы:_____________________________________________________
(Жеке тұлғаның тегі, аты, болса – әкесінің аты (немесе заңды тұлғаның атауы)
Мекенжайы: ______________________________________________________________
Телефоны: ________________________________________________________________
Тапсырыс беруші: __________________________________________________________
Жобаланатын объектінің атауы: ______________________________________________
Жобаланатын объектінің мекенжайы: _________________________________________
Сізден эскизді (эскиздік жобаны) келісуіңізді сұраймын
Қабылдады (қолы) ___________________
күні: 20__ жылғы "___" ____________
Тапсырды (қолы) _______________________
Эскиздің (эскиздік жобаның), техникалық жобаның құрамы мен мазмұны
Тиісті лицензиясы бар жобалау ұйым әзірлеген Қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақ кесіп беруді) талап ететін жаңа құрылыс объектілері үшін, сондай-ақ реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) объектілері үшін жобалау алдындағы сатыда әзірленетін эскиздің (эскиздік жобаның) құрамы мен мазмұны:
1. 1:1000; 1:2000; 1:5000 (аталғанның бірі) масштабындағы ахуалдық жоспар;
2. 1:500; 1:1000 (аталғанның бірі) масштабындағы объектінің бас жоспары;
3. 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы сыртқы әрлеудің ведомосімен қоса, қасбеттер;
4. 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы үй-жайлардың экспликациясы бар қабаттардың жоспары, бөліністер;
5. 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы шатыр жоспары;
6. Инженерлік желілердің жоспарлары;
7. Ғимараттың негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, әрлеу материалдары мен қасбеттің түсіне қатысты шешімін таңдау, сондай-ақ негізгі көлемдік-жоспарлау көрсеткіштері (сыйымдылығы, өткізу қабілеті, қуаты, құрылыс көлемі, ғимараттың, құрылыс алаңының, көгалдандырылған және абаттандырылған учаске аумағының жалпы және пайдалы алаңы, әрлеу материалдары мен қасбеттің түсі) келтірілген абаттандыру мен көгалдандыру элементтері сипатталған жалпы деректер.
Тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) объектілері үшін әзірленетін техникалық жобаның құрамы мен мазмұны
1. Реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) дейінгі үй-жайлардың жоспарлары;
2.Реконструкциялаудан (қайта жоспарлаудан, қайта жабдықтаудан) кейінгі үй-жайлардың жоспарлары;
3. Қолданыстағы объектінің сыртқы бейнесі (қасбеттері) өзгерген жағдайдағы қасбет;
4. Ғимараттардың негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, әрлеу материалдары мен қасбеттің түсіне қатысты шешімді таңдау сипатталған жалпы деректер.
Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісі
________________________ 20__ жылғы "____" ____________
(елді мекеннің атауы)
Құрылыстың меншік иесі ___________________________________________________
________________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тұрақты мекенжайы)
және мердігер (егер объект мердігерлік тәсілмен салынса) _____________________
________________________________________________________________________,
(құрылысты жүзеге асырған ұйымның атауы, адамның лауазымы,
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ұйымның мекенжайы,
телефоны, лицензия №, алған күні)
АНЫҚТАДЫ:
1. _____________________________________________________________________
(объектінің атауы, орналасқан жері немесе мекенжайы)
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
объектіні салуды/тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен
жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген
бөліктерін) реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды) меншік иесі
өзі ________________________________________________________________
______________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
және/немесе ол тартқан мердігерлік ұйым _________________________________
______________________________________________________________________,
(объектіні салуды/үй-жайды реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта
жабдықтауды) жүзеге асырған ұйым атауы, адамның лауазымы,
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
2. ____________________________________________________________________
(жұмыстар түрлері)
______________________________________________________________________
__________________________________________________________ орындалған.
3. Объектіні салу/тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен
жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген
бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау):
______________________________________________________________________
(шешім шығарған органның атауы, шешім № және күні)
___________________________________________________ негізінде жүргізілген.
4. Құрылыс ____________________________________________________________
______________________________________________________________________
(жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы/нобай (нобайлық жобаны) әзірлеген
ұйымның атауы, адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
______________________________________________________________________,
(жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы/нобай (нобайлық жобаны)
қараған және келісім берген ұйымның атауы)
келісілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама/нобай (нобайлық жоба)
бойынша жүзеге асырылды.
5. Құрылыс-монтаждау жұмыстары мына мерзімде жүзеге асырылды:
жұмыстың басталуы _____________________________________________________
(айы және жылы)
жұмыстың аяқталуы ____________________________________________________,
(айы және жылы)
6. Пайдалануға қабылданатын объектінің осы актінің қосымшасына сәйкес техникалық
сипаттамалары бар.
7. Жарылыс қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны
қорғау жөніндегі іс-шаралар ______________________________________
__________________________________________________________________________
(орындалғаны туралы мәліметтер)
8. Құрылысы аяқталған объектінің/реконструкцияланған (қайта жоспарланған, қайта
жабдықталған) қолданыстағы ғимараттың үй-жайларының мемлекеттік
(мемлекетаралық) нормативтік талаптарға, сәулет-жоспарлау тапсырмасына, келісілген
жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына/нобай (нобайлық жобаға) сәйкестігін
растау негізінде жеке меншік иесі:
______________________________________________________________________
(объектінің атауы)
______________________________________________________________________
пайдалануға ҚАБЫЛДАУДЫ шешті.
9. Салынған объектінің нормативтік талаптарға, сәулет-жоспарлау тапсырмасына,
жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына/ нобай (нобайлық жобаға) сәйкестігін
растаймын.
Объектінің меншік иесі _________________________________________________
_____________________________________________________________________.
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тұрақты мекенжайы, қолы, мерзімі)
Мердігер (егер объект мердігерлік тәсілмен салынса) _______________________
_____________________________________________________________________.
(ұйымның атауы, адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), қолы, мерзімі, мөр (болған жағдайда)
Жобалаушы (тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен
жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген
бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау)
болған жағдайда) _____________________________________________________
____________________________________________________________________.
(ұйымның атауы, адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), қолы, мерзімі, мөр)