Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 799 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12674 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
      Ескерту. Бірлескен бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 23.11.2018 № 455 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 23.11.2018 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 5-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.11.2022 № 385 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 98 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мұнай өнімдерін өндірушілерге (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерден басқа) қатысты мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тексеру парағы;

      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерге қатысты мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 23.11.2018 № 455 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 23.11.2018 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтары нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 420 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 479 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11822 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 қыркүйекте жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
_____________ Ұ. Қарабалин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитетінің төрағасы

      ________________С. Айтпаева

      2015 жылғы 28 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрі
  міндетін атқарушының
  2015 жылғы 14 желтоқсандағы
  № 719 және
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2015 жылғы 28 желтоқсандағы
  № 799 бірлескен бұйрығына
  1-қосымша

Мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

      Ескерту. Өлшемшарттары жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.11.2022 № 385 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 98 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі –Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабы 5-тармағына, "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес Мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісі – жекелеген мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын және өндіріс паспорты бар заңды тұлға болып табылатын мұнай өнімдерін өндірушілер;

      2) балл – тәуелді есептеудің сандық өлшемі;

      3) болмашы бұзушылықтар – белгіленген нысан бойынша мұнай мен газ конденсатын қабылдау жөніндегі ай сайынғы ақпарат туралы есепті ұсынбауға байланысты бұзушылықтар;

      4) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

      5) елеулі бұзушылықтар – алдыңғы тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алғашқы статистикалық деректерді немесе бастапқы әкімшілік деректерді ұсынбау, екі немесе одан да көп мұнай өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдерін өндіру үшін бір ғана жабдықты пайдалануы бойынша тыйымды сақтамау түрінде анықталған бұзушылықтар;

      6) қуаты аз мұнай өнімдерін өндіруші – жобалық қуаты жылына сегіз жүз мың тоннадан кем шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу көлемін көздейтін технологиялық қондырғыларда мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын мұнай өнімдерін өндіруші;

      7) мұнай өнiмдерi – мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері: бензин, авиация және дизель отыны, мазут, жол битумы;

      8) мұнай өнімдерін өндіруші – меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде мұнай өңдеу зауыты бар және өндіріс паспортына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өндірілген меншікті мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      9) өрескел бұзушылықтар – мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекіткен технологиялық қондырғылардың жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық графигін сақтамауына не одан ауытқуына, өндірістік қуаттар көрсеткіштерінің сәйкессіздігіне, мұнайды және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу жоспарының орындалмауына, мұнай берушілерге қол жеткізудің тең жағдайларын бермеуге, уәкілетті органның келісімінсіз технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтату жөніндегі тыйымды сақтамауға, қайта өңдеу мақсатымен қабылданған (сатып алынған) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өткізу бойынша тыйымды сақтамауға, растайтын құжаттарсыз мұнай берушілерден шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін сатып алу, сондай-ақ қайта өңдеуге қабылдау бойынша тыйымды сақтамауға, резервуарларды есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырмай не ақауы бар және (немесе) ақпаратты автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын есепке алатын бақылау аспаптарымен мұнай өнімдерін өндіру бойынша салынған тыйымды сақтамауға, екі және одан да көп расталған шағымдар мен өтініштердің болуымен, мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша бұзушылықтар туралы мәліметтердің болуымен байланысты бұзушылықтар;

      10) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;

      11) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату процесі;

      12) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      13) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

      14) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 26.05.2023 № 193 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.05.2023 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 7) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Энергетика министрінің 17.04.2024 № 164 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 22.04.2024 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрықтарымен.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілері (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне (бұдан әрі – тәуекел дәрежесі) жатқызылады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) төмен тәуекел.

      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі салаларында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Төмен тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі салаларында жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      4. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      5. Объективті өлшемшарттарды айқындау тәуекелді айқындау арқылы жүзеге асырылады.

      6. Тәуекелді айқындау мынадай өлшемшарттардың бірін ескере отырып жүзеге асырылады:

      1) объектінің қауіптілік (күрделілік) деңгейі;

      2) реттелетін салаға (облысқа) ықтимал теріс салдарлар ауырлығының, зиянның ауқымы;

      3) адамның өмірі немесе денсаулығы, қоршаған орта, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделері үшін қолайсыз оқиғаның туындау мүмкіндігі.

      7. Мұнай өнімдерін өндірушілер (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда) тәуекел дәрежесі жоғары субъектілерге жатады.

      Қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілер төмен тәуекел дәрежесі субъектілеріне жатады.

      8. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатымен субъективті өлшемшарттар қолданылады.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      9. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

      8. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

      Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісі мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;

      2) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

      3) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;

      4) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері.

      9. Қолда бар ақпарат көздері негізінде субъективті өлшемшарттар бұзушылықтың үш дәрежесіне бөлінеді: өрескел, елеулі және болмашы.

      Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін мынадай тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есептеу тәртібі пайдаланылады.

      Бақылау субъектісіне бір өрескел бұзушылық анықталған кезде тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 100-ге теңеледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,

      мұнда:

      SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ЅР1 - елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      ЅР2 - анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,4 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,4,

      мұнда:

      ЅРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ЅР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      ЅР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн,

      мұнда:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Жалпы көрсеткіштің алынған мәні кәсіпкерлік субъектісін мынадай тәуекелдер дәрежесіне жатқызуға негіз болып табылады:

      1) жоғары тәуекел дәрежесіне тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейінгі көрсеткіш кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі;

      2) төмен тәуекел дәрежесіне тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 70-ті қоса алғанға дейінгі көрсеткіш кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

      Мұнай өнімдерін өндірушілерге (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерден басқа) қатысты тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары осы Өлшемшарттарға қосымшада келтірілген

      Талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 178-бабы 1-тармағына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

      Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің мерзімділігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілетін талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша айқындалады және жылына ең көбі бір реттен аспайды.

      Алынатын мәліметтер талдауы және көрсеткіштер бойынша бағалау жылына екі рет есепті жылғы бірінші мамырға және бірінші желтоқсанға дейін жүргізіледі.

      Егер бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілген болса, соңғы бару арқылы профилактикалық бақылаудың аяқталу күнінен кейінгі күннен бастап жүргізілетін талдаудың басталуына дейінгі кезең талдау кезеңі болып табылады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

  Мұнай өнiмдерiнің жекелеген
түрлерін өндіруді бақылау
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
1-қосымша

Мұнай өнімдерін өндірушілерге (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерден басқа) қатысты талаптарды бұзу дәрежесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 26.05.2023 № 193 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.05.2023 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.


п/п

Талаптар

Бұзушылық дәрежесі

1

Мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік қуаттары көрсеткіштерінің, оның негізгі сипаттамаларының өндіріс паспортында белгіленген көрсеткіштер мен сипаттамаларға сәйкестігі

Өрескел

2

Мұнайды және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу жоспарын орындау

Өрескел

3

Технологиялық қондырғылардың жоспарлы- алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық графигін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға бекіту үшін ұсыну және оның сақталуы бойынша міндетін орындау

Өрескел

4

Мұнай өнімдерін өндірушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға әкімшілік есепке алу нысаны бойынша мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі үшін қажетті мәліметтер ұсыну:
1) мұнайдың және мұнай өнімдерінің қозғалысы жөніндегі тәуліктік ақпарат;
2) мұнай өнімдерін жөнелту жөніндегі тәуліктік ақпарат;
3) мұнай өнімдерінің әлеуметтік маңызы бар түрлерін тиеп-жөнелту жөніндегі тәуліктік ақпарат;
4) мұнай өнімдерін өндіру жөніндегі ай сайынғы ақпарат;
5) мұнай өнiмдерiн тиеп-жөнелту жөніндегі ай сайынғы ақпарат.

Елеулі

5

Мұнай берушіде сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің шығарылған жерін, және берілетін шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің сапасын растайтын құжаты (сапа паспорты) бар болу шартымен мұнай берушілерге шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну

Өрескел

6

Қайта өңдеу мақсатымен қабылданған (сатып алынған) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өткізу бойынша тыйымды сақтау

Өрескел

7

Екі немесе одан да көп мұнай өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдерін өндіру үшін бір ғана жабдықты пайдалануы бойынша тыйымды сақтау

Елеулі

8

Сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің шыққан жерін, сондай-ақ мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің сапасын растайтын құжаттар болмаған кезде, мұнай берушілерден шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін сатып алу, сондай-ақ қайта өңдеуге қабылдау бойынша тыйымды сақтау

Өрескел

9

Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның келісімінсіз, авариялық жағдайдың дереу алдын алу қажеттігі туындаған жағдайларды қоспағанда, мұнай өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтату бойынша салынған тыйымды сақтау

Өрескел

10

Мұнай өнімдері өндірісін резервуарларды есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырмай не ақауы бар есепке алатын бақылау аспаптарымен және (немесе) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдері өндірісінің көлемі туралы ақпаратты автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын есепке алатын бақылау аспаптарымен жүзеге асыру бойынша салынған тыйымды сақтау

Өрескел

11

Мұнайды және газ конденсатын қабылдау бойынша ай сайынғы ақпарат туралы есепті ұсыну

Болмашы

  Мұнай өнімдерінің жекелеген
түрлерін өндіруді бақылау
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
2-қосымша

Мұнай өнімдерін өндірушілерге қатысты (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда) cубъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

      Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 26.05.2023 № 193 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.05.2023 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Субъективті өлшемшарттар көрсеткіші

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 баллға дейін болуы тиіс), wi

Шарттар / мәндер, xi

1-шарты / мәні

2-шарты / мәні

1

2

3

4

5

6

1

Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекіткен технологиялық қондырғылардың жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық графигін сақтамау не одан ауытқу

Есептілікті және мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері

бақылау субъектісіне (объектісіне) бара арқылу профилактикалық бақылау тізіміне енгізу

0

1 және оданда көр бұзушылық

0 %

100 %

  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрі
  міндетін атқарушының
  2015 жылғы 14 желтоқсандағы
  № 719 және
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2015 жылғы 28 желтоқсандағы
  № 799 бірлескен бұйрығына
  2-қосымша

Мұнай өнімдерін өндірушілерге (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда) қатысты мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. Тексеру парағы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.11.2022 № 385 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 98 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 26.05.2023 № 193 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.05.2023 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрықтарымен.

      Тексеруді / бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      Профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган____________

      __________________________________________________________________

      Тексеруді / бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт ____________________
(№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы______________________________

      ___________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ________________________________________

      ____________________________________________________________________


Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік қуаттары көрсеткіштерінің, оның негізгі сипаттамаларының өндіріс паспортында белгіленген көрсеткіштер мен сипаттамаларға сәйкестігі



2

Мұнайды және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу жоспарын орындау



3

Технологиялық қондырғылардың жоспарлы - алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық графигін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға бекіту үшін ұсыну міндетін орындау



4

Мұнай өнімдерін өндірушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға әкімшілік есепке алу нысаны бойынша мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі үшін қажетті мынадай мәліметтер ұсыну:
1) мұнайдың және мұнай өнімдерінің қозғалысы жөніндегі тәуліктік ақпарат;
2) мұнай өнімдерін тиеп-жөнелту жөніндегі тәуліктік ақпарат;
3) мұнай өнімдерінің әлеуметтік маңызы бар түрлерін тиеп-жөнелту жөніндегі тәуліктік ақпарат;
4) мұнай өнімдерін өндіру жөніндегі ай сайынғы ақпарат;
5) мұнай өнiмдерiн тиеп-жөнелту жөніндегі ай сайынғы ақпарат.



5

Мұнай берушіде сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің шығарылған жерін, және берілетін шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің сапасын растайтын құжаты (сапа паспорты) бар болу шартымен мұнай берушілерге шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну



6

Қайта өңдеу мақсатымен қабылданған (сатып алынған) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өткізу бойынша тыйымды сақтау



7

Екі немесе одан да көп мұнай өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдерін өндіру үшін бір ғана жабдықты пайдалануы бойынша тыйымды сақтау



8

Сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің шыққан жерін, сондай-ақ мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің сапасын растайтын құжаттар болмаған кезде, мұнай берушілерден шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін сатып алу, сонымен қатар қайта өңдеуге қабылдау бойынша тыйымды сақтау



9

Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның келісімінсіз, авариялық жағдайдың дереу алдын алу қажеттігі туындаған жағдайларды қоспағанда, мұнай өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтату бойынша салынған тыйымды сақтау



10

Мұнай өнімдері өндірісін резервуарларды есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырмай не ақауы бар есепке алатын бақылау аспаптарымен және (немесе) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдері өндірісінің көлемі туралы ақпаратты автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын есепке алатын бақылау аспаптарымен жүзеге асыру бойынша салынған тыйымды сақтау



11

Мұнайды және газ конденсатын қабылдау бойынша ай сайынғы ақпарат туралы есепті ұсыну



      Лауазымды адам (-дар)

      ___________________ _________ _____________________
лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)

      __________________ ______________ ___________________
лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы

      __________________ _____________ ________________________
лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрі
  міндетін атқарушының
  2015 жылғы 14 желтоқсандағы
  № 719 және
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2015 жылғы 28 желтоқсандағы
  № 799 бірлескен бұйрығына
  3-қосымша

Қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерге қатысты мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 23.11.2018 № 455 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 23.11.2018 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.11.2022 № 385 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 98 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.05.2023 № 193 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.05.2023 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрықтарымен.

      Тексеруді / бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      Профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган____________

      __________________________________________________________________

      Тексеруді / бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт ____________________
(№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы______________________________

      ___________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ________________________________________

      ____________________________________________________________________


Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Мұнай өнімдерін өндірушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға қажетті мынадай мәліметтер ұсыну:
1) мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің қозғалысы жөніндегі ай сайынғы ақпарат;
2) мұнай өнімдерін ішкі нарыққа және экспортқа жөнелту жөніндегі ай сайынғы ақпарат.



2

Қайта өңдеу мақсатымен қабылданған (сатып алынған) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өткізу бойынша тыйымды сақтау



3

Екі немесе одан да көп мұнай өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдерін өндіру үшін бір ғана жабдықты пайдалануы бойынша тыйымды сақтау



4

Сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің шыққан жерін, сондай-ақ мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің сапасын растайтын құжаттар болмаған кезде, мұнай берушілерден шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін сатып алу, сонымен қатар қайта өңдеуге қабылдау бойынша тыйымды сақтау



5

Мұнай өнімдері өндірісін резервуарларды есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырмай не ақауы бар есепке алатын бақылау аспаптарымен және (немесе) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдері өндірісінің көлемі туралы ақпаратты автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын есепке алатын бақылау аспаптарымен жүзеге асыру бойынша салынған тыйымды сақтау



6

Мұнайды және газ конденсатын қабылдау бойынша ай сайынғы ақпарат туралы есепті ұсыну.



      Лауазымды адам (-дар)

      ___________________ _________ _____________________
лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)

      __________________ ______________ ___________________
лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы

      __________________ _____________ ________________________
лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)