Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 799 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12674 болып тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналар:
      1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндiру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
      2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндіру саласындағы мұнай өнімдерін өндірушілерге қатысты тексеру парағы бекітілсін.
      2. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтары нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 420 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 479 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11822 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 қыркүйекте жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың көшірмесін алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бірлескен бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының            Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі            Энергетика министрінің
      ________________ Е. Досаев           міндетін атқарушы
                                           _____________ Ұ. Қарабалин

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасының
      Құқықтық статистика және
      арнайы есепке алу жөніндегі
      комитетінің төрағасы
      ________________С. Айтпаева
      2015 жылғы 28 желтоқсан

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 799 және      
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі  
міндетін атқарушының 
2015 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 719 бірлескен бұйрығына
1-қосымша      

Мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндiру саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің, «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 722 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12389 тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесіне сәйкес мұнай өнімдерін өндіру саласындағы тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында қалыптастырылды.
      2. Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) болмашы бұзушылықтар – мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту жөніндегі ай сайынғы ақпаратты бір рет уақытылы ұсынбаумен байланысты бұзушылықтар;
      2) елеулі бұзушылықтар – мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту жөніндегі ай сайынғы ақпаратты екі рет уақытылы ұсынбаумен;
      «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының міндеттейтін (міндетті, қажет, тиіс, қажет) нормаларын сақтамаумен;
      көктемгі егіс, жиын-терін жұмыстары, жылу беру кезеңдерінен тыс ішкі нарықта мұнай өнімдеріне тапшылықтың туындауымен байланысты бұзушылықтар;
      3) мұнай беруші – «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңында белгіленген шарттармен өздері өндірген, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес заттай нысанда төленетін салықтар ретінде Қазақстан Республикасы алған, импортталған немесе жер қойнауын пайдаланушыдан тікелей сатып алынған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын мұнай өнімдерін өндірушіге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына беретін жеке немесе заңды тұлға;
      4) мұнай өнімдерін өндіруші – меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде мұнай өңдеу зауыты бар және өндіріс паспортына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өндірілген меншікті мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
      5) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы тәуекел – ішкі нарықта, оның ішінде көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстары кезеңінде, сондай-ақ жылу беру кезеңінде мұнай өнімдеріне тапшылықтың туындау ықтималдығы;
      6) өрескел бұзушылықтар – мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту жөніндегі ай сайынғы ақпаратты үш немесе одан да көп рет уақытылы ұсынбаумен;
      «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының тиым салатын (тиым салынады, жол берілмейді) нормаларын сақтамаумен;
      бақылау астындағы субъектіге расталған шағымның немесе арыздың болуымен; рұқсат құжаттарының (лицензиялар, рұқсаттар, өндіріс паспорты) жоқтығымен;
      көктемгі егіс және жиын-терін жұмыстары, сондай-ақ жылу беру кезеңінде ішкі нарықта мұнай өнімдеріне тапшылықтың туындауымен байланысты бұзушылықтар;
      7) тексерілетін субъекті – мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын және өндіріс паспорты бар жеке немесе заңды тұлға болып табылатын мұнай өнімдерін өндіруші;
      8) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі - субъективті өлшемшарттар) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 02.06.2016 № 235 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.06.2016 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
      3. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы ішінара тексерулер үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

3. Субъективті өлшемшарттар

      4. Субъективті өлшемшарттар:
      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
      2) ақпаратты талдау және тәуекелді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.
      5. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау заңнаманы бұзатын тексерілетін субъектілерді (объектілерді) анықтау үшін қажет.
      Тәуекел дәрежелерін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
      1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес тексеру субъекті мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10950 тіркелген) (бұдан әрі - есептілікті және мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері);
      2) бұрынғы тексерулер нәтижелері. Бұл ретте, бұзушылықтың ауыртпалық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парағында көрсетілген заңнамалар талаптарын сақтамау жағдайында белгіленеді;
      3) тексерілетін субъект кінәсінен туындаған қолайсыз жағдайлардың болуы;
      4) расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны.
      6. Қолда бар ақпарат көздері негізінде субъективті өлшемшарттар бұзушылықтың үш дәрежесіне бөлінеді: өрескел, елеулі, болмашы.
      Тексерілетін субъектіні тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін келесі тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есептеу тәртібі пайдаланылады.
      Тексерілетін субъектіге бір өрескел бұзушылық анықталған кезде тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 100 теңеледі және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі.
      Егер өрескел бұзушылық анықталмаған жағдайда онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы көрсеткіштердің бұзушылықтары бойынша қосынды мәні есептелінеді.
      Елеулі бұзушылықтардың көрсеткіштерін анықтаған кезде
0,7 коэффициенті қолданылады және мына формула бойынша есептелінеді:
      
      мұндағы:
       – елеулі көрсеткіштердің мәні;
       – елеулі бұзушылықтардың жалпы саны;
       – елеулі бұзушылықтардың анықталған саны.
      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін анықтаған кезде
0,3 коэффициенті қолданылады және мына формула бойынша есептелінеді:
      
      мұндағы:
       – болмашы көрсеткіштердің мәні;
       – болмашы бұзушылықтардың жалпы саны;
       – болмашы бұзушылықтардың анықталған саны.
      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші () 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы анықталады:
      
      мұндағы:
       – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
       – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
       – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
      Субъективті өлшемшарттар осы өлшемшарттарға қосымшада келтірілген.
      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект (объект) мыналарға:
      1) 60-тан бастап 100-ді қоса алғанға дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізілгенде – жоғары тәуекел дәрежесіне;
      2) 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізілмегенде - жоғары дәрежеге жатқызылмаған тәуекел дәрежесіне жатады.
      Тәуекел дәрежесін талдау мен бағалау кезінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері қолданылмайды.
      Ішінара тексеру жүргізу мерзімділігі жылына бір реттен аспайды.
      Алынған мәліметтер талдауы және көрсеткіштер бойынша бағалау жылына бір рет келесі жылдың бірінші сәуіріне дейін жүргізіледі. Талдау кезеңі болып өткен жыл табылады.
      Ішінара тексерулер реттеуші мемлекеттік органдардың бірінші басшысымен бекітілген жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың сәуірінен бастап келесі жылдың сәуіріне дейін есептік кезеңге қалыптастырылатын ішінара тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі. Ішінара тексерулер тізімі тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша уәкілетті органға жіберіледі.
      Ішінара тексерулердің тізімдері:
      субъективті өлшемшарттар бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығын;
      мемлекеттік органды тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдарға түсетін жүктемелерді ескере отырып жасалады.

Мұнай өнiмдерiнің жекелеген
түрлерін өндiру саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына     
қосымша          

     Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Ақпарат көзі

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

есептілікті мониторингілеу нәтижелері

Мұнай өнімдерін өндіру жөніндегі ай сайынғы ақпаратты үш немесе одан да көп рет уақытылы ұсынбау

Өрескел

Мұнай өнімдерін жөнелту жөніндегі ай сайынғы ақпаратты үш немесе одан да көп рет уақытылы ұсынбау

Өрескел

Мұнай өнімдерін өндіру жөніндегі ай сайынғы ақпаратты екі рет уақытылы ұсынбау

Елеулі

Мұнай өнімдерін жөнелту жөніндегі ай сайынғы ақпаратты екі рет уақытылы ұсынбау

Елеулі

Мұнай өнімдерін өндіру жөніндегі ай сайынғы ақпаратты бір рет уақытылы ұсынбау

Болмашы

Мұнай өнімдерін жөнелту жөніндегі ай сайынғы ақпаратты бір рет уақытылы ұсынбау

Болмашы

бұрынғы тексерулер нәтижелері (ауыртпалық дәрежесі көрсетілген талаптарды сақтамау жағдайында белгіленеді)

Өндіріс паспортының болуы

Өрескел

Сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының шыққан жерін растайтын құжат, сондай-ақ мұнайдың және (немесе) газ конденсатының сапасын растайтын құжаттар болмаған кезде мұнай берушілерден шикі мұнайды және (немесе) конденсатты сатып алу, сонымен қатар қайта өңдеуге қабылдау бойынша тыйымды сақтау

Өрескел

Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның келісімінсіз, авариялық жағдайдың дереу алдын алу қажеттігі туындаған жағдайларды қоспағанда, мұнай өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтату бойынша салынған тыйымды сақтау

Өрескел

Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен бекітілген технологиялық қондырғылардың жоспарлы - алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесін бекіту және оны сақтау жөніндегі міндетін сақтау

Елеулі

Ведомстволық статистикалық қадағалау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті бастапқы статистикалық деректерді немесе бастапқы әкімшілік деректерді ұсыну бойынша міндетін сақтау

Елеулі

Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен белгіленген мұнай өнімдерін өндірудің аз көлемін орындау бойынша міндетін сақтау

Елеулі

Құрамында металы бар қосындыларды (дизель отыны үшін статикалық қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин мен дизель отынын өндіру бойынша салынған тыйымды сақтау

Өрескел

Қазақстан Республикасының резидент-банкінде инвестициялық бағдарламаны қаржыландыруға арналған ағымдағы шотты ашу бойынша міндетін сақтау

Елеулі

Мұнай берушілерге шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге қолжеткізудің тең жағдайларын ұсыну бойынша міндетін сақтау

Елеулі

Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өткізу бойынша тыйымды сақтау

Өрескел

Екі немесе одан да көп мұнай өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдерін өндіру үшін бір ғана жабдықты пайдалану бойынша тыйымды сақтау

Өрескел


Инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға бағытталатын қаржы қаражатын мақсатты пайдалану бойынша міндетін сақтау

Елеулі

Инвестициялық бағдарламаларды іске асыру туралы есептілікті ұсыну бойынша міндетін сақтау

Елеулі

расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны

Расталған шағым мен арыздың болуы

Өрескел

тексерілетін субъект кінәсінен туындаған қолайсыз жағдайлардың болуы

Көктемгі егіс және жиын-терін жұмыстары, сондай-ақ жылу беру кезеңінде ішкі нарықта мұнай өнімдеріне тапшылықтың туындауы

Өрескел

Көктемгі егіс, жиын-терін жұмыстары, жылу беру кезеңдерінен тыс ішкі нарықта мұнай өнімдеріне тапшылықтың туындауы

Елеулі

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 799 және      
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі  
міндетін атқарушының 
2015 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 719 бірлескен бұйрығына
2-қосымша      

                          Тексеру парағы
          Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру
       саласындағы мұнай өнімдерін өндірушілерге қатысты
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________
                                            (№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН ____________________
_____________________________________________________________________
Орналасу орны _______________________________________________________
_____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Өндіріс паспортының болуы





2

Қазақстан Республикасының резидент-банкінде инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру үшін ағымдағы шотты ашу бойынша міндетін сақтау





3

Инвестициялық бағдарламаларды іске асыру туралы есепті ұсыну бойынша міндетін сақтау





4

Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға технологиялық қондырғылардың жоспарлы - алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесінің бекіту және оны сақтау жөніндегі міндетін сақтау





5

Мұнай өндіру саласындағы уәкілетті органға ведомстволық статистикалық қадағалау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті бастапқы статистикалық деректерді немесе бастапқы әкімшілік деректерді ұсыну бойынша міндетін сақтау





6

Мұнай берушілерге шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну бойынша міндетін сақтау





7

Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен белгіленген мұнай өнімдерін өндірудің белгіленген аз мөлшерін орындау бойынша міндетін сақтау





8

Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өткізу бойынша тыйымды сақтау





9

Құрамында металы бар қосындыларды (дизель отыны үшін статикалық қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин мен дизель отынын өндіру бойынша тыйымды сақтау





10

Екі немесе одан да көп мұнай өнімдерін өндірушілермен мұнай өнімін өндіру үшін бір қондырғыны пайдалануға тыйымды сақтау





11

Сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының шыққан жерін растайтын құжат, сондай ақ мұнайдың және (немесе) газ конденсатының сапасын растайтын құжаттар болмаған кезде мұнай берушілерден шикі мұнайды және (немесе) конденсатты сатып алу, сонымен қатар қайта өңдеуге қабылдау бойынша тыйымды сақтау





12

Апаттық жағдайдың дереу алдын алу қажеттігі туындаған жағдайларды қоспағанда, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның келісімінсіз, мұнай өнімдерін өндіруге пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтату бойынша тыйымды сақтау





13

Ағымдағы шот қаражатын инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру мақсатына жұмсау бойынша міндетін сақтау





Лауазымдық тұлға (тұлғалар) ___________ _______ _____________________
                          (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
                            ___________ _______ _____________________
                          (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Тексерілетін субъектінің жетекшісі _________________________ ________
                          (Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы) (қолы)