Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Респу

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 маусымда № 28577 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 85-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген тексеру парағының нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақты және 2-тармақтың алтыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің м.а
Т. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
  міндетін атқарушының
2022 жылғы 22 маусымдағы
№ 48 бұйрығына
1-қосымша

Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.12.2022 № 126 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 85-бабының 2-тармағының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалар реттеуші мемлекеттік органдардың "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер (бұдан әрі – талаптарға сәйкестігін тексеру) және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау және тәуекелдерді басқару өлшемшарттарын әзірлеуіне, сондай-ақ Кодекстің 132-бабының 2-тармағына, 141-бабына және 143-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес бекітілетін тексеру парақтарын әзірлеуіне арналған.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

      2) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

      3) тәуекел – бақылау және қадағалау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;

      4) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау және қадағалау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруден босату процесі;

      5) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      6) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау және қадағалау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      8) тексеру парағы – бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;

      9) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың нақты саласында бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.

      4. Кодекстің 141-бабының 5-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтары реттеуші мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітіледі және реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.

      Мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау және тәуекелдерді басқару өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту туралы нормативтік құқықтық актілері бекітілгенге дейін ақпараттық жүйенің – тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімініңталаптарына сәйкестігі тұрғысынан құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органмен келісілуге тиіс.

      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органмен келісу мерзімі жоба келісуге келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнін құрайды.

2-тарау. Реттеуші мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) талаптарға сәйкестігін тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі

      5. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігіне тексеруді жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) талаптарға сәйкестігіне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары бірнеше кезеңмен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау (Шешімдерді мультиөлшемшартты талдау) арқылы қалыптастырылады.

      Бірінші кезеңде объективті өлшемшарттар жөніндегі мемлекеттік органдар бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) орташа тәуекел;

      3) төмен тәуекел.

      Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары және орташа дәрежелеріне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі салаларында талаптарға сәйкестігіне тексеру, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі салаларында талаптарға сәйкестігіне тексеру, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Екінші кезеңде субъективті өлшемшарттар жөніндегі мемлекеттік органдар бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) орташа тәуекел;

      3) төмен тәуекел.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) мыналарға:

      1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;

      2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;

      3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.

      6. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар өрескел, елеулі және болмашы бұзушылық дәрежелеріне сәйкес келеді.

      Бұл ретте өрескел, елеулі және болмашы бұзушылықтарды айқындау реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында тиісті мемлекеттік бақылау және қадағалау саласының ерекшелігі ескеріле отырып белгіленеді.

      Бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) субъективті өлшемшарттар бойынша өрескел, елеулі, болмашы бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес беріледі.

      7. Бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) талаптарға сәйкестігіне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.

1-параграф. Объективті өлшемшарттар

      8. Объективті өлшемшарттарды айқындау тәуекелді айқындау арқылы жүзеге асырылады.

      9. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелді айқындау мынадай өлшемшарттардың бірін ескере отырып, мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын саланың ерекшелігіне қарай жүзеге асырылады:

      1) объектінің қауіптілік (күрделілік) деңгейі;

      2) реттелетін салаға (облысқа) ықтимал теріс салдарлар ауырлығының, зиянның ауқымы;

      3) адамның өмірі немесе денсаулығы, қоршаған орта, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделері үшін қолайсыз оқиғаның туындау мүмкіндігі.

      10. Ықтимал тәуекелдерге талдау жүргізгеннен кейін бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) тәуекелдің үш дәрежесі (жоғары, орта және төмен) бойынша бөлінеді.

      11. Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиісті саласының ерекшелігін ескере отырып, субъектілерді (объектілерді) тәуекелдің үш дәрежесі бойынша объективті өлшемшарттар бойынша бөлу реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында бекітіледі.

2-параграф. Субъективті өлшемшарттар

      12. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

      13. Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау қажет.

      Ақпаратты жинау және өңдеу процестері толық көлемде автоматтандырылады және алынған деректердің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді.

      Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;

      2) бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

      3) бақылау және қадағалау субъектісі кінәсінен туындаған қолайсыз жағдайлардың болуы.

      Қолайсыз оқиғаларға инфекциялық аурулар және (немесе) паразиттік және топтық инфекциялық аурулар мен уланулар, оның ішінде тамақтан улану, өрттер, өндірістік жарақаттар мен авариялар, оқиғалар, апаттар, оқыс оқиғалар жағдайларын тіркеу, аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілерді, олардың таралу ошақтарын анықтау, жануарлар дүниесі объектілерінің санын қысқарту және олар мекендейтін ортаның нашарлауы жатады;

      4) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;

      5) тәуелсіз ұйымдар аудитінің (сараптамасының) нәтижелері (энергия аудиті, энергия сараптамасы, тарату кезіндегі тәуелсіз аудит, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы);

      6) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжаттар);

      7) мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын талдау;

      8) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері;

      9) Кодекстің 144-4-бабында көзделген негіздерге сәйкес, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері.

      Кәсіпкерлік субъектілеріне талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу кезінде іріктеу үшін қосымша ақпарат көздері мыналар болып табылады:

      бақылау және қадағалау субъектілері қызметкерлерін аттестаттау, емтихан нәтижелері (осындай талаптар болған жағдайда);

      берілетін рұқсаттар шұғыл болған жағдайда кәсіпкерлік субъектілерін аттестаттау (аккредиттеу) нәтижелері (осындай талаптар болған жағдайда).

      14. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде реттеуші мемлекеттік органдар талдауға және бағалаула жататын субъективті өлшемшарттарды бойынша деректерді қалыптастырады.

      Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау ең жоғары әлеуетті тәуекелі бар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізуді және профилактикалық бақылауды шоғырландыруға мүмкіндік береді.

      Бұл ретте талдау және бағалау кезінде нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

      Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерудің қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне кестелер мен тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.

      15. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын және осы Қағидалардың 3-тарауында айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар көрсеткішінің маңыздылығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығы және субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің маңыздылығы осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысанда субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес, мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиісті саласының ерекшелігі ескеріле отырып, реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленеді.

      Субъективті өлшемшарттардың көрсеткіштері мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың әрбір саласындағы бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) әрбір біртекті тобы үшін айқындалады. Субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің маңыздылығы бойынша үлес салмағы мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың әрбір саласындағы бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) әрбір біртекті тобы үшін тәуекелді бағалаудағы көрсеткіштің маңыздылығына байланысты айқындалады. Субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің жол берілетін мәндері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен регламенттеледі.

3-параграф. Тәуекелдерді басқару

      16. Адал бақылау және қадағалау субъектілерін көтермелеу және бұзушыларға бақылау мен қадағалауды шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау субъективті өлшемшарттарымен айқындалатын кезеңге бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеру жүргізуден босатылады.

      17. Субъективті өлшемшарттар бойынша бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) ақпараттық жүйені қолдана отырып, бақылау және қадағалау субъектілері қызметінің тиісті салаларындағы жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне мынадай жағдайларда:

      1) егер мұндай субъектілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші тұлғалар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасасcа;

      2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан немесе талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізуден босату жағдайлары айқындалған болса;

      3) егер субъектілер өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы келісім жасалған, "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері болып табылса ауыстырылады.

      18. Кодекстің 141-бабының 10-тармағына сәйкес реттеуші мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесіне (қатысушысына) мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы жасалған келісімді ескере отырып, жеңілдететін индикатор ретінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында осындай мүшеліктің (қатысудың) болу фактісін ескереді.

      Осы тармақтың, сондай-ақ осы Қағидалардың 17-тармағы 3) тармақшасының ережелері ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету салаларына қолданылмайды.

      19. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруден босату мақсатында реттеуші мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар жеңілдететін индикаторларды ескереді.

      Жеңілдететін индикаторларға:

      1) деректерді онлайн-режимде беретін аудио және (немесе) бейне жазбалардың болуы;

      2) деректерді мемлекеттік органдар жүйесіне беретін датчиктер мен бекіту құрылғыларының (су датчиктері, атмосфераға шығарындыларды тіркеу датчиктері) болуы жатады.

      Бұл ретте бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізуден босатуды реттеуші мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар олар бойынша деректер жеңілдететін индикаторларда көрсетілген тәсілдермен алынған талаптар бөлігінде жүзеге асырады.

      20. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осындай негіздер көзделген болса, реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес тәуекелдерді бағалау мен талдаудың, аудиттің, сараптамалардың қолданылатын баламалы (тәуелсіз) жүйелері негізінде бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талапқа сәйкестігіне тексеру жүргізуден босату мүмкін болады.

4-параграф. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ерекшелік пен құпиялылық ескеріле отырып, ақпараттық жүйелерді пайдаланатын мемлекеттік органдарға арналған тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру ерекшеліктері

      21. Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу кестелерін немесе тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеру жүзеге асырылатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау және қадағалау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.

      21-1. График талаптарға сәйкестігіне тексеруді тағайындауға негіз болып табылады.

      График тәуекелдерді бағалау мен басқарудың автоматтандырылған жүйесінде жыл сайынғы негізде талаптарға сәйкестігіне тексеру тағайындалған бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) міндетті түрде көрсете отырып, бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты автоматты түрде қалыптастырылады.

      Талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізу графигі тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі мерзімде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде жариялау үшін жіберіледі.

      Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тексерулер жүргізу графигі тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде жарияланады.

      Ескерту. 4-параграф 21-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.06.2024 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21-2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге арналған тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына, тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлейді және оларды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде орналастырылады.

      Бақылау және қадағалау органында тәуекелдерді бағалау мен басқарудың автоматтандырылған жүйесі қамтылған ақпараттық жүйе болған кезде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдері міндетті түрде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде орналастырылады.

      Ескерту. 4-параграф 21-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.06.2024 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ерекшелік пен құпиялылық ескеріле отырып, ақпараттық жүйелерді пайдаланатын мемлекеттік органдарға арналған тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру кезінде тәуекел дәрежесінің субъективті өлшемшарттарын көрсеткішін есептеу, сондай-ақ оларға сәйкес бақылау және қадағалау субъектісі жоғары, орташа немесе төмен тәуекел дәрежесіне жатқызылатын тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысанда субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес, реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленеді.

      23. Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары, ақпараттық жүйенің – тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органмен келісуге тиіс.

      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органмен келісу мерзімі жоба келісуге келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнін құрайды.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеу тәртібі

      24. Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Мемлекеттік орган осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес көздерден субъективті өлшемшарттар бойынша ақпарат жинайды және деректер базасын қалыптастырады.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау және қадағалау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша осы Қағидалардың (SC) 15-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қорытындылау жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

      Rарал = SP + SC , мұнда

      Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,

      SC – осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

      Есеп мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың әрбір саласының бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың бір саласының бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.

      25. Алдыңғы тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.

      Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау және қадағалау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты талаптарға сәйкестігіне тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұнда

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұнда

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн, мұнда

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      26. Осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      xi - субъективті өлшемшарт көрсеткіші,

      wi - субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi

      n – көрсеткіштер саны.

      Осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      27. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:



      R – бақылау және қадағалау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),

      Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),

      Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),

      Rарал – осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.

4-тарау. Тексеру парақтары

      28. Тексеру парақтары бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін жасалады және Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес талаптарды қамтиды және Кодекстің 143-бабының 2-тармағында айқындалған шарттарды сақтай отырып жүргізіледі.

      29. Біртекті топтар бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) жүзеге асыратын қызмет түрлері бойынша, сол сияқты тіркеу нысаны бойынша (заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер) бөлінеді.

      30. Тексеру парақтары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.

      31. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ жылына ең көбі бір рет айқындалады.

      Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық маңыздылығы жоғары бақылау және қадағалау объектілеріне қатысты талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізу жиілігі ең көбі жарты жылда бір рет айқындалады.

      Тәуекелдің орташа дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ ең көбі екі жылда бір рет айқындалады.

      Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ ең көбі үш жылда бір рет айқындалады.

  Реттеуші мемлекеттік
органдардың тәуекелдерді
бағалау және басқару жүйесін
қалыптастыру қағидаларына
қосымша

      Нысан

Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

      ____________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің

      __________________________________________________ саласында/аясында

      138 және 139-баптарына сәйкес

      ____________________________________________________________________

      бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің)

      ______________________________________ қатысты біртекті тобының атауы


Р/с №

Субъективті өлшемшарттар көрсеткіші

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 баллға дейін болуы тиіс), wi

Шарттар / мәндер, xi

1-шарты / мәні

2-шарты / мәні

3-шарты / мәні

4-шарты / мәні

n…- шарты / мәні

1

2

3

4

5

Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін

1

1-көрсеткіш 1

Ақпарат көзінің атауы












2

n-көрсеткіш

Ақпарат көзінің атауы












Талаптарға сәйкестігін тексеру үшін

1

1-көрсеткіш

Ақпарат көзінің атауы












2

n-көрсеткіш

Ақпарат көзінің атауы












      Шаблонды толтыру бойынша нұсқаулық:

      1) субъективті өлшемшарттардың көрсеткіштері мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың әрбір саласындағы бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін айқындалады.

      2) 2-бағанда субъективті өлшемшарт көрсеткіші көрсетіледі.

      3) 3-бағанда ақпараттың басым көздері көрсетіледі.

      4) 4-бағанда балдардағы субъективті өлшемшарт көрсеткішінің маңыздылығы бойынша үлес салмағы көрсетіледі. Осы баған бойынша барлық жолдардың қосындысы 100 баллға дейін болуы тиіс.

      5) 5-бағанда субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеуде субъективті өлшемшарт көрсеткішін есепке алу шарттары және әрбір шартқа сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің сандық мәндері көрсетіледі. Сандық мәндер тәуекелдің жоғарылауына байланысты 0-ден 100-ге дейінгі пайызбен көрсетіледі. Субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің жол берілетін мәндері Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен регламенттелуге тиіс.

  бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін
атқарушының
2018 жылғы 31 шілдедегі
№ 3 бұйрығына
2-қосымша

      Нысан

Тексеру парағы

      ______________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің

      _____________________________________________________ саласында/аясында

      138 және 139-баптарына сәйкес

      ______________________________________________________________ қатысты

      бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      Тексеруді/ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган _______________

      ______________________________________________________________________

      Тексеруді/ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылауды тағайындау

      туралы акт ____________________________________________________________

      №, күні

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы ___________________

      _____________________________________________________________________

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________________

      _____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4









      Лауазымды адам (-дар) __________________________________ _____________

                                                лауазымы                   қолы

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің басшысы _______________ ___________

                                                      лауазымы             қолы

      _______________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)