Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12640 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі                                             Ә.Исекешев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      __________________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы «___» ___________

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      __________________ Е. Досаев
      2015 жылғы 24 желтоқсан

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 9 желтоқсандағы   
№ 1194 бұйрығымен бекітілген  

Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға
бағытталған индустриялық-инновациялық субъектілеріне
мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес әзірленген және еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:
      1) Алты сигма (Six Sigma) – ұқыпты өндірістің бөлшегі, процесстердің әр қайсысының сапалы шығуының жақсаруын, өндірістік істе кемістіктер мен статистикалық ауытқулардың төмендеуін көздейтін өндірісті басқару тұжырымдамасы (бұдан әрі - Six Sigma);
      2) индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспары – қажетті экономикалық, техникалық, басқарушылық және басқа құжаттаманың пакеті;
      3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – индустрия және индустриялық-инновациялық дамыту саласындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген шектерде басшылықты, салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметке мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      4) Кайдзен (Kaizen) – ұқыпты өндірістің бөлшегі, өндіріс, әзірлеу процестерін, қосалқы бизнес-процестерін және басқаруды, сонымен қатар өмірдің барлық жақтарын үзіліссіз жетілдіруді көздейтін жапондық пәлсапа немесе тәжірибе (бұдан әрі - Kaizen);
      5) Канбан (Kanban) – ұқыпты өндірістің бөлшегі, «дәл мезгілде» қағидасын іске асыруға мүмкіндік беретін өндіріс пен жабдықтауды ұйымдастыру жүйесі (бұдан әрі - Kanban);
      6) Карта жобасы – Индустриялизация картасына немесе Өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасына қосылған және басым секторлардағы индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі жүзеге асыратын индустриялық–инновациялық жоба;
      7) қаржылық емес қолдау операторы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасының төртінші бағытының шеңберінде, «Сыртқы консультанттарды тарту арқылы алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың консультациялық жобаларын қоса қаржыландыру (Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау бойынша Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің Бағдарламасы)», «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» компоненттерін қоспағанда, кәсіпкерлерге мемлекеттік қаржылық емес қолдауды жүзеге асыратын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
      8) Құрал жабдықтарды барынша күту (Total productive maintenance (TPM) – ұқыпты өндірістің бөлшегі техникалық күтудің тиімділігін жоғарылатуға бағытталған өндірістік құрал-жабдықтар менеджментінің тұжырымдамасы (бұдан әрі – ТРМ);
      9) құрал операторы – құралдар жеткізетін, жарғылық капиталында мемлекеттің 100-пайыздық қатысуы бар заңды тұлға және (немесе) ұлттық даму институтының, ұлттық басқару холдингінің еншілес ұйымдары;
      10) орындаушы – осы Қағидалар шеңберінде өтініш берушіге қызмет көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
      11) өтініш беруші – осы Қағидалар шеңберінде құралдарды алу үшін өтінім берген индустриялық–инновациялық қызмет субъектісі;
      12) топ-менеджер – заңды тұлға басшысы немесе оның атқарушы органының мүшесі немесе ұйымдастырудың жекелеген кезеңдерін басқаруға жауапты тұлға;
      13) Ұқыпты өндіріс – Kaizen, 5S, TPM, Kanban, Six Sigma және басқа да элементтерді қамтитын ысыраптардың барлық түрлерін жоюға ұмтылуға негізделген өнеркәсіптік кәсіпорынды басқару тұжырымдамасы;
      14) 5S – ұқыпты өндірістің бөлшегі, жұмыс орнын (жұмыс кеңістігін) ұйымдастыру мен оңтайландыру (бұдан әрі - 5S).
      3. Өтініш берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген мемлекеттік қолдау шараларын көрсету шеңберінде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын немесе қаржыландырылған іс-шаралар бойынша шығындар өтеуге жатпайды.
      4. Өтініш беруші мен орындаушы арасында шарт жасау үшін, соңғысы осы Қағидалардың 11253543-тармақтарының талаптарына сәйкес келуі тиісті.

2. Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді
дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық субъектілеріне
мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тәртібі

      5. Осы Қағидалар шеңберінде еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық субъектілерін мемлекеттік қолдау мынадай құралдарды ұсынумен қорытындыланады:
      1) мына кездерде индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орнын толтыру:
      ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу кезінде;
      Картаның жобалары үшін техникалық–экономикалық негіздемесін әзірлеу және/немесе сараптау кезінде;
      2) кәсіпорынның құзыреттілігін арттыруға кететін шығындардың орнын мына жағдайларда толтыру:
      кадрларды, соның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау;
      сарапшыларды тарту арқылы үздік өндірістік практикаларды енгізу;
      3) технологиялық процестерді жетілдіруге кететін шығындардың орнын толтыру;
      4) өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға кететін шығындардың орнын толтыру;
      5) Аумақтық кластерді дамытудың стратегиясы және Жол картасын әзірлеу үшін кететін шығындардың орнын толтыру.
      Осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген құралдар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш берушілерге арналған Экономиканың басым секторларының тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) сәйкес индустриялық-инновациялық жобаны іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлаған өтініш берушілерге ұсынылады.

1-параграф. Индустриялық–инновациялық жобаның кешенді
жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін
шығындардың орнын толтыру

      6. Өтініш берушіге индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына жұмсалатын шығындардың орнын толтыру түріндегі мемлекеттік қолдауды индустрияны дамыту саласындағы ұлттық дамыту институты – «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ұлттық институт) көрсетеді.
      7. Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау шеңберінде, кәсіпорын шеккен мынадай шығындардың орнын толтыру көзделеді:
      1) 50 (елу) пайыз көлемінде, бірақ 2 (екі) миллион теңгеден аспайтын көлемде лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге;
      2) Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірлемесі және/немесе сараптамасына 50 (елу) пайыз, бірақ 15 (он бес) миллион теңгеден аспайтын көлемде өтініш берген күнге дейін 12 (он екі) айдан бұрын емес.
      Ұлттық институт өтейтін өтініш берушінің шығындар сомасы өтінім беру күніне дейінгі 12 (он екі) айдан бұрын емес мерзімде қол қойылған қызмет көрсетудің ақырғы актісінің негізінде анықталады.
      8. Қарауға индустриялық–инновациялық қызмет субъектілерінің өтінімдеріне жол беріледі:
      1) ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу кезінде: Тізбеде анықталған экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаны жүзеге асырушы және (немесе) жүзеге асыруды жоспарлаушы;
      2) Карта жобалары үшін техникалық–экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау кезінде: Тізбеде анықталған экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыратын.
      9. Осы Қағидалар шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу үшін өтініш беруші мынадай критерийлерге сәйкес келетін орындаушыны тартады:
      1) қызметті кемінде 2 (екі) жыл бойы жүзеге асырған;
      2) өңдеу өнеркәсібіндегі жобалар және инфрақұрылымдық жобалар бойынша кешенді, бизнес-жоспарларды, техникалық–экономикалық негіздемелерді әзірлеу саласында кемінде 2 (екі) жұмысының болуы;
      3) көрсетілетін қызмет саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі және жоғары білімі бар, қызмет көрсету кезінде тартылатын штаттық немесе штаттан тыс мамандардың болуы.
      10. Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу үшін өтініш беруші мынадай критерийлерге сәйкес келетін орындаушыны тартады:
      1) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға мемлекеттік органдар беретін сәйкес лицензиялары, рұқсаттары бар немесе қызметті кемінде 2 (екі) жыл жүзеге асырған (егер осы құжаттар 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті болған жағдайда);
      2) көрсетілетін қызметтер саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі және жоғары білімі бар, қызмет көрсету кезінде тартылатын штаттық немесе штаттан тыс мамандары бар.
      11. Аккредиттелген сараптамалық ұйым немесе аттестацияланған сарапшылар, немесе мемлекеттік сараптамалық ұйым Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздеменің кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу үшін өтініш беруші тартқан орындаушылар болып табылады.
      12. Осы Қағидалар шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру алу үшін индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне кететін шығындардың орнын толтыруды алуға үміткер өтініш беруші мынадай құжаттарды береді:
      1) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі жарғысының көшірмесі;
      2) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері;
      3) индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау бойынша қызметтер көрсететін орындаушы мен өтініш беруші арасында жасалған шарттың көшірмесі;
      4) индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесі және/немесе сараптамасы бойынша орындаушының көрсеткен қызметтері актісінің көшірмесі;
      5) индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесі және/немесе сараптамасы бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомаға берген шот-фактурасының көшірмесі;
      6) индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесі және/немесе сараптамасы бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмаларының көшірмелері;
      7) ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру беру туралы құрал операторының оң шешімінің көшірмесі;
      8) қызметтерді индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесі және/немесе сараптамасы бойынша орындаушының қызмет көрсету нәтижелері бойынша бірінші басшы немесе оның орнына отырған тұлғаның қолы қойылған өтініш беруші бланкісінде еркін нысанда рәсімделген өтініш беруші есебі (бірінші басшыны ауыстырып отырған тұлға қол қойған кезде сенімхатты қоса тіркеу керек);
      9) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша орындаушының көрсетілетін қызметтер саласында қызметтерді көрсету кезінде тартылған штаттық және штаттан тыс мамандардың бар екендігін растайтын мәліметтер;
      10) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе тартылатын орындаушының заңды тұлғасын (филиалын, өкілдігін) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері;
      11) көрсетілген ұқсас қызметтердің, орындалған жұмыстардың қорытындылары бойынша ұсыныстар және/немесе пікірлер және/немесе актілердің кемінде 2 (екі) көшірмелері;
      12) осы Қағидалардың 9-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қызмет көрсету үшін тартылатын штаттық және штаттан тыс мамандардың біліктіліктерін растайтын құжаттардың көшірмелері.
      Егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға болған жағдайда осындай заңды тұлғаның қызмет көрсетуін және/немесе тіркеуін растайтын құжаттар ұсынылады.
      13. Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалған шығындардың өтеуін алудан үміткер өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі жарғысының көшірмесі;
      2) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері;
      3) өтініш беруші мен Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау бойынша қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі;
      4) Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау бойынша орындаушы көрсеткен қызметтер актісінің көшірмесі;
      5) Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына шот-фактураның көшірмесі;
      6) Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмаларының көшірмелері;
      7) өтініш берушінің Өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасына қосылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
      8) бірінші басшы немесе оның орнына отырған тұлғаның қолы қойылған еркін нысанда жазылған өтініш беруші бланкісінде рәсімделген, Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау бойынша қызметтерді орындаушының көрсетуі нәтижелері бойынша өтініш беруші есебі (бірінші басшыны ауыстырып отырған тұлға қол қойған кезде сенімхатты қоса тіркеу керек);
      9) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қызметтерді көрсету кезінде тартылған орындаушының көрсетілетін қызметтер саласында штаттық және штаттан тыс мамандардың бар екендігін растайтын мәліметтер;
      10) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе тартылатын орындаушының заңды тұлғасын (филиалын, өкілдігін) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері немесе жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға орындаушыға мемлекеттік органдар беретін лицензияның, рұқсаттың көшірмелері (2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұл құжаттар міндетті болған жағдайда);
      11) осы Қағидалардың 10-тармағы 2) тармақшаларына сәйкес қызмет көрсету үшін тартылатын штаттық және штаттан тыс мамандардың біліктіліктерін растайтын құжаттардың көшірмелері;
      12) аккредиттелген сарапшылық ұйым немесе тиісті аттестаты бар сарапшы немесе мемлекеттік сарапшылық ұйым жүргізген, құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздеменің ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі (аталған қорытынды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болған жағдайда).
      Егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға болған жағдайда осындай заңды тұлға қызмет көрсетуін және/немесе тіркеуін растайтын құжаттар ұсынылады.
      14. Өтініш беруші ұсынылатын құжаттардың, ақпараттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
      15. Құралдарды алуға өтінім материалдары бір папкада қалыптастырылады, парақтары нөмірленеді және мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде рәсімделеді, құжат көшірмелері өтініш берушінің бірінші басшысымен немесе оның орнын басушының (бірінші басшының орнын басушы қол қойған кезде, сенімхатты қоса тіркеу керек) қолмен және мөр таңбасымен (бар болған жағдайда) куәландырылады.

2-параграф. Кәсіпорын құзыретін арттыруға кететін
шығындардың орнын толтыру

      16. Осы Қағидалар шеңберінде өтініш берушіге кәсіпорын құзыретін арттыруға жұмсалатын шығындарды өтеу түріндегі мемлекеттік қолдауды ұлттық институт ұсынады.
      17. Кәсіпорын құзыретін арттыру шеңберінде:
      1) өтінім берілген күнге дейін 6 (алты) айдан бұрын емес жүргізілген, бір кәсіпорын бойынша 40 (қырық) пайыз, бірақ жылына 1 (бір) қызметкерге 2 миллион теңгеден және бір кәсіпорын бойынша 15 (он бес) қызметкерден аспайтын мөлшерде, кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлауға;
      Ұлттық институт өтеуге қабылдайтын өтініш берушінің шығындар сомасы өтінім беру күніне дейін 6 (алты) айдан бұрын емес қол қойылған, кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді, даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асырған, ұйымның қызмет көрсетудің соңғы актісінің, сондай-ақ, осы Қағидалардың 20-тармағы 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген шығындарды растайтын құжаттардың негізінде анықталады.
      2) өтінім берілген күнге дейін 12 (он екі) айдан бұрын емес жүргізілген, 40 (қырық) пайыз, бірақ 1 (бір) маманға 9 (тоғыз) миллион теңгеден аспайтын, алайда бір кәсіпорын бойынша жылына 3 (үш) маманнан көп емес сарапшыларды тарту жолымен үздік өндірістік практикаларды енгізуге кәсіпорын шеккен шығындарды өтеу көзделеді.
      18. Еңбек өнімділігін артыруға бағытталған кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау, жаңа білім, дағдылар мен тәжірибе алу мақсатында инженерлік-техникалық персоналдың, топ-менеджерлердің, біліктілігін арттыруды, оларды оқытуды, қайта даярлауды, тағлымдамадан өткізуді, оның ішінде шет елдерде де, ұйғарады.
      19. Кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлауды және/немесе қайта даярлауды өтініш беруші мына түрде жүзеге асырады:
      1) білім беру, мамандандырылған және ғылыми ұйымдарда, соның ішінде шетелдік ұйымдарда курстарда, семинарларда 1 (бір) айдан көп емес оқыту;
      2) тағлымдама ұйымдастыру үшін тартылған ғылыми-өнеркәсіптік, өнеркәсіптік кәсіпорындарда, мамандандырылған ұйымдарда, соның ішінде шетелдік ұйымдарда 3 (үш) айдан көп емес тағлымдамадан өткізу.
      20. Кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау кезінде кәсіпорын шеккен шығындарды өтеуге:
      1) кадрларды даярлауды немесе қайта даярлауды жүзеге асырған ұйымның көрсетілетін қызметтерінің құны;
      2) бір мәрте іссапарға жіберілген орынға бару және тұрақты жұмыс орнына қайту жол жүрісі құны;
      3) жұмыскердің кадрларды даярлау және/немесе қайта даярлау мерзімі ішінде, курстарда, семинарларда оқыту кезінде 1 (бір) айдан аспайтын және тағлымдамадан өту кезінде 3 (үш) айдан аспайтын тұрғын-үйді жалдау, тәуліктік шығындардан басқа, құны жатады.
      Бұл ретте, жол жүрісі мен тұруға кететін шығындардың орнын толтыратын сома Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеудің шекті нормаларынан аспауы қажет.
      21. Сарапшыларды тарту жолымен үздік өндірістік практикаларды енгізу технологиялық үдерістерді жетілдіру, жабдықтарды пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында білікті шетелдік мамандарды тартуды көздейді.
      22. Сарапшыларды тарту жолымен үздік өндірістік практикаларды енгізу кезінде кәсіпорын шеккен шығындарды өтеу, өтелетін кезең ішінде еңбек ақы қоры шеңберінде еңбек ақысын және қызметтерді көрсету жеріне және тұратын жеріне қайту үшін жол ақысын төлеуді көздейді және сарапшының тұруына арналған шығындар, тәуліктік шығындар кірмейді.
      Еңбекке ақы төлеу қоры шеңберіндегі еңбекке ақы төлеу бойынша орны толтырылатын шығындарды есептеу кезінде орнын толтыру кезеңіне кіретін толық күнтізбелік айлар қабылданады.
      23. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өтінімдері қарауға жіберіледі:
      Тізбеде көрсетілген экономиканың басым секторларында қызметін кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асыратын.
      24. Кадрларды, соның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау үшін өтініш беруші мына критерийлерге сәйкес келетін орындаушыны тартады:
      1) білім беру және ғылыми ұйымдар үшін:
      қызметін кемінде 2 (екі) жыл жүзеге асыратын немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға берілетін тиісті лицензиясы, рұқсаты бар (аталған құжаттар міндетті түрде 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес болған жағдайда);
      қызмет көрсету кезінде тартылатын, жоғары білімі мен көрсетілетін қызметтер саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі бар штаттық және штаттан тыс мамандарының болуы;
      2) тағылымдаманы және/немесе оқытуды ұйымдастыратын мамандандырылған ұйымдар үшін:
      қызметін кемінде 2 (екі) жыл жүзеге асыратын;
      көрсетілетін қызметтер саласында кемінде 2 (екі) жұмысының болуы;
      қызмет көрсету кезінде тартылатын, жоғары білімі мен көрсетілетін қызметтер саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі бар штаттық және штаттан тыс мамандарының болуы;
      3) базасында тағылымдама өткізілген ғылыми-өнеркәсіптік, өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін:
      қызметін кемінде 5 (бес) жыл жүзеге асыратын;
      қызмет көрсету кезінде тартылатын, жоғары білімі мен көрсетілетін қызметтер саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі бар штаттық және штаттан тыс мамандарының болуы.
      25. Сарапшыларды тарту жолымен үздік өндірістік практикаларды енгізу үшін өтініш берушімен тартылатын орындаушының көрсетілетін қызметтер саласында біліктілігі және кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.
      26. Кадрларды, соның ішінде топ-менеджерлерді даярлауға және/немесе қайта даярлауға жұмсалған шығындардың өтелуіне үміткер өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) индустриялық–инновациялық қызмет субъектісі жарғысының көшірмесі;
      2) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері;
      3) өтініш берушінің инженерлік-техникалық персонал кадрларын және/немесе топ-менеджерлерін даярлауға және/немесе қайта даярлауға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі;
      4) өтініш беруші мен кадрларды, соның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау бойынша қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі;
      5) жалпы сомаға (іссапар шығындарынан басқа) кадрларды, соның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау бойынша орындаушы көрсеткен қызметтер актісінің көшірмесі;
      6) кадрларды, соның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына шот-фактураның көшірмесі;
      7) кадрларды, соның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмалардың көшірмелері;
      8) жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы білім мен дағдыларды кәсіпорында қолданумен байланысты міндеттемелер жазылған біліктілігін, оның ішінде шет елдерде алынған, арттырған қызметкермен жасалған шарттың немесе келісімшарттың көшірмесі;
      9) өтініш берушінің орындаушыға қызмет көрсету қорытындысы бойынша еркін нысанда бірінші басшының немесе оның орнын басушы тұлғаның қолымен (бірінші басшының орнын басушы тұлғаның қолы қойылған жағдайда, сенімхатты қоса тіркеу керек) есебі;
      10) өтінім берген қызметкердің курстарда, семинарларда оқығанын, тағлымдамадан өткенін құжаттамалық растауды – сертификат көшірмесі (бар болған жағдайда);
      11) темір жолмен жүрген кезде – купе вагон тарифі (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, орналасуын реттейтін құрылғы орнатылған жұмсақ креслолары бар (жатын вагон) 2 орындық, сондай-ақ жүрдек пойыздардың «Турист» және «Бизнес» сыныпты купе вагондарын қоспағанда); су жолдары, тас және қара жолдармен – осы елді мекенде қолданылатын жол жүру құны бойынша; және әуе көлігімен – растау құжаттары бар болса, экономикалық сынып тарифі бойынша ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде бір мәрте іссапарға баратын жеріне және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру құнын (іссапарға жіберілген адамға әкімшілік тиісті қатынас көлігін беретін жағдайлардан басқа); жол жүру билеттері мен қонақүйден орын броньдау, сондай-ақ іссапарға баратын жеріне және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру кезінде мұндай шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде, пойыздарда төсек-орын жабдығын пайдалану құнын растайтын құжаттың көшірмесі;
      12) қызметкерді 1 (бір) айдан аспайтын курстарда, семинарларда оқытуда және 3 (үш) айдан аспайтын тағылымдамада даярлау немесе қайта даярлау мерзімі кезіндегі тұрғын үйді жалдау құны нөмірдің бағасы стандарт классификациясымен нақты шығындар бойынша, оның ішінде тәуліктік шығындардан басқа брондау шығындары дәлелденген құжат көшірмелері;
      13) көрсетілетін қызмет саласында жұмыстарды орындаушыда қызметтерді көрсету кезінде тартылатын штаттық және штаттан тыс мамандардың болуын растайтын, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, мәліметтер;
      14) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе тартылатын орындаушының заңды тұлғасын (филиалын, өкілдігін) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері немесе жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға орындаушыға мемлекеттік органдар беретін лицензияның, рұқсаттың көшірмелері (2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұл құжаттар міндетті болған жағдайда) - білім беру, мамандандырылған және ғылыми ұйымдар үшін;
      15) тағылымдаманы ұйымдастыратын мамандандырылған ұйымдар үшін – көрсетілген ұқсас қызметтердің, орындалған жұмыстар нәтижелері бойынша ұсыныстар және/немесе пікірлер және/немесе кемінде 2 (екі) акті көшірмелері;
      16) осы Қағиданың 24-тармағына сәйкес қызмет көрсету үшін тартылатын штаттық және штаттан тыс мамандардың біліктілігін растайтын құжаттар көшірмелері.
      Егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда, осындай заңды тұлға қызмет көрсетуін және/немесе тіркеуін растайтын құжаттарды ұсынады.
      27. Сарапшыларды тарту арқылы үздік өндірістік практикаларды енгізуге жұмсалған шығындардың өтеуін алудан үміткер өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) индустриялық–инновациялық қызмет субъектісі жарғысының көшірмесі;
      2) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері;
      3) үздік өндірістік практикаларды енгізу бойынша қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі;
      4) үздік өндірістік практикаларды енгізу бойынша білікті шетелдік маманның көрсеткен қызметтері үшін ақы төленгенін растайтын заңды бекітілген тәртіпте рәсімделген құжаттар көшірмелері;
      5) экономикалық класс тарифтері бойынша – қызметтер көрсету орнына және кері қарай тұратын орнына бір рет әуе көлігімен жол жүруінің құнын растайтын құжаттар көшірмелері; егер осы шығындарды растайтын құжаттар бар болған кезде іссапарға бару және тұрақты жұмыс орнына қайту кезіндегі жолақы билеттерін броньдау, сонымен қатар поездарда төсек-жабдықтарын пайдалану құны;
      6) білікті шетелдік мамандарда тиісті салада жоғары кәсіби білімінің және тиісті салада жұмыс тәжірибесінің бар екендігін растайтын, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанға сәйкес, мәліметтер;
      7) бірінші басшы немесе оның орнына отырған тұлғаның қолы қойылған еркін нысанда жазылған өтініш беруші бланкісінде рәсімделген қызметтерді орындаушының көрсетуі нәтижелері бойынша өтініш беруші есебі (бірінші басшыны ауыстырып отырған тұлға қол қойған кезде сенімхатты қоса тіркеу керек);
      8) тартылатын шетелдік маманның біліктілігін растайтын құжаттар көшірмелері.
      28. Өтініш беруші ұсынылатын құжаттардың, ақпараттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
      29. Құралдарды алуға өтінім материалдары бір папкада қалыптастырылады, парақтары нөмірленеді және мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде рәсімделеді, құжат көшірмелері өтініш берушінің бірінші басшымен немесе оның орнын басушының (бірінші басшының орнын басушы қол қойған кезде, сенімхатты қоса тіркеу керек) қол қоюымен және мөр таңбасымен (бар болған жағдайда) куәландырылады.

3-параграф. Технологиялық процестерді жетілдіруге кететін
шығындардың орнын толтыру

      30. Техникалық құжаттаманың әзірленуін ынталандыру және технологиялық үдерістерді жетілдіру мақсатында осы Қағидалар шеңберінде технологиялық үдерістерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу түріндегі мемлекеттік қолдауды өтініш берушіге ұлттық институт ұсынады.
      31. Технологиялық процестерді жетілдіру:
      1) кәсіпорынның жалпы жұмысын оңтайландыру (технологиялық аудит, энергетикалық аудит, ақпараттық технологиялар саласындағы консалтинг, соның ішінде автоматтандырылған жүйенің функционалдық сипаттамаларына қойылатын талаптарды қалыптастыру (бағдарламалық қамтамасыздандыру) және оны кәсіпорында енгізу, компанияның құрылуымен, қайта құрылуымен және басқару жүйесінің жұмыс істеуімен байланысты проблемалар жиынтығын шешу);
      2) өнеркәсіптік дизайнды әзірлеу;
      3) инженерлік ниет пен шешімді дайындау, жаңа конструкцияларды, технологияларды, жабдықты іздеу және оларды өндіріске енгізу мүмкіндіктерін айқындау;
      4) өнімдерді өндіру процестерін қамтамасыз ету, сүйемелдеу және басқару (шеф-монтаждау, қосу–түзету жұмыстары, инженерлік, конструкторлық әзірлемелер, тәжірибелік үлгілерді даярлау, жабдықтарды техникалық күту, сондай-ақ қажет болғанда өнімдерді сертификаттауды қоса өнеркәсіптік сынақтар жүргізу) бойынша қызметтер/жұмыстарды тарту арқылы жүзеге асырылады.
      32. Технологиялық процестерді жетілдіру шеңберінде өтінім берілген күнге дейін 6 (алты) айдан бұрын емес жүргізілген, бірақ 30 миллион теңгеден аспайтын кәсіпорын шеккен шығындардың 40 (қырық) пайызы мөлшерінде өтеу көзделеді.
      Ұлттық институт өтеуіне қабылданатын өтініш беруші шығындарының сомасы өтінім берген күнге дейін 6 (алты) айдан бұрын емес қол қойылған қызметтер көрсету түпкілікті актінің негізінде анықталады.
      33. Өтініш беруші осы Қағидаларға сәйкес технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалатын шығындарды өтеу түріндегі мемлекеттік қолдауды алу үшін мынадай өлшемге сәйкес болуы тиіс: Тізбеде көрсетілген экономиканың басым секторларындағы қызметті жүзеге асыруы кемінде 1 (бір) жыл.
      34. Технологиялық процестерді жетілдіруді жүргізу үшін өтініш беруші орындаушыны тартады:
      1) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға мемлекеттік органдар беретін сәйкес лицензиялар, рұқсаттары бар немесе қызметті кемінде 2 (екі) жылдан уақыт бойы жүзеге асырған (егер осы құжаттар 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті болған жағдайда);
      2) қызмет көрсету саласында кемінде 2 (екі) жұмысы бар;
      3) қызмет көрсету кезінде тартылатын, жоғары білімі бар және көрсетілген қызметтер саласында 3 (үш) жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар штаттық және штаттан тыс мамандары бар.
      Өтініш беруші энергиялық аудит жүргізу үшін тартқан орындаушыда Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы «Энергия сақтау және энергиялық тиімділікті арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес энергия сақтау және энергиялық тиімділік саласында аккредиттеу туралы куәлігі бар.
      35. Технологиялық процестерді жетілдіруге кететін шығындардың орнын толтыру құралы шеңберіндегі шығындардың өтеуін алудан үміткер өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) индустриялық–инновациялық қызметтің субъекті жарғысының көшірмесі;
      2) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері;
      3) өтініш беруші мен технологиялық процестерді жетілдіру бойынша қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі;
      4) жалпы сомаға технологиялық процестерді жетілдіру бойынша орындаушы көрсеткен қызметтер актісінің көшірмесі;
      5) технологиялық процестерді жетілдіру бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына шот-фактураның көшірмесі;
      6) технологиялық процестерді жетілдіру бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмалардың көшірмелері;
      7) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға мемлекеттік органдар беретін сәйкес лицензиялар, рұқсаттардың болуы, егер осы құжаттар 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті болған жағдайда;
      8) көрсетілетін қызмет саласында жұмыстарды орындаушыда қызметтерді көрсету кезінде тартылатын штаттық және штаттан тыс мамандардың болуын растайтын, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, мәліметтер;
      9) бірінші басшы немесе оның орнына отырған тұлғаның қолы қойылған еркін нысанда жазылған өтініш беруші бланкісінде рәсімделген қызметтерді орындаушының көрсетуі нәтижелері бойынша өтініш беруші есебі (бірінші басшының орнын ауыстырушы тұлға қол қойған жағдайда сенімхатты қоса тіркеу керек);
      10) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе тартылатын орындаушының заңды тұлғасын (филиалын, өкілдігін) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері немесе жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға орындаушыға мемлекеттік органдар беретін лицензияның, рұқсаттың көшірмелері (2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына бұл құжаттар міндетті болған жағдайда);
      11) ұқсас қызметтердің, орындалған жұмыстардың нәтижелері бойынша және/немесе ұсыныстар мен пікірлер және/немесе 2 (екіден) кем емес актілер көшірмелері;
      12) осы Қағидалардың 34-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қызмет көрсету үшін тартылатын штаттық және штаттан тыс мамандардың біліктілігін растайтын құжаттар көшірмелері.
      Егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда, осындай заңды тұлға қызмет көрсетуін және/немесе тіркеуін растайтын құжаттарды ұсынады.
      36. Өтініш беруші ұсынылатын құжаттардың, ақпараттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
      37. Құралдарды алуға өтінім материалдары бір папкада қалыптастырылады, парақтары нөмірленеді және мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде рәсімделеді, құжат көшірмелері өтініш берушінің бірінші басшымен немесе оның орнын басушының (бірінші басшының орнын басушы қол қойған кезде, сенімхатты қоса тіркеу керек) қолмен және мөр таңбасымен (бар болған жағдайда) куәландырылады.

4-параграф. Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға кететін
шығындардың орнын толтыру

      38. Осы Қағидалар шеңберінде өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалатын шығындарды өтеу түріндегі мемлекеттік қолдауды өтініш берушіге ұлттық институт ұсынады.
      39. Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған құжаттарды әзірлеу және/немесе прогрессивті басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу (ұйымның экономикалық тиімділігін арттыратын технологиялар, соның ішінде басқарудың автоматтандырылған жүйелері (бағдарламалық қамтамасыз ету), энергияға тиімді және жасыл технологиялар, жобаларды басқару стандарттары, Ұқыпты өндіріс элементтері (Кайдзен, TPM, Six Sigma, 5 S, Канбан және т.б.), тауарлар, қызметтер, жұмыстар және менеджент жүйелерін сертификациялау бойынша стандарттар) жолдарымен жүзеге асырылады.
      40. Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру шеңберінде 40 (қырық) пайыз, бірақ 20 (жиырма) миллион теңгеден аспайтын көлемде өтінім беру күніне дейінгі 12 (он екі) айдан бұрын емес кәсіпорын кетірген шығындарды өтеу қарастырылады.
      Ұлттық институт тарапынан өтеуге қабылданатын өтініш берушінің шығындарының сомасы өтінім беру күніне дейінгі 12 (он екі) айдан бұрын емес қол қойылған қызметтер көрсетудің түпкілікті актісі негізінде анықталады.
      41. Қарауға индустриялық–инновациялық қызметтің субъектілерінің өтінімдері рұқсат етіледі: Тізбеде көрсетілген экономиканың басым секторларындағы қызметті кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асыруы.
      42. Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру үшін өтініш беруші орындаушыны мынадай критерийлері бойынша тартады:
      1) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға мемлекеттік органдар тарапынан берілетін сәйкес лицензиясы бар немесе қызметті көрсету тәжірибесі кемінде 2 (екі ) жыл (егер осы құжаттар 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті болса);
      2) қызмет көрсету кезінде тартылатын, жоғары білімі мен көрсетілетін қызметтер саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі бар штаттық және штаттан тыс мамандары бар;
      3) көрсетілетін қызметтер саласында кемінде 2 (екі) жұмысы бар.
      43. Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға кететін шығындардың орнын толтыру құралы шеңберіндегі шығындардың өтеуін алудан үміткер өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) индустриялық–инновациялық қызметтің субъекті жарғысының көшірмесі;
      2) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері;
      3) өтініш беруші мен өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру бойынша қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі;
      4) жалпы сомаға ұйымдастыру тиімділігін арттыру бойынша орындаушы көрсеткен қызметтер актісінің көшірмесі;
      5) ұйымдастыру тиімділігін арттыру бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына шот-фактураның көшірмесі;
      6) өндірістің ұйымдастыру тиімділігін арттыру бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмалардың көшірмелері;
      7) бірінші басшы немесе оның орнына отырған тұлғаның қолы қойылған еркін нысанда жазылған өтініш беруші бланкісінде рәсімделген қызметтерді орындаушының көрсетуі нәтижелері бойынша өтініш беруші есебі (бірінші басшыны ауыстырып отырған тұлға қол қойған кезде сенімхатты қоса тіркеу керек);
      8) ұйымдастыру тиімділігін арттыру бойынша қызмет көрсетулер кезінде тартылатын штаттық және штаттан тыс мамандардың барын растайтын, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, ақпарат;
      9) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе тартылатын орындаушының заңды тұлғасын (филиалын, өкілдігін) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері немесе жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға орындаушыға мемлекеттік органдар беретін лицензияның, рұқсаттың көшірмелері (2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұл құжаттар міндетті болған жағдайда);
      10) ұқсас қызметтердің, орындалған жұмыстардың нәтижелері бойынша және/немесе ұсыныстар мен пікірлер және/немесе 2 (екіден) кем емес актілер көшірмелері;
      11) осы Қағидалардың 42-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұйымдастыру тиімділігін арттыру бойынша қызмет көрсету үшін тартылатын штаттық және штаттан тыс мамандардың біліктілігін растайтын құжаттар көшірмелері.
      Егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда, осындай заңды тұлға қызмет көрсетуін және/немесе тіркеуін растайтын құжаттарды ұсынады.
      44. Өтініш беруші ұсынылатын құжаттардың, ақпараттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
      45. Құралдарды алуға өтінім материалдары бір папкада қалыптастырылады, парақтары нөмірленеді және мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде рәсімделеді, құжат көшірмелері өтініш берушінің бірінші басшымен немесе оның орнын басушының (бірінші басшының орнын басушы қол қойған кезде, сенімхатты қоса тіркеу керек) қолмен және мөр таңбасымен (бар болған жағдайда) куәландырылады.

3. Шығындарды өтеу үшін берілетін құжаттарды қарау

      46. Осы Қағидалар шеңберінде «Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау», «Кәсіпорын құзыретін арттыру», «Технологиялық үдерістерді жетілдіру» және «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» құралдарын алу үшін өтініш беруші қаржылай қолдамайтын оператор немесе тікелей ұлттық институт арқылы осы Қағидаларға 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, өтінім берілген құралдарға сәйкес талап етілетін құжаттарды қоса бере отырып, құралды алуға өтінім (әрі қарай – өтінім) береді.
      47. Ұлттық институт өтініш берушінің өтінімін қаржылай қолдамайтын оператордан алған жағдайда өтінім мен қоса берілген құжаттар тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінім мен оған қоса берілген құжаттарға осы Қағидаларда белгіленген талаптарына сәйкестігі тұрғысында тексеру жүргізеді және шығындарды өтеу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.
      48. Қаржылай қолдамайтын оператор арқылы құралдарды ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына сәйкес айқындалады.
      49. Өтінім ұлттық институтқа тікелей берілген жағдайда, соңғысы, өтінім мен қоса берілген құжаттар тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын қарастырады, өтінім мен оған қоса берілген құжаттар сәйкес келмеген жағдайда, бұл туралы өтініш берушіні хабардар етеді.
      50. Өтініш беруші өтінімнің және/немесе қажетті қосымшалардың сәйкес келмейтіні туралы хабарламаны алғаннан кейін сәйкессіздіктерді жояды және ұлттық институттың хабарламасы бойынша оларға қатысты сәйкессіздіктер анықталған өтінім мен қоса берілген құжаттарды ұлттық институтқа қайта енгізеді.
      51. Ұлттық институт, өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар толық болған жағдайда, 7 (жеті) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың белгіленген талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және шығындарды өтеу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.
      52. Ұлттық институт 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
      шешім қабылданған күннен бастап шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы өтініш берушіге осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұлттық институт тарапынан қол қойылған Шығындарды өтеу туралы келісімді (2 (екі) дана) қоса бере отырып, хабарлама жібереді. Қажет болған жағдайда, хабарламада шығындарды өтеуге қабылданатын соманы түсіндіру келтіріледі;
      шығындарды өтеу мүмкін еместігі туралы шешім қабылдаған күннен бастап өтініш берушіге сәйкес негіздемемен хабарлама жолдайды.
      53. Өтініш беруші ұлттық институттан сәйкессіздік(тер) көрсетілген хабарламаны алғаннан кейін оны (оларды) жояды және жетпейтін және/немесе түзетілген құжаттарды ұлттық институтқа қайта енгізеді.
      54. Өтініш беруші Шығындарды өтеу туралы келісімге қол қойғаннан кейін 1 (бір) данасы ұлттық институтқа қайтарылады.
      55. Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісім мыналарды:
      1) құрал бойынша шығындарды өтеу сомасын;
      2) ұлттық институттың құрал бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген жағдайда құралдың іске асырылу барысы туралы ақпаратты өтініш берушіден сұрату құқығын;
      3) Шығындарды өтеу туралы келісімді бұзуды және оның шарттары бұзылған жағдайда шығындарды өтеу түрінде құрал бойынша берілген ақша қаражатын қайтаруды;
      4) өтініш берушінің ұлттық институтқа мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға ұлттық институттың құралды жүзеге асыруға мониторинг жасау мақсатында Шығындарды өтеу туралы келісімді жасаған күннен кейін 2 (екі) жыл және 2 (екі ) жыл ішіндегі деректерді қоса алғанда осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған ұлттық институтқа және уәкілетті органға өтініш беруші туралы статистикалық деректерді әрі қарай бағыттау үшін беруін қамтиды.
      56. Ұлттық институт Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күннен соң 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге құралды өтеу шарттары мен мөлшеріне сәйкес шығындарды өтеу арқылы құралды береді, бұл ретте өтініш берушіге ақша қаражатын аударғаны үшін ұлттық институтқа сыйақы көзделмеген. Өтініш беруші қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісім ұлттық институтқа келіп түскен күн Шығындарды өтеу туралы келісімнің жасалған күні болып есептеледі.
      57. Осы Қағидаларды жүзеге асыру аясында:
      1) уәкілетті орган ұлттық институттың ағымдағы шотына мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға көзделген, тиісті қаржы жылына төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшілігімен бекітілген төлемдер кестесіне сәйкес осы Қағидалар шеңберінде кейіннен өтініш берушінің шығындарының кейбір түрлерін өтеуге арналған қаражаттарды аударады;
      2) ұлттық институт:
      бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен үлттық институт арасында жасалған шарт негізінде еңбек өнімділігін арттыруда және аумақтық кластерлерді дамытуда мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін екінші деңгейлі банкте – Қазақстан Республикасының резидентінде ағымдағы есепшотты ашады;
      кезеңдік негізде немесе сұрату бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісіне бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуы жөніндегі есепті ұсынады;
      ағымдағы есепшотта мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға қажетті ақша қаражаты жетіспейтін жағдайда қаражат түскенге дейін шығындарды өтеуді тоқтата тұрады;
      қажет болатын жағдайда ағымдағы есепшоттағы қаражатты пайдаланған кезде, бюджеттік бағдарлама әкімшісі бөлген жалпы сома шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары түрлері арасында соманы қайта бөледі;
      Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейлі банк ағымдағы есепшот бойынша есептейтін барлық сыйақыларды ағымдағы шоттағы мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін бөлінген қаражат сомасына қосады;
      Шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда өтініш берушілерден түсетін ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз етеді;
      осы Қағидалар шеңберінде мемлекеттік қолдауды, соның ішінде республикалық бюджетпен тиісті қаржылық жылға көзделген қаражат шеңберінде аумақтық кластерлердің даму бойынша шараларын ұсынуды жүзеге асырады;
      шығындардың бөлігін өтеу шеңберінде өтініш беруші шығындарды шетел валютасында растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, шығындардың бөлігін өтеуге қабылданатын соманы, өтініш берушінің көрсетілген қызмет үшін орындаушыға төлемінің аяқталған күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің валюта курсын ескере отырып, айқындайды.

4. Аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған
индустриялық-инновациялық субъектілеріне мемлекеттік қолдау
көрсету тәртібі

      58. Осы Қағидалар шеңберінде Аумақтық кластерді дамыту стратегиясын және Жол картасын әзірлеу шығындарын өтеу түріндегі мемлекеттік қолдауды өтініш берушіге ұлттық институт ұсынады.
      59. Шығындарды өтеу шеңберінде Аумақтық кластерді дамыту стратегиясын және Жол картасын әзірлеу кезінде 1 (бір) аумақтық кластерге шаққанда 50 (елу) пайыз, бірақ 15 миллион теңгеден аспайтын мөлшердегі жұмсалған шығыстарды төлеу көзделеді.
      60. Аумақтық кластерді дамыту стратегиясын және Жол картасын әзірлеу шығындары аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеудің бірінші кезеңінің жеңімпазы болып табылатын өтініш берушіге өтеледі.
      61. Аумақтық кластерді дамыту стратегиясын және Жол картасын әзірлеу шығындарының өтеуін алу үшін өтініш беруші ұлттық институтқа:
      1) Аумақтық кластерді дамыту стратегиясының және Жол картасының көшірмелерін;
      2) өтініш беруші мен қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесін;
      3) орындаушы көрсеткен қызметтер актісінің көшірмесін;
      4) орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына шот-фактураның көшірмесін;
      5) орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмалардың көшірмесін қоса бере отырып, өтінім береді.
      Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, ақпараттардың, шығыс деректердің, есеп берулердің, негіздемелердің толықтығын және анықтығын қамтамасыз етеді.
      Құралдарды алуға арналған өтінім материалдары бірыңғай папкаға қалыптастырылады, парақтары нөмірленеді мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде рәсімделеді, құжаттардың көшірмелеріне бірінші басшы немесе оның орнын ауыстыратын адам (өтініш берушінің бірінші басшысын ауыстыратын адам қол қойған жағдайда сенімхатты қоса тіркеу керек) қол қоюымен және өтініш берушінің мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылады.
      62. Ұлттық институт қосымша құжаттармен бірге өтінім тіркелген күннен бастап ағымдағы 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтылығына сараптама жүргізеді.
      63. Толық емес құжаттар пакеті ұсынылған жағдайда, ұлттық институт толықтығын тексеру күні аяқталған соң 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге пошта және/немесе өтініш берушінің өтінімінде көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына (болған жағдайда), сәйкессіздігін көрсетіп хабарлама жолдайды.
      64. Өтініш беруші сәйкессіздігі жайлы хабарламаны алғаннан кейін оларды жойып және ұлттық институтқа өтінімді және қосымша құжаттарды қайталап енгізеді.
      65. Ұлттық институт өтінімге қосымша құжаттармен бірге олардың толықтығына тексеру жүргізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидаларға сәйкестігіне сараптама жүргізеді.
      66. Ұлттық институт осы Қағидаларға сәйкестігіне сараптама жүргізгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде шығындарды өтеу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі бойынша шешім қабылдайды.
      67. Ұлттық институт шығындарды өтеу мүмкіндігі бойынша шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарлама жолдайды.
      68. Ұлттық институт өтінімнің және қосымша құжаттардың осы Қағидаларға талаптарына сәйкессіздігін анықтаумен байланысты шығындарды өтеу мүмкін еместігі туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде, өтініш берушіге белгіленген талаптарға сәйкессіздігін көрсете отырып хабарлама жолдайды.
      69. Уәкілетті органның конкурс жеңімпазы деп таныған шешімі негізінде ұлттық институт Аумақтық кластерді дамыту стратегиясын және Жол картасын әзірлеу бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге құрал бойынша шығындар бөлігін өтеу көлемінің шарттарына сәйкес төлем жүргізеді, бұл ретте ұлттық институтқа өтініш берушіге ақшалай қаражат аударғаны үшін сыйақы беру қарастырылмаған.

5. Соңғы ережелер

      70. Осы Қағидалармен көзделген құралдардың тиімділігін анықтау мақсатында құрал операторлары және ұлттық институт оларды жүзеге асырудың мониторингін жүргізеді.
      71. Құралдарды жүзеге асыру мониторингін өтініш берушілердің және құрал операторларының ұсынған ақпараттарына сәйкес ұлттық институт жүргізеді.
      72. Мониторингке:
      1) құралдарды жүзеге асырудағы мәселелерді уақытында анықтау;
      2) құралдарды жүзеге асыру тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды дайындау;
      3) осы Қағидалар шеңберінде мемлекеттік қолдауды алған өтініш берушілер жайлы ақпаратты жинақтау кіреді.
      73. Мониторинг шеңберінде ұлттық институт тоқсан сайын келесі есептік кезеңдерден кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға ұлттық институттың осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құралдардың жүзеге асуы туралы есеп ұсынады.
      74. Мониторинг жүргізу мақсатында ұлттық институт құралды жүзеге асыру туралы есептер қалыптастыру үшін өтініш берушілерден деректер сұратады.
      75. «Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы шеңберінде «Индустриялық-инновациялық жобаның кешендік жоспарын өңдеу және/немесе сараптау», «Өнеркәсіптің құзыреттілігін арттыру», «Технологиялық процестерді жетілдіру» және «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» құралдарын жүзеге асыру мониторингі «Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасына сәйкес анықталады.
      76. Құралды (дарды) жүзеге асыру мониторингі өтініш беруші жайлы уәкілетті органнан бірінші реттік статистикалық мәліметтерді алғаннан кейін мемлекеттік статистика аумағында өтініш берушінің жазбаша келісімі негізінде Шығындарды өтеу келісімі бекітілген күннен кейін 2 жыл ішінде жүргізіледі. Шығындарды өтеу келісімінің күні болып өтініш берушімен Шығындарды өтеу жайлы қол қойылған келісімнің ұлттық институтқа түскен күні саналады.
      77. Мемлекеттік статистика аумағындағы уәкілетті органның бірінші реттік статистикалық деректері бойынша құралды (дарды) жүзеге асыру мониторингін жүргізу және/немесе алу мүмкін болмаған жағдайда, өтініш беруші ұлттық институтқа оның жазбаша сұранысымен мониторинг жүргізуге қажетті ақпараттарды ұсынады.

Еңбек өнімділігін арттыруға және 
аумақтық кластерлерді дамытуға  
бағытталған индустриялық-инновациялық
субъектілеріне мемлекеттік қолдау 
шараларын ұсыну қағидаларына    
1-қосымша           

     Өтініш берушілер үшін экономиканың басым секторларының
                             тізбесі

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің коды

Атауы

1

2

Агроөнеркәсіптік кешен

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.07

Минералды сулар мен басқа да алкогольсіз сусындар өндіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

09

Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық көрсетілген қызметтер

09.1

Мұнай және табиғи газды өндіру саласындағы техникалық қызметтер

09.10

Мұнай және табиғи газды өндіру кезіндегі техникалық қолдау

09.9

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және жерасты жұмыстарының өзге де салалары үшін техникалық қолдау

Жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібі

13

Тоқыма бұйымдарын шығару

14

Киім шығару

15

Тері және оған жататын өнімдер шығару

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын шығару, сабаннан және өруге арналған материалдардан бұйымдар шығару

17

Қағаз және қағаз өнімдерін шығару

31

Жиһаз жасау

Химия және фармацевтика өнеркәсібі

19.20

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

20

Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

Құрылыс материалдары мен өзге де металл емес минералды өнімдер өндіру

23

Өзге де металл емес минералды өнімдер өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өнеркәсібі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл өнімдерін жасау

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер жасау

27

Электр жабдықтарын жасау

28

Басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен жабдықтар жасау

29

Автокөлік құралдарын, трейлерлер және жартылай тіркемелер жасау

30

Өзге де көлік құралдарын жасау

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

33.1

Дайын металл бұйымдарын, машиналар мен жабдықтарды жөндеу

33.2

Өнеркәсіптік техника мен жабдықтарды монтаждау

Өнеркәсіптің басқа секторлары

32

Өзге дайын бұйымдар жасау

35.11

Электр энергиясын өндіру

38.21

Қауіпті емес қалдықтарды өңдеу және жою

38.32

Сұрыпталған материалдарды кәдеге жарату

Көлік және қоймаға қою

50

Су көлігі

51

Әуе көлігі

52

Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі

Ақпарат және байланыс

61

Байланыс

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялар және басқа да ілеспе көрсетілетін қызметтер

Еңбек өнімділігін арттыруға және 
аумақтық кластерлерді дамытуға  
бағытталған индустриялық-инновациялық
субъектілеріне мемлекеттік қолдау 
шараларын ұсыну қағидаларына    
2-қосымша           

нысан

         Орындаушыда, ұсынылатын қызметтер саласында жұмыс
        тәжірибесінің, _______________ қызметтерді көрсету
          кезінде тартылатын штаттық және штаттан тыс
          қызметкерлердің болуын растайтын мәліметтер
         (өтініш берушінің фирмалық бланкісінде толтырылады)

      1. Орындаушының атауы ________________________________________.
      2. Орындаушыны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі және
күні
_____________________________________________________________________
      3. Орындаушының соңғы ______ жыл ішінде көрсеткен осы тәрізді
қызметтерінің көлемі (ұсынылатын қызметтер саласында жұмыстар 2 (екі)
жылдан кем емес).

Көрсетілген қызметтер атауы

Тапсырыс берушілердің атауы және телефон нөмірлері

Қызмет көрсеткен орны және жылы

Шарт құны, теңге (көрсетілмеуі де мүмкін)

1

2

3

4

      4. Қызметкерлердің біліктілігі мен тәжірибесі (осы шарт бойынша
міндеттемелерін орындау үшін орындаушы жұмысқа тартқан қызметкерлер
көрсетіледі)

р/с

Аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі

Лауазымы

Осы бағыт бойынша қызмет көрсету саласындағы еңбек өтілі

Дипломы, куәлігі және басқа да білімі туралы құжаттар бойынша біліктілігі мен мамандығы (№, серияны және беру күнін көрсету)

Мамандығы бойынша санаты, разряды, сыныбы (бар болса)

Азаматтығы

1

2

3

4

5

6

7

      Жоғарыда көрсетілген барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

      Өтініш берушінің басшысы
      _____________ _________________________________________________
         (қолы)      (аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі)
      М.О. (бар болған жағдайда)

      Осы нысанды өтініш беруші «Технологиялық процестерді жетілдіру»
құралы шеңберінде жүргізілген энергоаудит бойынша шығындарды
мәлімдеген кезде толтырмайды.
      Осы мәліметтердің 3-тармағы өтініш беруші
«Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу
және/немесе сараптау» құралы шеңберінде техникалық-экономикалық
негіздемесін әзірлеу және/немесе сараптау бойынша, сондай-ақ
«Кәсіпорын құзыреттілігін арттыру» құралы шеңберінде білім беретін
және ғылыми ұйымдарда, ғылыми-өнеркәсіптік, өнеркәсіптік
кәсіпорындарда кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау
және/немесе қайта даярлау бойынша шығындарды мәлімдеген кезде
толтырмайды.

Еңбек өнімділігін арттыруға және 
аумақтық кластерлерді дамытуға  
бағытталған индустриялық-инновациялық
субъектілеріне мемлекеттік қолдау 
шараларын ұсыну қағидаларына    
3-қосымша           

нысан

    Білікті шетел маманында жоғары білімнің және тиісті салада
         жұмыс тәжірибиесінің болуын растайтын мәліметтер
                (өтініш берушінің бланкісінде толтырылады)

      Шетел маманының аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі
_____________________________________________________________________

р/с

Лауазымы

Осы бағыт бойынша қызмет көрсету саласындағы еңбек өтілі

Дипломы, куәлігі және басқа да білімі туралы құжаттар бойынша біліктілігі мен мамандығы (№, серияны және беру күнін көрсету)

Мамандығы бойынша санаты, разряды, сыныбы (бар болса)

Азаматтығы

1

2

3

4

5

6

      Жоғарыда көрсетілген барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
      Өтініш берушінің басшысы
      _____________ _________________________________________________
         (қолы)      (аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі)
      М.О. (бар болған жағдайда)

Еңбек өнімділігін арттыруға және 
аумақтық кластерлерді дамытуға  
бағытталған индустриялық-инновациялық
субъектілеріне мемлекеттік қолдау 
шараларын ұсыну қағидаларына    
4-қосымша           

нысан

«Қазақстандық индустрия дамыту  
институты» акционерлік қоғамы  
______________________________ 
(өтініш берушінің толық атауы) 

                  Құралды алуға арналған өтінім
                    (өтініш беруші толтырады)

      1. Өтініш берушінің толық атауы
      2. Заңды мекенжайы (индекс, облыс, қала, аудан, елді мекен,
көше, телефоны)
      3. Бірінші басшы (аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),
тегі, лауазымы, жұмыс/ұялы телефонының нөмірі, электрондық мекенжайы)
      4. Өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі
және күні
      5. Өтініш берушінің БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі)
      6. Саланың, қосалқы саланың атауы
      7. Негізгі қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы
жіктеуішінің кодын көрсете отырып)
      8. Шығарылатын өнімнің номенклатурасы
      9. Өтініш беруші қызметкерлерінің саны
      10. Өтініш берушінің белгіленген қуаты (заттай және ақшалай
көріністе)
      11. Қуаттардың ағымдағы жүктелімі (пайыз)
      12. Өндірістік жабдықтың ағымдағы тозуы (пайыз)
      13. Ағымдық еңбек өнімділігі (мың теңге/адам және мың/АҚШ
доллары США/адам)*
      14. Жоба мемлекеттік және/немесе салалық Бағдарламаның
қатысушысы бола ма (болған ба) (егер солай болса, онда қандай
құралдарды алғаныңызды көрсетіңіз)
      Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға
бағытталған индустриялық-инновациялық субъектілеріне мемлекеттік
қолдау шараларын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) шеңберінде
қандай құралды қолдану жоспарлануда (қажеттісін белгісімен
белгілелеңіз):
       Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу
және/немесе сараптама жасау:
       Қағидалар шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды
алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу;
       Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемесін
әзірлеу және/немесе сараптама жасау;
       Кәсіпорынның құзыретін арттыру:
       кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе
қайта даярлау;
       сарапшыларды тарту жолымен ең үздік өндірістік практикаларды
енгізу;
       Технологиялық процестерді жетілдіру;
       Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру;
       Аумақтық кластерді дамыту стратегиясы мен Жол картасын
әзірлеу шығындарын өтеу.
      15. Қағидалар шеңберінде мемлекеттік қолдауды тартудың мақсаты
(қысқаша сипаттама, қажеттілікті негіздеу, нәтиже)
      16. Өтінім берілген құрал шеңберінде келтірілген шығындардың
жалпы құны (теңге)
      17. Өтінім берілген құрал шеңберінде келтірілген шығындар
кезеңі (басынан бастап соңына дейін (жыл, ай)
      18. Қызмет көрсететін орындаушының атауы
      19. Өтініш берушінің банкілік деректемелерін көрсету

      Осы өтінім арқылы өтініш беруші ұсынған құжаттарының, бастапқы
деректерінің, есептеулерінің, негіздемелерінің толықтығына және
дұрыстығына жауапкершілікті өзіне алады.
      Өтініш беруші сұралып отырған құрал шеңберінде жасалған
іс-шаралар бойынша келген шығындар республикалық және/немесе
жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылмағанын растайды.
      Құралды алуға өтінімді толтырушы, байланыс жасаушы тұлға (аты,
әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі, лауазымы, жұмыс/ұялы
телефондарының нөмірі, электрондық мекенжайы): ______________________

      Өтінімді толтырған күні _________________________
      Өтініш беруші басшысының қолы ______________________
      ______________________________________________________
      (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі)
      М.О. (бар болған жағдайда)

      * Еңбек өнімділігі жалпы қосылған құнның немесе өндірілген өнім
көлемінің (аралық тұтыныс бойынша мәліметтердің жоқтығы кезінде)
жұмыс істейтін санына арақатынасы болып есептеледі

      Өтінім фирмалық бланкіде, бірінші басшының қолымен және өтініш
берушінің мөрі (бар болған жағдайда) қойылып рәсімделеді.
      Өтініш берушінің бірінші басшысын алмастыратын тұлға қол қойған
жағдайда, міндетті түрде сенімхат қоса тіркелуге тиіс.

Еңбек өнімділігін арттыруға және 
аумақтық кластерлерді дамытуға  
бағытталған индустриялық-инновациялық
субъектілеріне мемлекеттік қолдау 
шараларын ұсыну қағидаларына    
5-қосымша           

                  ____________ жағдай бойынша
    құралдарды іске асыру туралы индустрияны дамыту саласында
                   ұлттық институттың есебі

                                                            мың теңге

Рс

Кәсіпорын атауы

Құралдың атауы

Өтініштің түскен күні

Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімнің қабылданған күні

Сомасы

Есептік күнге қаржыландырылған сома

Жоба бойынша нақтылаушы ақпарат, мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша жағымсыз шешім қабылданған жағдайда, ресми хатты қоса тіркей отырып, бас тарту себептерін көрсету

Ағымдағы жағдай

Өтініш берушінің өзінің қатысуы

Мемлекеттік қолдау

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











Индустрияны дамыту саласында ұлттық институттың басшысы:
_____________________ /аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі/
(қолы)
(мөрі)

Еңбек өнімділігін арттыруға және 
аумақтық кластерлерді дамытуға  
бағытталған индустриялық-инновациялық
субъектілеріне мемлекеттік қолдау 
шараларын ұсыну қағидаларына    
6-қосымша           

нысан

                Шығындарды өтеу туралы келісім

_______________
201__жылғы «___»____________
      (қала)

      Бұдан әрі «ұлттық институт» деп аталатын атынан,
____________________________________________ негізінде әрекет ететін,
____________________________________________ тұлғасында «Қазақстандық
индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамы,
____________________________, бір тараптан, бұдан әрі «Өтініш беруші»
деп аталатын ________________________________ негізінде әрекет ететін
және
_____________________,_______________________________________________
  (өтініш берушінің толық атауы) (басшының лауазымы, аты, әкесінің
                 аты (бар болған жағдайда), тегі)
екінші тараптан, бірлесіп «Тараптар» деп, ал әрқайсысы жеке «Тарап»
деп аталатындар, мына төмендегілер Еңбек өнімділігін арттыруға және
аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық
субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидалары (бұдан
әрі – Қағидалар) негізінде шығындарды өтеу туралы осы Келісімді
(бұдан әрі - Келісім) жасасты:

                         1. Келісімнің мәні

      1. Ұлттық институт Қағидалар шеңберінде «______________________
____________________________________________________________________»
                         (құралдың атауы)
(бұдан әрі – Құрал)__________________________________________________
                                (шығындардың түрі)
_____________(сомасы жазбаша) теңге шығындарды өтінімге сәйкес толық
көлемде өтеу түріндегі инструментты ұсынуға міндеттенеді, ал Өтініш
беруші Келісімнің 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Құралдың
нысаналы индикаторына қол жеткізуге міндеттенеді.
      2. Өтініш беруші шығындарды өтеу шеңберінде шет ел
валютасындағы шығындарын растайтын құжаттарын ұсынған жағдайда,
шығындарды өтеуге қолданылатын сома өтініш беруші көрсетілген
қызметтер үшін орындаушыға төлеу жасалған күнгі Ұлттық банктің валюта
бағамын негізге ала отырып анықталады.
      3. Қағидалардың бір құралы шеңберінде бірнеше қызмет түрі
бойынша өтініш білдірілгенде, өтініш берушіге осы құралды ұсыну
Қағидалар шарттарында көзделген төлеу мөлшерлеріне әрбір қызмет түрі
бойынша шығындарды өтеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
      4. Ағымдағы есепшотта құралдарды ұсынуға қажет ақша қаражатының
жетіспеуі жағдайында, Ұлттық институт бюджеттік бағдарлама
әкімшілігінен қаражат түскенге дейін шығындарды қайтаруды тоқтатады.

                     2. Тараптардың міндеттемелері

      5. Ұлттық институт:
      1) өтініш берушіні Келісімді орындауға айтарлықтай әсер етуге жарамды Қағидалар іске асырумен байланысты барлық өзгерістер туралы хабардар етуге;
      2) осы Келісімге қол қойылған күнінен кейін 2 (екі) жыл ішінде Құралды іске асыру мониторингін жүргізуге міндеттенеді.
      6. Өтініш беруші:
      1) Келісім қосымшасындағы нысан бойынша Ұлттық институт Құралды іске асыруға мониторинг жүргізу мақсатында Ұлттық институтқа одан әрі мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін, өтінім бергенге дейінгі 2 (екі) жылғы және өтінім бергеннен кейінгі 2 (екі) жылғы мәліметтерді қоса отырып, бастапқы статистикалық деректерді индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органға және Бағдарлама операторына беруге келісімін беруге. Шығындарды өтеу туралы келісімге қол қою күні болып шығындарды өтеу туралы келісімге өтініш беруші қол қойылған күн есептеледі. Бастапқы статистикалық мәліметтерді таратуға келісу үлгі насаны осы Келісімге косымшада көрсетілген;
      2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан алынған бастапқы статистикалық деректерді алу мүмкін болмағанда және/немесе олар негізінде құралдың іске асырылуын мониторинг жүргізу мүмкін болмағанда, Ұлттық институттан жазбаша сұрау алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде мониторинг жүргізуге қажет деректерді беруге;
      3) осы Келісімнің 1-тармағына сәйкес құралдың нысаналы индикаторына қол жеткізу – кәсіпорынның кірісі көлемін Қағидалар шеңберінде мемлекет салған 1 (бір) теңгеден 2 (екі) теңгеден кем болмайтындай мөлшерде ұлғайтуға;
      4) Ұлттық институттың жазбаша сұрау салуына оны Ұлттық институттан алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде осы тармағының 3) тармақшасындағы Құрал бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізе алмағанда Құралды іске асыру барысы туралы ақпаратты беруге;
      5) Осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген шартарды қоспағанда Келісім шарттарын бұзғанда, Ұлттық институттан тиісті хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Ұлттық институт Құрал бойынша шығындарды өтеу түрінде берген ақша қаражаттарын қайтаруды қамтамасыз етуге міндеттенеді.

                      3. Тараптардың құқықтары

      7. Ұлттық институт:
      1) Құрал бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізе алмаған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан алынған бастапқы статистикалық деректерді алу мүмкін болмағанда және/немесе олар негізінде құралдың іске асырылуына мониторинг жүргізу мүмкін болмағанда құралдардың іске асырылуына мониторинг жүргізу үшін Өтініш берушіден Құралдың іске асырылу барысы туралы ақпаратты сұратуға;
      2) осы Келісімді біржақты тәртіпте бұзуға және осы Келісімнің 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген шартарды қоспағанда осы Келісімнің талаптарын бұзған жағдайда, Құрал бойынша берілген ақша қаражатын өтеуді талап етуге құқылы.

                  4. Тараптардың жауапкершілігі

      8. Ұлттық институт:
      1) Құралды іске асыру шеңберінде ұсынылған ақпараттың толықтығына, уақтылығына және дұрыстығына;
      2) құралдардың уақтылы ұсынылуына жауапкершілікте болады.
      9. Өтініш беруші:
      1) Құралды іске асыру шеңберінде негізделіп ұсынылған ақпараттың, бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толықтығына, уақтылығына және дұрыстығына;
      2) осы Келісімнің 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген Құралдың нысаналы индикаторына қол жеткізуге;
      3) осы Келісімнің 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген шартарды қоспағанда осы Келісімнің талаптары бұзылған жағдайда, Құрал бойынша берілген ақша қаражатын шығындарды өтеу түрінде уақтылы өтеуге жауапты болады.

                           5. Құпиялылық

      10. Осы Келісім шарттарына қатысты ақпарат, банктік құпия, сондай-ақ Келісімді жасасу және орындау барысында Тараптар алған қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат құпия болып табылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда үшінші тұлғаларға жариялауға жатпайды.
      11. Тараптар осы Келісімнің құпиялығын сақтау үшін барлық қажетті, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне осы Келісімді іске асыру барысында алынған мәліметтерді жариялауына не үшінші тұлғаларға беруіне жол берілмейді.
      12. Тараптардың кез келгені осы Келісімнің талаптарын бұзуда құпия ақпаратты жариялау не тарату жағдайында, кінәлі Тарап осындай ақпаратты жариялау салдарынан басқа Тарап шығындарды өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылады.

                          6. Форс-мажор

      13. Тараптар осы Келісім бойынша міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, егер осы орындамау осы Келісімді жасағаннан кейін еңсерілмейтін күштің күтпеген жағдайларының салдары болса, Тараптар болжай алмаған және тиісті шаралармен алдын алмаған осындай төтенше сипаттағы оқиғалар нәтижелерінде орындалмаса, жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін күш жағдайларына Тараптар әсер ете алмайтын, оның туындауына олар жауапкершілік арта алмайтын оқиғалар және Келісім бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей әсер еткен жағдайлар жатады.

                      7. Даулы мәселелерді шешу

      14. Ұлттық институт мен Өтініш беруші олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындаған барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер жүргізу процесінде кезінде шешу үшін барлық күштерін жұмылдыруға тиіс.
      15. Егер келіссөздердің нәтижесінде Ұлттық институт пен Өтініш беруші дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені дауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сотының қарауына береді.

                       8. Қорытынды ережелер

      16. Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және оған қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жыл ішінде қолданыста болады.
      17. Осы Келісімге енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар оларды жазбаша түрде рәсімдеген және одан әрі Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын барлық Тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қойған кезде жарамды болады.
      18. Тараптар деректемелері (заңды мекенжайлары, есепшот нөмірлері) өзгерген жағдайда, бір-бірін дереу хабардар етеді.
      19. Осы Келісім Тараптардың әрқайсысына бір данадан берілетін бірдей заңды күші бар екі данада жасалған.

          9. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері

Ұлттық институт:                          Өтініш беруші
«Қазақстандық индустрия дамыту            ___________________________
институты» АҚ
Мекен-жайы:                               Мекен-жайы:
тел/факс: БСН                             тел/факс: БСН
ЖСК                                       ЖСК
БСК                                       БСК
Коды                                      Коды
___________________________               ___________________________
(бірінші басшының лауазымы)               (бірінші басшының лауазымы)
____________(аты, әкесінің аты            _________(аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда), тегі)             (бар болған жағдайда), тегі)

М.О.                                      М.О. (бар болған жағдайда)

Шығындарды өтеу
туралы келісімге
қосымша   

нысан

         Бастапқы статистикалық деректерді таратуға келісім
                (Өтініш берушінің бланкісінде толтырылады)

___________________________________________ индустриялық-инновациялық
даму саласындағы уәкілетті органға
      (Өтініш берушінің толық атауы)
(Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне) және
ұлттық институтқа («Қазақстандық индустрия дамыту институты»
акционерлік қоғамына) бастапқы статистикалық деректерді келесі
нысандар бойынша ашуға келісімін береді.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________ кезеңіне
____________ көрсеткіштер бойынша

      Өтініш беруші басшысы
_____________________________________________________________________
(қолы)         (аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі)

      М.О. (бар болған жағдайда)