Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 09.01.2019 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 60) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 19.03.2024 № 169/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 09.01.2019 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы |
Ж. Қасымбек |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 25 қаңтардағы №58 бұйрығымен бекітілген |
Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 19.03.2024 № 169/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 60) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:
1) абоненттік нөмір – шарт жасасу кезінде абоненттің пайдалануына бөлінетін, оның көмегімен басқа абоненттік жабдықпен қосылу орнатылатын және абонентті желіде сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нөмір;
2) ақпараттандыру объектілері – электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтылым, интернет-ресурс және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;
3) биометриялық аутентификация – физиологиялық және биологиялық өзгермейтін белгілер негізінде жеке басын сәйкестендіретін шаралар кешені;
4) бір реттік пароль – электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу субъектілерін аутентификациялаудың бір ғана сеансы үшін жарамды пароль;
5) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысының сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде тұрақты географиялық айқындалатын орны жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке пайдаланылатын байланыс құралы;
6) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
7) порталдағы пайдаланушының есептік жазбасы (бұдан әрі – пайдаланушының есептік жазбасы) – пайдаланушыны тану (сәйкестендіру) және "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушы кабинетіндегі оның дербес деректері мен баптауларына қол жеткізу үшін қажетті, порталда сақталатын пайдаланушы туралы электрондық ақпараттық ресурстардың жиынтығы;
8) "электрондық үкіметтің" мобильді қосымшасы – ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған, іске қосылған және ұялы байланыс пен Интернет арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге және өзге де қызметтерге қол жеткізуге болатын бағдарламалық өнім;
9) цифрлық құжаттар сервисі – операторға бекітілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған құжаттарды электрондық түрде көрсетуге және пайдалануға арналған "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі.
3. Осы Қағидалардың күші жеке тұлғаларға жататын абоненттер үшін қолданылады.
2-тарау. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу тәртібі
4. "Абоненттік нөмірді порталдың есептік жазбасына қосу" мемлекеттік қызметін алу үшін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал немесе ақпараттандыру объектілері (мобильді қосымша) арқылы электрондық нысанда сұрау салуды жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі осы Қағидаларға қосымшада көзделген.
5. Мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде мынадай іс-әрекеттер жүзеге асырылады:
1) абонент порталда авторизацияланады;
2) порталдағы пайдаланушы кабинетінде "Тексеру кодын алу" функциясын басу арқылы абоненттік нөмір енгізіледі, портал қалыптастыратын және жіберген қысқа мәтіндік хабарлама түрінде абоненттік нөмірге бір реттік пароль алады және сұрау салуды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.
3) Қағидалардың 5-тармағы 2) тармақшасының талаптарын сәтті орындаған кезде сұранысты автоматты түрде өңдеу және абоненттік нөмірді порталдың есептік жазбасына қосу жүзеге асырылады, нәтижесінде тіркелген нөмір туралы мәліметтер абоненттің порталдағы жеке кабинетінде көрсетіледі.
6. Ақпараттандыру объектісі (мобильді қосымша) арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін жүгінген кезде мынадай іс-әрекеттер орындалады:
1) ақпараттандыру объектісінде (мобильді қосымша) қолда бар электрондық цифрлық қолтаңбаны тіркеу куәліктерін пайдалану немесе жаңа тіркеу куәліктерін шығару жолымен авторландыру әрекетін таңдау жүзеге асырылады;
2) көрсетілген абоненттік нөмірге портал қалыптастыратын және жіберген қысқа мәтіндік хабарлама түрінде абоненттік нөмір және бір реттік пароль енгізіледі және биометриялық аутентификациядан өтеді;
3) Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасының шарттары сәтті орындалған кезде сұранысты автоматты түрде өңдеу және абоненттік нөмірді порталдың есептік жазбасына қосу жүзеге асырылады. Тіркелген нөмір туралы мәліметтер ақпараттандыру объектісінде (мобильді қосымша) абоненттің бейінінде көрсетіледі.
7. Ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттің абоненттік нөмірін порталдың есептік жазбасына тіркеу және қосу ақпараттандыру объектілерінде сақталған нөмір болмаған немесе сәйкес келмеген жағдайда ақпараттандыру объектілерінде (екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасында) сақталған нөмірді тексеру, пайдаланушының биометриялық аутентификациясы және қысқа мәтіндік хабарлама түрінде абоненттік нөмірге бір реттік пароль енгізу арқылы тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жолымен ақпараттандыру объектілерінде (екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасында) цифрлық құжаттарды қарауға рұқсат беру (екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасында) кезінде жүзеге асырылады.
8. Порталдың жеке кабинетінде және ақпараттандыру объектісінің (мобильді қосымша) профилінде тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған абоненттік нөмірді өзгерту жаңа абоненттік нөмірді және порталда көрсетілген абоненттік нөмірге қалыптастыратын және жіберген қысқа мәтіндік хабарлама түрінде және одан әрі электрондық цифрлық қолтаңбасы бар куәлікпен жаңа абоненттік нөмірді және бір реттік парольді енгізу жолымен жүзеге асырылады.
9. Абонент абоненттік нөмірге портал қалыптастырған және жіберген қысқа мәтіндік хабарлама түрінде алған бір реттік пароль дұрыс енгізілмеген және/немесе абоненттің биометриялық аутентификациясынан өтпеген жағдайда, ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де қызметтерді алу үшін порталдың есептік жазбасына қосу жүргізілмейді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес, оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
"Абоненттік нөмірді "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал); |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Қызмет көрсету мерзімі – 10 (он) минут |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Пайдаланушының жеке кабинетіндегі "Электрондық үкімет" веб-порталының есептік жазбасына қосылған абоненттік нөмір туралы мәлімет немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі | Портал және ақпараттандыру объектілері ("электрондық үкіметтің" мобильді қосымшасы, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары) – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
Порталға және ақпараттандыру объектілеріне ("электрондық үкіметтің" мобильді қосымшасы, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары): |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" және "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеуі; |
10 | Көрсетілетін мемлекеттік қызметті оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері, ескерілген өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері арқылы, сондай-ақ 1414, 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар. |