Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12640 болып тіркелді.

Жаңартылған

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрі

Ә.Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы "___" ___________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 24 желтоқсан


Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1194 бұйрығымен бекітілген

Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған
индустриялық-инновациялық субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.03.2017 № 164 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      1. Осы Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес әзірленген және еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Еңбек өнімділігін арттыру индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері үшін бәсекелестік артықшылық болып табылады және кадрлық әлеуетке, өндірістің материалдық-техникалық базасына, ұйымдастырушылық-экономикалық іс-шараларға, өнім өндіруді тиімді үйлестіру мен оны жүзеге асыруға байланысты факторларға негізделеді.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:

      1) Алты сигма (Six Sigma) – ұқыпты өндірістің бөлшегі, үдерістердің әрқайсысының сапалы шығуының жақсаруын, өндірістік істе кемістіктер мен статистикалық ауытқулардың төмендеуін көздейтін өндірісті басқару тұжырымдамасы (бұдан әрі – Six Sigma);

      2) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспары – қажетті экономикалық, техникалық, басқарушылық және басқа құжаттаманың пакеті;

      3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – индустрия және индустриялық-инновациялық дамыту саласындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген шектерде басшылықты, салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметке мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері – экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыратын немесе ішкі және (немесе) сыртқы нарықта отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өткізу жұмыстарын іске асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      5) Кайдзен (Kaizen) – ұқыпты өндірістің бөлшегі, өндіріс, әзірлеу процестерін, қосалқы бизнес-процестерді және басқаруды, сонымен қатар өмірдің барлық жақтарын үзіліссіз жетілдіруді көздейтін жапондық пәлсапа немесе тәжірибе (бұдан әрі – Kaizen);

      6) Канбан (Kanban) – ұқыпты өндірістің бөлшегі, "дәл мезгілде" қағидасын іске асыруға мүмкіндік беретін өндіріс пен жабдықтауды ұйымдастыру жүйесі (бұдан әрі – Kanban);

      7) Карта жобасы – Индустрияландыру картасына немесе Өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасына қосылған және басым секторлардағы индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жоба;

      8) қаржылық емес қолдау операторы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының төртінші бағытының шеңберінде, "Сыртқы консультанттарды тарту арқылы алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың консультациялық жобаларын қоса қаржыландыру (Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау бойынша Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің Бағдарламасы)", "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" компоненттерін қоспағанда, кәсіпкерлерге мемлекеттік қаржылық емес қолдауды жүзеге асыратын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

      9) құрал жабдықтарды барынша күту (Total productive maintenance (TPM) – ұқыпты өндірістің бөлшегі техникалық күтудің тиімділігін жоғарылатуға бағытталған өндірістік құрал-жабдықтар менеджментінің тұжырымдамасы (бұдан әрі – ТРМ);

      10) құрал операторы – құралдар жеткізетін, жарғылық капиталында мемлекеттің 100 пайыздық қатысуы бар заңды тұлға және (немесе) ұлттық даму институтының, ұлттық басқару холдингінің еншілес ұйымдары;

      11) орындаушы – Қағидалар шеңберінде өтініш берушіге қызмет көрсететін жеке немесе заңды тұлға;

      12) өтініш берушінің өнімі – өтініш беруші өндіретін тауар және/немесе орындайтын/далған жұмыстар және/немесе көрсететін/көрсетілген қызметтер;

      13) өтініш беруші – Қағидалар шеңберінде құралдарды алу үшін өтініш берген индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі;

      14) топ-менеджер – заңды тұлға басшысы немесе оның атқарушы органының мүшесі немесе қаржы (бухгалтерия), әкімшілік, құқықтық бөлімдерін қоспағанда, өндірілген өнімді/қызметтерді өндіру/көрсету және/немесе өткізу жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы.

      15) Ұқыпты өндіріс – Kaizen, 5S, TPM, Kanban, Six Sigma және басқа да элементтерді қамтитын, ысыраптардың барлық түрлерін жоюға ұмтылуға негізделген өнеркәсіптік кәсіпорынды басқару тұжырымдамасы;

      16) Энергия тиімді технологиялар – энергия ресурстарын тиімді (рационалды) пайдалануға бағытталған технологиялар. Ғимараттар және өндірістегі технологиялық процестердің энергиялық қамтамасыз етілу деңгейін кемітпейтіндей энергияның аз мөлшерін қолдану;

      17) 5S – ұқыпты өндірістің бөлшегі, жұмыс орнын (жұмыс кеңістігін) ұйымдастыру мен оңтайландыру (бұдан әрі – 5S).

      4. Өтініш берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген мемлекеттік қолдау шараларын көрсету шеңберінде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын немесе қаржыландырылған іс-шаралар бойынша шығындар өтеуге жатпайды.

      5. Өтініш берушінің кәсіпорын құзіретін арттыру шеңберінде кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау кезінде жол жүру мен мекендеуге жұмсалған шығындары "Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 Қаулысына сәйкес қайтарылады.

      6. Өтініш беруші мен орындаушы арасында шарт жасасу сәтінде осы қағидалардың 11, 12, 13, 26, 27, 35 және 43-тармақтарының талаптарына сәйкес орындаушы тартылады.

2-тарау. Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған индустриялық-инновациялық
субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тәртібі

      7. Осы Қағидалар шеңберінде еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау мынадай құралдарды қамтамасыз ету болып табылады:

      1) мына кездерде индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орнын толтыру:

      ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу кезінде;

      Картаның жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және/немесе сараптау кезінде;

      2) кәсіпорынның құзыреттілігін арттыруға кететін шығындардың орнын мына жағдайларда толтыру:

      сарапшыларды тарту арқылы үздік өндірістік практикаларды енгізу;

      3) технологиялық процестерді жетілдіруге кететін шығындардың орнын толтыру;

      4) өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға кететін шығындардың орнын толтыру;

      Ұлттық институт өтеуге қабылдайтын өтініш берушінің келісімшарт бойынша шығындары құжаттар негізінде, соның ішінде көрсетілген қызметтің жалпы сомасы актісінің (актілерінің) негізінде және Осы Қағидаларда көрсетілген өтініш беру мерзіміне сәйкес төленеді.

      Бұған қоса, өтініш берушінің шығындарының ұлттық институт тарапынан өтелу мерзімінің есептелуі Осы Қағидалар талаптарына сай құжаттар қоса берілген шығындарды өтеу туралы өтініші Осы Қағидалардың 51 және 54-тармақтарына сәйкес енгізілген/қайталап енгізілген күннен бастап есептеледі.

      Осы тармақтың 1), 2), 3) және 4)-тармақшаларында көрсетілген құралдар Осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес өтініш берушілер үшін Экономиканың басым секторларының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес индустриялық-инновациялық жобаны іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлаған өтініш берушілерге беріледі.

1-параграф. Индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарының
әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орнын толтыру

      8. Өтініш берушіге индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына жұмсалатын шығындардың орнын толтыру түріндегі мемлекеттік қолдауды индустрияны дамыту саласындағы ұлттық дамыту институты – "Қазақстандық индустрия дамыту институты" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ұлттық институт) көрсетеді.

      9. Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау шеңберінде, өтініш берушінің күнтізбелік жылда шеккен шығынының 40 (қырық) пайыз мөлшерінде, бірақ 60 (алпыс) миллион теңгеден аспайтын көлемде орнын толтыру көзделеді:

      1) лизингтік қаржыландыруды алуға арналған индустриалды-инновациялық жобаны кешенді әзірлеу үшін;

      2) Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және/немесе сараптау үшін.

      Ұлттық институт өтейтін өтініш беруші шығындар сомасы өтініш беру күніне дейінгі 24 (жиырма төрт) айдан ерте емес мерзімде қол қойылған қызмет көрсетудің актісі (актілері) негізінде анықталады.

      10. Қарауға индустриялық–инновациялық қызмет субъектілерінің өтінішдеріне жол беріледі:

      1) ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу кезінде: Тізбеде анықталған экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаны жүзеге асырушы және (немесе) жүзеге асыруды жоспарлаушы;

      2) Карта жобалары үшін техникалық–экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау кезінде: Тізбеде анықталған экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асырушылар.

      11. Осы Қағидалар шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу мақсатында индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу үшін өтініш беруші мынадай критерийлерге сәйкес келетін орындаушыны тартады:

      1) 2 (екі) жылдан кем емес қызметті жүзеге асыру;

      2) өңдеу өнеркәсібіндегі жобалар және инфрақұрылымдық жобалар бойынша кешенді, бизнес-жоспарларды, техникалық–экономикалық негіздемелерді әзірлеу саласында кемінде 2 (екі) жұмысының болуы;

      3) көрсетілетін қызмет саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі және жоғары білімі бар, қызмет көрсету кезінде тартылатын штаттық және/немесе штаттан тыс маманның болуы (біреуі жеткілікті).

      12. Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу үшін өтініш беруші мынадай критерийлерге сәйкес келетін орындаушыны тартады:

      1) кемінде 2 (екі) жыл қызмет ету немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға мемлекеттік органдар беретін тиісті рұқсаттың болуы;

      2) көрсетілетін қызметтер саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі және жоғары білімі бар, қызмет көрсету кезінде тартылатын штаттық және/немесе штаттан тыс маманы бар (біреуі жеткілікті).

      13. Аккредиттелген сараптамалық ұйым немесе аттестацияланған сарапшы, немесе мемлекеттік сараптамалық ұйым Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздеменің кешенді ведомстводан тыс сараптамасын жүргізу үшін өтініш беруші тартқан орындаушылар болып табылады.

      14. Осы Қағидалар шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне кететін шығындардың орнын толтыруды алуға үміткер өтініш беруші Осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш, сонымен қатар келесідей құжаттарды ұсынады:

      1) жеке тұлға:

      жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы өтініш беруші жіберген рұқсаттың және хабарламаның мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірмесі;

      заңды тұлға:

      жарғы көшірмесі;

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), оның филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама көшірмесі;

      2) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау бойынша қызметтер көрсететін орындаушы мен өтініш беруші арасында жасалған шарттың көшірмесі;

      3) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесі және/немесе сараптамасы бойынша орындаушының көрсеткен қызметтері актісінің көшірмесі;

      4) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесі және/немесе сараптамасы бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомаға берген шот-фактураларының көшірмесі;

      5) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесі және/немесе сараптамасы бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем құжаттарының көшірмелері;

      6) ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру туралы құрал операторының оң шешімінің көшірмесі;

      7) өтініш берушінің бланкісінде (бар болса) еркін нысанда жазылған, бірінші басшының қолы немесе бірінші басшының міндеттерін атқарушы тұлғаның қолы бар (бұл жағдайда бірінші басшының міндеттерін уақытша атқарылуын растайтын құжат қосыла беріледі) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесі және/немесе сараптама орындаушысының көрсеткен қызметтерінің нәтижелері бойынша есебі;

      8) Осы Қағидалардың 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес, орындаушыда, қызмет көрсету кезінде тартылатын штаттық және/немесе штаттан тыс маманының, көрсетілетін қызмет саласында жұмыс тәжірибесінің бар екендігін растайтын мәліметтер;

      9) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаны (филиалды, өкілдігін) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе тартылатын орындаушының жеке кәсіпкерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы тартылған орындаушы жіберген рұқсаттың және хабарламаның мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірмесі;

      10) орындаушымен көрсетілген ұқсас қызметтердің, орындалған жұмыстардың қорытындылары бойынша ұсыныстар және/немесе пікірлер және/немесе актілердің кемінде 2 (екі) көшірмелері;

      11) Осы Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қызмет көрсету үшін тартылатын штаттық және/немесе штаттан тыс маманның біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмелері.

      Егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға болған жағдайда осы тармақтың 4) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың орнына осындай заңды тұлғаның қызмет көрсетуін және/немесе тіркеуін растайтын құжаттар ұсынылады.

      Орындаушының қызмет көрсету нәтижелері бойынша өтініш беруші есебі жұмсалған шығындармен байланысты жобаның іске асырылу қажеттігі, қызмет көрсетудің негізі (келісімшарт деректемелері, орындаушының атауы), жасалған келісімшарт шеңберінде көрсетілген қызметтер, және құралды іске асырудан алынған (күтілетін) әсер туралы ақпаратты қамтиды.

      15. Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалған шығындардың өтеуін алудан үміткер өтініш беруші Осы Қағидалардың 2-қосымшасындағы нысанға сәйкес құрал алуға өтінішпен бірге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жеке тұлғалар:

      жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы өтініш беруші жіберген рұқсаттың және хабарламаның мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірмесі;

      заңды тұлғалар:

      жарғы көшірмесі;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама көшірмесі;

      2) өтініш беруші мен Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау бойынша қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі;

      3) Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау бойынша орындаушы көрсеткен қызметтер актісінің көшірмесі;

      4) Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына шот-фактураның көшірмесі;

      5) Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмаларының көшірмелері;

      6) өтініш берушінің Өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасына қосылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;

      7) өтініш берушінің бланкісінде (бар болса) еркін нысанда жазылған, бірінші басшының қолы немесе бірінші басшының міндеттерін атқарушы тұлғаның қолы бар (бұл жағдайда бірінші басшының міндеттерін уақытша атқарылуын растайтын құжат қосыла беріледі) Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптама орындаушысының көрсеткен қызметтерінің нәтижелері бойынша есебі;

      8) Қағидалардың 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес, орындаушыда, қызмет көрсету кезінде тартылатын штаттық және/немесе штаттан тыс маманының, көрсетілетін қызмет саласында жұмыс тәжірибесінің бар екендігін растайтын мәліметтер;

      9) тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаны (филиалды, өкілдігін) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе тартылатын орындаушының жеке кәсіпкерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы тартылған орындаушы жіберген рұқсаттың және хабарламаның мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірмесі немесе жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға орындаушыға мемлекеттік органдар беретін рұқсаттың көшірмесі;

      10) Осы Қағидалардың 12-тармағы 2) тармақшаларына сәйкес қызмет көрсету үшін тартылатын штаттық және/немесе штаттан тыс маманның біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмелері;

      11) аккредиттелген сарапшылық ұйым немесе тиісті аттестаты бар сарапшы немесе мемлекеттік сарапшылық ұйым жүргізген, құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздеменің ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі (аталған қорытынды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болған жағдайда).

      Орындаушының қызмет көрсету нәтижелері бойынша өтініш беруші есебі жұмсалған шығындармен байланысты жобаның іске асырылу қажеттігі, қызмет көрсетудің негізі (келісімшарт деректемелері, орындаушының атауы), жасалған келісімшарт шеңберінде көрсетілген қызметтер, және құралды іске асырудан алынған (күтілетін) әсер туралы ақпаратты қамтиды.

      Егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға болған жағдайда осы тармақтың 4) және 9)-тармақшаларында көрсетілген құжаттардың орнына осындай заңды тұлға қызмет көрсетуін және/немесе тіркеуін растайтын құжаттар ұсынылады.

      16. Өтініш беруші ұсынылатын құжаттардың, ақпараттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      17. Құралдарды алуға өтініш материалдары бір папкада қалыптастырылады, парақтары нөмірленеді және мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде рәсімделеді, құжат көшірмелері парақ бойынша өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушының (бірінші басшының міндетін атқарушылығын растайтын құжат болғанда) және/немесе ол уәкілеттендірген тұлғаның қолымен және мөр таңбасымен (бар болса) куәландырылады.

2-параграф. Кәсіпорын құзыретін арттыруға кететін шығындардың орнын толтыру

      18. Осы Қағидалар шеңберінде өтініш берушіге кәсіпорын құзыретін арттыруға жұмсалатын шығындарды өтеу түріндегі мемлекеттік қолдауды ұлттық институт ұсынады.

      19. Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру шеңберінде өтініш берушінің шеккен шығыстарын өтініш берілген күнге дейін 24 (жиырма төрт) айдан ерте емес 40 (қырық) пайыз, бірақ күнтізбелік жылда 30 (отыз) миллион теңгеден аспайтын мөлшерде төлеу көзделген;

      1) кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау үшін;

      Ұлттық институтпен өтелетін өтініш беруші шығыстарының сомасы кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлауды жүргізген ұйымның өтініш берілгенге дейінгі 24 (жиырма төрт) айдан ерте емес қол қойылған қызмет көрсету актісінің (актілерінің), сондай-ақ осы Қағидалардың 22 тармағының 2) мен 3)-тармақшаларында көрсетілген шығыстарды растаушы құжаттар негізінде анықталады.

      2) 1 (бір) сарапшыға 9 (тоғыз) миллион теңгеден аспайтын көлеммен сарапшыларды тарту арқылы ең үздік өндіріс тәжірибесін ендіру үшін.

      Ұлттық институтпен өтелетін өтініш беруші шығындарының сомасы келесілердің негізінде анықталады:

      Есеп айырысу-төлем тізімдемелеріне сәйкес үздік өндірістік тәжірибелерді ендіру үшін шетелдік білікті сарапшыларға еңбек келісімшарттарына сай жалақы төлеуді растайтын заңнамалық тәртіппен бекітілген есеп айырысу-төлем тізімдемелері мен құжаттар.

      Жұмысқа ақы төлеу шығыстарын есептеу кезінде өтелу мерзіміне кіретін толық күнтізбелік айлар есепке алынады.

      20. Еңбек өнімділігін артыруға бағытталған кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау, жаңа білім, дағдылар мен тәжірибе алу мақсатында инженерлік-техникалық персоналдың, топ-менеджерлердің, өндірістік персоналдың біліктілігін арттыруды, оларды оқытуды, қайта даярлауды, тағлымдамадан өткізуді, оның ішінде шет елдерде де, ұйғарады.

      21. Кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлауды және/немесе қайта даярлауды өтініш беруші мына түрде жүзеге асырады:

      1) білім беру, мамандандырылған және ғылыми ұйымдарда, соның ішінде шетелдік ұйымдарда курстарда, семинарларда 1 (бір) айдан көп емес оқыту;

      2) тағлымдама ұйымдастыру үшін тартылған ғылыми-өнеркәсіптік, өнеркәсіптік кәсіпорындарда, мамандандырылған ұйымдарда, соның ішінде шетелдік ұйымдарда 3 (үш) айдан көп емес тағлымдамадан өткізу.

      22. Кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау кезінде өтініш беруші шеккен шығындарды өтеуге:

      1) кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлауды және / немесе қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйым қызметтерінің құны;

      2) бір мәрте іссапарға жіберілген орынға бару және тұрақты жұмыс орнына қайту жол жүрісі құны;

      3) жұмыскердің, оның ішінде топ-менеджерлердің кадрларды даярлау және/немесе қайта даярлау мерзімі ішінде, курстарда, семинарларда оқыту кезінде 1 (бір) айдан аспайтын және тағлымдамадан өту кезінде 3 (үш) айдан аспайтын тұрғын-үйді жалдау, тәуліктік шығындардан басқа, құны жатады.

      23. Ереженің 32-тармағына сәйкес сарапшыларды тарту жолымен үздік өндірістік практикаларды енгізу технологиялық процестерді жетілдіру және осы Ереженің 40-тармағына сәйкес өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру мақсатында мамандарды тартуды көздейді.

      24. Сарапшыларды тарту жолымен үздік өндірістік практикаларды енгізу кезінде кәсіпорын шеккен шығындарды өтеу, өтелетін кезең ішінде еңбек шартына сәйкес жұмыстарын және қызметтерді көрсету жеріне және тұратын жеріне қайту үшін жол ақысын төлеуді көздейді және сарапшының тұруына арналған шығындар, тәуліктік шығындар кірмейді.

      25. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өтінішдері қарауға жіберіледі:

      Тізбеде көрсетілген экономиканың басым секторларында қызметін кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асыратын.

      26. Кадрларды, соның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау үшін өтініш беруші мына критерийлерге сәйкес келетін орындаушыны тартады:

      1) білім беру және ғылыми ұйымдар үшін:

      кемінде 2 (екі) жыл қызмет ету немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға мемлекеттік органдар беретін тиісті рұқсаттың болуы;

      қызмет көрсету кезінде тартылатын, жоғары білімі мен көрсетілетін қызметтер саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі бар штаттық және/немесе штаттан тыс маманының болуы (біреуі жеткілікті);

      2) тағылымдаманы және/немесе оқытуды ұйымдастыратын мамандандырылған ұйымдар үшін:

      қызметін кемінде 2 (екі) жыл жүзеге асыратын;

      көрсетілетін қызметтер саласында кемінде 2 (екі) жұмысының болуы;

      қызмет көрсету кезінде тартылатын, жоғары білімі мен көрсетілетін қызметтер саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі бар штаттық және/немесе штаттан тыс маманының болуы (біреуі жеткілікті);

      3) базасында тағылымдама өткізілген ғылыми-өнеркәсіптік, өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін:

      қызметін кемінде 5 (бес) жыл жүзеге асыратын;

      қызмет көрсету кезінде тартылатын, жоғары білімі мен көрсетілетін қызметтер саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі бар штаттық және/немесе штаттан тыс маманының болуы (біреуі жеткілікті).

      27. Сарапшыларды тарту арқылы үздік тәжірибелерді енгізу үшін өтініш беруші тартатын орындаушының жоғары білімі мен көрсетілетін қызмет саласында 3 (үш) жылдан кем емес еңбек өтілі болуы керек, немесе техникалық және кәсіби білімі мен қызмет көрсету саласында 5 (бес) жылдан кем емес еңбек өтілі болуы керек.

      28. Осы Кадрларды, соның ішінде топ-менеджерлерді даярлауға және/немесе қайта даярлауға жұмсалған шығындардың өтеуін алудан үміткер өтініш беруші осы Қағидалардың 2-қосымшасындағы нысанға сәйкес құрал алуға өтінішпен бірге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жеке тұлға:

      жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы өтініш беруші жіберген рұқсаттың және хабарламаның мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірмесі;

      заңды тұлға:

      жарғы көшірмесі;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама көшірмелері;

      2) өтініш берушінің инженерлік-техникалық персонал кадрларын және/немесе топ-менеджерлерін даярлауға және/немесе қайта даярлауға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі;

      3) өтініш беруші мен кадрларды, соның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау бойынша қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі;

      4) жалпы сомаға (іссапар шығындарынан басқа) кадрларды, соның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау бойынша орындаушы көрсеткен қызметтер актісінің көшірмесі;

      5) кадрларды, соның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына шот-фактураның көшірмесі;

      6) кадрларды, соның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмалардың көшірмелері;

      7) жұмыскер алған білімі мен дағдылардын кәсіпорында қолдану міндеттемелері көрсетілген жұмыс беруші мен жұмыскер арасында жасалған келісішарттың көшірмесі;

      8) өтініш берушінің бланкісінде (бар болса) еркін нысанда жазылған, бірінші басшының қолы немесе бірінші басшының міндеттерін атқарушы тұлғаның қолы бар (бұл жағдайда бірінші басшының міндеттерін уақытша атқарылуын растайтын құжат қосыла беріледі) орындаушының көрсеткен қызметтерінің нәтижелері бойынша есебі;

      9) өтініш берген жұмыскердің курстарда, семинарларда оқығанын, тағлымдамадан өткенін құжаттамалық растауды – сертификат көшірмесі (бар болса);

      10) темір жолмен жүрген кезде – купе вагон тарифі (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, орналасуын реттейтін құрылғы орнатылған жұмсақ креслолары бар (жатын вагон) 2 орындық, сондай-ақ жүрдек пойыздардың "Турист" және "Бизнес" сыныпты купе вагондарын қоспағанда); су жолдары, тас және қара жолдармен – осы елді мекенде қолданылатын жол жүру құны бойынша; және әуе көлігімен – растау құжаттары бар болса, экономикалық сынып тарифі бойынша ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде бір мәрте іссапарға баратын жеріне және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру құнын (іссапарға жіберілген адамға әкімшілік тиісті қатынас көлігін беретін жағдайлардан басқа); жол жүру билеттері мен қонақүйден орын броньдау, сондай-ақ іссапарға баратын жеріне және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру кезінде мұндай шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде, пойыздарда төсек-орын жабдығын пайдалану құнын растайтын құжаттың көшірмесі;

      11) жұмыскердің, оның ішінде топ-менеджерлердің 1 (бір) айдан аспайтын курстарда, семинарларда оқытуда және 3 (үш) айдан аспайтын тағылымдамада даярлау немесе қайта даярлау мерзімі кезіндегі тұрғын үйді жалдау құны нөмірдің бағасы стандарт классификациясымен нақты шығындар бойынша, оның ішінде тәуліктік шығындардан басқа брондау шығындары дәлелденген құжат көшірмелері;

      12) Қағидалардың 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес, орындаушыда, қызмет көрсету кезінде тартылатын штаттық және/немесе штаттан тыс маманының, көрсетілетін қызмет саласында жұмыс тәжірибесінің бар екендігін растайтын мәліметтер;

      13) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), оның филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған) немесе тартылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаны (филиалды, өкілдігін) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе тартылатын орындаушының жеке кәсіпкерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы тартылған орындаушы жіберген рұқсаттың және хабарламаның мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірмесі немесе жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға орындаушыға мемлекеттік органдар беретін рұқсаттың көшірмесі;

      14) тағылымдаманы ұйымдастыратын мамандандырылған ұйымдар үшін – орындаушымен көрсетілген ұқсас қызметтердің, орындалған жұмыстар нәтижелері бойынша ұсыныстар және/немесе пікірлер және/немесе кемінде 2 (екі) акті көшірмелері;

      15) Осы Қағиданың 26-тармағына сәйкес қызмет көрсету үшін тартылатын штаттық және/немесе штаттан тыс маманның біліктілігін және жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар көшірмелері.

      Орындаушының қызмет көрсету нәтижелері бойынша өтініш беруші есебі жұмсалған шығындармен байланысты жобаның іске асырылу қажеттігі, қызмет көрсетудің негізі (келісімшарт деректемелері, орындаушының атауы), жасалған келісімшарт шеңберінде көрсетілген қызметтер, және құралды іске асырудан алынған (күтілетін) әсер туралы ақпаратты қамтиды.

      Егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда, осы тармақтың 5) және 13)-тармақшаларында көрсетілген құжаттардың орнына осындай заңды тұлға қызмет көрсетуін және/немесе тіркеуін растайтын құжаттарды ұсынады.

      29. Сарапшыларды тарту арқылы үздік өндірістік практикаларды енгізуге жұмсалған шығындардың өтеуін алудан үміткер өтініш беруші осы Қағидалардың 2-қосымшасындағы нысанға сәйкес құрал алуға өтінішпен бірге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жеке тұлғалар:

      жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы өтініш беруші жіберген рұқсаттың және хабарламаның мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірмесі;

      заңды тұлғалар:

      жарғы көшірмесі;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама көшірмесі;

      2) үздік өндірістік практикаларды енгізу бойынша қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі;

      3) үздік өндірістік практикаларды енгізу бойынша білікті шетелдік сарапшының көрсеткен қызметтері үшін ақы төленгенін растайтын заңды тәртіпте бекітіліп рәсімделген құжаттар, оның ішінде есеп айырысу-төлем тізімдемелерінің көшірмелері;

      4) экономикалық класс тарифтері бойынша – қызметтер көрсету орнына және кері қарай тұратын орнына бір рет әуе көлігімен жол жүруінің құнын растайтын құжаттар көшірмелері; егер осы шығындарды растайтын құжаттар бар болған кезде іссапарға бару және тұрақты жұмыс орнына қайту кезіндегі жолақы билеттерін броньдау, сонымен қатар поездарда төсек-жабдықтарын пайдалану құны;

      5) білікті шетелдік мамандарда тиісті салада жоғары немесе техникалық және кәсіби білімінің және тиісті салада жұмыс тәжірибесінің бар екендігін растайтын, осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысанға сәйкес, мәліметтер;

      6) өтініш берушінің бланкісінде (бар болса) еркін нысанда жазылған, бірінші басшының қолы немесе бірінші басшының міндеттерін атқарушы тұлғаның қолы бар (бұл жағдайда бірінші басшының міндеттерін уақытша атқарылуын растайтын құжат қосыла беріледі) орындаушының көрсеткен қызметтерінің нәтижелері бойынша есебі;

      7) тартылатын шетелдік маманның біліктілігін және осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар көшірмелері.

      Орындаушының қызмет көрсету нәтижелері бойынша өтініш беруші есебі жұмсалған шығындармен байланысты жобаның іске асырылу қажеттігі, қызмет көрсетудің негізі (келісімшарт деректемелері, орындаушының атауы), жасалған келісімшарт шеңберінде көрсетілген қызметтер, және құралды іске асырудан алынған (күтілетін) әсер туралы ақпаратты қамтиды.

      30. Өтініш беруші ұсынылатын құжаттардың, ақпараттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      31. Құралдарды алуға өтініш материалдары бір папкада қалыптастырылады, парақтары нөмірленеді және мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде рәсімделеді, құжат көшірмелері парақ бойынша өтініш берушінің бірінші басшымен немесе оның орнын басушының (бірінші басшының орнын басушы қол қойған кезде, сенімхатты қоса тіркеу керек) және/немесе ол уәкілеттендірген тұлғаның қол қоюымен және мөр таңбасымен (бар болса) куәландырылады.

3-параграф. Технологиялық процестерді жетілдіруге кететін шығындардың орнын толтыру

      32. Технологиялық процестерді жетілдіру :

      1) төмендегілермен байланысты шығындарды қоса алғанда кәсіпорынның жалпы жұмысын жетілдіру:

      технологиялық аудитті, энергоаудитті жүргізу;

      ақпараттық технологиялар саласындағы консалтингті тарту, оның ішінде автоматтандырылған жүйенің қызмет сипаттамаларына қойылатын талаптарды қалыптастыру (бағдарламалық қамтамасыз ету) және/немесе кәсіпорынға енгізу

      компанияны басқару жүйесінің қалыптасуымен, қайта құрылуымен және қызмет етуімен байланысты мәселелер жиынтығын шешу бойынша консалтинг тарту);

      2) өндірілетін өнімнің өнеркәсіптік дизайнын әзірлеу;

      3) инженерлік ниет пен шешімді дайындау, жаңа конструкцияларды, технологияларды, жабдықты іздеу және оларды өндіріске енгізу мүмкіндіктерін айқындау;

      4) төмендегілерге байланысты шығындарды қамтитын өнімдерді өндіру процестерін қамтамасыз ету, сүйемелдеу:

      монтаждау және/немесе шеф-монтаждау;

      қосу–түзету жұмыстары;

      инженерлік, конструкторлық әзірлемелер;

      тәжірибелік үлгілерді даярлау;

      жабдықтарды техникалық күту;

      қажет болғанда өнімдерді/тауарларды, көрсетілген қызмет нәтижелерін сертификаттауды қоса өнеркәсіптік сынақтар жүргізу.

      33. Технологиялық процестерді жетілдіру шеңберінде өтініш берілген күнге дейін 24 (жиырма төрт) айдан бұрын емес жүргізілген, бірақ күнтізбелік жылда 60 (алпыс) миллион теңгеден аспайтын өтініш беруші шеккен шығындардың 40 (қырық) пайызы мөлшерінде өтеу көзделеді.

      Ұлттық институт өтеуіне қабылданатын өтініш беруші шығындарының сомасы өтініш берген күнге дейін 24 (жиырма төрт) айдан бұрын емес қол қойылған қызметтер көрсету түпкілікті актінің (актілердің) негізінде анықталады.

      34. Өтініш беруші Қағидаларға сәйкес технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалатын шығындарды өтеу түріндегі мемлекеттік қолдауды алу үшін мынадай өлшемге сәйкес болуы тиіс: Тізбеде көрсетілген экономиканың басым секторларындағы қызметті жүзеге асыруы кемінде 1 (бір) жыл.

      35. Технологиялық процестерді жетілдіруді жүргізу үшін өтініш беруші орындаушыны тартады:

      1) кемінде 2 (екі) жыл қызмет ету немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға мемлекеттік органдар беретін тиісті рұқсаттың болуы;

      2) қызмет көрсету саласында кемінде 2 (екі) жұмысы бар;

      3) қызмет көрсету кезінде тартылатын, жоғары білімі және/немесе техникалық және кәсіби білімі бар және көрсетілген қызметтер саласында 3 (үш) жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар штаттық және/немесе штаттан тыс маманы бар (біреуі жеткілікті).

      Осы тармақтың 2)-3) тармақшаларында көрсетілген критерийлер монтаждау және/немесе шеф-монтаждауды, іске қосу мен жөндеу жүргізу үшін өтініш берушімен тартылатын жабдықтарды өндіруші-орындаушыға қолданылмайды.

      36. Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындардың өтеуін алудан үміткер өтініш беруші Қағидалардың 2-қосымшасындағы нысанға сәйкес құрал алуға өтінішпен бірге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жеке тұлғалар:

      жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы өтініш беруші жіберген рұқсаттың және хабарламаның мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірмесі;

      заңды тұлғалар:

      жарғы көшірмесі;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама көшірмесі;

      2) өтініш беруші мен технологиялық процестерді жетілдіру бойынша қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі;

      3) жалпы сомаға технологиялық процестерді жетілдіру бойынша орындаушы көрсеткен қызметтер актісінің көшірмесі;

      4) технологиялық процестерді жетілдіру бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына шот-фактураның көшірмесі;

      5) технологиялық процестерді жетілдіру бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмалардың көшірмелері;

      6) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға мемлекеттік органдар беретін рұқсаттың көшірмесі;

      7) Осы Қағидалардың 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес, орындаушыда, қызмет көрсету кезінде тартылатын штаттық және/немесе штаттан тыс маманының, көрсетілетін қызмет саласында жұмыс тәжірибесінің бар екендігін растайтын мәліметтер;

      8) өтініш берушінің бланкісінде (бар болса) еркін нысанда жазылған, бірінші басшының қолы немесе бірінші басшының міндеттерін атқарушы тұлғаның қолы бар (бұл жағдайда бірінші басшының міндеттерін уақытша атқарылуын растайтын құжат қосыла беріледі) орындаушының көрсеткен қызметтерінің нәтижелері бойынша есебі;

      9) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), оның филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған) немесе тартылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаны (филиалды, өкілдігін) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе тартылатын орындаушының жеке кәсіпкерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы тартылған орындаушы жіберген рұқсаттың және хабарламаның мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірмесі немесе жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға орындаушыға мемлекеттік органдар беретін рұқсаттың көшірмесі;

      10) орындаушымен көрсетілген ұқсас қызметтердің, орындалған жұмыстардың нәтижелері бойынша және/немесе ұсыныстар мен пікірлер және/немесе 2 (екіден) кем емес актілер көшірмелері;

      11) Осы Қағидалардың 35-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қызмет көрсету үшін тартылатын штаттық және/немесе штаттан тыс маманның біліктілігін растайтын құжаттар көшірмелері.

      Өтініш беруші "Технологиялық процестерді жетілдіру" құралы шеңберінде жүргізілген монтаждау және / немесе құрастыруды бақылау, іске қосу мен жөндеу жұмыстары бойынша шығындарды талап ету кезінде осы тармақтың 7), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген жабдықтың жабдықтаушы-орындаушысының құжаттары ұсынылмайды.

      Орындаушының қызмет көрсету нәтижелері бойынша өтініш беруші есебі жұмсалған шығындармен байланысты жобаның іске асырылу қажеттігі, қызмет көрсетудің негізі (келісімшарт деректемелері, орындаушының атауы), жасалған келісімшарт шеңберінде көрсетілген қызметтер, және құралды іске асырудан алынған (күтілетін) әсер туралы ақпаратты қамтиды.

      Егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда, осы тармақтың 4) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың орнына осындай заңды тұлға қызмет көрсетуін және/немесе тіркеуін растайтын құжаттарды ұсынады.

      37. Өтініш беруші ұсынылатын құжаттардың, ақпараттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      38. Құралдарды алуға өтініш материалдары бір папкада қалыптастырылады, парақтары нөмірленеді және мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде рәсімделеді, құжат көшірмелерінің парақ бойынша өтініш берушінің бірінші басшымен немесе оның орнын басушының (бірінші басшының орнын басушы қол қойған кезде, сенімхатты қоса тіркеу керек) және/немесе ол уәкілеттендірген тұлғаның қолымен және мөр таңбасымен (бар болса) куәландырылады.

4-параграф. Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға кететін шығындардың орнын толтыру

      39. Осы Қағидалар шеңберінде өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалатын шығындарды өтеу түріндегі мемлекеттік қолдауды өтініш берушіге ұлттық институт ұсынады.

      40. Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған құжаттарды әзірлеу және/немесе прогрессивті басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу (ұйымның экономикалық тиімділігін арттыратын технологиялар, соның ішінде басқарудың автоматтандырылған жүйелері (бағдарламалық қамтамасыз ету), энергияға тиімді және жасыл технологиялар, жобаларды басқару стандарттары, Ұқыпты өндіріс элементтері (Кайдзен, TPM, Six Sigma, 5 S, Канбан және т.б.), тауарлар, қызметтер, жұмыстар және менеджент жүйелерін сертификациялау бойынша стандарттар) жолдарымен жүзеге асырылады.

      41. Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру шеңберінде 40 (қырық) пайыз, бірақ күнтізбелік жылда 60 (алпыс) миллион теңгеден аспайтын көлемде өтініш беру күніне дейінгі 24 (жиырма төрт) айдан бұрын емес өтініш беруші кетірген шығындарды өтеу қарастырылады.

      Ұлттық институт тарапынан өтеуге қабылданатын өтініш берушінің шығындарының сомасы өтініш беру күніне дейінгі 24 (жиырма төрт) айдан бұрын емес қол қойылған қызметтер көрсетудің түпкілікті актісі (актілері) негізінде анықталады.

      42. Қарауға индустриялық-инновациялық қызметтің субъектілерінің өтінішдері рұқсат етіледі: Тізбеде көрсетілген экономиканың басым секторларындағы қызметті кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асыруы.

      43. Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру үшін өтініш беруші орындаушыны мынадай критерийлері бойынша тартады:

      1) кемінде 2 (екі) жыл қызмет ету немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға мемлекеттік органдар беретін тиісті рұқсаттың болуы;

      2) қызмет көрсету кезінде тартылатын, жоғары білімі және/немесе техникалық және кәсіби білімі бар және көрсетілген қызметтер саласында 3 (үш) жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар штаттық және/немесе штаттан тыс маманы бар (біреуі жеткілікті).

      3) көрсетілетін қызметтер саласында кемінде 2 (екі) жұмысы бар.

      44. Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындардың өтеуін алудан үміткер өтініш беруші Қағидалардың 2-қосымшасындағы нысанға сәйкес құрал алуға өтінішпен бірге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жеке тұлғалар:

      жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы өтініш беруші жіберген рұқсаттың және хабарламаның мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірмесі;

      заңды тұлғалар:

      жарғы көшірмесі;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама көшірмесі;

      2) өтініш беруші мен өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру бойынша қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі;

      3) жалпы сомаға ұйымдастыру тиімділігін арттыру бойынша орындаушы көрсеткен қызметтер актісінің көшірмесі;

      4) ұйымдастыру тиімділігін арттыру бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына шот-фактураның көшірмесі;

      5) өндірістің ұйымдастыру тиімділігін арттыру бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмалардың көшірмелері;

      6) өтініш берушінің бланкісінде (бар болса) еркін нысанда жазылған, бірінші басшының қолы немесе бірінші басшының міндеттерін атқарушы тұлғаның қолы бар (бұл жағдайда бірінші басшының міндеттерін уақытша атқарылуын растайтын құжат қосыла беріледі) орындаушының көрсеткен қызметтерінің нәтижелері бойынша есебі;

      7) Қағидалардың 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес, орындаушыда, қызмет көрсету кезінде тартылатын штаттық және/немесе штаттан тыс маманының, көрсетілетін қызмет саласында жұмыс тәжірибесінің бар екендігін растайтын мәліметтер;

      8) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), оның филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған) немесе тартылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаны (филиалды, өкілдігін) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе тартылатын орындаушының жеке кәсіпкерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы тартылған орындаушы жіберген рұқсаттың және хабарламаның мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірмесі немесе жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға орындаушыға мемлекеттік органдар беретін рұқсаттың көшірмесі;

      9) орындаушымен көрсетілген ұқсас қызметтердің, орындалған жұмыстардың нәтижелері бойынша және/немесе ұсыныстар мен пікірлер және/немесе 2 (екіден) кем емес актілер көшірмелері;

      10) Осы Қағидалардың 43-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұйымдастыру тиімділігін арттыру бойынша қызмет көрсету үшін тартылатын штаттық және/немесе штаттан тыс маманның біліктілігін растайтын құжаттар көшірмелері.

      Орындаушының қызмет көрсету нәтижелері бойынша өтініш беруші есебі жұмсалған шығындармен байланысты жобаның іске асырылу қажеттігі, қызмет көрсетудің негізі (келісімшарт деректемелері, орындаушының атауы), жасалған келісімшарт шеңберінде көрсетілген қызметтер, және құралды іске асырудан алынған (күтілетін) әсер туралы ақпаратты қамтиды.

      Егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға болған жағдайда осы тармақтың бірінші бөліміндегі 4) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың орнына осындай заңды тұлға қызмет көрсетуін және/немесе тіркеуін растайтын құжаттар ұсынылады.

      45. Өтініш беруші ұсынылатын құжаттардың, ақпараттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      46. Құралдарды алуға өтініш материалдары бір папкада қалыптастырылады, парақтары нөмірленеді және мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде рәсімделеді, құжат көшірмелері парақ бойынша өтініш берушінің бірінші басшымен немесе оның орнын басушының (бірінші басшының орнын басушы қол қойған кезде, сенімхатты қоса тіркеу керек) және/немесе ол уәкілеттендірген тұлғаның қолымен және мөр таңбасымен (бар болса) куәландырылады.

3-тарау. Шығындарды өтеу үшін берілетін құжаттарды қарау

      47. Осы Қағидалар шеңберінде "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау", "Кәсіпорын құзыретін арттыру", "Технологиялық үдерістерді жетілдіру" және "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру" құралдарын алу үшін өтініш беруші қаржылай қолдамайтын оператор немесе тікелей ұлттық институт арқылы Қағидаларға 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, өтініш берілген құралдарға сәйкес талап етілетін құжаттарды қоса бере отырып, құралды алуға өтініш береді.

      48. Ұлттық институт өтініш берушінің өтінішін қаржылай қолдамайтын оператордан алған жағдайда өтініш мен қоса берілген құжаттар тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінде ұсынылған өтініш мен оған қоса берілген құжаттарға Қағидаларда белгіленген талаптарына сәйкестігі тұрғысында тексеру жүргізеді және шығындарды өтеу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.

      49. Қаржылай қолдамайтын оператор арқылы құралдарды ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына сәйкес айқындалады.

      50. Өтініш ұлттық институтқа тікелей берілген жағдайда, соңғысы, өтініш мен қоса берілген құжаттар тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінде олардың толықтығын қарастырады, өтініш мен оған қоса берілген құжаттар сәйкес келмеген жағдайда, бұл туралы өтініш берушіні хабардар етеді.

      51. Өтініш беруші өтінішнің және/немесе қажетті қосымшалардың сәйкес келмейтіні туралы хабарламаны алғаннан кейін сәйкессіздіктерді жояды және ұлттық институттың хабарламасы бойынша оларға қатысты сәйкессіздіктер анықталған өтініш мен қоса берілген құжаттарды осы Қағиданың 50-тармағында көрсетілдген мерзімде қарау үшін ұлттық институтқа қайта енгізеді.

      52. Ұлттық институт, өтініш мен оған қоса берілетін құжаттар толық болған жағдайда, 7 (жеті) жұмыс күнінде оларды осы Қағидалардың белгіленген талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және шығындарды өтеу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.

      53. Ұлттық институт 2 (екі) жұмыс күнінде:

      шешім қабылданған күннен бастап шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы өтініш берушіге осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұлттық институт тарапынан қол қойылған Шығындарды өтеу туралы келісімді (2 (екі) дана) қоса бере отырып, хабарлама жібереді. Қажет болған жағдайда, хабарламада шығындарды өтеуге қабылданатын соманы түсіндіру келтіріледі;

      шығындарды өтеу мүмкін еместігі туралы шешім қабылдаған күннен бастап өтініш берушіге сәйкес негіздемемен хабарлама жолдайды.

      54. Өтініш беруші ұлттық институттан сәйкессіздік(тер) көрсетілген хабарламаны алғаннан кейін оны (оларды) жояды және жетпейтін және/немесе түзетілген өтінішді ұлттық институтқа қайта енгізеді.

      55. Өтініш беруші Шығындарды өтеу туралы келісімге қол қойғаннан кейін 1 (бір) данасы ұлттық институтқа қайтарылады.

      56. Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісім мыналарды:

      1) құрал бойынша шығындарды өтеу сомасын;

      2) ұлттық институттың құрал бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген жағдайда құралдың іске асырылу барысы туралы ақпаратты өтініш берушіден сұрату құқығын;

      3) шығындарды өтеу туралы келісімді бұзуды және оның шарттары бұзылған жағдайда шығындарды өтеу түрінде құрал бойынша берілген ақша қаражатын қайтаруды;

      4) өтініш берушінің ұлттық институтқа мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға ұлттық институттың құралды жүзеге асыруға мониторинг жасау мақсатында Шығындарды өтеу туралы келісімді жасаған күннен кейін 2 (екі) жыл және 2 (екі ) жыл ішіндегі деректерді қоса алғанда осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған ұлттық институтқа және уәкілетті органға өтініш беруші туралы статистикалық деректерді әрі қарай бағыттау үшін беруін қамтиды.

      57. Ұлттық институт Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күннен соң 5 (бес) жұмыс күнінде өтініш берушіге құралды өтеу шарттары мен мөлшеріне сәйкес шығындарды өтеу арқылы құралды береді, бұл ретте өтініш берушіге ақша қаражатын аударғаны үшін ұлттық институтқа сыйақы көзделмеген. Өтініш беруші қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісім ұлттық институтқа келіп түскен күн Шығындарды өтеу туралы келісімнің жасалған күні болып есептеледі.

      58. Егер өтініш беруші Шығындардың өтеу туралы келісімге қол қоюдан бас тартса, ұлттық институтқа себептерін көрсете отырып, тиісті ескерту жіберіледі.

      59. Осы Қағидаларды жүзеге асыру аясында:

      1) уәкілетті орган ұлттық институттың ағымдағы шотына мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға көзделген, тиісті қаржы жылына төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшілігімен бекітілген төлемдер кестесіне сәйкес осы Қағидалар шеңберінде кейіннен өтініш берушінің шығындарының кейбір түрлерін өтеуге арналған қаражаттарды аударады;

      2) ұлттық институт:

      бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен үлттық институт арасында жасалған шарт негізінде еңбек өнімділігін арттыруда және аумақтық кластерлерді дамытуда мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін екінші деңгейлі банкте – Қазақстан Республикасының резидентінде ағымдағы есепшотты ашады;

      кезеңдік негізде немесе сұрату бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісіне бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуы жөніндегі есепті ұсынады;

      ағымдағы есепшотта мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға қажетті ақша қаражаты жетіспейтін жағдайда қаражат түскенге дейін шығындарды өтеуді тоқтата тұрады;

      қажет болатын жағдайда ағымдағы есепшоттағы қаражатты пайдаланған кезде, бюджеттік бағдарлама әкімшісі бөлген жалпы сома шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары түрлері арасында соманы қайта бөледі;

      Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейлі банк ағымдағы есепшот бойынша есептейтін барлық сыйақыларды ағымдағы шоттағы мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін бөлінген қаражат сомасына қосады;

      Шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда өтініш берушілерден түсетін ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз етеді;

      Осы Қағидалар шеңберінде мемлекеттік қолдауды, соның ішінде республикалық бюджетпен тиісті қаржылық жылға көзделген қаражат шеңберінде аумақтық кластерлердің даму бойынша шараларын ұсынуды жүзеге асырады;

      шығындарды өтеу шеңберінде өтініш беруші шығындарды шетел валютасында растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, шығындарды өтеу сомасы орындаушының көрсетілген қызметтер актісіне (актілеріне) қол қою күніндегі немесе шетелдік білікті мамандарды тарту кезінде есеп-төлем ведомостарын қалыптастыру күніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің валюталар бағамына сүйене отырып есептеледі.

4-тарау. Аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету тәртібі

      60. Өнеркәсіптік және инновациялық қызметтің субъектілеріне аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған осы Қағидалар аясында аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыс жоспарын іске асыру үшін шығыстарды өтеу түрінде мемлекеттік қолдау өтініш берушіге Ұлттық институт арқылы беріледі.

      61. Аумақтық кластерлерді дамытудың жұмыс жоспарын жүзеге асыру шығындары аумақтық кластерлерді іріктеу конкурсының жеңімпазы болып табылатын өтініш берушіге өтеледі.

      62. Шығындарды өтеу шеңберінде Аумақтық кластерлерді дамытудың жұмыс жоспарын жүзеге асыру кезінде шеккен шығындарды 50 (елу) пайыз көлемінде, бірақ 1 аумақтық кластер үшін 15 (он бес) миллион теңгеден аспайтын мөлшерде өтеу көзделген.

      Аумақтық кластерлерді дамыту шаралары Жоспарын жүзеге асыру үшін шығындарды өтеу қолданылады:

      1) кооперацияны қолдау мен дамытуға және кластер өатысушыларымен ынтымақтастыққа;

      2) кластердің адами ресурстарын дамыту (тренингтер, оқыту, біліктілікті арттыру);

      3) кластерді кеңейту шаралары (жобаларға арналған бизнес-инкубаторлар құру; шетелдік инвесторларды тарту; кластерге жаңа қатысушыларды тарту үшін үлкен іс-шараларда ақпараттық-жарнамалық кампаниялар өткізу;);

      4) инновациялар мен технологияларды дамыту (мамандандырылған инжинирингті ұйымдар құру; жаңа өнімдерді өңдеуге арналған технологиялық алаңдар құру (тәжірибелі үлгілер мен топтамалар); кәсіпорындардағы технологиялар кластерлерін дамыту мен әлемдік үздік технологияларды кәсіпорын шарттарына бейімдеу; кластер қатысушыларының ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстары бойынша бірлескен жобаларын өңдеуді қамтамасыз ету (ғылыми-зерттеу институттары, білім беру мекемелері мен кәсіпорындардың қатысуымен); өнертабысты патенттеу;

      5) бизнес-климат пен инфрақұрлымды құру, оның ішінде мемлекеттік-жеке әріптестік шарттарына сәйкес құру;

      6) кластер кәсіпорындарымен шығарылатын өнім сапасын көтеру шараларын ұйымдастыру (сынақ базалары және/немесе лабораториялар, соның ішінде сертификатталғандары).

      7) кластерді жалпы дамытуға арналған ерекше нақты шаралар.

      63. Аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыс жоспарын жүзеге асыру бойынша өтемақы алу үшін өтініш беруші жыл қорытындысы мен қастаушы құжаттар бойынша аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыс жоспарын іске асыру туралы өтініш берушінің есебін қоса бере отырып, Ұлттық Институтқа осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құралды алуға өтінім береді (бірақ онымен шектелмей):

      1) Аумақтық кластерлерді дамытудың жұмыс жоспары көшірмесі;

      2) өтініш беруші мен қызмет көрсетуді орындаушы арасында жасалған келісімшарт көшірмесі;

      3) орындаушымен көрсетілген қызмет актілерінің көшірмелері;

      4) орындаушымен көрсетілген қызметтің жалпы сомасы шот-фактурасы көшірмелері;

      5) орындаушымен көрсетілген қызметтің жалпы сомасы төлем тапсырмаларының көшірмелері.

      Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, ақпараттардың, шығыс деректердің, есеп берулердің, негіздемелердің толықтығын және анықтығын қамтамасыз етеді.

      Құралдарды алуға арналған өтініш материалдары бірыңғай папкаға қалыптастырылады, парақтары нөмірленеді мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде рәсімделеді, құжаттардың көшірмелерінің парақ бойынша бірінші басшы немесе оның орнын ауыстыратын адам (өтініш берушінің бірінші басшысын ауыстыратын адам қол қойған жағдайда сенімхатты қоса тіркеу керек) және/немесе ол уәкілеттендірілген тұлғаның қол қоюымен және өтініш берушінің мөрімен (бар болса) куәландырылады.

      64. Ұлттық институт қосымша құжаттармен бірге өтініш тіркелген күннен бастап ағымдағы 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтылығына сараптама жүргізеді.

      65. Толық емес құжаттар пакеті ұсынылған жағдайда, ұлттық институт толықтығын тексеру күні аяқталған соң 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге пошта және/немесе өтініш берушінің өтінішінде көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына (бар болса), сәйкессіздігін көрсетіп хабарлама жолдайды.

      66. Өтініш беруші сәйкессіздігі жайлы хабарламаны алғаннан кейін оларды жойып және ұлттық институтқа өтінішді және қосымша құжаттарды қайталап енгізеді.

      67. Ұлттық институт өтінішге қосымша құжаттармен бірге олардың толықтығына тексеру жүргізілген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидаларға сәйкестігіне сараптама жүргізеді.

      68. Осы Қағидалардың талаптарына сәйкестікке жүргізілген сынақтан кейін ұлттық институт аумақтық кластерлерді дамыту шараларының Жоспарын жүзеге асыру өтініші бойынша шығынның орнын толтырудың мүмкін не мүмкін еместігі туралы шешімді 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      69. Ұлттық институт шығындарды өтеу мүмкіндігі бойынша шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарлама жолдайды.

      70. Ұлттық институт өтінішнің және қосымша құжаттардың осы Қағидаларға талаптарына сәйкессіздігін анықтаумен байланысты шығындарды өтеу мүмкін еместігі туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде, өтініш берушіге белгіленген талаптарға сәйкессіздігін көрсете отырып хабарлама жолдайды.

      71. Уәкілетті органның конкурс жеңімпазы деп таныған шешімі негізінде ұлттық институт Аумақтық кластерді дамытудың жұмыс жоспары бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге құрал бойынша шығындар бөлігін өтеу көлемінің шарттарына сәйкес төлем жүргізеді, бұл ретте ұлттық институтқа өтініш берушіге ақшалай қаражат аударғаны үшін сыйақы беру қарастырылмаған.

5-тарау. Соңғы ережелер

      72. Осы Қағидаларда көзделген құралдардың тиімділігін анықтау мақсатында құрал операторлары және ұлттық институт оларды жүзеге асырудың мониторингін жүргізеді.

      73. Құралдарды жүзеге асыру мониторингін өтініш берушілердің және құрал операторларының ұсынған ақпараттарына сәйкес ұлттық институт жүргізеді.

      74. Мониторингке:

      1) құралдарды жүзеге асырудағы мәселелерді уақытында анықтау;

      2) құралдарды жүзеге асыру тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды дайындау;

      3) Осы Қағидалар шеңберінде мемлекеттік қолдауды алған өтініш берушілер жайлы ақпаратты жинақтау кіреді.

      75. Мониторинг шеңберінде ұлттық институт тоқсан сайын келесі есептік кезеңдерден кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға ұлттық институттың осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құралдардың жүзеге асуы туралы есеп ұсынады.

      76. Мониторинг жүргізу мақсатында ұлттық институт құралды жүзеге асыру туралы есептер қалыптастыру үшін өтініш берушілерден деректер сұратады.

      77. "Бизнестің жол картасы 2020" Бірыңғай бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы шеңберінде "Индустриялық-инновациялық жобаның кешендік жоспарын өңдеу және/немесе сараптау", "Өнеркәсіптің құзыреттілігін арттыру", "Технологиялық процестерді жетілдіру" және "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру" құралдарын жүзеге асыру мониторингі "Бизнестің жол картасы 2020" Бірыңғай бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасына сәйкес анықталады.

      78. Құралды (дарды) жүзеге асыру мониторингі өтініш беруші жайлы уәкілетті органнан бірінші реттік статистикалық мәліметтерді алғаннан кейін мемлекеттік статистика аумағында өтініш берушінің жазбаша келісімі негізінде Шығындарды өтеу келісімі бекітілген күннен кейін 2 жыл ішінде жүргізіледі. Шығындарды өтеу келісімінің күні болып өтініш берушімен Шығындарды өтеу жайлы қол қойылған келісімнің ұлттық институтқа түскен күні саналады.

      79. Мемлекеттік статистика аумағындағы уәкілетті органның бірінші реттік статистикалық деректері бойынша құралды (-дарды) жүзеге асыру мониторингін жүргізу және/немесе алу мүмкін болмаған жағдайда, өтініш беруші ұлттық институтқа оның жазбаша сұранысымен мониторинг жүргізуге қажетті ақпараттарды ұсынады.

      80. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық паспорты осы Қағидалардың 7-қосымшасының нысанына сәйкес толтырылады.


Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді
дамытуға бағытталған
индустриялық-инновациялық
субъектілеріне мемлекеттік
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
1-қосымша

Өтініш берушілер үшін экономиканың басым секторларының тізбесі

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің коды

Атауы

1

2

Агроөнеркәсіптік кешен

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.07

Минералды сулар мен басқа да алкогольсіз сусындар өндіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

09

Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық көрсетілген қызметтер

09.1

Мұнай және табиғи газды өндіру саласындағы техникалық қызметтер

09.10

Мұнай және табиғи газды өндіру саласындағы техникалық қызметтер

09.9

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және жерасты жұмыстарының өзге де салалары үшін техникалық қолдау

Жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібі

13

Тоқыма бұйымдарын шығару

14

Киім шығару

15

Тері және оған жататын өнімдер шығару

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын шығару, сабаннан және өруге арналған материалдардан бұйымдар шығару

17

Қағаз және қағаз өнімдерін шығару

31

Жиһаз жасау

Химия және фармацевтика өнеркәсібі

19.20

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

20

Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

Құрылыс материалдары мен өзге де металл емес минералды өнімдер өндіру

23

Өзге де металл емес минералды өнімдер өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өнеркәсібі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл өнімдерін жасау

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер жасау

27

Электр жабдықтарын жасау

28

Басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен жабдықтар жасау

29

Автокөлік құралдарын, трейлерлер және жартылай тіркемелер жасау

30

Өзге де көлік құралдарын жасау

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

33.1

Дайын металл бұйымдарын, машиналар мен жабдықтарды жөндеу

33.2

Өнеркәсіптік техника мен жабдықтарды монтаждау

Өнеркәсіптің басқа секторлары

32

Өзге дайын бұйымдар жасау

35.11

Электр энергиясын өндіру

38.21

Қауіпті емес қалдықтарды өңдеу және жою

38.22

Қауіпті қалдықтарды өңдеу және жою

38.32

Сұрыпталған материалдарды кәдеге жарату

82.92

Орау

Көлік және қоймаға қою

50

Су көлігі

51

Әуе көлігі

52

Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі

Ақпарат және байланыс

61

Байланыс

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялар және басқа да ілеспе көрсетілетін қызметтер


Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді
дамытуға бағытталған
индустриялық-инновациялық
субъектілеріне мемлекеттік
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
2-қосымша


нысан


"Қазақстандық индустрия


дамыту институты" акционерлік


қоғамы кімнен ____________________________


(өтініш берушінің толық атауы)

Құрал алуға өтініш (өтініш беруші толтырады)

      1. Өтініш берушінің толық атауы

      2. Заңды мекенжайы (индекс, облыс, қала/аудан, елді мекен, көше, телефон)

      3. Бірінші басшы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жұмыс/ұялы телефонының нөмірі, электронды мекенжайы)

      4. Өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі және күні

      5. Өтініш берушінің БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі)/ ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі)

      6. Саланың, бағынысты саланың атауы

      7. Негізгі қызмет түрі (экономикалық қызмет түрінің жалпы жіктелімінің кодын көрсетумен)

      8. Шығарылатын өнім номенклатурасы

      9. Өтініш берушінің белгіленген қуаты (заттай және ақшалай мәнде)

      10. Қуаттардың ағымдағы жүктелуі (пайыз)

      11. Өндірістік жабдықтың ағымдағы тозуы (пайыз)

      12. Ағымдағы еңбек өнімділігі (мың теңге/адам және мың/АҚШ доллары/адам)*

      13. Өтініш беруші мемлекеттік және/немесе салалық Бағдарламалардың қатысушысы болып табыла ма (болды ма) (егер болса, мемлекеттік қолдау шараларын алу жылын, қай Бағдарлама шеңберінде және қандай құрал алғанын көрсетіңіз)

      14. Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) шеңберінде қандай құрал алу жоспарланып отыр (қажеттісін

белгілеңіз):

      ?Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау:

      ?

?Қағидалардың шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу;

      ?

?Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу және/немесе сараптау;

      ?

?Кәсіпорын құзыреттілігін арттыру:

      ?

кадрларды, соның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау;

      сарапшыларды тарту жолымен үздік өндірістік практикаларды енгізу;

      ?Технологиялық үдерістерді жетілдіру;

      ?

?Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру;

      ??

Аумақтық кластерді дамыту бойынша жұмыстар жоспарын жүзеге асыру бойынша шығындарды өтеу.

      15. Қағидалардың шеңберінде мемлекеттік қолдау тарту мақсаты (қысқаша сипаттамасы, қажеттіліктің негіздемесі, нәтижесі)

      16. Өтініш берілген құралдың шеңберінде жұмсалған шығындардың жалры құну (теңге)

      17. Өтініш берілген құралдың шеңберінде шығындар жұмсалған кезең (бастап-дейін (айы, жылы))

      18. Қызметтерді көрсеткен орындаушылардың атауы

      19. Өтініш берушінің банк деректемелерін көрсету

      Осы өтініш арқылы өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толықтығы мен анықтығы үшін жауапкершілік жүктейді.

      Өтініш беруші сұралатын құрал(дар) шеңберінде жұмсалған іс-шаралар бойынша шығындардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген мемлекеттік қолдаудың басқа шаралары шеңберінде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден қаржыландырылмағанын растайды.

      Құралды алу өтінішін толтырған тұлға (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жұмыс/ұялы телефонының нөмірі, электронды мекенжайы): _____________________

      Өтінішді толтыру күні ___________

      Өтініш берушінің басшысы (өтініш берушінің басшысы уәкілеттендірген тұлға) _________ __________________________________

      (қолы)            (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      М.О. (бар болса)

      Ескертпе:

      * Еңбек өнімділігі жалпы қосылған құнның немесе өндірілген өнім көлемінің (аралық тұтыну бойынша деректер болмаған кезде) жұмыспен қамтылғандар санына арақатынасы ретінде есептеледі.

      Өтініш өтініш берушінің бірінші басшысының қолымен және мөр таңбасымен (бар болса) куәландырылған фирмалық бланкіде ресімделеді.

      Өтініш берушінің бірінші басшысының орнын ауыстыратын тұлға қол қойған кезде, бірінші басшының міндеттерін орындау туралы растаушы құжатты мәндетті түрде қоса беру қажет.


Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді
дамытуға бағытталған
индустриялық-инновациялық
субъектілеріне мемлекеттік
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
3-қосымша


нысан

Орындаушыда, ұсынылатын қызметтер саласында жұмыс тәжірибесінің, қызметтерді
көрсету кезінде тартылатын штаттық және/немесе штаттан тыс маманының болуын
растайтын мәліметтер (өтініш берушінің фирмалық бланкісінде толтырылады)

      1. Орындаушының атауы ________________________________________

      2. Орындаушыны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні ______________

      3. Өтініш берушімен шарт жасасқанға дейін Орындаушының соңғы 2 (екі) жыл ішінде ертеректе көрсеткен осы тәрізді қызметтерінің көлемі (ұсынылатын қызметтер саласында жұмыстар 2 (екі) жылдан кем емес).

Көрсетілген қызметтер атауы

Тапсырыс берушілердің атауы және телефон нөмірлері

Қызмет көрсеткен орны және жылы

Шарт құны, теңге (көрсетілмеуі де мүмкін)

1

2

3

4

      4. Қызметкерлердің біліктілігі мен тәжірибесі (осы шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін орындаушы жұмысқа тартқан қызметкерлер көрсетіледі)

р/с

Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Лауазымы

Осы бағыт бойынша қызмет көрсету саласындағы еңбек өтілі

Дипломы, куәлігі және басқа да білімі туралы құжаттар бойынша біліктілігі мен мамандығы (№, серияны және беру күнін көрсету)

Мамандығы бойынша санаты, разряды, сыныбы (бар болса)

Азаматтығы

1

2

3

4

5

6

7

      Жоғарыда көрсетілген барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын

      Өтініш берушінің

      басшысы _____________ _________________________________

      (қолы)                  (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Мөр орны (бар болса)

      Ескертпе:

      Осы нысанды өтініш беруші "Технологиялық процестерді жетілдіру" құралы шеңберінде жүргізілген энергоаудит бойынша шығындарды мәлімдеген кезде толтырмайды.

      Осы мәліметтердің 3-тармағы өтініш беруші "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау" құралы шеңберінде техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және/немесе сараптау бойынша, сондай-ақ "Кәсіпорын құзыреттілігін арттыру" құралы шеңберінде білім беретін және ғылыми ұйымдарда, ғылыми-өнеркәсіптік, өнеркәсіптік кәсіпорындарда кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау бойынша шығындарды мәлімдеген кезде толтырмайды.


Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді
дамытуға бағытталған
индустриялық-инновациялық
субъектілеріне мемлекеттік
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
4-қосымша


нысан

Білікті шетел маманында жоғары білімнің және тиісті салада жұмыс тәжірибиесінің болуын растайтын мәліметтер (өтініш берушінің бланкісінде толтырылады) Шетел маманының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ____________________________________________________________

р/с

Лауазымы

Осы бағыт бойынша қызмет көрсету саласындағы еңбек өтілі

Дипломы, куәлігі және басқа да білімі туралы құжаттар бойынша біліктілігі мен мамандығы (№, серияны және беру күнін көрсету)

Мамандығы бойынша санаты, разряды, сыныбы (бар болса)

Азаматтығы

1

2

3

4

5

6

      Жоғарыда көрсетілген барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

      Өтініш берушінің

      басшысы _____________ ____________________________________

      (қолы)            (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      М.О. (бар болса)


Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді
дамытуға бағытталған
индустриялық-инновациялық
субъектілеріне мемлекеттік
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
5-қосымша


нысан

Шығындарды өтеу туралы келісім

      _______________                                    201__жылғы "___"___________

      (қала)

      Бұдан әрі "ұлттық институт" деп аталатын атынан, ________________ негізінде әрекет

      ететін, ____________________________________________ тұлғасында "Қазақстандық

      индустрия дамыту институты" акционерлік қоғамы, ____________________________, бір

      тараптан, бұдан әрі "Өтініш беруші" деп аталатын ________________________________

      негізінде әрекет ететін және _____________________, __________________________________

      екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп, ал әрқайсысы жеке "Тарап" деп аталатындар,

      мына төмендегілер Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға

      бағытталған индустриялық-инновациялық субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын

      ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде шығындарды өтеу туралы осы Келісімді

      (бұдан әрі – Келісім) жасасты:

1. Келісімнің мәні

      1. Ұлттық институт Қағидалар шеңберінде "____________________________________

      __________________________________________________________________" (құралдың

      атауы) (бұдан әрі – Құрал) __________________________________ (шығындардың түрі)

      _____________(сомасы жазбаша) теңге шығындарды өтінішге сәйкес толық көлемде өтеу

      түріндегі инструментты ұсынуға міндеттенеді, ал Өтініш беруші Келісімнің 5-тармағының 3)

      тармақшасына сәйкес Құралдың нысаналы индикаторына қол жеткізуге міндеттенеді.

      2. Өтініш беруші шығындарды өтеу шеңберінде шет ел валютасындағы шығындарын

      растайтын құжаттарын ұсынған жағдайда, шығындарды өтеуге қолданылатын сома өтініш

      беруші көрсетілген қызметтер үшін орындаушыға төлеу жасалған күнгі Ұлттық банктің

      валюта бағамын негізге ала отырып анықталады.

      3. Ағымдағы есепшотта құралдарды ұсынуға қажет ақша қаражатының жетіспеуі

      жағдайында, Ұлттық институт бюджеттік бағдарлама әкімшілігінен қаражат түскенге дейін

      шығындарды қайтаруды тоқтатады.

2. Тараптардың міндеттемелері

      4. Ұлттық институт:

      1) өтініш берушіні Келісімді орындауға айтарлықтай әсер етуге жарамды Қағидалар

      іске асырумен байланысты барлық өзгерістер туралы хабардар етуге;

      2) осы Келісімге қол қойылған күнінен кейін 2 (екі) жыл ішінде Құралды іске асыру

      мониторингін жүргізуге міндеттенеді.

      5. Өтініш беруші:

      1) Келісім қосымшасындағы нысан бойынша Ұлттық институт Құралды іске асыруға

      мониторинг жүргізу мақсатында Ұлттық институтқа одан әрі мемлекеттік статистика

      саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін, өтініш бергенге дейінгі 2 (екі) жылғы және өтініш

      бергеннен кейінгі 2 (екі) жылғы мәліметтерді қоса отырып, бастапқы статистикалық

      деректерді индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органға және

      Бағдарлама операторына беруге келісімін беруге. Шығындарды өтеу туралы келісімге қол қою

      күні болып шығындарды өтеу туралы келісімге өтініш беруші қол қойылған күн есептеледі.

      Бастапқы статистикалық мәліметтерді таратуға келісу үлгі насаны осы Келісімге косымшада

      көрсетілген;

      2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан алынған бастапқы

      статистикалық деректерді алу мүмкін болмағанда және/немесе олар негізінде құралдың

      іске асырылуын мониторинг жүргізу мүмкін болмағанда, Ұлттық институттан жазбаша сұрау

      алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде мониторинг жүргізуге қажет деректерді

      беруге;

      3) осы Келісімнің 1-тармағына сәйкес құралдың нысаналы индикаторына қол жеткізу –

      кәсіпорынның кірісі көлемін Қағидалар шеңберінде мемлекет салған 1 (бір) теңгеден 2 (екі)

      теңгеден кем болмайтындай мөлшерде ұлғайтуға;

      4) Ұлттық институттың жазбаша сұрау салуына оны Ұлттық институттан алған күннен

      бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде осы тармағының 3) тармақшасындағы Құрал бойынша

      нысаналы индикаторға қол жеткізе алмағанда Құралды іске асыру барысы туралы ақпаратты

      беруге;

      5) Осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген шартарды қоспағанда Келісім

      шарттарын бұзғанда, Ұлттық институттан тиісті хабарлама алған күннен бастап

      күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Ұлттық институт Құрал бойынша шығындарды өтеу түрінде

      берген ақша қаражаттарын қайтаруды қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      6) Құралды(дарды) жүзеге асыру шеңберінде ұсынылған ақпараттың, бастапқы

      деректердің, негіздемелердің толықтығын, уақытылығын және анықтығын қамтамасыз ету.

      3. Тараптардың құқықтары

      6. Ұлттық институт:

      1) Құрал бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізе алмаған жағдайда, сондай-ақ

      мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан алынған бастапқы статистикалық

      деректерді алу мүмкін болмағанда және/немесе олар негізінде құралдың іске асырылуына

      мониторинг жүргізу мүмкін болмағанда құралдардың іске асырылуына мониторинг жүргізу

      үшін Өтініш берушіден Құралдың іске асырылу барысы туралы ақпаратты сұратуға;

      2) осы Келісімді біржақты тәртіпте бұзуға және осы Келісімнің 6-тармағының 3)

      тармақшасында көзделген шартарды қоспағанда осы Келісімнің талаптарын бұзған жағдайда,

      Құрал бойынша берілген ақша қаражатын өтеуді талап етуге құқылы.

      4. Тараптардың жауапкершілігі

      7. Ұлттық институт:

      1) Құралды іске асыру шеңберінде ұсынылған ақпараттың толықтығына, уақтылығына

      және дұрыстығына;

      2) құралдардың уақтылы ұсынылуына жауапкершілікте болады.

      8. Өтініш беруші:

      1) Құралды іске асыру шеңберінде негізделіп ұсынылған ақпараттың, бастапқы

      деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толықтығына, уақтылығына және дұрыстығына;

      2) осы Келісімнің 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген Құралдың нысаналы

      индикаторына қол жеткізуге;

      3) осы Келісімнің 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген шартарды қоспағанда

      осы Келісімнің талаптары бұзылған жағдайда, Құрал бойынша берілген ақша қаражатын

      шығындарды өтеу түрінде уақтылы өтеуге жауапты болады.

      5. Құпиялылық

      9. Осы Келісім шарттарына қатысты ақпарат, банктік құпия, сондай-ақ Келісімді жасасу

      және орындау барысында Тараптар алған қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат

      құпия болып табылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында

      көзделген жағдайларды қоспағанда үшінші тұлғаларға жариялауға жатпайды.

      Құпия ақпаратқа Өтініш берушінің және құрал атаулары жатпайды.

      10. Тараптар осы Келісімнің құпиялығын сақтау үшін барлық қажетті, оның ішінде

      құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды тұлғалары мен

      қызметкерлеріне осы Келісімді іске асыру барысында алынған мәліметтерді жариялауына не

      үшінші тұлғаларға беруіне жол берілмейді.

      11. Тараптардың кез келгені осы Келісімнің талаптарын бұзуда құпия ақпаратты

      жариялау не тарату жағдайында, кінәлі Тарап осындай ақпаратты жариялау салдарынан басқа

      Тарап шығындарды өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген

      жауапкершілікке тартылады.

      6. Форс-мажор

      12. Тараптар осы Келісім бойынша міндеттемелерін ішінара немесе толық

      орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, егер осы орындамау осы Келісімді

      жасағаннан кейін еңсерілмейтін күштің күтпеген жағдайларының салдары болса, Тараптар

      болжай алмаған және тиісті шаралармен алдын алмаған осындай төтенше сипаттағы оқиғалар

      нәтижелерінде орындалмаса, жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін күш

      жағдайларына Тараптар әсер ете алмайтын, оның туындауына олар жауапкершілік арта

      алмайтын оқиғалар және Келісім бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей әсер еткен

      жағдайлар жатады.

      7. Даулы мәселелерді шешу

      13. Ұлттық институт мен Өтініш беруші олардың арасында Шарт бойынша немесе оған

      байланысты туындаған барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер

      жүргізу процесінде кезінде шешу үшін барлық күштерін жұмылдыруға тиіс.

      14. Егер келіссөздердің нәтижесінде Ұлттық институт пен Өтініш беруші дауларды

      шеше алмаса, Тараптардың кез келгені дауды Қазақстан Республикасының заңнамасына

      сәйкес Қазақстан Республикасы Сотының қарауына береді.

      8. Қорытынды ережелер

      15. Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және оған қол қойылған

      күннен бастап 2 (екі) жыл ішінде қолданыста болады.

      16. Осы Келісімге енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар оларды жазбаша

      түрде рәсімдеген және одан әрі Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын барлық

      Тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қойған кезде жарамды болады.

      17. Тараптар деректемелері (заңды мекенжайлары, есепшот нөмірлері) өзгерген

      жағдайда, бір-бірін дереу хабардар етеді.

      18. Осы Келісім Тараптардың әрқайсысына бір данадан берілетін бірдей заңды күші бар

      екі данада жасалған.

      9. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері

Ұлттық институт:
"Қазақстандық индустрия дамыту
институты" АҚ
Мекенжайы:
тел/факс:
БСН
ЖСК
БСК
_____________________________
(бірінші басшы лауазымы)
_____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Мөр орны (бар болса)

Өтініш беруші
__________________________________
Мекенжайы:
тел/факс:
БСН
ЖСК
БСК
__________________________________
(бірінші басшы лауазымы)
__________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Мөр орны (бар болса)


Шығындарды өтеу туралы
келісімге қосымша


нысан

Бастапқы статистикалық деректерді таратуға келісім (Өтініш берушінің бланкісінде толтырылады)

      ______________________________________________________ индустриялық-инновациялық

      (Өтініш берушінің толық атауы)

      даму саласындағы уәкілетті органға (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму

      министрлігіне) және ұлттық институтқа ("Қазақстандық индустрия дамыту институты"

      акционерлік қоғамына) бастапқы статистикалық деректерді келесі нысандар бойынша ашуға

      келісімін береді.

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ____________ кезеңіне

      ____________ көрсеткіштер бойынша

      Өтініш беруші

      басшысы __________________________________________________________________

      (қолы)                  (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Мөр орны (бар болса)


Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді
дамытуға бағытталған
индустриялық-инновациялық
субъектілеріне мемлекеттік
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
6-қосымша

Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық институттың құралдарды іске асыру туралы есебі

      20___ жылдың _________ тоқсанының есебі

      Индекс: 1-КИРИ

      Мерзімділігі: тоқсан сайын

      Ұсынатын тұлғалар: "Қазақстандық индустрия дамыту институты" АҚ

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

      Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есептік мерзімнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей

      мың теңге

Рс

Кәсіпорын атауы

Құралдың атауы

Өтініштің түскен күні

Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімнің қабылданған күні

Шығындар сомасы

Есептік күнге қаржыландырылған сома

Ағымдағы жағдай

өтініш берушінің өзінің қатысуы

мемлекеттік қолдау

1

2

3

4

5

6

7

8

10










       Индустрияны дамыту саласындағы

      ұлттық институттың басшысы: _____________________ /аты, әкесінің аты

      (бар болса), тегі/                                          (қолы)

      Мөр орны (бар болса)

      Ескертпе: толтыру нұсқауы әкімшілік мәліметтерді жинауға арналған осы "Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық институттың құралдарды іске асыру туралы есебі" атты нысанының қосымшасында көрсетілген.


Әкімшілік мәліметтерді жинауға
арналған "Индустрияны дамыту
саласындағы ұлттық
институттың құралдарды іске
асыру туралы есебі" атты
нысанына қосымша

Әкімшілік мәліметтерді жинауға арналған "Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық институттың құралдарды іске асыру туралы есебі" атты нысанын толтыру нұсқауы 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы нысан Қағидаларда көзделген мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға мониторингті жүргізу мақсатында әзірленген.

      2. "Қазақстандық индустрия дамыту институты" АҚ толтырылған нысанды тоқсан сайын есептік мерзімнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне ұсынады.

      3. Көрсеткіштер ағымдағы есептік мерзімнің бірінші күніндегі іс жүзіндегі мәліметтер негізінде құралады.

      4. Нысанға бірінші басшы қол қояды, ал ол болмаған жағдайда оның міндеттерін атқаратын тұлға қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру нұсқауы

      5. Нысанның 1-бағанында реттік сан көрсетіледі.

      6. Нысанның 2-бағанында Қағидалар шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын алған кәсіпорын атауы көрсетіледі.

      7. Нысанның 3-бағанында Қағидалар шеңберінде берілген мемлекеттік қолдау құжатының атауын көрсетіледі.

      8. Нысанның 4-бағанында өтініштің түскен күні көрсетіледі.

      9. Нысанның 5-бағанында мемлекеттік қолдау шарасын беру шешімі қабылданған күні көрсетіледі.

      10. Нысанның 6-бағанында өтініш берушінің өзінің қаржылай қатысуы көрсетіледі.

      11. Нысанның 7-бағанында мемлекеттік қолдау сомасы көрсетіледі.

      12. Нысанның 8-бағанында есептік күнге қаржыландырылған сома көрсетіледі.

      13. Нысанның 9-бағанында "Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру" құралы бойынша ағымдағы жағдай көрсетіледі.


Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді
дамытуға бағытталған
индустриялық-инновациялық
субъектілеріне мемлекеттік
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
7-қосымша


нысан

Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жоба паспорты (өтініш берушінің бланкісінде толтырылады)

1.

Өтініш берушінің толық атауы


2.

Заңды және нақты мекенжайы (индексі, облысы, ауданы, елді мекені, көшесі, телефоны, электрондық мекенжайы)


3.

Бірінші басшысы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болcа), лауазымы, жұмыс/ұялы телефонының нөмірі, электрондық мекенжайы)


4

"Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну" құралының талаптарына сәйкестігі

Лизинг затының құны (150 млн.теңгеден кем емес (жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін 75 млн. теңгеден кем емес))


Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру мерзімі (10 жылдан артық емес)


Жобаны іске асыруда ақша қаражаттарымен қатысуды қамтамасыз ету (лизинг заттарының жалпы құнының 15 %-нан кем емес)


5.

Қаулымен бекітілген өтініш берушілерге арналған экономиканың басым секторларының тізбесіне сәйкестік

ЭҚЖЖ коды

атауы



6.

Шығарылатын өнім номенклатурасы


7.

Персонал саны, соның ішінде негізгі қызмет персоналының саны (тікелей негізгі өнім (тауар, қызмет) өндірісінде жұмыс істейтін жұмыскерлер)

Нақты саны

Жоспарлы саны



8.

Кәсіпорынның белгіленген және/немесе жоспарланған қуаты

Заттай мәнде

Ақшалай мәнде



9.

Жылдар бойынша ағымдағы және жоспарланған еңбек өнімділігі (мың теңге/адам және мың АҚШ доллары/адам) (есептеу Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасың 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 214 бұйрығымен бекітілген Еңбек өнімділігін есептеу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі)

Көрсеткіш

Өлш.бірл.

Ағымдағы деректер

Жоспарлы деректер (жылдар бойынша)




2020

Өндірілген өнім көлемі

Мың теңге






Аралық тұтыну (АТ)

Мың теңге






Жалпы қосылған құн (ЖҚҚ)

Мың теңге






Персонал саны

адам






Еңбек өнімділігі

Мың теңге/адам







Мың АҚШ доллары/ адам






Еңбек өнімділігінің орташа салалық көрсеткіші (жылдық)

Мың АҚШ доллары/ адам


х

х

х

х

      Мен, __________________________________________________________________ осы

      (бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болcа)*)

      жоба паспортында келтірілген ұсынылған бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығына қатысты жауапкершілікті өзіме аламын.

      __________________ ___________ __________________________________________________

      (лауазымы)            (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Мөр орны (бар болса)

      Ескертпе:

      *жоба паспортына бірінші басшы қол қояды, сенімхат негізінде қол қойылған жағдайда, соңғысы құжатқа қоса тіркеледі.