Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.10.2018 № 740 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.10.2018 № 740 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________Е.Досаев
2015 жылғы 10 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1125 бұйрығымен бекітілген |
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 322 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Рұқсат беру талаптары | Рұқсат беру талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар | Ескертпе |
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестатын алу үшін | |||
1. | Жоғары инженерлік-техникалық білімі бар | Жоғары инженерлік-техникалық білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі | |
2. | Жалпы техникалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде кемінде (1) бір жыл энергия-аудиторлық ұйымында аудитор болуы | Кандидаттың еңбек қызметін растайтын электрондық көшірме құжаты | |
3. | Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрлардың қайта даярлаудан және (немесе) біліктілігін арттырудан өткені | Энергия аудиті бағыты бойынша кадрлардың қайта даярлау (немесе) біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы электрондық көшірме куәлігі | |
4. | Электр қондырғыларда жұмысқа рұқсаттың III және одан жоғары топтарда бар болуы | III және одан жоғары топтарының білімін біліктілік тексеру хаттамасының электрондық көшірмесі |