Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 740 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 қарашада № 17756 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11108 тіркелген, 2015 жылғы 11 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндері бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндері, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2) Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 15.09.2023 № 8 (10.06.2024 қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму Министрі Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Инвестициялар және даму министрінің
  2018 жылғы 29 қазандағы
  № 740 бұйрығына
  1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Инвестициялар және даму министрінің
  2015 жылғы 31 наурыздағы
  № 393 бұйрығымен
  Бекітілген

Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндері

      Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің электр желілеріндегі қуат

      коэффициентінің нормативтік мәндері электр желілеріне қосылу нүктесіндегі кернеу класы

      бойынша анықталады:

Электр желісінің кернеу классы

cos ф *

110 - 220 кВ кернеуі

> 0,89

6 - 35 кВ кернеуі

> 0,92

0,4 кВ кернеуі

> 0,93

      * - cos ф (қуат коэффициенті) – активті қуаттың толық қуат қатынасына тең, электр

      тогының энергетикалық сипаттамасы болып табылатын өлшемсiз физикалық шама.


  Қазақстан Республикасы
  Инвестициялар және даму министрінің
  2018 жылғы 29 қазандағы
  № 740 бұйрығына
  2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 15.09.2023 № 8 (10.06.2024 қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.