Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәлікті, энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1125 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда № 12566 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәлікті, энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі                                     Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _______________Е.Досаев
      2015 жылғы 10 желтоқсан

Қазақстан Республикасы  
Инвестициялар және даму 
министрінің        
2015 жылғы 30 қарашада  
№ 1125 бұйрығымен    
бекітілген        

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәлікті, энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесі

Рұқсат беру талаптары Рұқсат беру талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар Ескертпе
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ құрылыстар мен ғимараттардың, энергия аудитін жүргізу құқығын иеленуге энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеуді алу үшін

1.

Меншік құқығында материалдық-техникалық қамтамасыз етудің (өтінген қызмет түріне сәйкес жабдықталған ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар) бар болуы

Меншік құқығында ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдардың болуын растайтын құжаттар, айналым-сальдо ведомосі


2.

Ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарды мемлекеттік тексеру және өлшем құралдарының түрiн бекiтудің бар болуы

Өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы сертификаттардың (бар болған жағдайда), аспаптарды тексеру туралы сертификаттардың көшірмелері

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiнен өлшем құралдарының түрін бекіту туралы (бұдан әрі – МӨЖ тізілімі) мәліметтер

3.

Штатта кем дегенде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудитордың аттестаты бар төрт энергия аудиторының болуы

Штатта энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторлардың бар болуын қолданыстағы заңнамаға сәйкес растайтын құжаттар, энергия аудитордың аттестаттары


Үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың энергия аудитін жүргізу құқығын иеленуге энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеуді алу үшін

4.

Меншік құқығында материалдық-техникалық қамтамасыз етудің (өтінген қызмет түріне сәйкес жабдықталған ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар) бар болуы

Меншік құқығында ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдардың болуын растайтын құжаттар, айналым-сальдо ведомосі


5.

Ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарды мемлекеттік тексеру және өлшем құралдарының түрiн бекiтудің бар болуы

Өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы сертификаттардың (бар болған жағдайда), аспаптарды тексеру туралы сертификаттардың көшірмелері

МӨЖ тізілімінен өлшем құралдарының түрін бекіту туралы мәліметтер

6.

Штатта кем дегенде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудитордың аттестаты бар екі энергия аудиторының болуы

Штатта энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторлардың бар болуын қолданыстағы заңнамаға сәйкес растайтын құжаттар, энергия аудитордың аттестаттары


Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлауға және (немесе) олардың біліктілігін арттыруға құқығын иеленуге энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеуді алу үшін

7

Оқу бағдарламалары мен жоспарлардың бар болуы

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы оқу бағдарламалары мен жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 404 бұйрығына (Нормативтік құжаттық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11364 болып тіркелген) сәйкес заңды тұлға бекіткен оқу бағдарламалары мен жоспарлары


8

Жоғары білімі бар екі оқытушыдан кем емес, оның ішінде техника ғылымының кандидаты (магистр) ғылыми атағынан төмен емес бір оқытушыдан кем емес болуы

Штатта оқытушылардың бар болуын растайтын құжаттар, жоғары білім туралы дипломдары, техникалық ғылым кандидатын (магистрін) беру туралы сертификаттары


9

Оқу кабинеті мен компьютерлердің бар болуы

Оқу кабинеті мен компьютерлердің бар болуын растайтын құжаттар


10

Меншік құқығында материалдық-техникалық қамтамасыз етудің (өтінген қызмет түріне сәйкес жабдықталған ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар) бар болуы

Меншік құқығында ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдардың болуын растайтын құжаттар, айналым-сальдо ведомосі


Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестатын алу үшін

11.

Жоғары инженерлік-техникалық білімнің бар болуы

Жоғары инженерлік-техникалық білімі туралы дипломы


12.

Жалпы техникалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде кемінде екі жыл отын-энергетикалық кешен саласында болуы

Кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжат


13.

Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрлардың қайта даярлаудан және (немесе) біліктілігін арттырудан өтуі

Энергия аудиті бағыты бойынша кадрлардың даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру курстарынан өткендігі туралы куәлігі


14

Электр қауіпсіздігі бойынша рұқсаттың III және одан жоғары тобының бар болуы

Электр қондырғыларындағы жұмыс нормалары мен қағидаларын білуін, III және одан жоғары тобын тексерудің хаттамасы