Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 20-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 желтоқсанда № 12492 болып тіркелді

Қолданыстағы

       «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 39-бабының 6-тармағына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Есеп комитетінің Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің Интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Қ. Жаңбыршин

Республикалық бюджеттің   
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің      
2015 жылғы 30 қарашадағы  
№ 20 НҚ нормативтік    
қаулысымен бекітілген   

Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың
тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 39-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік аудитор сертификаты (бұдан әрі – мемлекеттік аудит сертификаты) бар адамдардың тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (бұдан әрі – Есеп комитеті) ақпараттық жүйесінде олардың есепке алынуын ұйымдастыру мақсатында жасалады.

2. Тізілім жүргізу тәртібі

      3. Тізілім Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) берген мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың жүйеленген тізбесін білдіреді.
      4. Тізілімді жүргізуді Есеп комитеті қағаз және электрондық тасығыштарда жүзеге асырады.
      5. Есеп комитеті:
      1) Тізілімге мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың енгізілуін және одан шығарылуын жүзеге асырады;
      2) Есеп комитетінің интернет-ресурсында мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізімін жариялайды;
      3) мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдар туралы мәліметтерге тиісті ақпарат келіп түскеннен кейін жеті жұмыс күнінің ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
      6. Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдар туралы мәліметтер Тізілімге мынадай құжаттардың:
      1) Ұлттық комиссия отырысының хаттамасы;
      2) Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамның Тізілімдегі деректерінің өзгергені туралы Ұлттық комиссияға өтініші негізінде енгізіледі.
      7. Қағаз және электрондық тасығыштағы тізілім мемлекеттік аудитор сертификаты бар адам туралы мынадай деректерді қамтиды:
      1) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
      2) жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні және кімнің бергені;
      3) туған күні (күні, айы, жылы);
      4) тұрғылықты жері (нақты тұратын және тіркелген);
      5) телефон нөмірі (жұмыс, үй, ұялы);
      6) электрондық поштасының мекенжайы;
      7) мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі және берілген күні;
      8) мемлекеттік аудитордың санаты;
      9) аудиторлардың, бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарына мүшелігі туралы мәліметтер;
      10) Ұлттық комиссия отырысы хаттамасының нөмірі және күні;
      11) мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік жауаптылыққа тартылуы туралы мәлімет (болған жағдайда);
      12) басқа да біліктіліктері (кәсіби бухгалтер, аудитор, адвокат, нотариус, жеке сот орындаушысы) туралы мәліметтер (сертификаттың (лицензияның) нөмірі және берілген күні);
      13) қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өткендігі туралы мәліметтер (курстардың атауы, өткен күні, академиялық сағаттар саны);
      14) жеке деректерінің (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жері, азаматтығы) өзгергені туралы мәліметтер;
      15) еңбек қызметін растайтын мәліметтер;
      16) мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі туралы мәліметтер;
      17) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарындағы жұмыс өтілі туралы мәліметтер;
      18) ғылыми (академиялық) дәрежесінің болуы туралы мәліметтер;
      19) білімі туралы мәліметтер (дипломның нөмірі, берілген күні, оқу орнының атауы, мамандығы, біліктілігі);
      20) халықаралық сертификаттары туралы мәліметтер (сертификаттың немесе біліктілігінің нөмірі, берілген күні, атауы).
      8. Негізінде Тізілімге мәліметтер енгізілген құжаттар тізілімдік іске қосылады.
      Құжаттар тізілімдік іске келіп түсу тәртібімен қосылады.
      9. Қағаз тасығыштағы тізілім осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мәліметтерді қамтитын, мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдарды тіркеу кітабы нысанында жүргізіледі.
      Тізілім нөмірленген, бау өткізілген және мөрмен бекітілген болуға тиіс.
      10. Қағаз және электронды тасығыштардағы тізілім бөгде адамдардың қолы жетпейтін жерде және ақпараттың ұрлануына, жоғалуына, бұрмалануына, жалғандығына жол бермеу қамтамасыз етілетін жағдайларда сақталады және өңделеді.
      11. Электрондық тасығыштағы Тізілімде бар мәліметтердің толық жоғалып кетуін болдырмау мақсатында, Тізілімнің резервтік көшірмелері электронды тасығышта қалыптастырылып, ол жоғалмайтын жерде тұпнұсқамен бірге сақталады.