«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 70-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі В. Школьник
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 687 бұйрығымен
бекітілген
Электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 5-бабының 70-13) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу тәртібін (бұдан әрі – болжамды теңгерім) айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар:
1) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімі – алдағы жеті жылдық кезеңде мемлекеттің электр энергиясы мен қуатының ішкі сұраныстарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің техникалық мүмкіндіктерін көрсететін құжат.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқа ұғымдар мен анықтамалар қолданылады Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу
тәртібі
3. Болжамдық теңгерім Қазақстан Республикасының оның ішінде оның аумақтары бойынша бөлінген бірыңғай электр энергетикалық жүйесі (бұдан әрі – ҚР БЭЖ) үшін әзірленеді.
ҚР БЭЖ ең жоғарғы жылдың электр жүктемесі күніне әзірленетін электр қуаты теңгерімі бөлігінде болжамдық теңгерімде мыналар есепке алынады:
1) пайдалануға жаңадан берілген генерациялық қондырғыны салу үшін уәкілетті орган тендер жеңімпазымен тиісті шарт жасасқан, тендер негізінде пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғылардың қолда бар электр қуатының көлемі;
2) уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер шеңберінде пайдалануға енгізілетін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың қолда бар электр қуатының көлемі;
3) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың қолданыстағы генерациялық қондырғыларының қолда бар электр қуатының көлемі (осы тармақтың 2) тармақшасында көретілген қолда бар электр қуатының көлемін қоспағанда);
4) уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді жасамастан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген қолда бар электр қуатының көлеміне қосымша енгізуді жоспарланған қолда бар электр қуатының көлемі (Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаға сәйкес бекітілген жобалық-сметалық құжаттар болған жағдайда);
5) уәкілетті орган тендерді өткізу тетігін қолданбастан жаңадан пайдалануға берілетін генерациялық қондырғыны салу жоспарланған жаңа электр станцияларының қолда бар электр қуатының көлемі (Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаға сәйкес бекітілген жобалық-сметалық құжаттар бар болған жағдайда);
Болжамды теңгерімде жаңартылған энергия көздері бойынша объектілердің тек қана олармен өндірілетін электр энергиясы ғана есепке алынады.
4. Жүйелік оператор жыл сайын он бесінші қазанға дейінгі мерзімде болжамды теңгерімді әзірлейді және келесі материалдармен бірге уәкілетті органға енгізеді:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес болжамдық теңгерімде есепке алынған электр станцияларының тізімін;
2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес болжамды теңгерімде есепке алынған электр станцияларының генерациялық қондырғысының қолда бар электр қуатының болжамды мәні туралы ақпаратты;
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тиісті энергия өндіруші ұйымдардан алынған растаушы хат көшірмелерін.
Егер уәкілетті органға енгізілген болжамдық теңгерімде ҚР БЭЖ электр жүктемесінің ең жоғарғы жылдық сағатқа жатқызылатын араласқан ҚР БЭЖ аймақтарындағы электр жүктемесінің болжамдық көлемі өткен жылда бекітілген болжамдық теңгерімдегі тиісті көлемге қатысы бойынша өзгерген жағдайда жүйелік оператор уәкілетті органға осы өзгерісті негіздейтін, материалдарды енгізеді.
5. Уәкілетті орган электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін келіп түскен күнінен бастап үш ай ішінде бекітеді.
6. Бекітілген электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімі бекітілген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей уәкілетті органның және жүйелік оператордың интернет-ресурсында орналастырылады.
Электр энергиясы мен қуатының болжамды
теңгерімдерін әзірлеу қағидаларына
1-қосымша
нысан
Болжамдық теңгерімде есепке алынған электр станцияларының
тізімі.
№ п/п |
Электр станциясының атауы |
1) Конденсаторлық электр станциялары |
|
1 |
|
2 |
|
NN |
|
2) Жылу электр орталықтары |
|
1 |
|
2 |
|
NN |
|
1) Су электр станциялары |
|
1 |
|
2 |
|
2) Газ-турбиналы және бу газды электр станциялары |
|
1 |
|
2 |
|
NN |
|
3) ЖЭК пайдалану бойынша объектілер |
|
1 |
|
2 |
|
NN |
Электр энергиясы мен қуатының болжамды
теңгерімдерін әзірлеу қағидаларына
2-қосымша
нысан
Болжамды теңгерімде есепке алынған электр станцияларының
генерациялық қондырғысының қолда бар электр қуатының болжамды
мәні туралы ақпарат.
МВт
№ п/п |
Генерациялық қондырғы |
19.12. |
19.12. |
19.12. |
19.12. |
19.12. |
19.12. |
19.12. |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
1 |
|||||||||
2 |
|||||||||
…. |
|||||||||
NN |
|||||||||
БАРЛЫҒЫ |
Ескертпе:
1) Аталған кесте теңгерімде есепке алынған әрбір электр станциясы үшін осы электр станцияның генерациялық қондырғысы бөлінісінде толтырылады;
2) Егер қандайда бір қолданыстағы генерациялық қондырғыны қайта құру немесе жаңғырту, ауыстыру жөндеу (ағымдағы, күрделі) кезеңі ҚР БЭЖ ең жоғарғы электр жүктемесі күндерінде өтіп жатса аталған генерациялық қондырғының реттік электр қуатының мәні ретінде тиісті ұяшықта «0» (нөл) мәні көрсетіледі. Осы ретте, ескертпесінде жөндеу түрі көрсетіледі.