Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар құрылысының үлгілік шартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 108 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 наурызда № 10536 тіркелді.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 15.05.2020 № 71/315 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТЕДI:

      Павлодар аудандық мәслихатының (5 сайланған 30 кезекті сессиясы) 2014 жылғы 27 ақпандағы "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы" № 30/227 (Нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3734 тiркелген, 2014 жылғы 20 наурыздағы "Заман тынысы" аудандық газетiнiң № 12, 2014 жылғы 20 наурыздағы "Нива" аудандық газетiнiң № 12 жарияланған) шешiмiне мынадай өзгерiстер және толықтыру енгiзiлсiн:

      10-тармағының 2) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын.

      9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін тұрғын үй жөндеуге факт шығындар бойынша осы Қағидалардың 17-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      9-тармағының 2) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санат үшін тұрғын үй жөндеуге факт шығындар бойынша осы Қағидалардың 17-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 54 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      10-тармағының 2) тармақшасының жетінші абзацы алып тасталынсын;

      11-тармағының 1) тармақшасындағы екінші абзацында "70" деген сан "100" деген санмен ауыстырылсын.

      11-тармағының 1) тармақшасының бесінші абзацы алып тасталынсын;

      Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Баткеев
      Мәслихат хатшысы Б. Оралов