РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3)тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрі | Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
____________А. Мамытбеков
2015 жылғы 20 тамыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
____________А. Сәрінжіпов
2015 жылғы 17 қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________Б. Сұлтанов
2015 жылғы 3 қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
_________И. Тасмағамбетов
2015 жылғы 9 қазан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
______________Е. Ыдырысов
2015 жылғы 23 қазан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
___________Н. Абықаев
2015 жылғы 11 қараша
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________Е. Досаев
2015 жылғы 24 шілде
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_____________В. Школьник
2015 жылғы 10 тамыз
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 539 бұйрығымен бекітілді |
Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Өнімнің керi экспортына рұқсата беру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат беру тәртiбiн айқындайды.
1-1. осы Қағидалардың қолданысы егер өнімнің кері экспортын жүзеге асыру Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне қарама-қарсы келеді немесе оның ұлттық мүдделеріне қауіп төндіреді, немесе алушыға (алушы елге) немесе жіберушіге (жіберетін елге) Қазақстан Республикасының санкциялары салынса қолданылмайды және өнімнің кері экспортына рұқсат берілмейді.
Ескерту. 1-тарау 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат берудi (бұдан әрi - рұқсат) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдары немесе өкілдіктері, шетел азаматтары, шетелдiк заңды тұлғалар (бұдан әрi – өтiнiш берушi) рұқсат алу субъектiлерi болып табылады.
4. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен осы Қағидаларда белгiленгеннен өзге қағидалар белгiленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2. Рұқсат беру тәртiбi
5. Рұқсат осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
6. Рұқсат алу үшін өтiнiш берушi немесе тиісті өкілеттікті жазбаша растауы бар оның өкілі уәкілетті органға мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алуға өтiнiш;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны;
3) түпкі пайдаланушы тарапынан алынатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдаланылуы туралы ресми растамасы;
4) импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалану және оны қазақстандық тараптың келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы алушы елдің құзыретті органы берген алушы елдің кепілдік міндеттемесінің (түпкі пайдаланушының сертификатының) түпнұсқасы.
Алушы елдің кепілдік міндеттемесінің (түпкі пайдаланушының сертификатының) түпнұсқалылығын тексеруді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.
5) сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда - тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың көшірмесі.
Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы өтiнiш берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылады немесе құжаттардың көшірмелері тігіледі және олардың соңғы беттері өтiнiш берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылады.
Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжат Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 "Консулдық заңдастыру ережелерiн бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 1350 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы № 67 "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртiбi мен шарттары туралы бiрыңғай қағиданы бекiту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 1536 болып тіркелген) бұйрықтарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес консулдық заңдастыру немесе апостиль қою туралы талаптары сақтала отырып ұсынылады.
7. Рұқсатты беру үшін уәкiлеттi органға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі көрсетілген органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгімен өтініш берушіге жіберіледі (табысталады). Бұл ретте тізімдемені өтініш беруші жасайды.
8. Уәкiлеттi орган рұқсатты беруге өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкiлеттi орган көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәждемелі бас тартады.
Экспорттық бақылау жүйесіне тартылған мемлекеттік органдардың келісімдерін алу үшін уәкілетті орган өтініш берушінің құжаттарын тіркеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдарға сауал жібереді.
Экспорттық бақылау жүйесіне қатысты мемлекеттік органдар уәкілетті органның сауалы негізінде он жұмыс күні ішінде тиісті уәкілетті органға жауап жібереді.
Мемлекеттік органдар белгіленген мерзімдерде жауап ұсынбаған жағдайда, рұқсат беру келісілген деп есептеледі.
9. Рұқсатты не оны беруден уәждемелі бас тартуды уәкiлеттi орган осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген құжаттар келiп түскен сәттен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Рұқсат не оны беруден уәждемелі бас тарту алушы елдің кепілдік міндеттемесінің (түпкі пайдаланушы сертификатының) түпнұсқалығы тексерілгендігін растауды алғаннан кейін беріледі.
10. Рұқсат беруден мынадай:
1) өтiнiш берушiнің рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған;
2) өтiнiш берушiнің және (немесе) рұқсат беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) уәкілетті мемлекеттік органның рұқсат беру үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы болған;
4) өтiнiш берушiге қатысты оның қызметіне немесе рұқсатты алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болған;
5) өтiнiш берушiге қатысты соттың заңды күшіне енген үкімі болған, оның негізінде өтiнiш берушiнің рұқсат алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылған жағдайларда бас тартылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Егер рұқсат беруден бас тарту өтiнiш берушiге негізсіз ұсынылса, ол "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiпте бұл әрекеттерге шағымдана алады.
12. Рұқсат өтiнiш берушiге бір жылдан аспайтын кезеңге берiледi.
Рұқсаттың қолданылу мерзімі сыртқы сауда шартының (келісімшарт) қолданылу мерзімімен шектелуі мүмкін.
Рұқсат келiсiмшартқа (шартқа) енгiзiлген өнімдер атауларының санына қарамастан он таңбалы кодты көрсете отырып, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасына сәйкес өнімнің бiр атауына ресiмделедi.
Берілген рұқсатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
13. Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (оны қайтарып алу) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте және негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидаларына 1-қосымша |
нысан
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына берілетін рұқсат
1. Рұқсат № | ||||
2. Өтініш беруші (заңды (нақты) мекенжайы, телефоны): | 3. Жіберетін ел: | |||
4. Алушының елі: | 5. Түпкі пайдаланушы (толық атауы, мекенжайы, телефоны): | |||
6. Рұқсатты сұрату үшін негіздеме (сыртқы сауда шарты (келісімшартының), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда - тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжат, № және қол қойылған күні): | ||||
7. Өнімнің атауы мен толық сипаттамасы: | 8. Өнімнің СЭҚ ТН бойынша коды: | 10. СЭҚ ТН бойынша өлшем бірлігі (негізгі және қосымша): | 12. Келісімшарт валютасы: | 13. Құны: |
9. Өнімнің бақылау тізімдері бойынша коды: | 11. Саны: | |||
14 Келісілді: | ||||
15. Уәкілетті орган _____________________________________________ (уәкілетті органның толық атауы) Басшы (уәкiлеттi тұлға) _________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) _____________________ қолы Мөрдің орны Берілген күні: _____ жылғы "___" _________ Қолданылу мерзімі: ____ жылғы "___" _________ | ||||
16. Рұқсаттың ерекше шарттары |
Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидаларына 2-қосымша |
нысан
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат алуға арналған өтініш
1. ________________________________________________________________ (уәкілетті органның толық атауы) | |||||
2. ________________________________________________________________ (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі; заңды (нақты) мекенжайы, телефоны | |||||
3. Жіберетін ел: | |||||
4. Алушының елі: | 5. Түпкі пайдаланушы (толық атауы, мекенжайы, телефоны): | ||||
6. Рұқсатты сұрату үшін негіздеме (сыртқы сауда шарты (келісімшартының), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжат, № және қол қойылған күні): | |||||
7. Өнімнің атауы мен толық сипаттамасы: | 8. Өнімнің СЭҚ ТН бойынша коды: | 10. СЭҚ ТН бойынша өлшем бірлігі (негізгі және қосымша): | 12. Келісімшарт валютасы | 13. Құны: | |
9. Өнімнің бақылау тізімдері бойынша коды: | |||||
11. Саны: | |||||
14. Басшы __________ ______________________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Мөрдің орны Толтыру күні: 20__ жылғы "__" ________________ | |||||
15. Уәкілетті орган ____________________________________________ (уәкілетті органның толық атауы) Өтініш қарауға қабылданды 20___жылғы "___" ________________ | |||||
16. Рұқсаттың ерекше шарттары |
Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидаларына 3-қосымша |
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат алуға арналған мәлiметтер нысаны*
1. заңды тұлға үшiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) № және күні: _______________________________________________;
2. жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың №, күні, берген мемлекеттік органның атауы: _________________________________;
3. дара кәсiпкер үшiн - дара кәсiпкер ретiнде өтініш берушіні мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң № және берілген күні: _____________________________________________;
4. Қазақстан Республикасынан өнімді әкетуге бұрын берілген рұқсат ету құжаты бойынша ақпарат: экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспортына берілген лицензияның №; берілген күні (жыл/күн/ай): ____________________________________________________
* шетелдік заңды тұлға, шетелдік болып табылатын өтініш беруші уәкілетті органға заңды тұлға үшiн - өтініш беруші заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасын; жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн; жеке кәсiпкер үшiн - өтiнiш берушiнi жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесiн ұсынады. Шетелдік заңды тұлға, шетелдік болып табылатын өтініш беруші өзінде көрсетілген құжаттар болмаған кезде өтініш беруші туралы осыған ұқсас мәліметтерді қамтитын өзге да құжаттарды ұсынады.